1-кесте. Сыртқы бақылаудың бағыттары.
Бақылау түрі
Бақылау фокусы
Лицензиялау
Білім беру ұйымы ұсынатын білім беру процесін жүзеге
асыру
шарттарының құрылыс нормалары мен қағидалары, санитарлық және
гигиеналық нормалар, білім беру
мекемелерінің білім алушылары,
тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығын қорғау, оқу үй-
жайларын жабдықтау, оқу процесінің жарақтандырылуы,
педагог
қызметкерлердің білім беру цензі және штаттардың жасақталуы бөлігінде
мемлекеттік және жергілікті талаптарға сәйкестігін белгілеу.
Білім
беру
ұйымын
мемлекеттік
аттестаттау
Сәйкестікті анықтау рәсімі. МЖМБС талаптарын орындау, оқу жұмыс
жоспарларының үлгілік оқу жоспарлары мен МЖМБС-ға сәйкестігі,
кадрлық
қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету мен тамақтану
объектісінің болуы, материалдық-техникалық база, басшылық пен
басқару сапасы,
оқыту сапасы, білім алушылардың нәтижелері.
Білім беру
ұйымын
аккредиттеу
Белгіленген сапа стандарттарына сәйкестігін бағалау, білім беру
ұйымының мемлекеттік мәртебесін, ол
іске асыратын білім беру
бағдарламаларының деңгейін, бітірушілерді даярлаудың мазмұны мен
сапасының мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына
сәйкестігін, бітірушілерге тиісті білім деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі
құжаттарды беру құқығын растау:
- тұтастай алғанда мекемені аккредиттеу (институционалды
аккредиттеу);
- білім беру бағдарламаларын аккредиттеу (мамандандырылған
аккредиттеу);
құрылымдарды немесе жеке пәндерді аккредиттеу (аудит).
Профилактикалық
бақылау
Қазақстан Республикасының білім туралы
заңнамасының және білім
беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының сақталуын бақылау
(білім беру ұйымының қызметіндегі бұзушылықтарды анықтау/жою).
Ішкі бақылау
Ішкі бақылау дегеніміз - білім беру ұйымдарының уәкілетті тұлғалары білім беру және
тәрбие процестерінің жағдайын диагностикалау мақсатында жүргізетін білім беру қызметін
кешенді талдау.
Ішкі бақылау - бұл басқарудың барлық деңгейлеріндегі
білім беру ұйымының барлық
қызметкерлері мен басшылығы жүзеге асыратын үздіксіз процесс.
Ішкі бақылау жүйесі нақты (білім беру мекемесінің бақылау қызметіне деген қажеттілігін
ескере отырып құрылуы керек); заманауи (әлеуметтік басқару, оның ішінде педагогикалық
жүйелерді басқару мәселелерін зерттейтін әртүрлі ғылымдардың идеяларына, теорияларына
сүйену); логикалық дәйекті (идеялардың, бақылау іс-әрекетінің
жоспарларының білім беру
мекемесінің қолданыстағы моделі құрылған тұжырымдамалық негіздермен сәйкестігі) болуы
керек.
Білім беруді ұйымдастырудағы ішкі бақылау
өзін-өзі бағалау және
МІБ арқылы жүзеге
асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: