Р. К. Бекмагамбетова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент



Pdf көрінісі
бет3/24
Дата10.02.2023
өлшемі5,16 Mb.
#66908
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Әлқожаева Н.С. Оқулық-1


сурет
и
П ед а г о г и к а л ы қ п р о ц е с с
8" 2? 
н 
л
Қ а л ы п та су п р о ц е с і
® 
*
'п
3
Д а м у п р о ц е с і
• X X
н 3
Q C
l
Т ә р б и е л е у п р о ц е с і
ft
X м
І |
з 5 J5 ,
о *
О к ы ту п р о ц е с і
й -Ө-
5
еЗ
CO ft
>* ц
О қ ы туш ы ж э н е о қ у ш ы л а р д ы ң б ір г е қ ы зм ет
N
ет у і
П р о ц е с т ің ө т у і
Педагогикалық теория педагогикалық процесті динамикалық жүйе ретінде 
елестетуді үйрене отырып, прогрессивті қадам жасады. Құрамдас компонент- 
терді нақты айырудан бөлек, елестету көптеген байланыстарды жэне олардың 
компоненттерінің арасындағы қатынастарды талдауға мүмкіндік береді, ал бұл 
педагогикалық процесті басқару тәжірибесінде басты ұстаным болып табы- 
лады.
Педагогикалық процесс орын алатын жүйелер - толығымен алынған халық 
білімінің жүйесі: жоғары мектеп: академиялық топ, аудитория, т.б.; мектеп: 
сынып, сабақ жэне т.б. Бұл жүйелердің эрқайсысы белгілі бір сыртқы орталарда 
қызмет етеді: табиғи-географиялық, қоғамдық, өндірістік, мэдени жэне т.б. 
Алайда, арнайы жүйелерде болады, мысалы, мектеп ішіндегі жағдайларга 
материалдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, моральдық-психологиялық, 
эстетикалық жэне т.б. жағдайлар жатады. Жүйенің түтастығын оның құрылымы 
анықтайды.
Құрылым дегеніміз 
жүйе ішіндегі элементтердің орналастырылуы. Жүйе 
құрылымын қабылданған өлшемдер бойынша бөлінген элементтер немесе 
компоненттер, сонымен қатар олардың арасындағы байланыстар құрайды. 
Педагогикалық жүйелер арасындағы байланыстар басқа динамикалық жүйе- 
лердегі компоненттер арасындағы байланыстарға ұқсамайды. Педагогтың 
мақсатқа бағытталған әрекеті еңбектің едэуір бөлігі бар органикалық бірлікте 
жатыр. Процесс нәтижесі қабылданған технологияға, педагог жэне оқушының 
өзара әрекеггесуіне байланысты.
Педагогикалық процесті жүйе ретінде талдау үшін талдау өлшемдерін бекіту 
керек. Мұндай өлшемдерге процестің едэуір көрсеткіші немесе қол жеткен 
нәтижелердің шамалары жатады.
Педагогикалық процесс жүретін жүйенің компоненттері - педагогтар, тэр- 
биеленушілер, тәрбиелеу шарттары. Педагогикалық процестің өзі педагог жэне 
оқушылардың өзара әреткеттесуінің мақсаттары, мазмұнын, эдістерін, форма- 
ларын сипаттайды. Бұл жүйені қалыптастыратын компоненттер - мақсат, 
мазмұны, қызмет жэне нәтиже.
Процестің мақсатты компонентіне педагогикалық қызметтің алуан түрлі 
мақсатгары және тапсырмалары: жалпы мақсаттан - жеке тұлғаның жан-жақты 
жэне үйлесімді дамуынан жекелеген сапаларын жэне олардың элементтерін
ю


қалыптастырудың нақты мақсаттарына дейін, кіреді. Мазмұнды компонент 
жалпы мақсатқа жэне сол сияқты эрбір нақты мақсатқа кіретін ойды бейне- 
лейді, ал қызметті компонент - педагогтар жэне білім алушылардың өзара 
әрекеттесуін, олардың бірлесіп қызмет етуін, процесті ұйымдастыру және 
басқаруды 
білдіреді. 
Сонымен 
қатар 
бұл 
компонент 
әдебиеттерде 
ұйымдастырушы немесе ұйымдастыру-басқарушы деп аталады. Процестің 
нэтижелік компоненті оның өту нәтижелілігін бейнелейді (2-сурет).
2-сурет
_____________________ Кері байланыстар___________________
Педагогикалық өзара әрекеттесу процесінде байқалатын ақпараттық, 
ұйымдастырушы-әрекеттік, коммуникативті байланыстардың маңызы зор. 
Педагогикалык процесс - еңбек процесі, өйткені ол кез келген басқа еңбек 
процесі секілді қоғамдық маңызды мақсаттарға жету үшін жүзеге 
асырылады. Педагогикалық процестін ерекшелігі оқытушы жэне білім 
алушылардың 
еңбегі, 
еңбек 
процесіне 
қатысушылардың өзіне тэн 
қатынастарын түзе отырып, бірлеседі, бұл - педагогикалық өзара эрекеттесу. 
Педагогикалық процестің құрамдас бөлігі оқыту процесі. Оқыту процесі 
оқытушылар мен студенттердің бірлесіп жасайтын іс-эрекеттерін қамтитын 
екі жақты процесс. Орта мектептерге Караганда, жоғары оқу орындарында 
студенттердің өз бетімен оқу қабілеті анағұрлым жоғары болуы тиіс. Жоғары 
мектепте оқыту процесі болашақ мамандардың тэрбиеші, ұйымдастырушы 
болып қалыптасуына көмектеседі. Ал студент өздігінен білім алудың 
дағдыларын меңгеріп, өзін қоршаған ортада еркін ұсына алуға дағдыланады.
Оқыту процесі - білім, біліктілік пен дағдыны меңгертеді, оқушылардың 
дүнетанымын, потенциялын, жеке қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс- 
эрекет. 
Оқу барысында білім алушының сана-сезімі, 
адамгершілік 
қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалык қасиеттері қалыптасып дамиды.
Оқытудың 
психологиялық, 
педагогикалық 
ерекшеліктеріне 
назар 
аударайық.
и


Оқытудың басты мақсаты - әдіс-тәсілдер, мазмұн, міндеттер негізінде қоғам 
талабынан туындайтын мәселелерді шешуге үйрету. Оқыту - таным процесі, 
яғни білім алушының білімге деген қызығушылығын дамытады.
Оқытудың міндеті - білім алушыны қоршаған ортамен және адам дамуының 
негізгі заңдылықтарымен қаруландыру. Оқытуда ғылым негіздерін оқып 
үйренудің өзі, ғылым тарихымен, оның әдістерімен танысу, үлы ғалымдардың 
өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады. Яғни, оқыту-дамудың негізі.
Оқыту түлғаға білім беру, тәрбиелеу жэне ақыл-ойы мен шығармашылық 
қабілетін , демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. 
Мұның мәнісі, жеке тұлғаға кешенді ықпал жасауды көздейді. Осы негізде, 
оқыту процесінің бірінші қызметі - студенттерге білім беру.
Білім беру, біріншіден, ғылым негіздеріне сай білім алушыларды нақты 
фактілермен, қағида жэне түсініктермен, заңдылықтармен қаруландыруды 
қамтамасыз етсе, екіншіден солардың негізінде, айналасындағы эртүрлі қүбы- 
лыстарға олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Екінші қызметі - тәрбиелеу. Оқыту барысында білім алушыларды теориялық 
білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып 
дамыту. Сонымен бірге оқыту барысында тәрбиенің мақсат, міндеттері жэне 
мазмұны мен тәсілдері анықталады. Демек, түлғаға білім бере отырып, оны 
тәрбиелейміз, тәрбиелей отыра білім береміз. Сөйтіп, тэрбие процесі дүрыс 
ұйымдастырылған жағдайда оқыту барысында қолайлы ықпал етеміз, соның 
негізінде түлғаның танымдық қызметі мен оқуға деген қызығушылығы артады.
Үшінші қызметі - дамыту. Оқыту барысында оқушыларға білім беру оларды 
тәрбиелеу негізінде түлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі, шығармашылық қабілеті, 
т.б. Көптеген түлғалық қасиеттерінің дамуына біліктіліктері шыңдалып, 
қабілеттерінің артуына оң эсер етеді. Демек, тұлға жан-жақты қалыптасып 
дамиды (байқағыштығы, ойы, есі, қиялы, яғни психикалық процестері де 
қарастырылады). Мүның барлығы түтастай алғанда педагогикалық процесс 
құрылымын бейнелейді.
Педагогикалық процесс - тәлім-тәрбиелік қарым-қатынастарды ұйымдасты- 
рудың тэсілі. Педагогикалық процесті ұйымдастыратын педагог. Педагоги- 
калық процесс - бірнеше элементтен қүралатын жүйе, ол үш түрлі құрылымнан 
тұрады: педагогикалық, эдістемелік, психологиялық.
Педагогикалық процестің педагогикалық қүрылымы: мақсат-принциптер -
мазмұн-әдістер - қүралдар-түрлер.
Оқыту білімдер жүйесін білім алушылардың меңгеруі белгілі бір дидакти- 
калық:
1. Берілетін білім мақсаты мен қажетін түсіндіру жэне оларды әрекетке 
бағыттау;
2. Жаңа берілетін білімді баяндау жэне оны қабылдауға жағдай туғызу;
3. Білімді қабылдау жэне оның санасында жаңа білімнің қорытылып; ғы- 
лыми ұғымдар мен түжырымдардың қалыптасуына мүмкіндік беру;
4. Берілген білімді бекітуге басшылық ету;
5. Білімді практикада қолдану;
12


6. 
Алынған білім мен дағдының сапасы мен деңгейін есепке алу, тексеру 
жэне бағалау сияқты буындардан немесе кезеңдерден түрады.
Білім алудың мотиві мен мақсатын анықтау белгілі бір мақсатқа жетуге 
бағытталады. Ол өз кезегінде білім алушылардың қызығушылығын тудыруға 
байланысты болады.
Педагогикалық процесс -білім берудің зерттеу пэні болып табылады. 
Яғни, педагогикалық прцесс - білім беру мақсатынан оның нәтижесіне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет