Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінен айрылуы. Ұлт-азаттық көтерілістер. Кіші және Орта жүзде хандық биліктің әлсіреуі. 1810-1866 жж. Қоқан, Хиуа және Бұхар
хандықтарының экспансиясы. 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы Жарғысы» және Орта
жүздегі хандық биліктің жойылуы.
1824 ж. Эссеннің «Орынбор қырғыздары туралы Жарғысы» және Кіші жүзде хандық
биліктің жойылуы. 1831 жылы дистанциялық жүйенің енгізілуі. Отаршыл әкімшіліктің
Қазақстанның ішкі аудандарына тереңірек енуі және оның қазақтардың дәстүрлі
шаруашылығына әсері. Жәрмеңкелер. Қазақстанды Ресей өнеркәсібінің шикізат қорына
айналдырудың басталуы. Отаршыл әкімшіліктің салықтар мен міндеткерліктерді енгізуі. Орта
Азия хандықтарының Қазақстанның Оңтүстік аудандарына шапқыншылығы. Қоқан және
Хиуа әскерлерінің қанды жорықтары. Ішкі (Бөкей) Ордадасынғы 1836 – 1838 жылдардағы
шаруалар көтерілісі: алғышарттары, барысы. Көтерілістің жеңіліс табуы және тарихи маңызы.
Ішкі (Бөкей) Ордасының Ордадағы хандық билік жойылуы.
Тентектөре, Қаратай, Арынғазы, Саржан сұлтандардың және Жоламан Тіленішұлының
отарлық тәртіптің орнығуына қарсы бас көтерулері.
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1837-1847 жж.). Мақсаты,
негізгі кезеңдері, ауқымы мен сипаты. Көтерілістің бүкіл Қазақстан территориясын қамтуы.
Кенесары ханның қазақ мемлекеттігін қалпына келтіруге бағытталған қызметі. Кенесары
ханның Орталық Қазақстан жерінен қоныс аударуы. Кенесары хан әскерінің қоқандықтармен
соғысы. Кене ханның Бұқара және Хиуа хандықтарымен қарым-қатынасы. Кене ханның
қырғыз жеріне жорығы. Кене ханның өлімі. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық
көтерілістің тарихи маңызы.
Ұлы жүз қазақтарының Қоқандықтарға қарсы көтерілісі. Хиуа және Қоқан билігіне
қарсы Жанқожа Нұрмұхаммедұлы бастаған көтеріліс (1856-1857 жж.). Патша билігіне қарсы
Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс (1857-1858 жж.). Патшалық Ресейдің Оңтүстік
Қазақстанды жаулап алуды аяқтауды көздеген әскери қимылдары. Ресейдің Қазақстанды
жаулап алуының аяқталуы.