Мифологиясы



Pdf көрінісі
бет2/18
Дата03.03.2017
өлшемі13,35 Mb.
#6392
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

1
 
Мен  адамның  төбесін  бір  теуіп  тесіп,  миын  азық  етем,  -   дейді 
қаршыга.
Олай болса, сол өнеріңді маган көрсетші, — деп, Құдай қасына адам- 
ның бас  сүйегін  қойыпты.  Қаршыга  көкке  самғап,  шырқай  жөнелген- 
ле. оонына ак домалақ тасты ауыстыра қояды. Аспаннан құдиып келіп,
талкан
калады.  Құдай  тасты  алады  да,  орнына  басты  қояды.  Қаршыға  есін 
жиған  соң  Құдай  «Енді  сенің  адамның  басын  ойып,  миын  жейтін 
заманың бітті. Қуарған бас сүйекті шаға алмағанда, тірі кісінің төбесін 
оям  деп  дәметуші  болма»,  -   деп,  қаршығаның  күш-қуатын  қайырып
алған екен дейді» [65, 22-6.; 45, Б. 128-129].
Қазақтағы  сюжет  «Жағалтай  неге  жағал-жағал  болған?»  деген 
сауалға  түсінік  береді.  Ол  былай:  «Ертеде  жағалтай  аспанға  самғап 
кеп тепкенде темірді  де сындыратын тегеурінді  болған  деседі.  Ол  бір 
күні адамға:  «Диірменіңнің тасын сындырам», -  деп серттеседі.  Адам 
«Сындыра алмайсың», -  деп  ерегіседі.  Жағалтай самғап  кеп тепкенде 
бір тасты сындырады, бірақ адам оның орнына бүтінін ауыстыра қояды. 
Ғкі петосылай болалы. Ал үшінші вет тепкенде тасты даталқан қылады,
есесіне сүйек-саяғы да сынып, қаитадан адамға ерепспеитіндеи жүрегі 
де  кайтады,  бұрынгы  алапат  тегеуріннен  де  айырылады.  Оның  аяғы 
сұңқар  тектестерден  бөлек  болуы  да  содан.  Соған  өкінген  жағалтай 
жылай-жылай  көз жасы сатпақгап, жанарының айналасы жағал-жағал
болған екен деседі» [84]. 
,  /  
.
Моңғол  сюжетінде  қаршыға  адамның  тікелей  өзіне,  ал  қазақта
жасаган  мәдени  нысаны — диірменнің тасына қар- 
сы  қойылады  да,  нәтижесінде  тағы  жыртқыштың  саналы  адамнан
адамның
жеңілгендігі көрініс табады.
ифті
құстардың паида болуы,  олардың  ке 
іілік  ету  дагдысы  негіз  болган.  Бұл
«Неге олай болған?» деген сұраққа жауап беріп, есте жоқ ескі заманда 
жаралған  хайуандардың  ілкі  бабасының  мәнісін  түсіндіреді.  Бір  сөз- 
бен  айтканда,  қазіргі  тіршілік  етіп  жатқан  хайуанаттардың  кэдімгі 
өмірі  сол  ежелгі  замандағы  мифтің  шындығы  мен  нәтижесі  ретінде 
алға  таптылады  да,  этиологиялық  сюжет  қасиетті  дэуірде  реттелген
идеал бейнесін растайтын куэге, құралға аинала,
сомдалған
этикалық космостың келбеті туралы жүйелі түсініктер
бір парасы ғана.
бұл
баланың  балаң
сұрағына арналған
құдайлармен  байланыстырып,  адамдардың  рухани
сұранысын белгілі дәрежеде өтеу [55,  173-6.].
22

А
і
;  біз  II  топқа  жіктеген  мифтерде  хайуанаттар  құбылу  сарыны 
бойышпа өмірге келеді. Өйткені мифологиялық сананың екінші саты- 
сында  адам  мен  табиғаттың  арасындағы  теңдестік  заңы  (закон  тож- 
дество)  бұзылады  да,  адам  қоршаған  дүниеден  өзінің  бөлек  екенін 
сезініп,  енді  оған  өзін  қарама-қарсы  қою  арқылы  айналаны  таниды, 
осы таным  негізінде жаңаша мифтер туады.  I топқа жіктеп талданған 
сюжеттерде  адам  мен  табиғат  теңдікте,  онда  хайуанаттардың  жаңа 
түрінің  пайда  бодуы  жаратылыстың  заңдылығы  сияқты  көрінеді. 
Хайуанаттарды -  Тәңір, кейде жасампаз қаһармандар, сирек жағдайда 
трикстер  жарататындығын  көрдік.  Хайуанаттар  кейбір  ерекше  мү- 
шелерін басқалардан сүрап (алдап) алғандығы да әңгімеленеді.  Бірақ 
бүның  бэрі  заңды,  солай  болуға  тиісті  секілді  сезіледі,  себебі  элем 
алғаш  рет  бір  мэрте  жаралып  жатқан,  элі  ретке  келмеген  жағдайда 
(мифтік дәуірде) эркім өз сыбағасын үлғеріп, таласа-тармаса алғанда, 
оны Т эңір де теріске шығармай, мақұлдаған деген түсінік осы мифтерде 
түспалданады.  Ал адам мен табиғатгың  арасы алшақгай түсуі санаға 
да  елеулі  өзгеріс  экеліп,  енді  басқадай  қүндылықтар  орнығады, 
хайуанаттардың пайда болуы өзге қырынан түсіндіріледі. Нәтижесінде 
биологиялық тіршілік иелері мифте «қүбылу сарынынан» пайда бола- 
ды да, бұған көбінде этикалық себеп түрткі болғандығы кескінделеді.
Бұл жайында С.А.  Қасқабасов:  «Миф міндетгі түрде себеп-салдар- 
лы  болады.  Қандай  да  бір  кұбылушылықтың,  яғни  өзгерістің  (айта- 
лық,  қарлығаш  құйрығының  өзгеруі)  себебі  бар.  Мифтердегі  құбы- 
лушьшық  үш  түрлі  себепке  байланысты  болып  келеді.  Бірі  -   адам 
өте  шаршағандықган ұйықгап  кетіп,  сол бойда тасқа, я  болмаса аңға, 
құсқа  айналып  кетеді.  Мұндай  мифтер  Африка  мен  Австралияның 
жергілікті  тайпаларының  фольклорында  өте  көп.  Қазақ  арасында  да 
мұндай мифтерді кездестіруге болады. Мысалы, жоғарьща баяндалған 
«Ұйықгаған батыр» деп аталатын тасқа байланысты миф.
Екінші себеп -  адамның кінэлі болуы. Мұндағы құбылушылық жаза 
ретінде қабылданады. Мәселен, «Сынтас», «Келіншектау» мифтерінде 
экесінің  алдында  кінәлі  болғандықтан  қыздар тасқа  айналып  қалады. 
Кейінгі  дәуірлерде  адамның  кінэлілігі  (виновность)  күнэлік  (грех) 
деген  түсінікпен  ауыстырылады.  Мысалы,  суыр  болып  кеткен 
Қарынбай  туралы  мифте  адам  Құдай  алдында  күнэлі  болғандықган
аңға айналдырьшып жіберілген деп баяндалады.
Құбылушылықгың  үшінші  себебі  -   зор  қауіптен  құтылу  жолы. 
Адамға  ғаламат  қатер  төнеді.  Содан  қүтылу  үшін  ол  не  тасқа,  не 
жұлдызға  т.б.  нәрсеге  айналып  кетеді.  Қазақта  сондай  мифтің  бірі 
Қазығұрт тауындағы «Қырық қыз» деп аталатын тастарға байланысты
айтылады» деп жазады [11, 73-6.].
Түрік-моңғол мифтерін салыстырып зерттеу барысында бұл үш түрлі 
құбылудың да кездесетінін айқындадық. Айталық, қазақга жездесі мен 
апайынан  жәбір  көріп, түн  ішінде  ат  іздеп,  оны таба алмай  «Ат жоқ» 
деп  айтып жүріп көкекке айналған қыз туралы миф бар [77,51 -б.]. Осы
23

мифтің түрікменде  «Екі ат жоқ» [14, Б.500—507; 716-6.],  қарақалпақта 
«Ат жоқ құс»  [14,  716-6.;  14,  763-6.]  деген  нұсқалары  кездеседі.  Бұл 
сюжеттерде  қожайыннан  қорқып,  түнімен  ат  іздеп  таппаған  қыз  (тү- 
рікменде  байдың  жылқышысы)  бос  сандалып  шаршағандықтан  құс- 
қа айналады.  Біздің ойымызша,  бұл -  қүбылудың ең көне түрі,  себебі 
бұнда қарғыс-жазаның немесе Қүдайдың ықпалы жоқ, тек жоқ іздеуші 
шаршағандыктан  өзінен-өзі  құсқа  айналып  кетеді.  Бурятта  зинақор 
қаңғыбас  әйелді  қүдай  көкекке  айналдырған  деседі,  сондықтан  оның 
үясы  жоқ,  ұрпағын  жатқа  тастап  кете  береді  [68,  28-6.].  Қырғыз  бен 
татарда тілазар балалары су әкелмегенге ренжіген әйел [14, 598-6.;  14, 
659-6.], ал алтайда қайырымсыз келін сусын бермегенге өкпелеген қыз 
көкекке  айналады,  сондықтан  да  оның ұясы  да  жоқ,  тұқымына жаны 
ашымайтын болған деседі [85,138-6.].
Хакастарда  көкектің бұрын  адам  болғаны  туралы  екі  аңыздау  бар. 
Бірінші  сюжетте:  «Анасы ұлына ұрсып, ол ренжіп шаңырақтан ұшып 
шыққанда,  кейуана  бір  етігін тартып  қалған.  Содан  бері  көкектің екі 
аяғы  екі  түрлі  болған», -  десе,  екінші  сарын  былай:  «Қайтыс  болған 
бауырын  жоқтап  жылай  берген  қызды  ата-анасы  «Құдай  алғыр» 
дегенде,  ол  көкек  боп  шаңырақтан  ұша жөнелген.  Содан  бір  етігінен 
анасы тартып қалғанда, қашып шыққан құстың екі аяғы екі түрлі болып 
қалған». Бұл сюжет литвада бар көрінеді [262, Б.80-81].
Бурятта күнаһар әйелді құсқа Құдай айналдырады, демек бұл -  жа- 
заның көрінісі.  Ал қырғыз бен татарда құсқа айналу амалсыздан, әйел 
құсқа  айналуды  Құдайдан  тілейді,  қысқасы,  магиялық  сөздің  әсері 
де  қосалқы  міндет  атқарған.  Алтайлықтар  мен  хакаста  қыздың  құсқа 
айналуы реніштен, демек бұнда да этикалық себеп түрткі болады.
Сахаларда жоғарғы әлемнің еліне ұзатылған қыз жолда той салтында 
дастарқанда  болуға  тиісті  қаймақты  жоғалтып  алады.  Бұл  салақтық- 
қа  назаланған  аспан  елінің адуын  иелері  қалыңдықты  қаймаққа ұқсас 
шағала  құсына  айналдырады,  содан  бері  ол  «Хайаах-хайаах»  деп 
қаймағын іздеп ұшатын болады [86,193-6.].
Ал  көктегі  Улуу  Тойонның  табынындағы  құлынды  ұрлап  жеген 
күнэлі  жылқышыны  қаһарлы  рух-ие  кісінеп  ұшатын  күшіген  қүсына 
құбылтады [177,150-6.].
Саха  мифтерінің  ерекшелігі  сол  -   ондағы  кейіпкерлер  көбінде 
жоғарғы  әлемнің  рух-иелерімен  қарым-қатынаста  қателескені  үшін 
келбеті  өзгертіледі.  Ал  ислам  дінін  қабылдаған  түрік  халықгарында 
адамды құбылтушы күш негізінен бір Алла,.
Түрік халқында мынадай миф бар:  «Біреудің бір сұлу қызы болған. 
Оны  ата-анасы  сыртынан  әлдекімге  атастырып  қояды.  Қыз  болашақ 
жарының  қандай  екенін  де,  тіпті  түрін  де  білмейді.  Бір  күні  бір  қара 
қатын  бойжеткенге  келіп:  «Сені  ата-анаң  басы  таз  пақырға  беретін 
болды»,-деді. Қорыққан қыз қолдарын бауырына басып: «Аллаһ, мені
24

кұс ет!» -  деп екі рет айтып еді, құс боп, пыр етіп ұшып кетті» [14,370-6.]. 
Әрине,  бұнда  да  қыз  амалсыз  жағдайға  тап  болып,  шарасыздықтан 
құсқа айналады, оны да құсқа айналдырушы күш -  Аллаһ, бірақ бұнда 
да әдеттегідей сөз магиясы шешуші мэнге ие.
Қазақга байғыздың бұрын адам болғандығы, кейіннен қарғыс ұрып 
құсқа  айналғаны  туралы  да  аңыздау  бар.  “Түркістан,  Жаңақорған, 
Сырдың төменгі ағысындағы қандастарымыз кейде оны байғыз демей, 
Мұраталы дейді. Неге Мұраталы? Ертеде Қаратаудың ойында, Жиделі 
Байсын  жерінде,  Қоңырат  деген  елінде  бір  бай  болыпты.  Балаға 
зар  болыпты.  Етегі  жасқа  толып  жүріп  көрген  жалғыз  ұлына,  құдай 
мұратқа жеткізді ғой деп, Мұраталы деп ат қойыпты. Ол өте ерке болып 
өседі.  Еркелік пен есерліктің арасы тым жақын екен, өсе келе үлкенді 
үлкен, кішіні  кіші демей,  албаты сөйлейтін болыпты.  Қаралы жиында 
қарқылдай күліп, той-томалақгы төбелессіз таратпапты.  Сөйтіп жүріп 
¥май  анаға  тіл  тигізіпті.  «¥май,  ¥май  дейді,  ¥майы  кім  десем,  көп 
қатынның бірі  екен дэ,  нәйеті», -  депті  бірде.  Мұны  естіген ел төмен 
қарап,  ұялғаннан  жерге  кіріп  кете  жаздайды.  Сөйтіп,  ¥май  ананың 
қарғысына ұшыраған Мұраталы бір түнде жұдырықтай құсқа айналып, 
тоғайға  сіңіп  жоғалады.  Түнімен  сұңқылдап  жылап  шығатыны  өткен 
іске өкініші екен дейді. Жұрт жаман тамның басында жарбиып отырған 
кішкентай құсты көрген сайын:  «Е, мынау әлгі ¥май ананың қарғысы 
атқан  құс  ғой,  яки  байқұс,  байғыз  болды  ғой»,  -   деп  аяйды  екен. 
Мұны естіген Мұраталы:  «Мені мазақгаған мендей болсын», «Байғыз 
десең, екі бетің айғыз», -  деп қарғайтын көрінеді. Ал енді «Мұраталы, 
ассалаумағалейкүм», -  десең,  мэз  болып,  «Мұратыңа жет» деп  тілеп, 
сұңқылын қойып, билей береді екен дейді” [271,  110-6.].
Жалпы,  түрік-моңғол  мифтерінде  туыстарынан  (өгей  шеше,  қатал 
келін) жэбір көріп,  құсқа айналған кейіпкерлер бар.  Түрікте екі жетім 
бала лақ іздеп жүріп таба алмай, «Көк лақ жоқ» деп сайрайтын  құсқа 
айналады  [14,  374-6.].  Моңғолда  жұмыстан  шаршап,  қарны  ашып, 
қатал  жеңгесіне  «Тәте,  қаспақ  бер»  деп  сұрап,  түнде  далаға  қуылып, 
ақыры,  құсқа  айналып,  осы  сөздерді  айтып  сайрап  жүретін  «Тәте, 
қаспақ  бер» дейтін  құс та бар  [87,  Б.30-31].  Әлбетте,  кісіше  сөйлейді 
деп түсіндірілген осы  құстардың даусының белгілі дәрежеде адамның 
сөздеріне ұқсас болуы бұл сюжеттердің тууына да түрткі болған.
Келесі бір топ  мифтерде адамдар өздері  күнэлі  болғандықган қар- 
ғыс-жазаға ұшырап,  құсқа айналады.  Қазақта тоқылдауық құс туралы 
мынадай  миф  бар:  «Мұса  пайғамбардың  бір  құлы  бар  еді.  Ол  суық 
қолды  ұры  болды,  жымқыруын  қоймады,  бұны  иесі  сезбейді  деп 
ойлады. Бұл қылығын тоқтатпаған соң пайғамбар үстіне айғыздап күйе 
жағып, оны тоқылдауыққа айналдырып,  ет пен  шөп жеуге тыйым сап, 
құр агаш жейтін  құс етті.  Содан  бері ол  «Тамағым  жоқ, түк жоқ» деп 
ағашты шоқиды да жүреді» [77, 51-6.].
Бұның буряттағы нұсқасы былай: «Бұрын тоқылдауық адам еді. Ол 
аса  бай,  бірақ  шексіз  сараң еді.  Ол  бір  күні  балта  саптап  отырғанда
25

бір  кедей  одан  жейтін  бірдеңе  сұрады.  Оған  бай  ағаштың  жаңкасын, 
содан балтаның сабын берді. Шынтуайтында ол кедей кейпінде жүрген 
Құдайдың өзі еді. Содан  Құдай:  «Саған  мен байлықты ғаріп жандарға 
көмектес  деп  берген  едім.  Сен  енді  ағашты  тесіп,  өзің  қоректенетін 
бол»,  1   деді.  Содан  бері  ол  құсқа  айналып,  ағаштан  ағашқа  қонып,
тоқылдатып жүр» [68, 30-6.].
Ал  моңғолдағы  нұсқада  кедейге  ағаштың  жаңқасын  берген  қарау 
бай  тоқылдауыққа,  оның  сараң  әйелі  малдың  жас  тезегін  соратын
сармойын құртқа айналады [45,  121-6.].
Жалпы, қазақтың көптеген мифтерінде адамды құсқа айналдырушы 
пайғамбар  немесе  әулие  адамның  қарғыс-жазасы  болса,  бурят  пен 
моңғолда  өзге  кейіпке  құбылып  жүрген  Құдайдың  өзі  болып  келеді. 
Себебі  көп  құдайлы  будда  дінінің  түсінігінше  құдайлар  алуан  түрлі
кейіпке түседі, құбыла алады.
Біз талдап отырған сюжеттерде тоқылдауық — күнэлі, демек, ол ми-
фологиялық сананың бертінгі дамыған сатысы.
Этиологиялық  мифтерде  құбылушылық  белгілі  бір  ұқсастықгарға 
негізделеді. Ол әдетте хайуанаттардың сыртқы түр ұқсастығы, қимьшы, 
жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, тіршілік ету ерекшелігіне қатысты болып 
келеді [55,194-6;  11,75-6.]. Мэселен, тоқылдауық басқа азықпен қорек- 
тенбей,  ұдайы  ағаш  шоқиды,  сондықтан  ол  сараңға  теңдестірілген. 
Бұндай  мифтерде  көбінде  қарғыс  шешуші  мэнге  ие,  содан  кейін  «ұк- 
састық ұқсастық тудырады»  деген  магиялық түсінік те  елеулі  қызмет 
атқарады. Айталық,  қарау бай қарны ашқан кедейге ағаштың жаңқасын 
ұсынды, кие ұрды да, керісінше, өзі ағаш жейтін құсқа айналды.
Қазақтағы  Қарынбай  туралы  сюжетгің  нұсқалары  моңғол  мен 
бурятта  кездеседі.  Ол  былай:  «Қүдай  кедей  адамның  кейпіне  еніп, 
Дуут мен Дөнөн деген екі байдың өлкесіне барады. Бұл екеуі мальшың 
санын да білмейді екен. Жылқысын Дөнөн сайы деген жерге иіргенде 
сай толса, түгел деп есептейді екен. Кұдай Дөнөннің үйіне келіп, жейтін 
бірдеңе  сұрайды.  Оған  ағаш  жонып  отырған  қарау бай:  «Біз  ағаштың 
жаңқасын  жонып  жейміз.  Бұдан  басқа  тамақ  жоқ»,  — деп,  табаққа 
жаңқа  салып  ұсынады.  Қаһарланған  Қүдай  бұлардың  малын  тартып 
алады,  Дөнөннің  жылқысын  тағы  кұланға,  Дуутының  түйесін  Говь 
шөлінде  жүретін  қаптағайға  (түйе-киікке)  айналдырады»  [45,  90-6.; 
73,  Б.224-225;  68,  Б.327-328].  Ал  қазақ пен  қырғызда  сараңдығымен 
құдайдың  қаһарына  ұшыраған  Қарынбайды  жер  жұтады  да,  малы 
аңға айналады  [77, 49-6.;  15, Б.512-514;  132, Б.82-83]. Кейбір нұсқада 
Қарынбайдың  үйіне  кедей  кейпінде  сынап  келген  қонақ -   Жебірейіл 
немесе Қызыр еді деседі [88, Б.23-24; 89, Б. 157-158]. Қарынбайды жер 
жұту  сарыны  Құранда  бар  екендігі  ғылымда  дәлелденген  [90,  34-6.]. 
Құранның  28-сүре,  80-аятында  Қарұн  туралы  «Ақыр  оны  да,  үйін  де 
жерге  жұтқыздық»  деп  жазылған  [91,  Б.394—395].  Сонымен  жабайы 
аңдардың  (қоңыр  андар:  құлан,  түйекиік,  марал,  арқар,  тауешкі  т.б.) 
пайда  болу  себебі  қазақ  пен  моңғол  мифінде  қарау  байдың  малының
26

аңга  кұбылуынан  деп  түсіндіріледі.  Аңға  айналған  қисапсыз  малдың 
иесі  -   моңғолда  Дөнөнбай,  қазақта  Қарынбай,  оларды  құбылтушы 
күш — Құдай, басты себеп -  қайырымсыз байдың сараңцықтан жасаған 
күнәсі болады.
Қазақ пен  моңғолда аңшы-мерғендердің де хайуанға айналып кету 
сарыны бар. Мәселен, қазақтаұшқан құс, жүгірғен аңды құтқармайтын, 
дүниедегі  күллі  хайуанды  жоймақ  болған  Жайық  мергенді  Тәңір 
жазалап,  «Жер  бетінде  жөндеп  өмір  сүре  алмадың,  енді  жер  астында 
өмір  кеш,  түбір-тамырлармен  қоректен!»  -  деп,  ауыр  үкім  шығарған 
екен  дейді  [77,  48-6.].  Ал,  атқан  оғы  жерге  түспейтін  Дондұғұл  мен 
Дуайсоқыр  деген  қанішер  мергендерге  қаһарланған  Құдай  олардың 
біреуін суырға, енді біреуін құндызға айналдырған деседі [77,48-6.].
Мінеки, бұл мысалдардан табиғат пен адамның арасындағы тендік- 
ті  бұзушы  аңшы-мергендер  миф  жанрында  жазаға ұшырайтыны  бай- 
қалады.  Ақиқатында,  мифтің  мақсаты  ру-тайпада  қалыптасқан  киелі 
қағида-ережелерді  бұзбаудан  сақгандыру,  ал  оған  қарсы  келушілерді 
ауыр жаза күтіп тұрғаньга көрсету [92, Б.11—12].
Моңғолдағы эйгілі сұр мерген де суырға айналып кетеді. Әйткенмен 
ол оқиға қазақгағымен салыстырғанда басқаша сипатта болып келеді. 
Бұндағы  ерекшелік -  сұр  мерген  қауымның  қамы үшін  ант береді де, 
сол антты орындай алмаған соң бармағын өзі кесіп, өз еркімен суырға 
айналады.
Моңғол,  алтай,  тува  халықтарында  кездесетін  атқан  оғы  жерге 
түспейтін осы сұр мергеннің аты -  Эрхий мерген. Ол -  аспанда жанып 
тұрған үш күнді  (кейде жеті  күнді) атпақ болып антгасқан космостық 
жойқын мерген. Аспандағы үш күнді атқалы бәстесіп, «Егер оғым мүлт 
кетсе, тұнық су ішпейтін, тұқыл тамыр жейтін, қапас інде өмір сүретін 
хайуанға айналайын!» -  деп серт береді. Мерген екі күнді жойып, енді 
үшінші  күнді ата бергенде қарлығаш  кедергі келтіреді де, жебесі оған 
тигендіктен,  құстың құйрығы  айыр болады.  Аспанда  аман-сау  қалған 
ақырғы  күн жылысып, таудан  асып,  батып кетеді.  Бұрын күн  аспанда 
шақырайып жанып, аптап төндіреді екен-мыс. Содан бері күн бататын 
болып құбылыпты. Антына жете алмаған қапалы мерген бас бармағын 
кесіп  тастап,  інге  кіріп,  «тұнық  су  ішпейтін,  тұқыл  тамыр  жейтін» 
суырға  айналып  кетеді.  Сол  себептен  суырды  қарасаң,  адамға  ұқсас 
кейіпте, бірақ оның саусагы -  төртеу [82,17-6.; 93, Б.229-233].
Бұндағы  мерген  -   әлемнің  көптеген  халықгарында  кездесетін  ас- 
пандағы  артық  күнді  атып,  ғаламды  реттейтін  кэдімгі  жасампаз  қа- 
һарман.  Қазақга  қатыгез  мерген  Жайық  пен  Дондұғұл,  Дуай  мен  Кө- 
гелдайды  Құдай  жазалап,  бейнесін  өзгертеді.  Моңғолда,  керісінше, 
күрескер сұр мерген өзі суырға айналады екен. Бірақ бұл -  архаикалық 
мифологияда  кездесетін,  өз  еркімен  жүзеге  асатын  мақсатты  құбылу 
емес,  ант  ұрғандық,  түптеп  келгенде,  сөз  магиясының  үстемдігі.  Ал 
қазақга өз еркімен  хайуанға айналу жоқ, себебі  ондай  істі  Құдай ғана 
атқаруға  тиіс.  Осының  өзінде  де  елеулі  ерекшелік  бар,  бұл  алдымен 
тэңірілік  сенімнің,  содан  кейін  бірқұдайлық  діннің  сөз  мұрамыздағы 
сэулесі.
27

Сонымен,  қазақ  пен  моңғолда  хайуанаттардың  пайда  болуын  тү- 
сіндіретін  мифтерде  көне  танымның  екі  сатысы  бар  екендігі  анық- 
талды.  Бірінші  кезеңде табиғат пен  рух теңдікте,  бірлікте.  Бұнда хай- 
уанатгардың  ілкі  үлгісі  тұңғыш  мэрте  қасиетті  мифтік  дәуірде  жа- 
ратылады,  олар  бірінен-бірі  кейбір мүшелерін  сұрап та алады,  алайда 
ондай  әрекетгің  бэрі  табиғи  қалыпта  көрінеді,  өйткені  элем  хаостан 
енді  реттеліп  жатқан  белсенді  шақ,  хайуанаттарды  жаратушылар  — 
Тэңір,  кейде  жасампаз  қаһарман,  сирек  жағдайда -  трикстер.  Екінші 
кезең  адам  мен  табиғаттың  арасындағы  теңдік  заңы  бұзьшған  дейпн 
заман.  Бұнда  ғалам  әлдеқашан  жаралып  бітіп  қойған,  бір  сөзбен  айт- 
қанда  мифтік  уақытқа  нүкте  қойылған.  Бірақ  бұл  кезеңде  де  кей- 
бір  хайуанаттар  пайда  болады,  оның  басты  себебі  этикалық  деп  тү- 
сіндіріледі,  өйткені  адамның  санасы  дамып,  қауымның  рухани-элеу-
меттік қағидалары қалыптасқандықтан адам өзін табиғатқа қарсы қоя- 
ды  да,  енді  хайуанаттар  негізінен  алдымен  кінэлі,  одан  кейін  күнэлі 
болғаны үшін қарғыс-жазадан пайда болады деп суреттеледі. Бір сөзбен 
айтқанда,  бұл  кезенде  хайуанаттар  құбьшудан,  яғни  адамнан  азудан, 
қысқасы,  адамгершілікке  дақ түскен  жағдайда  келбеті  озгеріп,  пайда 
болған деген түсінік өріс алады.  Мифтік уақыт тұрғысынан қарағанда 
бұл кезенде ғалам элдеқашан жаралып біткен:  ай-күн де, мал-адам да, 
тау-тас  та — не  керектің  бэрі  бар.  Бірақ  осындай  мамыражай  шақга 
әлдекім (жазалаушы (құбылдырушы) немесе жазаланушы (құбылушы) 
тарапынан адамгершілікке дақ түсіріледі де ақыры оқиға ушығып, қар- 
ғыс-жазаға  ұласады,  соның  нәтижесінде  хайуанаттардың  жаңа  тұқы- 
мы  (кейде  өсімдіктің  сорты)  өмірге  келеді.  Міне,  осындай  сарындар 
әлем халықтарыньщ бэріне тэн.  Біз түрік-моңғол материалы негізінде
кейбір ерекшеліктерге тоқталдық.
Өсімдіктердің  тек-түрпаты  туралы.  Этиологиялық  мифтердің 
келесі бір ауқымды саласына осімдіктердің жаратылуы туралы мифтер 
жатады. Бұл мифтерде даламызда осетін кейбір ағаштар мен гүлдердің 
шығу тегі,  сыртқы түр-тұрпаты,  өң-түсі, өсетін  мекенінің сыр-сипаты 
түсіндіріледі.  Алдын  ала  айтарымыз  қуаң  далада  малшылықпен 
айналысқан көшпелі қауымда мұндай мифтердің аса мол емес екендігін 
байқаймыз.
Әлемдік мифологияда ағаш пен  шопке құбылып кеткен кейіпкерлер 
бар. Мысалы, Дафна, Смирна, Кипаристер -  ағашқа, Адонис, Нарцисс, 
Гиаңинттер  гүлге  айналып  кетеді.  Бұлар  қарғысқа,  қуғын-сүргінге 
ұшырап немесе  жарақаттанып, өлген соң өсімдікке айналады. Мысалы. 
Смирна  эке қарғысынан ағашқа айналады. Ал аң аулап жүріп, жабайы 
доңызға  таланып,  жарақаттанған  Адонистің  қызыл  қанынан  раушан 
гүлі,  оның  ғашығы  Афродитаның  көз  жасынан  сарғалдақ  гүлі  пайда 
болады.  Дафна  өзіне  ғашық  Аполлон  құдай  құмартып  қуғанда,  лавр 
ағашына айналады.  Бұларда егінші халықгарға тэн  маусымдық  «өлу- 
қайта тірілу» символы тұспалданғанын зертгеушілер жазады.
Академик  А.Н.  Веселовский  өсімдікке  құбылудың үш  сатыдан  тұ- 
ратынын  жазады.  Бірінші  сатыда  табиғат  пен  адамның  теңдігі  бар.
28

Адам  қандай  бір  хайуан  мен  өсімдіктен  туа  береді.  Бұл  тотемдік  тү- 
сініктің көрінісі екендігін ғалымдар дәлелдеген.  Екінші кезеңде адам- 
ның өзі есімдікке айнала береді. Кейде адамның тікелей өзі емес, қаны 
немесе кейбір  дене  мүшелері өсімдікке айналады. Ал үшінші  сагыда 
өлгендердің  моласына  гүл,  ағаш  өсіп  шығады.  Бүл  аруақтың  басқа 
сипатта қайта тірілуінің рэмізі екен [94, Б.  104—106].
Қазақ  егінші  халық  болмағандықган,  мифтерімізде  тура  өсімдікке 
айналатын  кейіпкерлер  сирек.  Адамдардың  қайыңға  айналғандығы 
туралы  бір  ғана  сюжетті  кездестірдік.  Онда  Бурабайдағы  «Биші  қа- 
йыңцар»  туралы  мынадай  сарын  бар:  «Ертеде  кешқүрым  сауыққой 
жастар алаңқайға жиналып, емін-еркін күліп ойнайды. Бүндай думанда 
бір топ сымбатты биші қыздар да мың бүралып билейді. Сондай қызықты 
сауықты жасырын келіп, тамашалап тұрған хан еріксіз айқайға басып: 
«Ғажап!  Мың  жасаңдар,  қарақтарым!»  деп  таңдана дауыстайды.  Сол 
кезде ел  иесі  ханның келгенінен именіп,  қымсынған  биші  қыздар сол 
қалпында қайыңға айналып, қатып қалыпты деседі» [95, Б. 170-171].
Тегінде,  ежелгі  үгымда  ханның  киесі  бар,  тіпті  назары  түскен 
жағдайда нәзік жандар оның  ауырлығын  көтере  алмай,  өліп те кетеді 
деген түсінік болған. Мысалы, «Наурызбай -  Ханшайым» дастанында 
Кенесары Ханшайымның сүлулығына таңданғандықтан, оған көз тиіп,
дүниеден  мезгілсіз  озады  [96,  205-6.].  Біз  талдап  отырған  мэтінде де 
ханның  назары түсуінен  эрі  таңдануынан  үлбіреген  бишілер  қайыңға 
айналады. Біз жинақтаған бүдан басқаша сюжеттерде адамның өлі затқа 
айналуы,  негізінен,  қарғыс-жазаға  байланысты  болады.  Ал  тікелей 
өсімдікке қүбылу сарыны қазақ пен моңғолда тіпті жоқтың қасы.
Алайда  «Қозы  Көрпеш  -   Баян  сүлу»  жырында  өсімдікке  айналу 
сарынының тұспалы  бар.  «Қозы  Көрпеш  пен  Баян  сүлудың  қабіріне 
жыл сайын екі тал қызыл гүл өсіп шығып, бір-біріне қауышпақ болады. 
Бұл  Қозы  мен  Баян,  ал  ортасына  қара тікенек  өсіп,  бұларға  қадалып, 
солдырады. Ол қара тікен—Қодар екен» деген аңыз бар. Бұнда Қозы мен 
Баян -  қызыл гүлге, Қодар қара тікенекке айналғандығы баяндалған.
Жырдың келесі бір нұсқасында Қозы мен Баян бәйтерекке айналып, 
бастары қауышып, Қодар олардың ортасына шеңгел болып бітеді.
Қозыекемнің түбіне Қодар жеткен,
Екі айырып екеуін көшіп кеткен.
Баян менен Қозыкем тек емес-ті,
Екі жерде бэйтерек болып біткен.
Қозыкем мен Қодар қүл атысыпты,
Бірге барып, жарымен жатысыпты.
Екі жерден бәйтерек болып біткен,
Басы барып бірігіп, жабысыпты.
Дәру құяр сол Баян жарасына,
Қодар құлдын қылығын кара сана.
Қозыкені өлтірген анау -  Қодар,
Шеңгел болып бітіпті арасына [97, 97-6.].
29

Осы  жырдың  татар  халқындағы  нұсқасында  бұл  сарын  төменде- 
гідей:
«Баян мен Қозыны өзеннің екі жағына Қара хан жерлеуге бұйырады. 
Екеуінің  басына  өскен  терек  бір-біріне  иіліп,  қауышып,  көпір  тэрізді
бірігіп кетеді» [98, Б. 152-156].
Бірақ бұл  мотивтер  құбылудың үшінші сатысы, яғни молаға өскен
өсімдіктің сырын түсіндіру мақсатында пайда болған сюжет екендігін
аңдаймыз. 

І г '
Қазақта адамның тікелей ағаштан туғаны жонінде миф сақталмаған.
Шежіреде қыпшақ руының арғы тегі ағашпен байланыстырылады, яғни 
ағаштың  ертеде  тотем  болғаны  айқын  [99].  Аңызда  қыпшактың  арғы 
бабасы  ағаштың  қуысынан  шыққан  делінсе,  грек  мифологиясындағы 
кейбір  нұсқада Адонис  ағаштың  қуысынан туады  [100,  27-6.].  Ежелгі 
ұйғьфлардың  ханы  Бөгу  адамша  сөйлейтін  киелі  қос  бэйтеректен 
туған деген аңыздауды парсы тарихшысы Ата-Малик Жувейни жазып 
қалдырған  [101,  Б.309-311].  Ал  қазақга  адамның  дене  мүшесі,  қаны 
өсімдікке  айналғаны  туралы  мифтер  бар.  Мысалы,  бір  мифте  райхан 
гүлінің қалай пайда болғаны былайша  түсіндіріледі:
«Ертеде Сұмырай деген хан  болыпты.  Тойымсыз хан  жер бетіндегі 
суды да халықтан аяп, жинап ап,  елге бермей, шөл азабын тартқызған 
екен. Сол кезде елден асқан сұлу, шебер бір қыз болыпты. Ол Сұмырай 
ханға  тарту  жасап,  сарайына  барып,  зерлі  шапан  жауып,  ханмен  ай- 
тысып,  өз  мінін  бетіне  басады.  Сұмырай  хан  ашуланып,  қыздың  оң 
қолын  кесіп  алады.  Сол  кезде  Тэңір  өнерпаз  қыздың  бес  саусағын 
бес  жапырақты  райхан  гүліне  айналдырыпты.  Ашуланған  халық хан- 
ды  өлтіреді  де,  ісмер  қызын  еске  түсіру  мақсатында  райхан  гүлін 
сырмаққа, тұскиізге салатын әдет қалыптасады.  Ал сол оюдың шетіне 
су  өрнегін  салатыны  елдің  суды  Сұмырайдан  азат еткен  сұлу  кызьга
еске алғаннан екен» [ 102, Б.7-11 ].
Міне,  бұл  мифте райхан  гүлі  ісмер  қыздың бес  саусағынан  жарал- 
ғаны эңгімеленеді.  Сонымен бірге мэдени нысан -  райхан гүлі мен су 
ою-өрнегінің  шығуы  да  түсіндіріледі  (Қосымша  Б).  Ал  монғол  хал- 
қында сүйген жары соғыстан оралмаған соң көзінен тамған жасы гүлге 
айналып кеткен сұлу туралы сюжет бар.  «Келінгүл» деп аталатын осы 
гүлге  арналған  аңыздың  желісі  бойынша  академик  Б.Ринчен  поэма
жазған [103, 64-6.].
Әлем мифологиясында алыптардың денесі бөлшектелгенде космос 
жаратылады.  Көптеген  халықтарда  жартылай  адам,  жартылай  хайуан 
ілкі алыптың денесінен ғалам жүйелі түрде жаратылады. Оны жеңімпаз 
батыр немесе құдайлар құрбандыққа шалады, немесе жыртқыш аңдар 
талап, бөлшектейді.  Тотем-бабаны құрбандыққа шалғанда оның дене- 
сінен  адамға қажетті игілікті заттар мен табиғат нысандары пайда бо- 
лады деген  ежелгі  түсініктен  осындай  мифтер  пайда болса  керек  [54,
127-6.].
30

«В  мифах  встречаются  рассказы  о  происхождении  каких-либо  су- 
ществ или предметов из тела предков, убитых в результате жертвопри- 
ношений.  Этот тип мифов специфичен для древних земледельцев,  на- 
пример, для папуасов, у которых смерть дема влечет его превращение в 
культурные растения», — деп жазады М.Мелетинский [55, с.195].
Ал  қазак мифінде тура бұндай  мағынадағы  құрбандық туралы  мо- 
тив  жоқ деуте  болады.  Бізде  мифтік  кейіпкерлерді  тек  жаулар  немесе 
қатыгез мергендер жарақаттайды.  Мысалы,  жаулардың сілтеген  қару- 
жарағы тиіп,  әулие  адам  құрбан боп, денесінен жергілікті жердің жа- 
ғырапиялық нысаны пайда  болатын сарындар бар.
Бұган үндес қазақта «Шие неге қызыл болған?», «Алманың гүлі неге 
қызыл?» деген сауалдарға түсінік беретін мифтер бар. Мысалы: «Сонау 
ерте  кезде  бір  аңшы  болыпты.  Ол  аң-құс  біткенді  аямай,  ата  беріпті. 
Көп  ұзамай  бұл  өңірде  жүгірген  аң,  ұшқан  құс  қалмайды.  Күндердің 
күнінде аңшының ауласындағы шие ағашына бір көгершін қонады. Ол 
кезде шие жемісінің түсі  сары  екен. Жылы жақган ұзақ ұшып қанаты 
талған көгершін демалып  отырады.  Оны көрген аңшы  көгершінді қақ 
жүректен дәлдеп атады. Көгершіннің қаны шие ағашынан көпке дейін 
тамшылап  тұрады.  Жазықсыз  құстың  қанына боялған  шие  жемісі  со- 
дан бері  қып-қызыл болып кетіпті» [104, 22-6.]. Ал келесі бір сюжетте 
қатыгез бала алма ағашында қонақтап отырған көгершін-рухты атады 
да,  соның  қанына  боялғандықтан  алма  гүлінің  түсі  қызыл,  ал  оқ 
тигендіктен  көгершін  құсы  ағашқа  қонбайтын  болғандығы  айтылады
[105,  111-6.].
Қайталап  айтсақ,  диқаншылықпен  айналысатын  байырғы  тайпа- 
лардың ежелгі ұғымында қасиетгі құрбандықтан кейін адам денесінен 
тұтас ғалам емес, кейбір мәдени дәнді дақылдар пайда болатын сарын- 
ның  жиі  ұшырайтындығы  ғылымда  анықталған  мәселе  [106,  91-6.]. 
Біз  талдап  отырған  сюжеттерде  де  осындай  сарынның  ұшқыны  бар 
(Қосымша  Б).  Мәселен,  қазақ  күрішті  пайғамбардың  түсіп  қалған 
тісінен  пайда  болған  деп  аңыздайды  [79,  98-6.],  көкнәрді  пайғамбар 
жылан  шағып  алған  досының  жарасын  сорып  түкірген  жерге  өнген 
өсімдік деседі  [107],  ал  моңғолда темекі  мен апиынды  қайтыс  болған 
сұлу әйелдің жамбас сүйегінен өсіп шыққан жапырақ  деп аңыздайды
[45, Б.164-165; 68, 32-6.].
Алайда қазақ пен моңғол сияқгы дамыған халықтарда көне құрбан- 
дық мотиві көмескіленіп, дұшпанның (біз талдап отырған үлгілерде -  
жау,  жылан,  ажал  т.б.)  немесе  мергеннің  қаскөйлігі  алдыңғы  орынға 
шыққанын  аңдаймыз.  Бірак  дұшпан  мен  сұр  мергеннің  әрекеті  қас- 
көйлік ретінде бағаланғанымен (Қосымша В), түпкі нәтижесінде адам- 
ның  игілігіне  жарайтын  құндылықтар  -   мәдени  өсімдік,  киелі  тау- 
тас,  көл-бұлақ,  кейде  музыкалық  аспап  т.с.с.  дүниелер  әдетте  қазақ 
мифологиясында жиі пайда болып жататынын ескерткіміз келеді.
31

Келесі  бір  мифтерде  ағаштардың  өмір-тіршілігіне  қазақ  пен  моң- 
ғолдың  төл  өмірі  айна-қатесіз  көшірмеленгенін  байқаймыз.  Бұнда 
құбылу жоқ, тек қана ағаштардың «неге солай?» өмір сүретіні туралы 
әңгімеленеді.  Мысалы,  «Қарағай  мен  сексеуіл»  жэне  «Тобылғы,  бая- 
лыш, арша» деген екі мифте осы жайттар аңғарылады.
«Тым ерте замандарда қарағай да, сексеуіл де ойпаттардағы жасыл 
алқапта  өседі  екен.  Бұлар  қонысқа  таласып:  «Әрі  отыр,  бері  отыр!» 
деп  айтысып,  ең соңында,  сойылдасып  соғысыпты.  Олардың арасына 
түсіп,  арашалау  ешкімнің  қолынан  келмепті.  Тал-терек  ақылдасыпты 
да,  бұлардың жасақ сайлап, соғысып жатқан майданына сел қаптатып 
жіберіпті. Сексеуіл селден қашып, шөлге кетіпті, қарағай судан қашып, 
тауға шығыпты. Сексеуіл мерген екен, қарағайдың өн бойын түйреген, 
ішкі  бұтақтар  сексеуілдің  атқан  оқтары  екен.  Қарағай  найзагер  екен. 
Сексеуілдің  тұла  бойындағы  тыртықтар  қарағайдың  найзасынан  қа- 
лыпты. Содан бері қарағайлар сексеуіл келіп қалмасын деп тау басында 
тұрып  қарауыл  қарайды,  ал  қарағайдан  қорыққан  сексеуіл  құм-шөлге 
бұғып,  сояуын  кезейді.  Қонысқа  сыйыспай,  соғысқан  екі  мықтыньщ 
бірі үркіп, тауға шығып,  бірі ығып,  шөлге бүққан соң, кең өзенді өңір
тал мен терекке қалыпты».
Көріп отырғанымыздай, ағаштардың өмір-тіршілігі жерге таласқан 
көшпелі жауынгер қауымның өз тұрмыс-тіршілігінен титгей де аумай- 
ды.  Бұл  сюжет  Н.Мыңжанұлының  «Қазақтың  мифтік  аңыздары»  де- 
ген  кітабында  жарияланған  [13,  130-6.].'Тура  осындай  мэтін  моңғол
халқында да қаз-қалпында бар [65,23-6.; 45, 84-6.].
Бұл  мифте  құбылу  сарыны  байқалмайды,  тек  қана  ежелгі  дэуірде 
ағаштардың  да  адам  сияқгы  өмір  сүргендігі  айтылады.  Табиғат  пен 
адамның аражігі алшақгап, адам өзін-өзі таныған соң, әлеуметтік өмірін 
табиғатқа  телитін  болған.  Бұл  миф  те  сол  кезеңде  туып,  ағаштардың 
«неге солай» өмір сүретіндігін, яғни мифтік қасиетті  уақытта орнаған 
алғашқы  реттіліктің,  тэртіптің  сырын  түсіндіруге  арналған.  Шөлде 
өсетін  сексеуіл,  тауда  өсетін  қарағай  көшпелі  халықтар  үшін  етене 
жақын өсімдіктер. Сондықган да ежелгі бабалар өздерінің жауынгерлік 
ғүмырын сыртқы ұқсас белгі-бейнелеріне негіздеп, ағашқа да телігенін
Біз талдаған алдыңғы мифтерде «жер дауы» айтылса, келесі мифке 
«жесір  дауы»  өзек  болғанға  ұқсайды.  Мысалы,  «Тобылғы,  баялыш, 
арша» деген миф  [15,116-6.] «Дала уалаятының газетінде» алғаш рет 
жарияланған: 
' '   ;ч.  и 

і
 ;
«Бір-екі үйлі жан бір-біріне жақын тұрыпты.  Бірі -  Сексеуіл, оның 
ұлы -  Баялыш, енді бірі -  Қарағай, оның қызы -  Арша болыпты. Алғаш 
солар көрші болып, жақсы тұрыпты. Баялыш Аршаға қалың беруге ой- 
ланғанша, Арша Баялышты бек сүймепті, түсі қара болған соң һәм ра- 
зылық бермепті.  Сонда әкелері ұрысып,  Тобылғы  келіп, татуластырса 
да  болмапты.  Сол  уақытта  Сексеуіл  мен  Баялыш  тұрудың  қиын 
болғанын көріп, Тобылғыға қосылып, оңтүстікке кетуге ойлапты. Солар
32

кеткен соң,  Қарағай тэкаппарланып, басын жоғары көтеріп, мейлінше 
созыльшты. Сексеуіл қайғыдан бүкірейіп кетіп, Тобылғы, Сексеуіл мен 
Қарағайды  татуластыра  алмағанына  ұялып,  қызарып  кетіпті.  Сонан 
соң  бірталайға  шейін  Қарағайдың  қызынан  хабар  болмапты.  Сонан 
соң Аршаның тасқа ғашық болып, шешесінен қашып барып, осы күнғе 
шейін таспенен бірге түрғаны».
Бүл  мифтерден  де  қазақтың  өз  өмірінің  суретін  көреміз.  ¥зын 
қарағай  тәкаппар,  мықшиған  сексеуіл  жазықсыз  жапа  шегуші,  қара 
түсті  баялыш  сиықсыз,  таста  өсетін  арша  тасбауыр,  қызыл  тобылғы 
үялшақ  кейіпкер  ретінде  сомдалып,  халқымыздың  қалыңмал  төлеп 
үйлену  салтының  көріністері  бейнеленген.  Ағаштардың  сыртқы  түр- 
түрпаты, өсетін мекенінің ерекшелігі эңгімеге арқау  болған.
Осындай  мифтік  түсініктен  туған  ағаштардың  араздығы  мен  та- 
тулығы, қүдаласу сарыны кейбір халық өлеңдері мен жүмбақ айтысқа
да жиі арқау болады [108, Б.29-30; 74, Б.328-329].
Мысалы:
Тобылғы қарағанның қызын алып,
¥ялғаннан қалыпты қызыл болып [109, 69-6.].
Тобылғы шегіршіннің қызы екен ғой,
Сондықган да бұралып түзге біткен [74, 329-6.].
Қазақгағы «Ормандағы оқиға» деп аталатын келесі мифте де  адам- 
гершілік  мәселесі сөз болады:
«Сылдырап  аққан  бүлақтың  екі  жағасында  екі  ағаш  өсіп  түрды. 
Бірі -  ақ қайың, екіншісі -  қарағаш.  Олар үнсіз сырласып, желді  күні 
бүтақтарын  иіп,  сыбырласатын достар  еді.  Түн.  Ақ  қайыңның түбіне 
томпаң қағып тобылғы келді.
-  Жай жүрмісің? Мезгілсіз келдің ғой, -  деді қайың.
-  Дабырламаңыз, сізге бір шындық айтқалы келдім, -  деп тобылғы 
томпаң қағып, қайыңның тамыр тартар түбіріне сыбырлады. -  Сіз көр- 
шіңіздің сырын білмейсіз. Оның түсі кандай қара болса  іші де, ниеті де 
сондай.  Сондықтан да ол қарағаш атанған. Сіз қалғып кеткенде, мына 
бүлақтың  суын  өз  тамырына  тартады,  арнамен  келген  асыл  нэрді  де 
обырдай обады. Көрмейсіз бе, сіз -  жіңішке, ол -  жуан! Сіз -  аласасыз, 
ол -  биік!
Осыны айтты да тобылғы тайып түрды.  Қайың бүтақтарын сілкіп- 
сілкіп тастап, ашуға мінді. Көршісімен шайқасуға таңды күтті. Тобылғы 
тәй-тәй басып, қарағашқа жетгі.
-   ¥йқымды  бүздың  ғой,  жай  жүрмісің?  -   деп,  қарағаш  есінеп 
қойды.
-   Неге  жай  болсын?!  Сізге  көзіммен  көріп,  қүлағыммен  естігенді 
айтуға келдім.
-  Айт, -  деді ол.
-  Жуырда сіз мүлгіп түр екенсіз. Аққайың шидей шыбық балаларын
33

жиып  алып:  «Қап-қара  қарағаштың  шыбықтарына  дос  болмаңдар.
Мінездері  дойыр,  түрлері  сиықсыз.  Ішсе  -   ішкенге,  жесе  — жегенге
тоймайтын  қанағатсыздар.  Аулақ  жүріндер  олардан,  сүйріктей  сүлу 
ақ  бөпелерім.  Бүкіл  орманға  күлкі  боласыңдар»,  -   деп  ақьш  айтты. 
Мен  осыны  тыңдап  түрып,  көршіңіздің  сырты  ақ,  іші  қара  екен  деп 
түйдім.  Тымпың  қағып  тобылгы  кетгі.  Қарағаш  іштен  кіжініп,  ашуға 
мінді. Кектенді, таңды күтті. Кокжиектен арқан бойы күн де көтерілді. 
Көршілер  бір-біріне  оқгы  көзбен  қарасты.  Әдеттегі  сыпайыгершілік
былай қалды. Амандық-есендік сұраспады.
-  Өңің бұзылып, сұрланып кетіпсің ғой, түсіңнен шошып ұйықгадың
ба? -  деп тиісті қарағаш. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет