«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»


СТУДЕНТТЕРДІҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУМЕН ШҦҒЫЛДАНУ



Pdf көрінісі
бет82/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   115
Байланысты:
Conference 1.(30.11.2016) (1)

 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУМЕН ШҦҒЫЛДАНУ 
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 

Кошекбаева А. Е 
«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4-курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Бейсенбаев С.Қ. 
Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығы маңызды сипатқа ие. Бүгінгі 
болашақ мұғалімді дайындауда олардың салауатты ӛмір сүру мен денсаулық, 
дене мәдениеттерін ӛздері игермей тұрып, оларды білімді, білікті маман ретінде 
қалыптастыру мүмкін емес. Себебі әр болашақ маманның денсаулығы жеке 
байлық қана емес, ол сондай-ақ халқымыздың білім және экономикалық 
қуатының ӛсуі үшін де қажетті шарттарының бірі. Соның ішінде денсаулықтың 
басты шарты-мәдени орта, салауатты ӛмір салты . 
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық 
бағдарламасында «Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты 
мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық, экономикалық 
және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының 
қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз»,- деген болатын. 
Білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі – дене тәрбиесі арқылы 
салауатты ӛмір салтын қалыптастыру мәселесі. Соған байланысты кӛптеген 
құжаттар бар, мәселен: Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 ж 18 
мамырдағы «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан 
Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінде «Салауаттану-денсаулықты 
сақтау» бағдарламалары. Бұл құжаттардағы негізгі мәселенің бірі –дене 
тәрбиесі арқылы салауатты ӛмір салтын қалыптастыру, жастар тәрбиесі [1]. 


226 
Сондықтан да болашақ мұғалімдерге қойылатын жаңаша талаптар мен 
ӛзгерістер туындап отыр. Бұған себеп қазіргі кезде жеке тұлғаның қоғамдық 
және әлеуметтік мәні дене тәрбиесі мұғалімінің назарынан тыс қалмауы қажет. 
Дене тәрбиесі сабағындағы сауықтыру, білімдік, тәрбиелік міндеттерімен қатар, 
сонымен қатар жастардың арасында салауатты ӛмір салтын қалыптастыру. 
Сондықтан дене тәрбиесінің, тиімді қимыл-қозғалыс белсенділігінің 
денсаулықты қалыптастырудағы, сақтаудағы және нығайтудағы мәні ӛте зор, ол 
салауатты ӛмір салтының міндетті шарты. 
Сауықтыру дене тәрбиесі дегеніміз организмнің қызметтік мүмкіншілігін 
тиісті оттегін тұтыну шегінің (ОТШ) 100% деңгейіне жеткізетін жаттығулар 
жүйесі. Мұндай жүйені кейде физикалық жаттықтыру, немесе кондициондық 
жаттықтыру жүйесі дейді. Ал Кеннет Купер аэробты жаттықтыру жүйесі деп 
атайды. 
Сауықтыру дене тәрбиесінің басты мақсаты - денсаулықты нығайту, 
организмнің 
қызметтік 
мүмкіншілігін 
жоғарылату 
арқылы 
тұрақты 
денсаулықты қамтамасыз ету. 
Сауықтыру дене тәрбиесінде спорттық нәтижені арттыру мақсаты 
қойылмайды, басты мақсат - денсаулықты сақтау, жақсарту, ауру-сырқаттардың 
алдын алу, денсаулықтағы, дене бітіміндегі, ағзаның қызметтік күйіндегі 
ауытқуларды дер кезінде асқындырмай жою. 
Аэробты сауықтырушы жаттығудың К.Купер, Н.Амосов, т.б. ғалымдар 
ұсынған арнайы жүйелері мен тәсілдері бар. Жаттықтыру бағдарламалары жаяу 
жүру, жүгіру, велосипед тебу, суда жүзу, бір орында тұрып жүгіру, спорттық 
ойындар ойнау сияқты жаттығулар түріне негізделген. Әр жастық, жыныстық 
топқа, дайындығы әр түрлі адамдарға арналған бағдарламалар бар [2]. 
К.Купер жүйесімен жаттыққанда жүктемені біртіндеп ӛсіріп, аптасына 30 
шартты ұпайға дейін жету керек. Бұл денсаулықтың "қауіпсіз" деңгейіне жетуді 
қамтамасыз етеді. Бірақ К.Купер жүйесіне кӛшу алдында әр жаттығушының 6 
апталық дайындықтан ӛтуі міндетті. Содан кейін сынаудан ӛтіп, дайындық 
топтарына бӛлінеді . 
Сауықтыру дене тәрбиесі белгілі бір физиологиялық негіздерге сүйене 
жүргізілсе ғана пайдалы. 
Олар: орындалатын жаттығулардың түрі, жаттығулардың қарқыны, 
жүктемелер кӛлемі, 1 аптада жүргізілетін жаттығу сабақтарының жиілігі, әр 
сабақтың ұзақтығы. 
Жаттығулар түрлері. Организмге кӛрсететін әсеріне және қимыл 
ерекшеліктеріне сәйкес жаттығулар 2 үлкен топқа бӛлінеді: 
1. 
Циклді жаттығулар (жүгіру, жүру, велосипед тебу, жүзу, шаңғы 
тебу).
2. Ациклді, немесе циклді емес жаттығулар (гимнастикалық жаттығулар, 
хатка-йога, жалпы дайындау тобы, спорттық ойындар, тағы басқалары). 
Циклді жаттығулар ағзаның жалпы тӛзімділігін, жүрек-қан тамырлар 
тӛзімділігін, оттегін тұтыну шегін арттырады. Сол себептен олар денсаулықтың 
сандық кӛрсеткіштерін ӛсіреді, ауру қаупін тудыратын ішкі себепшарттарды 


227 
әлсіретеді немесе мүлде жояды. Ал ациклді жаттығулардың мұндай әсерлері 
кемірек. Олар бұлшық еттердің күші мен тӛзімділігін, икемділікті, шапшаңдық 
пен ептілікті, координацияны, жалпы қимыл-қозғалыс жүйесінің күйін 
жақсартады. Бұл дене қасиеттерінің де әр адамға қажеттігі жоғары
денсаулыққа, жұмыс қабілетіне пайдалы. Бірақ ациклді жаттығулар жүрек-қан 
тамырлар тӛзімділігін, организмнің жалпы тӛзімділігін, оттегін тұтыну шегін 
(ОТШ) арттырмайды, май алмасуын реттемейді, атеросклероздық ӛзгерістерге 
негізделген жүрек-қан тамырлар ауруларына қарсы кедергі бола алмайды. 
Сондықтан сауықтыру дене тәрбиесінде циклді аэробты, ірі бұлшық еттердің 
қатысуымен орындалатын жаттығулар қолданылады [3]. 
Жаттығулар қарқыны. Сауықтыру тәрбиесінде табалдырықты және тиімді 
қарқынды жүктемелер қолданылады. Табалдырықты қарқын дегеніміз адамның 
дағдылы қимыл-қозғалыс белсенділігінен жоғары, бірақ сауықтыру әсері бар 
жүктемелердің ең тӛменгі қарқыны. 
Мұндай қарқынды жүктемелер ағзадағы күш-қуаттың бұлшық ет 
жұмысына жұмсалу тапшылығының орнын толтырады, ағзаның қызметтік 
қабілетін арттырады, ауру қаупін тудыратын себепшарттар ықпалын әлсіретеді, 
дене салмағын қалыпқа келтіреді. 
Тиімді жүктемелер қарқыны дегеніміз ең жоғары сауықтыру әсерін 
қамтамасыз ететін, бірақ организмнің қызметтік мүмкіншілігіне сәйкес 
жүктемелер қарқыны [4]. 
Жүктемелер қарқынын белгілеудің ең оңай жолы - Хольман формулаларын 
қолдану. 
Қимыл-қозғалыс режимдері. Сауықтыру дене тәрбиесінде 4 қимыл-
қозғалыс режимі қолданылады.
1.Реабилитациялық режим. Бұл режим әр түрлі аурулардан, жарақаттардан 
кейін қолданылады. Сабақ емдік гимнастикасы түрінде жүргізіледі. 
2.Жалпы дайындық режимі. Бұл сабақтарда әр түрлі жаттығулар 
қолданылады. Сабақ дайындық топтары түрінде жүргізіледі. Мұндай режим 
дені сау адамдардың денсаулығын нығайту үшін немесе денсаулығында, 
денесінің дамуында, ағзаның қызметтік қабілетінде кемшіліктері бар, 
созылмалы әр түрлі аурулары бар адамдар үшін қолданылады [5]. 
3.Жаттықтыру режимі. Денсаулығы дұрыс, созылмалы аурулары жоқ жас 
және орта жастағы адамдарды жаттықтырғанда қолданылады. Бұл режимде әр 
түрлі жүктемелер қолдануға болады. Сабақ жүгіру, жүзу, шаңғы тебу, туризм, 
велосипед тебу, гимнастика және тағы басқа түрлерінде жүргізіледі. 
4.Кәсіптік дайындықты арттыру режимі (космонавт, спортшы, су астында 
жүзетіндер, т.б.). 
Табиғаттың жаратылыс күштерін - күн, ауа және суды шым-шымдап 
пайдалану адамның тері қыртысының негізгі қабатында құрылымдық жаңғыру 
мен белсенді заттар түзілу процестерін жақсартады. Осы заттар қанмен бірге 
барлық ағзаларға таралып, олардың қызметін күшейтеді. Әсіресе, терінің суық 
және жылу рецепторлары рефлекс кӛзіне айналып, адамның зат алмасуын, 
дене және ой еңбегіне қабілетін арттырады.


228 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1. 
Апанасенко Г. Л. Медицинская валеология. - М., 2000. 
2. 
Билич Г.Л., Назарова Л.В. Основы валеологии. - С-Петербург, 1997, 467с. 
3. 
Казначеев В.П. Основы обшей валеологии. Уч.пособие . - М., 1997. 
4. 
Марков В.В. Основы здорового образа жизни и профилактика болезней. 
Уч. пособие. - М., 2001.  
5. 
Мустафина Т.К. Спорттык медицина. Алматы, 1997, 317 с. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет