Шығыс ақындарынша



Pdf көрінісі
бет6/21
Дата03.03.2017
өлшемі465,07 Kb.
#6357
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Шешуі: білмекке құмарлық.
1982
* * *

НЕ ІЗДЕЙСІҢ, КӨҢІЛІМ, НЕ
ІЗДЕЙСІҢ?
Не іздейсің, көңілім, не іздейсің?
Босқа əуре қылмай, шыныңды айт.
Шарқ ұрып, тыныштық бермейсің,
Сырласалық, бермен қайт.
Абұйыр, атақ сол жанда —
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?
Көп Тəңірі атқан мақтай ма,
Ол Тəңірі атқан болмаса?
Жоқты-барды шатпай ма,
Көптің өзі оңбаса?
Мақтау — жел сөз жанға қас,
Қошеметшіл шығарған.
Бір мақтаса, боқтамас
Ел табылса, құмарлан.
Жұрттың бəрі сөз сатқан,
Сатып алып не керек?
Екі сөзді Тəңірі атқан —
Шыр айналған дөңгелек.
Сатып алма, сөз сатса,

Ол асылды аңдамас.
Білəткенің байы — ақша,
Ер жақсысын таңдамас.
Мен мақтанның құлы емес,
Шын ақылға зорлық жоқ.
Антұрған көп пұл емес,
Өлім барда қорлық жоқ.
Өмір, дүние дегенің
Ағып жатқан су екен.
Жақсы-жаман көргенің,
Ойлай берсең, у екен.
* * *

ЖҮРЕГІМ, ОЙБАЙ, СОҚПА ЕНДІ!
Жүрегім, ойбай, соқпа енді!
Бола берме тым күлкі.
Көрмейсің бе, тоқта енді,
Кімге сенсең — сол шикі.
Жетім қозы — тасбауыр,
Түңілер де отығар.
Сорлы жүрек мұнша ауыр,
Неге қатты соқтығар?
Сенісерге жан таба алмай,
Сенделеді ет жүрек.
Тірілікте бір қана алмай,
Бұл не деген тентірек?
Жоқ деп едің керегің,
Топ жиып ең бір бөлек.
Кезек келер демедің,
Ендігі керек қай керек?
* * *

ҚАЙҒЫ ШЫҒАР ІЛІМНЕН
Қайғы шығар ілімнен,
Ыза шығар білімнен.
Қайғы мен ыза қысқан соң,
Зар шығады тілімнен.
Қайтіп қызық көремін
Əуре-сарсаң күнімнен?
Қайрылып қарап байқасам,
Ат шаба алмас мінімнен.
Қайғылы, қартаң біздей шал,
Қарай берсең, қайда жоқ?
Есер, есірік болмасаң,
Тіршіліктен пайда жоқ.
Ақыл бітпес дəулетке,
Дəулет бітпес келбетке.
Болымсыз қулық тойымсыз
Болады балаң жөргекте.
Ішімен жау боп, сыртымен
Кім тояр қылған құрметке?
Кеңшілікте туған жоқ
Шықсын деген жел бетке.
Тарлықта қанша тайпалса,
Қадірі болмас, əлбетте.

Сыйласа елің ұлықтап,
Араласаң қызықтап,
Қызық пенен тыныштыққа
Қазақ тұрмас тұрықтап.
Қаңқылдап біреу əн салса,
Біріне бірі жуықтап,
Тебінісіп қамалар,
Тоқтатып болмас сырықтап.
Түзу бол деген кісіге
Түзу келмес ырықтап.
Сырдаң тартып, қашады,
Ұстайсың қайтіп құрықтап?
Ел жайын біліп, қансаңыз,
Айтайын, құлақ салсаңыз:
Кейбіреуі дүрсіп жүр,
Жер тəңірісіп кер мағыз.
Кейбіреуі — зəкүншік,
Оңдырмассып, берсе арыз.
Кейбірі пірге қол берген,
Іші залым, сырты абыз.
Кейбірі қажыға барып жүр,
Болмаса да қаж парыз.
Мұсылмандық ол ойлап,
Өтеген қашан ол қарыз?

Дəулеті жоқ бурыл шаш,
Үйіңе кет, топтан қаш!..
Ағайынның ішінен
Шыға қалса тайталас,
Партия жиып, мал сойса,
Бата оқисың, жейсің бас.
Басалқа сөз сенде жоқ,
Айтқан сөзің „малың шаш".
Итше індет тілемей,
Жат үйіңде, өлсең де аш!
Ойлап-ойлап қарасам,
Осындай шал қайда жоқ?
Қозғау салып қоздырғыш
Кезбе шалдан пайда жоқ.

ОСПАНҒА
Жайнаған туың жығылмай,
Жасқанып жаудан тығылмай,
Жасаулы жаудан бұрылмай,
Жау жүрек, жомарт құбылмай,
Жақсы өмірің бұзылмай,
Жас қуатың тозылмай,
Жалын жүрек суынбай,
Жан біткеннен түңілмей,
Жағалай жайлау дəулетің
Жасыл шөбі қуармай,
Жарқырап жатқан өзенің
Жайдақ тартып суалмай,
Жайдары жүзің жабылмай,
Жайдақтап қашып сабылмай,
Жан біткенге жалынбай,
Жақсы өліпсің, япырмай!
* * *

КЕШЕГІ ОСПАН
Кешегі Оспан,
Бір бөлек жан,
Үйі — базар, түзі — той.
Ақша, нəрсе
Ала берсе,
Ат та мінсе, көнді ғой.
„Ала берден",
„Келе көрден"
Бір күн басын бұрды ма?
Келді қаптап,
Алды сап-сап,
Кетті мақтап, тұрды ма?
Жауға мылтық,
Досқа ынтық,
Жан асар ма осыдан?
Қорықпай өтті,
Жанға жетті,
Арман етті досынан.
Ел тамағын,
Жұрт азабын
Жеке тартқан кетті ер.
Сондай ерді —

„Ала берді"
Табар енді біздің ел!
Өлді Оспан,
Кетті шопан,
Енді кім бар бақ қонар?
Ұрла-қарла,
Жұртты шарла,
Ойла, барла — не болар?
Жұрт тынымсыз,
Бəрі ұғымсыз,
Енді оларға сөз де жоқ.
Сырты абыз бар,
Желқабыз бар,
Алты ауыз бар — өзге жоқ.
* * *

КҮЛІМСІРЕП АСПАН ТҰР
Күлімсіреп аспан тұр,
Жерге ойлантып əр нені.
Бір себепсіз қайғы құр
Баса ма екен пендені?
Қапамын мен, қапамын,
Қуаныш жоқ көңілде.
Қайғырамын жатамын,
Нені іздеймін өмірде?
Қайтты ма көңіл бетімнен,
Яки бір қапыл қалдым ба?
Өткен күнге өкінбен,
Əм үміт жоқ алдымда.
Іздегенім тəтті ұйқы,
Дүниені ұмытып.
Өлімнің суық тым сиқы,
Тұрсын өмір жылытып.
Көз ұйқыда, ой тыншып,
Дем алып жатсын көкірек.
Кім таласса, кім ұрсып,
Көрсем оны — сол керек.
Өзім аулақ бетінен,
Бір орында оңаша,

Дүние деген не деген —
Қыла жатсам тамаша.
Мансап іздер, мал қуар,
Бəрі мақтан іздеген.
Мақтанынан не туар,
Ыза қылып өзгеден?
* * *

СҰРҒЫЛТ ТҰМАН ДЫМ БҮРКІП
Сұрғылт тұман дым бүркіп,
Барқыт бешпент сулайды.
Жеңіменен көз сүртіп,
Сұрланып жігіт жылайды.
Əйелмісің, жылама,
Тəуекел қыл Құдаға!
Өлең айт,
Үйге қайт!
Атаңды анаң азғырып,
Тұрғызбаған бейішке.
Алласы оны жазғырып,
Əкелді бастап кейіске.
Əйелде ешбір опа жоқ,
Бүгін — жалын, ертең — шоқ.
Белді бу,
Бетті жу!
1892-1893

ТҰТҚЫНДАҒЫ ПОЛЯК
ЖАНДАРАЛЫНЫҢ СӨЗІ
(А. Мицкевичтен)
Дүрілдеген нажағай,
Бұрқыраған жауынның
Ашылмағы бар ма басынан
Бағы қайтқан қауымның?
Мен орманға барғанда,
Неше түрлі гүл ұстап
Қайтушы едім қолыма.
Гүлдер түгіл, бұл күнде
Шөп дағы жоқ маңымда.
* * *

ЫСЫТҚАН, СУЫТҚАН
Ысытқан, суытқан
Бойыңды бір көңіл.
Дүниені ұмытқан
Құмарың тозар, біл.
Əуелгі кезінде
Қайтпаған көңілдің,
Есептеп өзің де,
Түрінен өмірдің;
Бір жақсы күнім деп,
Қызықпен сөйлесіп,
Артынан „ол нем?" деп
Ұялып кезнесіп
89
;
Бір ақымақ əңгіме
Сықылды көрінер.
Онысын өңгеге
Айтуға ерінер.
Айтуға білсе, ерінбес,
Надандықпен жеңілмес.
Білген кісі айтса оған,
Надандығы кемімес.
* * *

БОЙЫ БҰЛҒАҢ
Бойы бұлғаң,
Сөзі жылмаң
Кімді көрсем, мен сонан
Бетті бастым,
Қатты састым,
Тұра қаштым жалма-жан.
Өз ойында,
Тұл бойында
Бір міні жоқ пендесіп,
Түзде мырзаң,
Үйде сырдаң,
Сөзі қылжаң еркесіп.
Бас құрасып,
Мал сұрасып,
Бермегенмен кетісер.
Адам аулап,
Сыпыра саулап,
Байды жаулап жетісер.
Сөз қыдыртқан,
Жұрт құтыртқан,
Антын, арын саудалап.
Бұтты-шатты,

Үй санатты,
Байдан атты алмалап.
Кедейі — ер,
Кеселі зор,
Малды байдан сорлы жоқ.
Аш көмектің,
Жемдемектің,
Босқа əлектің орны жоқ.
Ел қағынды,
Мал сабылды,
Ұрлық, өтірік гу де гу.
Байы — баспақ,
Биі саспақ,
Əулекі аспақ сыпыра қу.
Ақы берген,
Айтса көнген,
Тыныштық іздер елде жоқ.
Аққа тартқан,
Жөнге қайтқан,
Ақыл айтар пенде жоқ.
Əз тұтуға,
Сыйласуға
Қалмады жан бір татыр.
Сыпыра батыр,

Пəле шақыр,
Болдың ақыр тап-тақыр.
Су жұғар ма,
Сөз ұғар ма,
Сыпыра жылмаң желбуаз?
Айтты — көндім,
Алды — бердім,
Енді өкіндім — өзіме аз.
* * *

ЖАҚСЫЛЫҚ ҰЗАҚ ТҰРМАЙДЫ
Жақсылық ұзақ тұрмайды,
Жамандық əр кез тозбайды.
Үміттің аты елеріп,
Қос тізгінді созбайды.
Қанша тепкі салсаң да,
Уайымнан озбайды.
Бір қайғыны ойласаң,
Жүз қайғыны қозғайды.
Жер қорығыш желгек шал
Желіп жүріп боздайды.
Құрсаған бұлт ашылмай,
Аспанның жүзі көгермес.
Үрпейген жүрек басылмай,
Талапты көңіл елермес.
Шырайды қайғы жасырмай,
Күлкінің ерні кезермес.
Шыдасаң есті қашырмай,
Құлдатып, қор қып жібермес.
Кез келсе қайғы қат-қабат,
Қаңғыртпай қоймас адамды.
Қасиетсіз туған — о да жат,
Күңкілдеп берер сазаңды.

Бəрінен де сол қымбат,
Қайтерсің өңкей наданды.
Сыпыра батыр сұм құрбəт
90
Мақтанмен алды мазамды.

БАЙМАҒАМБЕТКЕ ҚАТЫНЫНЫҢ
АТЫНАН ШЫҒАРЫЛҒАН
Ажының жақсы-ақ қызы едім,
Жетістірем деп алды.
Тілеуін түзден тілесе,
Баста мені неге алды?
Сол желіккеннен желігіп,
Жынды сары жоғалды.
Ойбайлаған болайын-ай,
Жоқтамасам, обал-ды.
* * *
(М. Ю. Лермонтовтан)

АЛ СЕНЕЙІН, СЕНЕЙІН
Ал сенейін, сенейін,
Айтқаныңа көнейін.
Шалма ораған сопының
Ішін арам демейін.
Ақ көңілді əділ жан
Табылар деп көрейін.
Я сүйсе, я күлсе,
Елжірейін, төнейін.
Жаралы көңіл жазылар,
Дүниеде рахат бар шығар.
Жақсы адам деген құры сөз
Емес шығар, табылар.
Өткен өмір, көрген түс
Не қылғанда бір болар.
Деп нанып ем "маған нан",
Не таптым мен нанғаннан?
Жүрегімді қан қылды,
Өткен өмір, өлген жан.
Ақыл іздеп, ізерлеп,
Бəрін сынап сандалған.
Бірін таппай солардың,
Енді ішіме ой салған.

Тұла бойды улатты,
Бəрі алдағыш сұм жалған.
Басыңа тиді, байқадың,
Бəрінен басты шайқадың.
Тағы бар ма айтарың?
Нанғыш болсаң, енді нан!
* * *
(Дж. Байрон — М. Ю. Лермонтовтан)

КӨҢІЛІМ МЕНІҢ ҚАРАҢҒЫ. БОЛ,
БОЛ, АҚЫН!
Көңілім менің қараңғы. Бол, бол, ақын!
Алтынды домбыраңмен келші жақын.
Ішек бойлап он саусақ жорғаласа,
Бейіштің үні шығар қоңыр салқын.
Егер сорым түбімен əкетпесе,
Керек қой көңілді үміт тебірентсе.
Қатып қалған көзімде бір тамшы жас
Төгілмей ме, бой жылып, ол да ерісе?!
* * *
(И. В. Гете — М. Ю. Лермонтовтан)

ҚАРАҢҒЫ ТҮНДЕ ТАУ ҚАЛҒЫП
Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап.
Даланы жым-жырт, дел-сал қып,
Түн басады салбырап.
Шаң шығармас жол дағы,
Сілкіне алмас жапырақ.
Тыншығарсың сен дағы,
Сабыр қылсаң азырақ.
* * *
(М. Ю. Лермонтовтан)

ӨЗІҢЕ СЕНБЕ, ЖАС ОЙШЫЛ
Өзіңе сенбе, жас ойшыл,
Тіл өнері дертпен тең.
Көңілдің жүгін қиял қыл,
Ызаға тұтқын бой мең-зең.
Қасиет тұтып, ойға ұмтыл,
Қан қайнап, қуат егілсін!
Онан гөрі еңбек қыл,
Улы сусын төгілсін!
Ойлай берсең, ой деген
Не қызыққа келер кез.
Кісі айтпаған, білмеген
Күй əдемі, тəтті сөз.
Тыңдама оны, ұмыт сен,
Бүркен дағы, бар да жат.
Тамылжытып айтқанмен,
Қыла алмассың сен қымбат.
Кез болсаң қайғы я зарға,
Құрсатса тілді ұмтылтып,
Алып шықпа базарға
Асаудайын бұлқынтып.
Қайғы-дертің мейлі мың,
Саудаға салмақ — өзіңе ар.

Жаныңа түскен жараның
Іріңін нетсін надандар.
Біліп оған не керек,
Ішіңнен қайғы жемесең,
Жалтаңдаған жас жүрек
Байғұс-ай десін демесең.
Өз бойыңа болып сақ,
Жан-жағыңа қараңдар!
Күн көріп жүр күліп-ақ
Сенен басқа жарандар.
Олардың да ешбірін
Қайғы аман қойған жоқ шығар.
Ойлап, байқап көр түрін,
Таттырмап па дүние зар?
Күлкі болмай, қой, жаным,
Сен бүйтесің, ол қайтті?
Олар көрген арманын
Кімге шақты, кімге айтты?!
* * *
(И. А. Буниннен)

ҚОРҚЫТПА МЕНІ ДАУЫЛДАН
Қорқытпа мені дауылдан,
Дүрілдеп тұрса тау мен сай.
Шатырлап тұрған жауыннан
Жарқылдап тұрса түскен жай.
Көк торғындай аспан-көк,
Білемін, жайнап ашылар.
Исі аңқыған бəйшешек
Түрленіп жерді жасырар.
Қорқытпайды қар мен мұз,
Өзге нəрсе қорқытты.
Ойсыз, доссыз, бақытсыз,
Жыбырлақпен өмір өтті.
Сондықтан қайғы қат-қабат,
Қарап тұрмын сендерге,
Атасы басқа, өзі жат,
Жалғыз жанша жат жерде.
1894

АНТПЕНЕН ТАРҚАЙДЫ
Антпенен тарқайды,
Жиылса кеңеске.
Op қазып байқайды
Туа жау емеске.
Анттасып алқайды
91
Сен тентек демеске.
Кім анттан шалқайды,
Амал жоқ жемеске.
Аз адам шаршайды,
Ебіне көнбеске.
Бас ыңғай қайқайды,
Амал жоқ өлмеске.
Ел састы, аңқайды,
Би тартты егеске.
Жұрттағы мал жайды
Ой қылар бермеске.
Өсімге қол жайды,
Тай алып серкешке.
Алмаса ол тайды,
Дап-дайын көрмеске.
Кедей би жантайды
Сауыр мен өркешке.

Саумаққа ол байды,
Кеңесер би кешке.
Қайғы қып болмайды,
Өкпелеп білмеске.
Сүйтсе де оңбайды,
Бұрынғы түсті еске.
Пысықтар шалқайды,
Таласып теңдеске.
Қағысып шонтайды
Өзімен жемдеске.
Таласып тарқайды
Ақшадан төрт-беске.
Бірлікті шайқайды,
Араз боп өнбеске.
* * *

ҚАРАШАДА ӨМІР ТҰР
Қарашада өмір тұр,
Тоқтатсаң, тоқсан көнер ме?
Арттағы майда көңіл жүр,
Жалынсаң, қайтып келер ме?
Майдағы жұрттың іші — қар,
Бəйшешек қарға өнер ме?
Ішінде кімнің оты бар,
Қар жауса да, сөнер ме?
Талаппен ұшып, талпынып,
Шартарапты көздемес.
Пайданы қуып алқынып,
Өзгені əсте сөз демес.
Кеудесі — толған қулық ой,
Бəрі де пысық, езбе емес.
Құмары оның айт пен той,
Пайда мен мақтан, өзге емес.
Алдадым, ұрдым, қырдым деп,
Шалықтап, шалқып, шатпай ма,
Қапысын аңдып тұрдым деп,
Қулығын бұлдап сатпай ма?
Момыннан жаман қорқақ жоқ,
„Қу", „пысық" деген ат қайда?

Арсыз болмай атақ жоқ,
Алдамшы болмай бақ қайда?
* * *

ЖАСӨСПІРІМ ЗАМАНДАС ҚАПА
ҚЫЛДЫ
Жас өспірім замандас қапа қылды,
Сабыр, ар жоқ, аял жоқ, ілді-жұлды,
Тұрлау қылып еш нəрсе басқара алмай,
Сенімі жоқ серменде өңкей жынды.
Жамандық, жақсылық пен — оған бір бəс,
Дін ісін, Құдай ісін айыра алмас.
Арын сатып, ант ұрып іздегені —
Бір семіз ат, аяғы бір табақ ас.
Тұрлаусыздың қолынан не келеді,
Ынтасыз қайтіп өнер үйренеді?
Еңбегі жоқ, еппенен мал табам деп,
Сендіре алмай, сене алмай, сенделеді.
Онда оны алдайды, мұнда мұны,
Жанын берсе, табылмас сөздің шыны.
Алты жақсы жүз жылқы болған басы
Бір семіз ат болады оның құны.
* * *

ҒАШЫҚТЫҢ ТІЛІ — ТІЛСІЗ ТІЛ
Ғашықтың тілі — тілсіз тіл,
Көзбен көр де, ішпен біл.
Сүйісер жастар қате етпес,
Мейлің илан, мейлің күл.
Ол тілге едік оңтайлы —
Қаріпсіз біліп сондайды,
Біліп-ақ, ұғып қоюшы ек,
Енді ішіме қонбайды.
* * *

ƏСЕМПАЗ БОЛМА ƏР НЕГЕ
Əсемпаз болма əр неге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де — бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар, қалан!
Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да, қуғанға.
Əділет, шапқат
92 
кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
Бастапқы екеу соңғысыз
Біте қалса қазаққа,
Алдың — жалын, артың — мұз,
Барар едің қай жаққа?
Пайданы көрсең бас ұрып,
Мақтанды іздеп, қайғы алма.
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспей бəйгі алма.
Өзіңде бармен көзге ұрып,
Артылам деме өзгеден.
Күндестігін қоздырып,
Азапқа қалма езбеден.
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.

Ұстадтық
93 
қылған жалықпас
Үйретуден балаға.

ЕСКІЛІК КИІМІ
Ойланып, ойға кеттім жүз жылғы өткен,
Тон қабаттап кигенім — шидем шекпен.
Жейде-дамбал ақ саңнан, жарғақ шалбар,
Жырым балақ матамен əдіптеткен.
Мықшима аяғымда былғары етік,
Киіз байпақ тоңдырмас ызғар өтіп.
Үлкен кісе белімде жез салдырған,
Шақпағым, дəндəкуім
94 
жарқ-жұрқ етіп.
Күлəпəра бастырған пұшпақ тымақ,
Ішкі бауын өткізген тесік құлақ.
Тобылғыдан кесіп ап, жіппен қадап,
Артын белге қыстырған бар құрысқақ
95
.
Қалмақы қара үзеңгі, биік қасты ер,
Қанжығамда байлаулы жіптен шідер.
Жарғақ жастық көпшігім, жезді пыстан
96
,
Бір келісті сайманым топқа мінер.

ƏБДІРАХМАН НАУҚАСТАНЫП
ЖАТҚАНДА
Я, Құдай, бере көр,
Тілеген тілекті.
Қорқытпай орнықтыр
Шошыған жүректі.
Шын жүрек елжіреп,
Алладан тілеймін.
Шын қалқам осы күн
Болып тұр керекті.
Жүрегім суылдап,
Сүйегім шымырлап,
Алладан тілеймін
Құпия сыбырлап.
Зар етсе пендесі,
Бермей ме Алласы.
Тəн саулық қалқама,
Қабыл боп көз жасы.
Не жазам, япырмау,
Қол шорқақ, тіл мақау.
Сəлəмат өзіңді
Кешікпей көрсем-ау.
Бір суып, бір ысып,

Барады іш пысып,
Жүзіңді бір көріп,
Сүйгенше бір құшып.
Бір үміт, бір қауіп
Көңілге жол тауып,
Кірген соң сөз қиын,
Əр неге ой ауып.
Екі аяқ не қылып,
Басқаша ауырып,
Япырмай, докторлар
Жүрмесін жаңылып.
Жарылып ауыз ашты,
Жарасы жарасты.
Жарасыз біреуі
Неліктен ұйқы ашты?
Алмаса докторға,
Нанбаңыз соққырға.
Визитке төлемей,
Шырағым, бос қалма.
Ол жесін, ол жұтсын,
Шырайын жылытсын.
Ақшаны аяма,
Ұйқыны тыншытсын.
Əбсəмет жиенің,

Ол — сенің біреуің.
Достығын достықпен
Өтемек — тілеуім.
Көңілдің хоштығы —
Ол оның достығы.
Барар ем, қолымның
Болмады бостығы.
Сарғайды жүзіміз,
Сарылды көзіміз.
Қатайып сауықсаң
Сағынған өзіңіз.
Хатымды көріңіз,
Көңілді бөліңіз.
Қуатың ерік берсе,
Кешікпей келіңіз.
Туа өскен жеріңіз,
Туысқан еліңіз
Зар боп тұр көруге,
Ұнатса көңіліңіз.
Уайым жеуліміз,
„А, Құдай" деуліміз.
Жазылып келсеңіз,
Гүлденер өміріміз.

ƏБДІРАХМАНҒА
Алланың рахматын
Жар тұтып əр неге,
Əр Рахман
97 
ол атын
Үйреткен жүмлеге
98
.
Дұғаның қуатын
Жіберме өңгеге.
Əбіштің сыйххатын
99
Беркітсең кеудеге.
Рəушан сипатын
Тез көрсет пендеге.
Осындай шапқатын
Ұмытам мен неге?
Зар хатым — бұл хатым,
Бізді тыныш жүр деме.
Азайып қуатым,
Денем жүр көрмеге.
Бұл — жазған сұңғатым
100
,
Көңіл ашар бір наме
101
.
Менің сол рахатым
Көзіме сүрмеге.

ƏБДІРАХМАНҒА КƏКІТАЙ АТЫНАН
ХАТ
Тілім, саған айтайын,
Осы сөздің келісін тап.
Қолым, сені қайтейін,
Қаламды тұрдың қатты ұстап.
Жүректің сөзін сөйле, тіл,
Жалғаны жоқ бояма.
Қу көсе
102 
қандай өзімшіл,
Бір сынамай қоя ма?
Махаббатпен қарап бақ,
Тамыр соқса солқылдап.
Мен жазайын сізге хат,
Оқып көрсін ол шындап.
Оқып көріп байқасын,
Мағынасы ішке кіре ме?
Ұрлаған сөз деп айтасың,
Сөз ұрлыққа жүре ме?
Кісі айтпаған сөз бар ма,
Тегіс ұғар қай құлақ?
Сөккенің оны ұнар ма,
Үйренген сөзге мен де ортақ.
Тұла бойым, балқи көр,

Əбіш ағам дегенде.
Мейлің, Мағаш, шалқи бер,
Не десең де сөгем бе?
Көріскен соң бір дидар,
Алла оңғарып келгенде,
Сынаушы сонда табылар
Мұнда жатқан елден де.
Төсекке менің жатуым —
Ұйқыға əбден талған соң,
Ұстазым мен татуым
Сен екеуің болған соң.
Жас жүрегім қозғалса,
Бір Аллаға тілегім.
Ол қарағым оңалса,
Тыншыр еді жүрегім.
Жүздеріңді сау көрсем,
Екі көзім нұры еніп.
Қосылысып бір жүрсем,
Əр нəрсені үйреніп.
Жерің алыс, жете алмай,
Мағаштан да мен сорлы.
Қызметіңді ете алмай
Қалмас едім сол құрлы.

ƏБДІРАХМАНҒА КƏКІТАЙ АТЫНАН
ХАТ
Көзімнің нұрысыз,
Сізсіз жоқ қуаныш.
Өмірдің гүлісіз,
Көңіліме жұбаныш.
Зар қылып тілеймін
Рақыматын Алланың.
Елжіреп жылаймын,
Көңілін аш пенденің.
Сыйххатын қалқама,
Бере гөр, я, рахим.
Тілегім — бұл ғана,
Қайғымды қыл шағын.
Ағатай, сағындым,
Есен-сау көрмекке.
Сөз таппай аңырдым,
Оқыңыз ермекке.
Осы күн өмірімнің
Ешбір жоқ қызығы.
Жаралы көңілімнің
Жазылмай сызығы.
Мақсатым хатымды

Аз уақыт болса ермек.
Сөзім жоқ татымды,
Хошлықпен көріспек.

ҚЫЗДАРҒА
Қойдан қоңыр, жылқыдан торы Бəкең,
Адалдыққа бар елдің зоры Бəкең.
Ұры-қары көбейіп, к... шөмейтіп,
Неге болды бар елдің қоры Бəкең?
Лекер, Бітімбай мен Аталықты,
Жанқожадан кім көрген қапалықты?
Байұзақ одан соңғы адамы еді,
Бəрі де кісі-ақ еді хасалықты
103
.
Дауылбай Қыздар менен айпар-жайпар,
Екеуі бітім десе басын шайқар.
Екі елерме бітімге жөн келер ме,
Ақылы болмаған соң артын байқар?
Сөзіңнің басы ыржаң, соңы қылжаң,
Жүгенсіз жүре бермек — сенің ырзаң.
Сенен күшті кісілер не боп жатыр,
Заманыңның тарлығын ойла, мырзам.
Шотқара кірсе алдап, шықса күлген,
Елірмелі Досаққа кісімсінген.
Бұл топта маған айтар кісі бар ма,
Дауылбай мен Қыздардың жөнін білген?
Айтқожаның қулығы сені елірткен,
Бір дем салса, күшіктей соңына ерткен.

Менің терім тарылып келе жатыр,
Бұрын кісім емес ең жалғыз шерткен.
* * *
(М. Ю. Лермонтовтан)

ҚАЙТСЕ ЖЕҢІЛ БОЛАДЫ ЖҰРТ
БИЛЕМЕК?
Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек?
Жұрты сүйген нəрсені ол да сүймек.
Ішің берік боп, нəпсіге тыюлысып,
Паңсымай, жайдақсымай, ірі жүрмек.
Сасқаныңды көрсетпе ешкімге бір,
Сүйтсе де ірісімен кеңесіп жүр.
Кейбірін хауіптендір, мінін тауып,
Кейбірін жылы сөзбен көңілдендір.
Көрінбе ел көзіне əсте қорқақ,
Жанды жан демейтұғын жан шығып бақ,
Анда-санда құтырған жаман емес,
Оныңды жиі қылмай жəне бол сақ.
Кісімсі қайда жүрсең олжаға тоқ,
Шоқыма халық көзінше қарғаша боқ.
Жұрт — жас бала, ешнəрсесін тартып алма,
Білдіртпей ептеп алсаң залалы жоқ.
Жат елге жадағайда сөйле шəргез,
Тар жерде тайпалудан танба əр кез.
Жатты жау деп еліңді үрпитіп ап,
Жауға жабдық деп жиып, пайда қыл тез.

ТҰТҚЫНДАҒЫ БАТЫР
(М. Ю. Лермонтовтан)
Қараңғы үй терезесі — тұтқын орны,
Көгерген көктің жүзі ескі формы.
Азат құстар аспанда ойнап ұшса,
Ұялып қарай алмас мендей сорлы.
Тəубə жоқ, дұға да жоқ тентек бойда,
Өлең жоқ айтып жүрген талай тойда.
Қан ағып, қайрат қылған майдан менен
Ауыр қылыш дулыға бірақ ойда.
Тас дулыға, тас сауыт киінгенім,
Денемді қысып жатыр бүгін менің.
Оқ пен қылыш бұзбастай киінсем де,
Қайран атым, иең жоқ жалғыз сенің.
Уақыттай өзі жүйрік ат мінеміз,
Сауыттай шынжырлаулы тереземіз.
Тас дулыға болмай ма жатқан үйім,
Шарайнам шойын есік бұ да бір кез.
Жүйрік уақыт шаршатпай қоймас ақыр,
Денемді сауыт-сайман қысып жатыр.
Бұрын сені біреуге көп жұмсап ем,
Енді өзіме шақырдым, ажал батыр.
1895

* * *

ТАЛАЙ СӨЗ БҰДАН БҰРЫН КӨП
АЙТҚАНМЫН
Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын,
Түбін ойлап, уайым жеп айтқанмын.
Ақылдылар арланып ұялған соң,
Ойланып түзеле ме деп айтқанмын.
Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын,
Бірінің бірі шапшаң ұқпас сөзін.
Көздің жасы, жүректің қаныменен
Ерітуге болмайды ішкі мұзын.
Жұртым-ай, шалқақтамай сөзге түсін,
Ойланшы, сыртын қойып, сөздің ішін.
Ыржаңдамай тыңдасаң нең кетеді,
Шығарған сөз емес қой əңгіме үшін.
Адасып алаңдама, жол таба алмай,
Берірек түзу жолға шық, қамалмай.
Не ғылым жоқ, немесе еңбек те жоқ,
Ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай.
* * *

АШ ҚАРЫН ЖҰБАНА МА МАЙЛЫ
АС ЖЕМЕЙ?
Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?
Тоқ тұра алмас дəмдіден дəмді іздемей.
"Бір тойған — шала байлық" деген қазақ,
Ет көрінсе, қайтеді күйсей бермей?
Еңбек жоқ, харекет жоқ қазақ кедей,
Тамақ аңдып қайтеді тентіремей?
Ет пен қымыз сықылды ас жоқ дейді,
Ол немене жоқтықтың əсері емей?
Ет, қымыз тамақ болса əркімге арзан,
Тəтті, дəмді іздер ең онан да əрман.
Өз пұлыңмен халің жоқ күнде тояр,
Құлдық ұрып асайсың асы бардан.
Өз үйіңнен тоярға қолың қысқа,
Ас берер ауыл іздеп жүрсің босқа.
Бір жілік пен бір аяқ қымыз берген
Дереу сені жұмсайды бір жұмысқа.
Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел,
Малың болса, сыйламай тұра алмас ел.
Қаруыңның барында қайрат қылмай,
Қаңғып өткен өмірдің бəрі де — жел.
Тəуекелсіз, талапсыз мал табылмас,

Еңбек қылмас еріншек адам болмас.
Есек к ... н жусаң да, мал тауып кел,
Қолға жұқпас, еш адам кеміте алмас.
Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиылмас,
Сұм нəпсің үйір болса, тез тыйылмас.
Зиян шекпей қалмайсың ондай істен,
Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас.
Асаған, ұрттағанға ез жұбанар,
Сенімді дəулет емес сен қуанар.
Еңбек қылмай тапқан мал дəулет болмас,
Қардың суы сықылды тез суалар.
Мінер атын, киімін ып-ықшам қып,
Сымбаттанып, сымпиып тамақ аңдып,
Бұраңдап жылы жүзін асқа сатқан
Антұрғанға қосылмай кетсін қаңғып.
Күлдіргіштеу, күлкішіл, қалжыңға ұста,
Кезеген ит тым-ақ көп біздің тұста.
Өз үйінен жиреніп, қашып жүрген
Антұрғанға қосылма қапылыста.
* * *

БАЛАЛЫҚ ӨЛДІ, БІЛДІҢ БЕ?
Балалық өлді, білдің бе?
Жігіттікке келдің бе?
Жігіттік өтті, көрдің бе?
Кəрілікке көндің бе?
Кім біледі, сен кəпір,
Баяндыдан сөндің бе,
Баянсызға төндің бе?
Əлде, айналып, кім білер,
Боталы түйе секілді,
Қорадан шықпай өлдің бе?
* * *

ЛАЙ СУҒА МАЙ БІТПЕС ҚОЙ
ӨТКЕНГЕ
Лай суға май бітпес қой өткенге,
Күлеміз қасқыр жалап, дəметкенге.
Сол қасқырша алақтап түк таппадым,
Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе?
Берген бе тəңірім саған өзге туыс?
Қыласың жер-жиһанды бір-ақ уыс.
Шарықтап шартараптан көңіл сорлы
Таппаған бір тыянақ не еткен қуыс?
Күні-түні ойымда бір-ақ тəңірі,
Өзіне құмар қылған оның əмірі.
Халиққа
104 
махлұқ ақылы жете алмайды,
Оймен білген нəрсенің бəрі — дəһрі
105
.
Өзгені ақыл ойға қондырады,
Біле алмай бір тəңіріні болдырады.
Талып ұйықтап, көзіңді ашысымен,
Талпынып тағы да ойлап зор қылады.
Көңілге шек, шүбəлі ой алмаймын,
Сонда да оны ойламай қоя алмаймын.
Ақылдың жетпегені арман емес,
Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын.
Мекен берген, халық қылған ол лəмəкан
106

Түп иесін көксемей бола ма екен?
Жəне оған қайтпақсың, оны ойламай,
Өзге мақсат ақылға тола ма екен?
Өмір жолы — тар соқпақ, бір иген жақ,
Иілтіп екі басын ұстаған хақ.
Имек жолда тыянақ, тегістік жоқ,
Құлап кетпе, тура шық, көзіңе бақ.
* * *

ӨЛСЕ ӨЛЕР ТАБИҒАТ, АДАМ
ӨЛМЕС
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.
„Мені" мен „менікінің" айрылғанын
„Өлді" деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
Кім жүрер тіршілікке көңіл бермей,
Бақи
107 
қоймас фəнидің
108 
мінін көрмей.
Міні қайда екенін біле алмассың,
Терең ойдың телміріп соңына ермей.
Дүниеге дос ақиретке бірдей болмас,
Екеуі тап бірдей боп орныға алмас.
Дүниеге ынтық, мəғшарға
109 
амалсыздың
Иманын түгел деуге аузым бармас.

ƏБДІРАХМАН ӨЛГЕНДЕ
Арғы атасы қажы еді
Бейштен татқан шəрбəтті.
Жарықтықтың өнері
Айтуға тілді тербетті.
Адалдық, ақыл жасынан
Қозғапты, тыныштық бермепті,
Мал түгіл жанға мырза еді,
Əр қиынға сермепті.
Мұңды, шерлі, жоқ-жітік
Аңсап алдын кернепті.
Бəрінің көңілін тындырып,
Біреуін ала көрмепті.
Əділ, мырза, ер болып,
Əлемге жайған өрнекті.
Тəубесін еске түсіріп,
Тентекті тыйып, жерлепті.
Қазақтың ұлы қамалап,
Іздеген жүзін көрмек-ті.
Ақылынан ап қайтқан
Өлгенше болар ермекті.
Ол сыпатты қазақтан
Дүниеге ешкім келмепті.

Өлмейтін атақ қалдырып,
Дүниеге көңілін бөлмепті.
Жарлығына Алланың,
Ерте ойлаған көнбек-ті.
Олар да тірі қалған жоқ,
Тірлік арты өлмек-ті.
Оны да алды бұл өлім,
Сабырлық қылсақ керек-ті.
* * *

КЕШЕГІ ОСПАН АҒАСЫ
Кешегі Оспан ағасы
Кісінің малын жемепті.
Мал сұраған кісіге
Жоқ, қайтемін демепті.
Қуаты артық, ойы кең,
Жұрттың бəрін шенепті.
Досына дəл жаз, жауға аяз,
Алысқанды денепті.
Адалдық үшін алысып,
Жегішке ақы төлетті.
Бас шайқаймын дегеннің
Басына салды əлекті.
Қадірі қалың, малы көп,
Қылмаған кімге себепті?
Алақолсыз мырза еді,
Кем-кетікті елепті.
Оны да алды бұл өлім,
Сабырлық қылсақ керек-ті.
* * *

КЕШЕГІ ӨТКЕН ЕР ƏБІШ
Кешегі өткен ер Əбіш
Елден бір асқан ерек-ті.
Жүрегі — жылы, бойы — құрыш,
Туысы жаннан бөлек-ті.
Өнері оның жұрт асқан,
Ғылымға көңілі зерек-ті.
Аямаған ғаріптен
Қолдан келген көмекті.
Кісіге сідет
110 
жүктетпей,
Еңбекпен тапқан қоректі.
Біреудің қылған қарызын
Айтқызбай артық төлепті.
Боямасыз ақ көңіл,
Кірлетпей кетті жүректі.
Ойламаған өлімнен
Жасқанамын демек-ті.
Тағдырға тəбділ
111 
бола ма,
Сабырлық қылсақ керек-ті.

ƏБДІРАХМАН ӨЛГЕНДЕ
Тұла бойың ұят-ар едің,
Ескеріп істеп, ойлаған.
Тəуекелге нар едің,
Талаппен терең бойлаған.
Ерлікке де бар едің,
Үйренуге тоймаған.
Жасқа жас, ойға кəрі едің,
Атаңның атын жоймаған.
Замана, неткен тар едің,
Сол қалқамды қоймаған?!

ƏБДІРАХМАН ӨЛІМІНЕ
Жиырма жеті жасында
Əбдірахман көз жұмды.
Сəулең болса басында,
Кімді көрдің бұл сынды?
Дүниелікке көңілі тоқ,
Ағайынға бауырмал.
Тəкаппар, жалған онда жоқ,
Айнымас жүрек, күлкің — бал.
Ғылым оқып білгенше
Тыным, тыныштық таппаған.
Дүниені кезіп көргенше
Рахат іздеп жатпаған.
Ұзақ өмір не берер,
Көрген, білген болмаса?
Жатқан надан не білер,
Көңілге сəуле толмаса?
Петербурда-ақ кідірмей,
Біліпті дерттің барлығын.
Тəуекел қып білдірмей,
Күтіпті тəңірі жарлығын.
Қалжыңы, шыны аралас,
Өмірім аз деп білдіріп,

Бөтен көзде көрсе жас,
Ойнаймын деп күлдіріп.
Аз өмірін ұзайтқан,
Ғылымға бойы толған соң.
Көрген жерін молайтқан,
Оқып, біліп болған соң.
Қырым, Кавказ, Түркістан,
Ресей, Сібір қалмады.
Хабарланып əр тұстан,
Көрмей дамыл алмады.
Құйрықты жұлдыз секілді,
Туды да, көп тұрмады.
Көрген, білген өкінді,
Мін тағар жан болмады.
Тəуекел зор, ақыл мол,
Қорықпай тосқан тағдырын.
Қиынсынбай өлімді ол,
Білдірмеген еш сырын.
Ата-ананың қызметін,
Алған жардың қарызын,
Өтемей кеткен бейнетін,
Қағазға жазған арызын.
Көргені мен білгені
Жүзге келген шалдан көп.

Бізге уайым жегені —
Арманда боп қалды деп.
Жаңа жылдың басшысы — ол,
Мен ескінің арты едім.
Арман деген ащы сол,
Сүйекке тиді, қарт едім.
Қайғы болды күйгендей
Ол қуатым еді рас.
Көзге қамшы тигендей,
Шыр айналды артқы жас.

ƏБДІРАХМАН ӨЛІМІНЕ
Талаптың мініп тұлпарын,
Тас қияға өрледің.
Бір ғылым еді іңкəрің,
Əр қиынға сермедің.
Көзіңді салдың тұрғыға,
Бейнетін қиын көрмедің.
Бірге оқыған құрбыға
Бас бəйгені бермедің.
Бала болдың, жас болдың —
Жалғандыққа ермедің.
Төре болдың, бас болдың —
Көкірегіңді кермедің.
Ел ішіне сау келсең,
Тағылым айтпас ер ме едің?
Жол көрсетіп сонда өлсең,
Арманым бар дер ме едім?
Іздеп табар жалғаннан,
Бала берген пенде едім.
Пенде өлмейді арманнан,
Мінеки, мен де өлмедім.

ƏБДІРАХМАНҒА
Орынсызды айтпаған,
Түзу жолдан қайтпаған;
Жақсылық қылар орында
Аянып бойын тартпаған.
Ортасында кəпірдің
Арамынан татпаған.
Өмір бойы талпынып,
Ғылым іздеп, жатпаған.
Түрленіп төре болдым деп,
Есерленіп шатпаған.
Жүз мың теңге келсе де,
Махаббатын сатпаған.
Жүйріктікпен шалқымай,
Тура сөзді жақтаған.
Бала айтса да хақ сөзді,
Бұрылмастан тоқтаған.
Өтіріксіз турашыл,
Еш сөзі жоқ таппаған.
Сыйласарлық кісіге,
Түк қалмайтын сақтаған.
Бауырларын еркейтіп,
Не сұраса қақпаған.

Білдіруші ең үндемей,
Істі қылған жақпаған.
Ағайын мен туғанды
Тірілікте мақтаған.

ƏБДІРАХМАН ӨЛГЕН СОҢ ӨЗІНЕ
АЙТҚАН ЖҰБАТУЫ
Бермеген құлға, қайтесің,
Жұлынарлық ерікті.
Ажал тура келген соң,
Шыдатпайды берікті.
Ғаріптікке көз жетті,
Алғаннан соң серікті.
Өмірін берген құдайым
Ажалын да беріпті.
Сақта дейміз, қайтеміз,
Ілінген жалғыз тіректі.
Тағдырына тəбдил жоқ,
Тəубе қылсақ керек-ті.
Кəркиден, пілдей қуатты,
Тағы арыстан жүректі,
Аплатон, Сократ ақылды,
Қаһарман Ғали білекті.
Өз заңымша ұқсаттым,
Берген құдай тілекті.
Оспанды алған бұл өлім,
Тəубе қылсақ керек-ті.
Мұсылманға қоймаған

Орынсыз жанжал шатақты,
Ерегіскен жауларын
Кісен салып матапты.
Зекет жиып, егін сап,
Тойдырған ғаріп, жатақты.
Ескендір, Темір, Шыңғыстай
Мұсылманда атақты.
Мұқым қазақ баласы,
Тегіс ақыл сұрапты.
Тобықтыны ел қылып,
Басын жиып құрапты.
Мекеде уақып
112 
үй салып,
Пəтер қып, жаққан шырақты.
Бір құдайдың жолына
Малды аямай бұлапты.
Ажал уақыты жеткен соң,
Соның да гүлі қурапты.
Қажыны
113 
алған бұл өлім,
Сабыр қылсақ керек-ті.

ƏБДІРАХМАННЫҢ ƏЙЕЛІ
МАҒЫШҚА АБАЙДЫҢ АЙТҚАН
ЖҰБАТУЫ
Жылағанды тоқтатып,
Ынсап қылсақ жарайды.
Қоймасаң, қайғы ауыр боп,
Тұл бойыңа тарайды.
Қызыл гүлің суалып,
Ақ көңілің анық қарайды.
Һəммə жанды ауылымен
Патша құдай сынайды.
Бір сен емес, жылатқан
Сыңарын алып талайды.
Бəрімізді аясаң,
Тоқтау қылсаң ұнайды.
Ұмытқаның жарамас
Жаратушы құдайды.
Халық билеген патшалар,
Уақыты жетсе, құлайды.
Дəл уақыты жеткенде,
Талайдың гүлі қурайды.
Рəсүлді
114 
алған бұл өлім
Кімнен жөнді сұрайды?

Қандай адам бұлқынып,
Бұған көнбей тулайды?
Мен білемін, қайтейін,
Мұндай асыл тумайды.
Қанша жылап налысаң,
Сонда да ерікке қоймайды.
Алғысы келсе, дүниенің
Айтқанына болмайды.
Ойласаңшы, Мағышым,
Кімнің гүлі солмайды?
Артын тіле құдайдан,
Бір қалыпты тұрмайды.
Үсті-үстіне бастаса,
Сонда пенде оңбайды.
Жылама, Мағыш, жылама,
Алладан өлім тілеме! 
Қолдан ұшқан ақ сұңқар
Қайтып келіп қонбайды.
Бір шешеден туғанда,
Бəрінен кетті тəуірім.
Көтермеске амал жоқ,
Көрдім дүние ауырын.
Аясаңшы, апырмау,
Əке, шеше, бауырын!

Бойды жеңіп, тоқтау қып,
Сұрасаңшы ақырын!
Тоқтамады, тұрмады,
Кетті ортадан асылым.
Тəкаппар, зор көкіректі
Көтере алмай басылдым.
Тиянағым, тұрлауым,
Енді кімге асылдым?
Ойламадым туғанды,
Бір өзіңе бас ұрдым.
Жалғыз сенен айрылып,
Артыңа қарап аһ ұрдым.
Ойламадым еш жанды,
Өзіңе ердім оңаша.
Рахаттанып, мақтанып,
Қылушы едім тамаша.
Шыны сорлы мен дағы,
Мағыш байқап қараса.

ƏБДІРАХМАННЫҢ ƏЙЕЛІ
МАҒЫШҚА АБАЙ ШЫҒАРЫП БЕРГЕН
ЖОҚТАУ
Айналайын, Құдай-ау,
Қапалық салдың жасымнан.
Шешенің зарын тарттырдың
Бес жасымда басымнан.
Сөйлемей пенде шыдамас
Қайғы отына ашынған.
Жарымды көрмей неше жыл,
Қапалықты асырған.
Жарымды алып қор қылдың
Жас өмірде тасынған.
Айырып, от қып өртедің,
Əбіш сынды асылдан.
Əбішті алып күл қылдың,
Қызылды гүлді жасылдан.
Тым болмаса қызмет қып,
Өткізбедім қасымнан.
Жиырма екі жасымда
Мен айрылдым жарымнан.
Жарық сəуле көрмедім
Шыққалы ана қарнынан.

Күйік күшті түскен соң,
Кетеді екен сабырдан.
Қызықты күнім қалмады
Жылаған айтып зарымнан.
Көре алмай зар боп айырылдым
Құдай қосқан жарымнан.
Өзгеше болып жаралған,
Таныған жан қалпынан.
Тілеуді кесіп құдайым,
Зарлатып қойды артынан.
Құдай салды жүрекке
Жалғанда бітпес жараны.
Көре алмай қор боп қалған соң,
Кете ме іштен арманы?
Сəулемді құдай алған соң,
Сарнамасқа шара не?
Кез келтірді құдайым
Құтылмас маған дараны.
Қалқамды алып, құдайым,
Басыма салдың қараны,
Өзі түгіл көрмедім,
Ізі жоқ басқан табаны.
Күйдіріп, құдай алмады,
Пенденің құрыр амалы.

Қылығыңа жете алман,
Қаншалық тілмен айтқанмен.
Басыңа құдай беріпті
Өлшеусіз қылып ақылын.
Сабыр мен талап беріпті,
Ақылың, рахымың қиын-ды.
Өткен күнгі қызығым
Ұйықтап көрген түстен кем.
Қараңғы түнде қапалық
Жүректі басты, шықпас күн.
Қолдан келген қайратым —
Барымды айтып шыққан үн.
Көңілімнің күні өшкен соң,
Қайғылы қара болар түн.
Жыламай пенде шыдамас,
Қарағымды алған соң.
Сағынып көрген қызықты
Көре алмай зарлап қалған соң.
Ашпадың, Алла, қабақты,
Қылмадың қабыл тілекті,
Өле алмай шыдап отырмын
Зор құдайым салған соң.
Шықтым ба деп ем, құдай-ау,
Қызықты күннің шетіне.

Өшірмек Алла болған соң,
Пенденің қоймас еркіне.
Өлмектен басқа дауа жоқ
Алланың салған дертіне.
Құтылмас құл жол таппас
Иенің салған өртіне.
Жалтыр құздан құладым,
Қолымнан кетіп сүйеніш.
Көңілімнің күні өшкен соң,
Жалғанда болмас жұбаныш.
Өмірді қылдың, құдайым,
Қызығы жоқ күйініш.
Үмітсіз өмір бітірді
Жүрекке мұз боп ерімес.
Өзгеше болып жаралған
Айырылдым қалқам жарымнан.
Сол қалқамды қоймаған
Замана неткен тар еді?
Жасымнан өтті демегің,
Күн шыққандай қараңғы
Кешегі түннің жарығы.
Сабыр қылып шыдарға,
Қайғы оты асты күшімнен.
Қызықты күнім қалмады

Əбішті көрген түсімнен.
Сағыныш зарын білдірмей
Жүруші едім ішімнен.
Қылығың, қалқам, кетер ме
Жалғанда менің ойымнан?
Сағынсам да алыстан,
Жүруші ем күнше жылынып.
Қызықтың заңғар басынан
Қорлыққа кеттім жығылып.
Құдай қосқан қосақтан
Жалғанда қалдым жырылып.
Қайғыңда қалдым қамалып,
Қызығым кетті сырылып.
Көре алмай қалдым қалқамның
Дəл екі жыл қызығын.
Жүректегі жазылмай,
Тағдырдың салдың сызығын.
Өмірдің, Алла, беріпсің
Күнде өртерлік шыжығын.
Баяны жоқ, байлаусыз,
Тілекте жоқ бұзығын.
Сағынсам да үміт бар,
Болушы еді қуаныш.
Қалқамнан қалдым қарс ұрып,

Қайткенде болар жұбаныш?
Алла берген арманға
Аһ ұрсам болмас алданыш.
Сабыр, тағат қылуға,
Қоймады күйік бойыма ес.
Əбіш сынды жарымнан,
Айырылған соң барымнан,
Жалғанда болмас жұбаныш!

НЕМЕРЕ ІНІСІ ӨЛГЕНДЕ АЙТҚАНЫ
Көз жұмғанша дүниеден
Иманын айтып кеткені-ай!
"Бейсенбі ме бүгін?" деп,
Жұмаға қарсы өткені-ай!
Жер күңіреніп, жұрт шулап,
Ағайын түгел жеткені-ай!
Жамиғат тоңбай, күн жылып,
Тəңірім рақым еткені-ай!
Ием қабыл алды-ау деп,
Көңіліме қуат біткені-ай!
Қуаттанып бақсам да,
Күнəлі нəпсім түйтпеді-ай
115
.
Ата тегің мұндағы —
Орта жүздің ұлығы;
Ана тегің ондағы —
Өзен судың тұнығы.
Екі асылдан қосылған
Сом алтынның сынығы.
Өлгенше естен қалмайды
Өзгеше біткен қылығы.
Қызыл балақ қыранның
Балапанын дерт алды.

Жеміс ағаш, бəйтерек
Балдырғанын өрт алды.
Артына белгі тастамай,
Жал-құйрығын келте алды.
Ағайынды тойғызбай,
Аз күн қоймай, ерте алды.
Көп жасамай, көк орған,
Жарасы үлкен жас өлім.
Күн шалған жерді тез орған,
Күншіл дүние қас өлім.
Артына белгі қалдырмай,
Бауыры қатты тас өлім.
Жыламайын десе де,
Шыдарлық па осы өлім?
Орамды тілді ауыздым,
Ақылға жүйрік маңыздым.
Көп жасамай, тез кетіп,
Көзімнің жасын ағыздың.
* * *

МАХАББАТ, ДОСТЫҚ ҚЫЛУҒА
Махаббат, достық қылуға
Кім де болса тең емес.
Қазір дайын тұруға —
Бес күндік ғашық жөн емес.
Сүйіспек көңілім ойлайды,
Жанның бəрі — қатыбас.
Сүйісу тозбай тұрмайды,
Еңбекке аз күн татымас.
* * *
(М. О. Лермонтовтан)

РАХАТ, МЕНІ ТАСТАП, ҚОЙМАДЫҢ
ТЫНЫШ
Рахат, мені тастап, қоймадың тыныш,
Ғашық жар, ағайын, дос — бəрі алдағыш.
Жастық құмар үміттің нұры қайтып,
Күңгірт тартты, бəрінің аяғы реніш.
Ұнатпаймын тағдырды, дүниені,
Жасқантып жалынта алмас о да мені.
Алладан бəрі бір деп тосып тұрмын
Алғалы жақсылықты я өлгелі.
Қара жұрт қарап көріп, сөзге нанбас,
Ант етемін, жалғанын жан таба алмас.
Өзі алданып, өзгеден соққы жеген,
Жəне өзі біреуді алдай алмас.
Соққан дауыл сияқты өмір өтер,
Қайғырмаймын, білемін, көзім жетер.
Кеудемде осы жүрек тұрған шақта
Жақсылық жоқ өзіме мен дəметер.
Ол жүректің жалынын басар бірақ,
Өлсе, көрде бастырған су топырақ.
Өзі сүйіп, өзгеден сүю іздеп,
Таппаған сорлы адамнан сөнер шырақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет