Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі



Pdf көрінісі
бет5/68
Дата11.02.2023
өлшемі1,07 Mb.
#67058
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
Оқу құралы Модуль4

мақсаты -мектеп қызметі бағдарламасының мәлімделген мәртебеге сәйкестігін белгілеу, білім 
беру қызметтері нарығында кәсіпкерлік субъектілері үшін тең мүмкіндіктер жасау, мемлекеттің 
және осы қызметтерге тапсырыс берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды 
қамтамасыз ету. 
Лицензиялау - басқару органы ұсынатын білім беру процесін жүзеге асыру шарттарының 
құрылыс, санитарлық және гигиеналық нормаларға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, оқу үй-
жайларын жабдықтауға, оқу процесінің жабдықталуына, профессорлық-оқытушылық құрамның 
біліктілігіне және оның білім алушылар санына қатынасына мемлекеттік және өңірлік талаптарға 
сәйкестігін белгілеу рәсімі ("Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік 
қызметін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 351 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген "Білім беру 
қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі", 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 
бұйрығымен бекітілген "Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары") 
59-бап. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы. 
1. Бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау мемлекеттiң бiлiм алуға құқықты қамтамасыз 
етуіне және жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын iске асыратын заңды 
тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлға құрмай дара кәсіпкерлердің өздерi жүзеге асыратын бiлiм 
беру қызметiнiң Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасының және 
Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының талаптарына 
сәйкестігін сақтауға бағытталған және оны білім саласындағы уәкілетті орган, оның 
ведомствосы және ведомствоның аумақтық бөлімшелері, жергiлiктi атқарушы органдар өз 
құзыретi шегiнде жүзеге асырады
2. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау объектілері:
1) жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды 
тұлғалардың білім беру қызметі;
2) білім алушылардың тиісті жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын 
меңгеру деңгейі;
3. Мемлекеттік бақылаудың негізгі түрлері: 

білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау; 

Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасының және білім беру қызметіне 
қойылатын біліктілік талаптарының сақталуын бақылау. 


Лицензия алған білім беру ұйымы аттестаттаудан өтуге міндетті.
Аттестаттау - білім беру ұйымының мемлекеттік білім беру стандарттары деңгейінде оқу-
тәрбие процесін жүргізу қабілетін мемлекеттің растауы. Аттестаттаудың мақсаты білім алуға 
конституциялық құқықты қамтамасыз ету бойынша қолданыстағы заңнаманың талаптарын және 
оқу орнының мемлекеттік талаптарға (білім беру стандарттарына) сәйкестігін тексеру болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет