Тілеубаев шамек баянҧЛЫ



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата03.03.2017
өлшемі0,96 Mb.
#6206
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
48 
2    ЖЕТІСУ  ОБЛЫСЫНДАҒЫ  КӚТЕРІЛІСТІҢ  БАСТАЛУЫ  ЖӘНЕ 
БАРЫСЫ 
 
2.1 Жетісу уездеріндегі кӛтерілістердің басталуы және барысы  
Ӛлкеде    әлеуметтік-эконамикалық    және    саяси    жағдай    шиеленісіп,  
ұлттық    езгінің    күшейе    түскен    шағында    патша    үкіметі    1916  жылғы    25 
маусымда    Қазақстан    мен    Орта    Азия    халықтарының    азаматтарын  
майдандағы    қара    жұмысқа    шақыру    туралы    жарлық    шығарды.    Россия  
империясының    заңдары    бойынша    шет    аймақтағы    отар    ӛлке  халықтары  
әскерге    алынбайтын.    Себебі    патша    үкіметі    олардың    қолына    қару    беруге  
сенбейтін.  Дүниежүзілік  соғыс  патша  үкіметін  шет  аймақтағы  халықтарды  
майданның    қара    жұмысына    окоп    қазуға,    ағаш    кесуге,    майдан    шебіне  
жақын  аудандарда  жол  салуға  тағы  басқа  шақыруға  мәжбүр  етті.  
  Патша    жарлығы    бойынша    Орта    Азия    мен    Қазақстаннан    19  бен    43 
жастың  аралығындағы  азаматтар  алынуға  тиісті  болды.  Бұл  ӛлкелерден  400 
мың    адам,    сол    сияқты    оның    ішінде    Жетісу    облысынан    87  мың    адам  
майданның  қара  жұмысына  алынбақ  болды.   
Отарлық    жүйені    чиновниктері    қазақ    ауылдарының      ауқатты  
топтарының    балаларын    майданның    қара    жұмысынан    алып      қаламыз    деп  
пара  алып  байыған  үстіне  баюды   кӛздеді.  Майдан  жұмысына  алатындар  
тізімін  жасай  бастағанда  олардың  бұл  ойлары  жүзеге  аса  бастады.  Мұндай  
әрекеттер    Түркістан  ӛлкесінің    кӛптеген    аймақтарына    тән    нәрсе    болды.  
Жаппай  тізім  жасала  бастаған  кезде  халық  майданға  барып  қырылғанша,  
одан  да  қолға  қару  алып  күреске шығуға  ниет  білдірді.   
Патша    жарлығына    қарсы    кӛтеріліс    Орта    Азия    мен  Қазақстанның   
барлық    аудандарында    бір    мезгілде    1916  жылғы    шілде    айының    алғашқы  
күндерінде  басталды. 
Бұл    қарсылық    ӛлкенің    әртүрлі    аудандарында    стихиялық    бас  
кӛтерулерден    ұйымдасқан    қарулы    кӛтеріліске    барып    ұласты.    Кӛтерілістің  
негізгі    себебі    отаршылдық    езгінің    күшеюі,    қазақ    шаруаларының    жерін  
тартып  алу  әрекетінің  кең  ӛрістеуі,  алым-салықтың  еселеп  кӛбеюі,  ұлттық,  
рухани  езгінің  шектен  тыс  дәрежеге  жетуі  болды.   
Маусым жарлығы жер-жерлерде халық арасында талқыға түсіп, халықтың 
басым кӛпшілігі бұл жарлыққа наразылық білдіріп ашық кӛтеріліске шықты. 
Жетісудағы    ірі    кӛтерілістер    осы    кезде    Жаркент    уезіне    қарасты  
Қызылбӛрік,    Сӛгеті,    Шелек,    болыстарында,    Қарқара    және    Асы  
жайлауларында,  Нарынқол-Шарын  бӛлімшесінде,  Верный   уезіндегі  Қорам,  
Ұзынағаш,    Ботпай,    Шығыс    және    Батыс    Қастек,    Ырғайты,    Тайторы,  
Жайылмыс    болыстарында,    Лепсі    және    Қапал   уезінің        Мақаншы,   Садыр,  
Мәмбет-Қысқаш,  т.б., болыстарында, Пржевальск, Пішпек уездерінде   болды.  
Жетісудағы  кӛтеріліс   ӛзіне   тән  ерекшелігімен сипатталады.    Оның  басты  
қозғаушы  күші  халық  бұқарасы.  Кӛтеріліске мүліктік жіктеліске, әлеуметтік 
шығу тегіне қарамастан ауқатты топ ӛкілдері де бірдей шығып басым кӛпшілігі 
жетекшілік жасады.  Оған  қазақ пен қырғыз  қауымының   басқа  да  әлеуметтік  

 
 
49 
топтары    қатысты.  Жалпы  кӛтеріліс  ұлт-азаттық    сипат  алды.  Қазақ-қырғыз 
қауымының  мұндай  бас  кӛтеруі  негізінен    патша    үкіметінің    елдің    жаппай  
жерін    алуына,  ұлттық,  саяси-әлеуметтік,  рухани  езгіге    қарсы    бағытталды. 
Кӛтеріліс  барысында  ұлтаралық қақтығыс  орын  алды.  Ондай  жағдайдың  орын 
алуы патшалық отарлық биліктің жүргізген саясатының бір бағыты халықтарды 
бір-біріне қарсы қоюының нәтижесі болатын.   
Жетісу  ӛңіріндегі  ұлт-азаттық  кӛтерілістің  тарихын    тӛрт    кезеңге    бӛліп  
қарастыруға  болады:  1) шілде  айы  стихиялық  наразылық  білдіру  кезеңі; 
2) тамыз-қыркүйек  айының  басы – оның  қарулы  кӛтеріліске  ұласуы;  3) 
қыркүйек-қазан    айлары    кӛтерілістің    басып-жаншылуы    және    жеңіске  
ұшырау;  4) кӛтерілісшілердің босқыншылыққа ұшырауы және тарихи Отанына 
қайтару кезеңі. 
25 маусымдағы жарлық елге тарағанда Жетісудағы Қарқара ӛңірінің халқы 
игі-жақсыларының  басшылығымен  Қарқара  жәрмеңкесінің  күн  шығыс 
жағындағы Ереуіл тӛбеге жиналып 1916 жылғы 25 маусым жарлығына қатысты 
мәселені талқыға салған болатын.  
Бұл  туралы  жиынға  қатысқан  кӛтерілісшілердің  бірі  Жазылбек  
Серібайұлы ӛз естелігінде: - «.... Бас бастаушы адамдар мына тӛмендегілер: 
Тұз кӛл болысынан: Саза Топылұлы; Ұзақ Саурықұлы, Кәрібоз Қаңтарұлы, 
Сыбанқұл Арғынұлы; 
Баянқол болысынан: Қазыбек Шорманұлы, Құдиярбек Шотаманұлы; 
Иванов болысынан: Жәмеңке Мәмбетұлы; 
Албан болысынан: Нүке Істібайұлы, Біләл Разақұлы; 
Кеген  болысынан:  Әбдіхалық  Байсеңгірұлы,  Жайшыбек  Бектенұлы, 
Құрман Әділбекұлы, Жанпейіс Отыншыұлы, Нұрбек Әйкенұлы; 
Меркі болысынан: Әубәкір Сұлтанбекұлы, Досжан Тұрсынбекұлы, Оразай 
Қожагелдіұлы, Бекбен Боранбайұлы; 
Шелек елінен: Серікбай Қанайұлы; 
Қоңырбӛрік 
болысынан: 
Жаңабай 
Құдайбергенұлы, 
Молдабай 
Қонақбайұлы,  Сарбас  Байарыстанұлы,  Алмабек  Сәрсенбекұлы,  Әмір 
Тайбағарұлы; 
Қожмамбет елінен: Айтбай Дәркембайұлы, Мергенбай Ерденұлы; 
Бӛдендіден: Тұрғынбай Әймембетұлы; 
Сары  Тоғайдан:  Сауранбай  Беренұлы,  Бірімтайұлы  болып  бастатқан  үш 
мың шамалы адамдар бас қосып, кеңес қылынды. 
  Сол  жиналыста  барлық  болыстар  да  болды.  Жиналған  сол  жиналыстағы 
кӛпшілікке болыс Рақымбай Сұлтанқұлұлы сӛз бастады: 
Ұлық  болыстарға  бұйырған  еді.  Бүгінгі  күні  Албан  руының  барлық 
бастықтарымен қара бұқараларының басын қосып, патшаның сұраған адамдары 
жӛнінде жауап бересіздер деген еді. Бұған кӛпшілік не айтасыздар, – деді. 
Сол жерде Ұзақ Саурықұлы жауап айтты: 
Біз бала бере алмаймыз. Сен не дейсің – деді ? 
Жоғарыдағы  аталғандар  бір  дауыспен  «біз  бала  бермейміз»  -  деп  шу  ете      
түсті....» - деп кӛрсетеді.  

 
 
50 
Естелікте  айтылғандарға  қарағанда  осы  талқылаудан  кейін  жиынның 
шешімімен  бірнеше  адам  жәрмеңкеде  орналасқан  патша  әкімшілінің  ӛңірдегі  
кеңсесіне  барып,  ондағы  отаршыл  жүйенің  ӛкілі  ел  ішінде  «Ақжелке»  аталып 
кеткен  ұлықпен  (Нарынқол-Шарын  бөлімшесінің  бастығы  Подворковпен  – 
Ш.Т.)    кездеседі.  Кездесу  барысында  ұлықтың  қойған  талабына  кездесуге 
барған  беделді  тұлғалардың  бірі  Серікбай  Қанайұлы  былай  деген:  -  «....Сонда 
Серікбай Қанайұлы жауап айтты: 
Кӛпшілік кеңесті, кӛпшіліктің жауабы мынау – біздер ақ патшаға қарағалы 
50 – 55 жыл шамасында болған екен. Содан бері патша оқу; ӛнер үйретпеді. Не 
әскер  қызметіне  алып,  әскер  білімін  үйретпеді.  Қараңғы,  білімсіз  болдық.  Құр 
қол  ұрысқа  тас  сына  ма?  Патшаның  сұраған  рабочиын  бере  алмаймыз  –  деді. 
Патша біздерді тәрбиелейді дейсің, біздер үшін салдырған мектебі, әртүрлі ӛнер 
– білім орындары қайсы?...» [130].  
Қарқара  кӛтерілісінің  басшылары  Ұзақ  Саурықұлы,  Серікбай  Қанайұлы, 
Жәмеңке  Мәмбетұлы  т.б.,  ӛз  пікірлерін  ашық  айтып,  наразылық  білдіріп, 
халықты патша жарлығын орындамауға шақырып, кӛтеріліске шығуға үндеген 
еді.  
Жәмеңке  Мәмбетұлы  болса:  -  «...Берсек  бала  ӛледі,  бермесек  шал  ӛледі. 
Бала  ӛлгенше  шал  ӛлсін,  патша  жарлығын  орындамаймыз....»  -  деп  ел  мүддесі 
үшін  ерлікпен  жауына  қасқайып  қарсы  тұрды.  Енді  осы  Жәмеңке  батырға 
біршама тоқтала кетсек. 
Жәмеңке  Мәмбетұлы  1838  жылы  Жетісу  облысы  Верный  уезінің  Сегіз 
Сары  (кейінгі  деректерде  Шонжы  болысы)  болыстығында  дүниеге  келген. 
Жетісудағы  1916  жылғы  Қарқара  кӛтерілісі  жетекшілірінің  бірі.  Жастайынын 
ӛткірлігімен,  шешендігімен  кӛзге  түсіп,  18  жасынан  билікке  араласып, 
әділдігімен    елге  танылған.  19  жасында  Қарқара  ӛңірінің  игі-жақсыларымен 
бірге  Тезек  тӛремен  кездеседі.  Жәмеңке  Қарқара  қазақтары  мен  Ыстықкӛл 
қырғыздарының  арасында  ақылгӛй  ел  ағасы  атанған.  Туысқан  екі  елдің 
татулығы мен достығын, бірлігі мен бейбітшілігін сақтап, нығайтуға кӛп еңбек 
сіңірген тарихи тұлға. 
Жәмеңке  Мәмбетұлы  1898  жылы  болған  Әндіжан  кӛтерілісі  кезінде  де 
Жаркент уезінде белсенділік кӛрсеткені мұрағат құжаттарында сақталған. 1898 
жылы  Жаркент  уезінің  барлық  болыс  билеушілері  күзде  орыс  поселкелеріне 
шабуыл  жасау  туралы  келісімге  қол  қойған.  Олардың  арасында  Текес 
болысының  болыс  басқарушысы  Жәмеңке  Мәмбетұлы  да  болған.  Кейін 
тергеуге  алынған  Ж.  Мәмбетұлының  айтуына  қарағанда,  маусым  айында  да 
Айт  болысының  болысы  Тұрқожа  Жансеркеұлы,  Қоңырбӛрік  болысының 
болысы  Жаңғұты  Тӛлегенов,  Тұзкӛлдік  Мүлкібай  Әбдірашев,  Кегендік 
Байымбет  Бұржин,  Байынқолдық  Жауғаш  Есенғұлов  және  т.б.,  албан  руы 
болыстарының  беделді  азаматтарының  тапсыруымен  Кеген  болысының 
қазақтары  Таубалды  Нұрайымов  және  Үмбетжан  Ӛстеміров  Жәмеңкеге  келіп, 
Қарқарада  болатын  жиынға  шақырып,  сонда  қабылданатын  үндеуге  мӛрін 
қоюды  ӛтінеді.  Елді  «қасиетті»  соғысқа  шақыратын  үндеуге  қол  қоюдан 
Жәмеңке  ӛзінің  алғашында  бас  тартқанын,  келесі  күні  ақмолалық  қазақтар 

 
 
51 
Ахмет  Байчурин  мен  Жауғаш  Есенғұлов  келіп,  қол  қоюын  тағы  ӛтінеді.  Бұл 
жолы  Ж.Мәмбетұлы  келісім  беріп,  мӛрін  басады.  Тергеу  барысында  Ж. 
Мәмбетұлы қол қойып, мӛр басылған қағаздың кімде екенін және ӛзінен басқа 
кімдер қол қойғанын білмейтінін айтады [131].  
Жәмеңке  Мәмбетұлы  1904-1909  жылдар  аралығында  қатарынан  екі  рет 
Текес  болыстығына  қарасты  №  1  ауылдың  биі  болып  сайланған.  Жәмеңкенің 
басшылық  жасау,  ұйымдастырушылық  қабылеті,  дарынды  дара  тұлғалық 
қасиеттері  1916  жылғы  ұлт-азаттық  қозғалыс  тұсында  айқын  ашыла  түседі. 
Патша үкіметінің 1916 ж. 25 маусымдағы жарлығына орай туындаған жағдайға 
байланысты  Нарынкол-Шарын  ӛңіріндегі  елдің  беделді  басшылары  «Қабан 
Қарағай»  жайлауындағы  Ұзақ  батырдың    ауылында  бас  қосып,  кеңес  құрады. 
Ұзақ  батыр  ата  салтқа  орай  жиынға  әдейі  арнап,  ту  боз  бие  шалады.  Жәмеңке 
тоғыз құнан қой сояды. Жаркент уезінің Нарынқол-Шарын 4 бӛлімше сотының 
қылмыстық  іс  қозғау  туралы  1916  ж.  26  тамыздағы  І820  қаулысында: 
«Мәжілісте  Иванов  болысының  беделді  адамы  Жәмеңке  Мәмбетов  бірінші 
болып  сӛз  алып,  адам  бермейік  деген  үгітті  ортаға  салды...»  деп  кӛрсеткен 
[132].  Осы  мәжілістен  кейін  халық  бұқарасы  патша  үкіметінің  билік 
орындарында  бағынудан  бас  тартты.  11  шілде  күні  Қарқара  жәрмеңкесінде 
жиналған  халықтың  алдында  Жәмеңке  Нарынқол-Шарын  бӛлімшесінің 
бастығы  Подворковқа  қазақ  халқы  ресми  түрде  патша  жарлығын 
орындамайтынын  мәлімдейді.  Жәмеңкеге  Ұзақ  Саурықұлы,  Жаңабай 
Құдайбергенұлы,  т.б.  ұлт-азаттық  қозғалысы  ұйымдастырушылар  қолдау 
кӛрсетті.  22  шілде  күні  бӛлімше  бастығы  Подворков  Жәмеңке  мен  Ұзақты  10 
күннен  кейін  11  шілдедегі  жиынға  қатысып,  белсенділік  кӛрсеткен  бір  топ 
адамды тұтқынға алып, Қарақол түрмесіне айдатады. Түрмеге түскеннен кейін 
уезд  бастығы  полковник  Иванов  олардан  патша  жарлығын  орындауды  талап 
етеді.  Жәмеңке  бастаған  қозғалыс  жетекшілері  бұл  талаптан  бас  тартады. 
Осыдан кейін патша жендеттері тамағына у қосып бергендіктен, 10 тамыз күні 
Жәмеңке  жау  қолынын  қайтыс  болады.  Ұзақ  батыр  қайтыс  болған  Жәмеңкені 
құшақтап отырып: «Жан жолдасым Жәмеңке» - деп басталатын жоқтау айтады.  
Жетісудағы  1916  жылғы  кӛтеріліске  қатысып,  кӛтерілісті  басуға  келген 
жазалаушы  әскердің  қысымына  шыдамай  кӛрші  Қытай  жеріне  ауа  кӛшіп 
босқыншылыққа ұшыраған елмен бірге қиын – қыстау кезеңді басынан кешкен 
молда Қойшыбай Қосалыұлының сол заманды бейнелеген «Мұң зарында»  - .... 
Қырылды Қарақолдың түрмесінде 
   Бастығы Жәмеңке, Ұзақ кемеңгерім. 
   Далада кӛр киімсіз, бекер қалды 
   Маңдайын күн шалмаған ӛңкей ерім» - деп жырлаған еді [133].  
  Жәмеңкенің  денесі  Қырғыз  Республикасы  Қарақол  қаласындағы 
мұсылмандар  зиратына  жерленген.  Қазіргі  Алматы  облысы  Райымбек 
ауданының Қақпақ ауылындағы орта мектеп Жәмеңке Мәмбетұлының есімімен 
аталады.  
25 маусымдағы жарлықпен танысқан Жайылмыс  болыстығының бұрынғы 
болыстары  Сәт  Ниязбекұлы  мен  Бекболат  Әшекейұлының  басшылығымен 

 
 
52 
Жайылмыс,  Шамалған  мен  Шапырашты  болыстықтарының  ортасындағы 
Үшқоныр  тауының  етегінде  7-8  шілдеде  үш  болыстықтың  халқын  жиып 
тӛтенше  жиын  ӛткізіп,  онда  жарлыққа  байланысты  мәселені  талқылайды. 
Жиналғандар  «майданның  қара  жұмысына  жігіттер  жіберілмесін,  оған 
жіберілуге  дайындалған  адамдардың  тізімдері  жойылсын»  деген  шешім 
қабылдайды. Бұл жӛнінде полиция штабс-ротмистрі Поротиковтың 12 шілде де 
Жетісу  әскери  губернаторына  жолдаған  рапортында:  -  «....Сәт  Ниязбековтың 
басқаруымен  Үшқонырда  7-8  шілде  күні  Жайылмыс,  Шамалған,  Шапырашты 
болыстықтарының  қазақтары  жиын  ӛткізіп,  алғашында  майданға  жігіт  беруді 
ақшамен  сатып  алуды  кӛздейді.  Осы  мақсатта  Шамалған  болыстығының  12 
старшындығы  мен  Жайылмыс  болыстығының  17  старшындығынан  580  сом 
қаржы  жиналды.  Бірақ  та  бұған  дейін  майданды  азық-түлікпен  және  киім-
кешекпен  қамтамасыз  етіп  отырған  болыстықтар  бұдан  бас  тартып,  «майданға 
жігіт  жіберілмейміз»  деп  «Құран»  атымен  ант  қабылдады.  Сондай-ақ,  орыс 
селолары  мен  әскерлері  орналасқан  жерлерге  шабуыл  жасауды,  Верный, 
Ташкент,  Қапал  қалаларын  жалғастырып  тұрған  телеграф  бағаналарын 
қиратуды  жоспарлады.  Жиын  аяғында  Сәт  басқада  болыстықтарды  қарулы 
кӛтеріліске шақырған үндеулер таратты. Үшқонырдағы жиыннан кейін Верный 
уезінің  Ұзынағаш  болыстығындағы  Үлкенсаз  жайлауында  8  болыс  –  Күрті, 
Ұзынағаш,  Қарғалы,  Бидалы,  Ботпай,  Шығыс  Қастек    және    Батыс  Қастек, 
Тайторы болыстықтары бас қосып дәл осындай шешім қабылдады.  10 шілдеде 
Кіші  Алматы  болыстығының  қазағы  Шоқа  молда  осы  болыстықта  «Ақсарбас» 
айтып  елді  кӛтерілуге  шақырды.  Осындай  жиындар  бұл  күндері  Жаркент, 
Пржевал уездерінде де ӛтуде. Верный қаласында тұратын ұйғырлар қазақтарды 
қолдап,  оларға  кӛмек  кӛрсетуге  дайын  екендігі  анықталды.  Сондықтан  да  біз 
орыс  әскерлері  орналасқан  жерлер  мен  қару-жарақ  қоймаларына  ӛте  сақ 
болуымыз керек» - деп жазады [134].   
Кӛтеріліс  барысын  халық  арасындағы  тыңшылары  арқылы  жіті  бақылап 
отырған  полиция  жандармдары  Үшқоныр  кӛтерілісін  ұйымдастыруға 
атсалысқан  белсенділер  ретінде  Жайылмыс  болысынан  Сәт  Ниязбекұлы 
бастаған  23  адамды  ұстап  Верныйдағы  түрмеге  әкеп  жабады.  Алғашында  «үш 
ай  мерзімге»  деп  қамаған  Сәттің  сот  процесі  ұзаққа  созылады.  1916  жылы  28 
қыркүйекте  Верный  уезі  4  учаскелік  судьясы  Сәт  Ниязбековтен  кӛтеріліске 
байланысты  қойған  сұрақтарының  барлығына  «жоқ»  деген  жауап  алады  [135].  
Сәт  қамауда  жатқан  кезде  әйелдері  Тоқбала  мен  Зейнеп  Түркістан  генерал-
губернаторы мен Жетісу әскери губернаторына ӛтініш хат жолдаған. Онда: - «... 
күйеуінің  16  шілдеден  бастап  қамауда  екендігін  айтып,  кӛтеріліске  қатысты 
тағылған  айыптардың  қаншалықты  анықтығын  біле  алмаймыз,  бірақ  Жоғары 
мәртебелі  мырзадан  рақымшылық  жасап  күйеуімізді  қамаудан  босатуыңызды 
сұраймыз»  -  делінген  [136].  Бірақ,  сот  Сәтті  жазасының    ауырлығына 
байланысты  қамаудан  босатпайды.  Осылайша  Сәт  1917  Ақпан  тӛңкерісіне 
дейін қамауда отырып, Ресей патшасы тақтан құлаған соң қамаудағы мыңдаған 
қазақтармен  бірге  тергеуден  босатылады.  Сәт  Ниязбеков  кейін  Кеңес  ӛкіметі 
тұсында да бай – кулак ретінде қамауға алынған. Қорыта айтқанда, Жетісудағы 

 
 
53 
1916  жылғы  кӛтерілістің  басшысы  ретінде  қудаланған  Сәттің  туған  елінің 
азаттығы  мен  бостандығы  үшін  ерлікпен  күрескен  тұлға  екендігін  тарихи 
құжаттар кеңінен айғақтайды.  
Жетісудың  Үшқоңыр  ӛңіріндегі  1916  жылғы  ұлт-азаттық  кӛтерілісіне 
басшылық жасап  ерлігімен  елге  танылған  тұлғалардың  бірі,  осы  ӛңірде  бұрын 
бірнеше мерзім болыстық қызмет атқарған, би болған Бекболат Әшекейұлы. Ол 
халықты  Ресей  патшасының  25  маусымдағы  жарлығына  қарсы  шығып, 
майданның қара жұмысына адам бермеуге шақырады. Верный уезі, Жайылмыс 
болысының № 4 ауылының азаматы 73 жастағы Бекболат 1916 жылы 7 шілдеде 
Үшқоңыр  тауының  етегіне  Жайылмыс  болысының  қазақтарын  жинап,  патша 
жарлығы туралы мәселені талқылайды. 
1916  жылы  2  қыркүйекте  Верный  уезі  2-ші  учаскесінің  сотына  берген 
жауабында  ол  былай  деп  мәлімдеген:  «Армияның  тылына  қара  жұмысқа  адам 
алуға  байланысты  Үшқоңырға  Жайылмыс  болысының  қазақтарын  жинадым, 
қолымызға  қару  алып,  жұмысқа  алуға  қарсылық  кӛрсетуді  ұйғардық.  Жастар 
жұмысқол  бермейміз  деп  келісімге  келді,  мен  жігіттердің  шешіміне  қосылып, 
оларды қолдадым» [137].  
Бекболат  Жайылмыс  болысының  халқын  жиып  қара  жұмысқа  жігіттерді 
бермеуді, патша ӛкіметі орындарына ашық қарсылық кӛрсету мақсатымен әрбір 
киіз  үйдің  жанына  ат,  сойыл  байлап  қоюды  ұсынады.  Телеграф  байланысын 
үзу,  істен  шығару  жоспарын  ойластырады.  Кӛтерісшілер  Бекболатты 
қолбасшысы, хан етіп сайлайды. Бекболат Үшқоңыр жиынында Пішпек уезіне 
шабарман  Серікбай  Аманжоловты  жіберіп,  қырғыз  ағайындардан  кӛтеріліске 
кӛмекке  500  адам  келетіні  туралы  хабар  алады.  Ақшиге  Кәрібай  Аламанов 
жіберіліп, № 3, 7, 17 ауылдарының жігіттері кӛтеріліске шақырылады. «Мұндай 
шақырудың  себебі  сол  жерде  жастар  жиналған  болатын.  Бӛлшектенбей  және 
бір шешімге келу үшін Кәрібай Аламанов жіберілді, оның тӛңірегіне 70 шақты 
жігіттер  жиналды.  Ақшиде  Кәрібай  Аламановпен  бірге  Байғазы  Мәмбетов, 
Сатал Құрабаев болды» - деп мәлімдеді Бекболат сотқа берген жауабында [138]. 
Сот тергеушісі Бекболат «ӛзін хан деп жариялады» - деп жазды. Бұл мәліметті 
1916  жылы  24  қыркүйекте  Верныйдағы  Жандармерияның  іздестіру 
бӛлімшесінің Ташкенттегі Түркістан ӛлкесінің Жандармерия бӛліміне жіберген 
құпия  мәліметіндегі  тізімінде  Жетісудағы  кӛтеріліске  қатысқандар  Бекболат 
Әшекеевті Жайылмыс болыстығындағы кӛтерілісшілер хан деп жариялады деп 
кӛрсетеді [139].   
1916  жылы  10  шілдеде  Үлкенсаз  жерінде  Шығыс  және  Батыс  Қастек, 
Ұзынағаш,  Бидалы,  Қарғалы,  Ботпай,  Тайторы,  Ырғайты  және  Күрті 
болыстарының  5000  адамы  қатысқан  үлкен  жиыны  ӛтіп,  9  болыстың  халқы 
«жұмыс қолын бермейміз шешімге келеді»  [140].  Әрбір болыстан екі адамнан 
ӛкіл  сайлап  патша  жарлығына  бағынбау,  қара  жұмысқа  шақыруды  тоқтату 
жайындағы  қабылдаған  шешімдерін  солар  арқылы  губернаторға  жолдағылары 
келеді.  Жиынға  қатысушылар  «оқ  астында  атылуға  барғанша,  осы  жерде 
ӛлгеніміз  жақсы»-  деген  ауызбірлікке  тоқтап,  патша  үкіметімен  күресуге  бел 
байлады [141].   

 
 
54 
1916  жылы  13  тамызда  Ошақты  бойында  Бекболат  ӛз  үйінің  тӛңірегіне 
1000-ға  жуық  адамды  жинап,  оларды  кӛтерілісті  ұйымдасқан  түрде  бастауға 
шақырады  және  патша  үкіметінің  дегеніне  бағынбаймыз  қарсы  кӛтерілеміз 
деген мәмлеге келіседі. Сол күні-ақ мылтық, сойылмен, ашатаяқпен қаруланған 
атты кӛтерілісшілер подполковник Базилевскийдің казак-орыс әскери отрядына 
қарулы  қарсылық  кӛрсетеді.  Осы  ұрысқа  Бекболаттың  баласы  Әбділда  да 
қатысып, әкесімен бірге кӛтеріліске қолбасшылық жасайды. Бірақ бақайшағына 
дейін  қаруланған  жүйелі  жазалаушы  әскерге  кӛтерілісшілер  тӛтеп  бере  алмай 
шегінуге мәжбүр болады.
 
 
16  тамызда  Бекболатты  жанындағы  он  тӛрт  адамымен  тұтқынға  алып, 
алдымен  бӛлек  киіз  үйде  ұстайды  да,  18  тамызда  конвоймен  Верный  уездік 
басқармасына жеткізіп, жергілікті әскери гауптвахтаға қамайды.  
Түркістан  ӛлкесінің  генерал-губернаторы  Куропаткин  1916  жылғы  11 
тамызда  жіберген  «Жетісудың  барлық  жазалау  отрядтарына  жергілікті 
халықтың кӛтерілісіне қатысты  істерді қарау үшін Әскери дала соттарын  құру 
туралы»  [142]  нұсқауына  сәйкес  Жетісудың  әскери  губернаторы  Фольбаум 
«айыбы  анықталғандардың  тергеуін  жүргізбей-ақ,  оны  дереу  Әскери  дала 
сотына  беру  керек»  -  деп  бұйрық  береді  [143].  Верный  гарнизоны  жанынан 
құрылған Верный отряды сотының прокуроры міндетін атқарушы 1916 жылғы 
30  тамызда  Жетісу  облысының  әскери  штабына  «Әшекеев  Бекболаттың  осы 
кӛтерілісті  ұйымдастырудағы  айыбы  толық  анықталды,  оның  ісін  екі  күндік 
мерзімде  қарауды  отряд  сотына  тапсырамын»-деп  жазды  [144].  1916  жыы  31 
тамызда Верный гарнизонының бастығы міндетін атқарушы генералдың берген 
бұйрығымен  1  қыркүйекте  Бекболаттың  ісін  отряд  сотына  жібереді.  1916 
жылдың 2 қыркүйегінде Верный уезінің 2 участкелік сотына берген жауабында 
Бекболат  батыл  түрде:  «Армия  тылына  жұмысшылар  алу  туралы  указдардың 
орындалуына  кедергі жасау  мақсатында  қолға  қару  алып,  қарсылық  кӛрсетуге 
келісімге  келіп,  Үшқоңырда  елді  жинауым,  13  тамызда  әскери  отрядқа  қарсы 
кӛтеріліске  қолбасшылық  жасауым  рас.  Ӛз  туымның  тӛңірегіне  мылтық, 
сойылмен  қаруланған  ӛз  болысымның  жастарының  кӛтерілісін  жасақтадым, 
жазалаушы  отряд  мүшелерін  жою  мақсатында  оларға  қарсы  үйір-үйір 
жылқыларды шаптырдым» - деп кӛрсетеді [145].  
1916 жылы 7 қыркүйекте Верный гарнизонының отряд соты ӛзінің жабық 
мәжілісінде  «Бекболат  Әшекеевке  кӛтерілісті  ұйымдастыру  үшін  Жайылмыс 
қазақтарының  «заңсыз»  съезін  шақырды.  Верный  уезі  бастығының  міндетін 
орындаушы  подполковник  Базилевский  басқарған  отрядқа  қарулы  қарсылық 
кӛрсетті»-  деген  айып  тағып,  оны  «ӛлім  жазасына  кесіп,  дарға  асу  туралы»  - 
үкім шығарады [146].   
1916  жылы  9  қыркүйекте  Бекболат  Әшекеевті  және  «ӛздерін  айыпты 
емеспіз»  деп  есептеген  оның    жақын  серіктері:  Есікбай  Ейкебаев,  Әбілеш 
Бекбатыров,  Серікбай  Аманжолов,  Екейбай  Сатқынов,  Сармамбет  Әшекеев, 
Дүйсембай  Қасымбеков,  Надырбек  Қараскин,  Сатқын  Әбішев,  Боранбай 
Қашкин,  Жарылғап  Нұрбаев,  Ахмет  Аманбаев,  Ахмет  Әбдірешев,  Оспан 
Бүгімбаев  және  Сарықазақ  Сұлтанаевпен  қоса  Боралдай  жотасынде  дарға 

 
 
55 
асылып ӛлтіріледі  [147]. Бекболат 14 серігімен бірге Боралдай жотасында дарға 
асылып  тоғыз  күн  тұрған,  оныншы  күні  Бекболаттың  денесін  кӛтерілісшілер 
түнде келіп алып кетеді де, Ұзынқарғалы бойындағы жазыққа апарып жерлеген 
екен. 
Ақын Иса Дәркембаев ӛзінің «Бекболат» дастанында: 
«Сонымен ӛліп кетті Бекболатың, 
Туысқан жақтап кетті азаматын. 
Қанша қинау болса да сӛзден таймай, 
Елі үшін құрбан болды асыл затым. 
 
Қайтпады бір сӛзінен азаматың 
Жиылған жылап тұрды жас пен қартың. 
Бұрын дарды кӛрмеген Жетісуда, 
Жиылған қайран қалды жамағатың», [148].– деп жырлады.  
Елінің ертеңін ойлаған есіл ер Бекболат Әшекеевтің Ресей империясының 
отаршылдық саясатына қарсы  жүргізген азаттық күресі осылай аяқталады.  Ал, 
баласы Әбділдә Бекболатов сот шешімімен 20 жылға Сібірге каторгіге айдалды. 
1920 жылдары Боралдай тӛбесіне 1916 жылғы кӛтеріліс қаһармандарына арнап 
ескерткіш қойылды.  
Осы  тұста  айтарымыз,  Жәмеңке  Мәмбетұлы,  Сәт  Ниязбекұлы,  Бекболат 
Әшекейұлы,  т.б.,  тарихи  тұлғалардың  Елдік  пен  ерлік  дәстүрі  ұрпақ  жадында 
сақталып ұлттық санамызды қалыптастыруға қызмет жасауы тиіс.    
Жетісу 
ӛңірінде  басталған 
кӛтерілістің 
жетекшілері  ретінде  Бекболат 
Әшекеев, Ұзақ 
Саурықов, Жәмеңке 
Мәмбетов, Тоқаш 
Бокин, Әубәкір Жүнісов, 
Серікбай 
Қанаев, Монай 
және 
Мұқан Ұзақбаевтар 
танылды. 
Жаркент 
уезіндегі 
кӛтерілісшілерге  басшылық 
еткен 
Ж.Мәмбетовтың  ұйымдастыруымен 

шілде 
күні 
16  болыстың  ӛкілдері  бас  қосқан  жиын  ӛтіп,  "ақ  патшаның  жарлығына 
мойысынбау,"  билік  орындарына  қарулы  қарсылық  кӛрсету  жӛнінде 
шешім 
қабылданды. 7 шілдеде 
Верный 
уезі қазақтарының Үшқоңыр шатқалында ӛткен 
кеңесінде  де 
тура 
осындай  шешім  қабылданып,  жергілікті  билік  орнына 
мәлімделген болатын. 
1916 
жылы  17  шілдеде  Түркістан  ӛлкесінде 
әскери 
жағдай  жарияланды. 
Патша  ӛкіметі  ӛлкедегі 
әскери 
гарнизондарды  нығайтып,  қырғыз  және  қазақ 
кӛтерілісшілерін  жазалау  мақсатында 
қоныс 
аударған  орыс  шаруаларынан 
қарулы  отрядтар  құрды. 
Түркістан 
генерал-губернаторының  Жетісудағы 
"бүлік"  жӛнінде  патшаға  жолдаған  мәлімдемесінде:  «Қырғыздардың  бүлігі 
жайындағы 
алғашқы 
хабар 

тамызда түсті. 
Осы 
күні Верный уезінің оңтүстік-
шығыс 
бӛлігіндегі  екі  болыс  тыл  жүмысына  алынушылардың  тізімін  жасауға 
келген  уез 
бастығының 
орынбасарына  қарулы  қарсылық 
кӛрсеткен. 
Сондай-ақ 
Верныйдан 
80 
шақырым жердегі Самсы елді мекені маңында қырғыздардың бір 
тобы  телеграф  бағаналарын  қиратып,  пошта  байланысына 
нұқсан 
келтірді. 
Олар  9 
тамызға  қарай 
Верный 
мен  Қордай  арасындағы  пошта  станцияларын 
толығымен  қиратты.  Пішпек,  Пржевальск  және  Жаркент  уезінің  таулы 
аймақтары  кӛтерілістің  негізгі  ошағына  айналды. 
Бұл 
жерлердегі  орыс 

 
 
56 
поселкелері  қиратылды.  Ондағы  тұрғындар  Тоқмақ  поселкесіне, 
Пішпек 
және 
Пржевальск қалаларына келіп паналауда. Тек бір ғана 
Пржевальск 
уезінде 
орыс 
қоныс 
аударушыларының  6024  отбасы  зардап  шегіп,  бар  мүлкінен  айырылды. 
Жетісу    
қырғыздарын тыныштандыру  үшін   

дружина, 7 атқыштар ротасы, 
14 
зеңбірекпен  қаруланған 

казак  жүздігі  аттандырылды.  Оның  үстіне 
Семейден 
Сібір 
казактарынан 

полк 
Верныйға 
жіберілді,»- дей отырып, тамыз-
қыркүйек  айларында 
орыс 
тұрғындарынан 
Верный 
уезінде-16, 
Жаркент 
уезінде-  32, 
Пішпек 
уезінде-98,  Пржевальск  уезінде-2179  адамның  ӛлгенін, 
облыс бойынша 1384 адамның хабар-ошарсыз жоғалып кеткенін айтады [149].  
Осылайша кӛтерілісшілер орыс селоларына шабуылдар жасап, сол арқылы 
ӛзінің  патшалық  биліктің  отаршыл  саясатына  деген  шексіз  наразылығын 
білдірді.  Соның  салдарынан  мәселен,  Пржевальск  уезінде  жиырма  село 
түгелдей  ӛлтіріліп,  мал  мен  мүліктері  талан-таражға  түсті  [150].  Мұның ӛзі ӛз 
кезегінде  ӛңірдегі  ұлтаралық  қатынастың  шиеленісіне  түсуіне  алып  келді. 
Жеркенттегі қоныс аудару мекемелерінің меңгерушісі жазған қатынас хатында 
кӛтерілістің  ұлтаралық  сипат  алып  бара  жатқанын  мойындап:  «Кӛтерілістің 
орыс  тұрғындарына  деген  жаулығы  тура  Әндіжан  кӛтерілісіндегідей  анық 
байқалып отыр»- деп жазды [151].   
Жетісу  облысының  әскери-губернаторы  Фольбаум  18  қыркүйекте  генерал 
Куропаткинге жолдаған жеделхатында: «Орыс қаны тӛгілген жерлердің бәрі де 
түземдіктердің  қолынан  алынады.  Мұндай  кек  алу  орыстар  тарапынан  айқын 
кӛрінуде.  Бірақ  нақтылы  нұсқау  керек.  Мәселен,  Ыстық  кӛл  жағалауы,  Кебен 
аңғары,  Қастек  алқабында  орыс  қаны  молынан  тӛгілген.  Осы  жерлердің  бәрі 
қырғыздарға  болашақта  орналасуға  тиым  салынған  кеңістікке  айналады  деп 
ойлаймын»  -  деп  жазып  [152],  кӛтерілістің  шығуын  пайдаланып,  қазақтар  мен 
қырғыздарды ӛз атамекенінен ығыстырып шығуды кӛздейтіндігін білдірді. 
Осындай  мақсатпен 
шыққан 
жазалаушы  отрядпен  Жаркент  уезіндегі  Асы 
жайлауында,  Қарқара  таулы  алқабында, 
Шарын,  Нарынқол 
елді  мекендерінде, 
Лепсі уезінің Садыр-Матай болыстығында кӛтерілісшілердің ірі қақтығысулары 
болды. Бірақ, 
нашар 
қаруланған, бытыраңқылық жағдайындағы кӛтерілісшілер 
жазалаушы отрядтың соққысана тӛтеп бере алмай жеңіліс тауып жатты.  
Жазалаушы 
әскер  мен 
орыс  қоныс  аударушыларының 
қарулы 
жасақгары 
жасаған 
ойран Жетісу 
халқына 
бұрын 
болмаған қайғы-
қасірет 
әкелді. 
Қазақ пен 
қырғыздардың 94 
ауылы бүліншілікке 
ұшырады, соның 
ішінде 
5373 үй ӛртеліп, 
1905 
адам  ӛлді,  684-і  жараланды, 
1105 
адам 
тұтқынға 
алынды. 
Жетісу 
облысының 
жергілікті 
халқының 
тӛрттен  бір  бӛлігі,  яғни 
шамамен 
300 
мың 
адам  Қытай  жеріне  барып  паналауға  мәжбүр  болды  немесе  қуып  тасталынды 
[152].  М.Тынышпаевтың  есебі        бойынша,  Жетісу  облысына  қарасты  Алматы, 
Жаркент, Пішпек,     Пржевальск уездеріндегі 44 болыста тұратын 47 мың 759 
түгіннің  40  мың  250  түгіні  Қытай  асқан  [153].  Бір  ғана  Верный  уезіндегі 
Қызылбӛрік  болысындағы  1129  отбасының 263-нен  ӛзгесі  Құлжаға  ауып  кетті 
[154].  
1916  жылы    Жетісуда    болған    қазақ    қауымның    ұлт-азаттық  
қозғалысының    ірі    ошағының    бірі  -  Қарқара    кӛтерілісі.  1916  жылы    екінші  

 
 
57 
шілдеде    Қарқара    жәрмеңкесінің    орталық    алаңында    пристав    Подворков  
патшаның    жарлығын    жұрт    алдында    мәлімдеп,    бес    күн    ішінде  
мобилизацияға  жататын  жігіттердің  тізімін  ӛткізуге  болыстарға  әмір  берді.  
Бұл  сұмдық  хабар  барлық  ауылдарға  лезде  таралып  кетті.   
1916  жылы    6-шы    шілдеде      Ақбейіт    тауының    шығыс    етегінде    16 
болысқа  қарасты  тұрғындардың  алқа  тобы  бас  қосқан  мәслихаты  болды.  
Онда    патша    жарлығына    байланысты    мәселе    талқыланды.    Жиналғандар  
майданның    қара    жұмысына    жігіттер    жіберілмесін,    оған    жіберуге  
дайындалған  адамдардың  тізімін  жою   керек  деп   шешім   қабылдады.  Бұл  
маслихатта    кейінірек    кӛтеріліс    басшыларының    бірі    болған    Жәмеңке  
Мәметов  ― Бала  ӛлгенше  шал  ӛлсін,  патшаның  жарлығын  орындаймыз ‖ деп  
сӛйледі.  Оны  Ұ.  Саурықов, С.  Қанаев, Қ.  Шорманов, Ж.  Құдайбергенов, К.  
Әділбеков,  Ыстыбаев,    Қ.Шотаманов  қуаттап    ӛздерінің    патша    жарлығына  
қарсы    пікірлерін    білдірді

    Бұл    пікірге    қарсы    назарлық    білдіргендер  
Таңатар Саурықов,  Рақымбай Сұлтанқұлов,  Сатай Мұқаев  сияқты  болыстар  
болды.    Олар    патша    жарлығын    орындамауға    болмайтындығын,    патша  
үкіметіне    қарсыласу    мүмкін    емес    екендігін,    қарсы    шыққан    жағдайда  
халықтың  босқа  қырылатындығын  айтып  бақты.  Бірақ  олардың  айтқанын  
ешкім  тыңдамады [155]. 
Осы    топтың    қаулысы    қабылданған    соң    халық    бұқарасы    үкімет  
орындарына    бағынудан    үзілді-кесілді    бас    тартты.    Ж.    Мәмбетов,  Ұ.  
Саурықов,  С.    Қанаев,  Қ.    Шорманов  Патша    жарлығын    орындауға    келіспей  
қозғалысқа    басшылық    етті.    Олардың    басшылығымен    барлық    Нарынқол-
Шарын    ӛңіріндегі    болыстар    кеңселерінде    мобилизацияға    жататын  
жігіттердің  тізімін  жойылды.   
11-ші    шілдеде    Жаркент    уезіндегі    Нарынқол-Шарын    бӛлімшесінің  
бастығы    полиция    жандармы,    пристав    Подворковтың    үйінің    алдында  
жиналған    бір    мыңға    жуық    қазақтар    «майданға    адам    бермейміз,    адам  
беруге    жүргендердің,    кӛмектескендердің    жазалай    отырып,    бір    адам  
қалғанша  ӛлуге  әзірміз»  деп  мәлімдеп,  барлық  кеңселердегі  қара  жұмысқа  
шақырылғандардың    тізімін    ӛртеп    жіберді.    Бұл    кӛріністер    туралы    патша  
чиновниктерінің  мәліметтері  былай  дейді:  «1916 г.  Июля 11. Рапорт  писаря  
Альжановской    волости    Жаркентского    уезда    Коморова    начальнику  
Нарынкольского    участка    о    выступлении    казахских    трудяихся    против  
мобилизации.    Доношу      вашему    бысокобладарию,    что,    согласно  
предписанию  господина  Жаркентского  уездного  нач.от  июля  1916 г.  за № 
1337, мною  с  8-го  июля  с.г.  по  настоящее  число  были  составлены  списки  
в    1экз,    по    всей      волости,    каковые    необходимо    было    проверить    с  
должосными    лицами,  т.е.    ауыльными    старшинами    и    пятидесятниками,  
которые    были    вызвани    на    11июля.    Одного    киргизское    население    все  
единогласно    заявило    в    Вашем    призутствии,    что    оно    высочай    его  
распоряжение  исполнить  не  желает.  Говорили: «Умрем  здесь,  дома,  но  не 
на  чужой  стране. Хотя  перестреляите  всех,  но  на  роботу  идти  не  желаем  

 
 
58 
и    никого    не    отпустим»    Кричали    во    всеуслышание    о    выдаче    им  
составленных  списков  и  требовали  не  задерживать  волостных  управителей. 
После возврачение  из  вашей  канцелярии  в  свою  явился  мой  волостной  
управитель    Абдрали    Утевлиев    с    толпою    киргиз    нашей    Альджановской  
волости.    Утевлиев    потребовал    от    меня    составленные    списки.    Я    его  
споросил,  для  чего  они  ему  нужны.  Утевлиев  ответил: ― Требует  население  
волости – давай  и  более  ничего. Списки  я  выдал  Утевлиеву,  а  он  передал  
их  населению,  которые,  как  я  вижу  возвратить  их  не  желает» [156].   
Осыған    ұқсас    тағы    бір    деректе    қара    жұмысқа    шақырылғандардың  
тізімін    күшпен    тартып    алып,    жойылып    жіберілгендігі    туралы    айтылады: 
«Доношу  вашему  высокоблагодарию,  что список киргиз, подлежа  их наряду  
на  тыловые  работы  в  действую  армию,  согласно  высочайшему  повелению  
от 25  июня  с.г.  составлен  быть  не  может. 
Население    волости,    не    желая    дать    людей,    арестовало    управителя    и  
других  должностных  лиц, кои могли дать  сведения  о  наличности  требуемых  
людей. Составленные  ранное  списки  у  меня  отобраны  силой  и  уничтожены  
толпой    ворвавшейся    в    канцелярию.    1916  г.    июля  11    Рапорт    писаря  
Ивановской    волости    Джаркентского    уезда    начальнику    Нарынкольского  
участка    того    же    уезда    о    выступлении    казахского    населения    против  
должностных  лиц…» [157].   
Мұндай    алғашқы    наразылықтар    басқа    болыстарда    да    болып    жатты.  
Мысалы,    12-ші    шілдеде    Жаркент    уезінің    Қорам    болысының    бір    топ  
тұрғындары  кеңсеге  барып  болыс  Арып  Абдурасиловпен  хатшы  Григорий 
Соколовтан    майданның    қара    жұмсына    баратындардың    тізімін    кӛрсетуін  
талап    етті.    Соколов  «тізімді    қазір    кӛрсетем»    деп    кеңсеге    кіреді,    оның  
артынан  Абдурасиловта  қорқып  кеңсеге  кіріп  кетеді. Сонда  ызаланған  20 
шақты    адам    кеңсеге    баса-кӛктеп    кіріп,    жасырынып    қалған    болыс  
Абдурасиловты  тауып  алып  ӛлтіреді  де  тізімді  жойып  жібереді [158].   
11-ші    шілде    де    Қарқара    жәрмеңкесіне    жақын    жатқан    тӛбе    басына  
жиналған  қарсылық  қозғалысының  белсенді  ұйымдастырушылары,  олардың  
ішінде  Жәмеңке  Мәмбетов,  Қазыбек  Шорманов,  Ұзақ  Саурықов,  Серікбай 
Қанаев бар  патша  жарлығын  орындамауға  үгіт  жүргізіп,  отарлық  саясаттың  
зардабын,    халықтың    жағдайының    нашарлап    кеткендігін,    онымен    тұрмай  
енді    патшаның    адам    сұрап    жатқандығының    әділетсіз    екендігін    жиынға  
түсіндіріп  айтады.  Және  де  оларға  алдағы  болар  ашық  күреске  дайындау  
жағдайын  жан – жақты  сӛз  етеді.  Сол  күннен  бастап  осы  жиын  ӛткен  жер  
―  Ереуілтӛбе  ‖    аталып,  халық    есінде    сақталып    қалады.    Мұндай    жағдай  
Жаркент  уезіндегі  қазақтардан  басқа  ұйғыр,  дүнген  халық  ӛкілдерінде  де  
болып  жатты.  Олар  туралы  Жаркент  уезінің  бастығы  Н.Н.Ступиннің  1916 
жылы    6-шы    шілдеде    Жетісу    облысының    әскери    губернаторы  
М.А.Фольбаумға    жолдаған    телеграммасынан    байқауға    болады:  «Лично  
присутстовал    при    составлении    списков    рабочих    для    тыла    армии    в    с. 
Городском    Джаркентско-Таранчинской    волости.    Разьяснил    дополнительно  
распоряжения,  данные   ранее   лично   должосны   и  почетным  лицам.  Часть  

 
 
59 
общества    демонстративно    удалилось    со    схода    с    выборными,    последные  
скрылись.  Выборных  уволил  с  должностей.  Трое  задержаны  и  арестованы  
до    особого    распоряжения.    Настроение    туземцев    к    этому    распоряжению  
правительство  враждебное.  Прошу  указаний  и  распоряжений... 
...В  этот  же  день  прыбыли  представители  и  от  дунганской  волости  с  
членами  от  девяти  обществ,  около 100  человек. Я  им  лично  разьяснил  суть  
дела    и    показал,    как    составить    списки:    прибывшие    дунгане,    за  
исключением    представителей,    повернулись    и    ушли,  а    из    толпы    слышны  
были  слова: «Умрем  лучше,  но  туда  не  пойдем» [159].   
Осындай      телеграммалар      барлық    уездерде    жіберіліп    жатыр    еді.  
Олардың    кейбіреуі    халықтың    кӛңіл  –  күйінен    шошынып,    кӛмекке    әскер  
жіберуді  сұрап  та  жіберіле  бастады. 
22-ші    шілдеде    пристав    Подворков  «Ереуіл    тӛбедегі»  жиынға  
қатысқандарды    орталықтан    келген    казак-орыс    әскерлерінің    кӛмегімен  
тұтқындап,    оларды    Пржевальск    түрмесіне    айдатады.    (Пржевальск  
Қарқарадан  100 шақырымдай   жерде).   Мұнда   Пржевальск   уезінің   бастығы  
полковник    Иванов    тездеп    Қарқараға    қайтып,    патшаның    жарлығын    сӛзсіз  
орындаңдар    деп    тұтқындар    алдына    шарт    қойды.    Егер    осы    шарт  
орындалмаса,    оларға    қатаң    шара    қолданылатыны    ескертіледі.    Бірақта,  
Қарқара-Кеген  және  Шәлкӛде-Текес  аймағы  бойынша  тұтасқан  ұлт-азаттық  
қозғалыстың  Жәмеңке  Мәмбетов  бастаған  басшылар  полковник  Ивановтың  
қойған    шартын    орындаудан    үзілді-кесілді    бас    тартады.    1916  жылғы    7-ші  
тамызда  полция   жендеттері  Жәмеңке  Мәмбетовке  у  салған  тамақ  береді  
де,  бірнеше  сағаттан  соң  дүниеден  қайтады. 
1916 жылы   тамыз  айының  бас    кезінде  Пржевальскінің  айналасында  
және    қаланың    тӛңірегінде    топтасқан    қырғыз    жасақтары    бой      кӛрсете  
бастайды.    Олардың    кӛбісі      қалаға    кіріп,    қамауда    жатқан    саяси  
тұтқындарды  босатып   алуға  әрекет  жасайды.  Бірақта  қалада  тұрған  әскери  
бӛлімдер  мен  жандармдар  Жетіӛгізден,  Шатқалдан,  Ақсудан, Жырғалаңнан,  
қалаға    ӛтетін    тӛрт    жолдың    бойындағы    ӛсіп    тұрған    ағаштарды    құлатып,  
жолды    бӛгеп,    мыңдаған    салт    атты    қарулы    жасақтардың    шабуылын  
тоқтатты. 
Осы    кезде    кӛтерілістер    ұйымдасқан    сипатқа    ие    бола    бастаған      еді.  
1916 жылы  10 тамызда  қырғыз  халқының   Бұғы  тайпасының   ұйымдасқан  
қарулы  кӛтерілісті  бүкіл  Ыстықкӛл  ӛңірінде  таралған  болатын.  
Кӛтерілістің    жаппай    ӛріс    ала    бастауынан    шошынған    уезд    тӛрелері  
полковник    Ивановтың  бұйрығымн   түрмеде  қамауда  жатқан   тұтқындарды  
жабық      камераның    терезесінен    ешбір    тергеусіз-сотсыз    атқызды.    Атылған  
ереуілшілердің    ішінде    Кәрібоз    Қаңтаров,    Суанқұл    Арғынов,    Қазыбек  
Шорманов,  Ұмеке   Бестібаев,  Біләл  Разақов,  Құрман  Әділбеков,  Бекайдар  
Сұлтанқұлов,    Құдиярбек    Шотаманов,    Жанпейісов    Отыншиев  сияқты  
боздақтар  шейіт  болды [160].   
Түрмеде    болған    аласапыран    кезінде    Ұзақ    Саурықов,    Әубәкір  
Сұлтанбеков,  Жайшыбек  Бектенов,  Тұрлығожа  Жансеркеев  қашып  құтылып  

 
 
60 
кетеді.    Қатты    жаралы    болған    Ұзақ    Саурықов    жендеттер    қолына    қайта  
түсіп,  дүниемен  қош айтысады. 
Бұл  арада  Қарқара  ӛңіріндегі  бас  кӛтерулер  де  тез  арада  ұйымдасқан  
сипатқа    ие    бола    бастайды.    28-ші    шілдеде    пристав    Подворковтың  
нұсқауымен    65  адам    абақтыға    жабылды.    Тұтқындардың    ішінен    Қанаев  
Серікбайды,    Байсегіров    Әбдіхалықты,    Қойшыбеков    Алдабергенді    және  
тоғыз  ұйғырды  Жаркент  түрмесіне  айдатады.  Тұтқындарды  алып  жүруші  
үш  солдат  жолда  қазақ  аылдарына   кӛтеріліс  болып  жатыр  деген  сыбыс  
естиді.    Кӛтерілістен    қорыққан    солдаттар    Сарыжаздың    теріскей    бетіндегі  
Ақшоқыға    таяу    «Жалманды»    деген    жерде    барлық    тұтқындарды    атып  
тастап,      ӛздері    қашып    кетеді.      Атылғандардың    ішінен    Қойшыбеков  
Алдаберген  жаралы  болып  ӛлмей  қалады  [161]. Кейіннен  есін  жиып,  жаяу  
жүріп  елге  жетіп,  ӛзгелердің  қаза  болғанын  естіртеді.   
Ал  3-ші  тамыз  күні  Қарқара  жәрмеңкесі  бұрынғысынша  дулы-думанды  
базар    болып    жатады.    Кешке    қарай    Шағаман    аулынан    келген    бір    топ  
жігіттер    полицейлердің    назарына    түседі.    Олар    топ    ішіде    жанжал  
шығарады,  полицейлер  жанжалға  алаңдаған  кезде  Дина  Тастыбаева  деген  
келіншек    Қарқара    тамақ    үйінің    есігіндегі    құлыпты    балтамен    қиратып,  
ондағы  тұтқындарды  босатып  жібереді.  Тұтқындардың  ішінде  оның  күйеуі  
Тұрысбек    те    бар    еді.    Бұл    әрекетті   бірген    пристав    Подворков    жанжалға  
қатысқан  жігіттерді  атуға  бұйрық  береді , бірақ  ол  кезде  жігіттер  қашып  
кеткен  болатын. 
Кӛтерілістер  ұйымдасқан  сипат  алып  бара  жатқан  кезеңде  Жетісудағы  
патша    әкімшілігі    айлаға    кӛше    бастайды.    Осыған    байланысты    Жетісу  
әскери   губернаторы  Фольбоум  облыстың   уезд  басшыларына  тӛмендегідей  
бұйрық    жібереді:  «Партияны    екі    жікке    бӛлуге    тырысыңдар,    бүлікке  
қатысушыларды    ӛз    жақтарыңа    тартуға    күш    салыңдар    және    жеңілдік  
жасаймыз    деп    уәде    етіңдер.    Үкім    шығаруға    күш    сала    бермеңдер.    Бірақ  
араздықты    қоздырып,    ӛздеріңді    жақтаушыларды    қолдаңдар»  [162].  Неше  
түрлі  айла-шарғыларды  ойлап  тауып,  халық  арасына  от  тастап,  бір-бірімен  
қырқыстыру    арқылы    кӛтерілісшілердің    қарқынын    бәсеңдетуге    тырысқан  
патша    әкімшілігінің    бұл    ойы    ертеден    келе    жатқан    сұрқия    саясатының  
жалғасы  екенін  кӛрсетті. 
Сонымен  қатар,  кӛтерілісті  басу  үшін  кӛмек  сұраған  телеграммаларда  
жіберіліп    жатты.    Ӛйткені,    кӛтерілісшілердің    бет    алысы    күннен-күнге  
күшейіп,  қарқыны  үдеп  барады. 
1916 жылы  тамыз  айында  кӛтерілісшілердің  қимылы  барлық  ауылдарда  
кеңінен  ӛрістейді.  Осы  айдың  ортасында  олардың  қозғалысы  Қарқараның  
барлық  түкпірінде  үдей  түсті. 
8-ші    тамыз    күні    Монай    Ұзақбаев    және    Мұқан    Ұзақбаев    бастаған  
кӛтерілісшілердің  қарулы  жсағы  патшаның  сенімді  тірегі   және  жергілікті  
халық    үшін    ӛте    қауіпті    күш    Нарынқолдық      казачествоны    талқандады.  
Арада    болған    шайқаста    Дәлденбаев  Іргебай,    елубасы    Текебаев    Айдарлы,  

 
 
61 
онбасы    Қозиев    Байбосын,    Елебаев    Шағалақ    және    Қазыбеков    Оразымбет  
айтарлықтай  ерлік  кӛрсетеді. 
11-ші    тамызда    Тұзтаудың    оңтүстік    және    солтүстік    беткейінде  
Жанпейісов    Диқанбайдың,    Сұлтанқұлов    Жақыпбердінің,    Сауранбаев  
Қабылбектің,  Жарылқасынов  Қожакенің,  Сімтіков  Қайыпбердінің,  Ұзақбаев  
Мұқанның,    Бекбосынов    Тайлақтың,    Біләлов    Дәркенбаевтың    қарулы  
жасақтары    қатарларын    біріктіріп,    бас    қосады  [163].  Бұл    үлкен    жасақты  
Ұзақбаев    Монай    басқарады.    Оның    басшылығымен    кӛтерілісшілер  
ұйымдасқан  түрде  мыңбасы,  жүзбасы,  елубасы,  онбасы  болып  топталады.  
16-шы    тамызда  олар    Қырғызсайды,    ал    20-шы    тамызда    Сүмбені    және  
Қалжатты    босатады.    Осы    шайқастар    барысында    кӛтерілісшілер    орыс  
шаруалармен  де  қақтығысқа  түскен  еді.  Оларды  селоларынан  қуып  шығып,  
басып    алған    селоларын    ӛртеп    жіберіп    отырды.    Бұл    кӛріністерді  
Чеканинскийдің    1926    жылғы        кӛтерілістің    10  жылдығына    орай    осы  
кӛтерілістің  материалдарына  сүйеніп  жазған  еңбегінде  былай  дейді: «... 12 
августа    они    сделали    нападение    на    мельницу    крестьянина    Нечевкина    в  
ущельи    Чет-мерка,    затем,    разделились    на    два    отряда,    и    повели  
наступление  на  казачью  станицу   Джаланаш  и  расположенное  в  верстах  12 
к    востоку    от    нее    переселенческое    селение    Ново-Афонское.    Джаланашцы  
дали    знать    об    этом        находившемуся    в    верховьях    реки    Челика      отряду  
прапорщика    Бейка.  Оставив  Джаланаш,    повстанцы  сожгли    село    Ново  – 
Авонское,  жители      которого    поздно    вечером,  под    прикрытием    отряда  
Джаланашских  казаков,  бежали  в  станицу. Киргизы  же, разорив  по  дороге  
хутора,  заимки    и    небольшое    в    Кегенской    долине    селение    Спицевское, 
соединились  с    кара  –  киргизскими    отрядами,  оперировавшими    в    районе  
Каркаринской  ярмарки  и   в  селениях   Нарынкольско  – Чарынского  участка,  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет