Оқымысты əкенің қаржылық есебі.
Бай əкемнің қаржылық есебі, екінші жағынан, адамның
ғұмыр бойы ақшаны салумен айналысып жəне пассивтен төменгі
жағдайға жеткізу арқылы, қандай дəрежеге жетуін көрсетеді.
Бай əкенің қаржылық есебі
Міне сондықтан байлар одан сайын бай болады. Актив
колонкасы көп табыстарды жинақтайды, оның көлемі
шығындарды жабуға кеткен ақшалардан көп артық, басқаларға
айырмашылығы қайтадан активке түседі, актив колонкасы өседі.
Нəтижесінде байлар одан əрі байый түседі.
Байлар неге бай бола түседі
Орта класс өкілдері үнемі қаржылық қиындықтарымен күресуде
болады. Олардың табыс көзі- еңбекақы. Еңбекақысы өскенде салықта
өседі. Ал шығындарының өсу тенденциясы , еңбекақы өсуімен тікелей
байланысты.Осыдан барып оны «егеуқұйрық жүгірісі» дейді.Олар
қайткенде ақшаны пайда əкелетін нақтылы активтерге салуға тиісті
болса да, үйді өздерінің негізгі активі, деп есептейді.
Орта класс өкілдері неліктен қаржы зардаптарын шегеді
Үйді капиталдық салым деп есептеушілік схемасы, еңбекақы
көтерілгенде бұдан да үлкен үй сатып алуға немесе одан да жоғары
шығынға жол берушілік: осылай қалыптасқан өміршең қағида,
қарызбен өмір сүретін казіргі қоғамның негізі.
Шығындардың үнемі өсуі, отбасыларына қайтадан жаңа
кредиттер алуға мəжбүр етеді. Қызмет бабында жоғары көтеріліп жəне
тұрақты еңбекақысына қосымша төлемдер алып отырса да, олардың
қаржылық жағдайы мүшкіл жағдайда қала береді.
Бұл қауіпті ахуал, ал оның себебі: жеткілікті қаржылық білімнің
жоқтығында.
1990 жылдардағы жаппай қысқартушылық, орта класс
өкілдерінің жағдайларының қаншалықты тұрақсыз екенін көрсетті.
Компаниялардың аяқ астынан зейнетақы жоспарлары өзгерді.
Əлеуметтік қорғау қорларының да жағдайлары мəз емес, оларға
сенім артуға болмайды. Орта класс өкілдерін үрей биледі.
Шүкір, қазіргі кезде, жұрттың көпшілігі не болып жатқанын
түсінеді, сөйтіп өзара қорлардың акцияларын сатып алады.
Мұндай инвестицияның өсуі- биржада құнды қағаздардың
көтерілуінің негізгі себебтерінің бірі. Орта класс өкілдерінің
сұранымдарын қанағаттандыру мақсатында тағы жаңа өзара қорлар
құрылуда. Өзара қорлардың кең таралуы, олардың сенімділігі.
Бұлардың акцияларын, негізгі сатып алушылар: жұмыстан, салық
қарыздарын төлеуден жəне балаларын оқыту үшін, ақша жинаудан
басқаға қолдары тимейтіндер жəне оны білмейтіндер. Олардың
инвестиция салуға уақыттары жоқ, сондықтан түбегейлі өзара қор
басшысының тəжірбиесіне сенеді.
Сонымен қатар өзара қор, инвестициялардың əртүрлі түрлерін
біріктіреді, сондықтан салушылар ақшамыз жоғалмайды, деп
есептейді. Себебі: инвестициялар əртүрлі кəсіпорын түрлеріне
салынған яғни «диверсификацияландырылған".
Бұл сауатты орта класс өкілдері, өзара қорлардың брокерлеpi жəне
қаржы жоспарлаушыларының құрған «инвестицияларды
диверсификациялау» догмасын қолдайды. Тəуекелдіктің қажеті жоқ.
Сақтықпен қимылдау керек. Алайда, мұның басты қасіреті ол
қаржылық сауатсыздық, ал- бұл қатердің ең үлкені.
Олар тəуекелділікке бара алмайды, себебі: қаржы жағдайлары
əлсіз. Баланстық есептері теңестірілмеген. Пассивтері өте көп, табыс
əкелетін нақтылы активтері жоқ. Жалғыз табыс көзі, ол тек қана
еңбекақы. Олардың өмірі толығымен жұмыс берушіге тəуелді. Сөйтіп,
"жалғыз мүмкіншіліктің" өзін пайдалана алмайды. Сондықтан, олар
қауіпті ахуалдардан қашқақтап жүруге мəжбүр, себебі: өте көп жұмыс
істейді, үлкен салықтарын төлеп, қарыздарын өтеумен болады.
Мен осы тараудың басыңда айтқанымдай, ең басты ереже актив
пен пассивтің айырмашылығын білу. Осыны игерген соң, барлық
назарыңызды, ақша түсіретін мүмкіншілігі бар активтерді сатып
алыңыз. Бұл байудың ең жақсы жолы. Осы тəртіппен қимылдай
берсеңіз, актив колонкасы (бөлігі) өсе түседі. Пассив пен шығындарды
азайтуға тырысыңыз. Бұл біршама ақшаны үнемдеп, оны қайта
активтерге салуға мүмкіндік береді. Біраздан соң актив табыстарының
өскені соншалық. Сіз күрделі инвестиция жүргізе бастауға шамаңыз
келеді. Инвестициялар 100 проценттен шексіздікке дейін пайда
келтіруі мүмкін. Мысалы, 5 мың долларлық инвестиция миллион
немесе одан да көп сомаға айналуы мүмкін. Бірақ, мұндай
инвестицияны орта класс өкілдері «өте қауіпті», деп есептейді.
Дегенмен, инвестиция қауіпті емес.
Қорқақтық бұл қаржылы қсауатсыздықтың салдарынан туатын,
қаржылық тапқырлықтың кемшілігі.
Егер Сіз көпшіліктің істейтіндігін қайталағыңыз келсе, онда
Сізде мыналар пайда болады:
Қызметкер жəне үй иеленуші ретінде, Сіз мыналарға жұмыс
істейсіз:
1. Басқа біреуге. Ақша үшін жұмыс істеушілердің көпшілігі, компания
иесін жəне акция ұстаушыларды байыта түседі. Сіздің
еңбегіңізбен, табысыңыз қожайынның гүлденуіне ықпал етеді.
2. Мемлекетке. Мемлекет Сізден ақшаны, колыңызға жалақыныз
тигенге дейін сыпырып алады. Табысыңыз көбейе бастаса, салық өсе
түседі. Сөйтіп, жұрттың көпшілігі орта есеппен, қаңтардан-мамырға
дейін Үкіметке тегін жұмыс істейді.
3. Банкке. Салықтан кейіні шығынның ең үлкен бабы (статьясы); ол
үйді кепілдікке қойып, алған кредитті жəне кредит карточкалары
бойынша қарыздарды төлеу.
Проблема мынада. Сіз сонша көп жұмыс істеп, тапқан
табысыңыздың үлкен бөлігі, негізінен осы үш бағытқа кетеді. Сізге өз
жұмысыңызды өзіңізге жəне отбасыңызға пайда келтіретіндей етіп
қолдануды үйренуіңіз қажет.
Егерде Сіз, өз ісіңізбен шұғылдануға шешім қабылдағаныңызда,
алдыңызға қандай мақсат қоясыз?
Жұрттың көпшілігі жұмысты тастамай, еңбекақыға біртіндеп
активтер сатып алуды қолдайды. Активтердің қаншалықты тиімді
өскенін қалай анықтауға болады? Адамға бай болғандығы жөнінде
қашан белгілі болады?
Мен өзімнің анықтамаларымды активтер жəне пассивтерге ғана
емес, сонымен бірге байлыққа да берем. Бұларды мен Бакминстр
Фуллер деген кісіден алдым. Біреулер оны ақымақ десе, екіншілері
дана дейді.
Ол осыдан көп жылдар бұрын, яғни 1961 жылы «геоцезиялық
мұнара» дегенді ойлап табыңдар,- деп тапсырыс жасап, барлық
архитекторлар қоғамдарына ылаң салған адам. Тапсырыстың ішінде
əрине,байлық жөнінде де, ой болатын. Алғашқы кезде бұл маған
қызықты сияқты көрінді, соңынан бəрі де өз орындарына түсті.
Байлық адамның бір шама уақыт жұмыссыз күн көру
қаблеттілігі. Яғни, егер мен жұмыс істемесем, қанша уақыт өмір сүре
алам? Осындай анықтама бойынша, адамның қаншалықты бай екенін
жəне оның қаржылық тəуелсіздігін біршама дəлдікпен айтуға
мүмкіндік береді.
Байлық- шығындарды шегеріп тастағаннан кейін, актив
колонкасынан (бөлігінен) түсетін ақша көлемі.
Мұны мысал түрінде қарайық. Актив колонкасынан (бөлігінен) түскен
менің таза пайдам айына 1 мың доллар, -деп есептейік. Ал
менің шығыным 2 мың долларды құрайды. Сонда менің байлығым
қандай?
Бакминстер Фуллердің анықтауына оралайық. Мен неше күн
өмір сүре алам? Егерде 1 айда 30 күн бар, деп есептесек, менің ақшам
жарты айға ғана жетеді. Егерде менің активтерім айына 2 мың доллар
түсірсе, мен бай бола бастаймын.
Енді менің айлық шығындарымды, активтен түскен табыстар
жауып отырады. Егерде мен өз шығындарымды өсіретін болсам,
активтен түсетін ақшаны көбейтуім керек. Назар аударыңыз бұл кезде, мен
жалақыға тəуелді емеспін. Мен барлық ынтамды активтер
колонкасын (бөлігін) құруға бағыттадьм, ол мені қаржылық
тəуелсіздікке жеткізді.
Мысалы, мен бүгіннен бастап жұмыс істеуімді тоқтатсам, активтер
менің барлық шығындарымды жабуды қамтамасыз етеді.
Келесі менің мақсатым: артылған ақшаны инвестиция ретінде
тағы да активке салу болады. Ақша бұл колонкаға (бөлігіне) неғұрлым
көп түссе, ол солғұрлым арта түседі. Актив көбейген сайын, менде
ақша да көбейе түседі. Мен əзірше, өз шығындарымды активтен
түсетін табыстардан көп кем ұстаймын, сөйтіп менің жұмысыммен
байланысты емес табыс көздері арқылы ақша тауып, байи бастаймын.
Осындай тұрақты инвестиция жүргізу нағыз байлықтың кепілдігі. Ал,
байлықтың не екенін, əркім өзі үшін анықтасын. Көп ақша ешуақытта
болмайды. Мына қарапайым ережелерді естеріңде сақтаңдар. Бай
адамдар активтерді сатып алады.
Кедейлерде тек қана шығындар болады.
Орта класс өкілдері пассивті сатып алады, себебі: оны актив, деп
есептейді.
Сонымен, не істеу керек? Өз ісіңді қалай бастауға болады?
«Макдональдс негізін қалаушы не айтар екен, соны тыңдаңыз.
|