Вестник казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет29/35
Дата03.03.2017
өлшемі3,59 Mb.
#6132
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ  
1. Бородич Л.А., Назарова Р.Д. Занятия плаванием при сколиозе у детей и подростков. –
М.: Просвещение, 1988. – C. 13-18. 
2. Казьмин А.И., Кон И.И., Беленький В.Е. Сколиоз у детей. – М., 1983. – С.45. 
3.  Кон  И.И.,  Назарова  Р.А.  Двадцатилетний  опыт  лечения  сколиоза  у  детей. 
Актуальные вопросы ортопедии, травматологии. – М., 1984. – С.88. 
4.  Белозерова  Р.Н.  Дифференцированный  подход  к  лечению  физическими 
упражнениями  детей,  больных  сколиозом,  в  условиях  школы-интерната//  Актуальные 
вопросы профилактики и лечения сколиоза у детей. – М.,1984. – С.102. 
5.  Булгакова  Н.Ж.,  Морозова  С.Н.,  Попов  О.И.,  Морозова  Т.С.  Оздоровительное, 
лечебное и адаптивное плавание. Учебное пособие. – М.: Академия. 2008. – С.226-227. 
Түйіндеме 
Атыканова М.Б., оқытушы 
(Алматы қ, «Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» 
мемлекеттік мекемесі) 
Жүзудің арқа омыртқасының қисаюын емдеуге әсері 
Мақалада суда жүзу арқылы балалардың арқа омыртқасының қисаю ауруын (сколиоз) 
емдеуге  тиімді  әсер  ететін  физикалық  жаттығулар  туралы  баяндалған.  Денсаулықты 
жақсартуда  суда  жүзудің  өмірлік  маңызды  дағдылары:  тәрбиелік,  сауықтыру-гигиеналық, 
емдік, сезімталдық және қолданбалы маңызы зор. Арқа омыртқасының қисаюымен ауыратын 
балаларға  кешенді  емдеуге  жүзудің  маңызды  ерекшеліктері  негізделген.  Емдік  және 
физикалық  жаттығулардың  суда  және  құрғақта  жүргізу  барысында  физиологиялық, 
майтабандылықты  түзету,  жүрек-қан  тамырларының  және  тыныс  алу  жүйесінің 
функцияларын  жақсарту,  шынықтыру,  суда  жүзуді  үйренуге,  әрі  қарай  емделуге  өзін-өзі 
психологиялық  дайындау  негізгі  міндеттері  болып  табылады.  Арқа  омыртқасының 
қисаюының  деңгейіне  қарай  жүзу  жаттығуларын  таңдау,  емдік-сауықтыру  жаттығулары 
дайындық, негізгі және соңғы бөлімдер  бойынша хауызда жүргізіледі. Кез келген жағдайда 
баланың ағзасына, емдік-сауықтыруда жүзудің тигізетін әсері  кешенді, басқа да физикалық 
оңалтуды қолдану ұсынылады. 
Түйін сөздер: жүзу, арқа омыртқасы, арқа омыртқасының қисаюы, физикалық жаттығу, 
емдік-сауықтыру, жүзу жаттығулары, шынығу. 
Summary 
M.B.Atykanova, teacher of Physical culture and sports chair 
(Almaty c., National scientific center of practice and correctional pedagogics) 
Impact of swimming in treatment of scoliosis 
In article described physical exercise which effectively influence to the treatment of scoliosis 
of a backbone of children through swimming. The vital skills of swimming which improves health: 
educational,  improving  and  hygienic,  medical,  emotional  and  applied  value.  Swimming  is 
recommended  to  children  which  have  scoliosis  in  complex  treatments.  Tasks  of  medical  and 
physical exercise in water is the improvement of function of airways and cardiovascular system, the 
doctrine of swimming, psychologically preparing for further treatment. On degree of complexity of 
scoliosis are chosen swimming exercise. Medical and improving exercises to be carried out in the 
pool  on  preparatory,  main  and  last  stages.  It  is  recommended  also  others  physical  improving 
exercise which in a complex influence to the child's organism. 
Keywords: swimming, backbone, scoliosis, physical exercise, medical improving, swimming 
exercise, hardening. 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
203 
 
ӘОЖ 378 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ 
ЖАҢАШЫЛДЫҚ 
 
Е.Ж.Бекболғанов, п.ғ.к., аға оқытушы 
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік  
қыздар педагогикалық университеті) 
М.Е.Бекболғанова, г.ғ.м., оқытушы, 
(Алматы қ., Абылай хан атындағы 
халықаралық қатынастар және әлем  
тілдері университеті) 
 
Аңдатпа: Мақалада қазіргі білім беру жүйесіндегі қолданылатын жаңа технологиялар 
қарастырылған.  Әрбір  жаңа  педагогикалық  технологияның  білім  сапасына,  білім 
алушылардың дамуына, оқу үрдісінің тиімділігін жетілдіруге тигізер әсері баяндалған. Әрбір 
технологияның артықшылықтары көрсетілген. 
Түйін  сөздер:  технология,  педагогика,  жүйе,  оқушы,  инновация,  мектеп,  сабақ,  білім 
стандарты, дидактика. 
Бүгінгі  таңдағы  оқу  орындары  алдында  тұрған  мәселе  –  білім  алушыларды  дамыта 
оқыту,  яғни  білім  алушыны  оқу  әрекетіне  қалыптастыру,  олардың  оқуға  ынтасын  ояту, 
қызығушылығын  арттыру.  Сондықтан  оқытушының  алға  қойған  маңызды  міндетінің  бірі  – 
талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу, оны өсіру. Әр білім алушының қабілетін танып біліп, 
дамытып, адам дәрежесіне жеткізу үшін жаңашыл жұмысқа бет бұру керек. 
Қазіргі  педагогика  теориясына  елеулі  өзгерістер  еніп,  жаңа  көзқарастар  пайда  болды. 
Әрі  білім  беру  құрылымында  жаңа  технология  өмірге  келді.  Осы  заманғы  білім  беру 
жүйесінсіз  әрі  алысты  барлап,  кең  ауқымды  ойлай  білетін  осы  заманғы  оқытушыларсыз 
инновациялық  экономика  құра  алмайтындығымыз  жайлы  еліміздің  Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында ерекше аталып өтіліп, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін 
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне 
сай  білім  керектігіне  назар  аударылған  болатын  [1].  Ал  бәсекеге  қабілетті  елдің  әрбір 
азаматы  бәсекеге  қабілетті  болуы  тиіс  деп  есептеймін.  «Технология  дегеніміз  қандай  да 
болсын істегі шеберлікті, өнердегі адамдардың, ал педагогикалық технология педагогикалық 
мақсатқа  қол  жетудегі  қолданылатын  барлық  қисында  ілім  амалдарымен  әдістемелік 
құралдардың жүйелі жиынтығы» – деп түсіндіреді В.Кларин [2]. 
Педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы. 
Ал  педагогикалық  жүйе  –  дара  тұлғаны  қалыптастыруға  бағыт  алған  белгілі  бір  мақсатқа 
жету  жолындағы  арнайы  педагогикалық  ықпалды  ұйымдастыруға  қажетті  өлшем, 
байланысқан  әдістердің,  құралдардың  жиынтығы.  Олай  болса,  дәл  қазір  бізге  осы 
педагогикалық технологияны дамыту үшін, оны тәжірибеде пайдалану қажет болады. 
Педагогикалық жүйенің табысты жүзеге асуы үшін оны құрайтын барлық нәрселердің 
тыңғылықты  ойластырылуы  қажет.  Кез  келген  педагогикалық  технология  педагогикалық 
ғылым  мен  іс-тәжірибе  жетістіктерінің  жиынтығынан,  бұрынғы  тәжірибенің  дәстүрлі 
түрлерін  қосатын  және  қоғамның  дамуы,  демократизациялау  нәтижесінде  пайда  болған 
нәрселерден тұрады. 
Бірдей  технология  түрлі  орындаушының  қолында  әр  кезде  басқа  болып  көрінеді.  Бұл 
жерде ұстаздың педагогикалық шеберлігіне жеке тұлғалық қасиеттеріне, білім алушылардың 
ерекшеліктеріне,  олардың  жалпы  көңіл-күйіне,  топтағы  психологиялық  ақуалға  көңіл  бөлу 
керек.  Бір  технологияны  қолданған  әртүрлі  педагогтардың  жеткен  нәтижесі  де  әртүрлі 
болады, бірақ осы технология көрсететін орташа көрсеткішке жақын болады. 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
204 
 
Яғни,  педагогикалық  технология  жеке  тұлғаның  қасиеттерімен  орташаланады,  бірақ 
онымен анықталмайды. «Педагогикалық технология» деген түсінік «оқыту әдісінен» кеңірек 
болып табылады. 
Технология  –  оқыту  мақсатына  осы  жүйенің  меңгерілуіне  қалай  жету  керек  деген 
сұраққа  жауап  береді.  Технология  –  алдын  ала  жоспарланған  жүйені  тиімді  іске  асыруға 
бағытталған іс-әрекеттердің барысы және оның нәтижесіндегі көрсеткіші. 
Педагогикалық  технологияны  жоспарлау  педагогикалық  технологияның  нақты 
шарттарын таңдау болып табылады. Ол тұлғаның жеке ерекшеліктерін зерттеуді және білім 
алушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  келетін  іс-қимылды,  сондай-ақ  олардың 
дайындығының шарттарын таңдауды талап етеді. 
Қазіргі  заман  талабына  сай  білім  беру  –  бұл  қоғам  мүшелерінің  адамгершілік, 
интеллектуалдық,  мәдени дамуының  жоғары  деңгейлік  және  кәсіби біліктілігін  қамтамасыз 
етуге  бағытталған  тәрбие  беру  мен  оқытудың  үздіксіз  үрдісі  екендігі  белгілі.  Осы  орайда 
білім  алушылардың  танымдық  қабілетін  дамыту,  білім  сапасын  арттырумен  қатар  ақыл-ой 
шығармашылық  белсенділіктерін  жетілдіру  үшін  жеке  пәндерді  оқытудың  тиімді  әдістері 
мен  тәсілдерін  іздестіру,  қазіргі  білім  беру  саласының  алдындағы  өзекті  мәселелердің  бірі 
болып отыр. 
«Біз  өзіміздің  болашағымызды,  жеке  балаларымыздың  болашағын  қандай  күйде 
көргіміз  келеді  осыны  айқындап  алатын  уақыт  жетті»,  –  деп  көрсетілген  Елбасы 
Н.Ә.Назарбаевтың  2030  жылға  арналған  стратегиялық  бағдарламасында  [1].  Сондықтан 
еліміздегі  ұлттық  қоғамды  кемелдендіру  ел  болашағы  –  жас  ұрпақты  жаңа  инновациялық 
әдісте рухтық тәлім және білім негіздерімен қаруландырып, қалыптастыру қажет. Білім мен 
тәрбие ажырамас егіз ұғым.  
Ұлы  данышпан  әл-Фараби  «Тәрбиесіз  берген  білімнің  күні  қараң»  деген  сөзі  осының 
дәлелдесе  керек.  сондықтан  бүгінгі  ұрпақтарға,  білім-ғылым  нәрін  берумен  қатар,  өз 
халқымыздың  тағылым  қағидаларын  жеке  тұрғыда  үйретіп,  игерудің  маңызы  зор.  Себебі, 
бүгінгі  бала  ертеңгі  ата-ана,  бала  тәрбиелеуші,  халық  өкілі,  ел  намысын  қорғаушы,  ата-
бабалардың  ісін  жалғастырушы  мәңгілік  күш,  сол  себепті  еліміздің  оқу  орындарында  бұл 
мәселені  жолға  қою,  яғни  егеменді  елімізге  қазақ  қоғамын  қалыптастыру  –  басты  міндет 
болып табылады. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа 
педагогикалық  технологияның  түрін,  қолдану  ерекшелігін  ендіруді  міндеттеп  отыр.  Ал 
инновация дегеніміз – белгілі бір жүйедегі ішкі өзгерістер болып табылады. Педагогикалық 
инновация дегеніміз – педагогикалық жүйедегі жаңашылдық. 
Сабақ  –  оқытуды  ұйымдастырудың  негізгі  түрі.  Демек,  әрбір  сабақ  –  оқу  үрдісіндегі 
шешуші  буын,  сондықтан  ол  оқытуды  жетілдіру,  қажетті  түрлендірулер  мен  мақсатты 
нәтижеге  жетуді  ойластыратын  орталық,  сонымен  бірге  жоғары  шеберлікті  үнемі  қажет 
ететін,  дамуды  керек  ететін,  даму  үстіндегі  сапалы  оқуды  іздестіретін  үрдіс.  Осыған  орай, 
оқыту  барысында  әртүрлі  педагогикалық  технологиялары  жасалып,  мектеп  практикасына 
енгізілуде, олар: 
- Іскерлік ойын технологиясы; 
- Проблемалық және интеграциялап оқыту
- Шаталовтың қарқынды оқытуы; 
- Дьяченконың ұжымдық технологиясы; 
- Эрдниевтің блоктап оқытуы; 
- Деңгейлеп оқыту; 
- Модульдеп оқыту; 
- Дамыта оқыту технологиясы және т.б. 
Ал  енді  жоғарыда  айтылған  оқытудың  педагогикалық  технологияларын  оқу-тәрбие 
үрдісіне  біртіндеп  енгізетін  болсақ,  онда  білім  сапасын  арттыруға,  білім  алушылардың 
дамуына бақылау жасауға, оған сәйкес бағалауға, басқару тиімділігін жетілдіруге мүмкіндік 
болатыны  дәлелденіп  отыр.  Сондықтан  да  бірқатар  мектептерде  жүргізіліп  жатқан 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
205 
 
тәжірибелердің  басты  міндеті  дәл  осындай  оқытудың  жаңа  педагогикалық  технологиясын 
оқыту  үрдісіне  енгізу  болып  отыр.  Сабақта  қолданылатын  ойындар  –  топта  жүргізілетін 
жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қандайда түрі болмасын өзіне тартады топтағы білім 
алушылардың  ойлау  қабілеттері  бірдей  болмайды.  Сондықтан  да  әр  топтағы  білім 
алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай және білім деңгейіне сай сабақтың түрін тауып, сол 
тақырыптарды  игеруді  мақсат  ету  керек.  Бұған  білім  алушылардың  қызығушылығын 
арттырудың бір көзі ойын элементтерін қолдану болып табылады. Бұл айтып отырған мәселе 
оқушылардың  ойлау  қабілеттерін  арттырады.  «Ойын  дегеніміз  ұшқын,  білімге  құштарлық 
пен  еліктеудің  маздап  жанар  оты»,  –  деп  В.Ф.Сухомлинский  айтқанындай,  ойын  ақылды, 
ойды, тапқырды алғырлықты дамытады [3].  
Сабақта  ойын  элементтерін  пайдалану  білім  алушылардың  ой-өрісін,  танымдылық 
белсенділігін  арттырады.  Теорияны  тәжірибемен  ұштастыруға  жол  ашады.  Алайда  ойынды 
үнемі оқу үрдісінде қолдануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын белгілі бір уақытта жүзеге 
асырылып, сабақ кездерінде нұқсан келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс. 
Ж.Қараев оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін 4 түрге бөліп қарастырады: 
1.  Репродуктивті  деңгей.  Жалпыға  бірдей  стандартты  білім  негізіндегі  тапсырмалар 
беріледі.  Мұнда  тапсырмалар  білім  алушылардың  алдыңғы  сабақта  алған  білімдеріне  және 
оқулықта бар мәселелерге байланысты құрылады. 
2.  Алгоритмдік  деңгей.  Мұнда  білім  алушылар  оқытушылардың  түсіндіруімен 
қабылдаған жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы орындайды. 
3.  Эвристикалық  деңгей.  Білім  алушы  өзі  ізденіп,  қосымша  әдебиеттерді  пайдалана 
отырып,  жауап  береді.  Бұл  тапсырманы  орындауда  білім  алушының  ой  белсенділігі  негізгі 
қызмет атқарады. 
4.  Шығармашылық  деңгей.  Білім  алушы  өзіндік  дағдысын,  білім  сапасының  дамуын 
қамтамасыз етеді. Білім алушылар жаңа тақырыпты шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен 
меңгеруі қажет [4]. 
Бұл  әдісті  сабақта  қайталау,  қорытындылау,  жинақтау  сабақтарында  тиімді  қолдануға 
болады.  Әсіресе,  білім  алушының  сабаққа  деген  қызығушылығын  арттырумен  құнды  деп 
есептейміз.  Білім  алушылар  тапсырмаларды  орындау  барысында  өзара  бәсекелесе  отырып 
жұмыс  істейді.  Іс-әрекеттің  ең  өнімдісі  –  3,  4  деңгей,  яғни  эвристикалық,  шығармашылық 
сатылары.  Бұл  технология  бойынша  білім  алушының  осы  шығармашылық  сатыға  жету 
жолдары тек оқытушы арқылы емес, білім алушының өзі, іс-әрекеті арқылы жүзеге асырады. 
Технологияның негізі де, тиімділігі де осында. 
Білім алушының білімін оқушы деңгейінен шығармашылық деңгейге жетелеуде дамыта 
оқыту  мен  проблемалық  оқытудың  орны  да  ерекше.  Дамыта  оқыту  технологиясын 
қарастыратын  болсақ,  ол  ең  алдымен  «Нені  дамыту  керек?»  деген  сұрақтарға  жауап 
іздестіруіміз керек. 
Модульдік  оқыту  технологиясының  артықшылықтарына  мына  төмендегілерді 
жатқызуға болады: 
1.  Оқу  мазмұнының,  мақсатының  алдын  ала  қойылуы,  нақтылануы  оқу  нәтижесін 
бағалаудың объективтілігін арттырады; 
2. Білім алушының пәндер бойынша барық топтағы оқу-танымдық қызметінің мазмұны 
мен құрылымын анықтайтын оқу үрдісінің жобасы жасалады; 
3. Дидактикалық үрдістің бүтіндей берілуі іске асырылады
4.  Педагогикалық  қызметтегі  оқытушы  мен  білім  алушының  қарым-қатынасының, 
өзара түсіністігінің жаңа жүйесі қалыптасып, интерактивтік әдістеме жүзеге асырылады; 
5.  Инновациялық  қызметтің  ұйымдастырылуының  жаңа  формасы  мен  оның  негізгі 
принциптері жасалады; 
6.  Бұл  жүйе  білім  алушылардың  білім  алуға  деген  қызығушылығын  арттырып,  білім 
сапасын тұрақтандыруы, тіпті оны көтеруі де мүмкін; 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
206 
 
7.  Оқу  пәнін  танып-білу,  білім  алушылардың  танымдық-шығармашылық  қызметінің 
белсенділігін арттыратын дидактикалық модуль жасалады; 
8. Оқытушы шығармашылық жұмысқа ақпараттық дамытушы модуль жасауға төселеді. 
Ахмет  Байтұрсынұлы  өзінің  «Мектеп  керектері»  деген  еңбегінде  былай  деп  жазған: 
«...мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, білген 
білімін  басқаға  үйрете  білетін  болса,  ол  мектептен  балалар  көбірек  білім  біліп  шығады. 
Солай  болған  соң,  ең  әуелі,  мектепке  керегі  –  білімді  педагогика,  методикадан  хабардар, 
оқыта  білетін  мұғалім».  Педагогикалық  технологияның  негізі  болып  педагогикалық, 
психологиялық  және  әлеуметтік  ғылым  жетістіктері,  сонымен  қатар  алдыңғы  қатарлы 
педагогикалы  тәжірибеде,  халықтық  педагогикада,  отандық  және  шетелдік  педагогиканың 
озық  тәжірибесінің  жиыны  болып  табылады.  Қазіргі  білім  ордасына  оқыту  мен  тәрбиенің 
соңғы  тәсілдерін  игерген,  нақты  тәжірибелік  іс-әрекет  үстінде  өзіндік  даңғыл  жол  салуға 
икемді,  шығармашыл  педагог-зерттеуші,  сондай-ақ  интегративті  ойлауға  қабілетті  ойшыл 
оқытушы  қажет.  Сонымен  педагогикалық  технология  оқытудың  ұтымды  жолдарын 
зерттейтін ғылым ретінде жұмыс істейді және оқуда қолданылатын тәсілдер жүйесі ретінде, 
оқытудың шынайы үрдісі ретінде де қарастырылады. 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  
1.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 
Жолдауы. 2010 жылғы 29 қаңтар.  
2.  Кларин  М.В.  Инновационные  модели  обучения  в  зарубежных  педагогических 
поисках. – М., 2004. – Б.8. 
3.  Сухомлинский  В.А.  Разговор  с  молодым  директором  /  В.А.  Сухомлинский  //  Избр. 
педагог. соч.: в 3 т. – М.: Педагогика, 1979–1981. Т. 3: 1981. 
4. Кaрaeв Ж.A. Тeoрeтичecкиe ocнoвы рaзвития шкoльнoгo oбрaзoвaния в Кaзaхcтaнe. – 
Aлмaты: РИК, 1999. 
Резюме 
Бекболганов Е.Ж., к.п.н., ст.преподаватель  
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
Бекболганова М.Е., м.г.н., прeпoдaвaтeль  
(г.Алматы, Казахский университет международных отношений и мировых языков  
им. Абылай хана)  
Пути эффективного использования новых технологий в повышении интереса 
обучаемых к предмету  
В  статье  рассматривается  использование  новых  технологий  в  современном  учебном 
процессе.  Использование  новых  педагогических  технологий  позволяет  улучшить  качество 
обучения  и  развития  обучаемого,  освещенного  в  данной  статье.  А  также  показаны 
преимущества педагогических технологий. 
Ключевые  слова:  технология,  педагогика,  система,  ученик,  инновация,  школа,  урок, 
стандарт образования, дидактика. 
Summary 
Bekbolganov E.Zh. c.ped.sci., senior lecturer  
(Almaty city, the Kazakh State Women's Teacher Training University) 
Bekbolganova M.E., m.g.sci.,  
(Almaty city, Kazakh University of International Relations and World Languages  
named after Abylaikhan) 
The effective use of new techologies in increasing of the students’ interest to the subject  
The article discusses the use of new technologies in the modern educational process. The use 
of  new  teaching  technologies  can  improve  the  quality  of  education,  and  the  development  of  the 
student. As well as the advantages of educational technology are covered in this article 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
207 
 
Keywords:  technology,  education  system,  student,  innovation,  school,  class,  standard  of 
education, didactics. 
 
 
 
ӘОЖ 373.016:811.111 
ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ИНТЕРМӘДЕНИ-КОММУНИКАТИВТІК 
ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҮЛГІЛІК 
БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ 
 
Р.Б.Жусупова, ф.ғ.д., аға оқытушы 
Л.М.Жүргімбаева, 2 курс магистранты  
(Алматы қ., Абай атындағы Қазақ  
Ұлттық педагогикалық университеті) 
 
Аңдатпа:  Біздің  қазіргі  өміріміз  жиі  өзгерістерге  ұшырауда,  нақтырақ  айтсақ, 
жаһандану,  қоғам  дамуының  жылдамдығы,  постиндустрияландыруға,  ақпараттық  қоғамға 
өсуі,  интермәдени  қатысымның  барынша  кеңеюі,  әлемдік  ортақ  мәселелердің  пайда  болуы 
мен олардың көбейе түсуі, адам капиталының маңызы өсуі сияқты үрдістермен сипатталады. 
Осыған орай, айтылған жылдамдықты көтеріп қана қоймай, әрбір жас алдына жаңа мақсат-
міндеттер  қоя  білуі  керек.  Әрине,  білім  беру  саналы  ұрпақ  тәрбиелеуде  маңызды  рөл 
атқарады.  Он  жыл  бұрынғы  өзекті  болған  білім  берудің  мақсаты,  парадигмасы,  әдістемесі 
жаңа, заманауи мақсат, парадигма мен әдістемелермен ауыстырылуы керек. Бұрын оқытудың 
нәтижесі  ұстаздың  үйреткен  барлық  білім,  дағды  мен  қабілеттерді  меңгеру  болса,  қазір 
оқытудың  мақсаты  мен  соңғы  нәтижесі  белгілі  бір  білім  аясында  құзыретті  болатын  тұлға 
тәрбиелеу болып табылады.  «Шетел тілі» пәнінің қызметі шетел тілінде қатысымды жүзеге 
асыруда  коммуникативтік  құзыреттілікті  қалыптастыруды  көздейді.  Алайда  заманауи 
балалар әлемдік мәдени фондты ана тілдерімен қатар меңгереді (интернет, шетел фильмдері, 
музыкалық  шығармалар,  баспалар  vен  шетелде  ата-аналарымен  демалыс)  және  осының  өзі 
интермәдени  құзыреттілігінің  коммуникативтік  құзыреттіліктің  ажырамас  құрамдас  бөлігі 
екенін анықтай аламыз.  
Түйін  сөздер:  шеттілдік  білім  беру,  оқыту  мақсаты,  оқыту  мазмұны,  интермәдени-
коммуникативтік құзыреттілігі 
Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартында: 
«Қазіргі  кезеңдегі  білім  беру  сапасы  оқушылардың  түрлі  қызметтер  саласындағы 
мәселелерді  өз  бетінше  шешу  мүмкіндіктерін  қамтамасыз  ететін  қалыптасқан  негізгі 
құзыреттілік  түріндегі  білім  беру  нәтижелерінің  жетістіктерімен  түсіндіріледі»,  –  делінген. 
Білім,  білік,  дағдыларды  меңгертуден  құзыреттіліктерді  қалыптастыруда,  құзыреттіліктер 
түрінде  күтілетін  білім  беру  нәтижелерін,  білім  сапасына  бақылау  жасаудың  тәртібі 
қарастырылады  [1].  Білімнен  құзыреттілік  қағидасына  негізделген  жаңаша  оқыту 
технологиясы  оқушылардың  танымдық  қызметінің  заңдылықтарына,  оқудағы  құндылық 
бағдарға,  яғни,  оқушының  зерттеушілік,  шығармашылық  және  рухани  адамгершілік 
қызметтеріне негізделген технологияға айналуы тиіс.  
Еліміздің дамуының алғышарты білім десек, «Үшінші мыңжылдықтың жастары қандай 
болмақ?»  деген  сұрақ  өзінен-өзі  туындайды.  Жауапкершіліктің  биігінен  көрінуіміз  де  жас 
ұрпаққа  берілетін  білім  сапасын  мейлінше  арттыруды  қажет  етеді.  Ал,  білім  сапасын 
арттыру,  оның  деңгейін  әлемдік  білім  кеңістігіндегі  стандарттарға  сай  келтіру,  түптеп 
келгенде,  мұғалімге,  оның  кәсіби  құзырлылығына,  әдістемелік  біліктілігі  мен  шеберлігіне 
тікелей  байланысты.  Жас  ұрпаққа  жоғары  сапалы  білім  беру  ісін  тек  қана  көп  мәдениетті, 
шығармашыл,  жаңашыл,  инновациялық  тұрғыда  ойлап,  қызмет  жасай  білетін  ұстаз  ғана 
мүлтіксіз атқара алады [2]. 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
208 
 
Құзыреттілікті  қалыптастыру  –  білім  беру  саласының  өзекті  мәселесі.  Күн  сайын 
адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал  оқу мазмұны мен оқыту  әдістері  ескі  сарында 
қалып  қоюда.  Сондықтан  білім  берудегі  әлеуметтік  қажеттілік  пен  ол  қажеттілікті 
қанағаттандырудың  арасындағы  қарама-қайшылық  білім  беру  саласының  дағдарысына 
әкеліп  соғуда.  Сол  себепті  оқытушылардың  әдістемелік  шығармашылығын  дамытуды 
педагог-мамандардың  біліктілігін  жетілдіру  жүйесінде  ұйымдастырып,  олардың  кәсіби 
құзыреттілігі кезінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды. 
Құзыреттілік  идеясы  «қоғамға  қандай,  жеке  тұлғаға  қандай  білім  қажет  және  ол 
қоғамның  қандай  қажетін  өтей  алады»  деген  сұраққа  жауап  береді.  Оқытушының 
құзыреттілігін  қалыптастыру  –  бүгінгі  білім  беру  саласының  өзекті  мәселелерінің  бірі. 
Құзырлылық  тәсілді  білім  сапасын  арттыруды  дәстүрлі  тәсіл  мен  білім  мазмұнын  ұлғайту 
арқылы  шешудің  арасындағы  қарама-қайшылықтан  туындаған  дағдарыстан  шығудың  бір 
жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын алады. Оның 
сапасы алған білімнің көптігінен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды. 
Осыған  орай  қазіргі  таңда  еліміздің  қоғамдық  өміріне  сай  орын  алып  жатқан  саяси-
әлеуметтік және экономикалық өзгерістердің еліміздің білім беру жүйесіне де ықпалы үлкен. 
Мемлекетіміздің  халықаралық  байланыстары  барған  сайын  күшейе  түсіп,  еліміздің  қай 
қаласында  болмасын  шет  елдермен  қарым-қатынас  орнаған  [3].  Осы  қарым-  қатынастарды 
нығайтып,  жандандыра  түсу  үшін  шетел  тілі  сабағында  оқушылардың    интермәдени-
коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың өте зор маңызы болып отыр.  
Қоғам  өмірінің  саяси-әлеуметтік  және  экономикалық  саласындағы  интеграциялық 
процестер  мәдениетаралық  қарым-қатынастың  орнауына  үлкен  септігін  тигізеді. 
Интермәдени  қарым-қатынас  әртүрлі  ұлт  өкілдерінің  тепе-тең  немесе  біріге  отырып  өзара 
әрекет жасауын талап етеді. Шетел тілін жасанды тілдік ортада оқыту жағдайында екі немесе 
үш  шетел  тілін  меңгертетін  полилингвалдық  тұлғаны  қалыптастырудың  мүмкіндік  деңгейі 
жеткілікті.  Оқушы  мұндай  қарым-қатынас  жасай  алу  үшін  тек  шетел  тілін  жақсы  меңгеріп 
қана қоймай, ол сонымен қатар сол тілде сөйлеушінің тілдік және тілдік емес өзгешеліктерін 
түсініп, ұғынуы тиіс. Интермәдени қарым-қатынас процесіне қатысушы көптілді  меңгерген 
сайын, сол елдің мәдениетін, ұлттық менталитетін жете түсінеді [4].  
Шетел  тілін  коммуникативтік-бағдарлап  оқыту  интермәдени  коммуникациясын 
қалыптастыру  мүмкіндіктері  мен  құралы  ретінде  қарастырылады.  Шеттілдік  қарым-
қатынасқа  үйретуді  мәдениет  диалогы  мәнмәтінінде  ұйымдастыру  керек.  «Интермәдени-
коммуникация  құзыреттілігі»  ұғымы  «қатысымдық  құзыреттілігін»  ығыстыра  бастады,  ол 
сонымен шетел тілін оқыту мазмұнының интермәдени компоненті жетекші екенін, ал оқыту 
материалының аутентті болуы – пән мазмұнына қойылатын талап екенін негіздеді. Шеттілдік 
авторлармен  бірігіп  тілі  оқытылып  отырған  ел  халқының  менталитеті  мен  өмір  сүру  стилі, 
мінез-құлығы,  салт-дәстүрі  туралы  ұлттық  мәдени  ақпараттарға  толы  оқулықтар,  оқу 
кешендері мен бағдарламалар жасалуда. 
Шетел тілін оқып үйрену оқушылардың өзі  сабақ барысында ұшырасатын жат әлемді 
жақсырақ  түсінуге,  сол  жат  әлеммен  ұшырасу  нәтижесінде  өз  әлемін  айқынырақ,  дәлірек 
түсініп,  анығырақ  білуге  септігін  тигізуі  тиіс.  Шетел  тілін  интермәдени  коммуникация 
концепциясына  негіздеп  оқыту  барысында  оқушылар  өз  әлемін  тілін  оқып  отырған  елдің 
әлемімен  салыстыруға,  жат  әлемнің  өз  әлемінен  өзгешелігі,  оның  қызықтылығы  мен 
тартымдылығы неде, онда нендей құбылыстар түсініксіз, жат екендігі туралы ойлануға, сол 
туралы  сөйлеуге  бейімделуі  тиіс.  Сондықтан  оқып  үйреніп  отырған  тілдің,  сол  тілде 
сөйлейтін елдің мәдениетін білмей, оны меңгермей тұрып, сол тілде құзыреттілік біліктілікке 
қол  жеткізу  мүмкін  емес.  Бір  сөзбен  айтқанда,  интермәдени  коммуникация  құзыреттілігін 
орта мектеп оқушыларында қалыптастырудың, дамытудың алғышарттары мыналар [5]: 
3.
 
Жат  мәдениетті  түсініп,  өз  мәдениетін  саналы  түрде  меңгеру,  яғни  рецептивтік 
іскерліктер: басқа мәдениет өкілдерінің вербалды мен вербалды емес әрекеттерін түсіне білу; 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
209 
 
4.
 
Басқа  мәдени  орталарда  дұрыс  әрекеттену  іскерлілігін  дамыту,  яғни  өнімді 
іскерліктер  сөз  туындылары  мен  вербалды  емес  әрекеттерді  дұрыс  және  белсенді  түрде 
туындата білу. 
Орта  мектеп  оқушыларының  интермәдени-коммуникативтік  құзыреттілігін  шетел  тілі 
сабағында қалыптастырудың үлгілік базалық мазмұны мыналар [6]: 
Сөйлеу біліктілігі: Тіл мен сөз әрекетінің ара қатынасы. Сөз әрекетінің түрлері: ауызша 
және жазбаша. Сұхбаттық және монолог сөз. Сөз мәдениеті: шетел тілінің нормалары. Мәтін: 
тақырып,  негізгі  ой,  мәтін  бөліктері.  Мәтін  жоспары.  Мәтіннің  логикалық  құрылымы. 
Монолог  сөз  түрлері:  сипаттау,  хабарлама,  пайымдау.  Монолог  сөз  түрлерінің  тілдік 
ерекшеліктері.  Сөз  әрекетінің  түрлерін  қолдану  арқылы  монолог  құру.  Тілдің 
функционалдық  стильдері.  Тілдің  функционалдық  стильдерінің  жүйесі.  Ауызекі  сөйлеу 
стилі.  Тілдің  ғылыми  стилі.  Ресми  және  іскер  стиль.  Тілдің  публицистикалық  стилі.  Әдеби 
стиль. Әдеби мәтінге лингвистикалық талдау жасау. Сөйлеу жанрлары. Сөйлемдер айтқанда 
қарым-қатынас  жағдайын  ескеру:  қарым-қатынас  жасаудың  ресми/бейресми  түрлері, 
серіктестің  жас  немесе  әлеуметтік  ерекшелігі,  сөйлеуші  мен  серіктес  қарым-қатынасының 
сипаты.  Сөйлеу  этикеті.  Сөз  әрекетінің  коммуникативтік  қасиеттері.  Әртүрлі  жанр  мен 
стильдегі  мәтіндер  құру.  Іскер  әлемде  қарым-қатынас  жасау,  қазіргі  қоғамның  өзекті 
мәселелерін  талқылау  іскерліктерін  дамыту.  Әртүрлі  тақырыптарда  қарым-қатынас  жасау 
біліктері. Тілдің коммуникативтік қасиеттерін жетілдіру.  
Тілдік  біліктілігі:  Қазіргі  қоғамдағы  шетел  тілінің  функциялары.  Фонетикалық 
ерекшеліктер.  Дыбыстау  нормалары  мен  орфоэпия.  Орфография  және  фонетика.  Лексика. 
Сөз  және  оның  мағынасы.  Тақырыптық  лексикадағы  синонимдік  тізбектер  мен  антонимдік 
жұптар.  Акронимдер.  Кірме  сөздер.  Фразеология.  Фразеологияның  стилистикалық 
сипаттамасы. Сөзжасам. Түрлі сөз таптарының сөзжасамдары. Тілдің грамматикалық тізбегі. 
Морфология.  Сөз  таптары  және  олардың  орфографиялық  сипаты.  Синтаксистегі  сөз,  сөз 
тіркесі  және  сөйлем.  Сөйлемнің  грамматикалық  негізі.  Жай  сөйлем.  Салалас  құрмалас 
сөйлем.  Бағыныңқы  құрмалас  сөйлем.  Күрделі  сөйлемдегі  пунктуация.  Әртүрлі  стильдегі 
мәтіндердегі сөйлем түрлерінің қызметі.  
Әлеуметтік-мәдени біліктілігі: Тілін оқып жатқан елдің (елдердің) әлеуметтік-мәдени 
және мәдениаралық ерекшеліктері, ұлттық мәдениет ерекшеліктері: салт-дәстүрлері, этикеті, 
әлеуметтік топтары, тарихы мен мәдениеті және сөйлеу этикетін мәдениаралық байланыста 
қолдану.  Оқушылардың  дайындық  деңгейіне  қойылатын  талаптар:  оқушылар  меңгерілген 
лексикалық  бірліктердің  мағынасын,  бағалау  лексикасын,  тілін  оқып  жатқан  елдің 
мәдениетінің  ерекшеліктерін  сипаттайтын  сөйлеу  этикетінің  реплика-клишелерін;  негізгі 
сөзжасам  тәсілдерін;  фразалық  етістіктерді,  тұрақты  сөз  тіркестерін;  меңгерілген 
грамматикалық құбылыстардың сипатын білуі тиіс. Сонымен қатар ағылшын тілінің барлық 
дыбыстарын  дауыстылардың  қысқалығы  мен  ұзақтығын  сақтай  отырып  дыбыстауды; 
меңгерілген материал аясында лексикалық минимумды оқығанда және тыңдағанда ажырата 
алуды; тақырыптары аясында меңгерілген лексикалық бірліктерді сөз әрекетінде қолдануды; 
салалас  құрмалас  және  бағыныңқы  құрмалас  сөйлемдерді  ауызша  және  жазбаша  сөз 
әрекетінде қолдануды меңгеруі тиіс.  
Сөйлеу  біліктілігіне  сәйкес  оқушы  мыналарды  меңгеруі  тиіс:  қызықтыратын 
тақырыптар  аясында  хабарлама  жасау;  оқиғаларды,  әсерлерін,  үміттерін,  мақсаттарын 
сипаттау,  болашақтағы  жоспарлары  мен  өз  пікірін  білдіру;  ағылшын  тілі  ана  тілі  болып 
келетін адаммен қарым-қатынасқа еш қиындықсыз түсіп, жылдам сөйлеу; әртүрлі тақырыпта 
түсінікті,  толық  хабарламалар  жасау;  негізгі  мәселеге  өзінің  көзқарасын  білдіру,  әртүрлі 
пікірлердің жетістіктері мен кемшіліктерін көрсету; әңгімені бастау, әңгімеге қолайлы сәтте 
кірісу  және  әңгімені  аяқтау;  таныс  тақырыптағы  әңгімеге  қатысу,  талқыланып  жатқан 
мәселені  түсіну,  өзгелерді  әңгімеге  қатысуға  шақыру;  серіктестің  сауалдарына  жауап  беру 
және  сұрақ  қою,  өз  пікірін  білдіру,  өтініш  білдіру,  серіктестің  жасаған  ұсынысына  келісім 
беру  (келіспеу);  таныс  тақырып  бойынша  талқылауға  қатысу;  өз  пікірін  білдіру  және 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
210 
 
дәлелдеу; болашақтағы жоспарлары жайлы баяндау, өз қаласы (ауылы), өз елінің және тілін 
оқып жатқан елдің тарихы мен мәдениеті жайлы мәлімет беру; қоғамның өзекті мәселелерін 
талқылау; өзекті мәселе бойынша өз пікірін білдіру және дәлелдеу; меңгерілген тақырыптар 
аясында  оқиғаларды  сипаттау,  оқылған  немесе  тыңдалған  мәтіннің  негізгі  ойын,  мазмұнын 
баяндау,  өз  пікірін  білдіру;  ауызша  және  жазбаша  сөз  әрекетінде  синонимдерді  қолдану; 
әртүрлі  ғылыми-практикалық  конференциялар,  дебаттар,  дискуссияларда  ағылшын  тілінде 
баяндама жасау. 
«Тыңдалым»  әрекеті  бойынша  оқушы  меңгеруі  тиіс  қиын  емес  түпнұсқалық 
прагматикалық мәтіндердің негізгі мазмұнын түсіну және өзіне маңызды ақпаратты анықтау; 
сөз  әрекетінің  әртүрлі  коммуникативтік  түрлеріне  жататын  қиын  емес  түпнұсқалық 
мәтіндердің  негізгі  мазмұнын  түсіну,  мәтіннің  тақырыбын  анықтау,  мәтіндегі  басты 
оқиғаларды  анықтау;  мұғалімнің  нұсқауларын,  сыныптастарының  сөзін  дұрыс  қабылдау; 
қабылданған ақпаратты сөз әрекетінде қолдану.  
«Оқылым»  әрекеті  бойынша  оқушы  меңгеруі  тиіс:  шетел  тіліндегі  мәтінді  түсіну, 
тақырыбына  қарап  мазмұнын  болжау;  түрлі  жанрдағы  түпнұсқалық  мәтіндердің  негізгі 
мазмұнын  түсіну  (тақырыбын  анықтау,  негізгі  ойын,  басты  оқиғаларды,  оқиғалардың 
логикалық  ретін  айқындау);  түрлі  жанрдағы  қиын  емес  түпнұсқалық  мәтіндердің  негізгі 
мазмұнын  толық  түсіну,  оқыған  ақпаратқа  баға  беру,  өз  ойын  білдіру;  қажетті  немесе 
қызығушылық  тудыратын  ақпаратты  таңдай  отырып  мәтінді  оқу;  нақты  немесе  жалпы 
тақырыптағы қиын мәтіндердің жалпы мазмұнын түсіну. 
«Жазылым»  әрекеті  бойынша  оқушы  меңгеруі  тиіс:  сауалнамалар  мен  бланкілерді 
толтыру;  құттықтаулар  жазу,  үлгіге  сүйене  отырып  жеке  хат  жазу,  оның  өмірі  мен  қал-
жағдайын  сұрау,  өзі  жайлы  мәлімет  беру,  сөйлеу  этикетінің  нормаларын  сақтай  отырып 
алғыс  білдіру,  өтініш  білдіру;  қызығушылық  тудыратын  сұрақтар  бойынша  толық 
хабарламалар  жазу;  өз  ойын  дәлелдей  отырып  эссе,  баяндама  жазу;  маңызды  болып 
табылатын оқиғалар мен әсерлерді ерекшелей отырып хаттар жазу.  
Әлеуметтік-мәдени  біліктілігіне  сәйкес  оқушы  білуі  тиіс:  тілін  оқып  жатқан  елдің 
сөйлеу  этикетінің  нормаларын;  тілін  оқып  жатқан  елдің  мәдениеті  мен  тарихын,  ұлттық 
мейрамдары,  АҚШ  пен  Ұлыбританияның  мемлекеттік  құрылымындағы  ерекшеліктері; 
меңгеруі  тиіс:  ағылшын  тілі  ана  тілі  болып  келетін  адаммен  ауызша  және  жазбаша  сөз 
әрекетінде  өзара  түсіністікке  қол  жеткізу;  шет  елдегі  құрбыларымен  мәдениаралық  және 
тұлғааралық қарым-қатынас орнату; ақпаратты жеткізудің шет тіліндегі көздері арқылы әлем 
мәдениетінің  құндылықтары  жайлы  ақпарат  алу;  өз  елінің  және  тілін  оқып  жатқан  елдің 
мәдениеті жайлы монолог сөз айту. 
Жоғарыда берілген базалық мазмұн негізінде жеке-жеке біліктіліктерге үйрете отырып 
орта  мектеп  оқушыларының  интермәдени-коммуникативтік  құзыреттілігін  соңғы  нәтиже 
ретінде  қарастырып  дамытуға  мүмкіндік  береді.  Мұндағы  оқытушының  басты  рөлі  – 
тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан-жақты зерттелетін, сараланған білім беру үлгісінің 
басым  бағыттарын  айқындау,  нәтижесінде  еліміздің  әлемдік  өркениетке  негізделген  білім 
саясатының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру. Осыған орай,  құзыреттілікті нәтижеге 
бағытталған  білім  беру  жүйесінің  сапалық  критерийі  ретінде  қарау,  зерттеу  бүгінгі  күн 
талабы болып отыр. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет