Роберт Кийосаки



Pdf көрінісі
бет17/41
Дата16.02.2023
өлшемі1,48 Mb.
#68513
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41
Байланысты:
Бай әке, кедей әке

IV-Tарау
Үшінші сабақ
Өз ісіңізді бастаңыз
1974 жылы«Макдональдс» компаниясының негізін қалаушы Рэй
Крокты Остинде Техас университетінің менеджерлер факультетінің
бір топ студенттерімен кездесіп, сөз сөйлеуін сұрайды. Осы
студенттердің арасында, менің жақын досым Кит Канингем де болған
еді. Қызғылықты əрі тартымды əңгімеден кейін, үзіліс жарияланып,
Рэйді студенттер сыра ішуге шақырады. Бүл ұсынысты Рэй ілтипатпен
қарсы алды. Сыра іше отырып, Рэй: «Менің бизнесім не?» деп сұрақ
қойды. «Бəріде күлді,- деп Кит есіне алды. Бəріде оны қалжыңдап
отыр деп ойлады». Ешкім жауап бермеген соң, Рэй сұрағын қайта
қайталады.
- Сонымен, сендердің түсініктерін бойынша, менің бизнесім не?
Студенттер қайта күлді, дегенмен батылдау біреуі:
- Рэй, сенің бизнесін- гамбургерлер екенін кім білмейді?-деді. Рэй
мырс етті.
- Мен осындай жауапты күткенмін. Бір шама үнсіз отырды да, содан
кейін: «Мырзалар мен ханымдар, менің бизнесіме гамбургерлер
емес. Менің бизнесім- жылжымайтын мүлік». Рэй ұзақ уақыт өзінің
ой-пікірін түсіндірумен болды дейді,- Кит əңгімесін жалғастырып. Ол,
өз бизнес-жоспарының негізгі мақсаты "Макдональдс" франшизін сату
екенін жақсы білетін (арнайы белгіленген ресторанның қызмет ету
құқығы). Сонымен қатар, əр сауда нүктесінің нақтылы қай жерде
орналасқанын жатқа білетін. Жылжымайтын мүлік жəне оның
орналасу орны, əрбір ресторанның табыс факторын (себебші шартын)
айқындаушы күш екенін жақсы түсінетін.
Қазіргі кезеңде «Макдональдс компаниясы əлемдегі ең үлкен
жылжымайтын мүлік иегері, оған қарайтын жылжымайтын мүліктер
саны, католик шіркеулерінен де көп болатын. Соған қоса, бұл
компанияның қарауында Американың, сондай-ақ басқа еддердің ең
жақсы жəне көлік легі көп өтетін жолдардың түйістері, əсем
көшелердің түйіскен жерлері болатын.
Киттің айтуынша, бұл оның өмірдегі алған маңызды
сабақтарының бірі еді. Осы кезде Киттің бір өзінде 100 автожуулары
бар. Алайда оның негізгі бизнесі автожуулар орналасқан
жылжымайтын мүлік.


Алдыңғы тараудың соңында, Сіз жұрттың көпшілігінің өзінен
басқа тұлғаларға, қалай жұмыс істейтіндігі туралы схемасын
көргенсіз.
Бірінші кезекте олар компания иегерлеріне жұмыс істейді, содан
кейін мемлекетке салық төлеу үшін, ең соңында банкке, ол да үй
кепілдігі бойынша алған кредиттің проценттерін сыпырып алады.
Біздің бала кезімізде, бізде «Макдональстер» болған жоқ. Дегенмен, бай
əке Майк екеуімізге, сол Рэй Крок-тың сабағын беріп еді. Бұл бай
адамдардың үшінші құпиясы, оны былай,- деп айтуға болар еді: «Өз
бизнесіңді құр».
Қаржылық проблемалар: көбінесе халықтың өмір бойы
басқаларға жұмыс істеп, ақырында осыншама ұзақ мерзімді еңбектен
кейін, қартайғанда қолдарында ештеңе калмауларының салдарынан
туындайды.
Тағыда мың сөзге тұрарлық схема. Бұл схемада Рэй Кроктың
кеңесі айқын түрде көрсетілген.
Сіздің мамандығыңыз
Қазіргі кезеңдегі оқу жүйесі, жастардың ғылыми білімдер алып, жақсы
жұмыстарға орналасуға бағытталған. Олардың өмірлері
жоғарыда атап өткендей, сол баяғы еңбекке немесе табыстар
колонкасын (бөлігін) толтыруға зыр жүгірушілікпен өтеді. Ғылыми
бағыттағы білімді басқарғаннан кейін, олар оқу орындарына түсіп:
инженерлік, ғылыми, аспазшылық, полицейлік, суретшілік, жазушылық
жəне т.б. мамандықтарын игереді. Осындай кəсіби
біліктіліктері, оларды мемлекеттің ақша үшін жұмыс істеуші күшіне
айналдырады.
Сіздің мамандығыңызбен Сіздің бизнесіңіз əртүрлі ұғым. Менің
жұрттың көпшілігінен сұрайтыным: «Сіздің бизнесіңіз қандай?».
- Банктік,-дейді.
Сонда: «Өз банкіңіз бар ма?» деймін. «Жоқ, мен онда жұмыс
істеймін»,- деп жауап береді. Бұл мамандықпен бизнесті


айырмаушылық. Мамандығы бойынша, олар банкі қызметшілері
болуы мүмкін, дегенмен өз ісі болуы қажет.
Рэй Крок өз мамандығы мен бизнесті анық айыра білген. Оның
мамандығы қашанда өзгеріссіз басқаларға. Ол сатушы болған. Бір
кездерде, сүт коктейлінің миксерін сатумен күн көрген, одан кейін
ресторанға көшкен. Негізгі мамандығы сауда болса да, оның бизнесі
үлкен табыс əкелетін-жылжымайтын мүлік болған. Қандай
мамандыққа оқысаңыз, мамандықты алып шығасың, кулинарлықка
оқысаңыз- аспаз, заңгерлік- адвокат, машина істері болса- механик
жəне т.б.
Мұның бір проблемасы, адам өз мамандығының төңірегінен
шықпайды. Өкінішке орай, көптеген адамдар, өз істерін жүргізбейді,
оны есіне де алмайды. Олар ғұмыр бойы біреулерге жұмыс істеп, соларға
ақша жасауға көмектеседі. Адамға қаржы жағдайын нығайту
үшін, оның өз ісі болуы керек. Сіздің бизнесіңіз активтер
колонкасымен байланысты болуы қажет, керісінше табыстар
колонкасымен емес. Жоғарыда аталып өткеніндей, бірінші ереже
актив пен пассивтің айырмашылығын біліп, активтерді сатып алу
керек. Бай адамдар өз назарларын активтер колонкасына аударады, ал
қалған жұрт табыс колонкаларымен айналысады, бұл ақша үшін
жұмыс істеп, табыс табудың басқа жолдарын көрмеушілік жəне
білмеушілік деген сөз.
Сондықтан, мынандай сөздерді жиі естиміз:
«Маған көп ақша керек» немесе «Қызмет бабында қалай
көтерілем?». «Жұмыстан кейін тағы жұмыс істеймін». «Мүмкін екінші
жұмысқа бару керек шығар?». «Кəсіби біліктілікті көтеріп, жақсы
жұмыс іздеу керек» немесе «Екі аптадан кейін басқа жұмысқа кетем,
себебі: мен жалақысы көп жұмыс таптым» жəне тағы сол сияқтылар.
Көпшілікке бұлар дұрыс болып көрінуі мүмкін.
Егерде Рэй Кроктың сезіне құлақ түрсек, мұндай пиғылдарды
айтатындар, өз істері жоқ адамдар. Мұндай ойлар табыс колонкасына
ғана бағытталған, ал адамға каржылық жағдайын жақсарту үшін,
ақшаны таза пайда əкелетін активтер сатып алуға жұмсағаны жөн.
Кедей жəне орта класс өкілдерінің қаржы мəселелеріне келгенде
консервативтік көзқарастарда болуы (мен тəуекелге бара алмаймын
деушілік) оларда қаржы базасының жоқтығы. Сондықтан, олар өз
жұмыстарынан айырылып қалмауға тырысып, қатерлі жағдайдан
аулақ жүреді.
Жұмыстан жаппай қысқартушылық дағдыға айналғанда, миллиондаған
жұмыс істеуші адамдар үшін, ең жақсы капиталдық
салым деп, есептеп жүрген үйлері бұлардың титығына жететін үлкен
шығын көзіне айналған. Үйді ұстау үшін, оларға ай сайын үлкен


қаржы қажет етеді. Екінші оңтайлы «капиталдық» салым деп
есептейтін машинаның да жағдайы осындай. Бір кезде 1000 доллар
тұратын гольф таяғына енді ешкімде қарамайды.
Адамға тұрақты жұмыстан басқа, тірек жоқ. Жұрттың
көпшілігінің ұлымды «капиталдық» салым, деп есептеп жүргендері,
қаржы дағдарысында түкке де жарамайды. Біздің көпшілігімізге, үй
немесе машина сатып алу үшін, банктен кредит алуға арыз жазуға
тура келетіндігі туралы ойлаймын. Мұның бір қызық жері: банкте
«Міндет орындалғаннан кейінгі, мүліктің құны», деген есебінде не деп
жазылатындығы еді. Бұл жағдай банкі қызметкерлері мен
бухгалтерлерінің нені актив деп есептейтіндіктерін көруге
мүмкіншілік береді. Бір кезде мен банктен сауда алғым келді, бірақ
менің каржылық жағдайым оншалықты сенімді болып көрінбеп еді.
Сондықтан, мен активтер колонкасына (бөлігіне) өзімнің құнды
заттарымды қостым (телевизор, стерожүйесін, кітаптарды, қолөнер
коллекциясын, қол сағатын, киімдер, аяқ киімдер жəне т.б.)
Алайда, маған сауда берілмеді, себебі менде жылжымайтын
мүлікке салынған ақша көп, деп есептеді. Менің көп пəтерлі
үйлерімнің үлкен табыс əкелетіндігі комиссия мүшелеріне ұнамады.
Олар менде неге тұрақты жұмыс жəне жалақы жоқ екенін білгілері
келді. Менің мүліктерім оларға ешқандай да əсер еткен жоқ жəне
есепке алынған жоқ. Сөйтіп, кей уақытта «стандартқа» сəйкес
келмейтіндерге жеңіл тимейді.
Кейбіреулердің: «Менің мүлкім миллион доллар тұрады немесе
тағыда сондай тұрады...» дегендерін естігенімде, денем түршігеді. Осы
ат басқаларға цифрлардың дəл еместігінің негізгі себебтерінің бірі Сіз,
өз мүліктеріңізді сата бастағаныңызда, салық төлеуге міндеттісіз.
Сондықтан, адамдардың табыстары кеміп, қаржылық қиындықтарға
ұшырайды. Ақша қажет болғандықтан, өздерінің капиталдық
мүліктерін (салымдарын) сата бастайды. Егерде, Сіз мүлкіңізді баланс
есебінде көрсетілген көлемнен артық сатып, пайда тапсаңыз, бұған
салық салынады. Осылай Үкімет ақшаның бұл бөлігін ұстап қалады,
осының салдарынан адамға қарызын қайыру біршама қиынға соғады.
Міне, сондықтан мен: «Сіздің «құнды» мүлкіңіздің құны Сіз
ойлағаннан көп кем», -дейтінім сол.
Өз ісіңізді бастаңыз. Ол үшін істеп жүрген жұмысыңызды тастау
міндетті емес. Нақтылы активтерді сатып алуды бастаңыз, ал
пассивтер, əсіресе жеке мүліктер сатып алынған сəтінен бастап-ақ
құнын жоғалта бастайды.
Мысалы, сатып алған жаңа машина, автотұрақтан алып шыққан
сəтінен бастап, алғашқы құнының 25 процентін жоғалтады. Банк басқа
пікірде болсада, мұны капиталдық салым деуге болмайды. Менің 400
долларлық титанды моторым, орнынан қозғалған кезден бастап, бағасы


150 долларға дейін түсті. Егер, Сіз ересек адам болсаңыз, өзіңіздің
шығындарыңызды көбейтпеңіз, пассивтерді азайтыңыз жəне
нақтылы активтердің іргетасын құруға тырысыңыз. Егерде, Сіз əлі жас
болып, ата-анаңызбен тұрсаңыз, олар Сізді актив пен пассивтің
айырмашылығын білуге үйретсе, ол өте жақсы.
Мысалы, активтер колонкасын (бөлігін) балалар өсіп, үйленіп, өз
отбастарын құрып, бала- шағалы болып, қарызға белшелерінен
батқанға дейін күтпей, құруға болады. Өкінішке орай, көпшілігінде
жас жұбайлар, жұмыс істемей-ақ жатып, өмірбақи қиын жағдайларға
кезігумен болады. Көптеген ата-аналар соңғы баласы отау тігіп, үйден
кеткен сəтінен бастап, кəрілікке əлсіз дайындалғандарын сезіп, ақша
жинай бастайды. Осы кезде, олардың өз ата-аналары ауыра бастайды,
сөйтіп бұларда тағыда шығындар арта түседі. Сонымен, мен Сізге
немесе балаларыңызға қандай активтерді сатып алуға кеңес берер
едім?
Мен өмір сүріп отырған ортада, нақтылы активтер бірнеше
категорияға бөлінеді:
1. Бизнес иесінің қатынасуын қажет етпейтін түрі. Ол маған
қарайды, бірақ оны басқа адамдар басқарады. Егерде, мен онда жұмыс
істеуге мəжбүр болсам- ол бизнес емес. Ол менің жұмысым.
2.Акциялар.
3.Облигацнялар.
4.Өзара қорлар.
5.Табыс əкелетін жылжымайтын мүлік.
6.Векселдер жəне қарыздар колхаттары.
7.Шығармашылық қаламақылары: музыка, кітаптар, сценарийлер,
латенттер.
8. Басқа құнды пайда əкелетін, бағасы тез өсетін жəне тез
сатылатын кез келген меншік.
Менің кішкентай кезімде, оқымысты əкем, маған түбінде тұрақты
жұмыс тауып алуыма кеңес беретін. Ал бай əке, өзіңе ұнайтын
активтерді сатып ал,деп ақыл айтатын. «Өзіңе ұнамайтынды, сен
істемейсің».
Мен қозғалмайтын мүлікті жəне жерді сатып алушылығым, олар
маған өте ұнайды.


Сондықтан, жылжымайтын мүлікті іздеп, сатып алуды жақсы
көремін. Мұнымен күні- түні айналысуға бармын. Егерде кейбір
проблемалар туындаса, олар менің жылжымайтын мүлікке деген
құштарлығымды жоятындай күрделі емес. Егерде Сіздің көңіліңіз
жылжымайтын мүлікті каламаса, онымен айналыспаңыз.
Маған кішігірім, өз жұмыстарын жаңа бастап жатқан
Компаниялардың акциялары ұнайды.
Істің мəні мынада:
мен корпорация мүшесі емеспін, бірақ іштей кəсіпкермін. Маған,
мысалы Калифорниядағы «Стандарт Ойл» компаниясында «Кегог»
корпорациясында жұмыс істеуге, сонымен қатар əскерде кызмет
етуіме тура келді. Бұл маған өте ұнайтын сондықтан оларды
сыйластық сезіммен есіме түсіремін.
Алайда, ойымның ең терең түкпірінде жатқан сезімім бойынша, үлкен
компанияларды жақсы көрмеймін. Маған бизнесті басқару емес, оны бастау
ұнайды. Содан барып, мен кіші компаниялардың
акцияларын жиі сатып алам, ал кей уақытта оларды өзімде құрам.
Мұнда үлкен табыс табуға болады жəне бұл ойынды мен өте
ұнатамын. Жұрттың көпшілігі мұндай тəуекелшілдіктен қорқады. Бұл
шындығында да қауіпті. Егерде, Сізге бұл іс ұнаса жəне оған ақша
салып, не істейтіндігіңізді айқын білсеңіз, қатер азаяды. Менің кіші
компанияларға инвестиция салу стратегиям- ол мүмкіншіліктерді
сарқа пайдалану. Қозғалмайтын Мүлікті қолға басқаларға
таратарымда, ең кіші көлемдегі сомадан бастаймын, содан əрі оны
біртіндеп өсіре бастаймын, арзанын қымбатқа айырбастаймын, ол таза
пайда үшін, салық төлеуден босатады. Бұл жағдай таза пайданың
шапшаң өсуіне ықпал етеді. Жылжымайтын мүлікті 7 жылдан артық
ұстамаймын.
Мен көп жылдар бойы əскерде қызмет етіп, «Кегог»
компаниясында жұмыс істеп жүргенімде де, бай əкемнің кеңестеріне
жүгінетінмін. Мен жұмысымды тастаған жоқпын, бірақ өзімнің жеке
бизнесім болатын. Мен активтер колонкасында(бөлігінде) белсенді
қимыл жасадым. Жылжымайтын мүліктер жəне ұсақ акциялар
саудасымен айналыстым. Бай əке адамның қаржы сауаттылығы
жөнінде үнемі айтатын. Бухгалтерлік есепті жəне қаржының
ерекшеліктерін толық білу, маған инвестицияларды терең талдауға, ең
соңында өз компаниямды құруға мүмкіншілік беретін. Мен ешкімге
де, егер өзі қаламаса, компания деп айтпаған болар едім. Осының
барлығының не екенін білгендіктен, мен ешкімге ешуақытта кеңес
бермеген едім. Əрине, адам жұмыс таба алмауы мүмкін. Сол уақытта
өз компаниясы, оған өмір сүру көзі болады. Бірақ, табысқа жету оңай
емес.. Бес жылдың ішінде, 10 компанияның 9-ы құлайды. Бес жылдан
кейін аяғынан тұрып кешендерінің ішіндегі онының, тоғызы


банкротқа ұшырайды. Міне, сондықтан осындай жағдайлардан кейін,
компания ұстауды тек қана барлық ынта- жігерімен, өзін осыған сарп
еткен адамға ғана кеңес берген болар едім. Керісінше жағдайларда,
жұмысты тастамай, сонымен қатар өз ісіңнің болғаны дұрыс.
Мен, өз ісін болсын дегенде, айтарым: активтер колонкасын
(бөлігін) тұрақтандарып, өсіру деген сөз, Егерде оған 1 доллар түссе,
оның ешуақытта жоғалып кетпеуін қадағалаңыз. Оны өз
жұмыскеріңіз, деп есептеңіз. Ақшаның ең жоғарғы қасиеті- ол
сөткенің 24 сағат бойы, ұрпақтан ұрпаққа дейін еш тоқтаусыз жұмыс
істейді. Қалыпты жағдайда, керек болса одан да екпінді
жұмысыңызды істей беріңіз, бірақ өз активтер колонкаңызды (бөлігін)
ұмытпаңыз. Сөйтіп, ақша түсімі өскен сайын, өзіңізге керекті
заттарды, мүліктерді сатып алуға жағдайыңыз келеді.
Бай адамдар бір нəрселерді ең соңында сатып алады (бұл
олардың маңызды ерекшеліктері), ал кедейлер мен орта клас өкілдері-
бірінші болып.
Олар бай болып көріну үшін, зəулім үйлерді, асыл заттарды, яхталарды,
қымбат тондарды жəне т.б. сатып ала бастайды. Олар
бұған тырысумен болады, бірақ шындығында белшесінен қарызда
болады. Ал байлар алдымен тұрақты активтер колонкасын (бөлігін)
құрайды.
Осыдан түскен табыс өскеннен кейін ғана, байлығын ерекше
көрсете алатын салтанатты заттар мен мүліктерді сатып ала бастайды.
Кедей жəне орта класс өкілдері бұларды үлкен тер төгушілікпен сатып
алады.
Шын салтанат көзі- ол өз ақшаңды нактылы активке салып, көбейтіп
табыс табушылық. Мысалы, біз əйеліміз екеуіміз, өзіміздің
көп пəтерлі үйімізден түскен ақшамызды басқаларға да, əйелім өзіне
«Мерседес» машинасын сатып алды. Бұл бізді қиындыққа немесе бір
қатерге соқтырған жоқ, себебі; ақшаны жылжымайтын мүлік- үй
берді. Əрине, оның жылжымайтын мүлікке салған инвестициясы өсіп,
таза пайда келтіргенше, оған 4 жыл күтуге тура келді. Дегенмен, бұл
əйелімнің актив колонкаларын (бөлігін) қалай көтеру керектігін
дəлелдей білгендігінін белгісі- салтанатты зат түріндегі сыйы еді. Бұл
қаржылық тапқырлықты ұтымды пайдаланудың үлгісі. Жұрттың
көпшілігі импульстің ықпалымен жаңа машинаны немесе басқа
заттарды банкіден кредит алып сатып алады. Осындай тəсілмен
басқаларға салтанатты дүние адамға қуаныш əкелмейді.
қарыздан құтылғанша бей- берекеті кетеді. Міне, енді Сіз ерінбей
инвестиция салып, өз ісіңізді құрдыңыз, тағы бір сиқырлы рецепті
пайдалануға даярсыз- ол байлардың ең үлкен қүпиясы. Осы құпияның
нəтижесінде байлар соншалықты бай. Бұл, Сіздің өзіңіздің жан-жақты


ойласып, үлкен шыдамдылықпен құрған бизнесіңіздің соңында күтіп
тұрған сыйыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет