Қоғамның саяси жүйесінің басты элементі:
мемлекет –
мемлекеттік билікті жүзеге асыратын органдар жүйесі. Мемлекет –
бұл қоғамды басқаратын, оның экономикалық
және әлеуметтік
құрылымын қорғайтын саяси институт. Ол қоғам (немесе билеуші
элита) мүдделі алдымен меншік формаларын қорғайды. Антагонистік
қоғамда мемлекеттің мәні – бұл үстемдік етуші таптың диктатурасы,
ол тап өзінің мүдделеріне сәйкес қоғамның барлық жақтарын
басқаруға мүмкіндік алады.
Мемлекет құдайлық құзырмен
орнатылған деп санайтын
теократиялық концепция ең ерте концепциялардың бірі. Ертедегі
Мысырда (Египет) абыздар бірінші фараон Осирис құдай болды, ол
адамдарды барлық кәсіптерге үйретті,
мемлекет құрды, адамдарға
заңдар берді деп үйретті. Теократиялық концепция христиандық
идеологияның негізгі тармақтарының бірі болды.
Мемлекет туралы алғашқы
концепцияларды антика
философиясында
Платон және Аристотель жасады (Платон,
Аристотель философиясын қараңыз).
Жаңа заман философиясында
қоғамдық келісім концепциясы
кең таралды. Ол Т.Гоббс, Дж. Локк, Ж.Ж.Руссо және т.б. еңбектерінде
қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: