Тілеубаев шамек баянҧЛЫ



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата03.03.2017
өлшемі0,96 Mb.
#6206
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
!   9/10 киргизских подаются зря, по научению сутяг от 
нечего  делать  подателям…»  (Алекторов  А.Е  указать.    кн.  журнал  и  газетн. 
статей и заметок о киргизах). 
Этот очерк положения степи относится к началом 90 г.г.  с тех пор прошло 
около 20-ти лет. Так как  против деморализации степи  никаких мер принято не 
было,  а  выборная  горячка  у  киргиз  год  от  году  все  усиливаются  все 
ожесточеннее,  то  деморализация  степи,  не  в  стегая  никаких  препятствий  на 
пути  своего  развития,  достигла  кульминационного    пункта....»  [76].  А. 
Байтұрсынұлы  Қарқаралыдағы  орыс-түзем  училищесінің  меңгерушісі  болып 
тұрған  кезінде  1909  жылы    жандармерияның  ұйымдастыруымен  жалған  жала 
жабылып түрмеге түскен еді. Оған 1908 жылы «үкіметке қарсы үндеу таратты» 
деген айыппен ұсталып жер аударылған алаштың тағы бір кӛрнекті зиялысы Ж. 
Ақпаевты  босатуға  хат  жазып  оған  қол  жинады,  салық  тӛлемеуге,  халықты 
орыс  үстемдігіне  қарсы  кӛтеріліске  шығуға  үгіттеді,  т.б.,  айыптар  таққан 
болатын.  Ол  жӛнінде  А.  Байтұрсынұлы:  «...В  конце  декабря  1908  года 
административным порядком выслан из пределов степного края киргиз Акпаев, 
вследствие  поступивших  на  него  доносов,  как  говорили  слухи,  от  6-  ти 
киргизских волостей, обвиняющих его в противоправительственной пропаганде 
среди  киргиз.  Способ  обвинения  (противоправительственная    пропаганда)  и 
способ наказания (без суда) показались моим недоброжелателям самым верным 
и целесообразным способом для  удовлетворения затаѐнного их чувства мести. 
И стали они обвинять меня: и в составлении приговора о возвращении Акпаева 
из ссылки, и в собрании к нему подписей, и в учении о неплатеже податей, и в 
возбуждении  киргиз  к  восстанию  против  владычества.  Русского  с  обещанием 
им,  в  случае  восстания,  помощи  Китая  и  Афганистана,  и  в  учении, 
возбуждающим  вражду  между  киргизами  и  русскими,  словом,  обвинители 
хотели изобразить  из меня: либо одухотворенного пропагандиста, мечтающего 
воссоздать  из  киргизской  степи  самостоятельное  государство,  либо  мальчика 
немеющего  представления  о  русской  империи,  ни о  киргизской  степи.  Первое 
могло  бы  быть  близко  к  истине,  если  я  страдал  бы  манией.  Второе    могло  бы 
соответствовать действительности, если бы мне было не 37 лет, или если я не 
получил образования; хотя небольшого, но вполне достаточного для понимания 
разницы  между  Российской  Империей  и  киргизскою  степью....»-деп  жазады 
[77].  Ал  шын  мәнінде  отаршыл  жүйе  ел  арасындағы  кӛзі  ашық,  оқыған  зиялы 
қауым  ӛкілдерін  қоғамнан  аластау  үшін  де  осындай  неше  түрлі  айла-тәсілдер 
қолданғанды.  Ж.  Ақпаев,  А.  Байтұрсынұлы,  т.б.,  сияқты  ел  мүддесін  ойлаған 
озық  ойлы  тұлғалардың  халықтың  санасын  оятуынан  қорыққан  патша 
чиновниктері осындай «істер» ұйымдастырып отырды.     
Түркістан  ӛлкесіндегі  кӛтерілістің  мәселелерін  талқылаған  Ресей 
Мемлекеттік  думасының  1916  жылғы  13-15  желтоқсандағы  отырыстарында 
баяндама  жасаған  депутаттардың  бірі  князь  Мансыров  Ресей  отаршылдығы 
тұсында  ӛлкеде  қалыптасқан  келеңсіз  құбылыстарды:  «...Бывали  случаи  в  мое 
пребывание там, что волостной управитель, получающий по закону  жалования 

 
 
32 
не больше 500 руб., должен был истратить до 30 тыс. рублей для выбора своего 
в  должность  волостного  управителя,  а  срок  его  службы  трехлетний,  и 
следовательно,  можете  себе  представить,  сколько  он  должен  был  вернуть  с 
местного  населения,  чтобы  уплатить  эти  30.  000  р,  затраченных  им  при 
выборах. Взяточничество уже здесь достаточно было описано прежде говорив-
шими  депутатами,  я  только  подтверждаю  с  своей  стороны  все  то,  что  они 
сказали,  но  кроме  неудачного  состава  административного,  русского,  и 
судебного,  самую  пагубную  роль  в  управлении  местного  края  играло 
архаическое,  совершенно  неприноровленное  к  действительным  условиям 
жизни,  устаревшее  и  безграмотно  написанное  положение  об  управлении 
Туркестанским краем,...»- деп атап айтады [78].   
Тек  сайлау    науқандарында  ғана  емес  басқа  уақыттар  да    патша  
чиновниктері  ойына  келген  озбырлығын  істеп,  небір  сорақылықты  жасап,  
халықты    айтқанына    кӛндіріп,    айдағанына    жүргізіп,  адам  айтқысыз  ауыр 
халге түсірген патша ӛкіметінің отаршыл саясаты ХХ ғасырдың басында гүлдеу 
шегіге жеткен еді. Ол туралы Алаш зиялысы М. Дулатұлы ОГПУ тергеушісіне 
берген  жауабында:  «Қазақ  бұқарасы  губернаторлар  мен  уезд  бастықтарын 
айтпағанда ең тӛменгі урядниктің алдында діріл қағып, адам тӛзгісіз қорлыққа 
шыдады,  оның  мұндай  халге  жетуіне  ӛз  арасынан  шыққан  надан  тілмаш-
чиновниктер,  болыс  басқарушылары  және  басқалары  ӛз  «үлестерін»  қосты; 
ауыр  салық,  зорлық-зомбылық,  парақорлық,  ӛсек  айту  үйреншікті  жағдайға 
айналды;  қазақ  әйелдері  күң  жағдайында  ӛмір  сүрді,  ең  құнарлы  жерлер 
ешқандай  да  есепсіз  қоныс  аударушыларға  алынып  беріліп,  ал  қазақтар  болса 
шӛлді-шӛлейтті  жерлерге  ығыстырылды;  патша  ӛкіметі  мектептер  ашуға 
қамқоршы  болудың  орнына,  қазақтарға  ӛздері  жинаған  қаржыға  да  мектеп 
салуға  тиым  салды;  ....Қазақ  елі,  міне,  осындай  түнекте  ғұмыр  кешті.  Патша 
ӛкіметінің  отаршыл саясаты гүлдеу шегіге жетті.» - деп кӛрсетеді  [79].
 
 
Отандық  тарих  ғылымында  аталмыш  мәселелерді  жаңа  кӛзқарас 
қалыптастыруда 
М. 
Қойгелдиевтің  "Алаш  қозғалысы"  атты  еңбегінің 
орны 
ерекше  екенін  атап  айтуымыз  керек.  Онда 
автор  XIX  ғасырдың  соңы 
мен 
XX 
ғасырдың бас кезінде патшалық биліктің Қазақстанды отарлау саясатын талдап, 
қазақ  облыстарындағы  отаршыл  әкімшіліктің  қызметіне  тың  тарихи  деректер 
негізінде  кең  түрде 
кӛңіл 
бӛле  отырып: 
"Шамамен  екі 
ғасырға  жуық  мерзімде 
қалыптасқан  басқару  жүйесінде  жергілікті  халықтың  билікке  тартылуы 
мемлекеттік 
аппараттың ең 
тӛменгі болыстық басқаруымен шектелді. 
Бұл 
қазақ 
елін  саяси  биліктен  аластату  ғана  емес,  сонымен 
бірге 
қазақ  қоғамын  іштей 
ірітуге 
қадам  да  еді. 
Ӛйткені, 
бұл  жүйе,  біріншіден,  мемлекеттік  басқарудан 
аластанған  халық  санасында  ӛзін-
ӛзі 
басқару  туралы  сенімді  біржола  жойып, 
басқару аппараты, оның негізгі иесі ұлыдержавалық  ұлттық  билеуші топтары 
алдында құлдық сана қалыптастыруға тиіс болатын. Екіншіден, бұдан былайғы 
уақытта  жергілікті  халықгың  күнделікті  тіршілігінде  туып  отыратың 
мәселелермен  тікелей  айналысатын  ең  тӛменгі  әрі  негізгі  басқару 
буыны 
— 
болыстық  управитель  қызметі  мен  оның  кӛмекші  орындары  отаршы 
әкімшіліктің  тікелей 
шебер 
қолдауымен  түрлі  топтар  мен 
күштердің 

 
 
33 
арасындағы  таусылмас  талас  объектісіне  айналды. 
Бұл  талас 
қазақтардың 
ӛз 
арасында  рулық  негізде  бӛлініп-жарылуына  тікелей      жол      ашып,      ұлттық   
тұтастыққа      кӛшуіне      үлкен      нұқсан    келтірді"-деп  қорытынды  жасап, 
  әділ 
баға 
береді 
[80].  
Отаршыл аппараттың жергілікті халықпен  арақатынасының мұндай болуы 
1916  жылғы  кӛтерілістің  шығуының  негізгі  әлеуметтік-саяси  себептерінің  бірі 
болды. 
Мұндай  әлеуметтік-саяси  ӛмірдегі  қайшылықтар  күннен-күнге  тереңдеп, 
жергілікті  халықтың  отаршыл  жүйеге  деген  наразылығын  күшейте  түсті.  Оған 
қоса  ӛлкеде  отарлық  билік  тұсында  қалыптасқан  саяси-экономикалық 
жағдайларда  шиеленісіп,  Жетісудағы  қазақ  және  қырғыз  халықтарының  1916 
жылы кӛтеріліске шығуға итермелеген мәселелердің негізіне айналды. 
1916 жылғы кӛтерілістің шығуының ең басты себептерінің бірі Жетісудағы 
жер  мәселесі  болатын.  Бұл  мәселе  1916  жылдың  қарсаңында  тіптен 
шиеленіскен еді. 
1891 жылғы   Ақмола,  Семей,  Жетісу,   Орал  және  Торғай  облыстарын  
басқару  туралы  Ереженің 119 бабы бойынша,  яғни  «кӛшпенділер  иеленген  
жерлер    және    ол    жерлерге    қатысты    нәрселердің    барлығы,    оның    ішінде  
орман    да    мемлекеттік    меншік    болып    танылады»-деп    бекітілді  [81]. 
Осылайша    отаршыл  жүйе  ғасырлар    бойы    иеленіп    келе    жатқан    қазақ  пен 
қырғыздың  жерлерін    маған    не    істей    аласың    дегендей    мемлекет    меншігі,  
яғни,  Ресей  империясының  меншігі  деп  жариялады.  Ал  осы  ереженің  120 
бабында  «Кӛшпенділер отырған   жерлер  осы  ереженің  тәртіптері  негізінде  
кӛшпенділерге  қауымдық    пайдалануға    мерзімсіз  қалдырылады»–деп  
халықтың   ӛз   жерін  ӛзіне    «қайыр»   етіп   бергендей   кӛрсетеді. 120 бабында  
«Қыстақтар    және    ӛңделетін    жерлер    әрбір    болыстық    және    ауылдық  
қауымның  жеке  пайдалануына  мерзімсіз  беріледі.  Егер  келіспеушілік  болса,  
онда    мал    басының    санына    және    шаруашылық    мӛлшеріне    қарай  
пайдалануға  беріледі»  – деп  жергілікті халыққа «жағдай»  жасағандай  болады 
[82]. Бірақ  бұл   халық  арасында  келіспеушілік  болатынын  біле   тұра  әдейі  
жасалған    шара   болды.    Сӛйтіп,    тағы    да   халықты    бір-біріне    айдап    салып  
араздастыру  еді. Тӛрелікке  келгенде  біріне  «басу»  айтып,  екіншісіне  «қасу»  
айтып    жүргізіп    отырған    сұрқия  саясаттың    бір    ұштығы    екенін    айқындай  
түседі.    Х1Х  ғасырдың    екінші    жартысында    ықпалы    күшейе    түскенін  
жергілікті  халықтың  жайылымдары  мен  шабындықтарын  иесіз   жатқан  жер  
ретінде    тартып    алып,    күш    кӛрсетуін    байқата    Батыс    Сібір    генерал-
губернаторы    Гасфорттың    1853    жылғы:  «Ресей    бодандығындағы  
қырғыздардың    жері    олардың    меншігі    емес,    сол    жерді    шет    елдіктерден  
әскермен    қорғап,    қырғыздарға    мұрсат    беріп    отырған    үкіметтің    иелігіне  
жатады»  [83]  -  деген    болжамын    осы    1891  жылғы    Ереже    шындыққа  
айналдырып,    Қазақстанның    толық    Ресейдің    отарына    айналуын  
«заңдастырып»  берді.  Жетісу  Ресейге  қаратылғаннан  кейін  бұл  ӛлкені  тез  
арада  отарлау  шаралары  жүргізіле  бастады.  Осы  мақсатта  Жетісуға  бірінші  
болып  қоныс аударып келген  Сібір  казак-орыс  әскерлері  болды.  1867 жылы  

 
 
34 
орталығы    Верный    болған    ӛзіндік    Жетісу    казак-орыс    әскерлері    құрылды.  
Казак    станцияларының    ӛсуі    ХІХ  ғасырдың    екінші    жартысынан    ХХ 
ғасырдың  басына  дейін  созылды.  1900 жылы  Жетісуда  11 казак  станциясы  
және    17    селосы,    ал    1913  жылы    18  станицасы    және    16  селосы    болды.  
Жетісу  казактарының  ерлер  мен  әйелдер  саны 1880 жылы  20206 болса, 1890 
жылы  23791, 1900  жылы  29398,  1910 жылы  38557  адамға  дейін  жетті [84]. 
Казактардың  саны  жылдан-жылға  есіп  қана  қоймай,  оларға  сонымен  қатар  
ерекше    әскери    сословиелік    артықшылықтар    мен    құқықтар    пайдалануға  
берілді.  Әрине  осындай  қарқынмен  ӛсіп,   артықшылықтар  беріліп  отырған  
Жетісу  казактарын  жермен  қамтамасыз  ету  де  ерекше  болған.  Оларға  жер  
жергілікті    халықты    ең    жарамды,    құнарлы    жерлерімен    ығыстыру    арқылы  
бӛлініп   отырды.    Мұндай    әрекеттердің   кең    етек    алып    отырғанын    Жетісу  
әскери    губернаторының    ресми    жазбаларында    жасырылмайды.  «Казак  
станцияларына    жер    қырғыздардың    ең    жақсы    жайылымдары    мен  
шабындықтары    есебінен    беріліп    отарды.    Ал    жергілікті    қазақтар  мен 
қырғыздарға  шығын  болған  жері  үшін  аралық  болыстардан  жер  қарастыру  
шаралары    да    іске    асырылмады  [85].  1913  жылы    Жетісу    казак-орыс  
әскерлерінің    иелігінде    662092    десятина  кӛлемінде  жер    болды  [86].    Олар  
негізінен  стратегиялық  маңызы  бар  аймақ  деп  саналатын  Верный,  Лепсі,  
Жаркент  және  Қапал   уездерінен  алынған.  Ал  Пішпек  және   Прежевальск  
уездеріне  казак  станицалары  мен  поселкелері  болмады. 
Казактар    мен    отарлаудың    бірінші    кезеңі    негізінен    стратегиялық  
пунктер,  яғни  станицалар  мен  селолар  түрінде  болса,  ал  екінші  кезеңінде  
селолар    негізінен    осы    пункттердің    жол    қатынасы    бойына    салынды.  
Осылайша    болашақта    орыс    шаруаларымен    отарлаудың    саяси-әскери  
мақсаты    кӛзделген.    Сонымен    қатар    патша    әкімшілігі    жергілікті    халық  
тарапынан    болатын    қауіптен    де    сескенген-ді.    Генерал    Колпоковскийдің   
пікірінше  «Казачество  тиімді  әрі  қажет.  Олар  кӛшпенділердің  барымталары  
мен    тонаушыларынан      қорғануға    былайша    айтқанда    қазақтар    мен  
қырғыздардың    жаугершілік    қозғалыстарына    қарсы    тұруда    үлкен    роль  
атқарады» [87] дегенінде  үлкен  мән  бар.  Ӛйткені  әскери  күштер  қазақтар 
мен қырғыздарды отарлауға  қарсы  шыққан  әрбір  қозғалысын  басуға,  сӛйтіп  
орыстардың      қазақ    даласына    еркін    ішкерлей    енуіне    жағдай    жасайтын   
сенімді  тірек  болды.  Патша  әкімшілігінің   қоныс аудару  саясаты  бойынша  
Х1Х ғасырдың  екінші  жартысында  Түркістан  ӛлкесінің  генерал-губернаторы  
Кауфман    және    Жетісу    облысының    әскери    губернаторы    Колпаковский  
казачествомен  отарлаудан  да  переселен  шаруалармен  отарлау  тиімдірек  деп  
есептеді.    1869    жылы    Колпоковский    Кауфманның    нұсқауымен    Жетісу   
облысын  отарлаудың  жоспарын  жасады.  Ол  бойынша  облыстың  бес  уезіне  
1345  семьялық    33  поселка    оған    қосымша    переселендердің    тӛңірегінде    10 
семьядан  475  семьялық  47  бекет  құру  белгіленді  [88].       
Барлығы    1815    семьялық    орыс    шаруа    переселендерінің    80    пунктін  
орнықтыру    жоспарланды.    Бұл    жоспар    1882  жылы    артығымен    орындалған  
жалпы  1868 жылдан  1882 жыға  дейін  1875  семья  қоныс  аудару  керек  деп  

 
 
35 
жоспарланса,    оның    орнына    13617    адамнан    тұратын    1718  семья    кӛшіп  
келген [89]. 
Колпаковскийдің  жоспары  80-жылдардың  басында-ақ  орындалғанымен  
1883  жылдан    1885    жылға    дейін    облыста    басқа  орыс    елді    мекендері  
құрылмады.  Бұл  кезеңдерде  шаруалардың  қоныс  аударуы  баяулаған.  Бірақ  
90-жылдардың    басындағы    Россиядағы    болған    ашаршылықтан    кейін  
Жетісудағы    ӛз    еркімен    қоныс    аударушы    орыс    шаруалардың    қарқыны  
күшейе    түсті.    Осы    жылдардан    кейін    Жетісуды    шаруалармен    отарлау  
басқаша  сипатқа  ие  болды.  Алғашқы  жоспарды  «артығымен»  орындағаннан  
кейін,    енді    жоспардан    «тыс»    келген    шаруаларды    орналастыру    патша  
әкімшілігіне    біраз    қиындықтар    тудырды.    Осыдан    кейін    патша    әкімшілігі  
ӛлкеден басы  артық  жер  іздей  бастады.  Ал  оған  дейін  1896 жылы Жетісуға  
ӛз  бетімен  келушілер  үшін  жол  жабылды,  бірақ  бұл  шаралардан  кейін  де  
Жетісуға   «ӛз  бетімен  келуші» орыс  шаруаларының  (крестьяне самовольцы) 
толқыны    тоқтамады.    1896  жылдан    1909  жылға    дейін    Жетісуға    тағы    да  
17911 орыс  шаруа ӛз  бетімен  келді.  1910-1914  жылдар  аралығында  47 610 
шаруа,  барлығы  65 521  шаруа  қоныс  аударды [90]. 
Кейінгілер    1911  жылы    Жетісуға    қайтадан    қоныс    аударуға    рұқсат  
етілгеннен    кейін    келе  бастады.    Оған    дейін    отаршыл  әкімшілік  тарапынан 
ӛлкеден  «басы    артық    жер»    табу    үшін    біраз    шаралар    істелінген.    Сондай  
үлкен  шараның  бірі – орыс шаруалары  үшін  әлеуметтік-экономикалық  негіз  
дайындаған    Шербина    экспедициясы    болды.    Одан    кейін    жер-жерлерде  
қоныс  аудару    басқармалары    мен    партиялары    құрыла    бастағаны    белгілі.      
1905  жылы   «Жетісу  переселендер  учаскесін  дайындау  партиясы»  құрылды.  
Ол  қазақтар  мен  қырғыздарды  отырған  жерінен  ығыстыру  арқылы  қоныс 
аудару    қорына    жер    игере    бастады.    1908  жылғы    деректерге    қарағанда  
Жетісудағы    кӛшпенділерден    955  қыстау    алынып    қоныс  аударушы  орыс 
шаруаларына  берілген.  Сонымен    қатар    су    кӛздері,    ормандар    да    алынып 
отырған [91]. Тек  1906-1914  жылдар  аралығында  Жетісудағы  қазақтар  мен  
қырғыздардан  2 миллион  703 мың  десятина  жер  алынды  [92].
 
Бұлар  әрине  
ӛңдеуге  пайдалы, ең  құнарлы  жерлер болатын.   
Жер  мәселесіне  арналған  еңбектердің  арасында  отарлық  билік 
орындарының  жергілікті  халықгың  пайдалануындағы  жерлерді  орыс 
шаруаларына  тартып  әперудегі  зорлық-зомбылықгары  мен  айла-әрекеттерін 
айыптау  да  кездеседі.  Мәселен,  О.А.  Шкапский  мен  Т.  Седельниковтың 
еңбектерінде  [93]  қоныс  аудару  мекемелері  шенеуніктерінің  қазақтар 
иелігіндегі құнарлы жерлерді тартып алуына жергілікті билік орындарының еш 
қарсылық  кӛрсете  алмауы,  керісінше,  оларға  ізгі  ниеттілік  танытылуы 
айтылған. 
Осыншама    мӛлшерде    жарамды    жерлерді    кӛп    қиындықсыз    иеленіп  
отырған    соң,    казактар    да,    қоныс  аударушы    шаруалары    да  жерді    қалай  
болса,  солай  пайдаланып  құртып  жіберуге  дейін  барған.  Бұл  жӛнінде  мына  
деректерде  анығырақ  айтылады «Жетісуды  казактармен  отарлаудың  келеңсіз  

 
 
36 
зардаптарының  бірі  олардың  тез   арада  жарамды  жерлер  мен  алқаптарды  
және  аяқ  жетер  жерлердегі  ормандарды  құртып     жіберуі   еді»  [94].   
Бұдан  отарлаушылардың  ӛлкені  басып  алғанымен  тұрмай,  жерді  және  
жер  байлығын  ысырапсыз  пайдаланғанын  байқаймыз.  
Қалыптасқан  мұндай  келеңсіз  құбылыстарды  Түркістан  генерал-
губернаторы  Куропаткин  патшаға  жазған  мәлімдемесінде:  «Среди  других 
народностей,  населяющих  Туркестанский  край,  киргизское  население, 
составляющее  до  2  615  тысяч  душ,  является  наиболее  бесправным 
относительно пользования землею. По существующему закону, земли, которые 
ныне обеспечивают  существование киргизского населения при кочевом образ 
жизни,    признаются  государственную  собственностью    и  излишки  их  могут 
поступать в распоряжение казны. Слишком широкое толкование о размере этих 
излишков, особенно с 1904 года,  повело к тому, что у киргизского  населения 
были отобраны огромные площади земли, частью ему жизненно необходимые,  
для  образования  русских  селений,  казенных    скотоводческих  участков    и 
казенных  лесных  дач  –  единственного    владения  казны.  Это  явление  было 
отмечено уже при  ревизий сенатора  графа Палена, но на его не было обращено  
должного  внимания.  Но  и  на  той  земле,  которая  оставлена  киргизскому 
населению  в постоянное пользование, это население стеснено в распоряжении 
этою    землею  лесною  стражею.  Многочисленно,  дурное    материально 
обставленная  и  лишенная  должного  контроля,  эта  стража  является  бичом 
населением.  По  всем    областям  при  объезде  края  мне  принесены  на  лесных 
объездчиков  многочисленные  жалобы.  Старшие  чины  лесного  ведомства 
признают наличность этих злоупотреблений, но без  улучшения материального 
положения этой стражи, увеличения числа  ее и точного определения границы   
казенных  дач  не  видеть  возможности  прекратить  притеснения  и  поборы,  
чинимые  лесною  стражею    даже  на  землях,  оставленных  в  пользовании 
кочевого населения.» - деп ӛзі де мойындаған болатын [95].
 
 
Осындай  келеңсіздіктерге  қарамастан  Жетісуға  қоныс аударушылардың  
келе    бергендігінен    оларды    жермен    қамтамасыз    ету    де,    барған    сайын  
күрделілене  түсті.    Олардың    бәрін    жермен    қамтамасыз    ету    мүмкін  
болмағандықтан    шаруалар    жер    алу    үшін    кезекке    тұра    бастады.    1913  
жылдың    ақпанында    1214,    1914  жылдың    ақпанында    9080,  1915  жылдың  
ақпанында    4901  қоныс  аударушы  орыс    шаруаның отбасы    кезек    күткен    еді 
[96].
 
Осы    кезеңде    жарамды    жерлермен    қамтамасыз    етіліп    отырған    орыс  
шаруаларының   жағдайы   осындай   болғанда  қазақ  пен қырғыздың  жағдайын    
мүшкіл    халінің    қандай    екенін    айту    да    қиын.  Осы  айтылған  мәселелер 
қазақтар мен қырғыздардың 1916 жылы кӛтеріліске шығуына негіз қалады.   
Ендігі      тоқталатын    үлкен    мәселенің    бірі    1862-1876    жылдары  
маньчжурларға    қарсы    кӛтеріліс    басып-жаншылғаннан    кейін        Солтүстік  
Батыс  Қытайдан  Жетісу  территориясына  қоныс аударып  келген  дүнгендер  
мен  ұйғырлар  мәселесі  болып  табылады.  Олардың  басым  кӛпшілігі  Шығыс  
Түркістаннан    келіп,    Жетісуға    орналасқаннан    кейін    Ресей    бодандығын  
қабылдады.  1871 жылы  Ресей империясының генерал Колпаковский бастаған  

 
 
37 
әскерлері    Іле    сұлтандығын    жаулап    алды.    Оның    орталығы  Құлжа    қаласы  
болды.  1881 жылғы  келісім  шарт  бойынша  Іле  ӛлкесі  Қытайға  қайтарылып  
берілді.  1884 жылы  бұл  ӛлкеден  Жетісуға  45373  ұйғыр  және  4682 дүнген  
қоныс  аударды [97]. Анығырақ  айтқанда  Верный  уезіне  26124 ұйғыр, және  
1126 дүнген  Жаркент  уезіне  19209 ұйғыр  және  1347 дүнген  барлығы  47346 
ұйғыр  мен  дүнген  келді [98].  
Екі  мәліметтің  айырмашылындағы  2473 адам  1884 жылдан  кейін  келген  
болатын.    Жалпы    бұл    қоныс    аударушыларды    екі    толқынға    бӛліп   қарауға  
болады.    Бірінші    келушілер    негізінен    шаруашылығы    нашар    кедейлер    еді.  
Ал  екінші  толқында  келушілер  біріншісіне  қарағанда    ауқаттырақ  кӛрінеді.  
Біріншілерінде    1,171  бас    мал    болса,    екіншісінде    3,165  бас    мал    болды.  
Бұлардың    ішінде    малы    кӛптері    де    болды,    немесе    соқа    басын    сүйретіп  
келгендері    де    болды.    Жалпы    1880    жылдардың    аяғына    дейін    Жетісуға  
қоныс    аударған            ұйғырлар    мен    дүнгендердің    45918    адамдық    9431  
отбасына  жергілікті  қазақ  пен  қырғыздың  есебінен    жер    бӛлініп    берілді.  
Олардың  иелігінде  181 318  десятина  жер  болған [99]. Ұйғыр  мен  дүнгендер  
де  ӛлкенің  «бұратана»  халқының  қатарына  қосылып,  отарлық  езгіге  түсті.  
Алайда  патша  әкімшілігінің    оларға  жерді  байырғы  халық  есебінен  беріп,  
халықтар    арасында    қайшылық    туғызуға    тырысты.    Бұл    жағдай    да    жер  
мәселесін  қиындатты.  Осылайша  Жетісуды  отарлаушы жүйенің  орыс   қоныс 
аударушылары  мен  қоса  ұйғырлар  мен  дүнгендерді    әкелуіне    байланысты  
ұлтаралық  қатынас    мәселесі    де    қиындай  түсті.    Мал    шаруашылығымен  
айналысатын  қазақ  пен  қырғыз  шаруашылығының  жағдайы  барған  сайын  
нашарлады.    Ӛлкеде    Верный    уезінің    84,17    проценті,    Қапал    уезінің    71,8  
проценті,  Лепсі  уезінің  79  проценті,  Жаркент  уезінің  96,4  проценті,  Бішкек  
уезінің    84,9    проценті    мал    шаруашылығымен    айналысатын    болғандықтан  
мал    ӛрісі    де    шабындық    жерлердің    кӛлемі    де    ӛте    тарылды.    Соның  
салдарынан  мал  басы  кӛп  шығынға  ұшырап,  малмен  күн  кӛріп  отырған  
халықтың    жағдайы    күрт    нашарлай    түсті.    Сондықтан    халық    енді    жер  
ӛңдеумен  де  айналыса  бастады.  Жалпы  Жетісуда  егістік  жерлер 1900  жылы  
300  399    десятина    жер    болса,    1913    жылы    662  475    десятинаға    дейін    ӛсті.  
Оның  ішінде  қазақ  пен  қырғыз  халықтарының  үлесіне  183 866-дан  341 812  
десятина  жер  тиесілі  болды [100].  Бірақ  осы  жерлерден  түскен  ӛнім  ӛте  
тӛмен    деңгейде    болды.    Мал      шаруашылығымен    салыстырғанда    түсетін  
ӛнімнің  ара  қатынасы  мынадай  еді: Верный  уезінде  мал  шаруашылығынан  
53,7    процент,    жер    ӛңдеуден    25,5  процент,    Қапал    уезінде    мал  
шаруашылығынан  61 процент,  жер  ӛңдеуден  24,3  процент,  Бішкек  уезінде  
мал    шаруашылығынан    56,7    процент,    жер    ӛңдеуден    16,6    процент    ӛнім  
түсетін    [101].    Бұдан    байқайтынымыз    қазақ    пен    қырғыз    тұрғындарының  
жер    ӛңдеуге    икемделе    қоймағаны,    әлі    де    болса    дәстүрлі    мал  
шаруашылығын    дамытып    отырғандығы.    Сонымен    қатар    екінші    бір    айта  
кететін  нәрсе  ол  жер  ӛңдеуге  қажетті  құрал-сайман  тапшылығы  да  кӛрініс  
тапқан    болатын.    Ӛңделген    жерден   ӛнімнің    аз    түсуіне    әсер  еткен    фактор  
жердің    басым    кӛлемінің    құнарсыздығы    болды.    Ӛйткені    оның    себебі  

 
 
38 
жоғарыда  айтып  ӛткендей  жердің  жарамды  құнарлы  бӛлігінің  орыс  қоныс 
аударушыларының  үлесіне  тиесілі  болуында  еді. Кӛтерілістің шығуына түп-
тамырында осындай шиеленіскен жер мәселесі жатты.   
Жетісудағы 1916 жылғы кӛтерілістің шығуына себеп болған   мәселелердің  
қатарында  салық  пен   сауда  қатынасын да айта кетуге болады.  
1867  жылы  енгізілген    «Уақытша    ереже»    бойынша    қазақ    пен    қырғыз  
кӛшпелі  тұрғындарына  2 сом  75 тиын,  ал  1891  жылғы  «Ереже»  бойынша  4 
сом    мӛлшерінде    түтін    салығы    салынды.    Салық    оны    тӛлеушінің  
шаруашылық    жағдайына,  әлеуметтік  мүмкіндігіне    қарамастан    алынатын  
болды. Негізінен  Жетісудан  сыртқа  тасымалданатын  ӛнімнің  түрі  мал  мен  
астық  ӛнімдері  болатын.  1908  жылғы  мәліметтерге  сүйенсек  Жетісудан  38 
644 жылғы,  105 212 бас  ірі  қара  және  1 миллион  596 мың  375 тұяқ  қой-
ешкі    сыртқа    шығарылған.    Ал    астық    ӛнімдерінен    1  миллион    34  мың    пұт  
бидай,  75 мың  пұт  арпа,  85   пұт  мың  күріш  шығарылған   [102].  Мұның  
бәрі  әрине  жергілікті жерден арзан бағаға сатып алынып  орталықтағы  Ресей  
халқын  асырауға  жӛнелтіліп отырды.  
1914    жылы    Ресейдің    қатысуымен    басталған      бірінші    дүниежүзілік  
соғыс  ішкі  Ресей  халқының  да,  шет  аймақтардағы  «бұратана»  халықтың  да  
жағдайына  қатты  әсер  еткені  белгілі.  Шаруашылық  күйзеліп,  егіс  кӛлемі  
азайып,  оның  ӛнімі  күрт  тӛмендеді,  мал  саны  кеміді.  Соғыс  қисапсыз  кӛп  
шикізатты,    азық-түлікті,    малды,    тағы    сол    сияқты    материалдық    игілікті  
қажет    етті.  Ӛлкеде  жергілікті  ӛнімдер  арзан  бағада  қала  отырып,  сырттан 
тасымалданатын ӛнім қымбаттап халықтың шаруашылығы күйзеліп, әл-ауқаты 
нашарлай  түсті.  Сырттан  келетін  тауарлардың  бағасы  ӛте  қымбат  болған. 
Импералистік  соғыс  жылдарында  ӛлкеде  экономикалық  күйзеліс  пен  қатар  
халықтарды    саяси    езуде    күшейе    түсті.    Соғыстың    алғашқы    күндері-ақ  
патша    үкіметі    ӛлкеде  «тӛтенше    жағдай»    енгізді.    Далалық    генерал-
губернатордың    ерекше    қаулысымен    Сібір    темір    жолының    бойында  
«жиналыс,  ереуіл,  жұмыстан  бас  тартуға  салатын  әскери  жағдай»  енгізілді.  
Патшаға  қарсы  шығып  ереуіл  жасауға  және  оған  шақыруға,  жалпы  патша  
әкімшілігінің    қызметкерлеріне    қарсы    шыққан    кінәлілер    ӛлім    жазасына  
кесілетін  болды.    1914  жылдың    әскери    министрдің    арнайы    жарлығымен  
Далалық    генерал-губернаторға    ерекше    құқылар    беріліп,    басылымдарға  
әскери  цензура  қойылды [103].  
Соғыстың    алғашқы    үш    жылында    Түркістан    ӛлкесінен    ӛте    кӛп  
мӛлшерде  мақта  мен  мақта майы,  474 мың  балық,  299 мың  пұт  сабын,   70 
мың  жылқы,  13 мыңға  жуық  түйе,  38 пұт мың  шаршы  кез  киіз,  441 киіз  үй  
алынды  [104].    Уақыт    ӛткен    сайын    халықты  майданға    байланысты    тонау,  
қанау  саясаты  күшейе  түсті.  Халықтың  әл-ауқаты  күннен-күнге  нашарлай  
берді.  Мұндай  жағдай  әрине,  Жетісудың жергілікті  халқына  да  тән.  1914 
жылы    Жетісу    облысынан    34  миллион    сомның    малымен    шаруашылық  
ӛнімдері  алынды [105].  Сонымен  қатар,  әскерге  мобилизацияланғандардың  
семьясына    кӛмек    ретінде    жергілікті    халыққа    міндетті    түрдегі    еңбек   
міндеткерлігі    енгізілді.    Ал    Жетісудан    1914  жылы    22  мыңнан    аса,  1915  

 
 
39 
жылы  52 мыңға  жуық,  1916 жылы  35 мыңнан  аса  адам әр  түрлі  құрылыс  
жұмыстарына    мобилизацияланған    болатын.    1916  жылы    Жетісу    әскери  
губернаторы  Фольбумның  бұйрығымен  қазақтар  мен  қырғыздар  ешқандай  
ақы    тӛлемсіз    жер    жыртуға,    егін    егуге    міндеттелді.    Жәнеде    халықтың  
иығына    ауырлық    түсіретін    әскери    салық    салынды.  1914  жылмен  
салыстырғанда    1916  жылы    ұнның    бағасы  218  процентке,  еттің    бағасы  225 
процентке  ӛсті [106].   
Жетісу  халқы  қанаудың  ең  ауыр  түріне  түсіп  әр  түтінге  салынатын  
салықтың    мӛлшері    3  сомнан    8  сомға    ӛсті.    Азық-түлік    басқа    да    халық  
тұтынатын    заттардың    бағасы    үздіксіз    қымбаттай    берді.    ХХ  ғасырдың  
басымен    салыстырғанда    ұнның    бір    пұты    94  тиыннан    1916  жылы    кӛктем  
айларында  40 сомға  дейін  кӛтерілді [107]. 
Соғыстың    салдарынан    Жетісудың    елдің    орталық    аудандарымен  
шаруашылық    байланыстары    нашарлады,    халық    тұтынатын    тауарлардың  
жетіспеушілігі,  ӛңірдегі  қымбатшылық    ӛткір    сезілді.  Ол  туралы  Жетісу 
облыстық  Қазақ  комитетінің  тӛрағасы  И.  Жайнақов:  «...Жетісу  облысына  ұлы 
соғыстың  әсері  басқа  жерлерге  қарағанда  бұрынырақ  әсер  етті,  1916  жылдың 
ортасына  қарай  тұтынуға  бірінші  қажетті  заттар:  ауылшаруашылық 
машиналары мен құрал-жабдықтар, басқа да тауарлардың жетіспеушілігі қатты 
сезілді.  Малшаруашылығының  және  де  басқа  жергілікті  /астық,  шикізат,  жүн, 
т.б.,/ӛнімдердің  бағасы  сол  тӛмен  күйінде  қалды  да,  ал  сырттан  әкелінетін 
тауарлардың бағасы күн санап емес, сағат санап ӛсіп отырды...» -деп кӛрсетеді 
[108].   
Сонымен    бірге    соғыс    кезінде    ұлттық-отарлық    езгіде    күшейе    түсті.  
Патша    чиновниктері    жергілікті    халық      ӛкілдерін      тәлкек    етіп    ӛздерінің  
әрқашанда    үстем    болу    мақсатында    екенін    кӛрсетті.    Ондай    бір    айғағы  
Түркістан    генерал-губернаторы    міндетін    атқарушы    Ерофеевтың    Жетісу  
әскери    губернаторына    жолдаған    телеграммасынан    кӛруге    болады: 
«Түземдіктерге  орыс  билігінің  алдында  бас  идіру  белгісі  ретінде  барлық  
ведомстволық  чиновниктері  мен  офицерлері  алдында  түземдіктер  бас  иіп  
құрметпен  сәлем  беруі   керек»  [109].      Бұл   патша   чиновниктерінің  ойына  
келгенін  істейтін  озбырлығының  бір  қыры  ғана еді.  
Патша  чиновниктерінің  Түркістанның  жергілікті    халықтарының 
намысына  тиетін    небір  сорақылығы  мен  жасаған  озбырлығы  Мұстафа 
Шоқайдың  естеліктерінде    де  жақсы  суреттеледі  [110].  Отарлық  жүйе  қол 
астындағы  елдерді    қанап,  езіп,  жаншып  ұстауға  мейлінше  мүдделі    болды. 
Сонымен  қатар    үкімет    жергілікті    халықтың  тілі    мен  ділін,  ұлттық  сана  – 
сезімін  тұншықтырып, рухани құлдық  арқылы ӛлкені орыстандыруды кӛздеді. 
Елдің    басқа    аудандары    сияқты    Жетісу    ӛлкесінде    де    патша    үкіметі  
жүргізіп    отырған    әділетсіз    соғысқа,  отарлық  жүйенің    ұлттық    және  
әлеуметтік    езгіні    күшейтуіне    қарсы  жергілікті  халық    бұқарасының  
наразылығы күннен-күнге арта  түсті. 
1916  жылғы    кӛтеріліс    қарсаңында    патша    үкіметі    ұзақ    жылдар    бойы  
жүзеге    асырып,    орыс    шаруаларымен    казак    орыстар    үшін    қазақ-қырғыз 

 
 
40 
жерлерін    зорлықпен    тартып    алып,    құнарлы    егіндігінен,    шұрайлы  
шабындығынан  айрылған  кӛшпелі халық  тау-тасты  және  шӛлейт  жерлерге  
ығыстырылғаны  жайлы  жоғарыда  айтылды.  Бірінші  дүниежүзілік  соғыстың  
алғашқы  үш  жылының  ішінде-ақ  тек  Жетісу  ӛңіріндегі  қазақтардың  1800 
мың  десятина  жерлерін  тартып  алынды [111]. 
Осы  айтылған  оқиғаларды  кӛзімен  кӛріп, куә  болған  Жетісу  ӛңірінде  
ӛмір    сүрген    ақын    Албан    Асан    патша    үкіметінің    отарлық    саясатының  
қасіретті  нәтежиесін  ӛз  аймағының  мысалында  былай  деп  ӛлеңге  қосады:   
              ―Күннен – күнге  Албаным, 
               Заманың  сенің тарылды. 
               Ӛр  кӛкірек  кең  қоныс, 
               Дәуірің  сенің  қалған – ды. 
               Кең  қоныстан  айырылып, 
               Ұшып  кетер  жерің  жоқ. 
               Қанатың  сынып  қалған – ды. 
               Екі  кӛзің  телміріп, 
               Мойныңа  шынжыр  салған – ды. 
              .      .       .      .      .       .      .     .      .     
               Қайсы  бірін  айтайын, 
               Ішімде  толған  арман – ды [112]. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет