Тілеубаев шамек баянҧЛЫ



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата03.03.2017
өлшемі0,96 Mb.
#6206
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
часть  жителей    которых    бежала    в    станицу    /выселок/    Подгорненскую, 
расположенную  у  северных  уклонов  Кетменских  гор  на  реке  Кыргыз – сай. 
Селение    до    прихода    воинских    отрядов    отбивались    в    течении    2-х 
суток,  а    подошедшим    отрядом    жители    селений    были    выведены    в    город  
Прежевальск,  за    исключением    селения    Челокая,  оставшегося    в    полном  
распоряжении  повстанцев. 
До  этого  жители  Челская  отбивались  течение  6-и  суток.  12-го  августа  
Каркаринская   ярмарка  была  осаждена  повстанцами.   В  это   время   в  ней  
находился  отряд   Кравченко  14-го  августа  отпустил  в  город  Пржевальск,  
захватив  по  дороге  население  поселков  Нарынкольского  участка. 
Каркаринская  ярмарка  подвергалась,  со  стороны  повстанцев  разгрому  
и  была  сожжена,  разгрому  и  была  сожжена  и  селения ...» [164]. 
Мұндай    ұлтаралық  қақтығыстар    кӛтерілісшілердің    барлық    орыс  
халқына  деген  ӛшпенділігінен  тумағаны  белгілі.  Десекте,  оған  итермелеген   
біраз    себептер    бар    еді.    Ол    біріншіден  –  патша    үкіметінің    озбырлық  
саясатына    деген    ашу-ыза,    екіншіден  –  жергілікті    жерлердегі    патша  
чиновниктері    халықты    бір-біріне    айдап    салуы    болды,    үшіншіден  –  қоныс  

 
 
62 
аударып    келген    орыс    шаруалардың    жергілікті    ұлт    ӛкілдеріне    үстемдік  
кӛрсетуі  отқа  май  құйғандай  жағдайда  еді. 
Патша 
әскері  мен 
орыс  қоныс  аударушыларының 
қарулы 
жасақгары 
жасаған 
ойран Жетісу 
халқына 
бұрын 
болмаған қайғы-
қасірет 
әкелді. 
Қазақ пен 
қырғыздардың 94 
ауылы бүліншілікке 
ұшырады, соның 
ішінде 
5373 үй ӛртеліп, 
1905 
адам  ӛлді,  684-і  жараланды, 
1105 
адам 
тұтқынға 
алынды. 
Жетісу 
облысының 
жергілікті 
халқының 
тӛрттен  бір  бӛлігі,  яғни 
шамамен 
300 
мың 
адам  Қытай  жеріне  барып  паналауға  мәжбүр  болды  немесе  қуып  тасталынды 
[165].  М.Тынышпаевтың  есебі        бойынша,  Жетісу  облысына  қарасты  Алматы, 
Жаркент, Пішпек,     Пржевальск уездеріндегі 44 болыста тұратын 47 мың 759 
түгіннің  40  мың  250  түгіні  Қытай  асқан  [166].  Бір  ғана  Верный  уезіндегі 
Қызылбӛрік  болысындағы  1129  отбасының 263-нен  ӛзгесі  Құлжаға  ауып  кетті 
[167]. 
 
2.2 Жетісулық зиялылардың кӛтеріліс тҧсындағы қызметі 
Қазақ-қырғыз зиялыларының 1916 жылғы ұлт-азаттық кӛтеріліс тұсындағы 
қоғамдық-саяси  қызметі  арнайы  зерттелтелуі  қазақ  пен  қырғыз  елі  егемендік 
алғаннан кейін ғана дұрыс қолға алына бастады. 
«1913  жылдан  «Қазақ»  газетінің  тӛңірегіне  біріге  бастаған  қазақ 
зиялыларының қоғамдық-саяси ұстанымы империядағы, қазақ облыстарындағы 
нақты саяси жағдайға байланысты қалыптасып, ӛзгеріп отырды. Сонымен бірге 
жоғарғы билік оппозициялық күш ретінде танып, жергілікті отаршыл әкімшілік 
бітіспес  жауы  ретінде  қуғынға  алған  ұлт  зиялылары  ӛз  халқы  тарапынан  да 
түсінушілік пен айтарлықтай үлкен қолдау таба қоймады. Мұндай ауыр жағдай 
оның  саяси  кӛзқарасы  мен  ұстанған  бағытына  да  ӛз  әсерін  тигізген  еді.  Ұлт 
зиялыларының  1916  жылғы  ұлт-азаттық  кӛтерілісі  қоғамдық-саяси  қызметін 
дұрыс түсіну үшін, міне, осы аталған факторларды есепке алмай болмайды. 
Кеңестік  тарихшылар  «С.Брайнин  мен  Ш.Шафиро  ӛздерінің  еңбектерінде 
бұл  мәселенің  алғашқы  бӛлігін  айналып  ӛтіп,  ал  екінші  бӛлігін  баяндауда 
ашықтан-ашық  ғылыми  әдіске  жат,  таза  саяси  конъюнктураға  ұрынды.  Оның 
себебі түсінікті еді. Ӛйткені алаш зиялыларының Бірінші дүниежүзілік соғысқа 
байланысты  қызметін  баяндау  үшін  олардың  қолында  қажет  деректік 
материалдар  жоқ  болатын.  Ондай  материалдарды  «Айқап»  журналы  мен 
«Қазақ»  газетінен  ғана  алу  мүмкін  еді,  ал  ол  басылымдарды  Брайнин  мен 
Шафиро оқи алған жоқ. Ал кӛтеріліске қатысты деректерге келсек, олардың да 
біразы қазақ басылымдарында берілді, ал мұрағат материалдарының ішінен тек 
ӛз  тұжырымдарына  үйлесімділерін  ғана  теріп  алды.  Міне,  осындай  деректік 
сұрыптаулардан  соң  жасалынған  «ғылыми»  тұжырымдардың  қаншалықты 
нанымды екендігі түсінікті болса керек»-деп орынды кӛрсетеді тарихшы-ғалым 
М. Қойгелдиев [168].   
Қарастырып  отырған  мәселеге  байланысты  ұлттық  тарихты  баяндауда 
1930-шы  жылдардың  ортасында  іргетасын  Брайнин  мен  Шафиро  қалап  кеткен 
кеңестік  тарихнама  ұстанымы  тәуелсіздік  алған  жылдарға  дейін  ӛзгеріссіз 
келді. Бес томдық «Қазақ ССР тарихының» үшінші томында құрамында бірде-

 
 
63 
бір  қазақ  болмаған  большевиктер  партиясының  соғыс  жылдарындары  кызметі 
арнайы  баяндалып,  ал  қазақ  зиялыларының  осы  мезгілде  атқарған  қоғамдық 
қызметі  жӛнінде  бір  ауыз  сӛздің  жоқтығын  байқаймыз.  Оның  есесіне 
«феодалдык-патриархаттық,  жоғарғы  топ  патша  үкіметімен  және  орыстың 
империалистік буржуазиясымен ауыз жаласып, бұл үшін Мемлекеттік Думаның 
мінбесін (мұсылман фракциясы арқылы), сондай-ақ ӛздерінің баспасӛз органы - 
«Қазақ»  газетін  пайдаланды»  немесе  «байлар,  болыстар,  ауыл  старшындары 
мен  олардың  буржуазияльщ-ұлтшыл  интеллигенция  қатарынан  шыққан 
құйыршықтары патша указын орындауды жақтап шықты»
 
 деген сияқты қандай 
тұрғыдан болсын негізсіз тұжырымдарды кездестіруге болады [169].  
Мәселені  тың  деректік  материалдар  бойынша  және  ғылыми-әдістемелік 
негізде  қарау  тек  1990  жылдырдан  бастап  қайтадан  қолға  алынып  зерттеле 
бастады.    Академик  М.Қозыбаев  1916  жылғы  кӛтеріліске  арналған 
проблемалық мақаласында «ұлттық интеллегенцияның 1916 жылғы ұлт-азаттық 
кӛтеріліске  қатысты  ұстанымы  ерекше  қызығушылық  туғызды»  деп  кӛрсетіп, 
қазақ  зиялыларының  Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  жылдарындағы  ұстанымын 
және  соғысқа  алынған  қазақ  жұмысшыларына  кӛрсеткен  қызметін  арнайы 
зерттеу қажеттігіне кӛңіл аударды [170]. 
Жоғарыда кӛрсетілгендей, кеңестік тарихтану қазақ-қырғыз зиялыларының 
1916  жылғы  кӛтеріліске  байланысты  ұстанымын  баяндауда  тарихи  шындықты 
ашуды  мұрат  тұтпай,  қалай  болғанда  да  оларды  реакциялық  бағыттағы  күш 
ретінде кӛрсетуді кӛздеді. Шын мәнінде мәселе анағұрлым күрделірек болатын. 
Бұрын  азды-кӛпті  мәлім,  сондай-ақ  зерттеу  жұмыстарына  әлі  тартылып 
үлгермеген  тың  деректік  материалдарға  сүйене  отырып,  қазақ-қырғыз 
зиялыларының кӛтеріліс тұсындағы қызметіне тоқталайық. 
Кӛтерілістің  шығуына  түрткі  болған  жағдай  қазақтан  соғысқа  солдат  алу 
емес, қара жұмысшы алу екендігі белгілі. Қазақтан солдат алу мӛселесінің жай-
жапсарын  «Қазақ»  газеті  аркылы  Әлихан  Бӛкейхан  бастаған  саяси  топтың 
1914—1915  жылдардан  бастап-ақ  кӛтеріп,  қоғамдық  пікір  қалыптастырып,  бұл 
мәселеге  байланысты  үкімет  орындарының  шешімдеріне  ықпал  жасауға 
тырысқаны жӛнінде кеңестік тарихнамада айтылмай келді. Түсінікті болу үшін 
мәселенің қойылу тарихынан бастайық. 
1914  жылы  Ресей  дүниежүзілік  соғысқа  енген  соң,  әскер  қатарын  жаңа 
күштермен  толықтырып  отыру  қажеттігіне  байланысты  қазақтан  солдат  алу 
мәселесі қайтадан қойыла бастайды. Оны кӛтерген Мемлекеттік Думада екінші 
разрядты  атты  әскер  жасақтарын  құру  туралы  заң  жобасын  талқылау 
барысында  мұсылман  депутаттар  фракциясының  ӛкілдері  Акмола,  Семей, 
Жетісу, Торғай облыстары мен Түркістан ӛлкесіндегі қазақтардан атты әскерге 
солдат алу туралы ұсыныс жасаған. Мемлекеттік Дума бұл мәселе бойынша заң 
жобасын  талқыламастан  бүрын  әскери  министр  Сухомлиновке  істің 
жағдайымен  танысып  шығуды  тапсырады.  Сухомлинов  1914  жылы  шілдеде 
Мемлекеттік  Дума  атына  мынадай  мазмұндағы  баяндама  түсіреді:  қазақтар 
кӛшпелі,  кӛшпелілік  пен  мемлекеттік  бір-біріне  үйлеспейтін  ұғымдар; 
қазақтардың  мәдениеті  тӛмен,  орысша  білмейді,  жазу  танымайды,  солдат 

 
 
64 
тамағын  тамақсынбайды,  әскер  қызметіне  шыдамайды;  бұларға  қосымша, 
қазақтар соңғы кезеңде панисламизм рухында тәрбиеленіп отыр [171]. 
Сухомлиновтың орнына келген әскери министр Поливанов қазақтан солдат 
алу  мәселесін  қайтадан  кӛтереді.  Бас  штабтың  бастығы  генерал  Михневич 
«Биржевые  ведомости»  газеті  тілшісімен  ӛңгімесінде  бүл  туралы  заң  жобасы 
дайындалып, басқа мекемелердің пікіріне жіберілгендігін хабарлайды [172]. 
Деректердің  кӛрсетуіне  қарағанда,  әскери  министрліктің  ұсынысы 
бойынша бұл мәселе Омбы жӛне Торғай генерал-губернаторльқтары кеңесінде 
талқыланған.  Ол  кеңестердің  қабылдаған  құпия  шешімін  1917  жылғы  ақпан 
революциясынан  кейін  Петербургте  шығатын  «Известия  Всероссийского 
Мусульманского Совета» газеті жариялайды [173].  
Орталық  биліктің  бүл  мәселе  бойынша  шешім  қабылдауына  негіз  болған 
бұл құжатта мынадай тұжырымдар бар еді. 
Торғай  кеңесінің  пікірінше,  біріншіден,  қазақтарды  орыс  патшалығының 
сенімді  қарашысы  деуге  болмайды,  ӛйткені  бұларда  дұшпандық  пиғыл  бар. 
Соңғы  жылдары  қазақтардың  арасында  да  панисламизм  идеясы,  яғни  бүкіл 
мұсылман  халықтарының  бірігуі  туралы  пікір  жайылып  келеді,  сондықтан 
қазақтар  солдат  болып  әскер  арасына  кірсе,  біздің  дұшпандарымыз  кӛбейеді. 
Қазақ  жігіттері  3-4  жыл  әскерлік  қызметте  болғанымен  Ресейге  шын 
ықыласымен қарашы бола қоймас, керісінше, қару-жарақ ұстап үйренеді, ал ол 
біз үшін тиімсіз. Екіншіден, қазақтардың мәдениеті тӛмен, орыс тілін білмейді, 
әскер  ӛнерін  үйренуге  ақыл-парасаты  жетілген  жоқ.  Сондықтан  бұларды  түзу 
жолға  салудың  жалғыз-ақ  жолы  –  арасына  жақсы  орыс  учителі  мен  орыс 
тәртібін  енгізу.  Сонда  ғана  15  –  20  –  30  жыл  ӛткен  соң  барып  Ресейге 
дұшпандығын жоғалтып, ӛздерін Ресей патшасының қараушысы санамақ. Оған 
дейін қазақтардан әскерге адам алуды тоқтата тұрған жӛн, әзірге сенімді халық 
емес, сондай-ақ, әскерлік қызмет етуге де даярлығы жетіңкіремейді. 
Омбы кеңесінің пікірі бойынша, қазақтар әскерлік кызметті ӛте жек кӛреді, 
отырыкшылыққа  ӛтпей,  казак-орыстыққа  жазылмай  жүрген  негізгі  себебі  де 
осы  әскери  қызметтен  қашқандықтан,  ал  қала  болған  казақтарды  қазірден 
әскерлік  қызметіне алатын болсақ, жалпы қазақты  қалаға айналдырамыз деген 
зор  мақсатқа  кедергі  болады,  жаңа-жаңа  қара  шекпендермен  бір  қатарда 
тәртіпке  түсіп  келе  жатқан  сот  ісі,  ел  билеу  реті  һәм  жер  мәселесіне  зиян 
келмек.  Қазақ  халкын  тезірек  орыстандыру  үшін  әкімдер,  қалайда  болса, 
кешпеліліктен шығарып қала болдыруға бар ыждиһатын салулары, қала болуға 
кӛлденең тұрған себептерді жоюға тырысулары керек. 
Бұл айтылғандарға қосымша қазақ халқы саяси жағынан сенімсіз, ол бізге 
жаулық  пиғылдағы  Орта  Азия,  Хиуа,  Бұқар  мемлекеттерімен  және  Қытай 
мұсылмандарымен  кӛрші,  демек,  кӛшпелі  бұратана  мұсылмандардан  жыл 
сайын  аз  да  болса  әскерге  адам  алып,  қару-жарақ  ұстауға  үйрету  —  саяси 
тұрғыдан қателік болар еді. 
Торғай  жӛне  Омбы  кеңестерінің  шешімін  негізге  алып,  орталық  үкімет 
патша  мен  Мемлекеттік  Думаға  баяндама  дайындайды.  Баяндамада 
қазақтардың  XIX  ғасырдың  екінші  жартысына  дейін  Ресейге  жаулық  пиғылда 

 
 
65 
болып  келгендігі,  1847  жылы  ӛлген  Кенесары  Қасымұлы  қазақ  халқын  ӛз 
алдына  бӛліп  әкету  үшін  әскер  жинап,  қарсылық  кӛрсетіп,  қазақ  даласында 
дүрбелең  туғызып,  шарасыздықтан,  барар  жер,  басар  тауы  болмағандықтан 
басылғандығы,  тек  Орта  Азия  хандықтары  біржола  Ресей  империясына 
бағынғаннан  кейін  барып  тынышталғаны  егжей-тегжейлі  баяндалады.  «Бұл 
уакытта,  -  деп  кӛрсетіледі  баяндамада,  -  Сібірде  һәм  Торғай  облысында  қазақ, 
жерінің  артығы  қара  шекпенділерге  алынып  жатыр;  және  де  бұратаналарды 
билеу  ісі  һәм  соты  езгертіліп,  жер  алғандары  отырықшыл  болғанға  есептеліп 
жатыр.  Жаңа  ӛзгерісті  қара  халық  жек  кӛретін  емес,  бірақ  байлары  һәм 
басшылары  оған  қарсы.  Жер  мәселесіне  келгенде  қазақ  үкіметке  сенбейді, 
жерін алуды жаратпайды. Осы күнгі мал бағып отырған жерлерін ӛз мүлкі һәм 
атамекені  деп  біледі,  жері  алынғанға  амалсыздан  ғана  кӛнеді.  Әсіресе,  қазақ 
жері  алынғанды  жек  керетін  байлар:  олар  барлық  жақсы  жерді  ӛздері 
пайдаланып, кедейлерді қысып үйреніп калған». 
Осы  және  басқа  дәлелдерді  келтіре  отырып,  ең  соңында  үкімет  «сақтық 
жүзінен  һәм  патшалык,  пайдасы  үшін  ыңғайлы  уақыт  келгенше  Орал,  Торғай, 
Акмола,  Семей  һәм  Түркістан  уалаятындағы  бес  облыстың  қазағын  әскерлік 
кызметке алуды кешіктіре тұруға» қаулы етеді. 
Сӛйтіп,  1914  –  1915  жылдары  жоғарғы  және  жергілікті  мемлекеттік 
биліктің ішінде бұл мәселеге байланысты жүрген пікір алысу ең соңында қазақ 
елінен әскерге адам алуды кейінге шегере тұрумен аяқталған еді. 
Міне, осы құпия қабылданған шешімге байланысты мынадай жағдайларды 
ескерген жӛн. Орыс билігі үшін бұл тарихи кезеңдегі қазақ коғамы ӛз сыры ез 
ішінде  бейтаныс,  тіптен,  белгілі  дәрежеде,  ӛзіне  қарсы  тұрған  қоғам. 
Сондықтан  да  оған  сенуге  болмайды.  Қазақ  қоғамы  ішінде  әсіресе  сенімсіздік 
тудыратын әлеуметтік топ – ол байлар, ауқаттылар. Демек, орыс билігіне қарсы 
ұйыткы  әрекетті  де  осы  күштен  күтуге  болады.  Жалпы  алғанда,  бұл  тура  да 
тұжырым  болатын.  1916  жылғы  кӛтеріліске  осы  ауқатты  топ  ӛкілдері 
жетекшілік  жасап,  халықты  отарлық  езгіден  құтқаруға  бастап  шыққан  еді. 
Жетісудағы  кӛтерілістің  басшыларының  түгелге  дерлігі  қазақ-қырғыз 
қоғамының  ауқатты,  белсенді  әлеуметтік  топ  ӛкілдері  болғандығын  мұрағат 
қорларында  сақталған  деректердегі  жандармерияның  жасаған  тізімінен  анық 
байқалады [174].  
Үкімет  орындарының  мұндай  құпия  шешімге  келгенін,  ол  кезде,  әрине, 
қазақ  зиялылары  білген  жоқ  «Қазақ»  газеті  бетінен  қазақтан  солдат  алу 
мәселесінің 1915 және 1916 жылдары да түспегендігі соған байланысты еді. 
Қазақ зиялылары газетке жазған материалдарында бұл істің жағымды және 
жағымсыз  жақтарын  талқылаумен  болды.  Мәселен,  «Қазақтан  солдат  алу 
туралы»  деген  мақаласында  Мемлекетгік  Думадағы  мұсылман  депутаттардың 
ұсынысына  байланысты  «Қазақ»:  «...қазақтан  солдат  алуды  қуаттайтын 
мұсылман депутаттары мен мұсылман газеталары. Бұлардың ойлайтыны: қазақ 
солдат болмай тұрған кезде ала алмай отырғандарын солдат болса алады деген 
есеп.  Солдат  бермейсің  деп  бермей  отырған  земствосын  берер;  надансың  деп 
бермей  отырған  депутаттықты  берер;  шамансың  деп  бермей  отырған 

 
 
66 
муфтилікті  берер;  жер  таңдауын  басқаға  беруді  қойып,  казақтың  ӛзіне  берер; 
солдатқа  барған  жастар  дүние  кӛріп,  жол  танып,  жӛн  біліп,  ысылып  келер; 
сӛйтіп,  қазақ  арасында  мәдениет  жоғарылар»
 
[175]  деген  пікірін  келтіріп, 
«бұлардың  кӛздегені  қазаққа  жамандық  емес,  жақсылық»,  бірақ  бұл  қазақ 
жайын жақсы білмегендіктен туған пікір, «орыс соғыс тұсында қазақтан солдат 
алғанын  қуаттау  –  зор  адасу»,  ӛйткені,  қазақ  елінде  паспорттандыру  жүйесі 
жоқ,  ал  бұл  жағдай  ӛз  ретінде  түрлі  зорлық-зомбылыққа  жол  ашатындығы 
мәлім. Одан ары газет: «қазақтан солдат алса құқы ұлғаяды, салмағы молаяды, 
мәдениеті жоғарылайды деген мұның бәрі әдемі сӛз. Бірақ сӛзден іске қарай аяқ 
басқанда онша әдемі болып шыға қоймас. Қазақ тізгінін Ресейге бергелі екі жүз 
жылға  жақын  заман  болды.  Бұл  қазақ  метрикесін  түзетуге  жеткілікті  уақыт. 
Қазақ  Ресейге  тізгінін  бергенде  Ресейдегі  басқа  жұрттармен  тең  болуға  кӛніп 
берген. Сондықтан әскер қызметінен  қазақ бас тартпайды. Бірақ мұны 20  – 30 
жыл бұрын ойлап, метрике шатақ болмауьша қам қылу тиіс еді. Істелмеген соң 
казақтан солдат алғаны жақсы деп айтқанда ауызға жеңіл болса да, аларда ауыр 
болар.  Қазаққа  солдаттық  пайдалы  деп  түсіндірушілер  айтқанда  ғана  емес, 
аларда да жеңіл болу жағына қам қылу керек» деген дәлелді пікірді білдіріп, ең 
соңында,  «кӛздеген  пайдасы,  ойлаған  жақсылығы  қазаққа  қанша  қымбат 
болғанымен, алды-артын абайлап  қарамай, асығып айтқан  пікір, пайда орнына 
зиян  келтіруі  ықтимал.  Сондықтан  істің  аңысын  аңдып,  ӛз  пікірімізді  айтудан 
әзір тоқтала тұрамыз»
 
-деп тұжырымдайды [176]. 
Кейін  ӛмірдің  ӛзі  кӛрсетіп  бергендей,  бұл  қазақтан  әскерге  адам  алуға 
байланысты  дәл,  негізді  айтылған  пікір  болатьш.  Дегенмен  «Қазақ»  бұл  саяси 
зәру  мәселенің  күрделі  жақтарына  қазақ  қоғамының  кӛңілін  аудару  үшін  ӛз 
беттерінде  ӛзара  қайшы  түрлі  пікірлерге  де  кең  орын  берді
 
[177].  Сол  газет 
бетінде  жарық  керген  түрлі  пікірлерді  қорыта  келе  М.Дулатұлы  «Г.  Дума  һәм 
солдаттық  мәселесі»  деген  мақаласында  «солдаттық  мәселесі  туралы  қазақ 
даласының  һәр  тұсынан  жиналған  пікір,  тілек  бір  ауыздан  шығып  тұр»  деп 
жазып, ол айтылған ойларды былай қорытады: 
«1)қазақтан осы соғыс үстінде солдат алынбау; 
2) солдат алудан бұрын метрике түзеу үшін муфтилікке қарау; 
3) лажсыз алынатын болғанда, жаяу солдат болмай, атты әскер болу, казак-
орыспен жер-су һәм правода теңгерілу» [178]. 
Бұратана халықтардан майдан жұмысына адам алу туралы 1916 жылғы 25 
маусымдағы  патша  жарлығы  ӛлкеге    шілде  айының  орта  тұсына  қарай  келіп 
жетті.  Мұны  естіген  жұрт  М.Дулатұлы  айтқандай,  «сеңдей  соғылды.  Түнде 
ұйқыдан,  күндіз  күлкіден  айырылды.  «Әне  келеді,  міне  жетеді»  деп  ӛлім 
жазасына бұйырылған  үкімнің орнына  келуін күткен тұтқындай болып жүрді» 
[179].  Қарапайым  халықка  әсіресе  ауыр  тигені  «қазақтарды  окоп  қазу 
жұмысына  алады  екен»  деген  сӛз  еді.  Оларға  бораған  оқ  ортасында  жер  қазу, 
ажал аузына ӛз аяғымен баратындай кӛрінген еді. 
Шілденің орта тұсынан бастап бүкіл ӛлкеде ӛте ауыр жағдай қалыптасты. 
Бір  жағынан,  әскерге  адам  бермеймін  деп  қарапайым  халық  кӛтерілсе,  екінші 
жағынан, қайтсем де аламын деп үкімет орындары  күшке кӛшуге дайындалып 

 
 
67 
жатты.  Ақтӛбе  қаласында  ӛткен  митингіде  сӛйлеген  Торғай  облысының  вице-
губернаторы  «Бірде-бір  қырғыз  тірі  қалмаса  да,  патша  бұйрығы  орындалатын 
болады» - деп сес кӛрсетті [180]. 
Мұндай  жағдай  Жетісу  ӛңірінде  де  қалыптасқан  болатын.  Патша 
әкімшілігінің жергілікті жердегі чиновниктері де бірден «сес» кӛрсету әрекетіне 
кӛшкен  болатын.  Олар  кӛтерілістің  шығатынынан  алдын-ала  хабардар 
болғанын  және  оны  біле  тұра  алдын-алуға  еш  әрекет  жасамағаны  Жетісу 
облысының  әскери  губернаторы  генерал  Фольбаумның  кӛтеріліс  басып-
жаншылғаннан 
кейін 
Түркістан 
генерал-губернаторына 
жіберген 
мәлімдемесінен де кӛруге болады: «...ашық кӛтеріліске алып келетіндей  халық 
бұқарасының негізгі кӛңіл-күйі ретінде, қазақтардың риза еместігі бұрыннан-ақ 
байқалды...»  [181].  Осындай  «кӛңіл-күйді»  біле  тұрғанымен  кӛтерілісті 
болдырмау  мақсатында  алдын-алмай,  керісінше  оны  одан  әрі  шиеленістіре 
түскен.  Осы  мақсатта  Ташкенттегі  жоғары  басшылықтан  кӛмекке  әскер  сұрап, 
ӛңірде  бар  әскерді  кӛтеріліс  шыға  қалған  жағдайда  тез  арада  басатындай  етіп 
орналастыруға тырысқан. 
Осылайша 
қалыптасқан 
күрделі 
жағдайда, 
М.Тынышбаев 
атап 
кӛрсеткендей, аз ғана қазақ зиялылары екі бірдей оттың ортасында қалды [182]. 
Жаңа  басталған  ұлттық  бас  кӛтеру  жағдайында  ресми  билік  орындары  қазақ 
зиялыларына  қозғалыстың  ұйымдастырушылары  ретінде  сезіктене  қараса,  ал 
қарапайым  халық  билік  тарапынан  кӛрсетіліп  отырған  жӛнсіз  зорлыққа  ел 
болып  қарсы  қайрат  кӛрсетуге  зиялылардың  тосырқай  қарауына  таңданумен 
болды. 
Осы  арада  отаршыл  орыс  әкімшілігі  ӛзінің  дәстүрлі  әдетіне  басты. 
Кӛтерілістің шығу  себебін  ол  ӛзінің  іс-әрекетінен  іздемей,  «түрік  және  герман 
үгітінен», олардың «қазақ ішіндегі агенттері» ұлт зиялыларының саяси белсенді 
бӛлігінің  қызметінен  және  дін  адамдарының  астыртын  жұмысынан  іздеді. 
Әкімшілікке  «Қазақ»  газеті  мен  оны  шығарушы  топтың  ескі  дұшпандары 
«кӛмектесті». 
1916 жылғы 19 шілде күні  Орынбор генерал-губернаторының атына Орал 
губернаторынан жеделхат келіп түседі. Онда Ілбішін уезіндегі 6-ауылда 7 шілде 
күні  Қажығалым  Аулымбердиев  деген  молданың  басқаруымен  ӛткен 
жиналыста  қазақтардың  соғыс  жұмысына  адам  бермеу  жӛне  үкімет 
орындарына тізім жасатпау туралы шешім қабылдағаны, жиналыста молланың 
әскерге  адам  бермеуге  шақырған  Бӛкейхановтың  хатын  оқығаны  жӛнінде 
айтылған  еді.  Жеделхатта,  сондай-ақ  аталған  уездің  басқа  да  ауылдарында 
болып ӛткен жиналыстарда «Қазақ» газетінің қызметкерлері Байтұрсынұлы мен 
Дулатұлының  да  есімдері  аталып,  оларға  қазақтардың  ылғи  да  кеңес  алуға 
барып  тұратыны  кӛрсетіледі.  Тура  осы  мазмұндағы  жеделхат  Ішкі  істер 
министрінің  де  атына  жіберіледі.  М.Дулатұлының  жауабында  кӛрсетілгендей, 
«Қазақ»  газеті  қызметкерлерінен  Ілбішін  уезі  қазақтарына  ешқандай  да  хат 
түспегені  анық.  Оны  Ішкі  істер  министрінің  орынбасары  Степановтың  тікелей 
тапсырмасы  бойынша  Орынбор  жандарм  мекемесінің  жүргізген  тергеу 
материалдарымен  танысу  арқылы  кӛз  жеткізуге  болады.  Мәселен,  Орынбор 

 
 
68 
генерал-губернаторы Тюлиннің жоғарыда аталған Степановқа жолдаған № 5296 
жауап  хатында  Байтұрсынұлы  мен  Дулатұлының  үстінен  Орынбор  қаласында 
тұрып  келе  жатқаннан  бері  орнатылған  құпия  бақылаудың  оларды  жауапқа 
тартарлықтай  ешкандай  да  нәтиже  бермегендігі,  ал  олардьщ  үйіне  қыр 
қазақтары кеңес алуға келіп-кетеді деген кӛрсетудің дәлелсіз екендігі айтылған 
[183]. 
1916  жылғы
 
25  маусым  Жарлығы  шығып,  халық  наразылығы  бұрқ  ете 
түскенде  мәселенің  мән-жайын  жақсы  білетін қазақ  зиялылары  бірден  жұртты 
ашуды  тыйып,  ақылға  келуге  шақырды.  Ӛйткені  қанша  наразылық 
кӛрсеткенімен,  күштің  тең  еместігі,  қарулы  қарсылықтың  қан  тӛгумен 
аяқталатындығы  айкын  болатын.  Оның  үстіне  отаршыл  әкімшіліктің  мұндай 
сәтті  қазақ  қоғамы  үстінен  ӛзінің  саяси  билігін  күшейте  түсу,  переселендерге 
тағы  да  жаңа  жер  алып  беру  үшін  пайдаланып  кетуі  мүмкін  екендігін  қазақ 
зиялылары жақсы түсінді. Сондықтан да олар кӛтерілістің алғашқы күндерінен 
бастап халық арасында кӛтеріліске шықпауға шақырған үгіт жүргізді. 
Осы  мағынада  белсенді  жұмыс  жүргізген  қазақ  зиялыларының  бірі, 
Петербург  дәрігерлік  академиясының  түлегі  (1909)  Сәдуақас  Шәлімбеков  еді. 
25  маусым  Жарлығы  бойынша  тыл  жұмысына  алынатын  жігіттерге  дәрігерлік 
кӛмек кӛрсету кезінде сүзек ауруын жұқтырып, содан жастай қазаға ұшыраған 
Шәлімбековты жерлеу сәтінде сейлеген сӛзінде Ж.Ақбаев мынадай пікір айтқан 
еді:  «25  июнь  жарлығы  шыққан  соң  надан  жұрт  әулігіп  кӛтерілген  уақытта 
халыққа  насихат  айтып,  қазақты  кӛндіруге  себепкер  болғанның  бірі  Сәдуақас 
еді. Басқа жерлерде қан тӛгілген, асылған, атылған кӛп, Қарқаралы қазағы бұл 
пәледен оқығандардың арқасында аман болды» [184]. 
Бұл  арада,  әрине,  Ж.Акбаевтың  «Қарқаралы  қазағы  бұл  пәледен 
оқығандардың  арқасында  аман  қалды»  деген  сӛзін  сол  күйінде,  яғни  басқа 
облыстарда  қазақ  зиялылары  тарапынан  үгіт  жұмысы  болмағандықтан  қарулы 
кӛтеріліс  шықты  деп  қабылдамау  керек.  Ондай  мазмұндағы  үгіт  жұмысы  
Жетісу облысында да жүрген болатын. 
Жетісулық  зиялы  И.Жайнақов  Жетісудағы  кӛтерілістің  алдында 
қалыптасқан жағдайға байланысты Верный полицмейстеріне берген жауабында 
мынадай фактілерді келтіреді: «12 шілдеде Ыстық ата  шипалы суынан оралған 
бетте  жоғары  мәртебелінің  бұратаналарды  соғыс  жұмыстарына  шақыруына 
байланысты Верный уезіндегі... қырғыздардың арасындағы толқу жӛнінде естіп 
және  соған  дейін  менің  жерлестерім  шенеунік  Шегіров  пен  дәрігер 
Жақыпбаевтың жүргізген үгітінен ештеме шықпағанын біліп, мен 13 шілде күні 
облыстың  әскери  губернаторы  мырзадан  қырғыздарға  жоғары  мәртебелінің 
Жарлығының  мағынасын  түсіндіріп,  оған  кӛнуге  шақыру  үшін  Верный 
қаласында  үлкен  Алматы  облысының  басшы  адамдарының  кеңесін  еткізуге 
рұқсат алдым. 14 шілде күні шақырған адамдар келіп, менің үйімнің ауласында 
жиналыс  ӛтті».  Кеңеске  жиналғандар  екіге  бӛлініп,  біразы  Жайнақовтың  басу 
айтуын дұрыс қабылдай Тоқаш Бокинді қолдаған.  
И.Жайнақов  ӛз  кӛрсетуінде  Тоқаш  Бокиннің  «Мұндай  жауапты  мәселені 
Үлкен  Алматы  болысының  атқамінер  жақсылары  ғана  шеше  алмайды», 

 
 
69 
«мұндай  мәселені  уездің  бұқара  халқы  ӛкілдерінің  кеңесінде  ғана  шешілуге 
тиіс»  деген  ұстанымда  болғанын,  ал  оны  5-ші  ауыл  қазағы  Сары  деген  кісінің 
қолдап,  жиналыска  катысқан  кісілердің  біразының  бұл  екеуінің  сӛзіне  қолдау 
танытқанын баяндайды.  Тілмаш  Шебалин  И.Жайнақовқа  Бокиннің  ӛз  аузынан 
«Қазақ  зиялылары  арасында  ӛзара  келісе  алмаушылық  бар»  деген  сӛзді 
естігенін айтады. Ал келесі бір тілмаш Қайсерке Тоқсанбаев болса ел арасында 
Бокинге деген ризашылық сезім байқалады, «Міне, Тоқаш азамат, үміт сода, ал 
тілмаштар болса бірден-ақ қазақтарды кендіре салмақ ниеттері бар»
 
[185] деген 
пікірді жеткізеді. 
Ӛз ретінде Т.Бокиннің жайлаудағы елді аралап белгілі бір бағытта белсенді 
жұмыс  жүргізгені  байқалады.  Ол  1916  жылы  14  тамызда  штабс-ротмистр 
Поротиковка берген жауабында ел ішіндегі жарылыстан мынадай хабар береді: 
«Жұмысқа  адам  беруге  қарсы  қазақтардың  басым  бӛлігі  кедейлер,  ал  байлар 
болса жұмысшылар беруді жақтады [186]. 
Қарулы  карсылықтың  қандай  нәтиже  беруі  мүмкін  екендігін  Жетісудың 
басқа  да  зиялылары  халыққа  түсіндіруге  күш  салды.  М.Дулатұлы  ғасыр 
басындағы  қазақ  коғамының  белгілі  қайраткерлерінің  бірі  Отыншы 
Әлжановтың  қаза  болуына  байланысты  жазған  мақаласында:  «Отыншы  5 
жылын Жетісу облысындағы Қытаймен шектес Лепсі қаласында ӛткізді. Қазақ 
даласының  караңғы  бір  түкпіріне  айдалып  барған  Отыншы...  5  жыл  жүргенде 
Еуропа соғысы, онан  кейін 25 маусымның қанды  Жарлығы шығып қалған еді. 
Отыншы  үріккен  елге  тоқтау  айтып,  кенбесе  қан  тӛгілетініне  жұрттың  кӛзін 
жеткізіп, тағы да сол елге қызмет етіп қалды»
 
деп кӛрсетті [187]. 
Жетісу  облысында  М.Тынышбаевтың  да  кӛтеріліске  қарсы  үгіт  жұмысын 
жүргізгендігін  байқаймыз.  Ол  кейін  ОГПУ  тергеушілеріне  берген  жауабында: 
«...я  не  одобрил  восстания  казахов  и  киргизов  в  1916  году  против  царской 
власти  –  отнюдь  не  из  любви  к  царскому  режиму,  а  из  боязни,  что  казахи  и 
киргизы пострадают от восстания. Тов. Асфендрияров до сих пор укоряет меня, 
что  я  не  был  на  стороне  восставших  в  1916  году»-деп  жазған  еді  [188]. 
М.Тынышбаевтың  бұл  айтқан  кӛрсетуіне  толык  сенуге  болады,  ӛйткені  оның 
1917  жылы  ақпанда  Жетісудағы  кӛтеріліске  байланысты  сот  тергеуіне  берген 
жауабында «Ташкентке жаңа келген генерал А.Н.Куропаткиннің қабылдауында 
бірінші  рет  (10  тамыз)  болғаннан  соң,  мен  Пішпек  қырғыздарын  жеделхат 
салып,  оларды  тынышталуға  шақырдым»-деп  кӛрсетеді  [189].  Кӛтеріліске 
байланысты  мұндай  пікірді  Семей  облысындағы  Х.Ғаббасов  та  қолдайды.  Ол 
1929  жылы  ОГПУ  тергеушілеріне  берген  жауабында  «мен  қан  тӛгуден  басқа 
ештеме  бермейтін  кӛтерілісті  болдырмауға  әрекет  жасаушылар  жағында 
болдым»
 
[190]  деп кӛрсетті. 
«Қазақ»  газетінің  теңірегіне  топтасқан  зиялылар  осы  бағытты  ұстанып 
қана қойған жоқ, дағдарыстан шығудың жалғыз жолы  — ауыр болса да патша 
Жарлығына  кӛніп,  әскер  жұмысына  адам  беру  екендігін  қалың  бұқараға 
жеткізуге  тырысты.  Сонымен  бірге  мұндай  шешімге  7  шілдеде  тікелей 
губернатордың  қолдауымен  Орынборда,  облыстық  басқарма  үйінде  Торғай 
облысының тӛрт уезінің ӛкілдері мен ақсақалдарының, сондай-ақ Семей, Орал, 

 
 
70 
Ақмола жӛне Сырдария облыстары қазақтарының атынан келген ӛкілдерінің де 
қатысуымен болып еткен кеңесте келген еді. Кеңеске жиналғандар тӛрағалыққа 
Ӛ.Бӛкейхановты,  хатшылыққа  М.Дулатұлын  және  Ғ.Алмасовты  сайлайды. 
Оның  жүмысына  23  мамырдан  бері  Торғай  уезінде  іссапарда  болған 
А.Байтұрсынұлы да қатынасады. Кеңес негізгі мәселе ретінде соғыс жұмысына 
адам  беру  мәселесін  қарап,  оған  қарсы  емес  екендігін білдіріп,  бірақ сонымен 
бірге,  ӛкімет  орындары  алдына  ӛз  мүддесіне  қатысты  талап-тілектерін  де 
қойды. Кеңес үкіметтен «соғыс керегіне һәм жалпы мемлекет халқына мал, ет, 
астық жеткізіп  тұрған  қазақ  жұртының»  да  шаруасының  күйзелмеуін ескеруін 
ӛтініп,  «мұжық  шаруасына  қанша  қызметкер  керек  болса,  қазаққа  да  сол 
шамалы қызметкер» керектігін айтып, ал кӛптеген уездерде «мұжықтар соғысқа 
кеткеннен  бері  олардың  шаруасын  басқарып,  егін-пішенін  жиып  беріп  тұрған 
жалғыз қазақ» екендігін, бір айдан бері қазақ та  пішенін шаба алмай, астығын 
ора алмай қалғанын баяндай келіп, мынадай талаптар қояды: 
«1.  Жоғарыда  кӛрсетілген  себептер  бойынша  солтүстік  уездеріндегі қазақ 
жігіттерін  келер  жаңа  жылға  бірінші  январға  шейін,  оңтүстік  уездер  халқын 
1917 жылғы 15 мартқа шейін алмай кешіктірілсе екен; 
2. Ең әуелі 19 бен 31 арасындағы жастардың үштен бірі ғана алынса екен; 
алғанда 19-дан бастап алу тиіс, ӛйткені бүл жастағылардың кӛбі үйленбегендер 
болады... 
4.  Бір  үйдегі  шаруа  басқаратын,  алынатын  жастағы  бір  жігіт  калса  екен 
(егер ол үйдің басқа еркектері 17-де яки 50-ден асқан болса)... 
8.
 
Әрбір  елу  үйге  бір  мұғалім  қалсын.  Қазақ  халқы  бытыраңқы  отырады, 
одан  кем  мұғалім  жетпейді.  Орысша  оқытатын  учительдерге  де  кеңшілік 
беріледі, мұғалімнің керектігі де қазақ  халқына  учительден кем емес. Мұғалім 
қалдырғанда 
алдымен 
қолында 
шаһадатнамасы 
барлар 
қалсын, сонан кейін шаһадатнамасыздар қалсын; 
9.
 
Шаһар медреселерінде оқып жүрген шәкірттер қалсын... 
13. Алынған жігіттер отыз кісіден қостас болсын. Бір қосқа бір переводчик 
һәм он қосқа бір молда сайлансын...» [191]. 
Кеңес ӛткеннен кейін, Ә.Бӛкейханов оның негізгі талап-тілектерін баяндап 
Петроградка  Дума  жанындағы  мұсылмандар  фракциясы  мен  депутат 
А.Ф.Керенскийге  осы  тілектерді  тиісті  үкімет  орындарына  жеткізуді  ӛтініп 
жеделхат  жолдайды:  «Қазақ»  газеті  қазанның  басында  бұл  жұмыстың  барысы 
туралы мынадай хабар жариялайды: «Соғыс қызметіне қазақтан шақырылатын 
жігіттерді  15  қыркүйекте  алмай,  мәулет  беруге  сұраған  екен,  оған  мынадай 
жауап алынды: «Бұратаналарды қызметке алу жүмысы әскери министрге түгел 
тапсырылды.  Сіздің  жеделхатыңыз  да  әскери  министрге  жіберілді».  Бұл 
жауапты Керенский Ғалиханға хабарлайды [192]. 
25  маусым  Жарлығынан  кейін  қазақ  даласында  қалыптасқан  ауыр  саяси 
дағдарыс  сәтінде  ӛмірге  аса  маңызды  құжат  Ә.  Бӛкейханов,  А,  Байтұрсынұлы 
мен  М.  Дулатұлы  үшеуі  қол  қойып,  1916  жылғы  11  шілде  күнгі  «Қазаққа» 
жариялаған  «Алаштың  азаматтарына!»  атты  үндеу  еді.  Шешен  тілмен, 
бұлтартпас  қисынмен  жазылған  бұл  үндеуде  кӛсемсӛзден  гӛрі  шешуі  қиын 

 
 
71 
сауалдар кӛп еді, жол кӛрсетуден гӛрі халықтың ӛзімен кеңесу, ақыл қосу, жол 
іздеу  басым  еді.  Ӛйткені  бұл  кұжат  саясаттың  құбылмалы  ағымында  ойнаған 
саясаткерлердің  кезекті  айла-шарғысы  емес,  елдің  қамы  кабырғасына  баткан 
нағыз ел азаматтарының ұзақ рухани күйзелістен соң біржола тоқтаған жалғыз 
тура шешімі еді. Сонымен, бұл үндеуде не айтылды? 
Олар  «ойламаған  жерден  жұрт  басына  мұндай  іс,  мұндай  ауыртпалық 
түсті,  мұны  қалай  қыламыз,  қалай  қараймыз»,  деп  елге  сауалмен  қайырылып, 
кӛніп  жүмыска  адам  бергенде  қандай  ауырлық  келмек,  сондай-ақ  кӛнбей 
кӛрсеткен  қарсылық  немен  аяқталмақ,  міне,  осы  екі  жағын  бірдей  ақыл 
таразысына  салып  қарауға  шакырады.  Сонымен  бірге  мӛселенің;  жалғыз  тура 
шешімін  ӛздері  ұсынады.  «Кӛнбейміз  деушінің  сүйенгені  жан  тәттілік  болса, 
салыстырып  қаралық:  ...Кӛнгенде  -    шаруаға  кемшілік  те  келер,  барған  жігіт 
қазаға да, бейнетке де ұшырар, бірак елдің іргесі бұзылмас (қазаға ұшырар деп 
ауру-сырқаудан  болған  қазаны  айтамыз,  әйтпесе  солдат  қылып  алмайды, 
соғыстан  ӛлмейді).  Кӛнбегенде  кӛретін  ауырлық  –  бағынбай  үкіметтің 
Жарлығынан  бас  тартсақ,  жау  жағадан  алғанда,  бас  қорғап  үйде  қаламыз  деп, 
мемлекетке  қамшымыздын  ұшын  бермесек,  үкімет  бізге  құр  ӛкпелеп  қоймас, 
күш  жұмсар,  ол  күшті  законге  сүйеніп  істер.  Мұндай  мысалдар  болып  тұрған 
жоқ  па?»  —  деп,  дәлел  ретінде  Түркістан  ӛлкесіне  енгізілген  соғыс  тәртібін, 
Жетісуда  болып  жатқан  қайғылы  оқиғаларды  кӛлденең  тартып,  «біздің 
білуімізше  жеңілі  –  кӛнген»  деп,  ауыр  да  болса  ӛз  шешімдерін  айтады. 
Шешімдерін  айтып  қана  қоймай,  оны  іске  асырудың  сол  ауыр  жағдайдағы  ең 
тиімді жолдарын да кӛрсетеді [193].  
Тура осы сын сәтте ӛздерін ұлт-азаттық қозғалыстың лайықты басшылары 
есебінде  кӛрсеткен  үшеудің  бұл  үндеуі  қазақ  қоғамын  қалыптаскан  ауыр 
жағдайды мүмкін болғанша тура түсінуге үндейді. М.Тынышбаевтың куәлігіне 
қарағанда,  «Қазақтың»  осы  үндеу  жарияланған  нӛмірі  аса  маңызды  хабарды 
жеткізуші нӛмір ретінде табан астында тараған. Оқыған азаматтар газеттің осы 
нӛмірінің бірнешеуін жаздырып алып, халық арасына үлестірген [194]. 
Бірақ  елдің  отаршыл  әкімшіліктің  жасап  келе  жатқан  зорлығына  деген 
наразылығында  шек  жоқ  болатын  және  бұл  кӛңіл  күй  дегенін  істеді.  Шілде 
айында  басталған  толқулар  тамызда  бүкіл  қазақ  даласын  қамтыған  қарулы 
кӛтеріліске  ұласты.  Кӛтерілістің  тамызда  ең  ӛршіген,  аяғы  қанды  қырғын  мен 
жат елге босуға айналған ауданы Жетісу ӛңірі болды. Патша үкіметі кӛтерілісті 
басуға  8750  штыктан  тұратын  95  рота,  3900  қылыштан  тұратын  24  жүздік,  16 
зеңбірек  пен  47  пулемет  жіберді  [195].  Генерал  Куропаткин  губернатор 
Фольбаумға  жолдаған  жеделхатында  Жетісудағы  қазақтар  мен  қырғыздардың 
қарсылығын  басуға  жіберген  күштерді  тізіп,  соңында  «Черняев,  Романовский, 
Кауфман,  Скобелев  Сырдария,  Самаркан  жӛне  Ферғана  облыстарын  бұдан  аз 
күшпен жаулап алған», [196]- деп кӛрсетті. 
Патша әскері мен переселендердің жасаған ойраны Жетісу халқына бұрын 
болмаған қайғы-қасірет әкелді. Қазақ пен қырғыздардың 94 ауылы бүліншілікке 
ұшырады, соның ішінде 5373 үй ӛртеліп, 1905 адам ӛлді, 684-і жараланды, 1105 
адам тұтқынға алынды. Кӛтерілістің басшыларының бірі Бекболат Әшекейұлы 

 
 
72 
қыркүйектің  9-ы  күні  дарға  асылды.  Жетісу  облысының  жергілікті  халқының 
тӛрттен бір бӛлігі, яғни шамамен 300 000 адам Қытай жеріне қуып тасталынды 
[197].  М.Тынышбаевтың  есебі  бойынша,  Жетісу  облысына  қарасты  Алматы, 
Жаркент, Пішпек, Пржевальск уездеріндегі 44 болыс елде тұратын 47 мың 759 
түтіннің 40 мың 250 түтіні Қытай асты [198].  
Бұл  тақырыпты  зерттеуші  тарихшы-ғалымдар  1916  жылғы  кӛтерілісті 
антифеодалдык, отарлық езгіге қарсы кӛтеріліс есебінде бағалап келді. Мұндай 
баға  1916  жылы  болған  қайғылы  оқиғалардың  шын  мазмұнына  сәйкес  келе 
бермейді.  Біздін  пікірімізше,  кӛтерілістің,  белгілі  дәрежеде,  антифеодалдык 
бағыт  алғаны  рас,  бірақ  оның,  ең  алдымен,  ұлтаралық  қақтығыс  сипатында 
болғанын жасыру да қателік болар еді. Оған мынадай фактілер куә бола алады. 
Жетісу  облысында  кӛтерілістің  ең  ӛршіген  жері  переселендер  кӛп  орналасқан 
аудандар  болды.  Қарапайым  халық  орыс  селоларына  шабуылдар  жасап,  сол 
аркылы  ӛзінің  патшалық  биліктің  отаршыл  саясатына  деген  шексіз 
наразылығын  білдірді.  Соның  салдарынан,  мәселен,  Пржевальск  уезінде 
жиырма село түгелдей ӛртелініп, олардың тұрғындары арасынан тӛрт мың адам 
ӛлтіріліп, мал мен мүліктері талан-таражға түсті [199]. 
Кӛтерілістің  шығуына  отаршыл  әкімшілік  қолымен  жасаған  ұлтаралық 
араздық  себепші  болғанын  кӛтерілісшілердің  ӛздері  де  айткан.  Мәселен, 
Нарындық  қырғыздардың  кӛтерілісін  басқарған  Қанат  Абукин  сотта  берген 
жауабында  кӛтеріліске  шейін-ақ  жер  мәселесіне  байланысты  «ӛзара 
наразылығын  орыстар  ашық  білдірсе,  қырғыздар  кегін  ішінде  сақтады»  деп 
кӛрсетті [200]. 
Жаркенттегі  переселен  мекемесінің  меңгерушісі  Жетісу  облыстық 
переселен  мекемесінің  меңгерушісіне  жазған  қатынасында  кӛтерілістің 
осындай  ұлтаралық  сипатын  мойындап:  «Кӛтерілістің  орыс  тұрғындарына 
деген  жаугершілігі тура  Әндіжан  кӛтерілісіндегідей  анық байқалып  отыр»
 
деп 
жазды [201]. 
Оқиғаның  осындай  ұлтаралық  сипатын  жақсы  түсінген  жергілікті 
әкімшілік  орындары  орыс  селоларына  тез  арада  қару-жарақ  таратты, 
кӛтерілісшілерді аяусыз  жазалап басу үшін сырттан әскер күштерін шақыртты 
[202].     
Сонымен  қатар  Жетісуға  қоныс  аударып  келген  орыс  шаруалары,  кейбір 
басқада  ұлт  ӛкілдері  кӛтерілісті  басуға  қатысқан  еді.  Соның  барысында 
ұлтаралық қақтығыстар орын алған болатын.  
 
Белгісіз  автордың  жазған  шағын  еңбегінде  былай  деп  кӛрсетіледі: 
қырғыздар  орыстарға  қарсы  қанша  ызаланғанымен,  бұрын-соңды  болмаған, 
күтпеген,  сонымен  қатар  жоғары  деңгейде  наразы  болатын  жағдай  –  Ақсу 
(Беловодск)  селосы  орыстарының  Жамансарт  болысының  қырғыздарының 
үстінен  жүргізген  «ӛзіндік»  соты  болғанға  дейін  орыс  селоларына  ашық 
шабуыл  жасай  қоймады,  тек  орыс  шаруаларының  далада  жайылып  жүрген 
малдарын ған айдап әкетумен шектелді. 

 
 
73 
 
Бұл  жағдай  кӛтеріліс  тарихында  маңыщды  рӛл  атқарды  және 
шаруалардың қырғыздарға қатысты сезімін бейнеледі, оны айтпай кету мүмкін 
емес.  
 
Ол  жағдай  былай  болған  еді:  орыс  тұрғындары  қырғыздардың 
наразылықтары мен жеке бас кӛтерулері туралы естіп алаңдап отырғын шақта, 
Ақсу  (Беловодск)  селосының  маңындағы  Жамансарт  болысына  қарасты  бір 
жерде  Басов  деген  орыс  шаруасы  ӛлтіріледі.  Оның  ӛлімі  кейін  белгілі 
болғандай оған жалданып жұмыс істейтін жұмысшы қырғыздардың ӛзара жеке 
есептерінің нәтижесінде болған екен. Ал бұл жағдайды алаңдап отырғын орыс 
шаруалары қырғыздардың ойластырып жатқан бас кӛтеруі деп қабылдаған.  
 
Орыс  шаруасының  ӛлімін  тергеп,  ӛлімнің  себебін  анықтау  үшін  Ақсу 
бӛлімшесінің  приставы  Жамансарт  болысының  адамдарын  жіберген.  Бірақ 
Ақсудың орыстары тергеуді аяғына дейін жеткізбей келген қырғыздарды ӛздері 
тұтқындап алған. 
 
Тұтқындалып, салыстырмалы түрде тар бӛлмеге қамалған қырғыздардың 
жалпы  саны  700-ден  аса  адам  болған.  Біраз  уақыттан  кейін  буланып, 
адамдардың демалысынан бӛлмеде ауа жетпей қамалғандардың тынысы тарыла 
бастағандықтан  олар  кейбіреулері  орыс  шаруларына  ақша  ұсынып  бір  жұтым 
су  берулерін  сұрап  жалынған.  Бірақ  жалынуда,  ақша  беруде  шаруаларды 
кӛндіре  қоймаған.  Осылайша  шауруаларға  деген  соңғы  үміттері  үзіліп,  ыстық, 
тар бӛлмеде қамалып отыру мүмкін болмаған жағдайда байғұс қырғыздар есік 
пен  терезені  бұзып  аулаға  шығады.  Мұны  тек  күтіп  тұрған  шаруалар 
қырғыздарды  бас-басына  ұрып-соға  бастайды.    Қанды  қырғын  күні  бойы 
жалғасып, бұл қырғынды жасауға орыстың әйелдері мен балалары да қатысқан. 
Барлық  ӛлген  қырғыздарды  шаруалар  тырдай  жалаңаш  шешіндіріп  бар 
киімдерін  ӛздеріне  алып,  жалаңаш  ӛліктерді  село  сыртындағы  жарға  апарып 
лақтырып  тастаған.  Тұтқындалғандан  осы  күні  517  адам  ӛлген,  ал  қалған  200-
дей  адамды  келесі  күні  таңертең  орыс  шаруаларының  конвойымен  Пішпек 
қаласына жіберген. 
 
Бұл  мезгіл  ӛте  ыстық  болатын,  ӛлімші  болып  таяқ  жеген  тұтқындар 
конвоирлардың  қуалауымен,  жолда  ыстықтан  шӛлдеп  ӛле  бастаған.  Жолда 
кездесе  қалған  арықтардан  су  ішуге  ұмтылған  жағдайда  шаруалар  оларды 
ұрып-соғып  отырғын,  егерде  одан  судан  кете  қоймаса,  су  ішіп  жатқан 
тұтқындарды  судан  итеріп шығарып  олардың  ауыздарын  топыраққа  толтырып 
отырған. 
 
 Осындай  қатыгез  қатынастың  нәтижесінде  200  тұтқыннан  Пішпек 
қаласына 118 адам ғана жеткен, қалғандары жолда ӛліп  қала берген. Бұл аман 
қалған  118  адамды  шаруалар  түрмеге  қамау  жергілікті  әскер  басшысына  үшін 
алып  келгенде,  әскер  басшысы  бұл  уезд  бастығының  жұмысы  деп  жауап 
қайтарған.  Ал  тұтқындарды  уездік  басқармаға  алып  келгенде,  ондағылар 
қамайтын  жердің  жетіспеуіне  байланысты  қабылдай  алмаймыз  деп  жауап 
берген.  Басшылардың  тұтқындарды  қабылдамайтынына  кӛздері  жеткен 
шаруалар не істерін білмей ақыр соңында әдігерден құтылу үшін тұтқындардың 
бәрін  ӛлтіру  қажет  деп  шешкен.  Сӛйтіп  Пішпек  шіркеуінің  алаңында 

 
 
74 
киноматографтың  музыкасының  әуенімен  Ақсудағыдай  айуандықты  қайталап 
іске асырған. 
 
Орыс  шаруаларының  бұл  жасаған  айуандығы  ел  арасына  тараған  соң 
онсызда  орыс  шаруалары  мен  биліктің  әділетсіздігіне  ызалы  қырғыздар  одан 
ары  ызаланып,  ӛз  бауырлары  үшін  кек  қайтаруға  бел  буып  орыс  селоларын 
ӛртеп, орыс тұрғындарын аяусыз ӛлтіре бастаған.  
 
Осылайша  ӛңірде  ұлтаралық  қатынас  шектен  шығып  шиеленісе  түскен 
[203].  
Оны  Жетісу  облысының  әскери  губернаторы  Фольбаум  да  мойындады. 
Жетісудағы  1916  жылғы  кӛтеріліс  тұсындағы  оқиғаларда,  кӛтеріліс  басып 
шаншылғаннан  кейінгі  қалыптасқан  шиеленісті  жағдайларда  ұлтаралық 
қақтығыс  сипатында  болғанын  байқатады.  Мына  құжаттар  соны  куәландырып 
нақтылай түседі: 
«Генерал-Адьютант Куропаткинге 
Кӛшірмесі генерал Ерофеевке, Округ штабына, 
Генерал-губернатор Кеңсесіне 
Ташкент, 18.ІХ-1916 ж. 
Ӛлке  бойынша  220  нӛмірлі  бүйрықта  айтылғандай,  орыс  қаны  тӛгілген 
барлық  жер  бұратаналардың  иелігінен  алынатын  болады.  Мұндай  әділ  жаза 
орыс және бұратана тұрғындар тарапынан ӛте сергек қабыл алынды. Дегенмен 
нақты нұсқаулар қажет-ақ. Мәселен, Ыстық кӛлдің барлық жағасы, Кебен ӛңірі, 
Токмақ  ауданындағы  Александровскі  жотасының  солтүстік  беті,  Қастек 
бӛлімшесінің  ӛңірі,  Қарқара  еңірі  орыс  қанымен  мол-ақ  жуылды.  Яғни,  бұл 
айтылғандар  осы  кеңістік  таяу  арада  қырғыздар  үшін  тыйым  салынған  ӛңірге 
айналды  дегенді  білдіреді  ме?  Менің  пікірімше,  дала  қырғыздары  жұмсағырақ 
жазалануы  мүмкін,  ал,  бірак  Пішпек  жӛне  Пржевальскі  кара  кырғыздарьш 
Тоқмак  ӛңірінен,  Кебен  ӛңірінен  және  Ыстық  кӛл  жағалауынан  біржола 
кетірген жӛн. 3293 нӛмірлі. 18/ІХ – 1916 ж. 
Түпнұсқаға қол қойған «Фолъбаум» Растаймын Подполковник (қолы) [204]. 
Осылайша  орыс  әкімшілігі  кӛтеріліс  нәтижесінде  қалыптасқан  жағдайды 
ӛз  пайдасына  шешу  жолдарын  қарастырды.  Олардың  пікірі  бойынша  ендігі 
уакытта  билік  орындары  «жігерлі»  әрекетке  кӛшіп,  Жетісу  облысының  ең 
шұрайлы  жерлерін  тӛгілген  орыс  қанының  ӛтемі  ретінде  переселен  орыс 
шаруаларының иелігіне біржолата алып беруге ойластырды. Отаршыл осындай 
ұстанымда  болғандықтан  да  ӛңірдегі  ұлтаралық  қарым-қатынас  одан  әрі 
шиеленісе түсті. Ӛңірде 1916 жылы қалыптасқан күрделі жағдай одан кейін де 
жалғасын  тауып  шиеленісті  сипатта  ӛрбігенін  кӛрсетеді.  Тӛмендегі  құжаттар 
айтылған пікірді нақтылай түсіп, ашық бейнелейді. 
 
«Доклад Пржевальских депутатов краевому Совету 
20, 21, 22 июня 1917 г. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет