Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі


Мектепті жақсарту процесіндегі ішкі бақылаудың рөлі



Pdf көрінісі
бет11/68
Дата11.02.2023
өлшемі1,07 Mb.
#67058
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   68
Байланысты:
Оқу құралы Модуль4

Мектепті жақсарту процесіндегі ішкі бақылаудың рөлі 
Мектептің ішкі бақылауы - бұл мектептердің өздері ұсынатын білім сапасын бағалау 
мақсатында басталған және жүзеге асырылатын процесс. Оны, ең алдымен, мектепте жұмыс 
жасайтын кадрлар, ал кейбір жағдайларда мектепке қатысы бар басқа мүдделі тұлғаларымен
мысалы, оқушылар, ата-аналар немесе жергілікті қоғамдастық мүшелерімен бірге жүргізеді. 
Педагогикалық тәсілдерден бастап әкімшілік басшылықтың тиімділігіне дейінгі мектеп өмірінің 
барлық аспектілері бақылануы тиіс (Approaches to School Evaluation in Europe). 
Көптеген елдерде мектептің ішкі бақылауы 2-суретте көрсетілген "Жоспарлау-Орындау-
Тексеру-Шешім шығару" циклын басқаруға Демингтің (Deming) классикалық тәсілінің негізгі 
бөлігі болып табылады:


2-сурет. "Жоспарлау-Орындау-Тексеру-Шаралар қабылдау" циклі 
ЭЫДҰ-ның мектептерді бағалауды талдауы және «Жақсы оқыту үшін синергиялар - бағалау 
мен бағалаудың халықаралық көзқарас» халықаралық бағалау жүйесі бойынша мектептер келесі 
әрекеттерді орындай алады:

Жоспарлау кезеңінде мектеп: күшті және әлсіз жақтарына, мүмкіндіктер мен қауіптерге 
талдау (SWOT талдау) жүргізе алады; даму тұжырымдамасын/миссия әзірлей алады
мақсаттар қоя алады; тиімділік көрсеткіштерін: нақты, өлшенетін, қол жеткізуге болатын, 
нақты және белгілі бір уақыт аралығымен шектелген (SMART) әзірлей алады; 
функционалдық құрылымдық коммуникацияны орната алады; жоспарға жан-жақты қолдау 
көрсете алады; сондай-ақ, жоспарды қаржыландыра алады және педагогтерді тиімді 
бөлістіріп ұйымдастыра алады; 

Орындау кезеңінде мектеп жоспарды жүзеге асырады және білім беру басшылығын
қамтамасыз ете алады; түрлі саясат пен стратегияларды қолдана алады; қызмет жоспарын 
жасай алады; кәсіби мәдениетке ықпал ете алады; ішкі және сыртқы өзара іс-қимылды 
қамтамасыз ете алады; 

Тексеру кезеңінде мектеп жоспарды бағалайды және бағалау процесіне іштей және сырттай 
қатысуды қамтамасыз ете алады; мониторингті қолдана алады; деректерді талдай алады; 
бағалау үшін тиімділік көрсеткіштері мен нормативтік құралдарды әзірлей алады; мұғалімдер 
мен оқушылардың жетілдіру жоспарына қанағаттануын талдай алады; білім беру процесіне 
қатысушылар үшін нәтижелер туралы есеп жасай алады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет