Лекцияларының жиынтығЫ 2 Сапаров Қуандық Əбенұлы (оқу құралы) Алматы 2004 бет



Pdf көрінісі
бет23/36
Дата10.02.2023
өлшемі1,13 Mb.
#66804
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36
 
1-эритоциттер, 2-нейтрофилдер, 3-эозинофил, 4-базофил, 5-
үлкен лимфоцит, 6-кіші лимфоцит, 7-орта лимфоцит, 8-моноцит, 
9-қан пластинкалары. 
 
Қанның жасалуы 
Қанның дамуын гемопоэз (haima-қан, poesis-жасалу) дейді. 
Гемопоэздің 
екі 
түрін 
ажыратады 
эмбриондық 
жəне 
постэмбриондық. Эмбриондық гемопоэз қан мен ұлпаның 
эмбриондық кезеңіндегі түзілуі, ал постэмбриондық гемопоэз 
қанның физиологиялық регенерациясы. Эритроциттердің 
түзілуін-эритропоэз, гранулоциттердің түзілуін-гранулопоэз, 
тромбоциттердің 
түзілуін-тромбоцитопоэз, 
моноциттердің 
түзілуін- 
моноцитопоэз, 
лимфоциттердің 
түзілуін-
лимфоцитопоэз деп атайды. 
Эмбриондарда қан бастапқы кезде сары уыз (желток) 
қапшығының қабырғасында түзіледі, кейін бауырда, сүйек 
майында, лимфа түзуші органдарда (тимус, көк бауыр, 
лимфалық бездерде) жасалады. Қанның барлық клеткалары 
мезенхиманың клеткаларынан пайда болады. Эмбриондық қан 
жасалу кезінде қанның түзілуімен бірге тамырлар жүйесінің 
қалыптасуы жүреді. Қан жасалудың ең ерте гемопоэз ұрықтан 
тыс болады. Мезобласта қан аралшықтары пайда болады. Қан 
аралшықтары қосылып тамырлар торын құрайды. 
Адам ұрығында «бағана» клеткаларының қай кезеңде пайда 
болатыны жайында деректер жоқ. Ал тышқандарда 7-9 күндері 
пайда болады. Əрі қарай бірінші эритробластар, бірінші 


67
лейкоциттер пайда болады. 
Эритроциттердің 
түзілуі 
гемоцитобластарда 
гемоглобиннің жиналуынан басталады. Ересек адамдарда 
қанның пішіндік бір-бірінен бөлек орналасады 
элементтері 
арнаулы қан жасаушы мүшелерде түзіледі. Олардың біразы-көк 
бауыр, жілік майында түзіледі. Ал лимфоциттер- көк бауырда 
лимфа тамырларында түзіледі. Жілік майында эритроциттердің, 
гранулоциттердің жəне қан пластинкаларында жаңадан түзілу 
процессі жүреді. Жілік майының қан жасаушы ұлпасы-
миелоидті ұлпа деп аталады. Моноциттер миелоидті жəне 
лимфоидті ұлпаларда түзіледі.
Қан жасалудың ең көп тараған теориясы бойынша 
миелоидты жəне лимфоидты ұлпалардың қан жасаушы ретінде 
детерминделген ортақ бастама клеткалары болады. Бұл дің 
клеткалары өзінің түрі жағынан кішкене лимфоциттерге 
ұқсайды. Қан жасаушы жүйенің түрлі учаскелерінің үздіксіз дің 
клеткаларын алмастыруы жəне олардың қоныстануы жүреді. 
Гемоцитобластардың бөлінуі арқылы пайда болған 
клеткалар эритропоэз кезінде амеба тəрізді қозғалуға қабілетсіз, 
ең бастысы цитоплазма күшті базофилияланады. Бұл клеткалар 
проэмбриобластар немесе базофильді эритробластар деп 
аталады. Қайталап көбею жəне гемоглобиннің мөлшерінің 
артуы нəтижесінде полихромофильді деп аталатын бірқатар 
эритробластар пайда болады. 
Гемоцитобластар гранулоцитопоэзде митоздық жолмен 
бөлініп, промелиоциттер-сопақ ядросы бар, цитоплазмасы əлсіз 
базофильді, центрисомасы жақсы байқалатын жəне жалпы 
түйіршікті клеткалар түзіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет