Даму
Оқушылардың табысқа
жетуі үшін
білім беру
технологиялары
мен
дағдыларын дамытады.
Оқушылар
мен
педагогтер үшін үнемі
жетілдіріліп
отыратын
ортаны қолдайды.
Оқушылар мен мұғалімдердің
жұмысындағы жаңа идеяларды
ұсынады
және
қолдайды.
Ұжыммен
бірге
жаңашылдықтарды үйренеді.
Әкімшілік
етудің
барабар
әдістерін
енгізеді. Оқу процесі
мен
ұжымның
жұмысын
нақты
ұйымдастыруға ықпал
етеді.
Кәсіби шеберлік
Жалпы білім берудегі
өзгерістерді
түсінеді
және жеткізеді. Оқыту
жағдаяттары барысында
әдіс-тәсілдер мен білімді
орынды қолданады.
Педагогика мен басқарудағы
кәсіби білім мен дағдыларды
жинақтау және тарату жүйесін
әзірлейді. Оқушылардың, ата-
аналардың
және
ұжымның
шынайы мүдделерін біріктіру
негізінде дауларды кәсіби түрде
шешеді.
Мектеп
ұжымының
кәсіби
дамуының
тиімді
жүйесін
қалыптастырады.
Кәсіби
дағдыларды
дамыту
және кәсіби
шеберлік
деңгейі
бойынша кері байланыс
жүйесін бақылайды.
Табандылық
Күрделі
білім
беру
проблемаларын
командамен
бірге,
белсенді және табанды
түрде
шешеді.
Оқу
міндеттерін
шешуде
мектептің
құндылықтарын
қорғайды.
Күрделі және ұзақ мерзімді
шешімдер үшін
жауапкершілікті
алады. Жұмыс мәселелерін ашық
талқылайды
және
мектептің
басқару
шешімдерін
қабылдаудағы
құндылықтарын
қорғайды.
Ережелер
мен
стандарттарды,
құрылтайшы
мен
басқару органдарының
шешімдерін
жүзеге
асыруда, мектептердің
тиімділігін сақтау мен
арттыруда
ұтымдылық
пен
принциптерге
адалдық танытады.
Әріптестік
Мұғалімдермен,
оқушылармен
және ата-
аналармен
құқықтық
және
этикалық
шектеулерді
ескере
отырып,
негізгі
себептерді жою және
педагогикалық
мәселелерді шешу үшін
ынтымақтастықты
қолдайды.
Құқықтық
және
этикалық
шектеулерді
ескере
отырып,
себептерді
жою
және
проблемаларды
шешу
үшін
құрылтайшымен,
сыртқы
ортамен,
ұжыммен
ынтымақтастықты
қолдайды
және дамытады.
Құқықтық
және
этикалық шектеулерді
ескере
отырып,
ынтымақтастықтың
тиімділігін, жүйелілігі
мен
теңбе-теңдігін
сақтайды.
Гуманизм
Әр оқушыны дамыту
және
әл-ахуалын
жетілдіру
үшін
тәжірибені,
ерекшеліктерді
және
оқушының табысқа жету
әлеуетін
түсінеді және
пайдалана біледі.
Әрбір оқушының және команда
мүшесінің
даралығын
бағалайды. Этикаға жат және
заңға
қайшы
әрекеттерді
қолдамайды.
Ұжымға, қиын өмірлік
жағдайларға ұшыраған
оқушыларға мектептің
ресурстары
есебінен
көмек береді, бұл үшін
командаға
ата-
аналарды,
басқа
оқушыларды тартады.
Дереккөз: Директорлар клубы, «Российский учебник» корпорациясы
Harvard Business Review баспасы мектеп басшысының табысты қызметі үшін қажетті 6
қасиетті қарастырады.
6-сурет. Көшбасшылық қасиеттер
Құзыреттілік – белгілі бір міндеттерді шешу үшін, белгілі бір нақты нәтижеге қол
жеткізу үшін белгілі бір жағдайда жұмылдырылатын білім,
білік және белсенділіктің
кіріктірілген жиынтығы (Mulder, 2011), сонымен қатар:
1) білім бұрыннан белгілі және берілген проблеманы немесе тақырыпты түсінуге ықпал
ететін фактілерді, сандарды, идеяларды, теорияларды қамтиды;
2) дағдылар – нәтижеге қол жеткізу үшін нақты іс-әрекеттерді орындау және бар білімін
пайдалану мүмкіндігі;
3) белсенділік ұстанымдары – адамның идеялар мен адамдарға көзқарасына ықпал
принциптер (EК, 2018).
Құзыреттілік = білім + дағдылар + ұстаным іс-әрекет (Leisen 2009).
Құзыреттілік – білім мен құндылықтарды өз қызметінде шебер қолдана білу (Rost 2010;
Adomßent, Hoffmann 2013).
Көптеген елдерде мектеп директорларына арналған кәсіби стандарттар бар. Кейбір
білім беру жүйелері кәсіби стандарттар мен кәсіби қызметін іске асыру үшін директорларда
болуы керек құндылықтармен немесе жеке қасиеттермен байланыстыра отырып, өз
стандарттарын анықтаудың жоғары деңгейін ұстанады.
Австралия директорларының Ұлттық кәсіби стандарты (National Professional Standard
for Principals – NPSP) басшылардың өз жұмысында жоғары деңгейге жету үшін нені білуі,
түсінуі және не істеуі керектігін айқындайды. NPSP
барлық табысты басшыларда
басшылықтың үш саласы бойынша көрсетілуі мүмкін жалпы сипаттамалар мен
мүмкіндіктер жиынтығын болуы керек деген тұжырымға негізделген:
₋ болашаққа бағдар және құндылықтар;
₋ білім және түсінік;
₋ тұлғалық қасиеттер, әлеуметтік және коммуникативтік дағдылар.
Бұл талаптар мектеп директорының кәсіби қызметінің бес бағыты арқылы көрініс табады:
- оқыту мен оқуды басқару;
- өзін және басқаларды дамыту;
- тәжірибені жетілдіруге, инновациялар мен өзгерістерге жетекшілік ету;
- мектепті басқару (менеджмент);
- қоғаммен қарым-қатынас және бірлескен жұмыс.
Австралиялық стандарт директор өзінің кәсіби тәжірибесінің бес саласы бойынша
қолданатын көшбасшылыққа қойылатын үш талапқа шоғырланған кіріктірілген модель
ретінде ұсынылған. Мұнда тұлғалық дағдылар мен құндылықтар директордың өз рөлін
ойдағыдай атқаруына және мектепті басқаруда оң нәтижелерге қол жеткізуіне мүмкіндік
беретін негізгі элемент болып табылады.
«Мектеп көшбасшылығындағы шеберлік»
7-сурет. Кіріктірілген мектеп директорының моделі
Дереккөз: Австралиядағы оқыту және мектеп көшбасшылығы институты, 2011 ж.
шілде, aitsl.edu.au
Қазақстанда директор моделін орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім
беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау ережелерінің
талаптары бойынша
анықтауға болады:
₋ Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша теориялық білім деңгейі;
₋ білім берудегі менеджменттің негізгі принциптерін білу;
₋ үміткердің тұлғалық және кәсіби қасиеттері;
₋ заманауи білім беру міндеттерін іске асыруға арналған идеялардың түпнұсқалығы
мен негізділігі;
₋ білім беру ұйымын табысты дамыту бойынша практикалық бағдары;
₋ жағдаяттық міндеттерді жедел және икемді шеше білу;
₋ белсенді, жағымды педагогикалық ортаны қалыптастыра білу;
₋ білім беру ұйымын басқаруда шығармашылық әлеуетін пайдалану;
₋ педагогикалық этика және сөйлеу мәдениеті.
Педагог лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамалары (Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі №169 бұйрығына қосымша)
Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымының басшысы (директоры,
меңгерушісі) білуге міндетті:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін,
Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»
Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын
нормативтік құқықтық актілерді;
- педагогика мен психология
негіздерін;
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогикалық ғылым мен
практиканың жетістіктерін;
- менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін;
- еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғану ережелерін;
- санитарлық ережелер мен нормаларды.
Достарыңызбен бөлісу: