Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның



Pdf көрінісі
бет33/42
Дата03.03.2017
өлшемі2,34 Mb.
#6131
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42

III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
барлық  ғылымдардың  біршама  жүйелі  қалпының  орнығуына 
өткен  онжылдықтардағы  алдыңғы  буынның  қажырлы  да  шы-
найы еңбегі жатқанын ескеруіміз қажет.
Ғылыми  танымның  нақты  әдістемесін  қалыптастыру  да  өте 
күрделі  мәселелердің  қатарына  жатады.  Өйткені,  кез  келген 
нақты  ғылыми  зерттеу  белгілі  түбінде  бір  нақты  нәтижелерге 
қол  жеткізуге  тиісті.  Міне  осы  мағынада  төмендегі  жұмыстар 
мамандарға үлкен көмегін тиігізді деуге болады: Генезис категори-
ального аппарата науки. – Алма-Ата: Наука, 1990. – 320 с.; Логико-
гносеологический анализ науки. – Алма-Ата: Гылым, 1996. – 368 с.; 
Методы научного познания. – Алматы: Гылым, 1996. – 160 с. 
Қазіргі  ғылымның  дүниетанымдық  бағдары  мәселесі  өте 
маңызды  қырларға  жататыны  белгілі.  Ғылымның  үйлесімді  да-
муы  үшін  оның  негізін  анықтайтын  базалық  ұстанымдар  мен 
бағдарлар болуы тиіс. Міне осындай платформаның рөлін қазіргі 
ғылымның объективтілік, рационалділік және себептілік сияқты 
парадигмалары  орындайды.  Компьютерлік  революцияның 
іргетасына  сүйенген  заманауи  технократиялық  дүниетаным 
өзінше құбылыс ретінде терең философиялық зерделеуді қажет 
ете бастады. Сондықтан кейбір авторлар осы құбылыстың әртүрлі 
қырларын барынша ыждағаттылықпен зерттеумен айналыса ба-
стады. Сонымен қатар ғылым мен басқа әлеуметтік институттар 
арасында  өзара  байланыстар  мен  салыстырмалы  талдаулар  да 
жүргізіле  бастады.  Мәселен,  өнермен,  дінмен  және  моральмен 
ғылымды салыстыра қарастыру ғылыми талдаулардың негізгі ны-
санына айналды. 
Өткен  ғасыдың  90-жылдардың  басында  Кеңес  Үкіметі  ыды-
рап,  бұрынғы  дүниетанымдық  ұстанымдар  үлкен  өзгеріске 
ұшырап  жатқан  кезеңде  көптеген  ұғымдарға,  гуманитарлық 
білім  саласындағы  феномендерге  жаңаша  пайымдаулар  жа-
сала  бастағанын  атап  өтуге  болады.  Міне,  осы  тарихи  кезеңде 
ғылым  философиясы  ұлттық  мәдениеттің,  әлемді  ұлттық  ру-
хани  игерудің,  ерекше  ұлттық  образдарды  қалыптастырудың 
заңдылықтарын  жаңаша  философиялық  сипатта  зерделеудің 
үлгілерін ұсынып, ерекше бағамдаудың көріністерін танытты. 
Кәсіби  философтардың  еңбегі  арқылы  философиялық 
теориялар  түрінде  қалыптасқан  барынша  мықты  ғылыми-
танымдық әлеует енді ғылым мәселесінің әртүрлі аспектілеріне 
әлеуметтік-мәдени қырларына қарай бет бұрды. Мамандар жаңа 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
306
мәселелердің шешімін соны әдістермен іздеуге кірісті. Демек, бұл 
үдерістер жаңа заман туындатқан және өзектендірген мәселелер 
қатарына  жатады  және  осы  объективті  жағдайлар  арқылы  өзі 
қажет еткен ізденістер саласындағы бетбұрыстар жүріп отырды. 
Мәселен, Изотов М.З. Социально-культурные детерминанты ин-
теграции  современной  науки.  –  Алматы:  Контакт,  1993.  –  147  с. 
және  Нысанбаев  А.Н.,  Косиченко  А.Г.,  Кадыржанов  Р.К.  Фило-
софский  анализ  науки  в  контексте  социокультурной  трансфор-
мации  общества.  –  Алматы,  1995.  сияқты  еңбектердің  мазмұны 
осы бағытты ұстанғанын атап өтуге болады.
КСРО  мемлекеті  ыдырағаннан  кейін,  қазіргі  ғылымның 
дүниетанымдық келелі мәселелері арнасында, ғылым философи-
ясы және әдіснамасы бойынша жарық көрген бұрынғы отандық 
әдебиетте тіпті қарастырылмаған жаңа проблемалар бой көтере 
бастады. Жеке алғанда, бұл ұлттық мәдениет аясындағы ғылымның 
келелі мәселелері, оның ұлттық кейіптері, т. б. еді. Осы уақыттан 
былай Қазақстандағы ғылым философиясы және әдіснамасы да-
муында үшінші кезең басталды деп айттық қой (90-жылдар), ол 
ғылымды маркстік талдау шеңберінен шығуымен және әлеуметтік-
гуманитарлық  ғылымдар  –  әлеуметтанудың,  саясаттанудың, 
психологияның, педагогиканың, мәдениеттанудың, әдіснамалық 
проблемаларын  өзара  байланыста  зерттелуімен  сипатталады. 
Қазақстанда  қалыптаса  бастаған  әлеуметтік-мәдени  және  саяси 
ахуалдың,  ғылыми  қауымдастықты,  тұтас  алғанда  ғылыми  ин-
ститутты  реформалау,  оның  өтпелі  кезеңде  нарық  жағдайына 
бейімделу процесін ғылыми-аналитикалық талдау және болжау 
жүргізіле бастады. 
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялау тұсында 
Философия  және  құқық  институтында  диалектикалық  ойлау 
теориясы,  ғылым  әдіснамасы,  фарабитану  бағыттары  бойын-
ша  ауқымды  зерттеулер  атқарылған  болатын.  Дүниетанымдық 
және  әдіснамалық  бағдарлауды  күрт  өзгерту,  тар  ауқымды 
таптық  ұстанымдардан  бас  тартып,  жалпыадамзаттық 
құндылықтар  мен  Шығыстың  рухани-мәдени  мұрасын  игеру-
ге  бет  бұру  қажеттіліктері  туды.  Алғы  шепке  қазақ  және  түрік 
философиясының өзіне тән мәдени-тарихи ерекшеліктерін сезіну, 
оның мәртебесін әлемдік мәдени кеңістікке пайымдау мәселелері 
шықты.  Жаңа  тарихи  кезеңде  қазақстандық  философияның 
қоғамның  жаңаруы  мен  өзгеруі  процестерін  талдауға  ат  салы-

307 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
су  қажеттілігі  бой  көтерді.  Бұл  мәселелерді  шешу  үшін,  әрі 
нарықтық  жағдайда  ғылымды  өз  бетінше  қаржыландыру  көзін 
таба  білу  қажеттілігі  туындағандықтан  күн  тәртібіне  ғылыми 
мекеме  сипатының  өзі,  ғылыми  қызметтің  стилі  мен  рухының 
өзгеруі қойылды.
Жаңа  буын  басшылардың  белсенділігі  арқасында  Филосо-
фия институты қазіргі заманғы білікті ғылыми мекемеге айнал-
ды.  Институттың  құрылымы  өзгерді,  зерттеулердің  жаңа,  ба-
сым бағыттары айқындалды, дүниетанымдық және әдіснамалық 
қайта  бағдарлану  жүзеге  асты.  Институт  ғылыми  болжамдар 
мен үлгілерді ұсынатын теоретик-әдіснамашы ғалымдарды, осы 
үлгілерге сәйкес әлеуметтанулық және саясаттанулық зерттеулер 
жүргізетін әлеуметтанушыларды және бір мақсатты салыстырма-
лы талдау мен ұзақ мерзімді болжау жасайтын саясаттанушылар-
ды біріктіре отырып халықаралық сипаттағы көп салалы ғылыми 
мекемеге  айналды.  Қазақстандық  философияның  дамуындағы 
жаңа кезеңнің теориялық жете зерттеулері, ең алдымен, табиғатты 
игерумен  қатар  жаңа  гуманистік  дүниетанымдық  бағдарларды 
іздеумен  сипатталады.  Жаңа  заманның  жаңа  философиясы  са-
яси басымдылықтардан  гөрі,  негізінен,  және  тікелей әлеуметтік 
прогресс адами руханилықтың қалыптасуы мәселесімен астасып 
жататындығы біршама ашық деңгейде көрсетіле бастады.
Диалектика  теориясы  бойынша  зерттеулерде  Батыстың 
қазіргі заманғы философиясы мен психологиясына арқа сүйеуге 
ұмтылыс  нышандары  байқалады.  Мұнымен  бірге,  әрине,  біз 
Шығыс  философиясы  мен  ғылым  әдіснамасының  табыстарын 
естен  шығармауымыз  керек  екендігі  тұжырыдалды.  Сондай-ақ, 
орта дәрежелі қазақстандық азаматтың қазіргі, өтпелі жағдайдағы 
тіршілігінің 
дүниетанымдық 
ұстанымдарын 
негіздеуге 
бағытталған  айқын  ұмтылыс  байқалады.  Ғылым  философия-
сы  және  әдіснамасының  жаңа  жағдайда  өмір  сүруінің  ең  басты 
салдарларының бірі – оның жаңа мазмұнмен баюы. Егер бұған 
дейін  ғылыми  танымның  жеке  салаларының  философиялық 
мәселелері  зерттелініп  келсе,  ендігі  жерде  басымдық  ғылым 
мен білімнің әлеуметтік-мәдени және дүниетанымдық негіздері 
айқындалып, олардың өзара бірліктегі дамуының заңдылықтары 
ғалымдар арасында ашық талдауға түсті [5].
Қазақстандық философтар мен ғылым әдіснамашыларының 
алдында тұрған ең басты міндет – Шығыс пен Батыс мәдениеттері 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
308
сұхбаты аясындағы әлемдік және қазақстандық философия бой-
ынша зерттеулерді өрістету деп танылынды. Сонымен қатар 1997-
2003 жылдар арасында түбірінен жаңа тәуелсіз Қазақ елінің эн-
циклопедиясын жасалғанда да осы әдіснама жетекші мамандарға 
көмегін  тигізіді.  Академик  Ә.  Нысанбаев  бас  редакторы  болып 
тұрған  шақта  «Қазақстан»  ұлттық  энциклопедиясының  сапалы 
деңгейде  жарық  көруі  де  Отанымыз  тәуелсіздік  алғанға  дейінгі 
еліміздегі кәсіби философиялық мектептің қалыптасуымен және 
оның сапалы дамуымен астасып жатқанын атап өткен жөн.
Бұл  бағыт  қоғамның  рухани  дамуының  қазіргі  келелі 
мәселелерін  жете  зерттеуді,  осы  күнгі  әлеуметтік  шындықтың 
дүниетанымдық негіздерін, Шығыс пен Батыста қалыптасқан және 
қазақ халқының рухани мәдениетінде өз бетінше түсінілуін тапқан 
философиямен шұғылданудың тарихи үлгілерін тереңдете талдау-
ды талап етеді. Бәлкім, ғылым, мәдениет, ақпарат, әлеуметтік тәртіп 
саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамалық негіздерін 
жасап шығару мақсатында, өтпелі кезеңнің негізгі даму беталыста-
ры мен қайшылықтарының мәнін осындай интегративтік жағынан 
қарастыру арқылы ашу керек шығар.
Шығыс пен Батыс сұхбаты аясындағы қазақстандық қоғамды 
өзгерту  және  жаңғырту  –  біздің  әлеуметтік-философиялық 
зерттеулеріміздегі  ең  маңызды  әрі  басым  мезеттерінің  бірі.  Са-
яси  және  әлеуметтік-философиялық  салалардағы  өзгерістер 
қарқыны,  бұқаралық  жеке  сананы  түбегейлі  өзгерту  –  біздің 
әртүрлі  сұрақтарға  жауапты  батыстық  және  шығыстық 
дүниетанымдардан,  олардың  танымдық  сұлбасының  шекара-
сынан  іздеуімізге  алып  келді,  бұл  Қазақстанның  қазіргі  тарихи 
кезеңдегі мәдени және геосаяси жағдайына сайма-сай келеді.
Осы сарында кейінірек «Шығыс және Батыс мәдениеттерінің 
өзара әсерлесуі аясындағы ғылым әдіснамасы» («Методология на-
уки в контексте взаимодействия Восточной и Западной культур», 
Алматы,  1998)  атты  ұжымдық  монография  жазылып  жарыққа 
шықты.  Онда  мәдениеттер  сұхбаты  Батыс  пен  Шығыстың 
танымдық стратегиялары үшін қызмет етуші іргелі негіз ретінде 
қарастырылады.
Философиялық  қауымдастықта  қазіргі  ғылыми  теория  мен 
ежелгі  шығыс  ілімдерінің  қатарластық  (параллельдік)  идеясы 
барған сайын негізге көбірек алынып отырды. Оның теориялық 
негізделуі,  өз  кезегінде,  дәстүрлі  шығыстық  мәдениеттерге  тән 

309 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
дүниетанымның  мазмұнын  тереңдете  зерттеуді  қажет  етеді. 
Шығыс пен Батыстағы дүниетаным мен әдіснама арақатынасының 
ерекшеліктері,  ислам  ғылымының  тұжырымдамасы,  қазіргі 
заманғы батыстың ғылым философиясындағы шығыстық сарын-
дар,  Шығыс  пен  Батыстағы  психикалық  әрекетті  зерттеу  про-
блемалары  сияқты  өзекті  мәселелердің  теориялық  қойылымын 
беруімен  және  олардың  әдеттегіден  тыс  тәсілдермен  шешуімен 
отандық  және  шетелдік  ғылыми  қауымдастықтың  үлкен 
қызығушылығын туғызды.
Батыс  –  сыртқа  бағытталған  белсенділік,  ғылымның, 
техниканың, жоғары технологиялардың дамуына бет бұрушылық. 
Шығыс  –  ішкі  рухани  тұңғиықтарға  ұмтылыс,  аңдауды  мақсат 
етіп  ұстау.  ХХ  ғасырда  әлемдік  қарым-қатынастардың  осы  екі 
үлгісінің  сұхбаты  қажет  екендігі  аса  айқын  білінді,  өйткені 
Батысқа  бағытталған  біржақты  бағдарлану,  техникалық 
прогрестің жетегіне бейқам ілесу мәдениеттің экологиялық және 
рухани негіздерінің жаһандық дағдарысына алып келді. Кеңестік 
кезеңде  Орталық  Азияның  басқа  мемлекеттеріндегі  сияқты 
Қазақстанда  да  маркстік  идеология  және  еуроорталықтық 
тұжырымдама  үстемдік  алды,  ол  шын  мағынасында  азиялық 
республикаларға күшпен таңылған еді. Оған сәйкес, ғылым фило-
софиясы және әдіснамасы біржақты батысеуропалық философи-
ямен айналысушылық дәстүрлеріне – Платон мен Аристотельден 
Кантқа, Гегельге және Марксқа – бағдарланған еді.
Бүгінгі  күні  біздің  философиялық  зерттеулеріміздің  стра-
тегиясы түбегейлі өзгерді, Шығысқа бетбұрыс жасалды, Шығыс 
мәдениеті мен философиясының аса бай әлемі ашылды. Бүгінде 
біздің,  әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени-рухани  байла-
ныстарды  нығайта  отырып,  бірінші  кезекте,  бізбен  көршілес 
халықтардың  философиясын  зерттеу  керек  екендігіміз  ай-
дан  анық,  оларға  ең  алдымен  Түркия,  Қытай,  Үндістан,  Ре-
сей  және  Орталық  Азия  елдері  кіреді.  Сонымен,  егер  бұрын 
біз  ғылым  әдіснамасы  мәселелерін  батыстық  үлгі  тұрғысынан 
зерттеген  болсақ,  бүгінде  бізді  ғылыми  зерттеудің  шығыстық 
тұжырымдамалары, теориялары және танымдық стратегиялары 
барған сайын көбірек қызықтырады [6].
Шығысқа  деген  қызығушылық  батыстық  философиялық 
дәстүрден  мүлде  қол  үзуді  білдірмейді.  Біздің  алдымызда 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
310
бұған дейін «темір құрсаудың» қырсығынан белгісіз болып кел-
ген  –  ХХ  ғасырдағы  еуропалық  ойды  зерттеу  міндеті  тұр.  ХХ 
ғасырдағы еуропалық ойшылдардың Шығыспен жақындасудың 
бұлтартпастығын; осыған байланысты батыс мәдениеті үлгісінің 
өзін іргелі қайта құру керек екендігін сезінгендігін түсіну маңызды. 
Бұл  айтылғандар  аясында  Еуразиялық  идеяның,  «Мәңгілік  Ел» 
идеясының өзектілігі, оның «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясын-
да жүзеге асу әлеуеті айқын көрінеді.
Ғылым философиясы және әдіснамасының кейбір маңызды 
мәселелері  «Қазіргі  ғылым  дамуының  әлеуметтік-мәдени  және 
дүниетанымдық  негіздері»  («Социокультурные  и  мировоззрен-
ческие основания развития современной науки», Алматы, 1993) 
монографиясында қойылған болатын. Ғылымның категориялық 
талдамасының  жаңа  қырынан  көрсетілуі  оның  дамуының 
мәдениеттанулық 
және 
аксиологиялық 
(құндылықтық) 
қырларына, ғылымды адами құндылықтар және өмірмағыналық 
проблемалармен  сәйкестендіруге  байланысты  пайда  болған 
еді.  Сонымен,  ғылым  философиясының  философиялық  ан-
тропологиямен  байланысы  барған  сайын  нығая  түсті.  Бұл  – 
уақыттың,  компьютерлендіру,  үйреншікті  коммуникативтік 
байланыстардың үзілуі және әлсіз дамыған елдердің жалпылай 
маргиналдануы  заманының  талабы.  «Қалай?»  және  «Неге?»  де-
ген  сұрақтарға  жауап  іздеуші  ғылыми  танымның  алғы  шебінде 
жүрген  жаратылыстанудың  жолы  «Не  үшін?»  сұрағына  жау-
ап  іздеуші  философиямен  уақыт  өткен  сайын  белсенді  түрде 
түйіседі.
Адам  ойын,  ойлауын  қоғамда  құндылықтық  мәселелері 
көмкереді  және  бұл  үрдіс  тек  өздеріне  әжептеуір  жоғары  өмір 
деңгейін  қамтамасыз  ете  алған  дамыған  елдерге  ғана  қатысты 
емес. Ол кез келген қоғамды қамтитын әмбебап мәселе болып та-
былады. Аталған монографияда жаңа әдіснамалық ұстанымдар 
іздеу мақсатында, Шығыстың мәдениетіне бағытталған салыстыр-
малы  әдіснамалық  және  саясаттанулық  зерттеулер  талпынысы 
тұңғыш рет көрініс тапқан еді.
Ғылым  философиясы  алдында  тұрған  үлкен  міндеттердің 
бірі  –  зерттеу  арсеналына  білімнің  осы  саласында  көптен  бері 
жабық  болып  келген  әлемдік  соны  жетістіктерін  енгізу  бо-
лып  табылады.  Дегенмен,  біздің  ғылым  бірінші  кезекте  ұлттық 
және  аймақтық  ерекшеліктерді,  қазақ  халқының  ділін,  геоса-

311 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
яси,  географиялық,  демографиялық  және  әлеуметтік-мәдени 
сипаттағы  өзгешеліктерді  ескеруі  тиіс.  Ғылым  философиясы 
және  әдіснамасы  үшін  бұрынғыдай  сырттан  алынған  емес,  өз 
тұжырымдамамыз жете зерттеліп талданылуы керек. Нарықтық 
экономика  мен  саяси  әралуандылықтың  ұстанымдарына 
негізделген  азаматтық  қоғамды  қалыптастырудың  теориялық 
және  әдіснамалық  проблемаларына  бағдарланған  әлеуметтік-
гуманитарлық  білімнің  негізгі  әдіснамалық  басымдықтары 
айқындалуы тиіс.
Ғылым өз негіздері мен түйінді көзқарастарын қайта қарауы, 
жаһандану заманында дамуының жаңа стратегиясын жете зерттеуі 
қажет. Осыған байланысты философтар мен әдіснамашылардың 
ой өрісінде үнемі ғылыми танымдағы әдіс проблемасы тұрады, 
өйткені дәл осы әдіс барлық дүниетанымдық, әдіснамалық және 
эксперименттік  сипаттағы  өзгерістерді  барынша  динамикалық 
түрде  көрсетеді.  Философиялық  зерттеулер  тәжірибелік 
зерттеулердегі  көзге  түсіп  тұрған  алға  өрлеуге  қарамастан 
ғылым талдаулық деректерді теориялық заңдылықтармен үлкен 
қайшылықтармен ұштастыратындығын барынша бедерлі түрде 
айқындап берді, осыған байланысты философиялық әдіснаманың 
маңызы  артады.  Қазақстандық  философтардың  зерттеулерінде 
қоғамның  түбегейлі  өзгеруі  жағдайындағы  ғылыми  әдістер  мен 
философияның өзара әсерлесуінің философиялық талданылуы-
на ерекше көңіл бөлінеді[7].
Өкінішке орай, қазіргі заманда ғылымға сырттай ғана қатысты 
болып  келетін,  оның  тіршілігінің  тек  әлеуметтік-экономикалық 
ортасы  болып  табылатын  проблемалардың  рөлі  артып  отыр. 
Ғылым дамуының ең жаңа келелі мәселелерінің бой көтеруі, оның 
өз мәртебесінің сақталуында, зерттеулердің жаңа мақсаттарының, 
ережелерінің  және  мұраттарының  анықталуында,  әлемдік 
ғылыми  кеңістікке  кірігуінде  үлкен  қиыншылықтарды  бастан 
кешіруі кезеңіне сай келіп отыр. Атап айтқанда, өтпелі кезеңнің 
қажеттіліктері  мен  талаптарына  жауап  бере  алатын,  мыса-
лы,  диаспоратану  және  транзиттану  сияқты,  ғылымның  жаңа 
салаларының  қалыптасу  логикасы  зерттелуде.  Ғылымның  даму 
процесінің дамыған және дамушы елдердегі ұқсас процестерімен 
салыстырмалы  талданылуы  жүргізілді.  Бұрын  коммунистік 
идеологияның тұмшалауында болып келген идеялардың жаңаша 
қанат  жаюына  жол  ашылды.  Азаматтық  қоғам  институттарын 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
312
теориялық  талдау  және  олардың  қалыптасуын  өз  бетінше  бол-
жау мүмкіндіктері пайда болды.
Нарыққа  өтпелі  кезең  –  жас  тәуелсіз  мемлекеттің,  барлық 
әлеуметтік-гуманитарлық  ғылымдыр  кешенінің  сұранысына  ие 
бола  алатын  салыстырмалық,  болжамдық  және  жүйелік  зерт-
теулерге  өте  зәру  кезеңі.  Бізде  әлі  күнге  дейін  толық  көлемде 
салыстырмалық  философия,  салыстырмалық  саясаттану  т.  б. 
ғылымдар  жоқ,  олар  транзиттанудың  күрделі  проблемаларын 
белсенді түрде ғылыми зерттеу барысында тұжырымдалуы тиіс.
Біз  біртұтас  ғылымы,  болжамдалатын  әлеуметтік-саяси 
процестері  бар  біртұтас  мемлекет  сыртқа  тебуші  үрдістердің 
күрделі кезеңіне аяқ бастық. Егер Қазақстан ғылымы өзінің күрделі 
проблемаларымен  «бетпе-бет»  қалғанын  еске  алатын  болсақ, 
біршама  тосын  жағдай  қалыптасып  отырғанын  байқаймыз. 
Кеңестік кезеңнің әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдары, олардың 
ішінде, әсіресе, философия толығымен идеологияланған болатын 
және біртұтас маркстік тұғырнаманы ғана ұстанатын.
Бұл  ғылымдардың  зерттеу  өрісі  тұжырымдамалық 
әралуандылық  тұрғысынан  еркіндік  алған  қазіргі  сәтте  болса, 
сол  аталмыш  философияның  әдіснамалық  негіздері  түбегейлі 
шайылғандығы, ендігі жерде оның айқын мақсаттары, міндеттері 
және  зерттеу  стратегиясы  жоқ  екендігі  мәлім  болып  отыр.  Тек 
қана  философияның  ғана  емес,  бүкіл  ғылым  атаулының  айқын 
даму  парадигмасы  жоқ.  Көп  жағдайда  бұл  ғылыми  зерттеудің 
қалпы, үлгісі және мұраты, бірыңғай құрылым ретіндегі ғылым 
ұғымы тұтасымен Ресей ғылымынан қабылдап алынғандығымен 
де  түсіндіріледі,  ал  ол  өз  кезегінде  батысеуропалық  ғылыми 
дәстүрлерді  бойына  сіңірген  болатын.  Дегенмен,  ғылым  фило-
софиясы  және  әдіснамасының  басымдылық  бағыттарының 
қалыптасуы мен дамуындағы көрнекті орыс ғалымдарының, мы-
салы, Б.М. Кедров, Э.В. Ильенков, В.С. Степин, В.С. Готт, А.Ф. Зо-
тов,  И.В.  Кузнецов,  В.А.  Лекторский,  В.С.  Тюхтин,  Г.И.  Рузавин 
және тағы басқалардың орасан зор оң рөлін айтпасқа болмайды.
Ғылым 
философиясының 
дамуында 
Қазақстандағы 
ғылымның қалыптасуы мен дамуының тарихы мен әдіснамасын 
талдаудың  келешегі  аса  зор.  Біз  үшін  әлеуметтік  жаттану  және 
сананың маргиналдануы проблемаларын зерттеудің әдіснамасын 
жасау  үлкен  қызығушылық  тудырады,  бұған  Азия  мен  Еуропа, 

313 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
Шығыс пен Батыстың шекарасында орналасқан республиканың 
географиялық және геосаяси жағдайы, нарыққа өтпелі кезеңнің 
идеологиялық  тұрақсыздығы  аясындағы  тұрғындарының  алуан 
түрлі ұлттық және білімділік құрамы септігін тигізеді.
Қазақ және орыс ділінің ерекше белгілерін, олардың ділдік 
ұқсастығын  анықтай  алатын  мәдениеттанулық  талдаудың 
маңызы айтарлықтай өсіп отыр. Өкінішке орай, жан-жақты тал-
дау жүргізу үшін біздің алдымызда бұрын тек идеологияланған, 
ғылымсымақ 
тұжырымдамалардың 
қосымшасы 
болған 
әлеуметтанудың, 
мәдениеттанудың, 
саясаттанудың 
және 
этнологияның  әдіснамалық  және  ұғымдық  аппаратының 
толықтай  дерлік  болмауынан  немесе  шала  дамығандығынан 
туған әжептеуір қиыншылықтар бой көтеріп тұр. Мұның салда-
ры – жаратылыстану және техникалық ғылымдар әдіснамасының 
пайдасына  ауып  тұрған  айқын  басымдық.  Есесіне,  философия 
мен  әлеуметтік-гуманитарлық  ғылымдар  әдіснамасы  бойынша 
зерттеулер тым аз. Мұның себебі жаратылыстанулық ғылымдар 
теориясының  философиялық  талдауының  айқындылық  сезімін 
беретін  математикалық  заңдарға  арқа  сүйеуінде,  барлық 
әлеуметтік-гуманитарлық  ғылымдар  кешенінің  әдіснамалық 
негізі  болған  маркстік  теорияның  базистік  негіздеріне  тию 
қажеттілігінің жоқтығында жатыр.
Қазақстандық философтар марксизм ілімінің жалпы түбірлі 
ұғымдарын  қозғай  отырып,  ғылыми-зерттеу  жұмысын  онан 
ары  тереңдетіп  жүргізу  үшін,  мынадай  маңызды  мәселелердің 
көтерілуінің  бастауында  тұрды:  ғылыми-теориялық  танымның 
бастапқы  нүктесі  мәселесі,  диалектика  категорияларын  терең-
дете  даярлау  және  диалектикалық  логика  ұстындарыныңң 
логикалық-гносеологиялық  және  әдіснамалық  функцияларын 
ашу,  диалектикалық  логика  идеяларын  тарихи-философиялық 
тұрғыда негіздеу мәселесі.
Қазақстандық  философтардың  осындай  салмақты  ғылыми 
нәтижелері – бірнеше монографиялар мен мақалалар тізбегінің 
жариялануы  оларға  бүкілодақтық  танымалдық  әкелді.  Осы 
кезден  бастап  Қазақстанда  кәсіби  философияның  қалыптасуы 
және  дамуы  туралы  толық  негізде  айтуға  болады.  Дегенмен, 
Қазақстандағы  кәсіби  философияның  қалыптасуы  мен  даму-
ында  өзіндік  ерекшеліктер  болған  еді.  Ол  біздің  халқымыздың 
еуроазиялық  діліне,  даналыққа  деген  құрметіне  және  әлемді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет