Мифологиясы


деп,  үйдің  «оң  жақ»  кеңістігін  ерекше  қимастықпен  жырлап,  сыңсу



Pdf көрінісі
бет14/18
Дата03.03.2017
өлшемі13,35 Mb.
#6392
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

деп,  үйдің  «оң  жақ»  кеңістігін  ерекше  қимастықпен  жырлап,  сыңсу 
айтады.  Халық  бойжеткен  қызды  «оң  жақта  отырған  қьіз»  деп  те 
айтады. Енді осы түсінікгердің арғы тамырын анықтай түсу үшін үйдің
оң жақ кеңістігінщ мәніне кеңірек тоқталаиық.
Әлбетге, үйдің оң жағына еркекке қатысты заттар мен жылжымалы 
«аралық межеде» тұрған, яғни сыртқа шығатын дүниелер орналасады. 
Ол  ерлер  тұтынатын  ер-тұрман,  құрал-сайман,  қамшы-жүген,  бақан- 
сырық,  бүркіт-қаршыға  жэне  «аралық  межедегі»  жас  төл,  сондай-ақ 
ұзатылатын  қыз,  жөнелтілетін  өлік  т.с.с.  Сондықтан  да  ұзатылар  қыз 
«Жазғытұры  ақша  қар  жаумақ  қайда,  құлын  тайдай  айқасқан  оң  жақ 
қайда» деп сыңсу айтқан.  Оң жақта тұратын ерлер тұгынатын  қамшы, 
бақан-сырық,  құрал-саймандар  үшкір,  ұзыншақ  заттар  екендігін  бай- 
қаймыз.  Сыртқа  бағытталған  дүниелер  орналасуы  себепті  үйдің  бұл 
жағын  «шығыс  кеңістігі»  деп  атау  орынды  болмақ.  Сонымен  бірге, 
үйдің оң жағы  өтпелі ғұрыптар кешені  өтетін  киелі  кеңістік екендігін 
байқаймыз  [277,  34-6.].  Бұл  жерде  сәби  жарық  дүниеге  келеді,  жас 
жұбайлар неке қиғызып үйленеді, қайтыс болған аруақ ақыргы сапарға 
аттанады.
Отау көтеру рәсімінде сол босағаны -  ақ жаулықты ана, оң босағаны 
ақсақалды ата керегеге таңып, кэде алатын жосын бар [281 ]. Бұл рәсімде 
де қос босаға жыныстық жікке бөлінетіндігі көрініс тапқан.
Ақсақал жас отау иелеріне:
Шаңырағың биік болсын,
Түтінің түзу ұшсын,
Керегең кең болсын,
Екі босағаң тең болсын,
.  Қазаныңнан ас кетпесін,
138

\  
Белдеуіңнен ат кетпесін,
Аумин!  [282] —
деп бата береді.
Батада  «екі  босағаң  тең  болсын!»  деп  ерлі-зайыптыны  ншаралап 
отырғаны анық.  Сол себептен халық екі босағаны керуғе қатаң тыйым 
салады.
Киіз  үйдің  сол  жақ  пен  оң  жақ  кеңістігін  қақ  жарып  түрған  төр 
мен  есік  жыныстық  жікке  жатпайтын  бейтарап  кеңістік  екендігін 
байқаймыз.  Бүнда  «жасы  үлкен  -   жасы  кіші»  деген  ұғымдар  қарым-
қагынасты ретгейді  [283, Б .6 6 -6 7 ].
Төр  1   қүт  пен  кие  рухтың  мекені.  Онда  сандық  орналасқан,  жасы 
үлкен  қария  мен  қыз  бала  төрге  отьфуға  хақылы.  Қыз  баладан  басқа 
әйел  жыныстының  (эже,  бәйбіше,  тэте,  келіншек  т.б)  төрге  шығуына 
мүлде  рүқсат  жоқ.  Қыз  жат  жүртқа  келін  боп  түскеннен  кейін  төрге
огьфу қүқынан айырьшады.  Сол себептен үзатьшарда:
№  
Есіктің алды талды ғой,
Талдыға малын салды ғой. 
і  
Көсілсем аяқ жимайтын,
Төрімнің алды қалды ғой [108,186-6.], -  
,
деп сыңсу айтып, төрмен қоштасады. Жігіттер жағы:
Бой түзедің бойжетіп шаіпың тарап, жар-жар,
Ата-анаңыз қуанып деді қарақ, жар-жар.
Төрден төмен түспейтін еркеш едің, жар-жар,
Отырарсың есіктен төмен қарап, жар-жар [ 108,150-6.] 1
деп,  болашақ келіннің  үй  кеңістігінен  иеленетін  орнынан да  хабардар 
етеді.
Сондай-ақ төрде ақсақал абыз, төре, билер отырады. Торде отырған 
адам билік айтады. Көне түріктер өз мемлекетін «төр» [101,173-6.] деп 
айтуы,  қыз  баланың  өз  жұртын  «төркін»  деп  атауы  осы  ұғымдардан 
бастау  алған  сыңайлы.  Өйел  адам  есіктен  төрге  тура  қарап  отыруға 
болмайды,  жартылай  қырындап  отырады,  себебі  төрде  кие  бар.  Төрге 
шығу жасқа,  әлеуметтік текке қатысты мәртебе екендігін баиқаймыз.
Төрде орналасқан сандық молшьілықгың, қазынаның рәмізі. Түрік- 
моңғол  ертегілерінде  ішінен  қисапсыз  мал-мүлік  шығатын  «сиқьфлы 
сандық»  сарыны мол кездеседі  [284, Б. 144—145]. Сандықгы кейіпкерге 
төменгі  әлемнің  иесі  жылан  немесе  аспан  әлемінің  өкілі  киелі  қүс 
сыйлайды («Қарақүсбай»  [285], «Жүсіп мерген»  [116]).  Кейбір ертекте 
сандықтың  ежелгі  дүниетанымдағы  астарлы  мәні  мен  «игерілген 
мәдени  кеңістік»  болып  табылатын  шеңбер  сызықтың  баспананың 
жүртын  баламалайтын  таңбалық  қызметі  де  айқын  бейнеленеді.  Мы- 
салы,  «Адам  болған жылан» деген  ертекте жылан сыйлаған  ақ қалайы
I
 
1
3
9

сандықты жер бетіне алып шыққан соң, бас кейіпкер олардың патшасы 
айтқан шарттарды бұлжытпай орындайды:  «Құрман қойшы жер бетше 
шыққаннан кейін бір жерді таңдап алып, алты қанат ақ үйдің орнындай 
жерді дөңгелектеп сызып, сандықты басына жастап жатып ұйықтаиды. 
Ертеңгісін оянса, аппақ ақ үйдің ішінде жатыр екен, оң жағына қараса,
аппақ сұлу қыз ұйықтап жатыр екен»  [286], -   дейді.
Байырғы  түсінікте  шеңбердің  іші  «игерілген  мәдени  кеңістікті» 
түспалдайтьшын  байқаймыз.  Қазақ  иен  далада  түнегенде  шеңбер 
сызып, оның ішіне еніп жатса, жын-шайтан жоламаиды деп ырымдаған 
[287,187-6.].  Ертегіде  Ханшентей  батыр  нөкерлеріне:  «Мен  озып  ке- 
тейін,  сен  үшеуің  ...  келіңдер!  Менің  дөңгелек  сызған  жеріме  қон»,  — 
дейді [ 174,266-6.]. Ал тува халқы аңшылар шеңбер пішінін жасап ұйық- 
таса,  оларға  қар  адамы  «кижи  бурус»  зиян  жасай  алмайды деп  сенген 
[212,27-6.].  Осы  деректерден  киіз  үйдің  көкжиек  тэрізді  дөңгелек 
пішінінің  өзі  байырғы  түсінікте  адамды  жауыз  рухтардан  қорғайтын 
магиялық қызмет атқарғанын білуге болады.
Ал  сандықта қара Құран,  батырдың туы, төренің таңбасы,  тайтұяқ, 
қойтұяқ жамбылар  сақгалады.  Жұмбақга  сандықгы  «Кіруге  адам  бат- 
пайды,  аман-есен  сақтайды»  деп  бейнелеген.  Оны  түнде  ашуға  әсте 
болмайды.  Егер амалсыз ашатын жағдай туса, «Ішіне жылан кіріп кет- 
ті»  деген  жалбарынуды  айтып  ашуға  тиіс  [126,168-6.].  «Төрде  төртеу 
төрем дейді, есікте екеу өлем дейді» деген жұмбақгың шешуі — сандық 
пен  қос  босаға.  Бұл  жұмбақта  төрдегі  төрт  бұрышты  сандық  мызғы- 
майтын тұрақгылықгың, үлкендікгің,  ал  қос  босаға соған тынбай  қыз- 
мет ететін кішіліктің белгісі ретінде бейнеленген.
Төрге  отыру  қүрметіне  ие  болған  қыз  бала  бойжеткен  соң  «оң 
жақган» ұзатылатынын  айттық.  «Оң жағын  қызартып,  отау  көтеріпті» 
дейді  ел, өйткені ұлдың отауы үлкен үйдің оң жағына тігіліп, жас отау 
екендігін  айыру  үшін  қызыл  дөдеге  бастыратын  болған.  Осындай 
жайтгарға  байланысты  «қыз  бала  төр  иесі,  ұл  бала  үй  иесі»  деген 
мақал  туған.  Төрде  отырған  қарияның  өмір  сапарының  ақыры  «оң 
жақга»  аяқталады да,  о дүниеге жөнелтіледі.  Ал  сәби  болса  шыр  етіп, 
осы  «аралық  меже»  оң  жақга  өмірге  келіп,  кіндігі  кесілісімен  үйдің 
сол қанатына көшеді де, өмір шеңберін жаңадан бастайды. Көшпелінің 
өміріндегі  ең  сыйлы  орын  -  төр,  сондықтан  да  асқақгықгың,  белгілі 
бір әлеуметтік мәртебенің ұшар биігі саналады.
Мәлімет  берушілер:  «Төрге  отырудың  ауыр  салмағы  бар.  Төрде 
отырған  қария  есікке  қарсы  қарап  отырады.  Яғни  оның  «Асарымды 
асап,  жасарымды  жасап,  бұл  дүниедегі  ең  мәртебелі  ұлық  орында 
отыру  құрметіне  ие  болдым,  енді  о  дүниеге  аттанып  кететін  есік 
алдымда тұр» деп ойланып отырғаны», — дейді  [288].
140

К...Л 
_
Әлбетге,  осы  семантикалық  кеңістікке  қарама-қарсы  орналасқан
есік -  кішіліктің нышаны.
Жалпы,  есік пен  шаңырақ  үйге баспана ретінде мәртебе беретінін 
айта  кеткен  жөн.  Бұл  шекаралық  ашық  кеңістіктерден  үйге  қүг  пен 
жүт  қатар  енуі  де  ықтимал.  Сондықтан  бүл  кеңістік  күзету,  сақтау, 
қорғау қызметін де атқарады. Жүмбактарда есік пен шаңырақсыз болу 
тағылықтың,  табиғилықтың  белгісі  ретінде  суретгеліп,  мәдени  нысан 
баспанаға  эрдайым  қарама-қарсы  қойылады.  Айталық,  «Тал  үстінде 
түндіксіз  огау»  (Қүстың  үясы);  «Айдалада  ақ  отау,  аузы  мүрыны 
жоқ  отау»  (Жүмыртқа);  «Салынған  үйі  тастан,  Тесіп  алып  қашқан» 
(Балапан)  [74,  95-6.];  «Ақ отаудың есігі де жоқ, тесігі де жоқ»;  «Бір ақ 
үй бар, кірейін десең есігі жоқ» (Жұмыртқа) [195, 24-6.]
теңдестіріледі.  Жүмбақга
теледі:
1. Дүниеде бір айдаһар, білесің бе,
Жаны жоқ қимылдауға денесінде.
Ішінде сүйектері бақша-бақша,
Жарқылдар жалғыз көзі төбесінде.
2. Бір нэрсе өзі берік, іші қуыс,
Ол заттың сүйегі көп айқыш-ұйқыш.
Көзі бар жарқыраған төбесінде,
Жайса -  үлкен, жинағанда -  бір-ақ уыс.
3. Д эудің іші өртеніп,
Көзінен буы шықты. (От жағылған киіз үй)
Ал есік ауызға баламаланады:
1. Ол не екен аузы үңгірдей, кырық қолы, 
Тірідей кісі жүтгы, көрдік оны.
Терісін сыпьфып ал,  тамбас қаны,
Сүйегі сылдьфап тұр, жоқ қой жаны.
2. Бар екен бір мақұлық каны кашқан, 
Сакылдап адам келсе, аузын ашқан. 
Болғанда отыз омыргқа, қырык қабырға, 
Мұны тапқан адамның ақылы аскан £74,1
күзету
Есік  -   шекаралық  кеңістік  оолгандықтан, 
-
қызметін атқаратынын айттық. Киіз есік жүмбақта былайша беинеледі:
«Көк итім қабаған, артына  киіз жамаған».
Ескі  казақ  есікті  «ергенек»,  «иткірмес»  деп  те  атаған  [28У,  э-о.]. 
Түрік-моңғолдардың  ежелгі  түсінігінде  ит  -   тотем-баба  саналып, 
ұдайы күзету, қорғау функңиясын атқарған [290, Б.63-69]. Сол себептен 
халқымыз  киіз  есікке  «итгабан»,  «итемшек»,  «иттіс»  сияқты  ою-
өрнектерді салатын болған  [141,40-6.], [291]. Ел есікген тамақ шайнап
енуге тыйым  салып,  үйден  тамақ шайнап  сыртқа  шыгуға рүқсат  етіп, 
молшылыкгы  дэріптеген.  Егер  адам  есікген  енгенде  окыстан  сүрш.п
141

кетсе,  «құт  келді,  құт  келді»  деп,  оның  маңдайын  төрдегі  сандыққа
сүзістіріп, жақсылыққа жориды.
¥затылатын қыз үйден шығарда босағадан үстап:
Есіктің алды ақ қайың,
Әптиек оқып жаттайын.
Өліде шығар есіктен,
Тіріде қайтіп аттайын. 
ү
Есіктің алды ошаған,
¥статпайды қашаған.
Жат елге кетіп барамын,
Жібермеші, босағам [  108, Б. 162-163], —
деп жылайды.
Бұндай  рэсімдер  жайында  фольклортанушы  К.Матыжан:  «ОтОа- 
сылық ғұрып  фольклорындағы  көп  жырланатын  киелі  ұғымның  бірі  -  
есік  немесе  босаға,  маңдайша,  табаадырық.  Өзінше  символдық мэнғе 
ие  болған  бұл  ұғымдар  фольклор  поэтикасында  формулаға  айналған. 
Ұзатьшатын  қыз  үйімен,  елімен  қоштасарда  табалдырыққа  бүғіліп, 
босағадан  ұстап  жібермей  жырлап  қоштасады.  Дэл осы  сиякты өлікті 
шығарарда  да  табалдырыкка  қойып  дамылдатады.  Өлікті  үйден  аяқ 
жағымен  шығарады.  Екі  ғұрыптың  да  мэні  басқа  әлемге  аттанардағы 
шекарадан  өту...  Халық  шығармашылығында  табалдырық,  босаға, 
маңдайша  -   бүтіннің  орнына  жүретін  есіктің  бөлшектері.  Оның 
ішінде  көбірек  қолданылатыны  — босаға.  Отбасылық  ғұрыптарының 
қай-қайсысында  болмасын  бұлар  аса  маңызды  рөл  ойнайды.  Осы 
ғұрыптық  дүниетанымнан  фольклорға  ауысқан  бұл  ұғым  отбасылық 
ғұрып  поэзиясында,  эсіресе  қыздың  қоштасуында тұрақты  формулаға
айналған», — деп жазады  [ 292, 31 -б.].
Әлбетге,  сыңсыған  қыз  туған  үйімен  қимай  қоштасып,  оның  эрбір 
жабдықтарын санамалап жырға қосады: 
**
Берем деген сертіңе жеттің, әке, ай-оу,
Көздің жасын мен байғұс төктім, әке, ай-оу.
Тоқсан басты торкөзді қайран үйім, ай-оу,
Торғай басым симаса, кеттім, әке, ай-оу...
Босағасы биік боз үйім,
Боздамай қайтіп шыдайын.
Еңсесі биік өз үйім,
Еңіреп қайтіп шығайын.
Үйімнің көркі босағам,
Бояуы қызыл жосадан.
Айырылып кетіп барамын,
Келгенше қайтып, қош, аман.
142

\  
Үйімнің көркі шаңырақ,
Көрінер жұлдыз жамырап.
Құлының кетіп алысқа,
Қалдың ғой, апа, аңырап.
Жылқы ішінде керім-ай,
Жарасқан күміс ерім-ай.
Отыра қалып іс тіқкен,
Қалдың ғой артта, төрім-ай.
Үйімнің көркі уықты-ай,
Пендеге ажал жуықты-ай.
Жат жерде жалғыз жүргенде,
Ат ізін жүргей суытпай [108, Б. 186-188]
Қазақ  жақсы  көрген  баласына  «Есігіңе  ергенек  болайын»  дейді, 
бүл «күзетшің болайын» дегені.  Көшпелі түрік-моңғол халықтарының 
есікті  қасиеттеу  рәсімінің  көріністері  ежелгі  тарихи  мұраларда  да 
жазылған. Мысалы, Шыңғыс ханға сенімді дос болғысы келген адамдар 
оған туған балаларын тарту етіп:
Болсын құл,
Босағаңа ес.

Безсе бұл,
Борбайын кес!
Еткей құл,
Есігіңеес.
Екі етсе бұл,
Езуін тіл!
Алтын босағаңды,
Ақтық 
атгасын.
Алтын босағаңнан,
Ағат басса,
Ал қолқасын!
Кең есігіңді,
Кере ашсын.
Кең есігіңнен,
Кетер болса,
Кес басьга! -

туралы  жазба дерек
бар [293, 58-6.].
Жазық кеңістікте баспана оң-сол, алды-арты (есік-төр) деген семан- 
тикалық  кеңістіктер  арқылы  дәстүрлі  дүниетанымдағы  «төрт  төңірек, 
сегіз  тарапты»  тұспалдайды.  Ал  тік  кеңістікте  жоғарғы,  ортаңғы, 
төменгі  әлемді  ұластырушы  түлғасын  көреміз.  Үидің  мифологиялық 
танымдағы  «космос  тауы»  ретіндегі  дәнекерші  қызметін  байқаймыз. 
Жалпы  байырғы  түсінікте  ғалам  жазық  кеңістікте  төрт  төңірекке,  ал
143
і
\

тік  кеңістікте  үш  әлемге  (жоғарғы,  ортаңғы,  төменгі)  бөлінетіндігі
ғылымда дэлелденген  [294, Б. 88-91 ].
Үйдің  үсті  үдайы  ғарышпен  байланыстырылады.  Мысалы,  халық
өлеңінде былай делінеді: 
щ ||||
Үркер үйден көрінсе,
Күз болғанның белгісі.
Елу саулық қоздаса,
Жүз болғанның белгісі [295, 201-6.].
Жүмбақтарда былайша суреттеледі.  «Үй үстінде үсақ тас, таңертең 
түрсам,  табылмас»  (Жүлдыз);  «Жабық  астында  жарты  күлше»  (Ай); 
«Керегенің  үстінде  кетпен  жаулық,  кет  десем  де  кетпейді  кепкен 
жаулық» (Ай);  «Көп моншақ үй үстіне  қойдым шашып,  қарасаң толып 
жатыр көзіңді ашып, үйіме сәулеленіп түссе жарық, кетеді әлгі моншақ
бэрі қашып» (Жұлдыз). 

.
Ал  табалдырық  төменгі  элеммен  байланыстырьшып,  кнелі  сана- 
лады. «Табалдырық -  таудан биік» дейді халық. Бүл кеңістік те «аралық 
межеге»  жатады.  Халық  шала  туған  төлді,  бала  тоқгамайтын  болса, 
нәрестенің жолдасын табалдырықтың астына көмген.  Қырсық шалған 
қақпан,  мылтықты  осында  қойып  домдаған.  Себебі  табалдырық  пен 
босаға  жазық  кеңістікте  «адам  элемі  -   табиғат  әлемі»  («иғерілген 
кеңістік  —  игерілмеген  кеңістік»),  тік  кеңістікте  «жоғарғы  элем  — 
төменгі элемді» («көк тэңір -  жер ана») байланыстырып тұрған әмбебап 
киелі  торап.  Сондықтан  Хаостың  қалдығы  бар  екі  әлемге  де  тэн  емес 
дүниелер осы межеде реттеледі, табалдырыққа тапталады деп иланған. 
Табалдырықгыц осындай семантикалық  айрықша мәртебесіне қатысты 
көптеген  ырым-тыйымдар  пайда  болған.  Табалдырықты  басуға,  онда 
тұрып амандасуға, босағаны керуге тыйым салынады.  Осы мәндес сан 
алуан  ұғымдардың барлығы  әлем  халықгарына  ортақ универсал ұғым
екендігін айта кеткен жөн. 
'
Керегенің аяғы датөменгі элеммен байланыста екендігін байқаймыз.
«Алдашы  [296]  келіп  адамның  жанын  алғалы  бауыздағанда  керегенщ 
үшінші  көгіне  дейін  қан  шашырайды  екен»,  — деген  сөз  бар.  «Үй  іші 
ала болса, керегенің көгі толған пэле болады», — дейді халық [289,4-6.]. 
Сондай-ақ  «Үйіңнің  іші  ала  болсын,  керегеңнің  басы  пэле  болсын!»
деғен  карғыс та бар  [297,92-6.].
Кереге  үйді  сыртқы  әлемнен  бөліп  тұрған  шеңбер  пішіндес  тұйық 
қамал  қорған  міндетін  атқарады.  Ал  керегенің  басы  жоғарғы  элеммен 
қатынасқа түседі. «Кереге басы майлы болсын, қоныс жайлы болсын!», 
«Керегеңнен  май  кетпесін,  үйіңнен  бас  кетпесін,  дастарханыңнан 
ас  кетпесін!»,  деген  бата-тілектер  айтылады.  Себебі  сол  қанаттағы 
(«қазан-аяқ  жақ»)  керегенің  басына  сары  қазы,  сүрленген  ет,  торсық-
144

бүйен  іЛінеді.  Ал  оң  қанаттағы  керегенің  басына  құрал-сайман,  киім- 
кешек,  аңның  терілері,  жүген-ноқта  ілінеді.  Егер  нәресте  шала  туса, 
оны  бөлемей,  атасының  бөркінің  ішіне  салып,  оң  жақ  босағадағы 
керегенің  басынан  бастап  неше  күн  кем  туса,  сонша  тал  керегенің 
басына  айналдыра  іліп  домдайды.  Мінеки,  бүдан  біз  керегенің  басы 
аспандағы  рухтар  әлемімен  қатынасқа  түсіп,  құт-несібені  сақтайтын 
күзетшілік  қызмет  атқаратынын  көреміз.  Демек,  дөңгеленген  кереге 
берік  шекара  міндетін  атқарады.  Сол  себептен  жұмбақтарда  ол  күш- 
куаттың  бейнесі  ретінде  суреттеледі.  Мысалы:  «Жүз  жігіт  жер  тіреп 
жатыр» 
(Кереге);
  «Жетпіс  кемпір  жер  тістеп  жатыр,  алпыс  кемпір  ат 
байлап  жатыр» 
(Кереге  меи  уықтар);
  «Артыңда  әкем  жүдырығын 
түйіп тұр» 
(Керегенің көгі);
 «Үйде бір жүдырық, сыртта бір жүдьфық»
(Керегенің көгі)
 [ 
74
,
153
-
6
.].
Тік  кеңістікте  қарастырғанда  үйдің  дэл  ортасында  күннің  жердегі
бейнесі  от  жағылатын  ошақ  орналасқанын  көреміз.  Ошақ тұрған  жер 
әлемнің орталық кіндігі болып саналады 
[
298
]. 
Керегені керген соң есік 
ашылып, үйге арт жағымен бағытталып бақан енгізіледі. Соған шаңырақ 
ілініп көтерілгенде бақанның арты тиген нүкте элемнің орталығы болып 
саналады. Соңынан мұнда ошақ орналасады. Ошақтың дэл үстінде күн 
символы  шаңырақ,  оның  үстінде  аспандағы  күн  тұрады.  Осылайша 
күннің жердегі рэмізі — ошак кеңістіктен өз орынын табады.  Ошақтың 
қасиеттілігі 
шаңырақпен  тең  түседі.  Сондықтан  ауыл 
кошкенде 
ошакты  шаңырақтың  үстіне  байлап,  түйеге  тиейді.  Ол  жайында 
жұмбақга  «Қозғалмайды,  үш  аякпен  тұрады,  ауыл  көшсе  шаңьфақга 
тұрады» делінген 
[
74

220
-
6
.]. 
Бабалар:  «Ошақтың бұты — үшеу, жағар 
оты  -   біреу»,  I  деп,  елдің  бүтіндігін,  ұрпақгар  сабақтастығын  (ата -  
эке -  немере үштігі) дэріптеген.  «Отының басынан берсін,  ошағының 
қасынан берсін!», «Ошақтың үш бұтынан берсін!» —
 деп әулетке несібе
тілеген.
Ошак орналасқан соң үстіне дереу қазан асылады. Отау көтергенде 
қазанды  бос  асып  қоюға  болмайды.  Асылған  қазанға  дереу  ас  құю 
керек.  Қазанның ернеуі есік жакка қарай қисайып тұруға қатаң тыйым 
салынады 
[
282
]. 
Қазан  да  осылайша  элем  орталығына  орналасып, 
молшылықгы,  құт-берекені  тұспалдайды.  Ел  ьфыздық  тілегенде  сол 
себептен:  «Қазан  аузы  -   жоғары!»  -   деп  шаңыраққа  қарап,  Тэңірге 
мінәжат  еткен.  «Қазаның  оттан  түспесін!»  — деп  ақ  тілек  айтылған. 
Жұмбактарда қазанды: «Түгел айтсаң не барын, төрт құлақтабір қарын», 
«Бір  мешкей  бар  төрт  құлакты,  қою,  сұйық  жегізіп  жұртқа  ұнапты», 
«Аяғы  жоқ,  қарны  тоқ,  құлагы  бар,  басы  жоқ»,  «Қабақга  қара  бурам 
шөгіп жатыр», «Қаратайым мықты, қара бием сүтті» 
(К,азан, ошақ)
 
[
74
, 
196
-
6
.], 
«Басына  Қаратаудың  бітер  қорған,  онда  жоқ  бекітерге  айыл- 
тұрман,  қасына  төрт  нәкерін  ертіп  апып,  үстіне  қайырлы  бай  мініп 
түрған» 
(Қазан,  ошақ)
  деп  суреттейді 
[
74

217
-
6
.]. 
Әрине,  қазан  құт-
145

ырыздықтың  рэмізі  болғандықтан,  жұмбақта  ол  қарынға,  мешкейге,
байға, биеге, бзфаға теңдестірілген.
Ертегіде  Ер  Төстік,  Жоямерген,  Құламерген  батырлар  дарияның 
астынан  алтын  қазан  іздейді.  Жоямерген  ерлік  қылып  көл  астынан 
әкелген қазан былай бейнеленеді: 
Н
Қаншама  көп мал тойға сояды екен,
Қазанда қайнатгырып қояды екен.
Болса да қанша әскер тойға келген,
Бэрі 
де сол қазаннан тояды екен [197, 208-6.].
Ал  басқыншы  жаудың  жауыз  әрекеті  жырда  былайша  көрініс 
табады: 


5 ■
  т* 
г 
'
Биқұт елді бүлдірді,
Бөріктен найза ілдірді.
Қақ айырып қазанын,
Балтамен ойып сындырды  [4,  151-6.].
Қазанның  рэміздік  мағынасы  туралы  Ә.Марғүлан:  «Қазан  мықты 
болса,  ел  де  мықты.  Қазан  шаңырақ  тэрізді  бүтіндіктің  белгісі,  ол 
қүрыса,  ел  де  қүриды.  Оның  үстіне  қазанды  қасиеттеу  -   ерте  кездегі 
темірге табынудың бір түрі. Тэуке ханның аңызында жолығатын «қара 
қазан»,  «қара  мылтық»  алу  -   жаудан  кек  алу  белгісінің  ескі  түрі. 
Тәукенің  жарғысы  бойынша,  бүрын  жауласқанда  «шаңырақ»,  «қазан 
сындьфып»  кек  алудың  орнына,  енді  оны  сындырмай,  жэбір  көрген 
жаққа сол нәрселердің өзін беріп тыныштық жасайды. «Жеті жарғыда» 
кек  алуға  беретін  символикалық нәрселер -  «қара  қазан»,  «қара  нар», 
«қара мылтық», «қара күң», «қара ат», -  деп жазады  [22, Б .7 7 -7 8 ].
«Ертеде  жауласқан  бауырлас  екі  ел  найзаларының  болат  үшын 
балқытып,  нарқазан  жасап,  соған  ас  қүйып  ішіп,  татуласыпты»  деген 
сөз  бар  [299].  Сонымен  бірге  сақ  патшасы  Ариант  салқар  даладағы 
қалың  елінің санын түгендеу үшін  эр  адамына  бір-бір жебенің үшын 
әкелдіріп,  содан  таңғажайып  алып  қазан  соқтырған  деген  аңыз  бар 
[300,  208-6.].  Бұнда  да  елдің  береке-бірлігі,  тұтастығы,  әскери  күш- 
қуаты  уағыздалғанын  байқаймыз.  Сондықтан  да  түрік  дүниесінің 
кіндігі Түркістанға тайқазан қойылған.
Отау  көтергенде  арнайы  «от  жағарға»  сайланған  бэйбіше  қара 
шаңырақтан  от  әкеліп,  алғашқы  отты  жағып  «от  бөлу»  рәсімін 
жасайды. Осылайша ғұрыптық от бөлінген соң отау пайда болады  [90,
74-6.].  Бэйбіше  қара  шаңырақтың  ошағынан  шоқты  қалақшаға  салып 
әкеп, отауға от жағып, кэде алады.  Реті келсе,  әкесінің шақпағымен де
тұтататын жосын бар.
Ел  отты  қастерлегендіктен  түнде  үйден  отынның  қалдығын  шы-
46

ғаруға  тыйым  салған.  Жанып  бітпеген  шаланы  су  құйып  сөндіруге 
рұқсат  жоқ.  Егер  үнемдеу  үшін  сөндіретін  болса,  «отауға  жағамыз» 
деген  жалбарьгауды  айтуға  тиіс  [13,  79-6.].  Бүның  бәрі  отты  тірі  деп 
елестеткен анимистік танымның сілемдері екендігі анық.
Ал күннің символы шаңырақтың төрткүл күлдіреуіші мен түндіктің 
төрт  бауы  «төрт тарап,  сегіз  қиырды»  тұспалдайтыны  анық.  Түндікті 
азанда  тұрып,  отанасы  ашып,  үйге  сәуле  енгізеді.  Жаңа түскен  келін 
ерте  тұрып,  үлкен  үй  мен  отаудың  түндігінің  бауына  ақтық  байлап 
ашатын  дәстүр  бар.  Түндіктің  алдыңғы  бауын  ешқашан  үйдің  ішіне 
енгізуге болмайды. Себебі толғақ ауыр болған жағдайда осы бауды ішке 
енгізіп, әйелдің аузына жүтқызып, лоқсытып, домдайды. Сонда толғақ 
оңалады деген  ырым  бар  [301].  Түндіктің  бауы  күн  сайын  үйге  сәуле 
енгізетіндіктен, нәрестенің де жарық дүниені  көруіне көмектеседі деп
иланады халық.
Сонымен бірге шаңырақ тоғымының оң жэне сол коспасы тұсынан 
төмен  қарай  доғалана  салбырап,  ұшы  керегеге  ілінетін  екі  желбау 
да  ерекше  мағынаға  ие.  Ол  дауылда  үйді  жел  жықпас  үшін  таспен 
бастыратын  бау  ғана  емес,  аспаннан  құт-ырыздықты  түсіретін  киелі 
космос  арқанының  рэмізі.  Жұмбақга ол  туралы  «Әуеден  көтен  түсті, 
көтеннен  ботен  түсті»  деген,  себебі  халық  ұғымында  көтенішек
эрдайым молшылыкты тұспалдайды.
«Сол жак желбауда май бар, оған шала туған баланы салып ырғап,
тербетеді,  содан  кейін  кереге  басына  іледі»,  -   дейді  мәлімет  беруші 
Е.Қайдарқызы  [302].  Кейбір  өңірде  шала  нәрестені  екі  желбауды  бі-
ріктіріп, соған салып тербететін де көрінеді [303].
Желбаудың  ырыми  нысан  екендігі  бақсы  ойынында  да  көрініс
табады:

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет