Н.Қ. Жуе пов ф о ж, ош ртан,йырда щ ШрІшиІ ж ар т



Pdf көрінісі
бет29/33
Дата03.03.2017
өлшемі13,43 Mb.
#6391
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

б.].
Сондай-ақ  мүнда  автор  айтыс  жанрына  жататын  жануарлармен 
айтысу  түріне,  одан  әрі  ертегі  жанрына  қатысты  хайуанаттар  туралы 
әңгімелерге  де  тоқталады:  «Шаруасының  негізі мал  багу,  мал  өсіру 
болган, бар  тіршілігі малмен аралас болган... мал багу  шаруашылыгы 
қосымша  кәсібінің  зоры  аңшылық,  аушылық  болып,  аңдармен, 
қустармен  тогайласу  болган.  Билер  табының  устем  санасының 
ықпалындагы  көшпелі  жаратылыстың  турлерін,  қубылыстарын 
жанды 
зат 
деп 
таныган 
жаратылыстың 
барлық 
жан- 
жануарларының сезімдерін,  ақылдарын адамммен бірдей көріп,  өзінің 
араласа  өсіп  баққан  бес  тулік  малы  туралы  және  тагы  дала
313

урднуарлары  туралы  неиле  турлі  әңгімелермен  йірге,  экырлар  да, 
куйлер  де  шыгарган.  Жануарлар  адамша  әңгіме  айта  алады,  куй 
куйлей  алады  деп 
сеніп,  жануарлар  туралы  айтылган  әңгіме- 
жырларымен 
адам  туралы  айтылган  әңгіме-жырларьтың
айырмасы  жоқ  болган.  Жануарлармен  өпең  айтысу-  сол  нанымнан 
әдет  болып  қалган.  Қазақ  атанган  көшпелі  елдің  ауыз  әдебиетінде 
мал  туралы, 
турлі  хайуандар  туралы  ел  аузында  неше  турлі 
әңгімелермен қатар, жырлар да, өлеңдер де бар»,- дейді  [382,  106 б.].
Демек  Сәкен  Сейфуллнн  фольклорды  жанр  жағынан  жіктеуден 
гөрі,  тақырып  үқсастығы  жағынан  топтастырғанға  үқсайды.  Яғни 
түрмыс-салт  жырларына  жататын  жан-жануарлар  туралы  өлең- 
жырды,  айтысқа  кіретін  хайуанаттармен  айтысу  үлгісін,  ертегі 
жанрьгаа  тән  хайуанаттар  туралы  ертегіні- 
бәрінің  жанрлық 
ерекшелігін  ескермей,  тек  тақырып  үқсастығы  бойынша  оларды  бір 
жерде 
топтап 
қарастырғанын  көреміз.  Сонымен  қатар  мүнда: 
«Жалайыр  Қабан  ақын  мен  қоянның  айтысқаны»,  «Иесінің  сиырмен 
айтысқаны»,  «Тарғын  батырдың  жапанда  жалғыз  қысылғанда  боз 
Тарлан 
атына 
айтқаны», 
«Алпамыс 
батырдың 
Байшүбары», 
«Қобыланды  батырдың  Тайбурылы»,  «Көбікті  батырдың  Ақмоншақ 
аты»,  «Квкжендет»,  «Аққу  қүс  туралы»  т.с.с.  мәтіндерден  үзінділер 
берілген.
А йш с жанры  дегенде,  [382,  130-132 б.] Сәкен Сейфуллин:  жігіт 
пен  қыз  айтысы,  жүмбақ  айтысына  т.б.  тоқгалады.  Айтыстың  бізге 
жеткен  ескі үлгілері:  «аужар», «бәдік», «жүмбақ айтысы»  түрлері де 
сөз  болады.  Үлкендер  жиналған  көпшілікті  жиын-тойларда,  ойын- 
күлкілі  мерекелі  орындарда  айтыстар  орындалатынына,  және  онда 
жеңілген  жақ  жеңген  жаққа  жол  беретініне  Сәкен  Сейфуллин  дүрыс 
назар аударған. Ал, жүмбақ айтысы дегенде, автор  жастар бас қосқан 
жердегі  көбірек  айтылатын  ойын-күлкі  сөзі  -  жүмбак  айтысу 
екендігін;  жүмбақ  айтысу  хат,  жазу  білмеген  көшпелі  елдің 
жастарының,  балаларының  жас  басынан  өз  әлінше  зейіндерін 
тапқыпггыққа үйретіп, тәрбиелейтін, тілін үштайтын, сөзді үйлестіріп, 
үйқастырып  айтуға жаттықтыратын  сабақ тәрізді  екендігін паш етеді. 
Мәселен,  айтыс  турасында  Сәкен  Сейфуллин  былай  дейді:  «Қазақ 
болган 
туркі-монгол  руларының 
ескіден  келе  жатқан  ауыз 
әдебиетінің  бір  саласы-  айтыс  сөздер.  Ел  әдебиетіндегі  кезектесіп, 
екі  жақ  болып  айтысқан  сөздің  бізге  жеткенінің  ескісі-  «ау-жар», 
«бәдік»,  «жумбақ  айтысу»  [382,130  б.].  Міне,  мүндағы  Сәкен 
Сейфуллиннің 
айтысты 
осылай 
жіктеуі 
қазақ 
фольклортану 
ғылымында  қүптарлық  іс  болып  табылады.  Ал,  жүмбақ  айтысында 
автор  оның  мынадай  ерекшеліктеріне  көңіл  бөледі:  «Мал  баққан
314

көіипелі  елдің  жумбац  айтысу  білмейтін  жасы  болмаган.  Сөзді 
үйлестіріп,  үйқастырып,  айтуда  төселген  жастар  жумбақты 
ойынан 
іиыгаратын 
болган.... 
жогарыда 
айтылган 
белгілі 
турмысында,  қиялында  бар  нәрсенің  бәрін-ақ  өзінше  шеберлеп 
жумбақ  қылган.  Жумбақты,  көбінесе 
өлшенген,  уйқастырылган, 
тақпақты  сөзбен  айтып  шыгаратын  болган.  Және  қара  өлеңнің 
өлшемімен  уйқастырылуымен  де  шыгаратын  болган»,-  дейді  [382, 
131  б.].
Одан әрі кітапта жұмбақ жанры беріледі де, онда  [382,  132-133 б.] 
20 жүмбақ үлгісі жауабымен қоса алынған. Жаңылтпаш дегенде автор: 
жастардың,  бала-шағаның 
жиналып  ойын-күлкі  дүкенін  қүрған 
орында  тілді  үстарту,  ойнақы,  кырлы  сөздерді  қақпақылша  атқылап, 
билеп, 
еркін  сөйлеуге 
төселулері  үшін,  өз  өлінше  әдемі  сабақ, 
тәжірибе  қызметін  атқаратын  ойьга  түрінде  жүретінін  қарастырған 
[382,  133 б.].
Ал, 
кітап  сонында  С.Сейфуллнн  «Билер  сөздеріне»,  яғни 
шешендік  сөздерге  тоқталады  [382,  137-153  б.].  Мүнда:  хандар, 
батырлар,  билер,  байлар  табынан  және  олардын  ықпалындағы  елдің 
жаугершілік кезінде жастарға соларды үлгі қылатыны, ру болып басқа 
елмен  жауласқанда,  соғыс  майданында  жауды  мүқататын-  батыр 
болғанын  тілеп,  жайшылықта  үлгі  кылатыны  сөз  болады.  Сондай-ақ 
басқа  елмен  сөз  сайысы  жүргенде,  тіл  майданында  бөтенге  есе 
жібермеген  шешен  би  болатьгаы;  ондай  билер, 
шешендер, 
және 
топта  жыр  жырлап,  жүртты  аузына  қаратқан  сыншы,  болжаушы, 
шежіре жыраулар т.с.с.  ел арасында қасиетгі, өнерлі  деп  саналатыны 
Сәкен  Сейфуллин тарапынан жан-жақты қарастырылады.  Сондай-ақ 
Арғын  руьгаан,  Қуандық:  Алтай-  Байдалы  би,  Қыганақ  руынан 
Айтқожа  шешен,  Арғын:  Алшынбай  би,  Арғын:  Айдабол-  Торайғыр 
би,  Жалайыр  руынан-  Бөлгірік  би,  Үйсін:  Төле  би,  Жарылғасын 
шешен,  Қаратоқал,  Беріш:  Есет би,  Жағалбайлы  руынан  батыр  Боран 
би,  Орманбет  би,  Шекті  Мөңке  би  т.с.с.  айтты  деген  сөздердің 
мәтіндерінен үзінділер келтірілген.
Бүл  билер  сөзі:  ру  атьгаан  айтылатын,  заңның  төрелігін  іздеп, 
заңға  жүгінетін, 
тіл  күшімен  теңескенде  заң  ережелерін  жүртқа 
жүйелі  кылып  жақсылап  айта  білетін  шешен  билер  болатын.  Түрмыс 
тәжірибесінен  екшеліп,  ереже,  заң  болып  шыққан  қорытындыларды 
билер айырым-айырым қылып,  жинақтап  көркем сөзбен жатқа жеңіл, 
айтуға  онай,  ыңғайлы  қылып,  үйқастырып,  үйлестіріп  шығарады. 
Демек  бүлардың  тура  үлгі-насихат,  өнеге  үшін  колданылатынын т.б. 
Сәкен Сейфуллин жан-жақты дүрыс  сараптаған.
315

С.Сейфуллиннің  жан-жакты  карастырған  фольклор  жанры-  ол 
эпос: 
Ертедегі  батырлар  жырлары  мен  сол  замандагы  үстем 
тагітың  салт-сйнасы  бойыниіа  әйел-еркек  байланысын,  көиіпелі 
түрмысты  толыгырақ  суреттейтін  жырлы  әңгімелер  кірді»,- 
делінген  [382, 41  б.].  Мұндағы  С.  Сейфуллиннің «жырлы  әңгімелер» 
дегені  («Қозы  Көрпеш-Баян»,  «Қыз  Жібек»)  қазақтың  лиро-эпостык 
жырларын,  яғни  ғашықтық  эпосты  сөз  етіп  отырғаны  белгілі.  Ал, 
батырлар  жьфы  қатарында:  «Едіге  батыр»,  «Алпамыс»,  «Шора 
батыр»,  «Қамбар  батыр»,  «Қобыланды  батыр»,  «Ер  Тарғын»,  «Ер 
Сайын» т.б.  үлгілері қарастырылған. Сәкен  Сейфуллин ел  аузындағы 
эпос  үлгілерінің көп  екендігіне  назар аударып, олардың біразы  баспа 
бетінде кітап болып шықты деуі- автордын бүл салада  көп ізденгенін 
танытады.  Ал,  кітапта 
«Қозы  Көрпеш-  Баян»  жыры  түсында
В.В.Радлов,  М.Ж.Көпеев,  «Қамбар  батыр»  жыры  тұсында  Ә.Диваев 
есімдерін  атауы-  С.  Сейфуллиннің  үлгіні  қайдан  алғанын  көрсетуді 
мақсат  еткенін  дәлелдейді.  Демек  мүндай  ғылыми  шарттьщ 
орындалуы Сәкен Сейфуллин еңбегінің ұтьшды жағы болады.
Батырлар  жырьін  ұлы  батыр әңгімесі мен кіші  батырлар әңгімесі 
деп  екі  бөліп  қарастырған:  «...  Бүйтіп,  батырлар  әңгімелерін  екіге 
жіктеуді қазақ әдебиетшілері орыс әдебиетшілерінең  көрісіп айтып 
жүрген  сияқты...  Өйткені:  орыстың  ел  әдебиетіндегі  батырлар- 
әңгімесін,- 
«Үлы 
батырлар», 
«Кіші 
батырлар» 
деп, 
екіге 
жіктейтін»,-  деген  пікірден  [382,  180 6.],  біріншіден,  фольклордың, 
көбінесе  әдебиетшілер  тарапынан  қарастырылғанын;  екіншіден, 
фольклорды  зерттеу  жүмыстары  орыс  ғалымдары  еңбектеріне  т.б. 
жалтақтау  нәтижесінде. іске  асқандығын  танытады.  Сондай-ак  сол 
кездегі батырлар жырын  Сәкен  батырлар әңгімесі деп қабылдағанын 
көрсетеді.  Ал,  батырлар  жырын  дәл  бүлай  екіге  бөлу  үлгісі  кезінде 
алғаш  рет  М.Әуезовтің  «Әдебиет  тарихы»  кітабында  (1928)  іске 
асқаны  белгілі.  (Алматы:Ана  тілі.  1991.-Б.57).  Демек  XX  ғасырдьщ 
алғашқы  жартысындағы  фольклорды  әрі  жинауда,  әрі  жариялауда, 
әсіресе  зерттеу  барысында  туындаған  артықшылық  пен  кемшілік 
атаулылар  тек  бір  ғана  қазақ  фольклортану  ғылымына  тән  болып 
қана  қоймай,  сондай-ақ  Кеңестік  жүйедегі  басқа  да  елдердің 
ғылымында  қайталанатынын  да  т.б.  ескерген  жөн.  Жалпы  Мәскеу 
ғалымдарының фольқлортану  ғылымында жеткен  жетістіктерінің,  сөз 
жоқ,  жаңа  ғана  қалыптасып  келе  жатқан  қазақ  фолыслортану 
ғылымына  игі  ықпалы  ерекше  десек  те,  ал  кейбір  жіберген 
кемшіліктерінің кері әсері  болғандығы да сөзсіз.
Сәкен  Сейфуллин  эңостык  жырларды  қарастырғанда,  олардың 
бойьшан  тарих  іздерін  іздейді.  Мәселен:  «Ел  аузында  жыр  болган,
316

ертедегі батырлардыц рулары  айтылгандарыныц көбі  қазіргі қазақ 
атанып  отырган  елдің  белгілі  негізгі руларынан  шыққан.  Мысалы: 
белгілі  Қобыланды  батыр-  қазіргі  қазақ  атанып  отырган  ~ елдің  ірі 
руының  бірі-  Қыпшақ  руынан  шыққан.  Атақпгы 
ІҺора  батыр 
Нәрікулы-  қазақтың  белгілі  Тама  руынан  шыққан.  Ер  Көкше,  Ер 
Қосай-қазақ болган елдің  белгілі  Уақ деген руынан  шыққан.  Атақты 
Едіге  батыр  мен  Алпамыс  батыр-  қазақ  атанган  елдің  белгілі 
Қоңырат  руынан  шыққан.  Міне,  өзі  Ногайлы  болып  жургендегі 
Ногайлының  батырлар жырына  қазақ  та  ортақ...  Оның  устіне  сол 
ертедегі жыр  болган  батырлардың бірсыпырасы  қазір қазақ  болган 
рулардан шыққан болгандықтан да,  оларды қазақ  біздікі дей алады»,- 
дейді  [382,155  б.].  Ендеше  фольклорлық  бейнелерге  тарихи  прототип 
іздеу  арқылы,  олардың  қазак  еліне  де 
ортақ  екенін  дөлелдеуге 
тырысуы- Сәкен Сейфуллин зерттеушілігінің  бір қыры ғана.  Жөне де 
сол  кездегі  эпостық  жырларды  зерттеушілерге  де  ортақ  ерекшелік 
болды.
Одан  әрі  «Едіге  батыр»,  «Қобыланды  батыр»,  «Ер  Тарғын»,  «Ер 
Сайын»,  «Нәрікұлы  Шора»,  «Қамбар  батыр»,  «Алпамыс  батыр»  т.б. 
жырларының қысқаша мазмүны мен сипаттамасы берілген.
«Едіге батыр» нұсқасы дегенде, Сәкен Сейфуллин оның  басқа да 
түркі  тілдес  елдердің  халық  ауыз  әдебиетінде  кездесетінін;  қазак 
үлгісінін  баскаларға  қарағанда  неғұрлым  көлемдірек,  толығырақ 
екенін ескертеді. Сондай-ақ жырда кездесетін бейнелер топтамасы сөз 
болғанда да т.б. -  оның бәрі де тап мүддесі түрғысынан сипатталады.
Сонымен  катар  Сәкен  Сейфуллин  жырдың  екі  нұсқасы  бар  дей 
отырып,  бірі-  Ә.Диваевтікі,  екіншісі-  Қаныштікі  десе,  олардын ішінен 
осы  Қаньпп  нұсқасы  ең  толығы  дейді.  Одан  әрі  Сәкен  Сейфуллин 
батырлар  жыры  туралы  былай  дейді:  «Әңгіме  негурлым  ескі-шикі 
надан  заманда шыққан болса- согурлым оның шындыққа уйлеспейтін 
жайттары  көп  болады  деген...»,-  дейді  [382,  183  б.].  Демек  Сәкен 
Сейфуллин  сол  заманда  батырлар  жырын  әңгіме  үғымында 
қабылдаған, және  ондағы тарихи шындық пен  көркем  киялдын  шығу 
себептерін дұрыс анықтаған.
Сәкен  Сейфуллинді  жырдың  көркемдік  жағы  да  қызықтырған 
тәрізді:  «Сөйткенмен  әңгіменің 
тілі  бай.  Сөз  жуйелері  әдемі 
қурылган.  Жырлары...  тізбектелген, 
жугірген,  екпінді  жыр 
өлшемімен  қурылган. 
Жырын  оқыганда-  қиялына  ескіліктегі 
шабыншылық-жаугершілік  дәуірлердің  шабысқан  екпінді  сейілгендей 
болып  отырады. 
Бул  батырлар  жырларының  жалпы  сарын 
куйі...Жырларының  ішінде  әдемі-сулу қурылгаң  суретті  кезектері  де
317

бар»,-  дейді  [382,  186  б.].  Бүл  ғалымның  фольклорды  сөз  өнері  деп 
бағалағанын көрсетеді.
«Қобыланды  батыр»  жырын 
талдау  барысында  да,  Сәкен 
Сейфуллин  онын  тарихта  болған  адам  екенін  дәлелдеуге  тырысады: 
«Қобыланды  батыр- 
тарихта  болган  адам.  Орынбор  архив 
комиссиясының  маглуматы  бойынша-  Елек  қорганнан  Ойылга  қарай 
журетін қара жолдың устінде «Қобыланды» деген бекет бар.  Соның 
жанында  «Қобыландының  бекеті»  деген  бейіт  бар  дейді,-  деген  ой- 
пікірін келтіреді [382,  189 б.].
Міне,  осы  түрғыда  әдеби  талдаулар:  «Ер  Тарғын»,  «Ер  Сайын», 
«Нәрікүлы  Шора»,  «Қамбар  батыр»,  «Алпамыс  батыр»,  «Ер  Көкше», 
«Ер  Қосай»  жырлары  турасында  да  жасалған.  Одан  әрі  Сәкен 
Сейфуллин  осы  жырлар  бойында  кездесетін  ортақ  ерекшеліктерді 
тізбектейді, яғни оған бүлардың бәрінде дерлік Орманбет, Бабай түкті 
шашты  Әзіз,  Қаньпсей  мен  Тынікей,  Қараман  тәрізді  есімдер 
кездесетіні  айтылса,  сондай-ақ батырлар астындағы  аттың,  көбінесе 
қара қасқа  болатыны да  т.с.с. көрсетілген.
Еңбекте одан әрі «Қозы Көрпеш-Баян» мен «Қыз Жібек» жырлары 
арнайы 
сөз  болады.  Тек  бүл  лиро-  эпикалық,  яғни  ғашьпстық 
жырларды  ғалым  «жырлы  әңгіме»  үғымында  талдайды.  Алдымен 
жырлардың қысқаша мазмүны берілген де, ізінше  мәтініннің таптык 
түрғыда  талдауы жүзеге асып отырған [382, 220-234 б.].
Мүнда  Сәкен  Сейфуллин  «Қозы  Көрпеш-Баяю>  жырының  қазақ 
атаулы  елден  басқа  да  түрік  елдерінің  ел  әдебиетіңде  кездесетінін 
ескертеді.  Бүл  нүсқа  ерекшелігі  басқа  елдің  үлгілерінен  көлемінің 
толықтығы  мен 
өлеңмен  айтылатындығында  деп  көрсетілген. 
Сондай-ақ  автор  мәтіндегі  өлең  жолдарындағы  сөз  қүрылымы,  сөз 
тізімі,  сарыны  т.б.-  бәрі  үлгінің  ескі 
заманнан  келе  жатканын 
дәлелдейтінін  дүрыс  анықтаған.  Міне,  осындай  ғашықтық  жырларға 
ғалым мынадай анықтама береді:  «Көбінесе батырлықты суреттеген 
батырлар  әңгімелеріндей  емес.  Мундай  әңгімелер 
сол  замандагы 
әйел-еркек,  қыз  бен  жігіт  араларында  көбірек  айтылган.  Қыз  бен 
жігіттің  біріи-бірі  іздеп  тауып, 
бір-біріне  ынтық  болып,  талай 
бөгеттерден,  талай  қиындықпен  өтіп,  қосылып,  айырылып,  және 
қосылып  жургендеріндегі  уақигалар,  және  сол  замандагы  журтты 
қызықтьірган  байлар  турмысын  суреттеген  әңгімелер»,-  дейді  [382, 
224 б.].
Демек  Сәкен  Сейфуллин  батырлар  жыры  мен  ғашықтық 
жырларды  өзара  салыстыра  отырып, 
олардың  басты  ерекшелігі- 
тақырыбында, 
яғни  бірінде  батырлар  жырында-  ел  қорғау,  жер 
қорғау, батырлықты дәріптеу болса,  ал ғашықгық жырларда- қыз бен
318

жігіт  арасында туындаған махаббат мәселесі екенін  дұрыс анықтауы, 
сөз  жоқ,  сол  түстағы  қазақ  фольклортану  ғылымының  жеткен 
жетістігі болады.
Сондай-ақ «Қыз Жібек» жыры да осы  үлгіде талданады:  «Хандар, 
билер,  байлар,  батырлар  үстемдігі  журген  заманда,  жаугершілік, 

жауынгершілік,  шабыншылық  кездерінде-  турмыстың  алдыңгы 
қатарында,  темір  қурсанып  ақ  алмасын  ысқыртқан  батырлар 
шықса,-  шабыншылықтан  саябырлау кездерде  ел  арасында  қыз  іздеп 
журіп,  қылышын  қарқылдатқан  бай  балалары  турмыстың  алдыңгы 
қатарында  көрінген»,-  дейді  [382,  231  б.].  Міне,  осы  арқылы  Сәкен 
Сейфуллин  ел  арасында  әрі  батырлық  жырлардың,  әрі  ғашықтық 

жырлардың шығу себептерін дүрыс ажыратқан.

Сөз  соңында,  белгілі  ақын,  жазушы,  әрі  фольклортанушы  ғалым
С.Сейфуллиннің  «Қазақ  әдебиеті»  атты  кітабының  (1932  ж.)  қазақ 
фолыслоргану  ғылымының  біртүгас  жүйеге  келтірілмеген  заманында 
алғашкылардың  бірі  болып  фольклор  женіндегі  күрделі  ізденістерді 
әрі  тарихи,  әрі  әдеби  жағынан  карастырьш,  бір  жүйеге  келтіруге 
тырысқан  еңбектердің бірі  екендігі  күмәнсыз.  Ендеше XX ғасырдың 
отызыншы  жылдардағы 
қазақ  фольклортану  ғылымының  негізін 
камтуда С.Сейфуллин еңбегінің өзіндік орны елеулі екені даусыз.
Қорыта  келгенде,  XX  ғасырдың  бірінші  жартысында  қазақ 
фольклорын 
іштей 
сала-салаға 
бөле 
отырып, 
жанрлық 
ерекшеліктеріне  карай  түңғыш  зерттеу  істері  осы  М.Әуезов, 
Х.Досмүхамедүлы, 
С.Сейфуллиндер 
тарапынан 
жазылған 
монографиялық  еңбектерде  (Әдебиет  тарихы.  1927;  Қазақ  халық 
әдебиеті.  1928;  Қазақ  өдебиеті.  1932)  алғаш  сөз  болады.  Бүл 
еңбектерде  халық  ауыз  әдебиетін  жанрға  бөлу  жөніндегі  мәселені 
алғаш рет қазақ халқының тарихымен  байланыстырды.  Сондай-ақ сол 
түста  балаларға 
арналып  жазылған  окулыктардың  жетіспеуі  де 
аталған кітаптардың мақсат-бағдарын айқындап бергені анык.
Аталған  зерттеулерде  алғаш  рет  қазак  фолъклорының  жанрлык 
түрлері  толыктай  ажыратыльга,  олардың  әркайсысына  анықтамалар, 
сипаттамалар берілді, шамасынша өзіндік ерекшеліктері де сөз болды.

Бүларда  берілген  фольклорлық  мөтіндер,  негізінен,  әдебиеттану 
ғылымы талабы бойынша қарастырылды.  Тадцау барысында мәтіннің 

мазмүнына,  кейіпкерлеріне,  оқиғасына,  көркемдік  ерекшеліктеріне 
назар  аударылды.  Әсіресе,  эпостык  жырлар  сөз  болганда,  көбінесе 
олардын бойынан жер-су,  қала аттарын, тарихи  кейіпкерлерді, тарихи 
окиғалардың  іздерін  жалпы тарихтан  іздестіру  басым  болды.  Демек 
бүл  еңбектерде  орыс  тарихи  мсктебінің  әссрі  басым  болғаны 
анықталады.  Ал,  бүлай 
фольклордан  тарихи  оқиғаның  ізін  іздеу
319

дұрыс  еместігі,  тек  оның  іздері  тарихи  жырда  ғана  сакталатыны 
кейінгі зерттеулерде ғана  айкындалатыны белгілі.
Сондай-ақ бұл еңбектерде  қазақ фольклортану ғылымы  алдында 
тұрған  басты  мақсат  пен  міндеттері  айқындалып  беріледі.  Сонымен 
қатар  фольклор  ұлгілерінің  өмір  сүру  жағдайына  да  мән  беріліп, 
оларды орындаушыларға да тұңғыш  рет арнайы тоқталады. Дегенмен 
XX ғасырдың  30-шы жылдарындағы еңбектерде  фольклорды  таптьнс 
тұрғыда  қарастыру  да  белең  алғандығы  белгілі.  Жалпы  бұл 
монографиялық  еңбектерде  фольклорды  қазақ  әдебиетінің  бір 
ажырамас  бөлімі  ретінде  қарастыру  басым  болды,  фольклорды, 
көбінесе сөз өнері деп бағалады.
3.3.3  ¥ж ы мдық ецбектер
XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ фольклортану ғылымы 
дегенде,  1948  жылы  Алматыда  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясы 
баспаханасында жарық көрген Тіл және әдебиет институты  даярлаған 
«Қазақ әдебиетінің  тарихы» 
(1  том,  Фольклор)  атты  үжымдық 
еңбекке [383] алдымен назар аудартқымыз келеді.
«Қазақ әдебиеті тарихының» бірінші томы отызыншы-қыркыншы 
жылдарда  халық  ауыз  әдебиетін  жинау,  зерттеу  саласында  істелген 
жұмыстардың  қорытындысы  есепті  болды.  Бұл  еңбек  осыған  дейін 
жазылған  жеке  зерттеулерді  жинақтай  отырып,  хаішқ  ауыз 
әдебиетінің  көптеген  мәселелерін  кәтеріп,  тың  пікірлер  айтты. 
Мәселен,  бұл  кітаггга  жаңадан  историографиялық  бөлім  жазылды. 
Көптеген  тарауларға  библиографиялық  кәрсеткіштер  берілді.  Онда 
маңызды  деген  қолжазбалар,  зерттеу  еңбектер  пайдаланылды.  Атап 
айтқанда,  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясы  Тіл  мен  әдебиет 
институтының қолжазба фондысы барынша  қамтылды.
Авторлар  коллективі  бұрын  жазылған  зерттеу  еңбектердің  кем- 
кетігін  еркін  түрде  еске  алып,  белгілі  бір  жырдың 
нүсқаларына 
сипаттама  беріп 
(батырлар  жыры,  тұрмыс-салт  жырлары
жайындағы  тараулар),  халық  ауыз  әдебиетінің  әрбір  жанрындағы 
шығармалардың  тақырыбын,  кейіпкерлер  тобын  белгілеп,  басты- 
басты образдарына талдау жасаған.  Кітаптағы түрмыс-салт жырлары, 
ертегілер, 
айтыс 
(М.Әуезов, 
Ә.Қоңыратбаев) 
жүмбақтар 
(Ә.Марғұлан),  кеңес  фольклоры 
(Е.Ысмайылов)  атты  тараулар 
жаңадан зерттеу нәтижелері еді.  Ал, шешендік сөздер (Ә.  Мәметова) 
мен  қазақтың  халық  ауыз  әдебиетіне  қысқаша  историографиялық 
шолу деген бөлімдер  жаңадан жазылды.
320

Жалпы  көлемі  400  бегген  түратын  қазақ  фольклоры  женіндегі 
ғылыми  еңбек  іштей  8  жанрға  бөлініп  жіктелгең.  Түрмыс-садг 
өлеңдерін,  Абылай,  Сырым  туралы  тарихи  жырларды  бвлгілі  ғалым 
Б.Кенжебаев  әзірлесе;  ертегілерді,  «Қозы  Көрпеш-  Баян  сүлу»,  «Қыз 
Жібек»  жырларын,  айтысты  және  осы  томның  жалпы  редакциясын 

басқарған  Қазақ  ССР  Ғылым  Академиясының  толық  мүшесі 
М.Әуезов  жазған.  Сонымен  қатар:  батырлар  жырын  белгілі  ғалым 
Қ.Жүмалиев 
жазса; 
«Айман-Шолпан», 
«Наурызбай-Қаншайым» 
жырларын  белгілі  ғалым 
Ә.Қоңыратбаев  талдаған.  Шешендік 
сөздерді- 
Ә.  Мәметова;  мақал-мәтелдерді  де-  Б.Шалабаев;
жүмбақты-  белгілі  ғалым  Ә.Марғүлан;  өтірік  өлеңдерді-  Б.  Шалабаев 
карастырған.  Кенесары, Наурызбайды және қазақ совет фольклорын- 
белгілі  зерттеуші  Е.Смаилов,  Жанқожа,  Бекет,  Досан  туралы-  ғалым 
Б.Шалабаев жазғаны белгілі.
Сөз  басына  келегін  болсақ  [383,  5-13  б.]  мүнда  қазак  халкының 
мәдениет тарихында  әдебиеттану  ғылымының  тарихы  қысқа екендігі 
ескеріле отырып, белгілі жетістіктер Қазан төңкерісінің жемісі регінде 
қарастырылған.  Ал,  Қазан  төңкерісіне  дейін  мардымды  зерттеу 
мүраларының  болмаған  деуі  т.б.  — бәрі  белгілі  бір  кезевдегі  ғылым 
өрісін  танытарлық  шектеу белгісі  екені  даусыз. 
Демек  бүл  кезде 
қазақ  фолыслорьга 
зерттеушілер 
халықтық 
мүраны, 
көбінесе 
әдебиеттану ғылымы талабы бойынша қарастырған.
Кіріспеде  Б.Кенжебаевтың  фольклор тураЛы  ой-пікірлер берілген: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет