Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет72/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
163 
тізбектердің саны да түрлі болатыны дәлелденген. Оны біл түп 
негізінен жасалған сөзжасамдық ұяны келтіріп, ондағы туынды 
сөздің, сөзжасамдық тізбектің санының аз екенін көрсету арқылы 
дәлелдеген. Сөзжасамдық ұяның көлемінің күрделі, кең я тар 
болуы түп негіз сөздің, туынды сөздердің сөзжасамдық қабілетіне 
байланысты деп қорытқан: «Сөзжасамдық ұяның күрделілігі» 
оның құрамындағы әр сөздің сөз жасау қабілетіне байланысты. 
Олардың әрқайсысы неғұрлым сөзжасамға көбірек қатысса, 
соғұрлым сөзжасамдық ұя күрделі болады /24, - 55/. 
Бұрын тілде түбірлес сөздер бары айтылып жүрсе, монографияда 
түбірлес сөздер сөзжасамдық ұяның құрамына қатыстылығы 
анықталған. Бір сөзжасамдық ұядағы туынды сөздердің бәрінің 
құрамыда түп негіз сөздің болуы міндетті деп саналған. Бұл 
сөзжасамдық ұя туралы берілген алғашқы қысқаша мағлұмат. 
Осы монографияда сөзжасамдық тізбек туралы да біраз мағлұмат 
берілген. Алдымен сөзжасамдық тізбектің анықтамасы берілген: 
«... бір түбірден тараған, бірінен – бірі тікелей туындайтын, бірінен 
– бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы сөзжасамдық тізбек деп 
аталады» /24, -51/. Сонымен бірге сөзжасамдық тізбектің мынадай 
белгілері көрсетілген:
1) 
Сөзжасамдық тізбек негіз сөзден басталып, негізді сөзбен 
аяқталады; 
2) 
Тізбектің алғашқы мүшесінен бастап, ең соңғы мүшеге 
дейінгілердің бәрі өзінен кейінгі сөзге негіз болады; 
3) 
Сөзжасамдық бір тізбектегі бірінші және соңғы мүшеден 
басқалардың бәрі әрі негіз, әрі негізді мүше қызметін атқарады; 
4) 
Тізбектегі сөздің саны 3 – тен 6 – ға дейін жетеді; 
5) 
Бір ұяда бірнеше тізбек бола береді /24, -49 -51/. 
Сөзжасамдық ұяның құрамында сөзжасамдық типтер қызмет 
етеді. Сондықтан еңбекте сөзжасамдық тип туралы мағлұмат 
берілген. Сөзжасамдық типтің мынадай белгілері көрсетілген: 
1) 
Сөзжасамдық тип тілде жаңа сөздің қалай жасалатынын 
көрсетеді; 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
164 
2) 
Сөзжасамдық тип болу үшін негіз сөз бір сөз табынан 
болады, негіз сөзбен туынды сөздің мағыналық қатысты болады, 
сөзжасам тәсілі бір болу керек, синтетикалық тәсіл болса, бір 
жұрнақ арқылы жасалады деп санаған; 
3) 
Сөзжасамдық мағына бір тип арқылы жасаған туындыларға 
ортақ /24, -56 -58/. 
Монографияда сөзжасамдық мағына туралы мағлұмат берілген 
Сөзжасамдық мағына сөзжасамдық ұядағы туындыларға қатысты 
болып табылады. Сөзжасамдық мағына түсіндіріле келе, еңбекте 
сөзжасамдық мағынаның екі түрі көрсетілген, олар: лексикалық 
деривацаия және синтаксистік деривация.
Лексикалық деривациядан түп негіздің мағынасы мен туындының 
мағынасында үлкен айырма болады, олар бірімен – бір тең бола 
алмайды. 
Синтаксистік деривацияда түп негіз бен туындының лексикалық 
мағынасы бірдей болады, тек туынды түп негізден басқа сөз 
табына жатады. 
Синтаксистік деривацияда синтагматикалық деривацияны бөліп 
қарап, оған бірнеше түп негіз арқылы жасалған сөздерді 
жатқызған, олардың мағынасын қосынды мағына деп тапқан. 
Аналитикалық тәсілге жататын туындылардың мағынасын күрделі 
ұғымды білдіреді деп бағалаған, синтетикалық тәсіл арқылы 
жасалған туындылар дара ұғымды білдіреді деп санаған /24, -59 -
62/. 
Бұл айтылғандардан монографияда сөзжасамдық ұяға қатысты 
алғашқы мағлұматтар қысқаша берілгені анықталды. Бұл еңбекте 
сөзжасамдық ұя басқа да көптеген мәселелер тобында қаралған, ол 
сөзжасамдық ұяны арнайы зерттеген еңбек емес, сондықтан 
сөзжасамдық ұя мәселесін толық қамтымаған деген талап қоюға 
болмайды. Монографияның бұл мәселедегі маңызы оның 
сөзжасамдық ұя мәселесін алғаш көтеруінде, ғылыми айналымға 
түсіріп, оған ғалымдар назар аударуында. Осы мәселенің ғылыми 
айналымға қосылуы оның зерттелуіне жол ашты. 
1996 жылы ғалым О.Тоққожаева «Қазақ тіліндегі сөзжасамдық 
ұялар сөздігін» баспадан шығарды /44/. Бұл сөздікте бір буынды 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет