Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия


Саяси сфера Қоғамның саяси сферасы



Pdf көрінісі
бет55/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   87
Байланысты:
Философия, II бөлім. 2

Саяси сфера
Қоғамның саяси сферасы - әлеуметтік топтардың мүдделерін 
қорғайтын, қоғамды басқаратын ұжымдар мен ұйымдардың 
жиынтығы. Саяси өмірдің негізгі мәселесі – бұл билік мәселесі. Оның 
мәні:

қоғамда билік кімнің қолында?

осы билік кімдердің мүдделерін қорғайды?

қоғамды басқару қалай жүзеге асырылады?
Мемлекеттік билік үш түрге бөлінеді: заң шығарушы 
(парламент), атқарушы (үкімет және оның органдары) және сот билігі.
1. Қоғамның саяси жүйесінің 
элементтері
Мемлекет
Қоғамдық 
ұйымдар
Саяси 
партиялар
Кәсіподақтар
Басқа 
институттар
98
4.  Азаматтық қоғам  - әлеуметтік топтардың 
бірігуінің жоғары деңгейі – бұл қоғамның мүшелері 
өздерін біртұтас елдің азаматтары деп санайды
жалпы міндеттерін жете түсінеді, заңдарды, 
моральдік дәстүрлерді сыйлайды.
5. Қазіргі қоғамның даму тенденциялары
Оның (қоғ.) барынша бірыңғай, біркелкіге айналуы, 
страттар 
арасында 
қайшылықтарды, 
айырмашылықты жуып-шаю;
Құрылымның күрделенуі, страттарды микродеңгейге 
дейін – кіші топтар деп аталатынға дейін бөлшектеу


Қоғамның саяси жүйесінің басты элементі: мемлекет – 
мемлекеттік билікті жүзеге асыратын органдар жүйесі. Мемлекет – 
бұл қоғамды басқаратын, оның экономикалық және әлеуметтік 
құрылымын қорғайтын саяси институт. Ол қоғам (немесе билеуші 
элита) мүдделі алдымен меншік формаларын қорғайды. Антагонистік 
қоғамда мемлекеттің мәні – бұл үстемдік етуші таптың диктатурасы, 
ол тап өзінің мүдделеріне сәйкес қоғамның барлық жақтарын 
басқаруға мүмкіндік алады.
Мемлекет құдайлық құзырмен орнатылған деп санайтын 
теократиялық концепция ең ерте концепциялардың бірі. Ертедегі 
Мысырда (Египет) абыздар бірінші фараон Осирис құдай болды, ол 
адамдарды барлық кәсіптерге үйретті, мемлекет құрды, адамдарға 
заңдар берді деп үйретті. Теократиялық концепция христиандық 
идеологияның негізгі тармақтарының бірі болды.
Мемлекет туралы алғашқы концепцияларды антика 
философиясында Платон және Аристотель жасады (Платон, 
Аристотель философиясын қараңыз).
Жаңа заман философиясында қоғамдық келісім концепциясы 
кең таралды. Ол Т.Гоббс, Дж. Локк, Ж.Ж.Руссо және т.б. еңбектерінде 
қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет