Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі



Pdf көрінісі
бет7/68
Дата11.02.2023
өлшемі1,07 Mb.
#67058
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68
Байланысты:
Оқу құралы Модуль4

ұсынады;
- аккредиттеу мектептерді өз қызметін үздіксіз дамытып, жақсартуға ынталандырады;
- аккредиттеу оқушыларға (және студенттерге) оқу орнын таңдауды жеңілдетеді. 
Мектептерді сыртқы бағалауды осы мектепте жұмыс істемейтін білім беру қызметкерлері 
жүргізеді және нәтижелері білім беру саласындағы уәкілетті органдарға жеткізіледі. Аккредиттеу 
процесінде жекелеген қызметкерлер немесе мұғалімдердің жетістіктеріне емес, жалпы мектептің 
нәтижелеріне назар аударылады. Бұл бағалау мектептің сапасын және оқушылардың үлгерімін 
бақылауға немесе жақсартуға бағытталған. 
Қазақстандық мектеп үшін сыртқы бағалаудың жаңа формаларының бірі - Назарбаев 
Зияткерлік мектептері сияқты әлемдік білім кеңістігінде бәсекеге қабілетті болу үшін 
аккредиттеу, соның ішінде, халықаралық аккредиттеу. 
Мектепті сыртқы бағалау білім беру сапасын қамтамасыз ету аспектілерінің бірі болып 
табылады, оны дамытуға кейбір елдерде үлкен мән беріледі. Бұл практика Еуропа елдерінде білім 
беру сапасын қамтамасыз етудің тамыр жайған тәсілі болып табылады. Мектептің тиімді 
мониторингі мен бағалануы оқушыларды оқытудың тұрақты дамуын қамтамасыз етудің кілті 


болып табылады. Мектептер қандай тәжірибені жақсарту керектігін анықтау үшін өз қызметі 
туралы кері байланыс алуы керек және ол өзінің жетістіктері мен нәтижелері үшін 
жауапкершілікті сезінуі тиіс. 
Мектептерді сыртқы бағалау сабақ беру және оқыту, мектепті басқару, білім беруді басқару, 
мектеп ортасы және адами ресурстарды басқару, оқушылардың нәтижелерін талдау сияқты 
негізгі процестерге шоғырланған. Инфрақұрылым, қаржыландыру және мектеп персоналының 
сипаттамалары де ескеріледі. Мектептерді сырттай бағалау тікелей араласу арқылы жақсартуға 
әкелмейді, бірақ кәсіби өсуге, шынайы және нақты есеп беруге, деректерге негізделген талдау 
мен салыстыруға әсер ету арқылы жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет