1.1.1. Әлеуметтік үғым ретіндегі білім берудің генезисі
Білім беру жүйесі маңызды элеуметтік институт болып табылады, алайда
бүдан бұрын оның қазіргі түрінде қалыптасуында, ұзақ жэне күрделі тарихи
даму жолынан өтті. Білім берудің күрделі жэне көп қырлы генезисі
қоғамның рухани мәдениетінің маңызды сферасы ретінде білім берудің
қазіргі күйін түсіну үшін үлкен қызығушылықты қалыптастырады. Білім
беру - әрекеттің негізгі сферасы болып, білімді беру мен әлеуметтік тәжірибе
мен қоғамның басқа өмір әрекеті түрінен бөлініп, оқыту жэне тәрбиелеумен
арнайы айналысатын адамдардың ісіне айналған кезде қалыптасады.
Сонымен, білім беру қоғам, еңбек, ойлау және тілдің дамуымен бірге
көрініс табады.
Өсіп келе жатқан ұрпақтың әлеуметтену процесі алғашқы қоғамнан
айтарлықтай ерекшеленеді, бірақ оқыту мен тәрбие жүйесі туралы хабар-
лауга мүмкіндік беретін жалпы белгілерге ие: білім беру алғашқы кезеңде
тарихи күрделенген архайзмдік типте болды.
Жеке меншіктің пайда болуымен қоғамдық тәрбие біртіндеп отбасылық
тәрбиеге алмасты. Алғашқы кезеңде, отбасы тэрбиесінің басты мақсаты -
жақсы үй иесі мен мүрагер қалыптастыру болды.
Бұқараның бай топтары өздерінің балаларын тәрбиелеуге білімді қүлдарға
жэне ұстаздарға тапсырды.
Уақытымен құлиеленушілік мемлекетте еркін, дербес түрғындардың
материалдық саулығы тек жеке жағдайына емес, сонымен бірге мемлекет
күшіне тәуелді болды. Математикалық символдар жазулардың пайда
болуы сақталу тәсілдерінде радикалдық өзгерістерге жэне білім берудің
мазмұны мен өзгерісін зерттеу, ақпарат алмасуға алып келді. Жазуды
меңгеру қиын жэне күрделі іс болды. Бүл ұйымда, басқаларды нәтижелі
оқыту үшін оқытушылардың өздері осы қызметке арнау, соган мамандану
15
қажеттілігі туындады. Мұнын бэрі қоғамдық өмірдің ұдайы өңдіруінің тұтас
процесі 2-ге:
- материалдық;
- рухани бөлінуіне ықпал етті.
Білім беру тәсілі өңдірістік жэне қоғамдық өмірдің басқа барлық сферасынан
жекеленген ауызша-баяндау негізінде жүзеге асырылды.
Білім беру процесі білімді беру жэне қабылдаумен байланысты, ақыл-ой
әрекеттің ерекше түріне айналды. Адамдардың ерекше элеуметтік тобы пайда
болды. Олар мекемеге белгілі бір мақсатқа бейімделеген, білім беру әрекетіне
маманданған адамдар болды. Білім мемлекеттік басқаруда, діни қызметте,
ғылым мен мәдениетпен айналысуға жэне қатысуға мүмкіндік берді.
Ежелгі тарихи кезеңдердегі эрбір халықта білім беру бірдей болған жоқ.
Орта ғасырдағы білім берудің дамуы Батые жэне Орталық Еуропада
антикалық әлемдегі қабыл алмаған мәдени мүра, христиандық діни идеологияға
толық тәуелді болды. Бұл кезеңде білім берудің жалпы деңгейі төмендеді.
Адайда, мемлекеттік механизм мен қоғамдық өмірдің күрделенуі көптеген
білімді адамдарды талап етті. Оларды тәрбиелеу мен шіркеуден тэуелсіз
қалалық мектептер айналысты.
ХІІ-ХІІІ ғасырларда Еуропада қалалық магистранттар мен шіркеулерді, атақ-
ты автономияны феодалдарға қарым-қатынасы бойынша қолданатын универ-
ситеттер пайда болды. Олар дэрігер, дэріханашы, заңгер, нотариус қызметкері,
хатшы мен мемлекет шенеуніктерін дайындады. Педагог рөлін орындайтын
адамдар жетіспеді. Жеке-даралық оқытуды қабылдамау жэне мектепте сынып-
сабақ жүйесіне, университетте дэрістік семинарлардың жүйесіне көшу, бұл
артта қалуды жеңуге мүмкіндік берді. Білім беру нәтижелілігінің 10 есе жоға-
рылауы, оқыту бағалығының төмендеу есесіне оның жетістігі жоғарылады.
Білім беру сипаты капиталистікке дейінгі кезеңде сауданың, теңізде жүзу,
өндірістің дамуына себепші болды, бірақ білім беру ұзақ уақытқа экономикаға
эсер етуін көрсетпеді. Бүл жағдай I өндірістік революциядан кейін өзгерді.
XXI ғ. басында Республикада:
- білім беру нәтижелілігі мэселесі.
- білім беруді гуманизациялау мен гуманитаризациялау мэселесі.
- білім беру мен жеке тұлғалық қүндылык ретіндегі білім беру мәселесі.
- білім берудегі стратегиялық мақсаттың мәселелері орын алды.
Білім беру нәтижелілігі мэселесінде, алдымен, нәтиже ұғымы айқындалуы
тиіс болды. «Нәтиже» түсінігінің жалпы формасы жағымсыз салдар немесе
шығын минимумының максималдық немесе «қолайлы» нэтижеге дейінгі жа-
қындау деңгейін білдіреді.
Білім берудін экономикалық нэтижелілігін қоғамдық өңдіріс жүйесінде,
сонымен қатар педогог пен тәрбиеленушілер жағынан қаражаттық материал-
дық-техникалық шығын минимумындағы білім берудің жоғары нәтижесі
көзқарасымен қарастыруға болады.
Қоғам қажетгілігіне жетудің элеуметтік және экономикалық нәтижесі бар-
лык білімнің жүйесін жүзеге асыру мен оның барлық элементтерін қүрайды.
іб
Білім беру нәтижесі халық шаруашылығының басқа салаларынан ерекшелігі
адам өмірін жақсартудың тәсілдерін құруында емес, адамның өзін дамытуы
толық жетілдіруінде болып табылады. Білім беру процесінің ұйымдасқан
нәтижесінде адамның элеуметтік жэне экономикалық тұрғыдан қайтарылуы
тез жоғарлайды.
Білім беру процесінің өзі қоғамдық өмірдің салыстырмалы сферасын
педагогика ғылымының заңы бойынша жүзеге асыру болып табылады. Бұл
туралы әлеуметтік-экономикалық аспектілер білім берудің стратегиялық
мақсатын анықтау, білім берудің негізгі құндылықтары мен эдіснамалық
позицияларына эсер етеді. Ғылыми білім беру потенциялының ерекше
белгілерін мойындау қазіргі қоғамның элеуметтік-экономикалық даму
факторы ретінде білім беру сферасындағы шешілмеген мәселелерді өткір
қарама-қайшылықтарды жасыру қажет емес. Осы сферадагы іс-эрекеттің
томен болуының себептері технократиялық тенденциялардың өсуімен,
гуманистік
аспектіні
ескермеуден,
жеке
түлғалык
факторын
жете
бағаламаушылықтан тұрады. Бұл өз кезегінде білім беруді гуманизациялау
мен гуманитаризациялау мэселесін туындатты.
Гуманизм мэні - адамның жогары қүндылыққа багытталған басқа
адамдармен қарым-қатынасынан тұратын, қоғамдық болмыс пен сананың
басты
сипаттарыньщ бірі.
Ол
альтруизмге,
жанашырлық жасауда,
мейірімділікте көрінеді. Гуманизмді эр адамға жоғары өзіндік құндылық
ретінде объективті және субъективті қарым-қатынастың жиынтығы ретінде
анықтауға
болады.
Жалпы
мақсатқа
жетудегі
көмектесушілік
пен
ынтымақтастық қоғамдық өмірде эрбір адамның дамуына қызмет етеді.
Гуманистік
идеялардың
қоғамдық
санада
кеңінен
таралуы
мен
қабылдануы тек білім беру мен ағарту арқылы жүзеге асады. Бірақ білім
берудің өзі жэне әлеуметтік институтта жэне білім беру процесінің:
- білім беру процесінде тәрбиеленушінің тұлғалык басымдылығын
мойындау;
- оның білім беру қажеттіліктерін тіркеу;
- білім беру ортасын гуманизациялау;
білім беру кеңістігінде тәрбиеленушінің құқығы мен бостандығын
бақылау сынды гуманизациялық принциптеріне жауап беруі керек.
Білім беру мен қоғам арасындағы байланыста «мәдениет» түсінігі
сипатталады. Қоғам мәдениетті ұрпақтан ұрпаққа беруді қамтамассыз етеді.
Мэдениетті үйрету процесі Р.Кингтің пікірінше, «білім беру» ұғымын
білдіреді. Білім беру оньщ жоғары гуманистік мағынасында жэне негізгі
жалпы адамзаттық құндылықтардан шеттелмеуі тиіс. Өкінішке орай,
ғылыми-техникалық прогрестің өсуі, адам білімінің кеңеюінен кейде
қалыптан тыс ұлғайған түсініктер: гуманитарлықтан нақты ғылыми жэне
техникалық жетістіктер мен эмоциялык сезімнен логикалық таным, рухани
байлықтан заттық байлықтар туады. Осындай қауіпті тенденцияларды сақтап
қалу
білім
беру
гуманитаризациясына
тэн.
«Гуманизм»
жэне
17
«гуманитаризм» түсінігі үнемі синоним ретінде қолданылады. Алайда, бұл -
қате. Бұл ұғымдардың мэні мен мазмұны өзгеше.
Гуманитаризм - ойлау мен әрекетке қарай дамуға бағытталған, өмірді гума-
низациялау амалы сапасында гуманитарлық білімді қолдану мен меңгеру жэне
барлық адамдардың игілігіне бағытталған, өмірдің жоғары құндылығы мен
жоғары мэні ретінде эрбір тұлғаны сөзсіз құрметтеу.
Әлемнің дамыған мемлекеттерінде адамдардың құқықтарының этикасы,
қазіргі заман гуманизмі, тұлғаның басымдылықтары қабылданған. Бұл қарама-
қайшылықты мәндерге ие. Адам ең жоғарғы құндылық екені жэне қоғам оның
баршылықты өмірімен жэне табиғи қасиеттерімен қамтамасыз ету керек екені
рас. Екінші жағынан, бұл басымдылық абсолютті деп саналады жэне тұлғаның
адамгершіліктік нормалардың барлығынан дерлік босатылуына әкеледі. XX
ғасырдан қазіргі күнге дейін орын алған дәстүрлі, рухани жэне жаңа, гуманис
т а , қүндылықтардан тыс өмір сүре алмайтынын дәлелденді жэне элі де дәлел-
денуде.
Соған қарамастан қазіргі заман элемі адамгершіліктік нормаларға мүқтаж
жэне гуманизмнің, гуманисттік адамгершілік принциптерін ұстанады. Тәрбие
процесінде қолданудың ең жоғарғы құндылықтарына:
1. Гумандықты (Адамның негізгі сипаттаушы қасиеті түлғаның интеллек-
туалды қасиеті ретінде көрініс берді. Ол адамды сыйлауда, оның ең жоғарғы
құндылықтарын қабылдау да, оның шыдамдылығында, достықта, көмек көрсе-
туі мен тірегінде ашылады);
2. Адамға, гуманистік идеалдарға сенім, гуманистік қүндылықтардың жэне
өмірде қандай да қүндылықтардың болуын, бұл идеалдарға қызмет етді;
3. Өзінің міндеттерін орындаудағы жігерлігін, өз мақсаттарына жете алуы
жэне бір уақытта өзінен көптеген нәрселерді талап етуін, қоғамның талапта-
рына бағына білу, тәртіпті болуды;
4. Өзінің іс-эрекеттеріне жауапты болуын, өзінің қателіктерін мойындай
жэне түзей білуін, өзінің іс-эрекеттері үшін іспен жауап беруді;
5. Жердегі барлық тірі жандарға, табиғатқа деген сыйластықты, табиги
қорғаушылық, экологиялық сана жэне іс-әрекетті;
6. Адалдық, принципшілдік, әділеттілік, шыдамдылыққа ие бола отырып,
өзіне жэне өзгеге талап қоя білуді;
7. Отбасылық өмірде ұстамды жэне өзіндік шектеулерге дайын болуды,
өзінің іс-әрекеттерінде қанағатты жэне жауапты болуды, жанүяда дүрыс мінез-
қүлықтар білдіруді, жанүяны кұрай жэне жанұяда өмір сүре білуді жатқызуға
болады.
Бүл жалпы алғанда азаматтардың моральдық кодексі емес, бірақ бұл - мек-
тепте, жанұяда, қоғамда тәрбие жұмысының негізі бола алатын негізгі адамгер-
шіліктік нормалар.
Либералды-гуманистік моральдан басқа қазіргі заман қоғамында діни, соның
ішінде исламдық адамгершілік құндылықтар дүниесі орын алуда. Философтар,
элеуметтанушьшар тәрбиелеуде дінге бағыт ұстанып отыратын педагогтар дін
арқылы дэстүрлі моральдың шеңберінде жастарды қылмыстан, зорлаудан,
18
нашақорлықтан сақтап қалуды көздейді. Олардың ойынша, гуманистік
мораль өмірде тіреу бола алмайды, оның ұстанымдары қатысты жэне
шартты болып келеді, адамгершіліктік заң егер де Құдайдан шықпаса, онда
абсолютті болмайды. Көптеген философ-моралистер жэне педагогтар
шынайы мораль, абсолюттік адамгершіліктік заңдар адамға Қүдайдан
берілген,
жоғарғы
күшті, сакральді
күшпен
эшкереленген
деп
санайтындарды ашық айтуға болады [13]. Бүл тек қана адамгершілікті
тәрбиені атап қана қоймайды, сонымен қатар, рухани өмірді, тәжірибені,
яғни дуга оқу, мінэжат ету, жақсылық жасау арқылы тану, нәтижесі ретінде
жанның күтқарылуы деп санайды. Моральдың рухани табиғаты діни
бағыттағы педагогтар үшін күмәнсіз екені рас жэне олар бүдан
адамгершіліктік тэрбиенің негізін жэне адамгершіліктіктің деңгейінің төмен-
деуі мен шындыққа тосқауыл болатынына сенімді.
Мысалы, Ресейде «Рухани-адамгершіліктік тэрбие» атты журнал көптен
жарық көруде, бағдарлама қүрастырылып, мектептер үшін православияның
негізі туралы оқулықтар оқытылады. Алайда, біріншіден, мектепте хрис-
тиандық мораль туралы сабақ беру заңға қайшы келеді жэне қоғамның
қарсылығын тудырады, екіншіден, христиандық адамгершілікті сенімсіз,
шіркеусіз, рухани тәжірибесіз жэне барлық христиандық дүниетанымсыз
игеру
мүмкін
емес.
Үшіншіден,
бұл
жолдың
тартымдылығына,
христиандықтын екі мыңдық жылдығына, христиандық идеалдың қүдіретті
күшіне қарамастан адамзат ғылымның жолымен, әлемнің рационалды
түсіндірілуінің негізінде, басқа, ғылыми дүниетанымдылықтың негізінде
жүріп
келе
жатыр.
Негізінен
орта
мектептерде,
білім
жүйесінде
адамгершіліктік тәрбие мақсаттарына ең алдымен, оқыту процесі: мораль
туралы білімді оқушылар әдебиет, тарих, қоғам тану жэне басқа да
сабақтарды өту арқылы қол жеткізе алады. Мектептерде моральды арнайы
сабақ ретінде ендіруге де болар еді, бұл шетелде жиі жүзеге асырылып
отырады. Сабақтан тыс тәрбие жүмысында әлеуметтік, адамгершіліктік
тэрбие туралы әңгімелер жүргізіліп, жасөспірімдердің өміріндегі мэселер
талқылануы керек. Адам іс-әрекетте тэрбиеленетінін еске түсіре отырып,
көмекке мұқтаж адамдарға қолғабыс көрсетуге, мектепте жэне мектептен
тыс
балалардың
қолынан
келетін
элеуметтік
мэселелерді
шешуге
бағытталған қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерді жүзеге асырып отыруға
болады (кезіндегі «Тимур жэне оның командасы» тәріздес).
Адамгершіліктік сананың қалыптасуы, терең ойлануды қажет ететін
процесс жэне оқушының дүниетанымын қалыптастырумен терең байланыс-
ты, оның өзіндік санасының дамуымен, өмірде өзінің орнын табумен жэне
өзінің
өмірінің
мәнімен
байланысты
болып
табылады.
Сондықтан
мектептердегі оқыту жэне тәрбиелеу процесі жасөспірімнің өмірдің шексіз
сүрақтарын шешуге тырысуға, ең басты мәселе туралы ойлануға көмектесуі
керек: өмір, адам, Құдай, табиғат деген не ? Онда адамгершілік мәселесімен
байланысты жағдай жасалған ба? т.б. Мұндай «шексіз» сұрақтарға ғылыми
жауаптарды дүниетаным деп санау қалыптасқан.
19
Дүниетану дегеніміз - адамның санасында өмірдің жалпы суретін көрсететін
жэне оның іс-әрекеттерінің бағытталуын анықтайтын философиялық, ғылыми,
элеуметтік-саяси, адамгершіліктік, этикалық көзқарастар мен пікірлер жүйесі.
Психология дүниетанымды тұлганың бағытталынуының бір бөлігі деп санайды.
Көзқарастар мен пікірлер - бұл адамның өмірді шынайы жэне эмоциялық
уайымдар ретінде қабылдаған түсініктері. Көзқарастардың қалыптасуының
негізі ретінде ғылыми білімдер болып табылады. Дүниетанымның қалыпта-
суының қүралдарына оқыту процесі, сабақтан тыс іс-әрекеттер, оқушылардың
өзіндік жұмысы, олардың қоғамда жэне өмірде алған тәжирибесі жатады.
Білімнің дүниетанымдық аспектілерін игеру мазмүнын таңдау арқылы, сабақ
беру әдістері, білімнің жэне іс-эрекеттердің эрбір саласында фундаменталды
ойларды бөліп шығару, сабақаралық байланыстар, интеграциялық курстарды
жасау арқылы қамтамасыз етіледі. Көзқарастар мен пікірлер оқушылардың
қарым-қатынаста жэне өзіндік тәжирибе еңбекте, қоғамдық, өнерлі, техникалық
жэне тағы басқа іс-эрекеттерде қалыптасады.
Көптеген елдің «Білім туралы» заңында білімнің мазмұны оқушылардың
санасында элем суретінің, қазіргі заманның білім деңгейінің жэне оқытудың
сатыларының қалыптасуын қамтамасыз ету керек екені жазылған. Бүл заңда
тэрбиелеудің мазмұны дүниетанымдық бағыттардың эртүрлілігін ескеру еркін
көзқарастар мен пікірілерге байланысты оқушылардың қүқықтарының жүзеге
асырылуына көмек көрсетуі керек. Саясаткерлер мен педагогтар мемлекеттік
мектеп қандай дүниетанымдықты қалыптастыру керектігі туралы анық пікір
айта алмайтынын атап корсету керек. Экзистенциализмнің педагогтары мектеп
арқылы дүниетанымдылықты қалыптастырудың дұрыс еместігін айтады, мұны
тұлғаның еркіндігіне қол сұғу деп санайды. Шындығында оны эллюзия деп
санау керек, себебі кез келген білім беру жүйесі дүниетанымдық ойларды
қалыптастырады. Мысалы, Кеңестік кезеңде Ресейдің дамуы табиғат, қоғам,
адам туралы диалектикалық-материалистік теория негізінде қарастырылса, қа-
зіргі кезеңде мектеп жалпы оқушыларда ғылыми-материалистік көзқарастарды
қалыптастыруға бағытталған. Алайда жаңа оқулықтар мен бағдарламаларда
материализмнен басқа дүниетанымдық концепцияларға деген ауысу болуы да
мүмкін.
Қазіргі заман жағдайдарында оқушылардың дүниетанымдылық жэне адам-
гершіліктік көзқарастар мен ұстанымдарын калыптастыру барысында оқушы-
лардың көзқарастарына толеранттылық пен шыдамдылық тұрғысынан қарау
принципін, түлғаның өзін-өзі анықтау принципін, яғни еркін таңдауды
қамтамасыз ету жэне өзінің іс-әрекеттері мен шешімдері үшін жауапты болу
принципін қабылдау дүрыс болар.
Оқушылардың өзінің көзқарастарын калыптастыру үшін педагогтардың
өздерінің позициясы өте қажет. Ол өз көзқарастарын орнықтырып, оларға сай
өмір сүруі , олар туралы оқушылармен сөйлесуі жэне өзіндік көзқарастарын
насихаттап, жүктемеуі керек. Отандық мектептерде оқытушы қандай да
анықталған нормалардың, идеалдардың жэне дүниетанымдық позициялардың
тасушысы болады деп санауға болады.
20
Тұлғалық немесе басқа құндылықтарды жүзеге асыру білім берудің
эртүрлі типтерінің жұмыс жасауына алып келді. Бірінші тип адаптивті
практикалық бағыттылықтар, адамның тіршілік әрекетін қамтамасыз етуіне
байланысты
игерген,
білім
берудегі
дайындықтың
мазмұнындағы
мағлұматтар минимумдық мөлшерде болуын шектейтін ынтаның болуымен
сипатталады. Екінші тип мәдени-тарихи бағытта болуға негізделген. Бұл
типте білім беру тікелей практикалық іс-эрекетте эдейі талап етілмеген
мағұлматтарға ие болуы қарастырылады. Екі типте де аксеологиялық
бағыттар орын алып, адамның нақты мүмкіндіктері мен қабілеттері,
өндірудегі қажеттіліктер мен білім беру жүйесінің мақсаты өзара қатынастар
болады. Білім берудің бірінші жэне екінші типіндегі жетіспеушіліктерді
жеңу үшін,
білім
беру жобасын
жете
зерттеуден
мәдени-тарихи
құндылықтардан хабардар болу шарт. Осы заманғы адам табиғи жэне
әлеуметтік дамуы процесінің динамикасын, оларға ықпал етуді, әлеуметтік
өмірдің барлық сферасына тепе-тең бағытталуын, жеке өзінің мүмкіндіктері
мен кабілеттерін бағалауды меңгеруін, өзінің мінез-қүлығы мен пікірі үшін
жауапкершілікте екенін түсіну керек.
Білім беру - жалпы адамзаттық қүндылық. Алайда, білім беру жалпы-
адамзаттық құндылықтармен
қатар
индивидуалды-түлғалық деңгейде
эртүрлі дәрежеде танылады. «Адамның білімге қатынасы көбінесе қанша-
лықты марапаттау, бәрінен бүрын таза материалдық білім беру, қаншалықгы
өмір образына лайықты болуына байланысты. Барлық елде, қазіргі таңда
білім беруде жеке түлғалық қүндылықтар көрініс табады. Басқа сөзбен айт-
қанда, білім беру - бұл тек «кадрларды дайындау емес, ол эрбір адам үшін
қажетті қүндылық». Адамның білім беруге қатынасы жеке тұлғалық құнды-
лыққа және түлғаның жалпы бағыттылығы, жеке тұлғаның қүндылық шкала-
сы, білім берудің алдыңғы кезеңдерде оның жетістік тэжірибесіне эсер етеді.
Білім беруде XX ғасырдың 90-жылдары басында жастардың қүндылық
жүйесі төмендеп, орта шенінде қайтадан жоғарылады, бүл түрғысында
прагматикалық ықпал едәуір түрақты болды, білім берудің материалдық
игілік пен қанағаттану потенциясын қарастыру бақыланып отырды.
Енді білім мазмұнын беретін жоғары мектептердің тарихына қасқаша көз
жүгіртіп өтелік.
Алдымен университетке дейінгі кезең, яғни пифогорлық одақ (Аристотель
лицейі, Александр мүражайы т.б.) деп аталып, білімдендіру ұйымы ретінде
көрініс тапқан.
425 жылы Константинопольде - «Аудиториум» деген атпен жоғары
мектеп құрылған. Ол үғым тыңдау дегенді білдіреді. IX ғасырдан бастап
«Магнавра» (золотая палата- алтын палата) деп аталды.
Университеттік білім берудің тарихын A. Geuna 5 кезеңге бөліп
қарастырған:
Достарыңызбен бөлісу: |