Н.Қ. Жуе пов ф о ж, ош ртан,йырда щ ШрІшиІ ж ар т


§  жинаганда, барлық сөз арқылы таралатын мөтіндер мен олардың түрлі



Pdf көрінісі
бет5/33
Дата03.03.2017
өлшемі13,43 Mb.
#6391
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
§  жинаганда, барлық сөз арқылы таралатын мөтіндер мен олардың түрлі 
нұскалары  да  толық  қағазға  түсіріледи  Мәтіндерді  қағазға  түсіре
І
отырып, олардың қаншалықты  кең таралғанына да, қай ортада көбірек 
бағаланатыны да  т.б. -  бәрі де белгіленіп  отырылады.  Сонымен  бірге 
фольклорды  тудырушылар  мен  орындаушылардың  шығармашылық 
қабілетгілігі,  өмірі  мен  қызметі,  орындаушылық  репертуары  т.б. 
•'  төңірегінде  мәліметтер  де  қоса  камтылады.  Жинаушының  негізгі 
|  міндеті- мүмкіндігінше барлық анықталған материапдарды тіркеу. Ал, 
егер  уақыт  жағынан  мүмкіндік  болса,  тіпті  бүкіл  естігенін  қағазға 
түсіру.
Жалпы  фолыслорды  жинау  жүмыстары  барысында: 
түрлі 
1  жанрлардың 
өмір 
сүру 
ерекшелігін 
бақылау; 
айтушьшың
59

шығармашылык ерекшеліп, репертуары төңірепнде сілтемелер жасау, 
сөзбен  айтылатын  мәтіндерді  неғурлым  көп,  әрі  дұрыс,  өрі  сөзбе-сөз 
кағазға  түсіру  т.б.  тәрізді  жинаудын  шарттары-  осы 
түрғылықты 
жинау  тәсілі  кезінде  де  орындалады.  Бұл  шартты  М.Ж.Көпеев  те 
ұстанған.  Мәселен,  «Төйте  тәуіп  туралы»  өңгімеге 
катысты 
М.Ж.Көпеев 
мынадай  түсінік-сілтеме  берген:  «Қозганнан  шыққан 
Төйте  тәуіптің  моласы  -   Сілеті  бойында,  Ешкі  өлместен  жиырма 
бес шақырымдай төмен, жебеге Ақылтау урпагының қотанында: бас 
жагына-қараган,  аяқ жагына тікен шыққан. Моласын өзі тірі кунінде 
агаштан  қиытып  жасатқан  екен  дейді.  Басына  тунеп  балалы 
болгандар  көп  дейді.  Ақыл  шөбересі,  Асаубай  немересі,  Бәзіл  қажы 
баласы Бөпкен сөйлейді»,- делінген [99].
Мұнда  айтушы  аузынан  әңгіменің  қағазға  түсуіне  катысты 
аталған 
адамның  қай  жерде  жерленгеніне,  тіпті  моласының 
суретгелуіне  де  М.Ж.Көпеевтің  ерекше  мән  бергенін  көреміз. 
Сілтемеде  әңгімені  ақынға  жеткізушінің  аты-жөні  ғана  берілмей, 
оның  әкесінің  де,  атасыньщ  да,  одан  да  үлкен  бабасьшың  да  аты- 
жөндері  камтылған.  Г.Н.  Потанин,  Ө.Диваев  тәрізді  зерттеушілер  ел 
арасынан  ауыз  әдебиеті  мен  фольклорлык  үлгілерді  жинағанда 
жеткізушінің  аты-жөні,  нүсқаның  қай  жерде  жазылғаны,  тіпті  кай 
мезгілде 
хатқа  түскенін  т.б. 
қамтитын  жалпы  жинаушылық 
талаптарды орындаған.
Г.НПотаниннің  фольклорды  жинауға  ынтасы  Омбы  кадет 
корпусында  оқып  жүрген  (1845-1852  ж.)  кезде  туған.  Оның  үстіне 
Шоқан 
Уәлихановпен 
дос 
болып, 
бірге 
жүріп, 
бірге 
өсуі 
Г.НПотаниннің 
жинаушылығына  игі  өсер  етті.  Г.Н.Потаниннің 
фольклорды  жинаудың  негізгі  үлгісі-  экспедициялық  тәсіл  екені 
мәлім.  Сонымен  қатар  Г.Н.Потанин  фольклорды  түрғылықты  тәсіл 
арқылы да жинаған [100].
Г.Н.Потанин  жинаушылығынын басты  мақсаты- ол түркі-монғол 
халықтарының 
аңыз-әңгімелері, 
ертегілерінің 
т.б. 
әлемдік 
мәдениеттің  дамуына  игі  әсері  өлшеусіз,  маңызды  екенін  таныту 
болатын.  Бүл  мақсатқа  жетуде  барлық  фольклорды  бір  адамның 
жинауы  мүмкін  еместігін  ескере  отырып,  түрғылықты  тәсіл  арқылы 
әр  жердің  оқыған  қазақтардың  өздерін  фольклорды  жинау  қызметіне 
тартуды  ойластырған.  Бүған  жер-жердегі  энтузиаст  адамдардың  да, 
түрақты 
хабаршы-тілшілердің 
де 
көмегі 
болды. 
Мәселен, 
Ш.Уәлихановтың 
ауылы 
Сырымбет 
жерінен 
Бейсемби 
атты 
айтушьщан «Есек  кырған  жүлдызы»,  «Адам білмес тас»,  «Әлекей үлы 
Әлеуке  батыр»,  «Әлеуке  батыр  және  оның  баласы 
Орақ»  т.б. 
ертегілер  мәтінін  алған  [100,  299,  314,  318,  324  б.]. 
Сол  кезде
60

Баянауыл  елді-мекенінің  аға  сұлтаны  болып  тұрған  Мүра  Щорманов 
та  Г.Н.Потанинге 
фольклорлық  үлгілерді  жинастыруға  көмек 
берумен катар,  өзі де  жинастырғаны  турасында дерек  белгілі  ғалым 
С.А.Қасқабасов түсініктемесінде бар:  «Сказка  ( «Вечная  вода»- Н.Ж.) 
обнаружена  среди материалов  и  документов Г.Н.Потанина в  архиве 
НБТГУ,  д.21,  1.  105  за  подписыо  Мусы  Чорманова,  который 
записывал  образцы  фольклора  и  передовал  их  Ч.Валиханову, 
Г.Потанину  и  А.КГейнсу»,-  делінген  [100,  317  б.].  Сондай-ақ  ғалым 
К.В.Урасов  та  «Сүлеймен  пайғамбар»  нұсқасын  Көкшетау  жерінен 
жазып  алып,  Г.Н.Потанинге  тапсырғаны  турасында  дерек  бар  [100, 
330  б].  Сонымен  қатар  біраз  ертегілерді  Г.Н.Потанин  өзінің  Ақмола 
жеріндегі  тілшісі  А.М.Головачевтан  алган.  Мәселен,  «Асан  Қайғы» 
нүсқасын  1900  жылы  қазан  айында  Ақмола  жеріне  қарасты  Нұра 
болысының  биі 
49  жастағы 
(Бужин)  Өтеуден  А.М.Головачев 
аудармашы  Ілияс  Итжанов  арқылы  қағазға  түсіріп,  Г.Н.Потанинге 
тапсырған  [100, 307 б.].
Г.Н.Потанинге  фольклорды  жинастыруга  жергілікті  жердің  көзі 
ашық  азаматгары:  Нүрсейіт,  Абе  (Сырымбет  тұрғыны),  Жақып 
Уәлиханов,  Жанмұхамед  Уәлихановтар  да  т.б.  көмектескен  [100]. 
Міне,  бүлар  Г.Н.Потанинге  фольклорлық  мәгіндерді  тұрғылықты 
жерінен  үздіксіз  жинап  беріп  отырғаи.  Демек  фольклорды  тілшілер 
арқылы  жинау  барысында  Г.Н.Потаннн  түрғылықты 
тәсілді 
қолданғаны анықгалады.
Ал,  фольклорды  жинаудың  түрғьшыкты  тәсілі  неғүрлым  өнімді 
жеміс беруі үшін, Г.Н. Потанин өзінің жоба-нүсқаларын баспа бетінде 
жариялайды.  Бірі-  1880  жылы  басылса  [101],  ал  екіншісі  1888  жылы 
жарияланғаны  мәлім  [102].  Бұл  жоба-нұсқаларда  фольклорды 
жинаушылардан  жалпы  аңыздар  мен  ертегілерге  баса  назар  аудару 
қажетгігі,  ондағы  халықтық  дүниетанымның  әлем  жаратылысына, 
космосқа,  атмосфералық  құбылыстарға  т.б.  көзқарасын  анықтауға 
барынша күш салу керектігі  сөз болады.  Сонымен қатар қандай нақты 
қоғамдық-  тұрмыстық,  тарихи  тақырыптарды  жинастыру  қажеттігі 
ескертілген.  Сөйгіп,  екі  жоба  да,  негізінен, 
мифологиялық  пен 
тарихи-этнографиялық материалдарды іздестіруге  арналған.
Тұрғылықты жинау тәсілінің мүмкіндігі кең: біріншіден, фольклор 
үлгілері  жергілікгі  елдің  азаматы  арқасында  жиналғанда,  оған  деген 
халыктың  сенімі  мол  болуы-  жұмыстың  қарымды  жүруіне  игі  ықпал 
жасайды.  Әсіресе  фолыслордың  ұсақ  жанрлары: 
мақал-мәтел, 
жаңылтпаш  пен  жүмбақтарды  қағазға  түсіру  бір  күннің  ішінде  емес, 
үзақ  уақыттар  бойы  халыкпен  араласа  отырып  жиналады.  Мүндай
61

жағдайда түрғылыкты жинаушының  мүмкіндігі мол, мәтінді  асықпай, 
үздіксіз кағазға түсіреді.
Екіншіден,  жннаушы  айтушыдан  онын  сүйікті  орындайтын 
нүсқаларын  сүрастырады.  Үлгіні  айту  басталысымен-ак  жинаушы 
бірден  нүсканы  есту  аркылы  тікелей  сөзбе-сөз  қағазға  түсіреді. 
Осңщай  сөз  артынан  сөз,  мәтін  соңынан  мәтіндерді  т.б.  бірінен  соң 
бірін  асықпай  қағазға түсіру  жемісті  болады.  Себебі  бір  мезгілде,  бір 
әңгіме  барысында  барлық  фольклорлық  нүсқапарды  катар  кағаз 
бетіне түсіру мүмкін емес. Сол себепті  айтушыньщ жағдайын  есепке 
ала  отырып,  оның  келесі  бір  қолы  бос  мезгілінде  қағазға  түсіру 
жүмысы  жалғастырылады.  Ғалым  Ф.М.  Селивановтың  пікірінше, 
жергілікті  халықка  күрмет  көрсету,  тіпті  орындаушьгаьщ  жүмысына, 
тәжірибесіне,  жасы  мен  біліміне  ілтипатпен  қарау  т.б.-  бәрі 
жинаушылық  қызметтің табысты  болуының  аса қажет  кепілі  болады 
[103].
Жинау  барысында  жергілікті  азаматтардың  түрлі  жазбалары, 
жинақтары да т.б.  кездеседі.  Онда ондаған жылдар бойы жинақталған 
мақал-мәтелдер 
шоғыры, 
түрмыс-салт 
жырларының 
үлгілері 
кездеседі.  Мүндай  жағдайда  әр  жазбаның  ,  не  жинақтың  т.б.  иесіне 
ерекше  қүрмет көрсетіледі. Жинаушы оның ішіндегі мазмүнымен зер 
салып танысады.  Егер де  қажет болғаң жағдайда иесінен  рүксат алып, 
шығарманың  көшірмесін  алады.  Көшіргенде  де  мәтііщерді  сөзбе-сөз, 
өзгеріске  т.б.  түсірмей  қағазға  түсірумен  бірге,'  жинаушы  мен 
қолжазба  иесі  арасындағы  әңгіме  барысында  алынған  көшірменің 
өзіне тән  паспорттьщ деректерін  бірге береді.
Жалпы  жинаушыларға  қойылатын  талаптар  ішінде  ерекше 
маңыздысы  -   ол  фольклорльщ  шығарманың  паспортын  толтыру. 
Фольклордың 
әр 
орындаушысына 
паспорт 
толтырылғанда, 
төмендегідей  акпарат  көзі  қамтылады:  а)  тегі,  аты,  әкесінің  аты;  ә) 
туған  жылы;  б)  туған  жері;  в)  әлеуметтік  жағдайы;  г)  мамандағы;  д) 
сауаттылығы;  ж)  әңгіме  айтылған  орынға  қоныстанбас  бүрьга  кай 
елді-мекендерде,  канша  уақыт  болғаны;  з)  жинаушылар  тарапынан 
карастырылатын  елді-  мекенде  қай  уақыттан  бері  түратыны  -  мүның 
бәрі  түрғылықты  жинау  кезінде  орындалып  отырылған.  Сонымен 
бірге,  біріншіден,  ата  тегінде  өзі  тәрізді  орьгадаушылар  болды  ма; 
екіншіден,  қазірде  де  өзінен  басқа  жанүяда  орындаупшлар  бар  ма; 
үшіншіден, 
бүл 
айту 
өнерін 
кімнен 
үйренді; 
төртіншіден, 
фольклордың  қай  жанрларын  өзі  тудырады,  әрі  орындайды; 
бесіншіден,  орындаушылықтың  қай  түрін  менгерген;  алтыншыдан, 
қандай  аспап  көмегімен  сүйемелдейді;  жетіншіден,  қағаз бетіне мәтін 
қай  елді-мекенде  түсіріледі;  сегізіншіден,  қағазға  түсу  уақыты;
62

тоғызыншыдан,  жинаушының  аты-жөні  көрсетіледі.  Ғылым  шарты 
осы  еді,  бірақ  XX  ғасыр  басында  мұның  бәрі  істелген  жоқ. 
Түрғылыкгы  жинау  барысында,  нүсқаны  қағазға  түсіргеннен  кейін, 
алдымен  соны  орындаушыға 
қайта  бір  оқып  беріп,  сонан  соң 
бастапкы айтушының ескертпелері,  толықтырулары енгізіледі.  Демек 
белгілі  бір  өзгерістер  туса,  оларды  енгізгенде,  соңынан  соның  өзін, 
ескерткен  түсініктемесін де бірге  береді.  Бүл жүмыстардың  бәрін  сол 
елді-мекеннің  өзінде  жасалады.  Себебі 
қағазға  түсіру  барысында 
түсінбеген,  не  белгісізді  аньпсгау,  не  тексеру,  не  қайталау  қажетгігі 
туса,  алысқа  бармай-ақ  сол  жерде  анықтауға,  қажет  өзгерістерді 
жасауға  мүмкіндік  болуы  —  бүл 
тұрғылықты 
жинау  тәсілінің 
артықшылығы.
Жалпы  мақал  мен  мәтелдерді  түрғылықты  тәсіл  арқылы  жинау 
мен  қағазға түсірудің дәстүрлі  екі  әдісін  кезінде белгілі  орыс ғалымы 
М.А.Рыбникова  көрсетіп  кеткен  [104].  Біріншісі,  ол-  мақал-мәтелді 
жинауға  аттанбас  бұрын,  алдымен  өзі  үйден  бірнеше  мәтіндерді 
қағазға  түсіріп  алуы  қажетгігі.  Содан  кейін  ғана  жергілікті  жердің 
орындаушыларын  тауып,  үйден  әкелген  мәтіндерді  асықпай,  баяу, 
түсініктемесімен  бірге  т.б.  оқу  керекгігі.  Сонда  ғана  барып  әр 
орындаушы 
соған  қатысты  өз 
пікірін  қосады,  ал  туған 
сәйкессіздіктерді  жинаушы сол орындаушыныкі деп тіркеп отырады.
Ғ.кіниіі  әдіс,  ол-  жергілікгі  жердегі  мақал-мәтелдің  білгіріне 
жинаушының өзінің қағазға түсіргендерімен  таныстыра отырып, одан 
осылайша өздігінен білетін макал-мәтелдерді  қағазға түсіруін өтінеді. 
Міне,  бұл  жағдайда  жинаушы  орындаушының  өзін  де  жұмысқа 
тартады.  Сонымен бірге жиналған  мақал-мәтелдермен  қатар,  олардың 
тарихи,  әрі  түрмыстык  түсіндірмелерін  де,  коғамдық  мағынасын  да 
бірге береді.
Фолькпорды 
жинаудың 
үш  тәсілі 
ажыратылады: 
бірі  — 
түрғылықты,  ал,  екіншісі  -   экспедициялық,  үшіншісі  -   тікелей  (жеке 
адамның  өзі  тікелей 
жазып  алуы).  Жинаушылық  қызметтің 
тұрғылықты  әдісін,  әдетте  жинаушы  ұзақ  уақыт  бойы  бір  елді- 
мекенде  орналасқанда,  не  озінің  тұрғылықты  жерінен  жинау 
жұмыстарын  жүргізгенде  колданады. 
Міне,  мұндай  жағдайда 
жинаушы мәтінді  үкыпты түрде қағазға түсіреді, егер де үлгіде сөздік 
өзгерістер  болса,  оны  белгілеп  отырады.  Әдетте,  түрғылықты жүмыс 
ұзақ  уақыт  бойы  мүқият  жүргізіледі.  Ал,  бұл  өз  кезегінде 
фольклортанушыларға  мәтіндердің  емір  сүру  ерекшелігін  жақсы,  әрі 
дәл  түсінуге,  олардың  өз  ішіндегі  даму,  өзгеру  кезеңдерін  т.б.  жіті 
бақылауға  мүмкіндік  береді.  Бұл  жағдайда  фолыслорды  жинаушы 
халык  ортасынан  шыкқан  өз  адамы,  не  туысқаны,  не  жерлесі  т.б.
63

болып  саналады.  Демек,  мүндай  тәсіл-ғалымның  фольклорлық 
күбылыстарға тереңірек  кіруіне,  оны жан-жақты  зертгеу жүмыстарын 
жүргізуге  т.б.  жағдай  жасайтыны  сөзсіз.  Халық  шығармаларын  түрлі 
жағдай,  оқиға  кезеңдерінде,  үзақ  уақыт  бойында  жүйелі  түрде 
бақылау, өз кезегінде жинаушының сол түрлі оқиғаларға не күәгер, не 
тікелей  қатысушы  ретінде  т.б.  естігенін,  көргенін  қағазға  неғүрлым 
дәл  де,  толық  түсіруге  мүмкіндік  алады.  Ал,  бүл  өз  кезегінде 
жинаушыға  тек  сондай  кезеңдері  ғана  күтіп,  ынтасыздыққа 
үрынбауды  да  талап  етеді.  Керісінше,  турғылықты  өдісті  колдана 
отырып,  зерттеуші  белсенді  іздесгіру  жүмыстарын  жүргізумен  қатар, 
тыңғылықты  бақылау,  үздіксіз  жинау  жүмыстарын  да  жүргізе  білуі 
шарт.
1876  жылы  Орынбордағы 
Неплюев  кадет  корпусын  бітірген 
Ә.Диваев  Ташкент  шаһарында  өскери  —халыктық  Басқармаға 
қызметке орналасады.  1884 жылы Сырдарияның генерал-губернаторы 
Н.И.Гродековтың  түрғылықты  жердің  фольклорын  жинай  бастағаны, 
және  де 
бүл  жумысқа  Ә.Диваевты  тартканы  мәлім.  Негізінен, 
Ә.Диваев  Сырдария,  Түркістан,  Шымкент,  Әулиеата,  Өзбекстан, 
Қарақалпақстан  төңірегін  қоныстанған  халықтардың  фольклорын  әрі 
тынғылықты,  әрі  үзақ,  әрі  үздіксіз  жинаған.  Ә.Диваев  өзінің  кызмет 
орны  орналасқан  Ташкент  шаһарына  жақын  жерлердің,  мәселен, 
Сырдария  өңірінің  фольклорын  үздіксіз  түрғылықты  тәсіл  арқылы 
жинағаны  белгілі.  Бүлар  «Сборник  материалов  для  статистики  Сыр- 
Дарьинской  области»  атты  жинақтың  1891-1897,  1902,  1904,  1905, 
1907  жылдардағы  басылымдарында  жарық  көрді.  Мәселен,  «Бөдене 
мен түлкі» ертегісін  Ә.Диваев  Шымкент төңірегіндегі  Арыс  өлкесінің 
түрғыны  Майлықожа Сүлтанқожаүлынан жазып алған  [105].  Ал,  «Үш 
ауыз  сөз»  ертегісін  Ә.Диваев  2  рет:  бірін-  Жүніс  Тайшықовтан, 
екіншісін-  Мүса Базановтан  қағазға түсірген [106]. Келесі «Тоғыз таз» 
нүсқасын Таппсент уезіне қарасты Жетісу түрғыны Атбай Жітібаевтан 
жинаған  [107].  «Жиренше  туралы»  үш  түрлі  үлгіні  1920  жылғы  5 
қыркүйекте Ақмамбет Тоқжаев Сырдария облысының Ақмешіт уезіне 
карасты  Кеңтүп  елді-мекенінің  турғыны  Мүслім  Қарақожаевтан 
жазып  алды.  Осы  түста 
жинаушы  Ә.Диваев  тапсырмасын 
орындағанын 
ескертеді 
[108]. 
Демек, 
Ә.Диваев 
фольклорды 
түрғылықты  төсілмен  жинау  барысында  Ақмамбет  Тоқжаев  төрізді 
тілшілердің де көмегіне сүйенген.
Ә.Диваевтың, әсіресе,  Сырдария  өңірінен жылда-жылда халықтық 
шығармаларды  қағазға  түсіріп,  сол  кездегі  арнаулы  ғылыми  жинак 
«Сборник  материалов  для  статистики  Сыр-Дарьинской  области» 
беттерінде  басуы-  біріншіден,  түрғылықты  тәсілдің  артықшылығы
64

нәтижесіңде  фольклорды  жинау  жүмыстарыньщ  үздікріз  жүргізілуін 
камтамасыз  етсе;  екіншіден,  жнналатын  үлгілердің  асықпай  кағазға 
түсуіне мол  мүмкіндік  берген.  Үшіншіден,  үзіліссіз  жинау  аркасында 
сол  өңірдегі  бай  фольклор  нүскаларынын  барынша  көп  жиналуьша 
жағдай  жасаған.  Міне,  осы  түрғылыкты  жинау  тәсілі  аркылы 
Ә.Диваев халыктық поэзияның барлық элементтерін кең камти білген. 
Олардың 
ішінде: 
эпос, 
ертегілер, 
аңыздар, 
макал-мәтелдер, 
жүмбактар,  түрмыс-салт  жырлары  мен  айтыс  үлгілері  т.б.  бар. 
Бүларды жинау  барысында  Ә.Диваев  айтушының аты-жөнін,  түратын 
елді-мекенін  т.б.  көрсетумен  қатар,  өз  түсініктемелерін  де  бірге  беріп 
отырған.  Сондай-ак 
түрғылықты  жинау  барысында  Ә.Диваев 
шығармаларды  тек  ауызба-ауыз  әдісімен  ғана  қағазға  түсірумен 
шектелмеген,  сонымен  қатар 
қолжазбалар  күйінде  де,  ол  мүмкін 
болмағанда  колжазбадан  көшіру  әдісі  негізінде  де  жинастырған. 
Бәрінде дерлік мәтін паспорты  сақталған.  Ал, халықтық шығарманың 
мәтінін  неғүрлым  дәл  беру  үшін  ғалым  Н.С.Смирнова  пікірінше, 
Ә.Диваев  олардың  дәлділігін  тыңғылықты  тексеріп  отырған:  «...  В 
различных уездах  Сыр-Даръинской  области, у  разных жителей аулов 
расспрашивал  он  о  том  или  ином  произведении,  не  один  раз 
прослушивал  его,  чтобы  убедиться,  насколько  известен  записанный 
текст»,- делінген  [109].
Ә.Диваевтың  Жетісу,  әсіресе  Сырдария  экспедицияларының 
материалдарына  жасаған  тізбесіне  карағанда,  ол  ақындардың  өз 
шығармашылығымен  катар,  олардың  халық  арасында  тарап  жүрген 
өлеңдер мен жырлардың жаңа нүсқаларын жасау жолындағы  еңбегіне 
де  үлкен  мән  береді.  Ә.  Диваев  ақындардын  жазып  айтқан 
шығармаларын  олардың  суырып  салма  өлеңдерінен  бөліп  альш 
қарайды. 
Мәселен, 
Ә.Диваев 
Мәделіқожаның 
шығармаларына 
жасаған 
тізбесінде: 
«Белгілі 
жыршы 
Мәделіқожанын 
ғибрат 
өлеңдері», 
«Мәделікожаның 
суырып 
салма 
өлеңдері», 
«Мәделіқожаның 
өр  түрлі 
жағдайлармен 
байланысты 
айтқан 
(Мәделіқожа  суырып  салма,  әңгімешіл,  тапқыр  белгілі  адам  болған) 
суырып салма өлеңдері  мен тапқыр сөздері» - деп атап көрсетеді. Осы 
секілді  өзінің  топшылауын  Майлықожаның 
шығармашылығы 
жөнінде  де  айтады.  Ә.Диваев  Майлықожаның 
шығармаларын 
«Майлықожаның  билер  алдында  суырып  салып  айтқан  сөздері», 
«Билердің  парақорлығы жөнінде Майлыкожаның шығарған  олеңдері»
-  деген  сияқты  топтарға  бөледі.  Жетісудан  алынған  материалдардың 
тізбесінде  Ә.Диваев  «1916  жылдың  уақиғасына  арналып  шығарылған 
Кенен ақынның өлеңдері» бар екендігін атап өткен [110].
65

Түракггы 
бір 
адам 
жергілікті 
елді-мекендегі 
фольклорлық 
шығарманы 
тұрғылықты  тәсіл  арқылы  жиыстырғанда,  оларды  не 
ауызба-ауыз  әдісі  арқылы,  не  дайын  қолжазбалардан,  не  кітаптардан 
көшіріп  алу  әдісі  арқылы  кағазға  түсіреді.  М.Ж.Көпеев  фольклорды 
түрғылықты тәсіл  арқылы жинағанда,  сол  кездегі  ел  зиялылары,  ауыз 
әдебиеті,  тарих  білгірлері  көмегіне  сүйенгені  анық.  Олар:  Мүса 
Шорманүлы,  Мейрам  Жанайдарүлы,  Бөгенбай  үрпагы  Саққүлақ 
шешен, Акан сері, Естай мен Майра ақындар т.б.
Түрғылықты 
жазу 
барысында 
М.Ж.Көпеев 
қолжазбасында 
қолданған  көк,  қызыл,  қара  т.б.  сиялар  өнбеген, 
су  т.б.  тиген 
беттерінің шеткі жақтары ғана өшіңкірген,  не үзіліп қалған.  Қолжазба 
ішінде берілген тақырыпшалар жаңа жолдан беріліп, және асты қызыл 
сия,  не  қызыл  қарындашпен  сызылып  отырылған.  Беттер  ішінде 
келетін ескертулерді жинаушы әр түрлі  сия күшімен беруге тырысқан. 
Қолжазбалардағы  беттердің  өзі  басынан  аяғына  шейін,  яғни  оңнан 
солға  қарай  араб  цифрларымен  нөмірленген.  Тіпті  көшіп-қонуда 
болсьга,  қолжазба бетгері  араласқан  жағдайда,  әрбір бетті табуы  оңай 
болуы  үпіін,  соңынан  келесі  бетге  басталатын  сөзді  жеке  шетке  қарай 
жазып  қалдырып  отырған.  Мүндай  қолжазба  жазу  әдісі  бүкіл 
шығысқа  тән.  Кезінде  ортағасырлық  жазба  ескерткіпггеріне  де  тән 
болатын.  Бүл  М.Ж.Көпеевтің  орта  ғасырда  жазылған  мүраларды  көп 
оқығандығын,  солардың  қолжазба  жазу  әдісін  кеңінен  меңгергендігін 
танытады.  Тіпті,  сол  кезде  баспадан  шықкан  кітаптарда  да  солай 
болған.
М.Ж.Көпеевтің  өзіндік  жазу  ерекшелігі  де  жоқ  емес.  Мәселен, 
қара  созге  қарағанда  өлең  жолдарды  ясазу  барысында,  бет  үнемдеу 
үшін  өлең  жолдарды  бір  беттің  өзінде-ақ  2  қатарға  бөліп  жазу  үлгісі 
жиі  кездеседі.  Қолжазбалар  арабша,  ескі  кадим  жазуында  берілген. 
Бүл жазудың қиындығы неде дегенде, жазу барысьгада сөз басындағы, 
сөз 
аяғындағы 
дауысты 
дыбыстар 
сақталғанмен, 
сөз 
ортасындағылардың,  көбінесе  көрсетілме)анде  дер  едік.  Осы  орайда 
араб  жазуында  дауысты  дыбыстары 
көрсетілмеген 
жағдайда, 
төбесінде  көрсетілетін  қосымша  белгілердің  де,  ягни  харакеттердің 
қойылу арқылы  ол дауысты дыбысты анықтау  мүмкіндігі  туатын. Ал, 
бүл  белгілер  әдетте  қолмен  жазылған  қолжазбаларда  көрсетілмейді. 
Осы  орайда  қолжазбалардың  қадим  жазуын  жетік  менгерген  өз 
замандастарына  арналып  жазылғанын  да  ескеру  керек.  Мәселен,  бір 
«Мүхаммед»  деген  созді  жазуда  дауыссыз  әріптің,  яғни  «М»,  «X», 
«М», «Д» дыбыстарының көмегімен беріп отырған.  Мүндағы дауысты 
дыбыстар  жазылуда  түсіп  қалса  да,  оқыған  кезде  толық  айтылып 
отырған.
66

См.Ж.Көпеев  қолжазбалары  ішіыде  түрғилықты  тәсіл  арқылы 
жиналған  шағын  бір  беттік, әңгімелерден  бастап,  көлемді  эпостык 
шығармалар  да  кездеседц_у  Мәселен,  шағын  ғана  «Төйте  тәуіп» 
г  
әцгімесінің  өзінде-ақ,  сол  жердің  не  себептен  «әулиелі  Аккөл» 
атануын  т.б.  жәйіттерді  М.Ж.Көпеев 
былай  деп  жазған:  «Бүл 
Қозганнан  шыққан  — Төйте  тәуіп Қьізылтауда Жосалы  деген  жерде 
қоныс  қыстады.  Таң  намазын  сол  жерде  оқып,  бесін  намазын 
Аккөлдің жагасыңда оқып, бір түн түнеп жатып,  ертеңгі бамдатты 

сол жерде оқып,  бесінді үйіне  барып  оқиды  екен.  Бес  намазды  Аккөл 
|  
басында  бір  дәретпен  оқып,  өмір  бойы  әдетп  қылган  дейді.  Акколдің 
«әулиелі  Аккөл»  апшнганы  сондықтан  дейді.  Өзіне  Қаракесек  деген 
елден тоқсан  қатын келіпті бала  сүрап,  бәріне де бірдеме депті,  бір 
қатын қүры қалыпты.  Ол қатын назаланып жылап:  «Осынша қатын 
бәрі алганда,  қүдайдың  сүймес  пендесі мен  болганыма  көзіңіз жетті 

ме?»  -  деп  жылап  қоя  берген  соң,  «Бар,  бердім!»  -  депті.  Сол  бала 

Жарылгап:  Ақтанберді  баласы  Жанысбай  болган  екен  дейді»,- 
делінген  [99].  Демек  Төйте  тәуіп  лепесімен  туған  баланың  есімін, 
тегіи  бәрін  дәл  көрсетуі-  бәрі  М.Ж.Көпеевтің  бүл  материалды  сол 
қаһармандар туып-өскен жердің  адамдарынан естігенін аңғартады.
Ал,  «Абылай  ханның  түсі»  жазбасында:  «Шымкент,  Сайрам 
барып  оган  Әбдірахман  деген  сарпіты  ие  қьигды.  Ташкент  барып, 
оган Мырзахмет деген сартты  ие қылды.  Онан Жизақ үстіне барып, 
бір  Қоңыраттың  байы  қонақ  қылып,  сол  түні  оныц  бір  келіні  үл 
тауып,  ол  баланың  атын  Абылай  қойган.  Ол Абылай  да  өсіп-өніп  бір 
тайпа  ел  болган.  Жер  ауып  жүрген  бір  Қайып  деген  үрпагына 
сөйлестік»  [111],  ~  делінген  дерек  келтіреді  де,  әңгіме  әрі  қарай 
жалғасын табады.
Бүл  үзіндіден  хан  Абылайдың  бір  Қоңырат  байдың  үйіне  қонақ 
болғаны,  сол  түні  оның  келіні  үл  тауып  есіміне  бағыштап  «Абылай» 
деп  аталатыны  сөз  болады.  Сол  Абьілайдың  өсіп-өнгені,  оның  бір 
Қайып  деген  бір  үрпағынан  осы  әңгіменің  жазылып  алынғаны 
айтылады.  Яғни,  әңгіме  мүнда  ауызба-ауыз  нақты  кімнен  жазылып 
апынғаны,  оның  әңгіме  оқиғасына  қаншалықты  қатысы  бар  екені, 
және де әңгіме Ташкент маңайындағы жерлерден  жазылып  алынғаны 
байқалады.
М.Ж.Көпеевтің  «Атасының  аты  білінбей  ез  аты  шыққан  ерлер» 
атты  еңбегінде  де  белгілі  бір  әңгіменін  жазылып  алынуына  қатысты 
деректің бірге беріліендігін көреміз:  «Қыпшақ Қорлыбай бидің баласы 
Досболдан,  атага жүйрік дегенмен  күн шыгыс жүртының  біреуі ата 
сүрапты.  Сонда  өзінен  Адам  атага  шейін  сыргытып  айта  беріпті. 
Адам атага барганда,  «Адам атасы кім?» - дегенде,
67

Адам атасы — Арсалаң,  - депті.
Естіп  түрган  гауамдар:  -Жарықтың  атага  жүйріктігі-ай!  Адам 
атаның  атасының  атын  да  біледі,  -  деген.  «Мүндай  атага  жүйрік 
ж ан  тумас»,  -  десіп,  дүркірей-ақ  жөнеліпті.  Ол  кісінің  айтуы  ...» 
[112].  Көріп отырғанымыздай, М.Ж .Көпеев бүл әңгімені  кімнен жазып 
алғанын  нақты  дәл  көрсетіп  отыр.  Яғни  әңгімені  ауызша  жеткізуші 
Қ ыпш ақ Қорлыбай  бидің  баласы  Досбол  есімі  аталады  (тек  бүл  дерек 
әдеттегідей  шығарманың  басында  не  соңында  емее,  дәл  оқиғаның 
өрістеген  кезі,  ортасында  жазылған).  Бүл  М.Ж .Көпеев  жинау 
әдістемесінің бір ерекшелігі екені  белгілі.
Келесі  «Төлеген  үлы  Ж ангабыл»  әңгімесінің  соңында  бүл 
оқиғанын  тарихта  шын  болғанын  дәлелі  ретінде  Кәрібоз  акыннын 
өлеңі кірістірілген:
Кіші ж үзге сыя алмай,
Тастай көштің жеріңді.
Төлеген үлы Жангабыл 
Тоқсан кісіңді өлтпіріп,
Бітеу сойып басыңды 
Қоқанга берді жеріңді!
Біздіңше,  тарихи  фактілерді  баяндаған  осы  өлеңге  карап, 
материалды  бізге  жеткізушінің  екінші  бір  авторы  Кәрібоз  деп 
бағалауға  болады.  Бүл  түста  М.Ж.Көпеев  осы  тәрізді  ел  арасьгада 
өлеңдер негізінде  ауызша таралған әңгімені  қара сөзғе түсірген болуы 
керек  деп  те  шамалаймыз.  Қалай 
деғенде  де,  Кәрібоз  өлеңінің 
кайткенмен,  әңгімені  жеткізуде  белгілі  бір  рөл  атқарғаны  анық. 
Белгілі  бір  өлеңмен  тарихи  материал  арасындағы  сабақтастықты 
«Шорман  би»  әңгімесінен  де  көруге  болады.  Онда  болған  оқиға 
ретінде  Қанжығалы:  Қоскелді-Досан  ақын  мен  Қаржас:  Елтай 
ақынның сөз қағыстырулары беріліп: «Сонда Елтай ақын:
Керей мен Қанжыгалы сен емес пе ең?
Байлаулы бүзауыммен тең емес пе ең?
Кешегі жеті еріңді қүнсыз қылган 
Балам-ау,  әкең Қаржас мен емес пе ем,  -
дегенде,  Досан  ақын  дәнеме  тауып  айта  алмай  жеңіліп 
қалыпты»,  -  делінген  [113].Міне,  бүл  айтыс  үзіндісі  де  «Шорман» 
әнгімесінің  негізін  қүрайтын  оқиға  желісінің  халық- арасында  өте 
танымал болғандығын көрсетеді.
М.Ж.Көпеев  фольклордың  қандай  түрін  жазып  алса  да,  соған 
анықтама  беріп  отырған. 
Мәселен,  ол  мақал-мәтелдердің  кандай 
жағдайда, 
не  себептен  туғандығына,  ел  арасында  не  үшін 
қолданылатынына,  о  баста  кандай  мағына  бергендігіне,  тіпті  қай
68

заманнан  бері  айтылып  жүргендігіне  де  т.б.  назар  аудартады. 
Қолжазбаларының  бірінде:  «Молдалар»,  «Құдай  сөзі  құраң  айтады», 
«Пайғамбар 
сөзі, 
хаднс-щариф 
мынау», 
«Хадис-ціариф 
алла 
жаратады»,  «Шіп  Алутнн  мен  Алайман,  хаднс-шарнф»,  -  делінген 
айдармен  мақал-мәтелдер  топтамалары  берілген  [114].  Бірінде 
молдалар төнірегінде жиналған мақал-мәтелдер шоғыры орын алса, ал 
қалғандарында  «Хадис-шариф»  кітабынан  алынған  мақал-мәтелдер 
топтамалары енгізілген. Мұндағы соңғы тақырыпта: «Ер туған жеріне, 
ит тойған жеріне»  мақалының мағынасын қазақ білмейді:  «Бұл Хадис- 
Шарифта»  Шіп Алутин  мен Алайманның мағынаеынан  алынған  сөз»,
*  деп,  оның  қандай  мағына  беретінін  де  ашып  береді.  Соның  бір 
көрінісі -  біз қарастырып отырған М.Ж. Көпеевтің «Шығасы  шыкпай, 
кіресі  кірмейді»  мақалының  шығу  төркіні  әңгімесі  [115].  Әңгіменің 
қысқаша оқиғасы мынандай: далада келе жатқан жесір әйелдің бір қап 
ұньга  жел  ұшырып  әкетеді.  Соның  мәнісін  білу  үшін  Хазірет  Дәуіт 
Ғалейссаламға  барады.  Ол  жауап  берудің  орнына  бірде  үш, 
екіншісінде  бес  пұт  бидай  беріп  қайтарады,  Әр  қайтарғанында  есік 
апдьгада  ойнап  жүрген  Сүлеймен  онын  ұн  алғанға  мәз  болмауы 
керектігін,  қиянат  иесін  жауапқа  тарту  қажет  екенін  айтып,  әйелді 
қайта  әкесіне  жұмсайды.  «Осы  саған  далада  біреу  бір  нәрсе  үйретіп 
тұр ма,  шыныңды  айтшы», - деп Хазірет Дәуіт  әйелден  сұрағанында, 
ол үйретуші Дәуітгің он үш жастағы баласы Сүлеймен екенін айтады. 
Одан  әрі  Сүлеймен  келіп,  әкесінің  жел  әрекетінің  себебеін  жел 
иесінен  сүраған  жөн  екенін  түсіндіреді.  Кейін  әкесі  Хазірет  Дәуіт 
ғибадатханаға  барғанда  құдай  жіберген  перінгге  келіп  оған  түсінік 
береді.  Сөйтсе,  ол  қап  бидай  теңізде  батуға  таянған  бір  кемеге 
ұшырылып апарылып, соның тесігін бітеген екен.  Себебі олар құдайға 
жапбарынып,  кемедегі  жарты  казынаны  жетім-жесірлерге  бермекші 
болыпты.  Аяғында  кемедегілер  соны  істепті  де,  жарты  дүниені  әйел 
алыпты.  «Шығасы  шықпай,  кіресі  кірмейді»  деген  сөз  содан  қалды 
дейді.  Сөйтіп,  /М.Ж.Көпеев  түрғылықты  жері 
Павлодар  облысы 
Баянауыл  төңірегінен, 
көршілес  Ақмола,  Көкшетау  жерлерінен 
фольклорды  түрғылықты тәсіл арқылы жинаған.;
Қазақ  фольклорын  тұрғылықты  тәсід  арқылы  жинаушылардың 
бірі-  Н.Н.Пантусов.  XX  ғасыр  басында  жариялаған  Н.Н.Пантусов 
жинақтарының  кейбір  мәтіндері  қайдан  алынғаны  көрсетілмегенмен 
[116],  негізінен,  мәтін  паспорты  беріліп  отырылды.  Мәселен, 
Н.Н.Пантусовтын  «Қазақ халық  әдебиетінің үлгілері»  атты  жинағын 
алайық  [117].  Мұнда  қазақтың  7  ертегісі,  ырымдары,  бата  сөздері, 
түрлі  карғыс  үлгілері,  өлеңдер  берілген.  Жииақ  маңыздылығы 
мәтіндер екі  тілде қатар берілген:  бірі- түпнүска  араб әрпімен  жинақ
69

соңьшан  рңнан  солға  қарай  тізбектелсе,  екінщісі-  аудармасы  орыс 
тідінде  берілген.  Жинақтын  араб  әрпіндегі  мұқабасында:  «Жетісу 
қазагының  арасында  эісиып  алган  Николай  Пантусов»,-  деген  дереіс 
бар.  Демек, бұл фольклор үлгілерін Н.Н.Пантусов  бір елді- мекеннеы, 
яғни 
Жетісу 
жерінен 
түрғылықты 
тәсіл 
арқылы 
жинағаны 
анықталады.  Мүндағы  «Көгершін  турасындағы»  ертегіні  1905  жылғы
19  қарашада  жазып  алған  Кәрібоз  Қаңтарүғлы  (руы  Қүрман)  есімі 
көрсетілген  [117, 26 б.]. Ал,  «Момынбай мен жеті қарақшы» ертегісін 
жеткізуші  Қапал  жерінің  қазағы  Нысан  Кемпрешев  екені  жазылған 
[117,  23  б.].  Сондай-ақ  қазақ  ырымдары  да  осы  Қапап  жерінен 
жиналғаны 
ескергіледі 
[117, 
35 
б.]. 
Ендеше, 
Н.Н.Пантусов 
түрғылықты  бір  елді-мекенде  фольклорды  үздіксіз  жинағаны  күмән 
тудырмайды.  Одан  әрі  қазақ  өлеңдерін 
жинастырғаи.  Мүнда 
Аблайханов  екендігі  айтылады  да,  мәтінді  орыс  тіліне  аударған 
КЧигиров  есімін  Н.Н.Пантусов  жазады  [117,  55  б.].  Демек,  бүл 
түрғылықты  жинау  барысында  Н.Н.Пантусов  жергілікті  жердің 
оқыған  азаматтары  Кәрібоз  Қаңтарұлы,  Нысан  Кемпрешев,  Мұртаза 
Аблайхановтардың көмегіне сүйенгені аныкталды.
Жергілікті жердегі  ақындармен бірге халық ауыз әдебиетін жинау 
жұмысына  бұрыннан  бұл  іске  әуестеніп  жүрген  адамдар  да  ат 
салысады.  Фольклордың жеқе бір жанры, немесе белгілі бір тақырыбы 
төңірегінде  жинау  жүмысын  жүргізетін  адамдар  да табылып  отырды. 
Мәселен,  белгілі  тілші  -   ғалым  Сәрсен  Аманжолов  жұмбақтарды 
жинады  [118].  Жазушы  Сапарғали  Бегалин  көп  жыл  бойына Жамбыл 
женіндегі материалдарды жинап, халық арасына кеңінен тараған ақын 
шығармаларын жазып алды. Жамбылдың өмірі мен  шығармашылығы 
жайында  С.Бегалиннің  ел  арасынан  жинап  алғаны  қазіргі  кезге  дейін 
акынның  Қазан  төңкерісіне  дейінгі  өмірбаянын  толықтыратын 
мәліметтер  болып  табылады  [119].  Ә.Марғүлан,  М.Хакімжанова, 
Б.Жақыпбаев,  Қ.Данияров,  Қыздарбек  Қазыбеков, 
Ф.Ғабитова, 
Ә.Қоңьфатбаев  т.б.  адамдар  көптеген  эпосты,  акындардың  әр  түрлі 
шығармаларын, халықтың шешендік сөздерін ел аузынан жазып алды.
1934  жылы  30  сентябрьде  Қазақстан  Коммунистік  партиясынын 
өлкелік  комитеті  ақындарға  жәрдем  көрсету  жөнінде  арнаулы  қаулы 
шығарды. 
Қаулыда 
ақындардың 
басын 
қосып 
отыруы, 
жазушыларымыз 
оларды 
қамқорлыққа 
алуы  жайлы 
шаралар 
белгіленген.  Жедел  істеуге  тиісті  жүмыстардьщ  бірі  ретінде  ақындар 
слетін шақыру үйғарылған.  Акындардьщ республикалық слеті  бірінші 
рет  1934 жылы,  онан  кейін  1936  жылы өткізілді.  Ал  1941,  1942,  1943, 
1944  жылдарда  шақырылған  слеттердің  де  ақындар  үшін  маңызы 
орасан  зор  болды.  Қазақтың  ауыз әдебиетін дамыта түсуге ¥лы   Отан
70

соғысы  кезіыде  ұйымдастырылған  айтыстар,  қазак  өнері  мен 
әдебиетінін  онкүндектері  көп  көмегін  тигізді.  Ақындар  бірімең  бірі 
байланыс  жасап,  пікір  алысып  отыруына  мол  мүмкіндіктер  туды. 
Жазушылар мен фольклористер ауыз әдебиетін дамыту ісіне белсенді 
түрде  араласты.  Қазақстан  жазушыларының  екінші  съезінде  сөйлеген 
сөзінде жазушы Л.Соболев  ақындарға қамқорлық жасау жөнінде  айта 
келіп:  «Ақындардың  саяси,  мәдени  дәрежесін  көтеруіміз  керек.  Бұл 
жұмысты  кәдімгідей дағдыға сіңіріп қалыптастыру қажет»  [120],- деп 
көрсетгі.
Қазақтың  халық  ақындарының  мүрасын  жинау  арқылы,  олардың 
өмір  сүріп  келген  жергілікті  жерлерінің 
фольклорын  да  қағазға 
түсіріп 
отыру 
мүмкіндігі 
туды. 
Жазушылар 
мен 
фольклортанушылардың  бірігіп  жүмыс  істеу  нәтижесінде  елге  атағы 
шыққан: 
Жамбыл, 
Нүрпейіс, 
Мұрын 
жырау 
сияқты 
ақын, 
жыраулардың  көп  материал  білегіндігі  аныкталды.  Олардың  Қазан 
төңкерісіне  дейінгі  шығармашылығын  айқындаудын  үстіне,  совет 
дәуірінде  шығарған  өлең,  жырларын  жазып  алу  басталды.  Мәселен, 
Жамбыл  ақыннан  оның  Құлмамбетпен,  Сарбаспен,  Досмағамбетпен, 
Шашубай  т.б.  ақындармен  айтыстары,  Өтеген,  Сұраншы  жайындағы 
поэмалары,  өткен ғасырда және осы  заманда шығарған толып  жатқан 
жыр, толғаулары  жазылып  алынды.  Жамбылдың  1936 исылдан  бастап 
айтқан  шығармаларын  акынның  әдеби  хатшылары  (Т.Жароков, 
Ғ.Орманов, Ә.Тәжібаев, Қ.Әбдіқадыров, Қ.Сатыбалдин)  мұқият жазып 
алып  отырды.  Қарт  жыршы  Мұрын-  жыраудан  көлемді  35  эпикалық 
шығарма («Қырымның қырық батырынан») жазылып алынды.
Нұрпейіс  Байғанин  шығармаларын  жинау,  жазып  апу  жұмысы 
1938 
жылы 
жүргізіле 
бастады. 
Алдымен 
ақьганың 
өдеби 
секретарьлары  Іскендір  Ахметов,  Қуандық  Шаңғытбаев  арқылы, 
кейіннен 
Қазақ 
ССР 
Ғылым 
академиясының 
Тіл-әдебиет 
институтының  Халық  творчествосы  бөлімі  арқылы  жүргізілді. 
Нүрпейістің  айтып,  жырлап  калдырған  өдеби 
мұрасы  мол.  Ал, 
«Қобыланды»,  «Қүбығұл»  немесе  «Аққкенже»,  «Наркыз»,  «Өрістеген 
өмір»  атты  дастандарының  өзі  тек  1939  жылдан  бері  ғана  қағазға 
түсті.
Мүрын  Сеңгірбаевтың  туып-ескен  жері  қазіргі  Атырау  облысы, 
Каспий теңізіндегі  Маңғыстау түбегі.  Ол  18  жасынан бастап  «Қырык 
батыр»  жырын  айта  бастаған.  Ендеше  бұл  халық  акындарының 
мәдени  мұрасын  жинау  кезінде, 
оларды  үздіксіз 
жырлап  өткен 
тұрғылыкты елді-мекенінің фольклоры да  тұрғылыкты төсіл аркылы 
қамтылды.
71

Қазақ  көркем  әдебиет  баспасынан  1935  жылы  Ө.Тұрманжанов 
жинаған  «Қазақтың  мақалдары  мен  мәтелдері»  жинағы  төрт  мыңнаң 
астам  үлгілерді  қамтиды.  1937  жылы  «Социалды  Қазакстан»  газеті  (3 
октябрь  күнгі),  1941  жылы  «Жаңа  жазу»  газеті  (19  июнь  күнгі) 
беттерінде  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясы  филиалының 
Жамбыл 
атындағы әдебиет секторы  жинаған бір топ мақал-мәтелдер басылды. 
Сонымен  қатар 
макалдардың  аса  көп  жиналган  тұсы  ¥лы   Отан 
соғысы  кезі  [121].  Бұлардың  біразы  1943  жылы  жеке  жинақ  болып 
басылды  [122].  Бүл  мақал-мәтелдердің 
қалай,  кімнен,  қашан 
жиналғаны жөнінде ақпарат көздері, өкінішке орай,  көрсетілмеген.
Қорыта 
айтқанда, 
XX 
ғасырдың 
алғашқы 
жартысында 
фольклорды ргұрғылықты  тәсіл  арқылы  жинаудың  ұтымды  жақтары 
көп  болды:  біріншіден, тұрақты бір елді-  мекенде тұрып,  фольклорды 
сол  маңайдан 
үзіліссіз,  үнемі  жинайды.  Екіншіден,  фольклордың 
барлық  жанрлары  асықпай  іздестіріліп,  қағазға  мүқият  түсіріледі. 
Үшіншіден, 
бұл  жұмысқа  жергілікті  халық  ортасынан  шыққан 
азаматтары,  не  олардьщ 
туысқандары  т.б.  тартылады.  Сондай-ақ 
жинаушы хабаршы-тілшілердің де  көмегіне сүйенеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет