Алдар көсе, тазша койшы, тағы баска казақ халық әдебиетінің
каһармандарына да рсы сиякты түсініктемелер берілген.
Ә.Диваев
ел
арасына
тараған
мәтіндерді
жазып
алып
і |
«Эгнографиялық
материалдар» деген атпен басрлрып отырған.
Мысалы,
Ә.Диваев
«Сырдария
аймағынуң
есеп-санақ
материалдарьшың жинағында» [186] және «Орта Азия» деген жинақта
і *
шығарма мазмүнын қарасөзбен орысшаға аударып, «Щора батыр»
үлгісін бастырған.
«Әйеке
болыстың
жоқтауы»
-
атты
кітап
Ә.Диваев
қүрастыруымен екі тілде қатар шыкты [187]. Мәтіннің араб әрпіндегі
түпнүсқасы Бодабай Қабылов айтуы бойынша берілсе, ал орыс тілінде
аудармасын Ә.Диваевтың өзі жасаған. Мәтіннің мүндай паспорттық
I •
деректері болуы кітаптың ғылыми сипат талабьша сай басылғанын,
әрі этнографиялық мақсатта жарияланғанын танытады.
Түйіп айтқанда, XX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазан
төнкерісіне
дейінгі
қазак
фольклорын
жариялауда
мынадай
ерекшеліктер көрініс тапты: біріншіден, фольклордың әр түрлі
;
жанрларыньщ жеке-жеке кітап болып басылуы жүзеге асты.
Екіншіден, кітаптың сыртқы мүқабасында араб әрпіңде міндетті түрде
тақырыбы,
шығарушысы,
бастырушысы,
басылым
корген
баспаханасы, қаласы, жылы т.с.с. көрсетіліп отырды. Және де
мәтіннің шыққан баспаханасының аты, қаласы орыс тіліне аударылып
басылды. Тіпті, кітаптың ішкі бетінде оның қай жылы, қай уақытта,
кімнің тарапынан т.б. рүқсат етілгені де ескеріліп отырды. Үшіншіден,
мәтін әрі қазақ (араб әрпінде), әрі орыс тіліндегі аудармасымен бірге
берілді. Алдымен орыс тіліндегісі солдан оңға қарай нөмірленіп
беріліп, ал араб әрпіндегі түпнүскасы оңнан солғц қарай жеке өз
алдына таңбаланды. Мәтіннің
екі гілде жариялаһуында бірнеше
максат көзделді: бірі, зерттеушілік істі жандандыру, яғни Ресей
ориенталистері мен түркітанушылары үшін бүл оте үтымды болды.
Екіншісі, оларға, егер казақ тілін білсе, мәтіннің түпнүсқасы берілді
де, қажет болса, қазакша мәтінін орысша аудармасы арқылы кең
танысуға мүмкіндік жасалды. Үшіншісі, түркітанушылар үшін қазақ
тілін нақгырақ зерттеу мүмкіндігін туғызды, тіпті қазақ сөзін қалай
жазу, оны қалай түсіну ғана емес, қалай аударуға болатынын да
байқау, тексеру керектігі пайда болды.
Төртіншісі, екі тідце
жарияланған фольклорлык матіндер, кәбінесе не орыс тілін меңгерту
I
үшін, не казақ тілін т.с. зерттеу үшін дерек көзі ретінде қызмет етті.
Бесіншісі, мәтіннің араб әрпіндегі түпнүсқасы, кириллица әрпіндегі
фонетикалык транскрипциясы мен орыс тіліндегі аудармасы бірге
берілді.
Сондай-ақ
жинақтың
әрі
алғысөзі
мен
ғылыми
117
түсініктемелері болуы т.б. басылымның ғылыми сараланымын
танытса, ал қалғандары бүкаралық, ағартушылық т.б. сипатта болды.
Алтыншысы, жарияланған фольклорлык мөтіндер әрі кітап, әрі
жинак, әрі хрестоматия, өрі оқу қүралы түрінде болсын, негізінен,
ғылыми,
ағартушылык,
бүкаралык,
тілдік,
этнографиялык,
фолыслористік т.с.с. мақсатты көздеді. Жетіншісі, фольклорды
жариялаудын негізгі талаптарына сай мәтіннің жазылынып алынуына
қатысты паспорттык деректер бірге берілді. Жөне де жинак,
хрестоматия ішінде мазмүны, алғысөзі мен ғылыми гүсініктемелердің
болуы қамтамасыз етілді, Кітапты жариялаушыға катысты деректер,
яғни мөтінді қүрастырушы есімі, баспахана, қала аты, басылған
жылы, баспаға цензураның рүқсат еткен күні т.б.- борі әрі қазақ, өрі
орыс тілдерінде қатар көрсетілуі шарт етілді.
2.2 Кецес өкіметі түсындағы жариялаудыц шарттары мен
түрлері.
ғасырдың бірінші жартысындағы
казақ фольклортану
ғылымындағы фольклордың жариялану жағдайын сөз етсек, 1930
жылдары
фольклорлык жариялымдардың ғылыми негізі қалана
бастағанын
көреміз.
Көптеген
жинақтардағы фолыслорлык
материалдардьщ
біршама
толық
түсініктемелермен,
әрі
косымшалармен бірге басылым көруі т.б,- бәрі коғамдык назарды
өзіне тартқаны / да анық.
Қазан төңкерісіне дейін шыккан
жинақтардың, расында, көпшілігі жоғары ғылыми жарияланым
талаптарына сәйкес келе бермейтіні де белгілі. Дегенмен олардың
фольклордьщ жанрлық ерекшелігін қарастыруға т.с.с. негіз қалағанын
ескерген жөн.
Үлы Отан соғысына дейінгі кезеңде хальпс мүраларын ғылыми
сипатта жариялау ісі Қазакстанның әр түрлі елді-мекендерінде де
жүзеге асырыдды. Сонымен қатар бүл басылымдарда фольклорды
жариялау ісін
тек дәстүрлі тәсілдермен
шектемей, өзіндік әдіс-
тәсілдерге
бару
талаптары
да
байкалды.
Басылым
көрген
жинақтардың біразы тілтану түрғысынан; диалектологияға
көңіл
бөлу; этнографиялық түсініктеме беру максатында; әдебиеттануға
т.б. арналып жүзеге асырылған. XX ғасырдағы Қазан төңкерісінен
кейінгі Кеңес өкіметі басшыларының дүрыс
саясаты т.с.с. қазак
фольклорын жариялауға өз әсерін тигізбей қоймады. Мәселен,^ 9^2
жылы
Ташкент қапасында белгілі фольклортанушы Ә.Диваевтың
«Батырлар» жинағының шығуының маңызы ерекше зор болды [188].
118
Бүл жинакка 7
жыр
енген: «Қобыланды батыр»- 158 бет;
«Нәрікүлы Шора>ь 23 бет; «Бекет батыр»- 27 бет; «Қамбар батыр>>- 39
бет; «Шора батыр»-56 бет;
«Мырза Едіге батыр» - 2 4 б е т / Бүл
үлгілердің
әрқайсысының
сырткы
мүқабасында:
«Әбубәкір
Диваевтын жинаған сөздері, Батырлар. Бірінші бөлім. Қазақша
«Қобыланды». Түркістан Республикасының баспасез шығарушы
мекемесі. Ташкент. 1922 жыл»,- деген тәрізді мәтіннің араб әрпіндегі
паспорттык деректері бар
[188,1 б.]. Одан әрі орыс тіліндегі
баспахана аты, мекені, жылы, сондай-ақ басылым данасының
таралым көрсеткіші (тираж 100000 - Н.Ж.) де бірге берілген. Ендеше
арнайы бір жанрға
арналғаи бүл жинақ сол кездегі
қазақ
фольклортану ғылымының жетістігі, жаңалығы болып табылады.
Жинакта одан әрі Қазак-кырғаз білім комиссиясы тарапынан сөз
басы орын алған. Онда: бүл мәтіндердін Түркістандағы Халық ағарту
комиссариаты
тарапынан
1920-ьшшы
жыл,
17-інші
майда
Ә.Диваевтан сатылып алынғаны айтылады. Сондай-ақ
этнограф
Әбубәкір Диваевтың, материалдарын қазақ Білім комиссиясы енді
ғана қолға апьга, іс жүзіне шығаруға кіріскені; нүскалардын көлемі -
198 баспа табақ болатыны; материалдардан іріктеліп, даярланып,
апдымен баспаға берілгендігі көрсетілген. «Батырлар» жинағы мына
ретпен қүрастырылған: 1) Қаракыпшак Қобыланды батыр, 2)
Нәрікүлы Шора; 3) Бекет батыр, 4) Қамбар батыр, 5) Шора батыр, 6)
Алпамыс батыр, 7) Мырза Едіге батыр»- бәрі 7 кітап. Сонымен бірге
Ә.Диваев материалдары ішінде
бүлардан басқа да
баспаға деп
даярлағандары тағы бар екендігі, мүнан бүлай олардың да ретімен
жарияланымға үсынылатыны ескертілген.
Алғысөзде «Шора батырдың» бір нүскасыи бүрынғы уақьпта
Ә.Диваевтың өз колынан бір Мүсіреп деген адам альш бермей кеткені
айтылады. Ел ішінде
«Шора батырды» өлеңмен айтып жүрген
акындар бар екендігі естілсе де, ол ақындарды бүл күнде қолға түсіре
алмағаны айтылады. Сонымен бірге бүл жинаққа үсынылып отырған
«Шора батыр» әңгімесінің 1920-ыншы жылы Ә.Диваевтың орысша
жазғанынан тәржімә етілгені; бүл жолы сол тәржімәні ғана түзетіп
баспаға бергендігі; парсыша кірген сөздердің де дүрысталғаны сөз
болады. Одан әрі «Нәрікүлы Шора», «Мырза Едіге батыр» өцгімелері
де жартылай кара сөз, жартылай өлең түрінде келетіні; олардың
қолдағы асыл
нүсқа бонынша алынғаны т.с.с.- бәрі де жинақ
қүрастырушы
қазак-қырғыз
Білім
комиссарнаты
тарапынан
түсіндіріледі [188,1-2 б .].
Сонымен қатар қүрастырушылар жинақ алғысөзінде «Алпамыс
батыр»
әңгімесіиің
Бүхара төңірегінде
отырған
Қарақалпақ-
119
Жиенмүрат дейтін бір бахшыдан алынғанын; «Алпамыстыц» ішінде
араб, парсы, сарт тілдерінен кірген сөздер көп болатынын; совы
колдарынан келгенінше түзеткенін сөз етеді. Және де «Қаракыпшак
Қобыланды батыр», «Бекет», «Қамбар» жырларының өлеңмен
айтылатынын, бүлардың қолда бар нүсқалар бой^ынша жіберіліп
отырғандығын ескертеді. Түркістандағы казак-кырғыздың бір бөлегі
өзбек, сарт, тәжікпен қоныстас, аралас отырады дегенді айта отырып,
осылардың көбі орынсыз өз сөздерінің орнына араб, парсы сөздерін
колданатынын тілге тиек етеді. Ал, тілдің бүзылмауы үшін мүмкіи
болған жерлерде мүндай сөздерді қазақшалау жүргенін мәлімдеуі
т.с.с. [188,2 б.] осы жинақ арқылы іске асқан. Міне, бүдан жинақтағы
мәтіндерді Түркістан Халық ағарту комиссариатының 1920 жылдың
17 май күні Ә.Диваевтан сатып ала отырып, жинаушы Ә.Диваевка
тиесілі еңбек акысын төлегенін білдік.
Ал, Халық Агарту
комиссариаты тарапынан жинақтың басылым көруінен т.б.- біз Кеңес
өкіметінің
фольклорға
деген
кызығылушылығының
артқанын
танимыз. Сол кездің озінде де жинақтың көлеміне, құрылысына, не
өлең, не қара сөзбен жазылғанына т.б назар
аударылғанын
байқаймыз. «Шора батыр», «Алпамыс батыр» төрізді жырлардың
зерттелу тарихына қатысты қүнды дерек көздерінің келтірілуімен
қатар, жинақтың әр бөлімінің алғысөзі де берілген. Мәселен, «Шора
батырдьщ» қара сөзден бөлек, өлеңмен де жазылған нүсқасы бар
екендігі, әзірге оньщ қолға түспегендігі ескертіледі. Ал, «Алпамыс
батыр» жьфы Бүхара төңірегінде отырған Қарақалпақ-Жиенмүрат
дейтін бір бахшыдан жазыльга алынғаны берілуі т.б.- бәрі әлемдік
фольклортану ғылымьшдағы фольклорлық нүсканың паспортын
толтыруда қажетті, маңызды дерек көздерін толтыру талабының
орындалғанын танытады. Демек мәтіннің жазылынып альшған жері,
үлгіні айтушыньщ есімі, тіпті оның кәсібі көрсетілуі т.б. дұрыс орын
алған. Ал, бүл жинақты жариялаудағы басты мақсат- ол халықты
сауаттандьфу, яғни ағартушыльпс мақсат. Сондай-ақ көпшіпікке
жақын, түсінікті фольклорды қазақ тілінің тазалығы үшін күресте
үгіт-насихат құралы есебінде қолдану кәзделді. Бұлар жинақтың
үтымды
жағы
болса,
ал,
кемшілігі-
мәтіндегі
сөздердің
қазақшалануы, бұрмаланып өзгеріске ұшырауы екені.
Жинақта «жинаушыдан бір-екі сөз» деген айдармен Ә.Диваевтьщ
1921 жылдың 26-ыншы декабрінде Ташкентте жазған
алғысөзі
берілген [188, 1-3 б.]. Онда ғалым Ә.Диваевтың 1878 -інші жылы
Түркістан аймағына келіп қызметке кіргені; сол кіргенінен Сырдария
облысындағы қайырымды, мейірман дос, аңқылдақ, ақпейіл көшпелі
қазақ халкымен танысып шүйіркелесіп араласа бастағаны сөз болады.
120
Одан әрі
бірте-бірте олардың салт, рәсім, әдет-ғұрыптармен де
танысып, тіршіліктерін де түсіне бастағаны; қазак халқының сөзге
ұсталығы, тілге байлығы ғалымды шаттандырғаны да т.с.с. айтьшады.
Осы арқылы Ә.Диваев өзінің фольклортанушылық қызметінің алғаш
басталған кезінен ақпарат береді.
Сондай-ақ қазактың қиналмастан қиьганан қныстырып, сөздің
жүйесін табуы, сөз кестесін келтіріп, өрнегін салуы; сөз бастайтьга
шешендерінің, билерінің, ақындарының сөзге ұсталығы; казақтың
сауатсыз, окымаған малшыларына шейін біреуден бір естіген сөздерін
бүлжытпастан жатқа
айтатыны; әнші, әнгімеші, ертекшілерінің
шеберлігі; жыр, ертегі, мақал, әңгіме, такпақ, қиссаларының
көркемдігі т.б - бәрі де ғалым Ә.Диваевты таңдандырған. Ал, қазақ
әдебиеті бүкіл түрік әдебиетіне негіз бола алады ярне бүкіл түрік
әдебиетін гүлдендіреді деген Ә.Диваев пікірлері әлі де өз маңызын
жойған жоқ. Зерттеуші казақ халқыньщ көшпелі екендігін, баспасөз
үлгіпері
т.с.с.
жетімсіздігін
ескерген.
Фольклорды
жақсы
білетіндердің барлығы да қазақтың
қарттары, ақсақалдары
дей
отырып, олардың бар білетін қызықты, керекті сөздері, білген
халық әдебиет үлгілері өздерімен бірге өлмес үшін, халық әдебиет
нұскаларын тездетіп жинау қажеттігін ескертеді. Ғалым Сырдария
обпысы адамдарын арапайды. Қазақтың тіршілік, тұрмыс, ғұрып,
әдетгерінен бірқатар мағлұматгар жинап алады.
Оларды ғалым
Петербургта, Мәскеу, Қазанда шығатын білім журналдарына
бастырады. Ташкенттегі шығып тұратын журналдар мен жергілікті
газеттерге де ұсынады. Барлык жарық көрген үлгілер-
89 табақ
қағазды құрайды. Бұл басылғандар қазақ халқының
қүдалык
салттарын;
ғұрып,
әдет,
рәсімдерін;
мал
шаруашылығьгаа
қатыстыларын; өлең, жыр, зар, ертек, мақал, жаңылтпаш, ырым, бесік
жырларын, әңгімелер, үлгілі өлеңдер; жын, шайтан, аруактар туралы
айтылған
әр түрлі хикаяларды; халык арасындағы дәрігерлік
тәжірибелер, бақсылар, ақ шайтанды сиқыршылар туралы түрлі
әңгімелерді т.с.с. қамтиды.
Бұлардан басқа Ә.Диваев өзінде 112 табақ фолыслорлық мәтіндер
барлығын да ескертеді.
Жалпы ғалым жинаған матерналдардың
біразы орыс тіліыде басылып келген. Бұл басылғандардың барлығы
да Түркістанның үкімет
кітапханасында
сақтаулы дейді. Түйіп
айтканда, Ә.Диваев қазақ фольклорының бай екендігін дәріптей
отырып, оны тездетіп жинау қажеттігіне көңіл бөлгізеді.
Ғалым Ә.Диваевтың жинаған «Қобыланды батыр» жырына келсек,
мәтін 4000-дай жолдан тұрады. Әр бетте 25 өлең жолдары бар, жыр
жолдары, көбінесе 7-8 буынды, аралас ұйқасты, 2 бунақты болып
121
кедеді. Мөтін беттері әдеттегі араб әрлінің оқыду ретімен кітаптың
оңынан солына карай орналасудыц орнына, керісінше, араб әрпінде
жазылса да кітаптың түптелу реті содынан оңына карай бағытталып
орналаскан. Кітап соңы мынадай өлең жолдарымен аякталады:
Сіздің жай бұл уакытта күншығыста; '
Қолыма калам алдым осы кыста.
Мен жаздым күні-түні сіздің үшін,
Қатесі болғап шығар асығыста.
Бұл кітап осылайша тамам болды,
(Дүниеде өр түрлі заман болды);
Асығып тез бітудің қамын ойлап,
Жазуы төуір емес жаман болды,
Бұл кітап осылайша болды тамам,
(Сақтасын әр нәрседен хақ тағалам).
Көңіліңіз ағаңызға ренжімесін,
Хат жазып, сәлем айттам, інім, саған.
Өлең жолдары келтірілсімен, оның соңында «1894-нші жьш 12
декабрьде»,- деген хаттың жазылған уақыты да көрсетілген [189]. Тек
бұл жолдардың кімге арналғаны, хат иесі кім екендігі турасында
дерек жоқ. Тек кейінгі «Батырлар жыры»
топтамасынын бірінші
томында ол турасында мынадай ескерту енгізілген: «Совет дәуірі
тұсында «Қобыланды батыр» жыры әлденеше рет жарық көрді. Ең
алғаш белгілі ғалым, жинаушы Әбубәкір Диваевтың 1922 жылы
Ташкентте
бастырып
шығарған
«Батырлар»
деп
аталатын
топтамасында жарияланды. Бұл нұсқаны Ә.Диваевка сол кездегі
Ақмешіт уезінің қазағы Мүрат Өскеүлы жібереді, мәтін соңында
«1894 жыл,12 декабрьде» деп жазған»,- делінген пікір де бар, тек онда
осы деректердің қайдан алыиганы корсетілмеген [190].
Ал, «Батырлар» жинағының «Нәрік ұғлы Шора»
[191] мәтіні
соңьгада «комиссия» түсініктемесі берілген: «Бүл Ціора батырдыц
қысқаша түрдегісі. Мүнан гөрі үзынырагы батырлар хикаясының
бесінші бөлімінде айтылады. Комиссия»,- делінген [191, 3 б.].
Жоғарыдағы үлгілерде үгір, нүкте, нүктелі үтір, жақша т.б. тәрізді
тыныс белгілері қолданылган. Осы орайда Қазан төңкерісіне дейінгі
шыққан кітаптардың көбінде тыныс белгілері мүлде қойылмағанын
еске салғымыз келеді.
Бұл 1922 жылы жарық көрген «Батырлар» жинағының
әр
бөлімінің алғысөзі бірде бар болса, бірде жоқ болады. Ғылыми
түсініктемелері, мәтіннің жазылынып алыну паспортына қатысты
деректер де толық сақталмаған. Демек мұндай дерек көздерін
келтірмеу, белгілі ғалым Ә.Диваев тарапьгаан кетті дегеннен гөрі,
122
шамамен бүл нүсқаларды ішінара өзгерістерге, түзетулерге т.б.
ұшыратқан Білім комиссиасының кажет деп таппауынан туындаған
деп ұйғарған жөн. Себебі жинақтың Білім комиссиясы жазған
злғысөзінде нүсқа ішіндегі
кездесетін араб, парсы т.б.
сөздері
алынып тасталғаны, оның орны басқа сөздермен
өзгертілгені
ескертіледі. «Шора батыр» үлгісі: «Бүрынғы өткен заманда Қазан
деген кала бар екен,* деп басталады да, соңы,- мұнан басқа Шора
батыр туралы мағлүмат жок. не істеп, не кылғаидарынан, бірак
бірсыпыра кыска мағлүматка карағанда Шора батыр өзінің
Тамаларымен қайтадан Қазанға көшіп кетіпті деп айтылады»,-
делінген түсініктемемен аяқталады [192, 59 б.]. Ал, нүсқа ішіндегі
ескертпе иесі жинаушы Ә.Диваевтікі ме, не үлгілі жеткізушінін
қосқан толықтыруы ма т.б. ол жағы белгісіз. Себебі ол турасында
дерек көзі сақталмаған.
«Алпамыс» кітабының басы «Ардақты окушыларға» деген үндеу
сөзімен басталады. Онда: «Алдарыңызга
усынылган «Алпамыс
батыр» хикаясы Сырдария облысының қазақтары арасында зор ....
тутады.
Қолдан жазылган
«Алпамыс
батырдың»
оңгімесін
Сырдария облысының Амудария бөлімінің бурынгы бастыгы
МД.Разгонов біздің қарауымызга жіберген еді, оган рахмет болсын.
Оның бер жагында «Алпамыс батыр» хикаясы Сырдария облысы
Төрткөл болыстық Қарақалпақ ақыны (жыршысы) Жиенмурат
Бекмухаммет баласы (кәсібі бахшылық еді) тарапынан жазылган.
Бірақ «Алпамыс батыр» шын қазақ халқының өлең - жыры болса да,
Бухарга
қоңсы
отырган
Қарақалпақ
ақыны
тарапынан
жазылгандықтан, ішінде араб, парсы сөздері көп ушырады. Муны
аударган уақытта
қолымыздан келгенше сөздің негізгі мәнісіне
жақын келуіне тырыстық»,- деген Ә.Диваев түсініктемесі бар [193,
3 б.].
Бүлар нүсканың паспорпық деректері болып табылады- ол
жақсы жағы, ал, мәтінді өзгертпеу талабынын бүзылғандығы- ол
жинақтың кемшілігі болып табылады.
XX ғасырдағы Кеңес өкіметі тұсында Ә.Диваев жинаған
«Батырлар» жинағының
1922 жылы жариялануының, және бүл
эпостық жырлардың өз алдына жанрлық тұрғыдан іріктеліп жеке
жинақ боп шығуының мәні ерекше. Қазан төңкерісіне дейін араб
әрпіндегі басылымдарда болмаған тыныс белгілерінің жинаушы
тарапынан қойылып шыққаны- бұл мәтіндердің ғылыми айналымға
түсе бастағанын көрсетеді. Сондай-ақ оқырман үшін нұсқаны еш
қиындыксыз оку жағы да қарастырылғаны танылады. Жинақтың
алғысөзі де, түсініктемелері, тіпті кейбір нұсқаның паспорттық
деректері бірге берілуі- басылымның ғьшыми сипатта жарияланғанын
123
дәлелдейді.
Сонымен бірге сол кездегі
Білім
комиссиялары
тарапынан шыккан бүл жинактардың халык әдебиетін дәріптеуде,
насихаттауда, фольклорға деген хапыктын кызыгуиіылығын оятуда
• і
маңызы ерекше болды.
Ал,
«тіл тазалығы үішн күрес» деген
айдармен мәтіндерді өзгерістерге, түзетулерге т.с.с. үшыратуы т.б.-
бәрі
кейінгі шығатын жинактардың дүрыс шығуына кері әсерін
тигізген «теріс» үлгі болғаны да сөзсіз. Түйіп айтканда, жекелеген
ауытқу, кемшіліктеріне карамастан, бүл кітаптардың шығуы қазақ
фольклорын таныту, насихаттау ісіне елеулі үлес қосты.
1923 жылы Түркістан Республикасының баспасоз мекемесінін
Ташкентге Жүсіпбек Щайхулисдамүлының жинаған «Қыз Жібек»
жырын басып шығарды [194]. Бүл жинақ түрінде шыққан кітаптын
Қазан төнкерісіне дейін жарык көрген еңбектерден бір өзгешелігі-
сырткы мүкабасынын жогарғы түсында: «Жер жүзінің еңбекшілері
бірігіңдер!»- деген кезең ерекшелігін әспеттейтін үранды сөзі бірге
басылған [194,1 б.]. Қазан төңкерісіне дейінгі үлгілерде толыққанды
сөз тіркестері мен
сөйлемдерді т.б. өзара
ажырататын тыныс
белгілері қойылмаса, ал Қазан төңкерісінен кейінгі кітаптарда ол
;
олкылық орны жойыла бастаған. Соның бір көрінісі бүл кітапта да:
нүкте, үтір т.б. тыныс белгісі өз алдына, сүрак белгісі, леп белгісі,
тіпті тьфнақшаға дейін колданыс тапқан. Кітап көлемі 134 бет, әр
бетте бір бағана бойымен 26 жыр тармағы бар. Мәтін түпнүсқасы
араб әрпінде берілген.
Ал, түпнүсканы араб әрпінде беру-
шығыстану ғылымы талабынан туғаны мәлім.
Негізінен алғанда, өлеңмен орнектелген мәтін ішінде қара сөзбен
жазылған үлгі орын алуы да бар. Көлемін есептесек, әр беттің 16
жолдан аспауын кәреміз. Кітап соңы: «Мүнымен «Қыз Жібек» тамам
болды»,- ескертуіне қоса, Жүсіпбек қожаның мына елеңі келтірілген:
Көп қисса баспа қылдым мүнан бүрын,
Пенденің Алла білер іпгге сырын.
Сауап, күнә екенін біле алмаймын
Кешіргіл күнә болса Жаббар кәрім.
Көп қисса баспа болып шықты бізден,
Назым кылып шығардым нәсір сөзден.
Молдалар, окысаңыз әр кітабым
Әркашан қүр тастама дуаңыздан [194,130 б.].
Сонымен катар кітаптың 131-інпгі бетінен 134-нші бетіне дейін
мәтін ішінде басылым кезінде кеткен жаңылыстар тізіліп көрсетілген:
«Қыз Жібекті» окымастан бүрын көзге түскен жаңылыстарын түзету
керек»,-
деген,
кестеге түсірілген 81 сөздің дүрысы қайсы,
жаңылысы қайсы, кай беттің қай жолында орналасқандығына дейін
124
нақты ескертілген [194, 131-134 б.]. Сондай-ак кесте ішінде ар түрлі
себеппен мәтінге кірмей қалған, яғни тусіп қалған 38 сөзден түратын
үлгі үзіндісі де кірістірілген [194,133 б.].
Демек
1920 жылдары фольклорға қатысты жарияланған түрлі
жинақтар мен кітаптарды т.с.с. ғылыми талаптардың, оның ішіңде
мәтінді шамасынша өзгертпей басу
ниетінің орындала бастағаны
г
байқалады. Яғни шығарма мәтіні басылым көргеннен кейін де кітап
соңында сол мәтінменен
текстологиялык жүмыстар жүргізіп,
басылымнан кеткен кемшіліктерді түзету орын алған. Ондағы максат:
мәтінді ешбір өзгеріссіз, сол қалпында басып шығару. Сол аркылы
мәтіннін
ғылыми дәлдігін сақтау. Бүл шараның өз кезегінде сол
[
матінмен жүргізілетін ғьшыми зерттеу жүмыстары түжырымдарының,
оның
нәтижелерінің
т.с.с.
неғүрлым
дүрыс
жасалуына,
нақтылығына, дәлділікке т.с.с. қызмет ететіні анық.
1920 жылдарда халыктан жазылынып алынған шығармалар әр
түрлі жинақтарда жарияланып, көпшілікке кеңінен тарала бастады.
«Қобыланды», «Алпамыс», «Қамбар батыр» [188] жырлары баспадан
шықты. «Қозы Көрпепггің» В.В. Радлов жариялаған нүсқасы қайтадан
басылды. Ақын Георгий Тверитиннің әдеби өңдеуімен «Қозы
Көрпеш» орыс тілінде шыкты (Москва- Қызыл-Орда,
1927).
Көпшілікке арналған қазақ ертегілерінің жинақтары:
«Тазша»
(Москва, 1926), «Өтірік өлең» (Қызылорда, 1927), «Аяз би» (Москва,
1928) жарияланды.
Осы аталған жинактарда, халық поэзиясы жөніндегі кітаптар мен
зерттеу мақалаларда, жинау жүмыстарында этнографиялық та, тарихи
сипат та байқалады. Мәселен, Ә.Диваев «Шора батырды», Кенесары
мен Наурызбай жайындағы тарихи жырларды бастырып шығарды.
Фольклористер Қазан төңкерісіне дейін ескі мүра жөнінде айтылғаң
ғылми күнды пікірлер арасын жақсы-жаман деп бөліп қарамады.
Сондықтан да осы кездерде қазақтың халық әдебиетіне арналып
шыққан
жинақтар,
мақалалар
мен
кітаптар Қазан
төңкерісі
қарсаңында істелген жүмыстарды көп жағдайда қайталап отырды.
Ә.Диваевтын «Қырғыз өлкесін зерттеу қоғамының еңбектері»
атгы жинақта жарияланған материалдары, оның Қ&зан төңкерісіне
дейін дайындаған жинақтарынан ешқандай айырмасЫ болмады [195].
А.А.
Мелков
та
өзінің
«Қырғыз
этнографиясы
женіндегі
материалдарында» [196] казак ертегілерінің Қазан төңкерісіне дейінгі
|
басылған өзінің жинақтарын қайталаған.
Негізінен, 1920 жылдардағы ғылыми жүмыстың ең негізгі
мақсаты- фольклорлық мәтінді жазып алып, жариялау ғана болған.
Ғалымдардың жүмысы бүл жағынан жемісті
болды. Оған дәлел:
125
жарияланған матернапдар саны канша көп болса, баспаға әзірлеу
сапасы сонша жоғары. Жарнялаудың ғылымн және жалпы окуға
арналған түрлері белгіленген. Жарыққа шығарудың әр алуан амалын
іздестіріп, газет, журнал және жинактарда мақалалар арқылы
«Матерналдар»,
«Нүскалар»
деген
аттармен
жарияланған.
«Географиялық-этнографнялык және лннгвнстикальіқ анықтамалар»
сиякты түсініктер берудің түрлері мен өдістері белгіленді. Тек
көркемдік түріне түсінік беру жағы жетіспей жатгы,
Азамат соғысы мен шаруашылыкты қалпына келтірудің ауыр
жылдарының өзінде де халық ауыз әдебиетінің Қазан төңкерісіне
дейінгі және Кеңес түсындағы тәуір деген үлгілері баспа жүзінде
жарняланып, Қазақстанға ғана емес, тіпті Одақ көлеміне белгілі бола
бастады. Мәселен, қазақ өлеңдері мен ертегілерінің үлгілері «Қазақ
өлкесін зерттеу қоғамының еңбектерінде» басылып шыққаннан кейін,
Түркстандағы халық музейіне қойылып, жүртқа таныстырылды, ауыз
әдебиеті пәні Қазақстандағы алғаш үлттық жоғары мектеп Қазақ
ағарту институтында арнаулы сабақ боп оқыла бастады. Республика
баспасөзі Кеңес фолыспорының тырнақалды үлгілерін жүртшылыққа
таныстыруда үлкен қызмет атқарды. Газеттер мен журналдарда
ақындардьщ жаңа өлеңдері
жарияланды. Бүл өлеңдерде
Қазан
төңкерісі әкелген жаңа түрмыс, жаңа өмір дәріптелді.
2.2.1 Бүқаралык және педагогикалык мақсаттагы
басылымдар.
Бүкаралық сипатта жарияланған фольклор, көбінесе жалпы
халыкка арналатьгаы белгілі. Ондағы қойылатын , негізгі мақсат:
жүртты оқу-білімге шақыру, жалпы ағартушылық көзқараспен катар,
фольклорды үгіт-насихат, тәрбие қүралы т.б. есебінде де қолдану.
Жалпы, Қазан төңкерісінен кейінгі жиналған фольклор үлгілері
баспасөз беттерінде жүйелі түрде басылып отырды. Фольклор үлгілері
жинақталған хрестоматиялар түрінде басылым көрді. Баспа бетінде
жарияланған фольклорлық мәтіндердің: көлемі, сипаты түрліше
болып келді. Оның бірінде жай мәтін беру, не мәтінмен бірге
түсіндірме беру, ап енді бірінде өз ойын да ортага салу сияқты жағдай
бар.
Сондай-ақ бүкаралық сипаттағы фолыслор үлгілері жергілікті
газет-журналдар беттерінде жиі жарияланды. Мөселен, «Дала уалаяты
газетінде» жарияланған мәтіндер фольклордын барлык жанрларын
(ертегі, аңыз әңгімелер, түрмыс-салт жырлары, шешендік сөздер, .
мақал-мәтелдер, айтыс, эпостык жырлардан үзінділер т.б.) қамтиды. '
126
Көбінесе, фольклордыц ертегі мен аңыз-әңгіме жаырлары көптеп
басылған. Сондай-ақ 1882-1901 жылдары баска да басылымдар
тәрізді «Дала уалаяты газеті»
беттерінде
саяси-экоыомикалық,
коғамдық-әлеуметтік мәселелермен катар т.б. түрлі фольклор
үлііпері, фольклор жарияланымдарына қатысты 20 шақты мақала да
жарык көргені белгілі. Онда фольклор бірде танымдық сипатта орын
адса,
бірде біртүтас үлт болып қалыптасу үшін қажеттілік
түрғысынан, бірде шаруашылық мәселелерін (егін егу, бал арасын
өсіру т.б.) дәріптеуде, бірде ғылымның пайдасы, бірде әйел теңдігі
мәселесі, бірде жастарға үлгі-өнеге, насихат, тәрбие көзі ретінде,
бірде адам бойындағы жат, теріс іс-әрекеттерін сынау үшін, бірде
жер-су атауларының тарихнама көзі т.б. ретінде алынғаны мәлім.
Қазақ басылымдары арасында XX ғасыр басында «Серке» (1907),
«Қазақ газеті» (1907), «Қазақстан» (1911) т.б. газеттері жарыққа
шыкты [197]. Бірде полиция тарапынан қысым көру, бірде газет
үжымы ішіндегі кикілжің әсері тәрізді т.б. түрлі жағдайларға
байланысты «Серке» мен «Қазақ газетінің» 1-2 саны ғана шығып
тоқтады. «Қазақстан» газетінің (2 тілде) 14-15 саны шығып үлгерді.
Газет бетгерінде ғылым пайдасы, кәсіп ету, өнер-білімді дәріптеп,
орыс мәдениетінен үйрену, адамның теріс мінездерін сынау т.б.
тәрізді біраз мәнді мәселелер көтерілгенімен, бір өкініштісі қазақ
фольклортану ғылымына қатысты мақалалар берілмеген (шамасы
басып үлгермесе керек). Сонымен қатар «Сарыарқа» (1917), «Бірлік
туы» (1917) т.б. газетгерінде
фолыслор үлгілері кездеспейді [198].
Көбінесе мүнда қазақтың белгілі ақын-жазушылары, әдебиеттанушы-
ғалымдары: Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Х.Ғаббасов, С.Торайғыров,
Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Дөнентаев, Б.Майлиннің т.б. өлендері,
әңгімелері, мақалалары т.б. басылған [198, 56-58 б.].
«Алаш» (1916) газеті Ташкент қаласында аптасына бір рет шығып
тұрды, отырықшылык пен ағарту мәселелерін т.б. көтерген; сот ісін
жөндеу, әйел тақырыбымен қатар, мақал, жүмбақ, ертегі нүсқаларын
да жариялап отырған. Мәселен, онда Баржақсин Ахметтің «3000000
(үш миллион) күң» атты мақаласы берілген [199]. Мақалада казак
елінің жер көлемі беріледі де, соңынан әйел тақырыбына қатысты
мақал-мәтелдер шоғыры келтірілген. Ал, келесі мақалада Жәдігер
Жәністің жүмбақпен жазылған өлеңі бар [200].
Сондай-ақ Н.Қүлжанова [201] мен Л.Н. Толстой атынан берілген
(аударма) [202] ертегілер де кездеседі. Мүның бәрі XIX ғасырдың
соңы мен 1917 жьішғы Қазан төңкерісіне дейін шығып түрған қазақ
газеттері беттерінде шаруашылық, мәдениеттің басқа да салаларымен
қатар фольклор үлгілеріне де назар аударылып отырғанын дәлелдейді.
Жалпы, бүл түста отаршыл ел басқарушыларьшын түрлі ашык та,
жабық қысымдарына қарамастан, фольклор жинау, фольклортану
саласында аз да болса ілгерілеу орын алған.
XX
ғасырдың
басында
Троиик
каласыныц
«Энергия»
баспаханасынан қазақ тіліндегі казақтың түңғыш журналы «Айқап»
(1911-1915 ж.) шықты [203]. Бүл да баска басылымдар тәрізді саяси,
әлеуметтік, экономикалық т.б. мәселелермен қатар, көбінесе әдебиет
пен мәденнеттің т.с.с. жанашыры болғаны аян. Журнал бетгерінде
қазақтың белгілі ақын-жазушылары, ғалымдары: А.Байтүрсынов,
Ә.Бөкейханов, Ә. Ғалымов, С.Дөнентаев, М.Дулатов, Т.Жомартбаев,
М.Жүмабаев,
Қ.Кемеңгеров,
М.-Ж.
Көпеев,
Ғ.Қарашев,
Ш.Қүдайберднев,
Б.Майлин,
С.Сейфуллин,
С.Торайғыров
т.б.
еңбектері жарык көргең/Онда қазақтың шаруашылык, жер-су хүқығы,
сайлау төңірегіндегі, әйел теңсіздігі, соғыс әсері, елдің тарихы, оқу-
ағарту, тәрбие, тіл мен әдебиет т.с.с. мәселелермен қатар қазак
фольклорына қатысты еңбектер де жарияланды. Мәселен, белгілі
фольклор үлгілерін жинаушы А.Баржақсинның «Ашык хаты» берілді
[204]. Онда қазақтың 1300 мақал-мәтелінің жиналып, орыс тіліне
аударылғандығы, Омбы музейі арқылы кітап шығару әрекеті мен
Г.Н.Потаниннің қазақ тіліндегі ертегілерді жинауы туралы қүнды
деректер келтірілген [205]. Демек сонау XX ғасыр басында да
фольклор нүсқаларын жинаудың каншалыкты маңызды екендігі және
оларды насихаттауда басқа тілдерге аударылу қажеттігі, сонымен
қатар фольклор үлгілерінің ғылыми басылым көруі мәні баспа бетінде
үнемі
көтерілді.
Мүның
бәрі
сол
кездегі
фолыслортанушы
ғалымдардың фолыслорды насихаттау, әрі дәріптеу ісін т.с.с. қолға
алғанын дәлелдейді. «Айқап» журналының бір санында «Азамат
Алашүлы» (Міржақып Дулатов)- деген бүркеншек атпен «Хан
Абылай» нүсқасы [206] жарияланды. Нүсқада XVIII ғасырда дүннеге
келген, Көкшетауда қазақ еліне 48 жьш хан болған Абылай туралы
аңыз-әңгімелер жинақгалып берілген. Осы орайда бүл келтірілген
нүсқалардың белгілі фолыслортанушы ғалым М.Ж. Көпеев жазбалары,
әсіресе оның «Абылайдың хан болып көтерілуі» мен «Абьшай ханның
түсі және қалай өлгені» туралы әңгімелерін көп ретте сөзбе-сөз
қайталайтын үқсастығына назар аудартқымыз келеді [207].
М.Дулатов бүл әңгімесінің бір бөлімінде Абылайдың 48 жыл
Көкшетауда хан болғаны, 12 жасар кезінде Түркістанға келіп
қызметші болып жүруі, 20 жасқа келгенде калмақпен соғыста
ерлігімен көзге түскені, кейін хан болып көтерілуі т.б. баяндалады.
Ал, екінші бөлімі ханның картайған шағында Ташкентті шаппақ
болуы, түс көріп, райынан қайтуы, қайтар жолда «қорғанға» түсіп көз
128
жүмуы т.б. камтылады. Бүл екі материал да М.Ж. Көпеев жинағында
сол калпында
берілген. Екі нүска, негізінен алғанда, бір қолдан
шыккан, тек аздаған өзгешеліктері бар.
Мәселен, екі нүсқанын да бастамасына үңілейік. «Айқапта»;
«Атағы жер жарып шыққан Абылай XVIII ғасырда дүниеге келіп...»
деп басталса, М.Ж. Көпеевте ол жерлері жоқ, әңгіме бірден ханньщ
12 жасар күнінен, сарт Оразауыкпен Түркістанға келуі, Әбілмәмбет
ханға кызметші болғаны, Үйсін Төле би түйесін баққаны, Сарыарқаға
барып, Атығай, Қарауыл деген елдің байы Дәулеткелдінің жылқысын
бакканы т.б.- бәрі «Айкаптағы» нүсқада да дәл кайталанған, тек онда
сарт жолдасы Оразаулык есімі кездеспейді [208].0дан кейін оқиғаның
берілу стилі де әр нүскада өзінше берілген. Сондай-ақ әңгіме
ортасында берілген Арыстан ақынның «Кене хан, жақсы көрсең
карашыңмын»,- деген бір шумақ өлеңі «Айкапта» соңына қарай
берілген. Оның есесіне М.Ж. Көпеевте соңына қарай берілген
«Қылады Микражіде байлар сауда» атты өлең жолдары, керісінше,
«Айқапта» материал басында орын алган. Сондай-ақ М.Ж. Көпеевте
әңгіме соңында «Қымыз өзені» атауына, «Аң алмайтын жаман күс ат
еңбегі...»,- деген мақал төркініне байланысты берілген түсініктемелер
[208, 305 б.] т.б. М. Дулатовта кездеспейді. Мүның бәрі бірінші
нүсканың көлем жағынан кеңірек екенін, сонымен бірге әнгімені ел
аузынан жинап ең алғаш қағазға түсіруші автор М.Ж. Көпеев екенін,
М.Дулатов нүсқасы, не тікелей автор жазбасынан, не ел арасына
қағазға түсіп тараған М.Ж. Көпеев үлгісінен алынған көшірме болуы
ыктималдығын кезге үрып түр.
«Айқаптағы» нүсқаның екінші бөлімінде де өзгерістер баршылық.
Мәселен,
М.Дулатовта:
«Әй,
Абылай!
Сені
мен
көргенде
турымтайдай ул едің»,- деген өлең жолдарымен басталып, белгісіз
жыршы атынан айтылады [205, 159 б.]. Бүл жерлер М.Ж. Көпеевте
жоқ, және болған күнде де «белгісіз жыршы» демей-ақ «Бүхарекең»
айтышы дер еді. Себебі, Бүхар өлеңдерін
М.Ж. Көпеев жатқа
білген. Екінші бір өзгеріс жері: «Айкапта» Абылай Түркістанға бір
баласын қойды деген мәлімет бар да, нақты қай баласы екендігі
көрсетілмейді [205, 159 б.]. Ал, М.Ж. Көпеевте ол «Сыдық сүлтан»
деп беріледі [209], Яғни, мүнда М.Ж. Көпеев жазбасы нақтылығымен
көзге түседі.
Екі нүска арасында қаншалықты өзгерістер болғанмен үксас
жерлері де әте көп: сюжеттің желісі, берілу реті, накты оқиғаға
қатысушылардың аты-жөндері, іс-әрекеттері, сөздері, оқиғалардьщ
қамтылған кезендері, тіпті акындар атынан берілген рлең шумактары
т.б.- бәрі бірдей.
129
М.,Дулатовтың қазақ әдебиеті тарихында фолыслор
жинаушы
дегеннен гөрі, жазушы ретінде танылғаны белгілі. Ал, нұсқалардьщ
сонша ұқсас болуына жоғарыда айтылғанға қоса біз мына дерекке де
көңіл бөлгіміз келеді.
1912 жылдан бастап М.Ж. Көпеевтің
«Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітабы зиянды деп табылып, М.Ж.
Көпеев
шығармапарының
бұдан
былай
шығуына
тыйым
салынғандықтан, баспа бетінде М.Ж. Көпеев есімі аталмау себебі
тұсінікті. Мәселен, белгілі ақын С.Торайғыровтын да қазақ тілі
тазалығы мөселесін көтергенде
деректі М.Ж. Көпеевтен келтіре
отырып, оңың авторын атамауы тегін емес. Міне, осындай
себептермен М.Ж. Көпеев жіберген материал әйтеуір жерде қалмасын
деген ниетпен М.Дулатов атынан жариялануы да ықтимал. Олай
дейтініміз: М.Ж. Көпеевтің «әулеттік мұрағатга» мынадай ескертпесі
бар: «Сарыарқа» сотқа алынған соң, газет редакторлары «Мөшһүр»
деген атты калдырып, «Мұхаммед Юсуф» деп газет жіберіп тұрды
[
210
].
Қалай болғанда да екі материалда ұқсас сөйлемдер көп кездеседі.
Мәселен, М.Ж. Көпеевте: «Түсімде бір жолбарыс келіп, шатырымның
алдына шөгіп, мойынын салып жатып алды. Бүл не кылғаны деп
карап едім, әлгі жолбарыс дегенім аю болды, жап-жаңа жолбарыс еді
ғой, аю болғаны несі деп қарап едім...[209,325 б.],- делінсе,
«Айқапта»: «Тусімде илатырылшың илдыпа бір жолбарыс келіп, шөгіп
жатып алды, бул пе қылган жолбарыс деп тац ңалып қарап едім, әлгі
жолбарыс аю болып кетті. Жаңа жолбарыс еді гой, қалайша аю
болып кетті деп, екінші қараганымда...»,- делінген [205,159 б.].
Берілген бірінші сөйлемнің өзінде, тек «шатырымның алдында»
деген сөз тіркесінің орны ауыстырылған да, «мойнын салып» тіркесі
берілмеген, т.б. сондай-сондай сәл өзгерістер бар.
Ал, бүл 1912 жылғы «Айқаптағы» мақаланы М.Ж. Көпеев көшірді
дейін десек, онда сөйлемдері дәлме-дәл бірдей болу керек. Және де
ақын кімнен не алса да ол жағын ескертіп отырған. Оның үстіне М.Ж.
Көпеев мәтінінде фольклорлык стиль айкын. М.Дулатовта оның тігісі
жатқызылып, әдеби нормаға түсірілген.
Ал, М.Дулатов пен М.Ж. Көпеевтің баласы Әмен Көпейүлы
арасында достық байланыстың болғаны турасында материалдың [211]
жариялануы,
М.Ж. Көпеев пен М.Дулатов арасында байланыс Әмен
кайтыс болғанға дейін (1921 ж.) болды ма деген ой тудырады. Егер
байланыс болған жағдайда, шамамен бүл әңгімені М.Ж. Қөпеевтен
баласы Әмен арқылы М.Дулатовтың алуы мүмкін. Мұның бәрі екі
нұсқа арасындағы әрі үқсастықтың, әрі айырмашылықтардың себебін
анықгаса керек. Яғни, фолыслорлық үлгіні қағазға алдымен түсіруші
130
М.Ж. Көпеев те, одан баласы Әмен көшіріп, ал одаи М.Дулатов алуы
ықтимал. Немесе журнал редакциясына М.Ж. Көпеевтің өзі жіберуі де
абден мүмкін. Мүндай төркіндестіктер баспасөз бетінде кейін шыккан
материалдарда да орын алып жүр. Мәселен, «Абылай ханның түсі»
туралы әңгімені Қ.Сарткожаүлы өзінің «Біз кандай халықпыз» атты
макаласында [212] пайдаланды да, материалды кімнен алғанын
көрсетпейді. Ал, Ә.Әуелбектегі [213] көрші кырғыз елінің азаматы
H.Байжігітовтың «Абылай ханның түсі» атты макаласын аударып
береді (әңгіме қысқа түрде баяндапады).
«Айқап» журналы бетінде қазақ елінің шыққан тегі туралы аңыз-
әнгіме де бар [214]. Сонымен қатар жүмбақтардың да біразы [215],
мақал-мәтелдер шоғыры [216], ертегі де [217] т.б. басылым көрді.
Мүндағы
И.Крафтың
«Қазақ
сахарасында
қүлдық
бытырау»
макаласында (Айқап, 1915, № 1) қазақ халық ауыз әдебиеті (мақал мен
мәтелді) үлгісін қазакта қүлдық дәуірдің болғандығын дәлелдейтін
дерек көзі ретінде пайдалану ниеті байқалады.
Демек басқа да басылымдар тәрізді «Айқап» журналы да тек
сыртқы хабарлар, мүсылман тірпіілігінен мысалдар, әңгімелер,
кітаптар, ғылым хақында т.с.с. деректер келтірумен қатар, халықтық
шығармаларды насихаттауда, дәріптеуде, әрі ел арасынан жинауда
үлкен істер атқарған деуге негіз толық.
XX ғасырдың басында қазақ басылымдарының
көшбасшысы
болған «Қазақ» газетінің 1913 жылдьщ 2 ақпаннан бастап 1918 жылға
дейін Орынбор қаласында 265 саны шыққаны, газет редакторлары
қызметін белгілі ақын А.Байтүрсынов пен М.Дулатов атқарғаны т.б.
мөлім [218]. «Қазақ» газеті беттерінде қазақтың белгілі қоғам
қайраткерлері,
ғалымдары,
ақын-жазушылары:
ЖАймауытов,
М.Әуезов, А.Байтүрсьшов, Ә.Бөкейханов, С.Дөнентаев, М.Дулатов,
I.Жансүгіров, Т.Жомаргбаев, Қ.Жүбанов, М.Жүмабаев, М.-Ж.Көпеев,
Ш.Қүдайбердиев, Б.Майлин, С.Торайғыров, М.Тынышбаевтардын
мақалалары басылым көруінен-ақ, газет беттерінде көтерілген
мәселелердін қаншалык маңызды, қаншалықты қажетті және қозғаған
тақырыптардың әр алуан екендігін көреміз. Газет материалдарын
тақырып жағынан топтап, түйіндесек, Ресей отаршылдығы дәуіріндегі
Қазақстан; Патшапық Ресейдін аграрлық саясаты; қоныс аударуға
байланысты
материалдар;
Ресей
мен
шетел
мемлекеттерінің
арасындағы қарым-қатынастар; Бірінші дүниежүзілік соғыс; Ақпан
төцкерісі; Қазақ елінің әкімшілік және сот қүрылысы; Мемлекеттік
думалар;
Мүсылман
фракциясы;
Қазақстанның
әлеуметтік-
экономикалық дамуы мәліметтері; тарих, археолгия, этнография,
әдет-гүрып, ойын-сауық; дін мәселелері, көркем шығармалар және
131
оларға қатысты сын пікірлер; оқу-ағарту, тәрбие, деисаулық, газет-
журнал щығару ісі.
Біз үшін ең бастысы мөдениет жөне өдебиет
мөселелерінің т.б. қамтылуы. Мәселен, онда қазақ фолыспорына
қатысты мақалалар да кездеседі. Жалпы фолыслорға қатысты 8 нұсқа
басылым көрсе, оның ішінде 7 нүскасы аңыздар,
оның 5 үлгісі
аударма түрінде (аударған Ә.Бөкейханов) [219] , тек 2 үлгісі қазақ
арасынан алынған [220]. Мәселен, мүндағы «Жалаңаш баба» атгы
аңызды Қүрбан қажы аузынан жазып алған Торайғыр деген сілтеме
бар [221]. Демек нүсқаны ауызба-ауыз төсілі аркылы қағазға түсірғен
Сүлтанмахмүт Торайғыров болса, ал мөтінді жеткізуші Қүрбан қажы
есімі көрсетілуі- бәрі фолыслорлық нүсқаның төлкүжатына кажетті
дерек көздері болады. Бірақ та үлгінін кай жерде, қай кезде қай
уақытта т.с.с. жазылынып алынғанына қатысты деректердің болмауы
кемшіліктен гөрі, жазып алушы С.Торайғыровтың ол талапты білмеуі,
яғни онда арнайы фольклортанушылық дайындықтың болмауымен
түсіндірілсе керек. Дегенмен XX ғасыр басындағы басылым
беттерінде, осындай үлгінің кай тәсіл арқылы, кімнің аузынан
жазылынып алынды деген мәліметтің бірге берілуі т.б.- бәрі қазақ
фольклортану ғылымында сол түстағы халықтық нүсқаларды ғылыми
жариялаудағы жетістігі, аз болса да ілгерлеуі деп бағалаған жөн.
Сондай-ақ газет бетінде ертегі нүсқасы басылған [222], оньщ өзі
парсы тілінен аударылып берілген (аударушы Қ.Жастабанов).
Сонымен қатар фольклортану ғылымына катысты түрлі сын пікірлер
де бар. Белгілі ғалым Г.Н.Потанин [223] төңірегіндегі жазылған
мақалалардың
дені,
көбінесе
ғалымнын
80
жасқа
толуына
орайластырылып басылған. Онда Г.Н.Потанин өмірбаяны, гылыми-
этнографиялық,
халық
ауыз
әдебиетін
жинаудағы
еңбектері,
Қаркаралы жерінде қазақтың 27 ергегісін жазып алғаны турасында
т.б. мағлүматтар берілген. Белгілі ғалым Ә.Бөкейхановтың «Қара
Қыпшақ Қобыланды» атты сын мақаласы да осы «Қазақ» газетінде
басылым көреді [224]. Мақалада «Қобыланды батыр» жырының
тарихы,
белгілі
ғалым
Ш.Уәлихановтың
жинаған
фолыслор
үлгілерінің Санкт-Петербургтегі географиялық қоғам архивінде
сақталғандығы т.с.с. дерек көздері сараланған. Ал, келесі бір басылған
мақалада [225] «Қобыланды батыр» жырының басылып шыққаны
төңірегінде мәлімет берілген.
«Қазақ»
газеті:
өз
кезіндегі
патша
өкіметінің
бұйрық-
жарлықтарын; іппсі және сыртқы хабарларды; Мемлекеттік Дума және
Мемлекетгік Қеңес жүмысын; қазақтың тарихы мен түрмыс жайын;
этика, тарих, этнография, мөдениет мәселелерін; экономика, сауда,
кәсіп, ауыл шаруашылығы; халық ағарту, мектеп, медресе, тіл және
132
әдебиет мәселелерін; тазалык, денсаулық; фельетондар, жеделхаттар
т.б. тәрізді рұқсат етілген мәселелерді көтерумен қатар, ара-тұра қазақ
фольклортану
ғылымына
да
қатысты
ғылыми
мақалаларды
жариялаумен де шүғылданды. Және таралымы 3000 данаға дейін
жеткендігін ескерсек, газеттің ел арасында фольклорды насихаттауда,
әрі дәріптеуде, әрі өскелең үрнақты тәрбиелеуд^ өте маңызды
танымдық та, ақпараттық та, тәрбиелік те қызметтер атқарғандығын
көреміз.
Қазан төнкерісіне дейінгі және кейінгі дәуірлерде бірнеше газет-
журналдар шығып, оларда мәдениетке, тіл мен әдебиетке т.б. көп
назар аударылып отырды, алайда
ол еңбектер сол жылдары
бағаланбай қала берді. Тіл, әдебиет, тарих т.б. мөселелер төңірегіндегі
зертгеушілер, негізінен, фольклорды үгіт-насихат үшін пайдаланса,
бірде оларды үлттық көзқарас үшін де т.б. қолданған.
XX ғасырдағы Қазан төңкерісінен кейін Орынбор, Қызылорда,
Алматы қалаларында 1921 мен 1932 жылдар аралығында аптасына үш
рет «Еңбекші қазақ» газеті шығып түрды. Газет беттерінде Кеңес
үкіметі түсындағы қазақ елінің саяси, экрномнкалық, әлеуметтік т.с.с.
мәселелері көтерілді. Сондай-ақ 1920-шы- 1930 -шы жылдардағы
мақалаларда қазақ фольклорын тездетіп жинау керектігі төңірегінде
де сөз қозғалды. Мәселен, газет бетінде «Қазақ өдебиетіндегі орынды
һәм орынсыз сындар туралы» атгы мақала [226] соңында Ғабділхалім
Ерғалиүлы, Баймүрза Ерішүлы, Белмүхаммедалин, Қ. Жәлдемалиев,
Жолдыбай, Ахметов, Мәжит Дәулетбайүлы, Ж.Жәйлібеков тәрізді
азаматтар есімдерімен бірге «Мәскеудегі Күншығыс Ортақшылдар
университеті студенттерінен» деген сілтемесі бар. Мақалада қазақ
әдебиетінің жарық дүниеде орын алғаны жуырда ғана дей отырып,
адамзат түрмысы қалай әзгерсе, өзгеріс жасалса, әдебиет те өзгермек,
өзгеріс жасамақ деген пікірлер келтірілген. Сондай-ақ: «Қазақта
әдебиет шыққаннан бастап қазақтың турмысы, қазақтың еурпы
өзгеріліп келе экатыр. Осы күнгі революция болганнан бері қарай
адымдаган қазақ әдебиетінің жемісті жерлерін алып, ескі иіыга
бастаган кезіндегі одебиетпен салыстырып қарасақ, арасында көп
айырымиіа бар. Ескі кезде қазақ қандай ескі, надан болса, әдебиет те
сондай ескі турмысқа өлшеніп жазылган, шыгарылган сурет
(картина) сықылды. Ол кездегі қазақтың турмысы қандай болса,
щілегі, устаган мақсаты не турде болса, адебиет те сол мақсатқа
жауап есебінде, жетекші есебінде шыгарылган»,~ деген сол кез
ерекшелігін
танытатын
пікірлердің
де
өз
кезегіндегі
қазақ
фольклортану ғылымына әсер етпей коймағаны да сезсіз [227]. Және
де сынды келеке, әзіл орнына үстамай, алдымен «революция»
133
жолымен жалшы, кедей сынға салып, содан кейін ғана жазущылар
сынға салулары тиіс т.б. деген науканшылдык мақсаттағы пікірлер де
жазылды.
Келесі бір ойласу ретінде жазылғаи «Әдебиет турапы» макалада
(сонынан Жакан деген есімі жазылған) өз алдына жеке көңіл бөлмей
келген балалар әдебиеті мәселесі көтеріледі [228]. Макалада сол
кеэдегі өмірге келген «сопиалдык» күрылыстың елдін саяси өміріне
де, шаруашылығына да, өлеуметтік түрмысына да т.с.с. жаңа мазмүн
мен форма өкелгені сөз болады. Әсіресе жас буын балапар социалдык
күрылысымыздың кірпішін калаушылар,
болашағы дей отырып,
балалар әдебиетіне де үж ен көңіл бөлу керектігі айтылады. Бүрынғы
заманда балалардың руһын Қүдайға нандыру, аруақка табындыру,
күлдык кылу, үлықты сайлау, байды кұрметтеу сықылды т.с.с. тәрбие
көздерінің күні көкке ұшты, шаңырағы ортаға түсті дей отырып, ендігі
дәуір басқа, балаларды тапшылдық, интернационалдык, социалдык
құрылысымызға қарай т.б. тәрбиелеу керектігін паш етеді.
Сол арқылы балаларды болашақ күрылысқа даярлык, тәрбие
аларлық, жетекші боларлық әдебиет жасау керек деген мәселені
көтереді. Сонымен катар Жүсіпбек Аймауытовтың «Жаман тымақ»
атты еңбегінде «орыстан езіліп едік, өз алдына ел болсак» дегендей
ұлтшылдық сарын бар деген т.б. автордын сыңаржақ пікірлері де
баршылық: «Ендігі жерде балалар әдебиеті туралы менің усынысым
мынадай:
1.Балалар әдебиеті жас балаларды социаіьдық қурылысымызга
бейімдерлік болсын. Интернациональдық тәрбие берерлік темаларга
ңегізделіп жазылсын.
2.Ауылдың өзгерісі, төңкеріс шарапары, қоллектив, артель, завод-
фабрик, өндіріс орындары, жумысшы турмысы, кулак, байлардың
қылықтары, кедей, батрактардың байга қарсы шабуылы сықылды
Достарыңызбен бөлісу: |