Басшының инновациялық құзыреттілігі басшының қазіргі заманғы өзгермелі
әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы мектептің стратегиялық дамуын жоспарлау, мектептің
білім беру ортасын инновациялық бағытта өзгерту, басқару субъектілерінің кәсіби және жеке
дамуын қамтамасыз ету дағдыларымен байланысты инновациялық шешімдер қабылдау
қабілетімен байланысты.
Коммуникативті құзыреттілік – бұл білім беру ұйымы басшысының қызметіндегі негізгі
құзыреттіліктердің бірі болып табылады, өйткені оның негізгі қызметі басқа адамдармен өзара
әрекеттестікке байланысты. Педагогикалық мамандықтардағы коммуникативті құзыреттілік «өзі
және басқалар туралы, қарым-қатынас жасау дағдылары, әлеуметтік жағдайлардағы мінез-құлық
стратегиясы туралы, тұлғаның мақсаттары мен жағдайларына сәйкес тұлғааралық қатынас
құруға мүмкіндік беретін психологиялық білімдер жүйесі» ретінде қарастырылады.
Көшбасшының психологиялық құзыреттілігі когнитивтік,
мінез-құлықтық,
құндылықты-мазмұндық, мотивациялық және реттеуші аспектілерді қамтиды.
Ақпараттық және ақпараттық технологиялар құзыреттілігі келесі білім мен дағдылар
жиынтығы ретінде қарастырылады: «ақпаратпен жұмыс істеу қабілеті (жинақтау, іздеу, жеткізу,
талдау); өзінің кәсіби қызметін модельдеу және жобалау; заманауи ақпараттық-
коммуникациялық технологияларға негізделген ұйымдық ортаға бейімделу қабілеті; өзінің
кәсіби қызметінде еңбек өнімділігінің артуын қамтамасыз ететін заманауи ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдану».
Қазіргі мектеп басшысына белгілі бір тұлғалық қасиеттер мен педагогикалық тәжірибе ғана
емес, менеджмент, экономика, құқықтану саласы бойынша білім, сондай-ақ осы білімді
қолданысқа енгізу және нақты жағдайларда жедел қолдана білу тәжірибесі мен дағдылары қажет.
Сонымен қатар заманауи мектеп директоры жобалау мәселелерін, білім берудегі
инновациялардың мән-маңызы мен оларды нақты өз мектебінде жүзеге асыру жолдарын түсінуі,
тұлғааралық қарым-қатынас жасау, өкілеттіктерді басқаларға табыстау шеберлігін үйренуі,
сондай-ақ өз қызметінде қолдана білу қажет басқа да көптеген нәрселерді білуі және қолдану
алуы керек.