Тәрбие - баланың жеке басына мақсатты және жүйелі түрде барлық жағынан әсер
ету. Тәрбие әдісі- тәрбиенің берілген мақсатына жету жолдары.
Тәрбиелеуге саралап қарау- белгілі бір топ оқушыға мақсатты түрде педагогика
тұрғысынан әсер ету (формалдық емес немесе жекеше түрде). Саралап қарау -
оқушыларды жеке тұлға ретінде жетілдіру мақсатында, тиімді педагогикалық
көмек ету міндетін жүзеге асыру.
Тәрбиешінің ассистенті- тәрбиешінің серіктесі (партнеры), ондай адамның
болуы балалардың жеке мұқтаждығын толығымен қанағаттандыруға және шағын
топтардағы жұмыстарды ұйымдастыруға, балаларға белсенділік орталықтарын
таңдауға көмек көрсетуді жүзеге асыруға мүмкіндік тудырады.
Тәсіл - іс-әрекет сипаты, бір нәрсені жүзеге асырудың жолы.
Тексеру парақтары - балаларды бақылаудың қарапайым және тиімді жолдары.
Олар баланы бақылауға жататын және оның жетістігін қадағалау үшін қажетті
жүріс-тұрыс аспектілерін нақтылайды.
Тектілік, тұқымқуалаушылық-адамның физикалық, биологиялық қасиеттері,
оның организмінің нәсілдік ерекшеліктері. Терісінің, көзінің, шашының түрі, дене
бітімі, ойлау қабілеті мен жүйке жүйесінің ерекшеліктері.
Теңеу- объектілерді олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын белгілеу
мақсатында салыстырудан тұратын ой операциясы.
"Тепе- теңдіктің бұзылуы" - баланың эмоциялық тұрғыдан толып кетуі,
сондықтан болып жатқан жағдайды түсінбеуін көрсету үшін үлкен адамға
жіберетін белгісі.
Тифлопедагогика- соқырлар мен нашар көретіндер педагогикасы.
Толықтырма- "Тәй-тәй" бағдарламасының сабақтарына қатысты толықтырма
деп келесілерді атайды: сабаққа жаңа материалдарды кіргізу; материалдарға
өзгерістер енгізу, материалдарды қолданудың жаңа мүмкіндіктерін туғызу.