Н.Қ. Жуе пов ф о ж, ош ртан,йырда щ ШрІшиІ ж ар т


«Турмысы  көшпелі,  сауатсыз



Pdf көрінісі
бет27/33
Дата03.03.2017
өлшемі13,43 Mb.
#6391
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33
«Турмысы  көшпелі,  сауатсыз 
қазақ  ауылында 
батырлар  жырын  негізінде  сақтаушы  жыршылар  мен 
адамдар
282

болган.  Ақын,  жыршьілар  өздерінен  бурынгы  ақын,  жыршылар 
айтатын  батырлар  жырын  жаттап  алган.  Осы  жаттауларды 
жаңадан  жаттаган  ақын, 
заманының 
тілегіне  қарай 
өзінше 
редакция жасап отырган.  Кейбір поэмалар ауыздан-ауызга көшкенде 
қысқарып,  өзгеріп,  кей  жерлері  умытылып  кеткен.  Мысалга,  «Едіге 
батыр» жырын  алсақ,  ондагы  толық айтылатын  оқигалар:  Едігенің 
балалық  куні; 
өкпелеп  Сәтемірге  кеткен  Едігені  Тоқтамыстың 
тогыз  батырга  қугызатын  жері;  өзге  оқигалар,  әсіресе  Едігенің 
Сәтемірдің  қызын  дәуден  айырып  алатын  жері,  Тоқтамысты 
хандықтан  тусіретін  жері,  Нуралдының  Тоқтамысты  өлтіретін 
жері,  тагы  сондай  жерлері  өте  қысқа  айтылган:  поэманың  бул 
аралары да  бір кезде болган  ізі поэмадан көрініп турады»,- деуінен 
[373,  10  б.]  «сауатсыз»  деген  үғымнын  1917  жылғы  Қазан  төңкерісі 
негізінде 
үкімет 
басына 
келген 
Кеңес 
үкіметі 
түсьгадағы 
ғалымдардың,  көбінесе  орыс  елі  зиялылары  түсінігімен  басқа  үсақ 
үлттар өкілдеріне үстанған көзқарасынан туғаны анық. Ондағы мақсат 
шынайы  ғылым,  білім  мен  сауатгылықты  ел  арасына  Кеңес  үкіметі 
әкелді  деген 
сыңаржақ  пікірді  халық  жадында  орнықтыру  үшің 
аткарылған  іс-шаралардың бірі  ғана  екені  тарихтан мәлім.  Мүндағы 
ғалымның  негізгі  ойы- 
фолъклорлық  процесті  көрсету:  фольклор 
үлгілерін бүрынғы жыршылар айтуынан естіп, жаттап, кейінгі үрпакқа 
жеткізуші  акын,  жыршылар  т.б.  өздерінің  таным-қабілетгеріне  қарай 
бір  нүсқаның  бірнеше  түрлерін  тудыратыны  ескерілген.  Ал,  бүл 
фольклорлық үлгінің ел  арасында  негізгі  өмір сүру формасының бірі 
екендігі  де  бізге  мәлім.  Демек  С.Мүқановтың  бүларға  ерекше  көңіл 
бөлуі  т.с.с.-бәрі  де  фольклордың  жазба  әдебиеттен  өзіндік  басты 
ерекшеліктерінің  бірі-  варианттық  мәселесін,  екіншісі-  оның  ауызекі 
өмір  сүру  ерекшелігін,  яғни 
мөтіннің  қысқару,  өзгеру,  үмытылу, 
кайта  түрлену,  даму  кезеңдерін 
т.с.с.  қамтитын  ауызекі  даму 
ерекшелігі  мөселесін  алғаш  көтергендердің  бірі  екендігін  атап  айту 
жөн демекпіз.
Одан 
әрі 
С.Мүқанов 
батырлар 
жырларына 
тән 
ортак 
ерекшеліктерге  де  тоқталады.  Бірінші  ерекшелік,  бүл  батырлардын 
көшпілігі  әке-шешесі  қартайған кезде, балаға зарыққан кезде дүниеге 
келегіні;  жырда  кездесетін  «Қайып-ирен,  қырық  шілтен,  Баба  түкгі 
шапггы  Әзиз,  Хазірет,  Қыдыр,  Ілияс  т.б.»  сықылды  өулиелердің 
балаға зарыққандарға дүғасы  тиіп,  есіркеуі,  гілегі  кабыл  болуы  т.б.  — 
бәрі  Ісләм  дінінің  әсерінен  туындаған  деген  пікір  айтады.  Екінші 
ерекшелік  ретінде,  батырлардың  көпшілігі  бала  кезінен  ақылды, 
қайратты,  өжет  т.с.с.  боп  келегіні  ескертіледі.  Үшінші  ерекшелік- 
батырлардын  көбінің сенімді екі серігі болатынына назар аударылған.
283

Бірі  -сүйген  әйелі  болса,  екіншісі- 
астындағы  сенімді  тұлпары 
екендігі  аталады.  Ал,  төртінші  ерекшелікке,  батырлар  жырының, 
көбінесе  оқиға  сюжеті  бірыңғай  болатынына  да  зерттеуші  көціл 
бөледі.  Батыр  жауға  аттанғанда,  артында  қалған  үй  ішінің  басына 
ауыр  қайғы  туатыны;  сыртқы  жауын  жеңіп  келген  батыр  нақ  киын 
жағдай үстінде үй ішін, әсіресе сүйген жарын қүтқарып, жыр соцында 
іппсі,  сырткы жауынан  үстем боп мүратына  жететіні т.б. сөз болады.
Батырлар  жырының, 
көбінесе  батыр  мен 
оның  астындағы 
атының  қайраты,  ерекше  күпггілігі,  тіпті  аттың  адамға  тіп  қатуы, 
ақылдылығы  т.с.с,-  бәрі  де  әсерленіп,  дәріптелініп,  күшейтіліп 
берілетіндігі айтылады
Ал,  ғалымның: 
«Іслам  дінінің  әдебиеті  сықылды  халық 
сүймейтін,  халықтың  турмыс  шындыгынан  шықпаган 
жолдан 
қосылган  жолбикелердің  талайын  халық  умытып  кетті»,-  деген 
[373,  13  б.]  пікірінен,  сол  кездегі  Кеңес  үкіметі  түсында  дінді 
қоғамнан  аластату  іс-шараларының  белең  алғанын,  әрі  дінге  қарсы 
«әділетсіз» науқанның етек алуымен  түсіндіруге болады.
Ғалым  батырлар  жырында  сол  кездегі  «социализм»  қоғамында 
отырған  қазақ  халқының  сана  сезіміне  түгел  үйлесе  бермейтінін; 
батырлар  жырында  социализм  қоғамының 
тілегіне,  принципіне 
қайшы  келетін,  үлт  пен  үлтгың,  халық  пен  халықтың  араздығын 
тудыратын  сәттер  барлығын;  қанаушы  тап  үстем  заманда,  үлт  пен 
үлттың, халық пен халықтың арасындағы араздықтың күшті болғанын 
сөз  етеді.  Және де «Қазан төңкерісінен»  бүрынғы  ескі  қоғамда қазақ 
елінің  көбірек  соқтыққан,  көп  жауласқан  елдері  монғол  түқымдас 
елдері  мен  Ресей  екендігіне  де  т.с.с.  назар  аударумен  қатар  ғалым 
С.Мүқанов:  «...  Осындай әрі Россия феодализмінен,  әрі өз байларынан 
екі  жақтан  қысым  көрген  қазақ  елі  әлденеше  рет  бас  көтеріп, 
Россиямен  жауласты.  Міне,  осы  жаугершілік  заманда,  жауласқан 
елдерін  жаман  ел  қып  көрсету  ол  заманның  саяси  сана-сезіміне 
үйлес  жагдайлар  еді.  Сондықтан  батырлар  жырында:  «Кәпір 
жаман, қалмақ жаман» деген пікір басым айтылады...
Батырлар  жырында  жауласқан  қарсы  жақтың  елі  де,  батыры 
да  осал,  мінездері  бүзық  боп  сипатталады.  Бүл  әрине,  жогарыда 
айтқандай, 
ескі  антагонистік  қогамның  сана-сезімінен  шыққан, 
түрмыс  шындыгына  жатпайтын  жагдай.  Батырлар  жырындагы 
жаңа  бір  ескеретін  жагдай,  қай  елді  алсаң  да  тапсглз,  түтас  ел 
сықылданады.  Расында  олай  емес.  Мәдениеттің  қандай  төмен 
сатысында 
түрса  да, 
қогамдық  өмір  сүрген  елде  қанаушы, 
қаналатын-  екі  тап  болады.  Мәселен,  аргы  кәрі  заманда  қүл  мен 
қожа,  одан  бері  капиталистер мен  жүмысшылар,  ауыл  шаруасының
284

жагдайында кулактар мен батрактар  тагы сондайлар.  Ел мен елдің 
өзара  тартысуын былай қойганда, адам баласының барлық дәуірінде 
де  бір  елдің  ішіндегі  қанаушы  мен  қаналушы  таптарының  арасы 
қайшыланып  келген,  кейде  бул 
қайшылық  уласқан  куреске 
де 
айналган.
Қазақ 
елінің 
батырлар 
жырында 
ел 
арасындагы 
бул 
қайшылықтардың  ушқыны  көрінеді.  Мәселен:  «Сайын  батырда» 
тоқсан қул  Сайынның  әкесі Бозмунайга  қорлық көрсетеді,  «Алпамыс 
батырда»  Үлтан қул Алпамыстың әулетіне зорлық істейді,  «Қамбар 
батырда» Қамбар  тоқсан уйлі тобырдың жоқшысы болып  көрінеді. 
Бу  да,  әрине  тап  қайшылыгының  белгілері.  Бірақ,  бул  белгі  поэмада 
өте  әлсіз,  шын  турмыстагы  тап  тартысынан  анагурлым  устірт, 
жеңіл  айтылган»,-  деуінен  [373,  14  б.],  біз  XX  ғасырдын  бірінші 
жартысындағы  Кеңес  үкіметі  заманында  халықтық  шығармалар 
болып  табылатын  эпостық  жырлардың  өзіне  де  «тап  тартысы» 
идеологиясы  түрғысынан  қараудың,  сол  кездегі  ғылым,  өдебиет  пен 
мәдениетгің  қалыптасуына  зиянды  ьгқпалын  тигізгенін  аныктаймыз. 
Демек  бүл  кезде  тарихи  күндылыктарға  шынайы  объективті  баға 
берілудің 
орнына, 
керісінше, 
идеологиялық, 
субъективтік 
көзқарастардың  әсерінен,  Мәскеудегі  орыс  ғалымдарына  жалтақтай 
караудың,  тарихи  шындықтың  не  бүрмалануына,  не  өзгеруіне  т.с.с. 
негіз каланғанын көреміз.
Ғалым 
фольклордын 
келесі 
жанры 
ретінде 
«әдет-ғүрып 
поэмаларыньщ»  өзіндік  ерекшелігіне  тоқталады.  Яғни  бүл  ғашықтық 
жырларда адамнын өлеуметгік өмірінен гөрі  жеке өмірінің оқиғалары 
көбірек  болатынына  көңіл  бөлумен  катар,  әрі  мазмүны  жағынан,  өрі 
композициясы,  әрі  сюжет  жағынан  батырлар  жырымен  арадағы 
жалпылық,  үқсастық  жерлері  де  көп  болатьгаы  сөз болады.  Дегенмен 
батьфлар жырьгаа  қарағанда  жауға  кездесіп,  үлкен  батырльга,  қайрат, 
кек  алысу  арқылы  кездескен  жауын  жеңіп, 
мүратына  жету  т.с.с. 
тәрізді  белгілердің аздығына  да  назар  аудартады.  Керісінше,  оларда 
елдің  ішкі  әдет-ғүрпын  суреттеу  жақтарьгаың  басымдылығына  т.с.с. 
көңіл  бөлінген.  Ал,  бас  бостандығын  көксеген  жастардың  өмірі 
«канаушы»  таптар  қысымында  болды  дей  отырып,  олардың  бас 
бостандьпы  малдай  саудаға түскендіктен,  әйел  де,  ерлер де бірімен- 
бірі  үнатысып,  қосылуды  арман  етуі  тәрізді  тілегінен  ғана  «әдет 
поэмалар»  дүниеге  келді  дегенді  айтуы  т.с.с.-  бәрі  де  ғалымның 
біржакты  субъективті  көзқарасының  жемісі.  Демек,  XX  ғасырдың 
бірінші  жартысындағы  Кеңес  үкіметі  түсында  тіпті  ғылым,  білім, 
мәдениеттін  де  т.б.  саяси  күрес  күралына  айналғандығын,  әрі  кез 
келген  нәрсеге  мейлі  ғылыми  еңбек  болсын,  мейлі  жазушы  қолынан
285

туған  көркем  шығарма  болсын,  тіпті  авторы  белгісіз  деген  халыктык 
мұраларға  да  т.б.  «тап  тартысы» 
тұрғысынан 
қарау  белең 
алғандығын танытады.
С.Мұқанов «ескі» дәуір  поэмаларының көркемдік жағынан да өте 
қымбат  екендігін,  композициялық  жағынан  бүгінгі  мәдениетті 
дәуірдің  поэтика  талабына  үйлесетінін,  оқиғаның  баяндалуы, 
басталуы,  шиеленісуі,  шешуі  т.б.  тәрізді  белгілерінің  әдебиет 
заңдылығына 
сай 
бағындырылғанын, 
халықтық 
үлғілердің 
композициялық 
жағынан 
Еуропалық 
бағыттағы 
ақын 
шығармаларынан  кем  түспейтінін 
дұрыс  айқындаған.  Сондай-ақ 
халық  поэмаларында  шала  қүрылған,  көркемдікпен  дәлелденбеген 
адам  кейіпкерлері  аз кездесетінін т.с.с.  жан-жақты  саралауынан  - біз, 
ғалымның нұсқаның  көркемдік  қүндылықтарын  анықтауда,  көбінесе 
әдебиеттану  талаптары 
түрғысынан  ғана 
қарастыратынын 
байқаймыз.
Сөз 
соңында  [373,  20-21  б.]  С.Мұқанов 
қазақтың  халық 
әдебиетіндегі  «поэмаларының»  азшылығы  ғана  кірген,  жинақтың 
қазақтьщ  орденді  халық  ақыны  қарт  Жамбылдың  поэзияға  75  жыл 
сіңірген  еңбегіне орай құрастырылғанын атап  кетеді.
Қорыта  айтқанда  кезең  қиындығына,  ел  бнлеушілер  ектемдігіне, 
ғылыми  таным  жегіспеуіне  т.с.с.  қарамастан,  өткен  ғасырдың  орта 
тұсында  да  Қазақстанда  басқа  да  ғылым  салалары  тәрізді 
фольклортану  ғылымы  да  өзіндік  кідіріс,  тоқыраумен  бірге  тоқтап 
қалмау,  даму  кезеңдерін  де  бастан  кешіргенін  көреміз.  Әр  істің  өз 
жегекшілері  болатынын  ескерсек,  А.Байтұрсынов  та, 
С.Мұқанов  та 
сол  кезеңнің  өзінде  қазақ  фольклортану  ғылымына  үлкен  үлес 
қосқаны  даусыз.  Мұндағы  Сәбит  Мүқанов  қүрастырған  «батырлар 
жырының»  жеке  жинақ  болып  шыққаны,  жинақтың  бір  жанрға  ғана 
арналғаны-  қазақ  фолыслортану  ғылымының  жеткен  жетістігі  екені 
сөзсіз.  Алғысөз  барысьшда  фольклордың  барлық  дерлік  жанрлары 
жан-жақты  талдауға  түсіп, 
өзіндік  ерекшеліктері 
фольклорлық 
процесс негізінде қарастырылады. Сондай-ақ  фольклорлық мәтіндер 
тарихи  зерттеу  әдісі  негізінде  қаралып,  олардың  эстетикалық 
кызметтері  сараланады.  Кейіпкерлері  әдеби  образ  ретінде  талдауға 
түсуі-  бәрі,  сөз  жоқ,  С.Мүқановтың  қазақ  фольклортану  ғылымы 
қалыптасуына қосқан  елеулі еңбегі екені анық.
Жалпы, 
фольклорды 
зерттеудегі 
мақалалар, 
кіріспелер, 
алғысөздер  дегенде, 
зерттеу  жүмыстарының  біраз  ретте  сәтті 
жүргізілуі  фольклортану  ғылымына  белгілі  ғалымдардың  келуімен 
байланысты.  Сондай-ақ  онда 
алдыңғы  қатарлы  фольклортанушы 
ғалымдардың  тәжірибесіне  сүйенуінің  де  әсері 
болғаны  белгілі:
286

Ә.Диваев, 
А.Байтүрсынов, 
Ә.Бөкейханов, 
М.Әуезов, 
Х.Досмүхамедүлы,  С.Мүқанов  т.б.  Қазан  төңкерісінен  кейін  жаңа 
Кеңестік  заманның 
орнығуы  ықпалымен  фольклортану  ғылымы 
халықтык 
мәденнеттің 
көтерілуіне, 
жалпы 
халықтық 
шығармашылықтың  дамуына,  түрлі  зерттеу  еңбектерінің  көбеюіне, 
фольклортану  гылымын  дамьггуда  белгілі  ғалымдардың  еңбектерінің 
сүрьпггалуына, зертгеу жүмыстарын жаңа туған қоғамдык  қатынастар 
негізінде  қайта  жазуға  бағытталғаны  мәлім.  Бүл  жүмысқа  түрлі 
үйымдарды, 
ғалымдарды, 
студентгерді, 
оқушыларды 
т.б. 
жүмылдырудың  бәрі  де  түрлі  қайшылық,  кедергілерді  бастан  кешірсе 
де,  түтастай  алғанда,  фолыслорды  зерттеу  ғылымының 
өзіндік 
дамуын негіздеді.
Бүл кезде  «тарихи  мектеп»  конңепциясына  негізделген  мақалалар 
пайда  болды.  Сондай-ақ  фольклорды  салыстырмалы  зерттеу  әдісі 
негізінде  де  қарастыру  белең  алды.  Мүнда  ғалымдар  фольклорды 
халықтық  педагогиканың,  танымның,  эстетиканың,  тәрбиенің  т.б. 
кайнар көзі регінде қарастырды. Зерттеу барысында фольклорға, оның 
жанрларына 
анықтамалар 
берілді. 
Және 
де 
олардың 
ішкі 
ерекшеліктері, өмір сүру жағдайы,  орьгадаушьшары, жіктелуі де біраз 
сөз  болды.  Дегенмен  фольклорлық  бейнелер,  көбінесе  әдеби  образ 
ретінде  бағаланды.  Міне,  бүл 
баяндама,  алғысөз  түрінде  болсьга 
мақалалар  сол  XX  ғасырдың  алғашқы  жартысындағы  хал-жағдайын 
аныктайды. 
Негізінен 
мақалалар 
ғылыми-көпшілік 
максатта 
жазылды.
3.3.2 Монографиялар.
XX  ғасырдың  алғашқы  жартысьгада  Қазақстан  фольклористері 
халық  ауыз  әдебиетін  сала-салаға  бөліп  зерттей  бастады.  Фольклор 
шығармаларын  жанрлық  ерекшеліктеріне  қарай  бөлу,  бүрын  зерттеу 
ісінде  болып  келген  кемшіліктердің  орнын  толтыруға  қызмет  етгі. 
1920  жылдардың  аяғы  мен  1930  жылдардың  бас  кезінде  М.Әуезов, 
Х.Досмүхамедүлы,  С.Сейфуллин  сияқты  фольклорист  ғалымдар 
халық 
ауыз  әдебиетін  жанрға  бөлу  жөніндегі  мәселені  қазақ 
халкынын  тарихымен  байланыстырды.  Осы  айтылған  жайлар  1920 
жылдардың  соңғы  кезінде  М.Әуезов,  Х.Досмүхамедүлы  еңбектерінде
[374],  1930  жылдардың  бастапқы  дәуірінде  С.Сейфуллин  зерттеуінде
[375] тереңірек баяндапды.
Қазақ оқу орьгадарында т.б. оқулықтардың жетіспеуін ескеріп, сол 
олқылық  орнын  толықтыру  максатында  1927  жылы  Қызылорда 
қаласында 
ғалым  М.Әуезовгің 
«Әдебиет  тарихы» 
атты
287

монографиясы  басылды.  Кітап  «Жазушыдан»  деген  М.Әуезовтін 
сөзінен бастау алады. Мүнда балаларға  арналып  ашылған  мектептер, 
оқытушылар 
дайындайтын  техннкум,  институттар,  мүғалімдік 
курстар, судьялық тергеушілік курстар т.с.с. үшін- бәрінде ана тілінің 
сабағына келгенде, ақыл, сезім тәрбиелеп,  қальштап жетілуден басқа 
оқушыға қазақ  деген  елдің өткендегісі мен  бүгіндегі  пішінін таныту 
керектігі сөз болады [376].
Монографияның  кіріспе  бөлімінде  ғальш  М.Әуезов  жалпы  тарих 
жолындағы  адамзаттың  қалыптасуының  4  негізгі  дәуірін  (тағылық 
түсындағы ортақшылдық дәуір,  ана қожалығы жүрген дәуір,  ата мен 
ру  қожалығы  жүрген  дәуір,  мемлекет  негізі  қүрылған  дәуір)  алғаш 
бөліп алып қарастырады  [376,  12-16 б.].  Одан  әрі  әдебиет тарихының 
міндеті, әдебиет тарихының қолданылатын жолы, қазақ ескілігінен  аз 
мағлүматы, қазақ әдебиетінің тарихы сөз болады [376,16-21 б.].
Сонымен  қатар  ғалым  М.Әуезов  қазақ  әдебиетінің:  бір  саласын 
ауызша  әдебиет  десе,  екіншісін-  жазба  әдебиет  деп  бөледі.  Демек 
М.Әуезов  фольклорды  ауызша  әдебиет  деп  қарастырған.  Ауызша 
әдебиетгі,  яғни 
фольклорды  белгілі  ғалым  А.Байтүрсынов  2-ге 
(сауьщтама,  сарындама деп) бөлсе, Х.Досмүхамедүлы 46-ға жіктегені 
белгілі.  Ал,  М.Әуезов  фолыслорды  іштей  алғаш  рет  4-ке  топтайды: 
біріншісін-  сыршылдық  салт  өлеңдері  десе;  екіншісін- 
әңгімелі 
өлеңдер  (батырлар  әңгімесі,  ел  поэмасы,  тарихи  олеңдер)  деген; 
үшіншісін-  айтыс-тақпақ  деп  ;  төртіншісін  -  ертегі,  мақал,  мәтел, 
жүмбақ  дейді.  Олардың  жалпы  мынадай  ерекшеліктеріне  тоқталады: 
«  ...  1)  Ауызша  әдебиеттіц  шыгарушысы  жалпақ ел  дейміз.  Ауызша 
әдебиет  жүрнақтарының  арнаулы  шыгарушысы  жоқ.  2)  Ауызша 
әдебиеттің  барлық  жүрнақтары  күйге 
өлшеніп,  арнаулы  әнмен 
айтылады.  Сол  себепті  оның  сыртқы  түрінде  жазбадан  айырмасы 
бар.  Ол  желпініп  айтылады.З)  Ауызша  әдебиетте  бір  жаққа  қарай 
беттеген  арнаулы  багыт  болмайды.  Оны  елдің  дін  нанымы,  елдің 
белгілі салты,  әдеті тугызады.  Сондықтан ауызша әдебиет  бірнеше 
түрге  бөлінеді»,- дейді  [376,  21  б.].  Бүл  негізінде А.Байтүрсыновтың 
халық  әдебиетіне  берген  анықтамасынан  әлдеқайда  кең  берілген. 
Демек,  М.Әуезов  фольклорға  ғылыми  анықтама  берумен  қатар, 
фольклордың  барлық дерлік  жанрын  қамтыған,  әрқайсысын  жіктеп, 
жекелеп  зерттегенін  көреміз.  Егер  жүйелеп  айтар  болсақ  М.Әуезов 
эпосты  да,  ертегіні  де,  түрмыс-салт  жырларын  да  т.б.  арнайы 
қарастырған. Ал, мүндағы М.Әуезовтың  фольклорға берген анықтама 
түріндегі 
ғылыми  сипаттамасы,  яғни  авторы 
халық  болып 
табылатыны т.б,-  қазіргі  фольклортану  ғылымында  өз  мәнін  жойған 
жоқ.
288

Ендеше,  XX  ғасырдағы  Қазан  төңкерісінен  кейін  фольклордың 
өзіндік  өзіндік ерекшеліктеріне назар аударыла бастауы,  жанрларына 
сипаттамалар  мен  аныктамалар  берілуі-  бәрі  сол  тұстағы  қазақ 
фольклоргану  ғылымының  өз  алдына  жеке  ғылым  саласы  ретінде 
жеткен  жетістігін  көрсетеді.  Дегенмен  фольклорды  іштей  жанрлық 
түрлерге 
жіктегенде,  оның  қазіргі 
қазақ  фольклортану  ғылымы 
талаптарьгаа  сай келмейтіндігі  де  байкалады.  Әрине,  бүл  сол  кездегі 
ғылымньщ 
деңгейінен 
туындағаны  күмәнсыз. 
Мәселен,  ғалым 
түрмыс-салт  жырларын  «Сыршылдық  салт  өлеңдері»  деп  түсінген. 
Оларды  іштей  үшке  жіктеген  [376  22-55  б.]:  1)  Ел  салтындағы  шер 
өлеңдер  (бүған  жоқтау,  естірту,  қопггасу,  көңіл  айту  түрлері 
енгізілген);  2)  Дінмен  байланысты  өлеңдер  (бүған  наурызды, 
бақсылардың  сарынын, 
жарапазанды  жатқызады);  3)  Қыз  үзату 
үстіндегі  салт  өлеңі  (бүған 
жар-жар,  қопггасу-танысу,  бет  ашар 
түрлері  алынған)деп.
Бүлай түрмыс-салт жырларын үшке бөлу үлгісі  М.Әуезовке дейін 
-
А.Байтүрсыновта  кездеседі.  Тек  А.Байтүрсыновта түрмыс-салт  жыры 
орнына  сарындама  үғымы  қолданылады  да,  оны  іштей  «салт  сөзі», 
«ғүрып  сөзі»  «қалып  сезі»,  болып  өзгеше  бөлінген  (Әдебиет 
таныиқыш.  1926.)  Мәселен,  А.Байтүрсынов  «салт  сөзіне»  мақал- 
мәтелмен қатар, әдебиет жанрына жататьга мысал түрін де жатқызған.
Бүл 
арада 
фольклор 
мен 
әдебиет 
жанрларының 
ара-жігі 
ажыратылмағаны  көрінеді.  Демек  ол  түстағы  зерттеушілер  арасында 
фолыслор әдебиетгің бір саласы ғана деген түсініктің басым болғанын 
танимыз.  Ал,  М.Әуезов  еңбегінде  фольклор  терминдер  өзгеше 
аталғанмен,  негізінен, фольклор түрлері  толықтай сөз болады. Мүнда 
өз түжырымдарын дәлелдеу үпгін ғалым фольклор үлгілерін келтіреді. 
Мәселен,  «Ай,  Таңсықтың  қоштасқаны»  үлгісі  [376,  29-30  б.],  бүл 
«Қозы Көрпеш- Баян сүлу» жырының үзіндісі. Бүл үзіндіні ел аузынан 
жазып алып,  «Таң» журналында (1925, №2) Жанақ акынның айтуынан 
деп  жариялаған  М.Әуезовтің  өзі  екені  анык.  Демек  баспа  бетінде 
фольклор  үлгілерін  жариялағанда  М.Әуезов  мәтіннің 
жазылынып 
алыну паспортын  толтырғаны,  яғни мөтіннің қай уақытта, қай жерде, 
кімнен  т.с.с.  альгағаньгаа  қатысты  деректерді  бірге  берғен.  Мүның 
бәрі  ғалым  М.Әуезовгің  фольклорлық  мәтінді  қағазға  түсіруде 
әлемдік  фольклортану 
талабын  орындағанын  көрсетеді.  Ал,  бүл 
мәгінді  өзінің  «Әдебиет  тарихы»  атты  кітабында  қолдануы  ғалым 
М.Әуезовтің  өзінің зерттеуіне  қатысты дерек  көздерін өзі  жинағанын 
көрсетеді. 
Ал,  мәтіннің  қағазға  түсу  паспортын  толтырғаны,  өрі 
фольклорлық  мәтінді  баспасөз  бетінде  жариялағаны,  өрі  оны  зерттеу 
объекгісіне  айналдырғаны  т.с.с.-  бәрі  де  фольклортану  ғылымында
289

зерттеу  жұмыстарының  жүйелі,  әрі  сәтгі 
жүргізіле  бастағанын 
көрсетеді.  Ендеше  окулық  жазу  үшін  бірінші  кезекте  фольклорды 
неғүрлым  көп  жинау қажеттігі  туса,  екінші  кезекте  оларды  жүйелі 
сүрыптап,  жинақтап  т.б.  баспа  орындары  арқылы  жариялау  міндеті 
түрды,  үшінші кезекте оларды зерттеу  мәселесі туындайтыны анық.
Түрмыс-салт  жырлары  арасынан  тек  бөбек  жырлары  мен  жан- 
жануарлар  туралы  т.б.  жырлар  қарастырылмаған.  Шамасы,  бүл 
фольклорлық  үлгілердің  жетімсіздігі,  яғни  ел  арасынан  жиналып 
үлгермегендігі,  сондай-ақ 
ол  жөніндегі  ғылыми  зерттеулердің 
мардымсыз аздығы  себеп болса керек.
Ғалым  М.Әуезов  кітапта  түрмыс-салт  жырларының  бір  бөлегі 
шер  өлеңдеріне  анықтама  береді:  «Шер  өлеңдері,  кейде  көп  елдің 
басына  келетін  қайгы,  шерден  туады,  кейде  үй  ішінің  қайгысынан, 
жеке адамның  қайгылы  күйінен туатыны  да болады.  Бүл өлеңдердің 
бәрі  де  көңілдің  қайгылы  қаралы  сезімдерін  білдіретін  сөздер»,- 
дейді  [376,  22  б.].  Ал,  осы  ел  салтындағы  шер  өлеңдерін  іштей: 
жоқтау,  естірту,  көңіл  айту  деп  дүрыс  жіктеген.  Бүл  жіктеме  үлгісі 
қазіргі  фольклортану  ғылымында  өз  маңызын  жойған  жоқ.  Мүндағы 
«жоқтау»  термині  сол  кездегі Ахмет Байтүрсынов  оқулығында  [376, 
254  б.]  кездескенмен,  ал  («көңіл  айту»,  «естірту»  үғымдары  тек 
М.Әуезов  кітабында  бар  болуы-  бәрі  ғалым  М.  Әуезовтің  терминдік 
атауларды  калыптастырудағы  еңбегінің  маңыздылығын көрсетеді.
Мәселен,  жоқтау  өлеңіне  келгенде  ғалым: 
«...көпке  бірдей 
жайылган 
қазақ  салтынан  туган  шер  өлеңі:  жүрек  қайгысын 
өлеңмен,  әнмен,  кейде  күймен 
шыгару  ескіліктің 
сүйген  түрі 
болган»,-  деген  анықтама береді  [376,  22 б.]  .  Одан  әрі  ғалым  жалпақ 
елдің  жоқгауын  ақын-жырау  айтатыны,  сондай-ақ  үй-  ішінің,  ауыл- 
аймақ,  ру  ішінің  жоқтауы  болатыны;  тек  оның  үзақ  болмайтыны; 
қайғының,  көбінесе  аз  сөзбен  көп  мағынаны  қамтып,  тиімді 
айтылатынына  дүрыс назар аударған [376,22-27 б.].
Ал,  басқа  зертгеу  еңбектерде кездеспейтін  фольклордың  естірту 
түрі  осы  кітапта  алғаш  сөз 
болуы,  сөз  жоқ,  М.Әуезов  еңбегінің 
маңызын  арттырады:  «Ескі  қазақ  салтында  көп  елді  күйзелтетін 
қайгыны  арнаулы  өлең  естіртетін  әдет  болган»,-  дейді  [376,  27  б.]. 
Қазақтьщ  өмірінде  қуанышын  үлғайтып,  қайғысын  серпілтуге 
бағындырылған  қайғы үстіндегі  сүйеу сөз,  көңіл айтып  жүбатқан  сөз 
болады  десе,  сондай-ақ  адамды  қайғыға  дайындау  үшін  естіртудің 
түспал,  жүмбақпен  басталатын  үлгілері  орындалатыны  айтылады. 
Онда  қаһарман  өміріне  баға  берілетіні;  кейінгі  үрпағына  егіліп 
жылаған  халық т.б. көз жасымен қайырлы өмір тілейтіні;  кейде  оның 
күймен  де  айтылатыны 
ғалым 
М.Әуезов  тарапынан  алғаш  рет
290

қарастырылады.[376,  27-28  б.].  Қоштасу,  көңіл  айту  үлгілері  де 
М.Әуезов тарапынан жан-жақты сараланған [376, 28-36 б.].
Ғалым  дінмен  байланысты  өлеңдерді  де  салтпен  байланыстыра 
отырып, 
оларды  екі  топқа 
бөліп  қарастырған:  «1)  Ескі  діннің 
сарқыты  болган  өлең;  2)  Ісләм  дініне  байланысқан  өлеңдер»,-  деп 
[376  ,36-46  б.].  Міне,  бүдан  біз  Мүхтар  Әуезовтіңдіннің  де  қоғамда 
аткаратын  әлеуметгік қызметіне назар аударғанын көреміз.  Мәселен, 
ғалым  наурызды,  бақсылардың  сарынын  ескі  діннің  сарқьггына 
жаткызса,  жарамазанды 
ісләм  дініне  байланысты  қолданады. 
Мүндағы  наурызды  «дінмен»  байланыстырғаннан  гөрі  қазір  үлыс 
жыры,  елдің  ертеден  келе  жатқан  үлы  мейрамы  деп  т.б.  қарастыру 
орындылығы  сөз болады.  Ал,  бақсылық,  бақсылық сарыны т.б.  деген 
фольклор  үлгілері  де  бүрынғы  еңбектердің  бірінде  де  сөз  болмайды. 
Бндеше  М.Әуезов  кітабында  бүл  фольклор  үлгілері  түңғьпн  рет 
карастырылып  отыр.  Демек  бүл  да  еңбек  маңыздылығын  арттырары 
күмәнсыз.  Және  бұлардың  қай  кезде,  кімдер  арқылы  орындалатыны 
да  жазылған.  Онда  мынадай  түңғыш  анықтама  бар:  «Бақсылық-  ескі 
діннің  саркыты.  Бүрынғы  кездегі  бақсы  көмескіні  болжайтын 
сәуегейлігіне қарап, өз дінінің пайғамбар әулиесі сняқты қүдайлармен 
жасырын елшілер  аркылы  жалғасады, тіл алады деген сенім болған»,- 
делінген [376,416.]. Дегенмен Ісләм дінін  нақты діттеген идея жоқтың 
қасы десек те, оны асыра  мақтау үлгісі орын алмағанын ескерген жөн.
Кеңестік  оқу  жүйесінде  оқулықтың  жетіспеуіне  байланысты 
ғалым 
М.Әуезов 
тарапынан 
дайьгадалған 
түңғыш 
тол 
оқулықтарымыздың  бірі  «Әдебиет  тарихы» 
еңбегі 
екені  белгілі. 
Кезінде бүл монографиялық  еңбек  зиянды деп табылуы,  еңбек атына 
сілтеме  жасаудың  өзіне  рүқсат  етілмеуі  т.с.с.-  бәрі  де  түңғыш 
оқулықтағы:  үлттық  тілдің,  салт-сананың,  түрмыс-салттың,  әдет- 
ғүрыптың  үлттық мүдде түрғысьгаан жазылғаны себепті  болды.  Осы 
монографиялық  еңбек  арқылы  ғалым  М.Әуезов  қазақ  фольклорын, 
оның  жанрлык  түрлерін  алғашқылардың  бірі 
болып  жан-жақты 
талдайды.
Қыз  үзату  үстіндегі  салт  өлендеріне  келгенде,  ғалым  оның:  жар- 
жар,  қопггасу-танысу,  бет  ашар  т.б.  үлгілеріне  арнайы  көңіл  бөлген 
[376,  46-55  б.].  Ғалым  бүларды  елдің  ескіден  келе  жатқан  салтымен 
байланыстырады  және  де  қуаныш,  кызық  үстіндегі  өлең  деп  дүрыс 
қарастырады.  Одан  әрі  олардын  әрқайсысын 
тудырған  белгілі 
себептермен  бірге,  бүлардың  әркайсысында  арнаулы  терең  мағына, 
көздейтін арнаулы мақсаты бар  дегенді  де ескертеді.  Мәселен,  жар- 
жарды  екі  жақтың  айтысынан  күралады  десе,  бір  жағын  күйеу,  не 
еркектер  тобы,  екінші  жағын  калыңдық,  не  әйел  тобы  қүрайтыны
291

айтылады:  «Адам  баласының  екі ру  болган  қауымының  бул  жерде 
екіге  бөлінген  жігі  ашылады»,-  деуінен,  біз  ғалымның  фольклор 
бойынан  адамзат тарихының іздерін тарихи тұрғыдан қарастырғанын 
көреміз  [376, 50 б.].
Ал, 
қоштасу-танысу  үлгісіне  зерттеуші 
мынадай  анықтама 
береді:  «Қыз  узатқанда  айтылатын  өлеңнің  бірі-  қоштасу  өлеңі. 
Үзатылатын  қыз  көңіліндегі  шын  қайгыны  білдіру  керек.  Туган  ел, 
өскен  жермен ақыргы айырылысу сагатында көздегі жасы,  көңілдегі 
қайгымен  арыздасқан,  қоштасқан  сөзін  айтады»,-  дейді  [376,  51  б.]. 
Демек,  ғалым  фольклорды  халықты 
танудың  қүралы 
деп  те 
қарағанын көреміз.
«Батырлар  әңгімесі»  деп  ғалым  ол  кезде  эпостық  жырлады 
атаған. 
Эпостың ішінде батырлар жыры, ғашықтық пен тарихи жыр 
қарастырылған  [376,  56-106  б.].  Мүндағы  ғашықтық жыр  үғымы  тек 
Х.Досмүхамедүлы  еңбегінде  (Қазақ  халық  әдебиеті.  1928.)  кейінірек 
түрмыстық  жыр  үлгісінде  берілген.  Мүнда  алдымен  «Едіге», 
«Қобыланды  батыр»,  «Ер  Тарғын»,  «Ер  Сайын»,  «Нәрікүлы  Шора 
батыр»,  «Қамбар  батыр»,  «Алпамыс  батыр»  тәрізді  жырлардың 
қысқаша  қарасөзбен  мазмүны  берілген.  Одан  әрі  ғалым  олардың 
әрқайсысының  мән-маңызына  жеке-жеке  тоқталады. 
Мұндағы 
ғалымның  қазіргі  қолданыстағы  батырлар  жыры  ұғымын  «әңгіме» 
жанры 
ретінде 
қарастырады. 
Бұл 
зерттеушінің 
фольклорды 
әдебиеттану түрғысынан қарастырғанын танытады.  Сондай-ақ мүнда: 
«батырлар  әңгімесі»  ескі  заманнан  басталатыны,  жалпы  оның  түрік 
жүртьгаа  ортақ  мүра  болып  табылатыны  дүрыс  айтылған.  Көшпелі 
елдердің  шабынгерліқ,  жауынгерлік  кезіндегі,  яғни  қүба  қалмақ 
заманындағы т.б.  батырлар арқасында ол кездегі тыныштық, амандық 
ылғи  найзаның  үшы,  білектің  күшімен  алынатыны  мәлім.  Елдің 
сүйеніші қол бастаған батыры,  ел бастаған ханы мен биі ел қиялында 
жоғары  бағаланған.  Болашақ  батырдың  дүниеге  келуі  әдетгегі  адам 
тууынан  өзгеше  екені,  олардың  жаратылысына  табиғаттың  тылсым 
күш  иелері,  әулие,  пері  т.б.  сияқтылар  араласатын  ерекшеліктері 
батырлар  жырына  тән  екені  жан-жақты  қарастырылған.  Жыр 
үлгілерін  дәйектеуде  ізденуші,  көбінесе  бүрыннан  сақталған  дәстүр 
үлгісі  мен  бергі  заманда  қосылған  қосындының,  яғни 
жамаудың 
аражігін  ажырату  үшін  тарихи  зерттеу  әдісін  көп  қолданады.  Кейбір 
жырларда, мәселен, «Едіге батыр» үлгісінде араб, парсы ертегілерінде 
кездесетін  сюжет  ұқсастықтары  бар  деуі  [376,  6  б.]  т.б.-  бәрі  де 
ғалымның  мәтіндердегі  кездесетін  сюжет  сабақтастығын  ажырату 
үшін  типологиялық  зерттеу  әдісіне  сүйенгені  байқалады.  Сонымен 
қатар жырда  кездесетін басты қаһарман бейнелеріне, олардың сүйген
292

жары,  мінген  аты-  тұлпары,  тіпті  жыр  окиғасына,  жер-су  аттарына 
катысты  аңыз  деректерді  т.с.с.  жан-жакты  тарнхи  тұрғыдан  сараптау 
жұмыстарын жүргізген.
Демек  сол  заманның  өзінде  фольклордан  тарихтың  ізін,  тарихи 
окиғаны,  ондағы  жер-су,  қала  аттарьга,  тарихи  тұлғаларды  көп 
іздеғені  аңғарылады.  Бұл  сол тұстағы  қазақ  фольклортану  ғылымына 
орыс  тарихи  мектептің  әсері  басым  болғанын  көрсетеді.  Дегенмен 
қазіргі кездегі зерттеушілер фольклордан тарихи оқиғаны іздеу дұрыс 
еместігі сөз болғанда, негізінен, тарихи оқиғаның ізі тек тарихи жырда 
ғана сақталады деген қорытындыға келіп отыр.
Мұндағы  Едіге  батыр  бейнесі  талданғанда  ғалым  оларды әдеби 
образ  деп  қараған.  Мәселен:  «Едіге  бул  әңгімеде  түрік  журтының 
жақсысы, 
мінезді  жақсы.  Будан  көрінеу 
жаулыққа,  . көрінеу 
қастыққа  тез  көрсететін  қарсылық  жоқ.  Қуаныш  пен  қорқыныш, 
сую мен  жирену сияқты сезім билеген мінез жоқ. Ақылына билеткен, 
ішінде  сыр  сақтай  білетін,  кең  сабырлы,  қалталы  батыр»,-  дегён 
[376,  60  б.].  Әдеби  бейнені  талдаудағы  тура  мінездеу  ұлгісін 
қолданған.  Бұдан  кейінгі  талданған  жырлар  («Қобыланды»,  «Ер 
Тарғын»,  «Ер Сайьга» т.б.)  кейіпкерлерін ұнамды, ұнамсыз деп  бөліп 
қарастырғанда,  көбінесе  олардың  жағымды  сипаттарына  ғана 
тоқталады.
М.Әуезов  өзінің  «Әдебиет  тарихы»  (Қызылорда,  1927)  атты 
монографиясында 
«Ер  Сайын»  жырын  «  батырлар  әңгімесі» 
ұғымьгада  алып,  негізгі  каһарманы- 
Ер  Сайынның  өзіндік 
ерекшеліктеріне:  пірдің  батасы,  тілеуімен  туып,  пірдің  қорғауымен 
тіршілік  ететініне  т.б.  баса  назар 
аудартады. 
Одан  әрі  жырдың 
қысқаша  кара  сөзбен  баяндалған  мазмұны  беріледі  [376,  85-87  б.]. 
Жалпы  мұнда  қысқа  да  болсын  (2  бет  көлемінде)  жырдың  негізгі 
сюжетгері  толық  баяндалған. 
Ғалым  кітабының  «Ер  Сайын 
әнгімесінің  мәнісі» атты  бөлімінде бас қаһарманның  жеке өз басына, 
жырдьвд  шамамен  шығу  тарихына,  жырдың  мезгілдік-мекендік 
ерекшеліктеріне  т.б.  тоқталады. 
Сонымен  қатар  М.Әуезов  Сайын 
бейнесіне  ерекше  назар 
аударғаны: 
баласыздық  зарынан  бастап 
батырдың  ерекше  тууы,  пірлердің  араласуы,  жебеуі,  тұске  кіріп  аян 
беруі,  тіпті  дүниеге  әлі  келе  қоймаған  қаһарман  есімдерін  де  тұс 
арқылы  накты белгілеп  атауы т.б.  Сайынның  киындық  көру себептері 
де біршама сөз болған:  бірі-қолдаушы ата пірін  ұмытқандығы  себепті 
деп  талданса;  екіншісі-  көнеден  келе  жатқан  салт-  дәстұрді 
орындамауы,  яғни  жауырыншының  айтқан  ақылына  токтамауы; 
үшіншісі-  ел  батыры  Қобыланды  сияқты  ағасына  қарсы  шығуы  деп 
қарастырылады.  Мұнда  Сайын  батырдың  бас  кемшілігі-  батырлығы,
293

ерлігінде  т.б.  емес,  керісінше,  өзінің  мінез,  бітім 
болмысында 
екендігін  ғалым  М.Әуезов  былай түсіндіреді:  «...Батыр  қур гана  қол 
батыры  емес,  ақылга  шалымды,  мінезге  тартымды,  тоқтаулы 
болсын дейді. Ақылга шолақ, мінезсіз болса, оның өрісі узақ болмайды. 
Сайынның 
әңгімесінде 
ел 
қиялы 
сондай 
шолақ 
батырды 
жазалагандай  болады.  Батырга  қоятын  улкен  шарттар  бар  екенін 
білдіреді»  [376,  88-89 б.].  Демек  халықтың солай болса деген  арманы 
жыр негізінде  жатқанына баса назар аударылады.
1953  жылы  Алматыда, 
қазақ  эпосы  туралы  пікірталас  өткені 
белгілі  (Қазақ  эпосы  жайындағы  дискуссияның  қорытындысы.  // 
Әдебиет  және  искусство.-8.-1953.-Б.109-114;  0 6   итогах  дискуссии  по 
вопросам казахского эпоса. Постановление Президиума АН Каз ССР и 
Президиума  Союза  писателей  Казахстана.  // Советский  Казахстан.-8.- 
1953.-Б.113-115).  Дискуссия 
қорытындысы  бойынша:  қазақтың 
эпостық  жырлары  арасында  «Орақ-Мамай»,  «Қарасай-Қази»,  «Шора 
батыр»,  «Ер  Есім»  жырларымен  бірге  «Ер  Сайьга»  атгы  жырдың  да 
әрі  атын  атауға,  әрі  зерттеуге т.б.  тыйым  салынғаны  белгілі.  Мүның 
бәрі  бір  кездерде 
оқульпсга  тек  қана  «Қамбар  батыр»  жырынын 
сақталуына  ғана  әкелгені  тарихымыздан  белгілі.  Ал,  бүл  тыйым 
салынған  қаулыларды: 
«тап  тартысы»,  «кеңестік  идеология», 
«әдебиеттің  партиялылығы» т.б.  тәрізді  адамзат тарихындағы  зиянды 
теорияларды  тоталитарльнс.  жүйеге  қызмет  еткен  заман  тудырғанын 
білеміз.
Белгілі  эпостанушы  ғалым  Ш.Ыбыраев  өзінің  «Эпос  әлемі» 
монографиясында  (Алматы:  Ғылым.  1993)  қазақ  эпосының  зерттелу 
тарихы,  қазақ  эпосын  жанрлық  түрлерге  жіктеуде,  қазақ  эпосыньга 
поэтикасы  мен  типологиясының  мәселелерінде  де  т.с.с.-  бәрінде 
дерлік басқа да эпостық нүсқалармен  қатар А.Байтүрсынов  жазбасын 
да  («Ер  Сайын»  жыры),  әрі  осы  үлгідегі  В.В.Радлов  нүсқасын  жан- 
жақты сараптағаны белгілі.
Мәселен,  белгілі  ғалым  Т.Сыдықов  өзінің  «Казақтың  тарихи 
жырлары және бүгінгі ғылым» атты еңбегінде («Қазақ фольклорының 
тарихилығы»  ішінде  ,-А:Ғьшым.1993.-Б.130-177)  «Ер  Сайын»  жырын 
ескі  батырлық  жырына 
жатқызады.  Сонымен  бірге  ғалым  осы 
еңбегінде  «Ер  Сайын»  жырының  ХІП-ХУ  ғасырлардағы  Алтын  Орда 
тарихымен  байланысты  туған  ноғайлы  ңиклімен  тектес  дегенді  де 
айтады.
Кітапта  «Ел  поэмалары»  деп  [376,  106-139  б.]  зертгеуші  лиро- 
эпикалық  жырлар  «Қозы  Көрпеш-Баян»,  «Қыз  Жібею>  нүсқаларын 
атаған.  Қазақ  фольклортану  ғылымында  бүлардың  лиро-эпостық, 
немесе  ғашықтық  эпос  түріне  жататыны  белгілі.  Ал,  ғалымның  бүл
294

жырларды  ел  поэмалары  үлгісінде  қарастыруы  т.с.с.-  бәрі  Кеңес 
өкіметі  заманында  фольклорды,  көбінесе  әдебиеттану  түргысынан 
қарастыру әдісі басым болғанын көрсетеді.
Зергтеуші  ғашыктық  жырларға  да  анықтама  береді:  «Батырлар 
әңгшесінен  кейін  қазақ ескілігіндегі әңгімелі  өлеңдердің бір түрі- ел 
поэмасы  болады.  Бүган  қосылатын  «Қозы  Көрпеш-Баян»,  «Қыз 
Жібек».  Бүл  өлеңдер  алдыңгыларша  батыр  жорыгын  жырламайды, 
белгілі дәуірде  қазақ елінің  салт-санасы,  кәсібі,  елдігі қандай жайда 
болганын  білдіретін  сөздер.  Бүньің  екеуінде  де  көшпелі кәсіппен  ру 

жігіне  бөлінген,  елдің 
ортасында  өскен  жастардың  махаббат, 
достық  багасын  түсінуі  көрінеді.  Екеуі  де  сол  көшпелі  елдің  салт, 
гүрпымен байланысқан махаббат жыры болады»,- деп, 
түңғыш рет 
шығарманың  жанрлық  ерекшелігіне тоқталады [376,  111 б.].
Ғалым  бүл  жырлардың  әлі  де  толық  жиналмағандығына  да  т.б. 
баса  назар  аудартады.  Сонымен  қатар  зерттеуші  әр  үлгінің  бірнеше 
нүсқасы  бар  екеніне  көңіл  бөле  отырып,  олардың  өзара  мазмүндық 

үксастығымен  қатар  сюжетінде  де  кейбір  сәйкестік,  өзгешеліктердің 
кездесетінін  ескертеді.  Ал,  көп  нүскалылық  себебі:  көп  айтушының 
аузынан  өткен 
үлгі  болғандықтан  ара-түра  үмытылып,  жаңылып, 
байқалмай,  ойсыз  кіргізген  өзгерістердің,  яғни  ықтиярсыз  кірген 
жаңалык  ыкпалы  десе,  сондай-ақ  тыңдаушының  тілегін,  ақынның 
үнатқан  ыңғайына  қарай  бейімделіп  кеткен  өзгерістердің,  яғни 
ыктиярлы өзгерістердің  әсері екенін дүрыс айқындап береді. Одан өрі 
мөгін  ішінде  кездесетін  бейнелер  фолыслорлық  үлгіде  көтерілген 
тақырыпқа  орай,  яғни  махаббат  мәселесі  түрғысынан  талданады. 
Мәселен, 
талдауға  түскен  «Қозы  Көрпеш-Баян»  жырының  үш 
нүсқасын  (бірі-Семей  жерінен  алынған  туынды,  екіншісі-  В.В.Радлов 
нүсқасы,  үшіншісі-  Жетісу  жерінен  жиналған  Колпаковский  үлгісі) 
өзара салыстырады. Олардьщ сюжегінде, кейіпкерлерінде, кейіпкер іс- 
әрекетінде  өзгерістердің  бар  екенін  ғалым  дүрыс  аныктайды.  Міне, 
мүнда 
зерттеуші 
нүсқаларды 
өзара 
ажыратудың 
әлемдік 
фольклортануда  қалыптаскан 
талаптарын  орындағанын  танытады. 
Жьфда  кездесегін  үнамды  бейнелермен  қатар,  үнамсыз  образ  Қодар, 
Қарабай 
да  әдеби 
талдауға  түскен.  Сөйтіп,  ғалым  М.Әуезов 
фольклорлык 
шығармаларды 
әдеби 
образдар 
жиынтығы 
деп 
қарастырғанын  көреміз.
Тарнхи  жьфларды  ғалым  М.  Әуезов  «тарихи  өлең»  деп  атаған 
[376,  140-167  б.].  Мүндағы  тарихи  өлең  деғен  атау  орнына  қазіргі 
фольклортану  ғылымында  не  тарихи  жыр,  не  тарихи  эпос  деген 
үғымдарды  пайдаланады.
295

Тарихи  жырға  ғалым:  «Тарихи  өлеңдер  ең  алдымен 
ел 
тпіршілігінде  анық  болып  өткен 
тарихи  оқигадан  туады...  Сол 
дәуірде  арнаулы 
оқиганың  қақ  ортасында 
болган 
атақты 
адамдардың  басынан  кешкен  өмір,  қолымен  істеген  істің  жыры 
болады. 
Тарихи  өлеңдердің  ішіндегі  адамдар  жалпақ  елге  аты 
белгілі  қадірлі,  сүйікті  адамдар.  Сол  адамдардың  істеген  ісі, 
беттеген  мақсаты, 
көптің  өміріне  қозгау  салган  әсері,  көптің 
аузында  неше  алуан  әңгіме  болып  қалады.  Бул  әңгімелердің  көбі сол 
оқигалардың  ішінде  болган,  көзі  көргеннің  әңгімесі.  Сондықтан  сөзі 
мен суреттерінің шындыгы көбінесе даусыз»,- деген анықтама береді 
[376,  140-141  6.].  Тарихи  жырлар  қатарында  «Кенесары-Наурызбай», 
«Исатай-Махамбет», «Бекет батыр» үлгілері әдеби түрғыдан талдауға 
түседі.  Олардың  барлығы  әлі  жиналып  болмағаны;  нағыз  «тарихи 
өлендер»  басталатын  кезі  Абылай  заманынан  бері  қарай  екендігі; 
бүларды  ел  тіршілігінің  тарихы  тарихта  орын  алған  үлы  оқиғалар 
тудырғаны  сөз  болады.  Сондай-ақ  осында  қарастырылған  тарихи 
кезеңге 
байланысты: 
«Халел 
Досмүхамбетовтың 
«Исатай- 
Махамбет» жырының  басына жазган баяншысы мен Қошмухамбет 
Кемеңгеровтың  «Қазақ  тарихынан»  деген  еңбектерін  қарап  өтсін 
дейміз»,-  деген  [376,  143  б.]  ғалым 
пікірі  беріледі.  Демек  бүл 
кезеңдегі  тарихтан  көбірек  мағлүмат  алу  үшін  аталған  еңбектерді 
қарап  шығу  қажеттілігі  ескертілуі  ғалым  пікірінің  маңыздылығын 
арттырады. *
Еңбекте  ертегі  жанры  да  сарапталған  [376,  168-171  б.].  Жанрлық 
ерекшелігі  де т.б.  неғүрлым  аз  сөз  болған-  осы  ертегі  жанры.  Мүнда 
ғалым: 
дүниенің 
жасырын 
сырларын 
ашуды 
мақсат 
ете 
бермегендіктен,  халық  өзіне  белгісіз  заттың  барлығының  себепшісі 
қүдай  деп  табынған  түсініктің  ертегілердің  пайда  болуына  ықпал 
етгі  дегенді  айтады.  Оларды  зерггеуші  өңгіме  жанры 
деп 
қарастырған.  Одан әрі ғалым ертегілер ішіндегі адамдар ерекше  істер 
істейтінін,  олардың  әр  түрлі  күйге  түсіп  қүбылатынын  сөз  қылады. 
Ертегі оқиғасы өрістеген орын да, оның мезгілі де  белгісіз болатыны, 
яғни  әдеттегі  жай  өмірден бөлек,  өзгеше  болып  жасалатын  әрекеттер 
ертегі де  дағдылы іс болып саналатыны, ертегі сөзін  түгелімен ойдан 
шығарылған  деп  есептеуге  келмейтіні,  онда  ескі  заман  үғымының 
сақталып  қалғаны  ғалым  тарапынан  сөз  етеді.  М.Әуезов  ертегілерді 
іштей  әуез  ертегі,  салт,  яки  үлгі  ертегі,  мысқыл-мазақ  ертегі,  өтірік 
әңгімелер түріне ажыратқан. Мүндағы ертегілерді іпггей жіктеу үлгісі 
қазіргі  фольклортану  ғылымында  қолданыста  жүрген  қиял-ғажайып, 
түрмыс-салт,  хайуанаттар  жайындағы  ертегілер  атауына  мүлдем 
сәйкес  келмейді.  Демек ертегілерді бүлай  ажырату  себебін  ғалымның
296

арнаулы 
фольклортанушылық 
білімі 
болмауымен, 
әрі 
ертегі 
жанрының 
өзіндік  ерекшеліктерін  т.б.  ескермеуімен  түсіндіруге 
болады.  Бүған  сондай-ақ  сол  кездегі 
фольклортану  ғылымының 
балаңдығы  да,  яғни  бұған дейінгі  еңбектерде тұщымды  зерттеулердің 
т.б. болмауы да әсер етті.
Дегенмен,  ғалым  М.Әуезов  ертегіге:  «Кейбір  ертегілер  ескілікті 
дуниені  тусінуін  білдіретін  болып  сол  ескі  замандагы  угымның 
белгісін  сақтап  қалганы  бар.  Ондай  ертегілерді  ескілік  әңгімесін- 
әуезе дейді»,-  деген анықтама береді  [376,169 6.].  Ал,  бұған қандай 
ертегілер  жататыны  турасында  мысалдар  берілмеген. 
Ал,  келесі 
ертегі түрін:  «...  сол ескілікті угымды  білдірумен бірге елдің ескі салт 
әдетін  де  білдіретін  болады. 
Белгілі  улгі-өсиет  шыгаратын  да 
ертегілер бар.  Буларды  салт  ертегісі,  яки  улгічі ертегі дейді»,-  деп, 
ғалым  дәлел  ретінде 
«Құла  мерген»  ертегісін  келтіреді.  Демек 
мұндағы 
сөз  болып  тұрған  ертегі  түрі  қиял-ғажайып  ертегіге 
үқсайды.  Сондай-ақ  бүл  ертегінің 
қоғамда  атқаратьга  тәрбиелік 
кызметіне де ғалым  ерекше  мән берген.
Еңбекте «Айтыс өлеңдері» де сөз болады  [376,  171-191  б.].  Мүнда 
ғалым:  ауызша  әдебиет  ішінде  айтыстың  көп  кездесетінін;  айтыс 
болмаса,  ойын-тойдьщ  кызықсыз  өтетінін;  айтыстың  әлі  күнге  шейін 
жазылмай,  жиналмай  жүргені  толып  жатқанын;  қазақ  дәстүрінде 
айтыстың өте жанды, өте қызулы, бағалы екені сөз болады.  Сондай-ақ 
өзге  жүрттың  әдебиет  тарихында  айтыс  туралы  бөлімнің  жоқтығын; 
суырып салма ақындар ерекшелігін; айтыста білім таласы, жүмбақ пен 
ой  тартысы  болатынын  т.с.с.  жан-жақты  талдайды.  Мысал  ретінде, 
«Біржан  мен  Сара»,  «Мүрат  пен  Жантолы»,  «Кемпірбай  мен  Шөже» 
«Сабырбай  мен  Тасыбай»  т.с.с.  айтыстарынан  үзінділер  келтірілген. 
Одан  әрі  «Билер  айтысы» 
[376,  188-191  б.]  және  «Зар  заман 
ақындары»  сөз  болады  [376,  192-234  б.].  Бұлар 
өзінің  тегі  мен 
табиғатына қарай қазақ халық ауыз әдебиетінен гөрі ауыз әдебиет пен 
жазба  әдебиетке  жақын  болғандықтан  кеңірек  тоқталуды  жон 
кәрмедік.
Қорьгга  айтқанда, 
М.Әуезовтің  «Әдебиет  тарихы»  атты 
монографиясы  XX  ғасырдың  бірінші  жартысында  жаңа  ғана 
калыптасып  келе  жатқан  казак  фольклортану  ғылымында  қазақ 
фольклорын  зертгеудің  т.б.  бастау  көзі 
болғаны  анық.  Бүл  кітап 
ғалымның 
қазақ  фольклоры 
тарихын  жасау  жолындағы  түңғыш 
талпынысы,  әрі  осы  салада  жазылған  күрделі  еңбек  екені  сөзсіз. 
Кенес  өкіметі  орнасымен-ақ  Қазақстанда  ана тілінде  оқылатын  сан 
түрлі  оқу орындары  қаптай  ашылып,  қазақ тілі  мен әдебиеті  арнайы 
пән  ретінде  түңғыш  рет 
оқыла  бастауы-  осы  салада  жазылатын
297

оқулықтарға деген талап-тілекті  күшейткені  анык.  Бүл еңбекте алғаш 
рет  қазақ  фольклорының  жанрлык  ерекшеліктері,  түрлері,  оларға 
берілғен түңғыш  анықтамалары  т.б.  қамтылған.  Зерттеу  нысанасына 
алынған 
белгілі  бір  фольклорлық  шығарма 
әрі  тарихи,  әрі 
типологиялық  принцип түрғысынан  саралануы  -  сол  кез үшін  айта 
қапарлықтай  сонылық, 
жетістік  еді.  Демек 
бүл  еңбекті  жазу 
барысында  автор  үстанған  бүл  әдіс-  тәсілдер  әлі  күнге  дейін  әрі 
практикалық,  әрі  методологиялық маңызын жойған  жоқ және  кейінгі 
зертгеу жүмыстарына  үлгі болғаны күмәнсыз.
Белгілі 
қоғам 
қайраткері 
Х.Досмүхамедүлының 
қазақ 
фолыслортану  саласындағы  еңбектері  назар  аударарлық  [377]. 
Зерттеуші 
Р.Т. 
Әлмүханова 
диссертациясында 
[378]
Х.Досмүхамедүлының  әдебиет  зерттеушісі  ретінде:  өмірбаяндық 
деректеріне қатысты  Қазақ білім комиссиясындағы,  «Сана» журналы 
мен  «Талап»  қауымындағы  қызметтері:  Абай,  Махамбет,  Шернияз, 
Нысанбай, Мүрат, Базар ақындар туралы білдірген пікірлерімен қатар, 
аталып  отырған  ғалымның  фольклортанушылық  қызметі  де  арнайы 
сөз  болған.  Яғни  онда:  «Қазақ  халық  әдебиеті»  баяндамасы  мен 
«Аламан» 
жинағына  жазған 
алғысөзінің 
мән-маңызы,  қазақ 
фольклорының  жүйе  кестесін 
жасаушы  ретіндегі 
т.б.  еңбегі 
сараланған.
Х.Досмүхамедүлы  Батыс  Қазақстанның 
фольклор  мен 
ауыз 
әдебиеті  үлгілерін  жазып  алумен  шүғылданған.  Ташкент  қаласында 
шығып  түрған  баспасөз  беттерінен  ол  жинаған  халық  әдебиегі 
үлгілерін басылып отырған.
Х.Досмүхамедүлының фольклортану саласындағы  оқшау түратын 
еңбегі-  «Қазақ халық  әдебиеті»  атты  (1928)  очеркі.  Бүл  очерк  іспетгі 
баяндама  көлемі  жағынан  басқа  зерттеу  кітаптарына  қарағанда  аз 
көрінгенмен, 
маңыздылығы 
жағынан 
көтеретін 
жүгі 
мол 
болғандықтан, монография  бөлімінде қарастыруды жөн көрдік.
Х.Досмүхамедүлының  «Қазақ  халық  әдебиеті»  атты  баядамасы 
XX ғасырдың 20-шы жылдары Ташкенттен Қазақ жоғары  педагогика 
институтыньщ қазақ тілі  кабинетінде оқылғаны белгілі  [379,14-34 б.]. 
Мүнда  ол  халық  ауыз  әдебиетінің  түрлерін  жіктеуді  мақсат  еткен. 
Ғалымның  белгілі  зерттеушілер  В.В.Радлов,  Г.Н.Потанин,  Ә.Диваев 
т.б.  еңбектерімен  жақын  таныс  болуы  фолькпордың  жанрларын 
топтап,  саралауына  көмегін  тигізді,  Мәселен,  өз  баяндамасының 
алғысөзінде:  «Орыс  одебиетінде  қазақ  халық  әдебиеті  туралы  сан 
жагынан недәуір мақалалар болганымен букіл халық әдебиетін тугел 
қамтитын жуйелі  де толық очерк жоқ»,-  деуінен [379,14 б.], біз сол 
кездің  өзінде-ақ  қозғалган  осы  тақырыптың  көкейкесгілігін  танумен
298

қатар,  соған  қатысты  біраз  еңбектерді  Х.Досмүхамедүлының  өзінше 
қарастырғаньш  көреміз.  Яғни  ғылыми  еңбек  жазудың  алғышарты  - 
өзіне  дейінгі  еңбектерді  міндетгі  түрде  қарастыру  болса,  ол  шарт 
орындалған.  Демек  XX  ғасырдың  басында  қазақ  фольклортану 
ғылымынын  өз  алдына 
жеке  қалыптаса  бастағандығы  осы 
еңбектердің  өзінен  байқалады.  Сондай-ақ:  «Ал  жекелеген  мақалалар 
арнаулы  журналдар мен  басқа да мерзімді  басылымдарда  шашырап 
жатыр, сондықтан маман емес адамға (гіпті кейде мамандардың өздері 
де)  олармен  танысу  мүмкін  емес»,-  деген  пікір  де  назар  аударарлық 
[379,  14  б.].  Міне,  бүл  үзіндіден  фольклорды  кең  таратып, 
фольклортануды кеңейту үшін бір мерзімді баспасөздің  жетімсіздігін, 
шығарылған  үлгілердің  таралымы  аздығын,  ал  сатып  алу  үшін 
халықтың  (әл-ауқатының  төмендігінен)  шамасы  келмеуімен  қатар, 
сондай-ақ  жалпы  бүхаралық  кітапханалардың  жоқтың-қасы  болуы 
т.б.  -бөрі  XX  ғасьф  басында  қазақ  фольклортану  ғылымының 
кенжелеу  себептерін  танытса,  сондай-ақ  фольклортанушылық  білімі 
бар  арнайы  маманданған  ғалымдардың  аздығы  да  осы  мешеулікті 
негіздегенін аңдаймыз.
Осындай  кедергілерге  қарамастан  Х.Досмүхамедүлы  өзінің 
алғысезінде  қазақ  фольклортану  ғылымы  алдында 
түрған  басты 
максат  пен  міндеттерін  айқындап  берерлік,  қазақ  фолыспортану 
ғылымының  бай  тарихын  жүйелі  зерттейтін  т.б.  жоба-үлгісін  де 
үсынады:
-  қазақ  тілінде  де  халық  әдебиегін  азды-көпті 
болсын  толық 
камтитын шолу жасау;
-  мүмкіндігінше  қазақ  халық  әдебиеті  мазмүнын  баяндау,  жіктеп, 
жіліктеу;
- үлгілердің бүлақ көздерін ашу;
- халық әдебиетінің даму тарихын анықтау;
-  әдебиетгің  жан-жақты  дамуына  ықпал  еткен  себептер  мен 
жағдайларға көңіл бөлу;
-  сырттан  болған  әсерлер  мен  қазақтарға  туыстас  халықтардың 
халық әдебиеттері  мен өзара ауыс-түйіс мәселелеріне тоқталу;
-  хальгқ  әдебиетінің  негізінде  қазіргі  еуропаланған  казақ  көркем 
өдебиетінің  дамуын дәйектеу;
-  бүл  жаңа  алғышарттардың  жаңа  өдебиеттің 
жекелеген 
өкілдеріне тигізген ықпалын саралау;
-  халық  өдебиетінің  қазақ  ғылыми  әдебиетін  қалыптастырудағы 
мәнін сараптау;
-  қазақ  халкының  тарихын, 
қоғамдық  дамуын  және  түрмыс- 
тіршілігін,  сондай-ақ  қазақтың  жеке  басын  (мінез-қүлқын 
танып
299

білудегі  орны  т.б.  [379,14  б.]  тәрізді  өзекті  мәселелердің  казіргі 
таңда  фольклортану  ғылымында  зерггеліп  жатқандығын  діттеу  т.б.  — 
бәрі 
ғалым 
Х.Досмүхамедүлының 
XX  ғасыр  басында  айтқан 
пікірлерінің 
өміршеңдігін,  сол  арқылы  қазақ  фолыслортану 
ғылымына  қосқан өлшеусіз еңбегін танытады.  Міне,  бүдан  ғалымнын 
фольклорды  іштей  жіктеуді  мақсат  етумен  қатар  бүл  салада  да  түрлі 
кемшіліктердің 
боларын  алдын-ала  есепке  алып, 
оларды  түзету 
жолдары  мен  кейінгі  ізденістердің  ауқымды  екеніне  де  баса  назар 
аудартқан.  Дегенмен  фолыслорды 46 жанрға інггей жіктегенде  [379,35 
б.],  ғалымның үстанғаны- әйтеуір фольклорлық терминдерді  көбейте 
беру  емес,  қазақ  фольклорының 
жанр  жағынан  қаншалықты  бай 
екендігін  таныту  мақсатынан  туындаса  керек.Оған  дәлел-  аталған 
қайраткеріміздің  мына  бір  пікірі:  «Біз  бүл  очеркімізде  тек  қазақ 
халық  әдебиетінің болмыс-  бітімін хатқа  түсірдік,  қолдан келгенше 
жүйелі де айқын  классификациялап, әрбір  бөлімнің мазмүньга ашып, 
бастау- бүлақтарын  аныктап және оның  қазақ, орыс тілдеріндегі  бар 
үлгілерін  корсетуді  мақсат  түтып  отырмыз. 
Халық  әдебиетін 
жүйелеудің  тырнақалды  тәжірибесі  болғандыктан  біздің  очеркіміз 
түтастай,  әсіресе  классификациялау 
бөлімі  кемшіліктерден 
қүр 
алақан  болмаса 
керек, 
ал  оларды 
түзету  кейінгі 
ізденіс- 
зерттеулердің  міндеті болмақ» [379,14-15 б.].
Сонымен қатар:  «XIXеасырдың екінші жартысынан бастап қазақ 
қауымының  турмыс  тіршілігі  өзгеріске  үшырай  бастады,  ал  бул 
өзгерістер  халық  әдебиетінің  даму жолына  да  ықпал  тигізді»  [379, 
15  б.]-  дейді.  Демек,  халықтың  әлеуметгік-экономикалык,  мәдени 
дамуының  әсерінен  фол^клор  үлгілерінің  із-түзсіз  жойылып  кетпеуі 
үшін,  халық  әдебиетінің  барлық  үлгілерін  жинау  мен  хатқа  түсіру 
керектігіне  ғалым баса  назар  аудартқан.
Зерттеуші  сонымен  бірге: 
«Қазақ  әдебиетінің 
негізін  халың 
әдебиеті қурайды.  Қазақтың халық әдебиеті саны жагынан аса  бай, 
мазмуны жагынан  өте алуан турлі.  Қазақтың жеке өмірінің барлық 
сәттері-  туганнан  бастап  өмірден  озганга  дейін,  сондай-ақ  тутас 
халықтың  немесе жеке рудың  ңогамдың өміріндегі  барлық  оқигалар 
халық  әдебиетінде  жырланады»  [379,  15  б.],-  дейді.  Демек  ғалым 
халық  әдебиетін 
жалаң  сөз  өнері  деп  қана  танып  қоймай, 
оны 
халықты  танудың  қайнар  көзі  ретінде  әдет-ғүрып,  наным-сеніммен 
байланыстыра, 
яғни  этнографиялық 
мәлімет  пен  қатар 
ел 
тарихыньвд 
дерек  көздері  есебінде 
қарастырган.  Сонымен  қатар 
шілдехана,  бесік  жырынан  үзінді  келтіре  отырып,  олардың  қай  кезде 
айтылатынын,  тәрбиелік  қызметін,  бала  тілінің  дамуы  мен  жеке 
адамның  калыптасуындағы  рөлін  дүрыс  ажыратады  [379,  15-16  б.].
300

Демек  Х.Досмүхамедүлы  фольклорды-  халықтык  педагогиканың 
(этнопедагогиканың) бір кайнар көзі ретінде қарастырғанын көреміз.
Осы  орайда  аталған  баяндама  ішінде  мүндай  үлгілердің  жалпы 
саны  14 болса да,  олардың кайдан,  кімнен алынғандығы  т.б.  жөнінде 
мәліметтер  берілмеген.  Алайда 
баяндама  соцында  «Қазақ  халық 
өдебиетінің 
үлгілері» 
деген 
[379,35-37 
б.] 
атпен 
белгілі 
фольклортанушы  ғалымдар:  В.В.Радлов,  Я.Я.Лютш,  Ы.Алтынсарин, 
Ә.Диваев,  А.Е.  Апекторов,  Н.И.Ильмннский,  Г.Н.Потаниннің  т.б. 
жинаған  фольклор  үлгілерінің  жарық  көрген  тізімі  берілуінен, 
баяндама  ішінде  келтірілген  мөтін  үзінділері  осы  аты  атапған 
қайраткерлер 
еңбектерінен 
алынған 
деп 
ойлауға 
болады. 
X.  Досмүхамедүлы  казақ  фольклортанушы  ғалымдары  арасьшда 
алғашқылардың  бірі  болып  қазақ  фолъклорының  басылым  көрген 
мәтіндерінің  библиографиялық  көрсеткішін  жасауға  да  тырысты, 
яғни  үлгінің  қай баспадан,  қай  жылы,  қай жерде  және  кімнің атынан 
басылым  көрген  тәрізді  т.б. 
мағлүматтарды  бір  арнаға  жинап, 
жүйелеуді мақсат еткенін көреміз.
Х.Досмүхамедүлының  фолыслорды  жіктеген  кестесінде  эпостық 
шығармалардың  батырлық  жырлар,  тарихи  жырлар  және  түрмыстық 
жырлар  түрлері  дүрыс  ажыратылған.  Соңғысына,  лиро-эпикалық 
шығармаларға:  «Қыз Жібек»,  «Айман-Шолпан»,  «Қозы Көрпеш-  Баян 
сүлу» т.б. жырлары түңғыш рет  жатқызылып отыр.
Мәселен,  Х.Досмүхамедүлы  «ғашьпсгық  әдебиет»  дегеңце:  «... 
негізінен  жастар  өміріне  қатысты  және  мазмуны  жагынан  өте 
бай,  лиризмге  толы,-  дей  отырып  [379,16  б.],-  гаіиықтық  әндерде 
махаббат,  суйіктісінің  көрікті  келбеті,  онымен  қосылам  ба  деген 
уміт  ,  ол  жоқ  сәттегі  сагыныш  т.б.  тақырыптар  жырланады»,- 
дейді.  Бүл  анықтама  халық  ауыз  әдебиетінен  гөрі,  көбінесе  жазба 
әдебиетке, 
оның  ішінде  махаббат  лирикасына  жақынырақ  келеді. 
Ал,  өз  пікірлерінің  дүрыстығьша  дәлел  көзі  ретінде  «Ер  Тарғын» 
жырынан үзінді келтіруі, шамасы,  эпостық жырлар  негізінде осындай 
ғашықтьпқ жырлар жатыр  деген ойды жеткізу  үшін альгаса  керек.
Одан  әрі  галым  үйлену  той  жырларына  тоқтала  отырып,  оны 
іштей  айтылу  ерекшелігіне  қарай  жар-жар,  тойбастар,  беташар  деп 
үшке  бөледі.  Баяндамада  фолыслор  үлгілері  сондай-ақ: 
қопггасу, 
сыңсу, 
көрісу,  сәлем,  сәлемдеме,  жерлеу,  мақгау  т.б. 
жырлары 
болып,  түрленіп, 
өрқайсысы 
5-20 
шақты 
сөйлем 
көлемінде 
сипаттальш,  олардың 
іппсі  өзіндік  ерекшеліктері  анықтама  түрінде 
беріледі [379,17-20 6.].
Х.Досмүхамедүлы  халык  вдебиетінде  сатира  мен  иронияның  да 
көрнекті орын  алатынын дітгейді:  «...Сатира жеке адамга,  тутас ру
301

мең 
белгілі бір уақигага,  болмаса  қарсыласының не щауьшың
щақпщгцн  зртына  қорсы  багытталады.  Сагпира жеке бір  афамның  , 
{пущад  ру  мен  атаның 
мінез-қасиетіндегі  жаман'
жақпЩры 
(сдраңдық,  (шрцқордық,  әдідетсіздік,  қорқақтық,  озбырлық.  қ$містік 
т .й і мең  ртқһщн,  тіптен  семьяның  ішкі  моселе/іерін  де  тіэбелеп, 
%0(іқе  әщқере етеді.  Қандай да бір тауып айтылган бір шумақ әжуа 
өлең кейде  бүкіл Қазақ даласына  тез таралып,  мәтелге айналып та 
қетеді»  [379,20  б.] 
дейді.  Біздіңще,  бүлзрды  X-  Досмүхамедұлы 
фольклор  жанрына  жатқызудан  гөрі  фольклорда 
қолданылатын 
бейнелеу күралы  ретінде қарастырған [380] тәрізді.
Ғалым  саралаған  ырым,  түс  жору,  дем  салу,  бал  ашу,  үшкіру 
тәрізді  емшілік 
әдебиетке  қатысты  жактары  т.б.  үзак  уакыт 
фольклорды  зерттеушілердің,  фольклор  үлгілерін  жинаушыпардың 
тарапынан тыс қалып келді.  Ал, ғалым баяндамасында  аңыз, шежіре, 
батырлық жырлар, ғашықтық жырлар мен айтыс үгымдарына қатысты 
толыққанды  анықтамалар берілмесе де, сол жанрларға  мысал ретінде 
келтірген  фольклор  үлгілері  [379,26-28  б.]  қазіргі  фольклортану 
ғылымы  талабымен  қарастырғанда,  сол  фольклорлық  жанрларға 
дәлме-дәл келуі т.б. -  бәрі  X. Досмүхамедүлының өз алдына  қойған 
мақсаты  мен  түпкі  ойының  дүрыс  екендігін  дәлелдейді.  Сондай-ақ 
ғалым:  «қазақтың  боғауыз  мақалдарының кейбірін  Ә.Диваев жинап, 
түңғыш  рет  1900  жылы 
Ташкент  қаласында 
қолжазба  күйінде 
жариялап таратты»  [379,  29 б.],- деуінен,  біз XX ғасырдың  басында 
қазақ  мақалдарының 
жариялану  тарихына  қатысты  қүнды 
мағлүматтарды да  табамыз.
Баяндама соңында:  «Хапық әдебиетінің тілінің формасы ңегізінен 
өлең сәз түрінде болып  келеді.  Ал қара сөзбен  кобінше ертегілер мен 
түрлі 
хикаялар  айтылганъшен,  влең  формалы  ертегі  де 
мол 
үшырасады»  [379,  31  б.],-  дейді.  Ендеше  ғалым  фольклордың  қара 
сөзбен  жазылған  прозалык  үлгілерімен  қатар,  поэзиялык  үлгілері  де 
көп  кездесетіне  мән  бергенің  көреміз,  X,  Досмүхамедұлы:  «Халық 
әдебиетін  тудырушы 
және  сақтаушы  қазақ  халқының  озі 
болганымен, 
халық  творчествосын  жарқыратып  корсетущілер: 
өлеңшілер ,  халықтың  суырып салма ақындары жоне  халық билері» 
[379,32  б.],-  дей  отырып,  фольклор  үлгілерінің өмір  сүру  жағдайьща 
да  мән  беріп,  оны  орындаушыларға 
алғашқылардың  бірі  болып 
көңіл аударады:
- фольклорды тудыратың адамдар;
- жер-жерде тарататындар;
- тіл тазалығы үшін күресетіндер;
- ұрпактан-үрпаққа жеткізетіндер;
302

-  халык  әдебиетін  жасаушылардың  есімдерінің  сақталмай  калу 
себептері;
-  үлгілердің  белгілі  бір  себептермен 
авторы  белгісіз,  халыктык 
шығармалар қатарына  қосылуы, т.б. сөз болады.
Одан  әрі  зерттеуші  түйіні  фольклорлық  нұскалардың  өмір  сүру 
формалары,  ауызекі  дамуы,  көп  варнантты  болуы  т.б.  [379,32  б.] 
бәрі  халыктың 
өткен  тарнхымен, 
айтушылардьщ  есте  сақтау 
кабілетімен  , ең бастысы,  мәдени  мүраға дегеи  елдің сүйіспеншілігі, 
өткенге  күрметі,  рухани  күш-  қуатымен  т.б.  байланысты  дегенге 
әкеледі.
Сондай-ақ  ғалым  ел  арасында  кең  тараған  нүскалардын  көп 
нүскалы  болу  себептерінің  тегі  мен  табиғатына  да  токтала  кетеді 
[379,33 б.].  Нұска неғұрлым көне болған сайын  нұсқалары да көбейе 
түсетіндігін  дәлелдеуге  тырысқан  ол,  сол  үлгілардің 
бойында 
коллективтік  шығармашылықтың  белгілері  кездессе,  сөз  жок,  халық 
әдебиегіне жататынын дітгейді.
Одан әрі XX ғасырдың бірінші жартысында қазақ фолыслорын  әрі 
жинаған,  әрі  жариялаған,  әрі  зерттеген  ғалым  Ә.Диваевқа  қатысты 
құнды  деректерді  де  келтіреді:  «Қазақ  халық  әдебиетінің 
нагыз 
жинаушысы этнограф Әбубәкір Ахметжанулы Диваев болды. Қырық 
жылдан  астам  уақыт  бойы,  ол  шаршамай-талмай  қазақ  халық 
одебиеті  улгілерін  жинады,  жуйеледі  және  орыс  тіліне  аударды. 
Диваевтің  жинаган  материалдары,  негізінен  Сырдария  облысынан, 
200  баспа табаққа  жуықтайды;  олардың  толық тізімі  1922 жылы 
Ташкент  қаласында  шыққан  «Наука  и  просвещение»  журналында 
берілген. 
Олардың  86  баспа  табагын  Диваев  революцияга  дейін 
орыстың  турлі журналында бастырган» [379,33 б.],- дейді.
Түйіп  айтқанда,  XX  ғасырдың  алғашқы  жартысында  Халел 
Досмұхамедұлы  «Қазақ  халык  әдебиеті»  атты  очеркісінде  алғаш  рет 
казак  фольклортану 
ғылымының  бай  тарихын  жүйелі  зерттейтін 
жоба-үлгісін  жасады.  Ғалым  өз  еңбегінде  өзіне  дейінгі  еңбектерді 
міндетті  түрде  қарастырған.  Сол  арқылы  ғылыми  еңбек  жазудын 
алғышартын орындаған. X. Досмүхамедүлы халық әдебиетін сөз өнері 
деп қана коймай, сондай-ақ халыкты танудың әрі  этңографиялық, әрі 
тарихи  дерек  көзі 
ретінде  дұрыс 
бағалаған.  С/эйтіп,  ол  қазақ 
фольклортанушы  ғалымдары  арасында  алғашқылардың  бірі  болып 
қазақ  фольклорының  библиоғрафиялык  көрсеткішін  даярлады. 
Фольклорды 
зертгеумен 
қатар 
Х.Досмүхамедүлы 
олардың 
орындаушьшарына да алғаш  назар аударды, жүйеледі.
Ғалым  саралаған  ырым,  дем  салу,  үшкіру,  бал  ашу,  түс  көру, 
қарғыс  сиякты  фольклор түрлері ұзақ уақыт фольклортанушылардың,

фольклор  үлгілерін  жинаушылардьщ  тарапынан  тыр  қалып  келуі,- 
бәрі  ғалым  X.Досмүхамедүлы  еңбегінің  маңыздылығын  арттырары 
созсіз.
Сондай-ақ  ғалым  Х.Досмүхамедүлы  еңбегінде  казак  халык 
әдебиеті 
жіктемесінде 
берілгеы: 
ырым 
сөз, 
әпсэна, 
хикая, 
космогониялық  әңгімелер,  бақсының  жын  шақыруы,  арбау,  қүмалақ 
ашу,  жауырын  қарау,  боғауыз  өлен  тәрізді  т.с.с.  түрлері  алғаш  рет 
зерттеушілер  назарына  үсынылғаны,  сөз  жоқ,  XX  ғасырдың  20-шы 
жылдарындағы қазақ фольклортану ғылымы жеткен жетістігі болды.
XX  ғасырдың  басында  М.Әуезов  қазақ  халык  ауыз  өдебиетін: 
сыршылдық  салт  өлеңдері,әңгімелі  өлеңдер, 
айтыс-тақпақ,  ертегі, 
мақал, мәтел, жүмбақ деген жанрларға бөлгені белгілі.  1930 жылдары 
С.Сейфуллин  де  қазақтың  халық  поэзиясын  осы  тектес  жанрларға 
бөліп 
қарайды. 
Тек 
С.Сейфуллиннің 
принципі, 
көзкарасы 
М.Әуезовген  бөлек  болды.  Ол  фольклорды  таптық  түрғыда 
қарастырады,  ал  бүл  сол  кездегі  М.Әуезов  еңбегінде  жоқ.  Олардың 
үқсастығы-  жанрльщ  жіктеуде  ғана,  ал талдау  шарттары,  методикасы 
әр  басқа.  Кей  тұста,  фольклордың  өмір  сүру  жағдайын  айқындауда 
С.Сейфуллин  үлкен  білгірлік  көрсетіп,  М.Әуезовтен  асып  түсіп 
жататын  жерлері  бар.  Мәселен,  С.Сейфуллин халық ауыз  әдебиетінің 
жасалуы 
феодализм 
дәуірі- 
«билер 
дәуірі» 
деп 
меңзейді. 
Қазақстанның  Ресейге  қосьілғанына  дейінгі  қазақ  халқының  өсіп- 
өркендеуін 
ол 
жазба 
әдебиетіміздің 
тууымен, 
ақындар 
творчествосымен 
байланыстырады. 
С.Сейфуллиннің 
пікірінше, 
феодализм  дәуірінде  әңгіме-ертегілер,  салт  жырлары,  төрт  түлік  мал 
туралы,  түрлі  хайуандар  туралы  жырлар,  өлеңдер, 
билер  сөзі, 
макалдар,  жастық  ойын,  тақпақтар,  күлкілі  өлеңдер  пайда  болған 
[381].  С.Сейфуллин  өзінің  кітабында  қазақ  эпосы  тым  ертерек 
кезеңде-  ноғайлы  мен  калмақ  руларының  жауласуы  түсында  шыға 
бастағандығын  айтады  [381,  8-31,  163-225  б.].  Ал  мүнан  былайғы 
жердегі  эпостың  тағдырын,  ол  ХУШ-ХІХ  ғасырларда  қазақ  халқы 
мен  жоңғарлар  арасында  болған  тарихи  күреспен, 
«Ақтабан 
шүбырынды»  оқиғасымен байланыстырады [381,28 б.].
Халық  ауыз  әдебиетін  зертгеуде  1920  жылдар  мен  1930 
жылдардың басында М.Әуезов пен С.Сейфуллин еңбектерінің дүниеге 
келуі  үлкен  жаңалық  болды.  Дегенмен  сол түста  халық  поэзиясының 
әлеуметгік-  таптық  мазмүны  жайындағы  мәселелер  бүл  еңбектерде 
қарастырылмады  деген  сыңаржақ  пікірлер  де  айтылады.  Жанрларды 
сипаттау  үшін  пайдаланған  текстерінің  ішінде  қалай  болса  солай 
кеткендері  де  кездеседі  дей  отырып,  М.Әуезов  пен  С.Сейфуллин  де 
қазақ  халык  ауыз  әдебиетінің  тәуір  үлгілерінін  катарыңа  сол  кезде
304

зиянды деп табылған  «Кенесары-Наурызбай»  тәрізді  жырларды,  здр 
іаман  жайындағы  өлеңдерді  т.б.  қосқан  деп  айыпталды.  Міне,  сол 
к?здегі  ғалымдарға  тағылған  сын-пікірлердің  қазір  орынсыз  екеңі 
аныкталды. Демек бүлар кезең ерекшелігі болып табылады.
Қазан  төңкерісінен  кейінгі  Кеңес  үкіметі  дәуірінде  1932  жылы 
«Қазақстан»  баспасынан  Сейфолла  ұлы  Сәкеннің  «Қазақ  әдебиет|» 
атгьі бірінші кітабы  (Билер дәуірінің әдебиеті)  шыққаны мөлім  [382]: 
Қітап латын  әрпінде  10 000 дана болып,  оның ішінде:  сөз басьі;  қазақ 
тарихынан  қысқаша  мағлұмат;  қазақ  атанған  рулардың  ескіліктегі 
түрмыс күйі,  санасы, тіп өнері  туралы деректерді  шолу; ауыз  әдебиегі 
және  оның  дәуірлері;  билер  заманынан  қалған  әдебиет  ңұскаларьша 
т.с.с.  арналған  такырыпшалармен  бірге  [382,3-42  б.]  үлкен  екі  бөлім 
орын  алған. 
Бірінші  бөлім  іштей:  ертектер;  салт  өлең-жырлары; 
ескілікті  дін  салтынан  туған  өлең-жьфлар,  тақпақтар;  мал  туралы, 
«кадірлі»  жануарлар  туралы  әңгіме,  елең,  күй  жырлары;  айтыс 
өлеңдері;  билер  сөздері  т.с.с.  берілген  [382,  143-153  б.].  Екінші 
бөлімде:  ертедегі  жырлы-әңгімелер,  яки  ноғайлы  дәуірінен  калғаң 
әдебиет нұсқалары;  батырлар әнгімесі (Едіге, Қобыланды, Ер Тарғын, 
Ер  Сайын,  Нөрікұлы  Шора,  Қамбар,  Алпамыс,  Ер  Көкше,  Ер  Қосай 
т.б. 
жырларының  кысқаша  әңгіме  мазмүны);  ескіліктен  қалған 
әңгімелердегі  көп  кездесетін,  үйреншікті  сөздер,  ауыскак  тақырып, 
ауысқак  жәйіттер;  ертедегі  жыр  әңгімелер  (Қозы  Көрпеш-Баян,  Қыз 
Жібек жырларының қысқаша  мазмүны) т.б.  сөз болады  [382,220-234 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет