Н.Қ. Жуе пов ф о ж, ош ртан,йырда щ ШрІшиІ ж ар т


темалар  қысқа-қысқа  жеңіл  турде  балаларга  танысарлықтай  етіп



Pdf көрінісі
бет10/33
Дата03.03.2017
өлшемі13,43 Mb.
#6391
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33
темалар  қысқа-қысқа  жеңіл  турде  балаларга  танысарлықтай  етіп 
жазылатын  болсын.  Әсіресе,  тап  тартысын  елестетерліктей, 
балаларга угындырарлықтай етіп жазылсын,
3.  Көбінесе,  діншілдік,  ескілік,  қиял,  ертегі,  албасты,  жын, 
шайтан,  қубыжық,  қыдыр,  бата  сықылдылардың  өтірік  екендігін 
дәлелдеген кішкене кітапшалар шыгатын болсын,
4.  Балаларга  ескі  ертегі,  ескі  әңгімелерді  жазганда,  олар  бас 
қатырарлық, 
балаларды 
туманда 
қалдырарлық, 
ескілікке 
багындырарлық,  болмашыга  сендірерлік  (образ  мифический)  турде 
жазылмасын.  Әңгіме  болганда  жақсылары  жазылатын  болсын. 
Ертек,  ескі  әңгімелерді  жазганда,  аса  сақтықпен  жазылсын. 
Балаларды бір турлі сезімге жетектерлік болмасын.
134

5.Қьісқаша  жумбақтар,  ойлап  тапқыштар,  бесік  куйлері, 
тақпақтар,  балалардың  көңілін  ашарлық  қызықты  әдебиеттер  де 
молайсын.
1.Әсіресе  шаруашылық,  еңбек  сую,  жігерлі  болу  сықылды 
тәрбиеге икемдерлік кітапшалар көбеюі керек.
2. Қомсомол,  пионер турмыстары,  төңкеріс мейрамдары,  партия 
багытына бейімдерлік темаларга да жазылу керек.
3.  Қазақстан  баспасы  бул  іске  көңілін  бәліп,  оқу,  агарпгу 
орындары,  педагог,  жазушы,  суретшілер  (художник)  мен  пікірлесе 
отырып, балалар әдебиетін кәркейтуге куш эісумсасын.
4.  Осы  кунге  шыгып  журген  балалар  әдебиеті  тьш  қымбат. 
Әрине  суретті,  әшекейлі  болгандықтан  қымбат  тусетін  шыгар. 
Әйтсе  де,  мумкіндігінше  арзан  багалы  болуына  көз  салынсын»,- 
делінген  [228,3  б.].  Міне,  мұндай  кезең  ерекшелігін  дәйектеген 
макалалардан сол кездің өзінде де қазақ фольклорын балалар әдебиеті 
ушін  қажетгі  дерек  көзі  ретінде  пайдаланумен  қатар,  Кеңес  үкіметі 
түсындағы  тап  тартысы,  әдебиетгің  партиялылығы  т.б.  тәрізді  теріс 
идеологияларды  таңу  үшін,  елдің  ой-санасын  игеруге  бағытталған 
саяси күресте де арнайы  сүрыптау, жіктеуден өткен  фольклорды үгіт- 
насихат қүралы ретінде пайдалануға тырысқандықты көреміз.
Бүл  сияқты  макалаларға  керісінше  пікірлер  де  айгылып  жатты. 
Мәселен,  «Григорий  Николаевич  Потанин»  деген  мақалада  [229]  Ә. 
Бөкейханов  Г.Н.Потаниннің  әкесі  хақында  және  досы  Шоқан 
Уәлиханов  жайында  т.б.  қүнды  деректер  келтіреді.  Сонымен  қатар 
Г.Н.Потаниннің  жазған еңбектеріне,  өмірбаянына т.б.  шолу жасайды: 
«1915 жылы Г.Н.  80 жасқа толды. Г.Н.  атына багыстап шәкірттері 
кітап  басты.  Соган  қосылып  қазақтың  әлеңін,  жырын,  мақалын 
біздің  қазақ  жастары  да  баспақ  болды.  Мына  «Ер  Сайын»  муның 
басындагы  Ахметтің  «Г.Н.-қа  тартуы»  сонда  басылмақ  болган  еді. 
Куншыгыс  баспасы  баспақ  болып  отырган  Баржақсыулы  Ахмет 
жиган  «Мың  бір  мақал  да»  Г.Н.-қа  қалап  басылмақ  еді»,-  делінген 
[230].  Міне,  бүдан  біз  XX  ғасырдыц  басында  қазақ  фольклортану 
ғылымында  белгілі  бір  фольклор  үлгілері  жарияланғанда,  арнайы  бір 
тапсырыс көлемінде де, қейде белгілі бір мерейтойға да үйлестіріп т.б. 
іске асырылғандығын да байқаймыз.
Жалпы  халықтың  өз  алдына  жеке  отау  тігіп,  егеменді  ел  болуды 
армандауы, өзінін төл  мөдеңиетіне, тіліне, тарихына,  әдебиетіне т.с.с. 
деген  табиғи  кызығушылыктын  өркендеуі  т.б.-  бәрі  де  XX  гасырдың 
бірінші  жартысындағы  қазақ  фольклорыи  жарияпау  ісін  тездеткені 
анық. )
135

XX  гасырдың  бірінші  жартысында  ғылыми-педагогикалық 
сипатта  жарияланған  фольклор  үлгілері,  көбінесе  хрестоматия,  оку 
күралы  т.б.  үлгісінде  жарық  көріп,  олардың  алғысөзі,  ғылыми 
түсініктемелері бірге берілетін болған. Қазақтың халық ауыз әдебиеті 
жеке  пән  ретінде  мектепте  оқытыла  бастады.  Осымен  байланысты 
мектеп  бағдарламасына 
сәйкес  1940  жылы  С.Мүқанов  пен 
Х.Бекхожин  қүрастырған  халық 
ауыз  өдебиетінін  хрестоматиясы 
баспадан  шықты.  Негізінен,  хрестоматия  ішінде  берілген  фольклор 
үлгілерінің  паспорттық  деректері  жоқ.  1944  жылы  С.Мүқанов  пен 
Қ.Бекхожиннің  қүрастыруымен «Қазақ әдебиеті» атты  орта мектепке 
арналған  хрестоматия  кириллица  әрпінде  жарыкка  шықты  [231]. 
Хресгоматия 
басылуындағы  мақсат  оқушыларды,  жалпы  халык 
әдебиетін  сүйіп  оқитын  окырмандарды  халықтың  ерлік  тарихымен 
таныстыра  отырып,  олардың  бойына  отансүйгіштік,  елді,  жерді 
қадірлеу  тәрізді  тәрбиелік  мөні  қүнды  қасиеттерді  дарыту  болған. 
Хрестоматияның  алғысезі  мен  мазмүиы  бар.  Қүрамында:  «Аяз  би», 
«Ер  Төстік»,  «Қүламергею>  ертегілері  [231,  5-57  б.];  түрмыс-салт 
жырларынан  [231,  58-65  б.]  «жар-жар»,  «бет  ашар»,  «көңіл  айту», 
«толғау»  тәрізді  үлгілері;  батырлар  жырларынан  [231,  66-147  б.]  «Ер 
Едіге», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғьш», «Қарасай-Қази» т.б.; лиро- 
эпостьпс жырлардан [231,  148-206 б.] «Қозы Көрпеш-Баян сүлу», «Қыз 
Жібек»;  жеке  ақындардың  шығармаларынан  [231,  207-282  б.]  Асан 
қайғы  толғаулары,  Бүхар  жырау,  Махамбет,  Шернияз,  Досқожа, 
Шортанбай,  Мүрат,  Сүйінбай  т.с.с.  акындардың  өлеңдері  қамтъшған. 
Алғысөзде  [231,  3-4  б.]  қүрастырушылар  С.Мүканов,  ҚБекхожин 
хрестоматияның 
басылудағы 
мәні-мақсатьша; 
хресгоматияға 
енгізілген  әр  жанрдың  тақырыптарьша  қысқаша  ғана  тоқталады. 
Мәселен,  «Түрмыс-салт  жырлары»  атты  белімге  «Мамайды  жоқтау» 
деген жырдың қосылғанын; аңыз бойынша бүл жоқтауды батыр анасы 
Қараүлек  екендігін,  Мамайдың  ерлік,  отансүйгіштік  бейнесін 
оқушыларға жақсы аңғарту қажеттігі сөз болады.
Ал,  «Батырлар  жыры»  деген  белімде  «Ер  Тарғын  жыры» 
берілген. 
Сондай-ақ  Мергенбай  жьфау  жьфлаған  «Қобыланды 
батыр» жьфы да  бар.  Батырлардың  ерлік, отансүйгіштік қасиеттерін 
қүрастырушылар  Отан  соғысымен  байланыстырады.  Демек,  сол 
түстағы  жарияланған  түрлі  фольклорлық  жинақтар,  хрестоматиялар, 
кітаптардың  жастар  бойына  еліне,  жеріне  т.б.  деген  отансүйгіпггік 
қасиетгтерді, 
ортақ  жауға  келгенде  алауыздықтарды  қойып, 
ортактасу,  бірігіп  күресу  т.б.  тәрізді  идеяларды  да  дарыту  болғаньга 
айту  керек.  Әрі  бүлардың  сол  кездегі  сьфтқы  жауларға  қарсы  үгіт- 
насихат қүралдары қызметін атқарғанын да есте үстау қажет.
136

Кітаптын  «Жеке  ақындардын  шығармалары»-  деп  аталатьш 
бөлімінде  қазақ  халқының  ХУПІ-ХІХ  ғасырдағы  әлеуметгік  күйің, 
сыртқы  жауларына,  отарлау  саясатына  т.б.  қарсы  күрестерін 
көрсететін  және  патша  қысымына  түскен  қазақ  елінің  жай-күйін 
елестететін  шығармалар  енген. 
Жалпы  хрестоматияға 
енген 
мәтіндердің  қайдан  алынғаны  көрсетілмеуі  т.б.- 
бәрі 
кітаптын 
ғылыми сипаттан  гөрі  педагогикалық мақсатта жарияланған  басылым 
екенін танытады.
Ғалым 
А. 
Байтүрсынүлы 
фольклор 
саласындағы 
ізденіс- 
зерттеулері - алдымен ол жазған оқу қүралдарынан көрінеді. Алғашқы 
үстаздық  өмірі  кезіндегі  ел  арасынан  және  кітап  пен  қолжазбалар 
жүзінен жиыстырған ауыз әдебиеті  мен фольклор үлгілерін ғалымнын 
өзі  жазған  оқу  қүралдарына  кіргізіп  отырған.  Мәселен,  А. 
Байтүрсынүлының  қазақ  тіл  білімі  тарихына  қатысты  жазған  оқу 
қүралдарында  [232]  дайын  материал,  дерек  көзі  есебінде  келтірілген 
фольклор  үлгілері  ең  алдымен  жанрлық  ерекшеліктері  жағынан  әр 
түрлілігімен  көзге түседі:  оның  ішінде  ең  жиі  қолданылғаны-  мақал- 
мәтелдер,  сонымен  қатар  жаңылтпанггар,  жүмбақтар,  шешендік 
сөздер, ертегілер, түрмыс-салт жьфлары үлгілері, батырлар жыры мен 
айтыс  ңүсқалары т.б.  Яғни,  мүндай  фольклордың  барлық  жанрларын 
қамту  тәрізді  жинақтың 
академиялық  түрінің  өз  кезінде  белгілі 
фольклорист  ғалымдар 
Ш.Уәлиханов, 
В.Радлов, 
Г.Н.Потанин, 
Ә.Диваев,  М.Ж.Копеевтің  де  жинаушылык  кызметтерінде  кездесуі- 
бәрі  қазақ  фольклорын  қағазға  түсіруде  белгілі  бір  ортақ 
сарындастықтын,  жинаушылык  қызметгегі  тәжірибе  үндестігінің  т.б. 
болғанын дәлелдейді.
_  Ғалымның  қазақ  тілі  негіздерін  оқытудың  үлттық  үлгісін 
дәйектеген  оқу  күралдарында  жиі,  әрі  өте  көп  үсыңғаң  фольклор 
үлгісі-  мақал-мәтелдер  болып  келеді.  Келем  жағынан  қарағанда,  бір 
еңбекте  [233]  мақал  мен  мәтелдер  саны-  10  шақты  болса,  екінші 
бірінде  [234]-  15  үлгісі  бар.  Бүл  жинақтардағы  мақал-мәтелдер, 
көбінесе  пысьнстау-жаттығулар үшін  қажетті  дайын  материал  ретінде 
колданылған.  Мүнда  белгілі  бір  әріп  мәнін  үғындыруда,  одан  буын 
жасап  сөз қүрау,  одан  әрі  сөйлем  жасауға т.б.  дейінгі  бүкіл  сөзжасам 
жүйесіне  қатысты  материалдарды,  бүдан  туындайтын  белгілі  бір 
теориялык  үғымдарды  түсіндіру  мақсатында  А.  Байтүрсынүлының 
мақал-мәтелдерді  пайдалануы  кездейсоқ  емес.  Тегінде  ғалым  бүл 
мақал-мәтелдердің  өздерін  еңбегіне  іштей  іріктеп,  жіктеп,  саралай 
отырып,  балалардың  ой-санасына  сіңімді, таным-қабілетіне  орай,  жас 
ерекшеліктерін  ескере  отыра  енгізген  тәрізді.  Ондағы  мақсат:  әр 
хапықтың  үлттық  ерекшеліктері,  көбінесе  озінің  төл  мәдениеті-
137

ф ольооры   арқылы  көрінетінін  дәлелдеу.  Демек,  осы  фольклор 
үлгілері  арқылы А.Байтүрсыновтың  балалар бойына  ана сүтімен  бірге 
казак  тілі  қүдіретін  жеткізе  алатын  бірден-бір  күш-  фольклорлық, 
яғнн халықтық мүра деп түсінгендігі байкапады.
Екінші  жағынан,  бүларды  фольклортанушы  А.  Байтүрсынүлы  жас 
балалар  үшін:  бірде-  танымдық-ақпараттық  максатта  пайдаланса, 
| 
мәселен,  «Акыл  жас  үланнан,  жүйрік  тай  күнаннан»,  «Ат  болар  тай 
саяққа  үйір,  адам  болар  бала  қонакка  үйір»  т.б.  [235].  Мүндағы 
танымдык  деп  отырғанымыз,  аталары  көшпелі  түрмыста  болған 
жастар  үшін  жылқы,  түйе,  т.б.  малы  таңсық  емес,  бірак  та  олардың 
* 
сыр-сипатына,  мінез  ерекшелігіне  қатысты  т.б.  атадан-  балаға  мирас 
болған  бабалар  сөзі-  қайткенмен  сол  заман  үшін  таным,  білім  көзі 
болғаны  күмәнсыз.  Екіншісі-  А.  Байтүрсынүлының  фолыслорды 
ағартушылық,  үлгі-өнеге  мақсатында  қолдануы,  мәселен,  «Оку-білім 
азығы,  білім-  ырыс  казығы»,  «Білім  жүгысады,  ырыс  ауысады», 
«Білегі  толық  бірді  жығады,  білімі  толык  мыңды  жығады»,  «Ылғи 
қойшы  болсаңдар,  қүл  боларсың.  //Ылғи  тойшы  болсаңдар,  қу 
боларсьщ»  т.б.  [236].  Міне,  мүндай  ғалым  А.  Байтүрсынүлынын 
ізденушілігінен  ағартушылық-демократтық  көзкарасы  да  танылады. 
Яғни,  халық  болашағы-  білімділікте,  біліктілікте,  бірлікте  т.б.  екенін 
саралаған  ғалым,  осы  төңіректе  ғасырлар  бойы  айтылған  ел 
і 
даналарының  сөздерін  ізерлей  де,  іріктей  отырып,  оқулық  ішіне 
молынан  енгізуі-  бәрі  сөз  жоқ,  фольклорист  ғалымньщ  тек 
фольклорды  жинаушы  ретінде  ғана  танылуымен  қатар,  оларды 
жариялағанда  да  белгілі  бір  талаптарға  сәйкес  болуын  да  мақсат 
түтқандығын  діттейді.  Және  де  осы  оқулық  ішінде  А.  Байтүрсынүлы 
мақалдың  бірнеше  нүсқасын  да  келтіреді.  Мәселен,  «Ылги  қоишы 
болсаңдар
...»
 деп басталатын мақалдың келесі бір жерде 2-ші нүскасы 
да козге үшырасады:  «Бәрің бірдей қойшы болсаңдар,  қүл боларсың.  / /  
Бәрің бірдей тойшы болсаңдар,  қу боларсыңдар».
Жалпы  әлемдік  фольклортану  ғылымында  қалыптасқандай, 
нүсқаларды  (яғни  фольклорлық  үлгіні)  бір-бірімен  мына  ретте 
салыстырады.
а) мазмүнда айырмашылық бар ма?
ә) кейіпкерлер өзгерген бе?
б) олардың іс-әрекеті, сөзі өзгерген бе?
в)  тілде,  стильде  жаңалық  бар  ма?  (қысқартылып  иемесе  басқа 
сөзбен беру т.б.).
Әдетте, 
салыстырулардың 
мүндай 
белгілері 
фольклордың 
оқиғалы,  сюжетті  т.б.  үлгілеріне  көбірек  сай  келеді.  Дегенмен  екі 
нүсқа арасыңда мазмүнда да,  кейіпкерлерінде де  (қойшы-тойшы,  қүл-
138

ку),  олардың  іс-әрекеттерінде  (болсаңдар-боларсың)  т.б.  өзгерір  жок, 
макалдағы  мағыналық  тұтастык  сақталған,  өзгеріс  жоқ.  Тек  сөз 
басталуындағы  «ылғи»  сөзі  келесісінде  «бәрің  бірдей»  деген  сез 
тіркесімен  алмастырылған.  Әйтсе  де  осы  тәрізді  мақалды  жиі 
колдануында  да  астыртын  саяси  мән  де  жоқ  емес.  Дағдылы  көшпелі 

кәсіппен,  яғни  мал  бағумен  ғана  шүғылдана  бермей,  басқа  маман 
иелерін игеруге жастарды астыртын үгіттеу, насихаттау үлгісі де бар.
Үшіншісі,  ғалым  А.Байтүрсынүлының  фольклорды-  даналыққа 
баулу,  тәрбиелік-эстетикалық  мақсат  көзі  деп  тануы.  Мәселен, 
«Ойнап сөйлесең де,  ойлап  сөйле»,  «Ақпа қүлаққа айтсаң,  ағып  кетер, 
қүйма  күлаққа  айтсаң,  қүйып  алар»,  «Күн  ортақ,  ай  ортақ,  жаксы 
ортақ» т.б.  [237].
Халық  өз 
өмірінде  бала  тәрбиесіне  ерекше  мән  берген.  Осы 
түрғыда  көптеген  фольклорлық  үлгілерді,  оның  ішінде  мақал- 

цдтездерді  де  тудырғаңы  белгілі.  Әдетте  белгілі  бір  мақал-мәтеддін 
туу тарихы бір күндік емес, бірнеше ғасырларга созылары анық.  Яғни, 
халық  өзінің  өмір  бойы  жиған-терген  білімін,  бай  тәжірибесін, 
мәдениетін  т.б.-  бәрін  осы  фольклорлық  нүсқа,  мақал-мәтелдер 
арқылы  атадан  балаға мирас  етіп  калдырып  отырған.  Демек  бүдан  біз 
фольклортанушы  [А.  Байтүрсыңүлының  халық  поэзия  үлгілерін- 
көненің  көзі,  сөз  өнері,  ескерткіш  мүрасы  деп  сараптауын  танимыз. 
Төртіншісі,  фольклорист-ғалым  мақал-мәтелдерді  денсаулықты,  оның 
қадірін  дәріптеуге  арнайды.  Мәселен,  «Денсаулық-  зор  байлық», 
«Ішің  ауырса,  аузыңды  тый»  т.б.[237,  78  б.].  Міне,  осындай  түсінік 
атаулыны  балаға  ерте  жастан  есіне  түсіре  отырыгі,  жастайынан 
денсаулықты  бағалауға,  қастерлеуге,  сактай  білуге  шакыру,  жеке  бас 
тазалығына  үгіттеу  мен  насихаттаудың-  оқулық  маңызын  арттыра 
түсетіні анық.
Ғалымның  келесі  «Тіл-  күрап»  атты  еңбегінде  (Орынбор,  1914) 
колданылған  мақал-мәтелдер шоғыры белгілі бір игерілген теориялық 
түжырымдарды меңгерту, таныту, есте үстату т.б. тәрізді  мақсаттарды 
дағдыландыру,  пысыктау,  ширату,  сынау  жаттығулары  есебінде 
алынған.  Мәселен,  жеке  сөз,  сөйлем  жасау  мақсатында-  38;  сөзді 
буынға бөлу, буынды жеке-жеке дыбыстарға бөлу ерекшеліктерін ашу 
үшін  -28;  ажыратылған  дыбыстарды  пысықтауда-  100;  ал,  жазу 
қағидаларын  есте  үстау  үшін-  130  шакты  мақал-мәтелдер  шоғыры 
(кейбіреулерінін қайталанатын түстары да жоқ емес) келтірілген  [237, 
144-160 б.].
Сондай-ак 
аталған 
енбекте 
атауыш 
сөздерді 
өткеңде 
дағдыландыру жаттығулары  үшін-  127 мақал-мөтел алынса,  оның:  зат 
есімді  өткенде- 40; сын есімді- 24;  сан есімді-  17;  есімдікті-  19;  етістік
139

бөлігінде-  27  шактысы  қамтылған.  Біраз  келтірілген  мақал-мәтелдер 
бірңеше  рет  кайталанады:  «Басқа  келген  бәледен  бастан  қүлақ 
садаға»,  <<Не ексең,  соны  орарсың»,  «Таспен үрғанды  аспен үр»,  «Күн 
ортақ,  ай  ортак,  жақсы  ортақ»  т.т.  Міне,  байқап  отырсаңыз, 
фолыслортанушы  Ахмет  өз  еңбегінде  мақаа-мәтелдерді,  бір  жағынан 
дайын  тілдік  материал  көзі  ретінде  қолданса,  екіншіден,  олардың 
арасынан 
ағартушылық, 
танымдык, 
тәрбиелік  т.б. 
кызметтер 
атқаратын  үлгілерін  саралал  қайта  келтіруі  т.б.-  бәрі  фольклорист 
ғалымньщ  ағартушы-демократиялық  көзқарастарынан  туындайтынын 
дәлелдейді.
Ғалымның  фольклорды  дайын  тілдік  материал  көзі  ретінде 
қолдан>'  себебі  неде?  Оқулық  шыққан  заманда  (XX  ғасыр  басы) 
баспасөз  қызметі  енді-енді  ғана  қолға  алынып,  газет-журнал,  кітап 
бастыру  т.т.  тәрізді  істер  қанат  жая  бастағанда,  оқулық  жазу 
барысында лайын  көркем туындылардың мардымсыз аздығы, яғни тіл 
оқулығы  үшін  керекті  тілдік  материалдардын  болмауы  т.б.-  бәрі 
Ахметті  дайын  фольклорлық  нүскаларды  пайдалануға  итермелесе 
керек. 
Екінші  себеп,  мүндай 
фольклорлық  үлгілерді  оқулық 
чатериалы  есебінде  қолдану  дәст\рі  өзіне  дейінгі  көршілес  Ресей 
елінде  болуы,  сондай-ак  XIX  ғасырдағы  Ы.Алтынсарин  оқулық- 
хрестоматиясында 
кездесуі-  бәрі 
оқулық  жазуда  белгілі 
бір 
жүйеліліктің,  дәстүр  сабақтастығыньщ  болғандығын 
көрсетеді. 
Дегенмен,  бүл  оқулық  атаулылар,  көбінесе  казақ  әдебиеті  тарихына 
катысты 
басылғандарын 
айтпасқа 
болмайды. 
Ал, 
А. 
Байтүрсынүлының  өзіндік  оқулық  жазу  ерекшелігі:  біріншіден,  қазақ 
тіл  білімі  тарихында  алғашқылардын бірі  болып  тіл оқулығын  жазуы, 
екішпіден, осы оқулықтарды жазуда-  халыкта бүрыннан бар фольклор 
нүсқаларына  дайын  тілдік  материал  козі  ретінде  әрі  назар  аударып, 
әрі оны  пайдалануы т.б.
А. Байтүрсыновтың 
«Тіл-қүрал»  атты  ендігі  бір  кітабында 
(Қызылорда,  1925)  300-дей  мақап-мөтел  бар.  Сондай-ақ  келтірілген 
макал-мәтелдердің  ішкі  қүрылым  ерекшеліктері  белгілі  бір  тілге 
қатысты  атауларды  өткенде  ескерілетін  төрізді.  Мөселен,  «бүл 
сөйлеуде  5  сөйлем  бар»  деген 
А.  Байтүрсынүлы
пікірінде,  сөйлемнің  күрделілігіне,  онын  күрамы  жеке  дербес  5 
сөйлемнен  түратындығына  т.б.  назар  аударта  отырып,  аңдату 
мақсатында  мына  бір  мақал  келтіреді:  «Жер  жүтуға  тоймайды;  от 
отынға  тоймайды;  қүлақ  естуге  тоймайды;  кісі  ойға  тоймайды;  борі 
қойға  тоймайды»[237,  176  б.].  Демек  Ахмет  күрамы  5  сойлемнен 
түратын  «қүрмалас»  сейлемдердің  өмірде  қолданыста  кездесетініи 
аңдату үшін, жоғарыдағы дайын фолыслорлық үлгіні  колданған.
140

Ал,  сөйлемдердің  жеке  дербес  сөздерден  тұратындығын  ескеру, 
дәлелдеу үшін,  ғалым  еңбегіне  хальщ тұрмысында жиі  қолданылатын 
мақал  үлгісін  енгізеді:  «Бір  сөйлемнің  ішінде  бірнеше  сөз  болады; 
мәселен:  «Аш  бала  тоқ  баладай  ойнамайды»  деген  сөйлемнің  ішінде 
бес  сөз  бар:  1/  аш,  2/бала,  3/тоқ,  4/баладай,  5/  ойнамайды»  [237,  176 
б.].  Міне,  бұдан  біз  ғалымньщ  ез  сөзімен  айтқандай:  «...  «Тіл- 
құралмен»  балаларды  оқытқанда,  әр  ереже  туралы  аңдату  әңпмесі 
болғаннан  кейін,  балалар  әбден  түсіну  үшін  сөйлем-сөйлем  сөздерді, 
мақалдарды  үлгіге  алып,  олардың  ішінен  ережеге  келетін  жерлерін 
балаларға  таптыртып,  басқалардан  айырту»  [237,  175  б.]-деген,  өз 
’ 
алдына мақсат қойғанын танимыз. Сонымен бірге фольклорист-ғалым 
А.  Байтүрсынұлының  фольклорды  дайын  тілдік  мәтін  көзі  ретінде 
қолданғанның  өзінде  де,  оның  халыққа  яғни  жаяпыға  бірдей 
тұсініктілігін,  есте  жақсы  сақталатын  т.б.  жақтарын  ескеріп, 
талғампаздықпен ізерлегенін  көреміз.
Сондай-ақ  А.  Байтұрсьшүлы  фольклорды  тәрбие  (мазмүны), 
тәлім, ой дамыту (идея), өмірді таныту,  білу (танымдық),  тіл кестелігі 
(эстетикалык)  мақсаттарында  қолданған.  Мөселен,  егер  де  ғалым 
«зат  есімді»  мақалдар  аркылы  дағдыландыруды  мақсат  тұтса,  онда 
тәрбие-тәлім  көзі  ретіндегі  фольклорлық  үлгі  қүрамындағы  сөздер 
арасында  міндетгі  түрде  «зат  есімнен»  болатьш  сөздердің  болуьш 
қадалаған:  «Ат  ерінді  келер,  ер  мұрынды  келер»,  «Ауруда  шанпгу 
жаман, сөзде қацқу жаман» т.б.[237,  180 б.];
- Сын  есімді өткенде де солай:  «Қатты  жерде қақ тұрар, қайратты 
ерге  мал  тұрар»,  «Жаман  сайға  су  түссе,  өткел  бермес  кешуге»  т.б. 
[237,  191 б.];
- Сан есімде:  «Мың  қосшыға бір басшы», «Екі үрудан би болса, ел 
байсал таппас», «Ер қаруы- бес қару» т.б. [237,  192 б.];
-  Есімдікте:  «Әрі  жат,  бері  жат  демек-  төсек  тарлығы,  сенікі, 
менікі  демек-  көңіл тарлығы»,  «Аттьщ бәрі  түлпар  емес,  қүстың  бәрі 
сүңқар емес» т.б.  [237,  193 б.];
-  Етістікте:  «Құс  баласы  қырымға  қарайды,  ит  баласы  жырымға 
қарайды», «Мал көтерер өлімді, дос көтерер көңілді» т.б.[237,  193 б.];
Яғни  осы  тәрізді  ғалым  қазақ  тілі  құрылымында,  мейлі  жалғау, 
мейлі  жұрнақ  мәнін  түсіндіруде  болсын,  мейлі  шылау  сөздерді 
өткенде  де  т.б.  —  бәрінде  де  ғылыми-танымдық  дерек  кезі  ретінде 
фолыслорды,  онын  ішінде  мақал-мәтелдерді  қолданған.  Бұл  да 
фольклортанушы  А.  Байтұрсынұлының 
оқулық  жазу  барысында 
дайын  мәтін  көздерін  бейберекет пайдаланудан  гөрі,  қайта белгілі  бір 
таным,  коркемдік  мақсатына  сәйкес  тәртіпке,  жүйеге  негіздегенін 
ізерлейді.
141

Келесі  бір  окулығында  (Тіл-құрал.  Орынбор,  1915)  фольклорист- 

ғалым  мақал-мәтелдердін 
бар-жоғы  19-ак  нүскасын  келтірсе, 
екіншісінде  (Тіл-құрал.  Қызылорда,  1925)  200-дей  үлгісі  бар.  Мүнын 
ішінде  дерек  көзі  есепті  алынған  мақал-мәтелдер 
эстетикалык 
мақсатта  оқулық  бойында  сөйлем  мүшелерін,  сөйлем  түрлерін  т.б. 
өткенде,  өрі  олардың  өздерін  таныту,  әрі  бір-бірінен  ажырату  үшін 
апынған.
Қорыта  айтқанда,  Ахмет  Байтүрсынүлы 
фольклор  үлгілерін 
жинамаған,  бұрынғы  басылымдарды  пайдаланған.  Кейде  өзінін 
білетіндерін  қосып  отырған.  Ал,  автор 
оқулық-хрестоматия  жазу 
барысында  фольклорлық үлгілерді  келтіргенде,  оны  кайдан  алғанын 
«! 
көрсетпеуі- 
сөз 
жоқ, 
А. 
Байтүрсынүлының 
фольклорды 
жариялаушылық  қызметінің  осаЛ  түсы.  Сол  заманда  қазақ  елі  үшін 
оқулық  мүктаждығы  А.  Байтүрсынүлын  тездетіп  оқулық  жазуына 
әкелуі,  өз  кезегінде  жоғарыдағыдай  кемшіліктерді  тудырды.  Ал, 
фольклортанушы  Ахмет  Байтұрсынұлы  алғашқьшардың  бірі  болып, 
казақтың түңғыш үлттық оқулық жазуы,  негізінен,  оған дайын тілдік 
материал  көзі  есебінде  ұлттық  төл  әдебиетті,  яғни  фолыслорды  алуы 
т.б.- 
бәрі, 
сөз 
жоқ, 
А.Байтүрсынүлы 
еңбектерінен 
қазақ 
фольклористикасының  өзіндік  ұлттық  даму  кезеңінің  басталғанын 
танытады.
Жоғарыдағы 
ғылымн-педағогикалық 
сипаттағы 
еңбектерде 
фольклордың  макал-мәтел  түрін  ғалым  жиі  колданғаны  белгіш, 
сондай-ақ жаңылтпаштар да орынды  пайдаланылған.  Мәселен,  «Оқу- 
құралы»  (Оренбург, 
1912)  кітабында  баланың  тілін  үстарту 
мақсатында бір жаңылтпаш  («Қосет атам  ет асар,  ет  асатса бес асатар 
(үш  рет  шапшаң  айтарға)»  [237,  45  б.]  берілсе,  «Әліп-би»  атты 
(Қызыл-орда,  1928)  келесі  бір  еңбегінде  жаңылтпахнтың  жасалу 
жолдарын  көрсету максатында-  15  шақты  нүсқасын  келтіреді.  Мысал 
үшін:
Назар нараз,
Нан арзан, нан арзан.
Назар нараз, нан арзан.
Назар нараз, нан арзан.
Он нан онан арзан.
Назар нанар,
Нанар Назар.
Назар  азар, нар азар [237,56 б.]
Демек:  біріншіден,  жаңылтпаштардын  күрамы  көбіне  2  бунақты, 
аралас буынды, аралас ұйкасты, 4-тен  10-ға дейінгі  көлемді  камтитын 
тармақтан  (мүндағы  мысал  8  тармақтан  тұрады)  т.б.  құралады.
142

Екіншіден,  тармак  кұрылымы,  көбінесе  бала  тілі  келмейді  деген 
дыбыстардан түратын  сөздерді жиі қайталаумен  (мұнда «Ң», «Р»,  «3» 
дыбыстары  алынған)  ерекшеленеді.  Мұндай  дыбыртар  қатарында, 
сондай-ақ  жанылтпаштар  бойынан  дауысты  дыбыстан  қысаң  «О» 
дыбысы  алынса,  ал  дауыссыздар  арасынан  қатаң  «Қ»,  «С»,  «Т»  т.б. 
тәрізді  дыбыстары  бар.  Оқулықтарда  кездесетін  бұл  жанылтпаш 

үлгілері  себепсіз,  ретсіз,  кездейсоқ  т.б.  беріле  салмаған-  бәрінде  де 
белгілі  бір  жүйелілік  бар:  біріншісі-  оқулық  ішіндегі  жоғарыдағы 
дыбыстарды  өткенде,  сол  тақырыпты  жастарға  аңдату,  пысықтау, 
дагдыландыру т.б.  үшін  алынса;  екіншісі-  жастар бойында  кездесетін 
ь 
сол  дыбыстарды  айту  түсындағы  кемшілік  атаулыларды  әрі  жою,  әрі 
тілді  үстарту  мақсаттары  көзделген.  Демек,  ғалым 
А.
Байтүрсынұлы  өз  енбектерінде  бұл  фольклорлық  үлгілерді  де  әрі 
дайын мәтін көзі, әрі жастарды тәрбиелеу ретінде т.б. алған.  Сонымен 
қатар  ғалымның  қазақ  тілі  әдістемесіне  байланысты  жазған  «Тіл 

жүмсар»  (Қызыл-Орда, 
1928)  еңбегінде  де  буьгаға  қатысты 
тақырыпшаны  өткенде,  оның  түрлерін  ажырату,  бөлу,  түсіндіру  т.б. 
мақсатгары  үшін  де  мысал,  дәлел  көзі  үлгісінде  жаңылтпаштың  3 
мәтіні беріледі  [237, 342-343 б.].
Сөйтіп,  баланың  тілін  үстарту  үшін  де,  баланың  даму  барысын 
ретгеу  үшін  де,- 
ал  бүл 
педагогика, 
жаңылтпаштын  жасалу 
жолдарын,  ішкі  қүрылым  ерекшелігін  кәрсету  мақсатында  да,  бала 
тәрбиесі  үшін  де,  белгілі  бір  үғымдарды,  тақырыптарды  өту 
мақсатьгада  аңдату,  пысықтау,  дағдыландыру  жатгығулары  үшін  де 
т.б.  -   бәрінде  дерлік  тағы  да  дайын  материал  көзі  есебінде 
фольклортанушы  А.  Байтүрсынүлы  фольклорды,  оның  ішінде 
жаңылтпаштарды 
колданады. 
Тек 
бір 
кемшілігі, 
жоғарыда 
айтылғандай, мәтін паспортының толтырылмауы бар.
Сондай-ақ  жаңылтпапггардың  фольклордың  басқа  түрлерінен  бір 
ерекшелігі, 
оның 
айтылу 
кезіндегі 
дыбыстык 
жағына 
А. 
Байтұрсынұлының  ерекше  назар  аударады.  Және  оны  тек  тілдік 
дыбыстарды  өткенде  ғана  пайдалануы,  оқулық  жазуда  дайын  тілдік 
материал 
кәздерін, 
ягни 
фольклордың 
жанрларын 
А. 
Байтүрсынүлының  ат  үсті  қолданбай,  өзіндік  ерекшеліктерінің  сол 
өтілетін тақырыптарға толықтай сәйкес келу мүмкіндігіне орай енгізуі 
т.б.  —  бәрі,  сезсіз,  ғалым  А.  Байтүрсынүлының  фольклорды 
зергтеушілік  кызметінің  фолыслорды  жариялау  қызметімен  үндес, 
сабақтас, сарындас т.б. болғанын дәлелдейді.
Жастар 
төрбиесінде, 
олардың 
ой-санасын 
дамытуда 
т.б. 
жүмбақтардың маңызы ерекше екені белгілі.  Ғалым фольклордың  бұл 
жанрын  да  аттап  өтпеген  тәрізді.  Мәселен,  сол  «Оқу  қүралы»
I
143

(Оренбург,  1912)  еңбегінде  жұмбақтын-  12  үлгісін,  отірік  өлеңнің  14 
тармағын да келтіреді  [237,45-46 б.].
Жүмбактардың  келесі  бір шоғырын-  160  шакты  үлгісін  ғалымныц 
«Әліп-  би»  (Қызыл-Орда,  1928)  оқулығында  кездестіреміз.  Еңбектегі 
қолданыстағы  жүмбақтардьщ  өзіне  тән  мынадай  ерекшеліктері  бар. 
Біріншісі,  қүрылымы  әр  түрлілігі-  бірде  өлең  үлгісінде  бунаққа, 
тармаққа, үйкасқа т.б. қүрылады. Мәселен,
Ти десем, тимейді,
Тиме десем тиеді [237, 74 б.].
Бірде  дидактикалық  сарындағы  қара  сөз  түрінде:  «Төлептің  торт 
үлы  бар.  Терт  үлына  адам  басына  бір  апа,  бір  қарындасы  бар. 
Телептің  барлык  баласы  нешеу  болғаны»  т.б.  [237,  77  б.].  Екіншісі, 
соңғы үлгіден  байкағанымыздай,  ғалым  жүмбақ соңында,  не  басында 
«ойнаңдар!  ойлаңдар!»  деген  тәрізді  айдарлы  сезбен  баланың  ойын 
қарапайым  математикалық  есеп  шығаруға  дағдыландыру,  ойлантуға 
т.б.  лайықтап  осы  нүсқадағы  да  жүмбақ  үлгілерін  қолданған.  Әдетте 
жүмбақтар  адам  баласының  қоршаған  ортасын  езіне  үқсас,  лайықты 
қүбылысқа,  не  затқа  балауы  негізінде  қүрылады.  Ал,  мүнда 
қарапайым  арифметикалык  есеп  үлгісі  де  оқулыққа  енгізілуі,  жас 
ерекшеліктері  ескерілуі  т.б.  — бәрі  бүл  оқулықтың  бастауыш  сынып 
оқушыларына арналғандығын анықтайды.
Ғалым  А.Байтүрсынүлы  тек  мақал-мәтелдерді  т.б.  ғана  берумен 
шектелмеуі,  шамамен  оқырманның  білімге  деген  қүштарльпъш 
дамыту,  әрі  қазақ  халқының  халықтық  шығармаларға  ете  бай 
екендігіне баса назар аударту' мақсатында да оқулық бойында ара-түра 
фольклордың  басқа  да  жанр  үлгілерінен  дайын  мысалдар  келтіріп 
отырды.  Фольклордың  мақал-мәтел,  жаңылтпаш,  жүмбақ, т.б.  тәрізді 
үлгілерін  келтіргенде,  ғалым  міндетті  түрде  сол 
үлгі  шекесіне 
«мақал», 
«жаңылтпаш», 
«жүмбақ» 
т.б. 
сияқты 
маңдайша 
тақырыпшаларды  жеке-жеке 
керсетіп  отыруды  үмытпаған.  Бүдан 
ғалымның  фольклордың  ішкі 
жанрлық  ерекшеліктерін  ажырата 
білгенін  танимыз.  Және  де  осы  іппсі  ерекшеліктерді  оқулық  жазуда 
орынды пайдаланған.
Ғалым  қолданған  келесі  бір  педагогикалық  сипаттағы  фолыслор 
үлгілері  шешендік сездер:  «Сауат ашқыш»  (Семей,  1926) оқулығында 
9  үлгісі  бар  [237,  91-139  б.].  Жоғарыдағы  оқулыктардағы  ғалым  А. 
Байтүрсынұлының  фольклордың  мақал-мәтел,  жаңылтпаш,  жүмбақ 
түрлерін 
келтіргендегі 
бір 
екініштісі: 
бірінші- 
үлгінің, 
жинаушьшьпсгың қай тәсілдері  арқылы  (ауызба-ауыз ба,  ескі  кітаптар 
жүзінен  бе,  кене  қолжазбалар  беттерінен  бе  т.б.)  қағаз  беттеріне 
түскендігі 
керсетілмеуі;  екінші-  ол  үлгілерді  кімдерден  жазьш
144

I
алғаны, қалайша, қай жерде,  кай  мезгілде, қай жылы т.б. тәрізді дерек 
көздерінің  толтырылмауы  т.б.  — бәрі  де  фольклорист-ғалымның  сол 
түстағы  кемшіліктері  деп  те,  әрі  сол  оқулықтың  да  әлсіз  жағы  боп 
қарастырылады.
Керісінше,  жоғарыдағы  ол  олқылықтар  осы  оқулық  бойында,- 
«Сауат  ашқышта»  (Семей,  1926)  кездеспейді,  яғни  кітап  ішіндегі 
көрсетілген  шешендік  сөздің  9  үлгісінің-  барлығы  нақты  қайдан 
алынғандығы  туралы  жазылған  паспорты  бар  (бірак  толық  емес). 
Мәселен,  «Торайғыр  бидің  тақпақтары»,  «Алшын  Қаражігіт  би», 
«Даукестер сөзі» (2 нүсқасы бар)- бүлар бәрі Шорман  жинағынан деп 
көрсетіледі.  Тек  олар  Шорманның:  қай  жылдары  жиғандары,  қай 
жерлерден,  кімдердің  айтуларынан,  қандай  жинау  тәсілі  арқылы 
жиыстырылғандары,  олар 
қайда  сақталғандығы,  қайда  жарыққа 
шыққандары  т.б.  жайында деректер көзі  ескерілмей қалған. Шамамен 
ол  заманда  бүл  фольклор  үлгілері  бәріне  белгілі  дәрежеде  түсінікті, 
таныс  т.б.  болу  себепті  ескерусіз  қалуы  да,  немесе  соншалықты 
толыққанды  мәліметгер  беру  қажетсіз  деп  табылуы  да  орын  алған 
болар. Дегенмен, жоғарыдағы мүндай олкылықтардың тууының заңды 
3  себебі  бар  тәрізді:  бірі-  ол  кездегі  фольклортану  ғылымының  әрі 
балаң,  әрі  өз  алдына  жеке  ғылым  саласы  болып  қалыптасып 
үлгермегендігі  болса;  екіншісі-ғалымдардың  сол  заманда  белгілі 
мөлшерде  фольклористік  білім-танымының 
жетіспеушілігі  т.б.; 
үшіншісі-  Кеңес  үкіметі  түсында  мәдениеттің,  әдебиетгің,  ғыльшның 
т.б.  дамуы  үшін  кедергі  болған  «коммунистік  идеология»,  «тап 
тартысы», 
«әдебиеттің 
партиялылығы»  т.б. 
тәрізді 
сыңаржақ 
үстанымдардың зиянды әсері демекпіз.
Келесі 
бір 
шешендік 
сөздер 
шоғыры 
ғалым-ағартушы 
Ы.Алтынсарыүлы  кітабынан  алынды  десе  («Атақозы  би»,  «Мөңке 
би»,  «Жәнібек  батыр»),  біразы  фольклортанушы  ғалым  Ә.Диваевтікі 
деп көрсетілуі де («Көсем  бала»,  «Әділ би») т.б.- бәрі де сол  кез үшін 
әрі қазақ фольклортану ғылымында үлкен жетістістіктің  белгісін,  әрі 
оқулыктың  ғылыми  сипатын  танытты  [237,97-106  б.].  Яғни  әлемдік 
фолыслортануда 
фольклор 
үлгілерін 
жинаушы, 
жариялаушы, 
зерттеуші  фольклорист-ғалымдар  үшін  қойылатын  негізгі  ғылыми 
принцип-фолыслорлық  нүсқаның  жазылынып  алыну  паспортын 
көрсетуін  міндеттеген  алғашқы  ізденіс  жемісі  еді.  Сондай-ақ  осы 
оқулықта  (Сауат  ашқыш.  Семей,  1926)  ғалымньщ  дайын  текст 
түріндегі  материал  көзі  ретінде  қолданған  фольклордың  келесі  бір 
жанры-  ертегілердің  6  мәтіні  бар:  «Алдар  көсе»,  «Қожанасыр»,  «Үш 
мерген», «Қыпшақ Сейітқүл»- бәрі Ы.Алтынсарьгүлы кітабынан [ 237, 
99-101,  121-122  б.];  «Қүлық»-Шорман  жинағынан  [237,  101  б.]  деп
145

көрсетсе  де,  ал  «Қожанасыр  ақылы»  атгы  үлгі  кімнен  алынғандығы 
аныкгалмаған [237,106-107 б.].
Бүлардан  басқа 
дайын  дағдыландыру  материал  көзі  ретінде 
А.  Байтүрсынүлы  фольклордын  түрмыс-салт  жырларына  жататын 
төрт  түлік  малға  қатысты  бір-бір  шумақ; 
бөбекке  арналған 
өлеңдерден  де  бір-бір  шумақ  келтіреді.  Олар  балалардың  жасы,  ойы 
мен  психологиясына  лайықгы,  әрі  жаттау  үшін,  көбінесе  сөйлемді 
ажыратуда,  әр  сөйлемнің  ішінде  неше  сөз  бар  екенін  жіктеу  үшін  де 
колданылған (Тіл жүмсар. Қызыл-Орда,  1928) [237,341  б.].
Фольклорға  қатысты Гэпостық  жыр  үлгілерін  де  ғалым  атгап 
кетпеген  тәрізді.  Тек  олар  толық  емес,  үзінді  күйінде  үзік-үзік  2-3 
сөйлем  үлгісінде  келтірілген.  Жыр  үлгілерінің  тармақтары  арасы 
өзара  ажыратылмай,  кара  сөз  үлгісі  бойынша  бірінен  соң  бірі 
тізбектелініп берілгенД^ондай-ақ үлгінің аты да, кімнен алынғаны т.б.
-   бәрі  көрсетілмей  қалған  [237,  200-201  б.].  Шамасы,  бәріне түсінікті 
деп  есептеген  тәрізді.  Мәселен,  «Сайымньщ  үлы  Қараман//  Қазанға 
кетіп  барамын.//  Қобыланды  батыр  дем  алып,//  Алдыңғы  жаққа 
карады.//  Көз  үшынан  бір  адам  шауып  барады,-  деп  келеді  де  (мүның 
«Қобыланды батыр» жырынан алынған үзінді екендігі  көрсетілмейді -  
Н.Ж.),  бірден  фолыслордың  айтыс  жанры  үлгісіне  үласып  кетеді,-  А, 
Жанақ,  тимей  отыр  қытығыма!//  Найманның  кім  жетеді  үшыгына?// 
Жиылып тамам арғын тең келе ме?// Бір үйлі Токабайдай пүшығыма?»
Міне,  бүл  үзіндіден  біз  алғашқы  мәтіннің  кай  жыр,  қайдан 
алынғанын т.б.  білмесек те,  сөйлемдегі  Қобыланды  есімінің  аталуына 
қарай  оны  «Қобыланды  батыр»  жыры  деп  таныдық.  Ал,  келесі 
нүсқаның  айтыс  жанрына  жататынын  аңғарсақ  та,  алғашында  нақты 
кімдердің  арасындағы  айтыс  екенін  межелеу  қиын.  Себебі  айтысқа 
түскен  акынның  міндетті  түрде  екеуінің  де  аты  аталуы  керек  десек- 
ондай 
фольклортану 
ғылымына 
қатысты 
ғылыми 
шарттың 
орындалмауы 
ғылыми 
дәлдікке 
әкелмейді. 
Дегенмен 
айтыс 
үзіндісінде:  ақынның  бірінің  атынын  аталуы,  ол-Арғын  Жанақ  ақын 
екендігі;  екіншісі-  шамасы  аты  аталмаса  да  Найман  елінен  шыққан 
Түбек  болуы  керек  т.б.  -   бәрі  айтыстың  Арғын  Жанақ  пен  Найман 
Түбек  акыны  арасында  болғанын  діттейді.  Сондай-ақ  бүл  үзіндіні- 
мәтіннің туу  паспорты есебінде де қарастыруға болады. Ал, ондағы ру 
аттарының  аталуын-  қазақ  фольклортану  ғылымының  өзіндік  үлттық 
ерекшеліктері деп тануымыз керек.
Түйіп  айтқанда,  Ахмет  Байтүрсынүлының  осы  тіл  оқулықтары 
таза,  бүгінгі  түсініктегі  оқулык  емес.  Оның  кітаптарын  «Оқулық- 
хрестоматия»  деп  атау  дүрыс.  Бүларды  жазу  үстінде  фольклортану 
ғылымына  тән  қызметтер  атқарылды:  біріншісі,  фольклор  үлгілерін
146

баспа бетінде ғылыми-педагогикалық сипатта жариялаушылық еңбегі; 
екіншісі,  әрі  фольклор  нұсқаларын  зерттеушілік  кызметі  т.б. 
Фольклортану  ғылымы  тарихында  фолыслорды  жинаушылықтың 
калыптасқан  дағдылы  3 түрі  бар десек, яғни  фолькло[элык мәтінді  әрі 
ел  аузынан  жинау;  әрі  ескі  қолжазбалардан  жинау,  әрі  көне  кітаптар 
жүзінен  жинау т.б.- бәрі де  фольклорист-ғалым  А.  Байтүрсынүлынын 
тіл  оқулықтарында  қолданыс  тапқан. 
Мәселен, 
оқулықтарда 
келтірілген  біраз  ел  мұралары 
Ы.Алтынсарин,  Ә.Диваев  т.б. 
жинақтарынан  алғандығы  белгілі.  Демек  ғалым  А.  Байтүрсынұлы 
бұларды  оқулыққа  дайын  керекті  тәрбие,  тәлім,  ой  дамыту,  өмірді 
таныту,  білу,  тіл  кестелігі  тәрізді  тілдік,  мәтіндік  материал  көзі  деп 
карастырған.  Жалпы  ғалым  фольклорды-  сондай-ақ,  ескерткіш,  сөз 
өнері,  ұлттық  таным,  информация,  ең  бастысы  ұлггық  эстетикалық 
тәрбие көзі т.б. деп танығаны айқын аңғарылады.
Ап,  ғалымның  бұл  фольклор  нұсқаларын  қандай  жинау  әдістері 
арқылы іске асырды дегенде, фольклортану ғылымында белгілі болған 
әрі  экспедициялық  әдісті  де  (ел  арасын  арапап  жинайтын),  әрі 
түрғылықты  әдісті  де  (түрғылықты  орнынан  жинайтын)  қатар 
қолданған.  Ал,  осы  кызметтерінде  ғалым  А.  Байтұрсьгаұлы  белгілі 
біреулердін көмегіне сұйенді ме, жоқ па, өзінің жеке  тілшілері болды 
ма, жоқ па- ол жағы әзірге деректің жоқтығынан белгісіз.
Сонымен  қатар  өзі  жазған  оқулықтарға  материал  көзі  ретінде 
алынған  деректер  тек  фольклордың  белгілі  бір  жанрымен  ғана 
шектелмей,  қайта  фольклордың  барлық  жанрлары  (тұрмыс-салт 
жырлары, ертегілер, батырлар жыры,  мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, 
жұмбақтар,  шешендік  сөздер,  айтыс  үлгілері  т.б.)  қамтылған.  Міне, 
бұдан  біз  ғалым  А.  Байтұрсынұлының  түңғыш  рет  оқулық  жазуда 
академиялық  әдіс аркылы жиналған фолыслордын барлық жанрларын 
мәтін көзі ретінде қолданғанын саралаймыз.
Фольклор 
үлгілерін 
ыждаһатпен.  қолданған 
ғалым 
А. 
Байтүрсынұлының тіл тарихьгада да,  фольклортану тарихында да т.б. 
окулыктар  жазуда  тұңғыш  рет дайын  материал  көзі  деп  фольклорды 
алуы,  және  де  фольклорды  қазақ  халқына  ең  түсінікті,  үтымды  үгіт- 
насихат қүралы деп түсінуі т.б.- сол кез үшін де қазіргі  заман үшін де 
үлкен  жаңалық  болды.  Яғни,  бүдан  біз  XX  ғасыр  бас  кезінде 
халықтың өзін-өзі тануына, өзінің төл әдебиетіне, тіліне, тарихьгаа т.б. 
деген  табиғи  сұраныстьш,  кажетгіліктің  тууына  сәйкес,  ғалымның 
халыктың  өзінің  бай  үлттык  орнегін,  ғасырлар  бойы  сақтап  келген 
фолькпор  нұсқаларын 
ғылыми-педагогикалык  сипатта 
оқулыққа 
негіз  етіп  алуы  -   бәрі  де  фольклорист-ғалым  А.  Байтүрсынүлының 
халық үшін керекті тарихи қажеттілікті түсінгендігін дәлелдейді.
147


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет