г) Берілген аванстар бойынша. Олар бойынша есеп айырысу
№ 2910 «Берілген ұзақ мерзімді аванстар» активті шотында бейне-
ленеді. Олардың келіп шығу көздері ақша қаражаттары болғандықтан,
шаруашылық операциялардың жазылуы № 2910 активті шоттың
дебетіне № 1040, 1050, 1070 шоттардың кредитінен жасалады.
Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
2910 1040, 1050, 1070 Төлем тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті
шоттар орналасқан. Демек, бұл жағдайда 1 типті «Активті-активті»
операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер
болады (бір жағынан берілген аванстар бойынша дебиторлық
қарыздар көбейеді, ал екінші жағынан сол сомаға кәсіпорынның
ақша қаражаттары шығыс етіледі).
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында күрделі құрал-жабдықты жасап
беру үшін 2005 жылы шілде айының 26 жұлдызындағы № 832 төлем
тапсырмасына сәйкес, 2400000 теңге сомада аванс аударылды. Бұл
жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
195
Дт Кт Сома Ескерту
2910 — 1040 = 2400000 1 типті операция
А (+) А (-)
Ұзақ мерзімді инвестициялар, негізгі құралдар,
материалдық емес активтердің көбеюі (келуі)
а) Жеткізушілерден. Жеткізушілермен есеп айырысу № 4110
«Жеткізушілерге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» пассивті
шотында бейнеленеді. Активтер жеткізушілерден келуіне бай-
ланысты шаруашылық операцияның жазылуы № 2020, 2030, 2411-
2417, 2710, 2730 шоттардың дебетіне № 4110 «Жеткізушілерге
ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» кредитінен жасалады. Жазу
төмендегіше көрсетіледі:
Дт Кт Құжаттар
2020—2030
2441—2417 4110 Шот-фактура
2710, 2730
Жазудың дұрыстығын тексереміз: операцияның үшінші «Активті-
пассивті» типіне сәйкес, бір жағынан кәсіпорын активтерінің, ал
екінші жағынан бір мезгілде жеткізушіге кредиторлық қарыздың
көбеюі пайда болады. Бұл жағдай жазудың дұрыс жасалғанын
білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорын жеткізушіден 2005 жылы тамыздың
19 жұлдызында № 619 шот-фактура бойынша 1200000 теңгеге
машиналар мен жабдықтар алды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2413 — 4110 = 1200000 3 типті операция
А (+) П (+)
ә) Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер субъектінің
өзімен құрастырылды. Материалдық емес активтерді, негізгі құрал-
дарды ұйымдастыру көздері: ақша қаражаттары, еңбекақы және
196
калькуляциялық шығындар болуы мүмкін. Демек, шаруашылық
операцияның жазылуы төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
27010-2713 (1010, 1040, 3350, 8010) жүкқұжаттар, еңбекақы
2412-2417 бойынша есептер,
калькуляциялар
Негізгі құралдарды ұйымдастыру көздері: құрылыс материалдары,
еңбекақы, еңбекақыдан бөлінетін қаржылар, үстеме шығыстар,
аяқталмаған құрылыс. Шаруашылық операцияның жазылуы төмен-
дегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
2930 (1317, 2150, 2930, 3150, 3350) № 29 үлгідегі шекті алу
картасы, материалдық есептер,
жүктелімдер, есептеу ведомосы,
аванстық есеп,
2412 2930 объектіні пайдалануға беру актісі
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті
және пассивті шоттар орналасқан. Активті шот (№ 1010, 1040,
1317, 2930 және т.б.) болған жағдайда 1 типті операция жүргізіледі,
баланстың активінде тек қана өзгерістер болады (яғни, ресурстар
аяқталмаған құрылысқа немесе аяқталмаған құрылыс негізгі
құралға айналады).
Пассивті шот (№ 3150, 3350 және т.б.) болған жағдайда 3 типті
операция орын алады, баланстың активі мен пассивінде көбею жа-
ғына өзгерістер болады (яғни, аяқталмаған құрылыстың көлемімен
қатар, бір мезгілде кредиторлық қарыз көбейеді). Бұл жағдай
жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар келтіреміз: 1) аяқталмаған құрылысқа 2005 жылдың
маусым айында материалды жауапты тұлғалардың материалдық
есептері бойынша 1800000 теңге сомада құрылыс материалдары
шығыс етілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше
болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2930 — 1317 = 1800000 1 типті операция
А (+) А (-)
197
2) 2005 жылы тамыздың 30 жұлдызындағы пайдалануға беру
актісіне сәйкес, 5000000 теңге құнымен үйдің құрылысы аяқталып,
пайдалануға берілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше
болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2412 — 2930 = 5000000 1 типті операция
А (+) А (-)
3) 2005 жылдың III-тоқсанында үйдің құрылысына 2005 жыл-
дың қыркүйек айында құрылыс бригадасының жүктелімдеріне
сәйкес, 800000 теңге мөлшерде еңбекақы есептелді. Бұл жағдайда
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2930 — 3350 = 800000 3 типті операция
А (+) П (+)
б) Материалдық емес активтер, негізгі құралдар жарғылық капи-
талға салым ретінде енгізіледі.
Бұл жағдайда негізгі құралдардың пайда болу көздері кәсіпорын-
ның жарғылық капиталына құрылтайшылардың салымдары бо-
лып табылады. Бұл № 5020 «Төленбеген капитал» шоты оның
шаруашылық субъектінің жарғылық капиталына салым түрінде
енгізіліп, төленбегенін, ал кәсіпорын қызметінің тоқтау жағдайында
бұрынғы иелеріне қайтарылатынын білдіреді.
Дт Кт Құжаттар
2710, 2730 5020 Құрылтай құжаттары,
2411—2417 қабылдау-өткізу актісі,
жүкқұжаттар, бағалау актісі
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында пассивті
шот орналасқан.
Бұл жағдайда 3 типті операция орындалады: яғни, баланстың активі
мен пассивінде көбею жағына өзгерістер болады (материалдық емес
198
активтердің, негізгі құралдардың көлемімен қатар, құрылтайшылар
салымдарының да мөлшері көбейеді). Бұл жағдай жазудың дұрыс
жасалғанын куәландырады.
Мысал келтіреміз: кәсіпорынның жарғылық капиталына құ-
рылтайшылармен салым ретінде 2005 жылы қыркүйектің 18 жұл-
дызындағы құрылтай құжаттары, бағалау актісі мен жүкқұжатқа
сәйкес, 900000 теңге сомада көлік құралы енгізілді. Бұл жағдайда
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2412 — 5020 = 900000 3 типті операция
А (+) П (+)
в) Материалдық емес активтер мен негізгі құралдар қайтарымсыз
түрде алынды. Бұл жағдайда келудің көзі олардың сырттан заңды
және жеке тұлғалар тарапынан қайтарымсыз түрде берілуі болып
табылады. Ал, бірдеңені қайтарымсыз түрде алу шаруашылық
субъект үшін негізгі емес қызметтен түскен табыс болып саналады,
сондықтан оған салық салынады.
Дт Кт Құжаттар
2710—2730 6230, 6280 Жолдама құжаттары,
2411—2417 қабылдау-өткізу актісі,
жүкқұжаттар, бағалау актісі
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында пассивті
шоттар орналасқан. Бұл жағдайда 3 типті операция болады: яғни,
баланстың активі мен пассивінде көбею жағына өзгерістер болады
(материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың көлемімен
қатар, негізгі емес қызметтен түскен табыстың мөлшері көбейеді).
Бұл жағдай жазудың дұрыс жасалғанын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорын өзінің бас кәсіпорынынан
қайтарымсыз түрде 2005 жылы шілденің 26 жұлдызындағы бас
кәсіпорынның шешімі, қабылдау-өткізу актісі мен № 124 жүкқұ-
жатына сәйкес, 2000000 теңге құнымен машиналар мен жабдықтар
алды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
199
2413 — 6280 = 2000000 3 типті операция
А (+) П (+)
г) Негізгі құралдарды қайта бағалау. Экономиканың заңдарына
сәйкес, инфляция нәтижесінде мүліктің қымбаттауы болып тұрады.
Сондықтан, оқтын-оқтын (мемлекеттік статистикалық комитеттің
нұсқауларына сәйкес) негізгі құралдардың қайта бағалануы жүр-
гізіледі.
Бұл жағдайда олардың құнының арту көзі № 5320 пассивті шотта
бейнеленетін негізгі құралдардың қайта бағалануынан қосымша
төленбеген капитал болады. Шаруашылық операцияның жазуы
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
2411—2417 5320 Есептер, бағалау актісі
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында пассивті
шот орналасқан.
3 типті «Активті-активті» операциясына сәйкес, бір жағынан
кәсіпорын активтерінің құны артады, бір мезгілде екінші жағынан
негізгі құралдарды бағалаудан болған қосымша төленбеген ка-
питал көбейеді. Демек, шаруашылық операцияның жазуы дұрыс
жасалған.
Мысал келтіреміз: Республика Үкіметінің ңұсқауымен жүргі-
зілген негізгі құралдарды қайта бағалау нәтижесінде 2005 жылы
қаңтардың 21 жұлдызында жасалған қайта бағалаудың материал-
дарына сәйкес, үйдің құны 560000 теңгеге артты. Бұл жағдайда
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2412 — 5320 = 560000 3 типті операция
А (+) П (+)
Сонымен, біз ұзақ мерзімді активтер көбеюінің (келуінің) әртүрлі
жағдайлардағы мәселелерін қарадық.
Енді дебиторлық берешектердің кему (жабылу) жағдайларын
200
қараймыз.
Ұзақ мерзімді дебиторлық берешектердің кемуі (жабылуы)
Аталмыш жағдайларда олар кредит бойынша өтеді. Бұл жерде біз
дебиторлық қарыздың қайда шығыс етілуіне (бағытталуына) назар
аударуымыз керек.
а) Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қарыздарын
жабу. Бұл шаруашылық операциялар №1040 «Ағымдағы банктік
шоттардағы теңгемен ақша қаражаттары» активті, №4410 «Алынған
ұзақ мерзімді аванстар» пассивті шотында бейнеленеді. Проводка
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1040
4410 2110 Төлем тапсырмалары, салыстыру актісі,
жүкқұжаттар, келісім шарттар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті және
пассивті шоттар орналасқан. Активті шот (№ 1040) жайғасқан кезде
1 типті «Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың
активінде тек қана өзгерістер болады (бір жағынан ақша қаражаттары
көбейеді, ал екінші жағынан сол сомаға сатып алушылардың деби-
торлық қарыздары кемиді).
Пассивті шот (№ 4410) жайғасқан кезде баланстың активі мен
пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады
(бір жағынан алынған аванстар бойынша қарыздар кемиді, ал екінші
жағынан бір мезгілде сол сомаға сатып алушылардың дебиторлық
қарыздары жабылады). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорынға сатып алушылардан ағым-
дағы банктік шотына 2005 жылы қараша айының 18 жұлдызындағы
№ 672 төлем тапсырмасына сәйкес, орындалған ұзақ мерзімді
тапсырыс үшін 25000000 теңге сомада ақша келіп түсті.
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1040 — 2110 = 25000000 1 типті операция
201
А (+) А (-)
2) кәсіпорында орындалған ұзақ мерзімді күрделі жұмыстар
үшін алынған аванстар есебінен 2005 жылы қыркүйек айының
30 жұлдызындағы № 962 Ф-2 үлгідегі анықтамасына сәйкес,
28000000 теңге сомада құрылыс-құрастыру жұмыстарының кө-
лемі тапсырылды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше
болады:
Дт Кт Сома Ескерту
4410 — 2110 = 28000000 4 типті операция
П (-) А (-)
ә) Еншілес (қауымдастырылған) ұйымдар мен бірлесіп бақыла-
натын заңды тұлғалар қарыздарының жабылуы. Бұл шаруашылық
операциялар № 1040 «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша
қаражаттары» активті, № 4120—4140 «Еншілес (қауымдастырылған)
ұйымдарға ұзақ мерзімді кредиторлық берешек», № 4410 «Алынған
ұзақ мерзімді аванстар» пассивті шоттарында бейнеленеді. Проводка
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1040
4120 2120—2140 Төлем тапсырмалары, салыстыру
4410 актісі, жүкқұжаттар,
шот-фактуралар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті және
пассивті шоттар орналасқан. Активті шот (№ 1040) орналасқан кезде
1 типті «Активті-активті» операция орын алады, яғни, баланстың
активінде тек қана өзгерістер болады (бір жағынан ақша қаражаттары
көбейеді, ал екінші жағынан сол сомаға еншілес (бағынышты)
ұйымдардың дебиторлық қарыздары кемиді).
Пассивті шот (№ 4120, 4410) орналасқан кезде баланстың активі
мен пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын
алады (бір жағынан еншілес (бағынышты) ұйымдардың және
алынған аванстар бойынша қарыздар кемиді, ал екінші жағынан бір
мезгілде сол сомаға еншілес (бағынышты) ұйымдардың дебиторлық
202
қарыздары жабылады). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорынға еншілес ұйымнан ағымдағы
банктік шотына 2005 жылы желтоқсан айының 10 жұлдызындағы
№ 1042 төлем тапсырмасына сәйкес, өткізілген ұзақ мерзімді күрделі
жұмыстар үшін 16000000 теңге сомада ақша келіп түсті.
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1040 — 2120 = 16000000 1 типті операция
А (+) А (-)
2) кәсіпорында қауымдастырылған ұйымдармен пайда болған
қарыздар шегінде 2005 жылы қазан айының 30 жұлдызындағы № 587
шот-фактураға сәйкес, 8000000 теңге сомада құрылыс-құрастыру
жұмыстарының көлемі тапсырылды. Бұл жағдайда бухгалтерлік
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
4130 — 2130 = 8000000 4 типті операция
П (-) А (-)
3) орындалатын күрделі ұзақ мерзімді жұмыстар үшін
алынған аванстардың есебінен 2005 жылы қараша айының 24
жұлдызындағы № 638 Ф-2 үлгідегі анықтамасына сәйкес еншілес
ұйымға 15000000 теңге сомада құрылыс-құрастыру жұмыстарының
көлемі тапсырылды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше
болады:
Дт Кт Сома Ескерту
4410 — 2120 = 15000000 4 типті операция
П (-) А (-)
б) Алдағы кезеңдердің шығыстарын шығыс ету. Бұл шаруашылық
операциялар № 8048 «Басқа үстеме шығыстар», 7210 «Әкімшілік
шығыстар» активті шоттарында бейнеленеді. Проводка төмендегіше
болады:
203
Дт Кт Құжаттар
8048 2940 Есептер, бухгалтерлік анықтама
7210
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 7210, 8048) 1 типті
«Активті — активті» операция орын алады, яғни баланстың
активінде тек қана өзгерістер болады (бір жағынан үстеме, жалпы
және әкімшілік шығыстар көбейеді, екінші жағынан сол сомада
алдағы кезеңдердің шығыстары кемиді). Бұл жағдай жазудың
дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кен орны бойынша объектіні пайдалануға
бергеннен соң, 2005 жылы желтоқсан айының 30 жұлдызындағы
объектіні пайдалануға берудің № 6 актісі мен есептеріне сәйкес,
38000000 теңге сомада кен-дайындау жұмыстары шығыс етіледі.
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
8048 — 2940 = 38000000 1 типті операция
А (+) А (-)
в) Берілген ұзақ мерзімді аванстарды жабу. Бұл шаруашылық
операциялар № 4110 «Жеткізушілерге берілетін ұзақ мерзімді
берешек» пассивті шотында бейнеленеді. Проводка төмендегіше
болады:
Дт Кт Құжаттар
4110 — 2910 Салыстыру актілері,
шот-фактуралар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
пассивті шоттар орналасқан. Пассивті шот (№ 4110) орналасқан
кезде баланстың активі мен пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-
активті» операция орын алады (бір жағынан жеткізіп берушілерге
кредиторлық қарыздар, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға
берілген аванстар бойынша дебиторлық қарыздардың мөлшері
кемиді). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
204
Мысал келтіреміз: кәсіпорында берілген аванстар есебінен 2005
жылы қыркүйек айының 8 жұлдызындағы салыстыру актісі мен 19
жұлдызындағы № 836 шот-фактурасына сәйкес, жеткізіп берушіден
15000000 теңге сомаға материалдар алынды. Бұл жағдайда
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
4110 — 2910 = 15000000 4 типті операция
П (-) А (-)
Ұзақ мерзімді инвестициялар, негізгі құралдар, материалдық
емес активтердің кемуі (жабылуы)
Бұл жағдайларда негізгі құралдар кредит бойынша өтеді. Мұнда
біз кәсіпорын активтерінің құны қайда шығыс етілетіндігіне
(бағытталатындығына) назар аударуымыз керек.
а) Активтерді өткізу және жою. Бұл шаруашылық операциялар
№ 7410 «Негізгі құралдардың есептен шығуы бойынша шығыстар»
активті шотында бейнеленеді. Екі жағдайда да шығыстар осы
активті шотқа шығыс етілгендіктен, негізгі құралдар енді кредиттік
жақта орын алады және шаруашылық операцияның жазылуы
№ 7410 шоттың дебетіне № 2411—2417 шоттардың кредитінен жаса-
лады. Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
7410 2411—2417 Келісім шарт, түгелдеу актісі,
негізгі құралды шығыс ету актісі
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті шот
орналасқан, демек, баланстың активінде тек қана өзгерістер болатын
1 типті «Активті-активті» операция орын алады. Бір жағынан негізгі
құралдың шығыс етілуі бойынша шығыстар артып жатса, екінші
жағынан сол сомада кәсіпорынның активтері шығыс етіледі. Бұл
жағдай жазудың дұрыс жасалғанын білдіреді.
205
Мысал келтіреміз: кәсіпорында 2005 жылы мамырдың 28
жұлдызындағы негізгі құралды өткізу (жою) актісіне сәйкес, 880000
теңге сомада көлік құралы өткізілді (шығыс етілді). Бұл жағдайда
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сумма Ескерту
7410 — 2414 = 880000 1 типті операция
А (+) П (-)
ә) Жиынтық тозудың сомасын шығыс ету.
Негізгі құралды шығыс етуден (өткізуден немесе жоюдан) кейін
оның жиынтық (есептелген) тозуы міндетті түрде шығыс етілуі
тиіс. Жиынтық тозу жойылатын негізгі құралда, ал есептелген тозу
өткізілетін немесе таласты негізгі құралда болады.
Дебеттік жағында № 2421—2429 «Негізгі құралдардың тозуы»
шоттары бойынша негізгі құралдар тозуының шығыс етілуін (кемуін)
бейнелейміз. Мұнда жердің тозуының есептелуі мен шығыс етілуі
бойынша процедуралар болмайтын фактіге назар аудару қажет.
Шаруашылық операцияның жазылуы төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
2421—2429 2412—2417 Есептеулер, негізгі құралды
өткізу немесе шығыс ету актісі
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында пассивті
шоттар орналасқан. Демек, баланстың активі мен пассивінде кему
жағына өзгерістер болатын 4 типті «Пассивті-активті» операция
орын алады.
Бір жағынан негізгі құралдың жиынтық тозуы кемиді (жабылады),
ал екінші жағынан сол сомаға негізгі құралдардың құны кемиді
(шығыс етіледі). Бұл жағдай жазудың дұрыс жасалғанын білдіреді
Достарыңызбен бөлісу: |