Қазақстан тарихшыларының Ұлттық конгресі қазақстан тарихы: инновациялық ТҰжырымдамалар мен дәуірлеу



Pdf көрінісі
бет12/39
Дата03.03.2017
өлшемі3,02 Mb.
#6455
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39

Әдебиеттер
1. Ұлы отырар кітапханасын қалпына келтірейік! Қазақстан жұртшылығына үндеу //«Егеменді Қазақстан». 
- 2001 жыл. - 4 желтоқсан. 
2. «Отырар кiтапханасы» ғылыми орталығындағы академик Әлкей Марғұланның қоры.
3. «Отырар кiтапханасы» ғылыми орталығындағы жазушы Cапарғали Бегалиннің қоры.
4. «Отырар кiтапханасы» ғылыми орталығындағы академик Мұхаметжан Қожасбайұлы Қаратаевтың қоры
5.  Отырар  кiтапханасы»  ғылыми  орталығындағы  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор  Қайым 
Мұхамедхановтың қоры.
6. Отырар кiтапханасы» ғылыми орталығындағы тарих ғылымдарының докторы, профессор Кемел Ақышевтің 
мұражай-кабинеті.
7. «Отырар кiтапханасы» ғылыми орталығындағы филология  ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын 
Құдакелдіұлы Жұртбайдың жеке кітапхана қоры.
МҰХАМЕДХАНҰЛЫ Н.
т.ғ.д., проф.,
 әл-Фараби  ат. ҚазҰУ
ШЕТ ЕЛДЕРДЕ ҚАЗАҚ ҚАУЫМДАСТЫ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ  
ТАРИХИ СЕБЕПТЕРІНЕ ТАЛДАУ
Қазіргі таңдашетелде қазақ қауымдастығының сақталып отыруы - әлемдік саяси тарихи процесстер 
салдарының көрінісі. Дегенмен ол бір мезетте бола қалған кездейсоқ құбылыс емес, керісінше ХҮІІІ 
ғасырдан ХХ ғасырдың басына дейінгі мезгілде қазақ және әлем тарихында орын алған аса зор саяси 
өзгерістердің салдарынан пайда болған күрделі қоғамдық құбылыс.  Бұл қоғамдық құбылыстың қайдан 
пайда болғанын анықтау үшін алдымен оның тарихи себептерін қарастыруға тура келеді.
ХҮІІІ  ғасырда  қазақ  халқы  өзінің  ертеден  қалыптастырған  кең-байтақ  этнотерриториясында,  өз 
мемлекетінің - Қазақ хандығының басқаруында біртұтас ел ретінде өзінің дәстүрлі тіршілік формасын-
да өмір сүретін. Ол кезде қазақ халқы Жүздік әкімшілік аумақтар бойынша орналасқан және бір-бірі-
мен байланысты біртұтас ел болатын. Ендеше қазақ халқының жүздер бойынша географиялық орна-
ласуларын еске түсіріп көрейік.
Ұлы жүз қазақтарының қысқы жайылымдары – Оңтүстік Балқаш өңірі, Мойынқұм, Іле, Шу және 
Талас өзендерінің аңғарлары; ал жазғы жайлаулары – Тянь-шань мен Қаратау жотасының солтүстік 
сілемдері. Аймақтың оңтүстігіндегі Ұлы жүздің көшіп-қонатын өңірі - Ташкент қаласы мен оған жап-
сарласып жатқан қалалар және отырықшылық – егіншілік қыстақтар, Ферғана алқабының солтүстік-
батыс бөліктері, Шыршық және Арыс өзенрдерінің аңғарларына дейін созылып жатты және Сырдария 
маңында Бұқара хандығымен шектесті, Жетсу жеріндегі солтүстік шегі Орта жүз қазақтары қоныстанған 
ауданмен тікелей ұласты. 
Орта  жүз  қазақтары  –  Солтүстік-шығыс,  Орталық,  ішінара  Оңтүстік-шығыс  Қазақстанның  кең-
байтақ  кеңістігін  алып  жатты,  оңтүстігі  Сарысу  өзені  және  Шу  өзеннің  төменгі  ағысын  бойлай 
Сырдарияның төменгі ағысына қарай көлбейді, Арал теңізі – Ырғыз, Торғай шебі арқылы солтүстікке 
қарай созылып, Кіші жүздің шығыс қонысымен ұштасты; одан әрі Тобыл өзеннен Торғайдың жоғарғы 
жағасымен Сібірдегі башқұрттардың қоныстарымен шектесті; Солтүстігінде Нұра мен Есілдің жоғары 
ағысына қарай созылып, Ертіс бағытымен шығысқа созылып жоңғарлардың жайылымдарына барып 
тіреліп жатты.

74
Кіші жүздің жері – қазіргі батыс Қазақстан аумағын алып жатты. Шығысы Орта жүздің қоныстарына 
ұласты, оңтүстігі Қарақұм құмдарына қарай және Сырдарияның төменгі ағысына дейін қарақалпақтар- 
дың қоныстарына, Түркістан аймағына жетіп, ондағы Ұлы жүз бен Орта жүз тайпаларының жайылым-
дарымен тұтасты. Оның жазғы жайлаулары -Үстіріт жазығы, Ор, Жайық, Елек, Жем, Темір өзендерінің 
салалары бойында, Мұғалжар тауы аймағы болды; ал қыстаулары – Ырғыз өзендері, Сырдарияның 
төменгі ағысы, Арал теңізінен оңтүстікке қарай созылды, Маңғыстау түбегі, Атрау алқабы мен Нарын 
құмдарында болды[1, 96-97-б.].
ХҮІІІ ғасырдың басындағы қазақ ханқының жалпы саны 2-3 миллиондай адам болған деген зерт-
теулер бар[2, 21-б.]. Ол тұста қазақ халқын Тауке хан біртұтас билеп тұрған еді. Тәуке хан өзі түзген 
«Жеті  жарғы»  арқылы  ел  іші  берке-бірлігін  нығайтып,  қоғамдық  қатынастарды  реттеп,  мемлекет 
қуатын  артырып,  сырттан  келетін  шабуылдарды  тойтарып,  «Қой  үстіне  бозторғай  жұмыртқалаған» 
бейбіт заман орнатқандай болған еді. Бірақ мұндай бейбіт заман көпке сөзылмады, 1718 жылы Тауке 
хан өмірден өтісімен-ақ қазақ қоғамында бүркемеленіп жатқан қайшылықтар жарыққа шыға бастады. 
Сұлтандардың билік  үшін күресі үдей түсті. Олардың күресі Орталық – мемлекет билігін нығайту үшін 
емес, өздерінің ықпалындағы ру-тайпалардың шағын бірлестіктер немесе одақтастықтар сипатындағы 
аумақтық әкімдіктер құруға көбірек бой ұрды. Тәуке хан тағына «Болат отырды дегенмен де, нақты 
өмірде  биллікке  Қайып  хан  ие  болған»[3,  282  -б]  екен.  Міне,  бұдан  қазақ  қоғамында  тақ  күресінің 
қаншалықты шиленісті болғанын көруге болады. Бұл ғана емес, ішкі берекесіздіктен әр жүздің ру-
тайпалары алды-алдына хан көтерген қалың билеушілер бір мезетте саяси саханаға келді. Мысалы, 
Түрсын хан, Әбілхайыр хан, Рустем хан, Абдолла хан және оның ұлы Жолбарыс хан, Болат хан, Сәмеке 
хан, Әбілмәмбет ханнан Абылай ханға барғанда ғана елдің біртұтастығы қайта қалпына келе бастады.
ХҮІІІ ғасырдың алғашқы жартысында Қазақ хандығы ішкі алауыздықтан әлсіреуге, бөлшектеніп 
майдалануға бет алған кезде, онымен тарихы тамырлас өзбек хандықтары (Бұқара, Хиуа және Қоқанд) 
да «өзара кикілжіңдері мен бүліктері аса ұшығып тұрған, өте ауыр күйзелісті бастан кешіріп жатқан бо-
латын»[4, 74 -б.]. Солайда олар қазақтарға қысым көрсетіп ығыстырып отырды. Еділ жақтан қалмақтар 
шабуыл жасады, Жайықтың арғы бетіндегі башқұрттар да қазақ жеріне баса-көктеп келіп барымталап 
жатты, Солтүстік Сібірдегі казактар сұғанақтық жасап елдің шырқын бұзып, мазасын кетіре бастады.
Ал қазақтардың шығысындағы Жоңғар хандығының жағдайы Қазақ хандығынан өзгеше бағытта 
дами бастады. Олар 1640 жылы қабылдаған «Халқа ойраттар Заңы» арқылы өздерінің ішкі береке-бір-
лігін нығайтып, шаруашылығын дамытып, әскери қару-жарағын жаңартып, елдің жалпы күш-қуатын 
мығымдай бастаған-ды. Содан бері жоңғарлар қазақ даласын және сауда қалаларын ауық-ауық ша-
уып кетіп отырды. Әрине, оған жауап ретінде қазақтар да оларға соққы беріп тұрды. Жоңғар ханық 
тағына Цэван-Рабтанның (1697-1727 ж. билік басында болған) келуімен олардың сыртқы шабуылының 
мақсаты өзгерді. Ол өзінің қазақтардан кек қайтару үшін қырғындау жорықтарын ұйымдастырды. Ол 
өзінің  бұл  мақсатын  Цин  (Чиң)  империясына  ашық  атқан  болатын[5,  54-б.].  Бірақ  оның  1710  және 
1718 жылдары қазақ еліне жасаған шабуылдары оның ойлаған мақсатына жетпеді. Сонан соң ол көп 
дайындалып, қалың қол топтап 1723 жылы ерте көктемде қазақтарға кенеттен сұрапыл шабуыл жа-
сады. Жоңғарлардың осы шабуылы қазақ халқын өте ауыр күйзеліске ұшыратты. Ол оқиға «Ақтабан 
шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен ұлттық трагедия ретінде ел жадында мәнгілікке сақталып 
қалды. Осы шабуылының нәтижесінде «ойраттар Ташент,Түркістан, Сайрам қалаларын басып алды, 
ауылдарды және бірқаншалаған Орта жүз бен Ұлы жүз руларын қырғындады. Ендігі жерде  тұқымымен 
құрып  кепеу  үшін  қазақтар  көше  бастады,  өздеріне  жақынырақ  маңдағы  басқа  Орталық  Азиядағы 
халықтар арасына бытырап кеттіп, Ортазиялық хандықтары жерлеріне барып қоныстанды»[6, 94-б.]. 
Міне, осылайша қазақта ел бытырап, мал жамырап кеткен тарихта болмаған ауыр жағдай орын алып, 
бір мезет ел есенгіреп қалған-тұғын. Бірақ ел билеушілері естерін тез жинады. Олар жаудан ырықсыз 
ықтай  беруден  гөрі  белсенді  түрде  қайтарма  шабуылға  өту  –  ең  жақсы  қорғану  деп  білді  де,  бүкіл 
халықты береке-бірлікке шақырып, жұдырықтай жұмылып жоңғар басқыншыларына қайтарма соққы 
беруге бел байлады. Сонымен 1726 жылы үш жүздің игі жақсылары Ордабасында бас қосып, зор кеңес 
мәжілісін өткізді. Ол мәжілісті «Болат хан ашқан. Бірақ кездесу барысындағы сөз де, билік те, байлам 
да  қазақтың  үш  жүзінен  келген  билерде  болған»[7,  35-б.]  дейді  профессор  Сәбит  Жолдасов.  Айтса 
айтқандай, Қаз дауысты Қазыбек бидің ұсынысымен Кіші жүздің ханы Әбілқайыр үш жүздің қарулы 
күштерінің бас сардары – қолбасшысы болып сайланды. Сонымен Әбілқайырдың қолбасшылығымен 
қазақ жасақтары 1726 жылдың соғы мен 1727 жылдың басында жоғарларға қайтарма шабуыл жасап, 
жеңіске жетеді. Жеңіле бастаған жауды жермен жексен етіп талқандау үшін қазақ жасақтары 1728 жылы 
Арқада, Сарысудың батысындағы Бұланты бойында соғыс жүргізіп, жауды ауыр шығынға ұшыратты, 
1729 (1730 ж.) жылы Балқашкөлінің оңтүстігіндегі Итішпес көлінің маңында жоңғарларға қарсы ұрыс 

75
ашып, толық жеңіске жетті. Бұл жеңістер қазақ жасақтарының жауынгерлік күш-жігерін арындатып, 
елдің еңсесін көтере түскен кезде, қазақтың ұлы ханы Болат хан қайтыс болды. Сонымен ұлы хандық 
таққа Әбілқайыр мен Сәмеке таласып, жаңадан ел болып топтасқан халықтың бірлігіне нұқсан кел-
тірді. Соған байланысты билер бас хандықты ол екеуіне де бермей, хандық мәртебені Әбілмәмбетке 
ұйғарды. Сонымен билікке өкпелеген ол екеуі де өз жасақтарын ертіп соғыс шебінен шегініп кетті.
Әбілқайыр  ендігі  жерде  сыртқы  күштердің  қолдауы  арқылы  бас  хандық  билікке  қол  жеткізу 
үшін Ресей империясына байланысқа шықты. Қазақстан, Орталық Азия арқылы Үнді теңізіне шығу 
орыстардың ойындағы, жоспарындағы стратегия болатын. Енді міне, сол мақсатын жүзеге асырудың 
орайын қазақтардың өздері әзірлеп берді. Әрине бұл Ресей импреиясы үшін  Көктен сұрағанын жерден 
тапқандай  іс  болды.  Сонымен  Ресей  империясы  Қазақ  даласын  отарлауды  Әбілқайыр  арқылы  Кіші 
жүзеден  бастауды  жоспарлап,  1731  жылы  алғашқы  ресми  елшісін  жіберді.  «Әбілқайыр  1731  жылы 
Тевкелев елші болып келгенде кездесуге түнде шақырған. Ру басылары біліп қоймасын деп елшіге қазақи 
жұпыны киім кигіздірген»[8, 82-б.] екен. Осының өзінен-ақ Кіші жүз элитасының Ресей империясының 
уысына түсуге қарсы екендігін білдіреді. Бірақ орыс отаршылдары бәрібір орайды қолдан жібермей 
Кіші жүз жеріне ене бастады, бірақ олар алғашқы кезде экспанциясын дипломатиялық тәсілдер арқылы 
жүргізді. Сонымен ХҮІІІ ғасырдың 30- жылдары қазақ қоғамының саяси өміріне Ресейдің отарлық 
саясты кимелеп кірді.
Ол тұста қазақтың Орта жүі мен Ұлы жүзінде де қайтадан берекесіздік етек алып, қазақ жасақтарының 
жауынгерлік  қуаты  әлсіреген  еді.  Осы  жағдайды  жақсы  біліп  отырған  жоңғарлар  қазақтарды  келе-
междеп, намысын тапта, елін жасыту үшін ашық жекпе-жектерге қазақ жігіттерін шақыратын болған. 
Сондай жекпе-жектердің бірінде, 1731 жылы Әбілмансүр жоңғар батыры Шарышты мерт қылып, елінің 
намысын тіктеп, Аылайлап жауға шауып, көптік көзіне түсеіп танылды. Сондан бастап Әбілмансұр 
«Абылай» деген атпен қазақтың саяси саханасына көтерілді. Жас та жігерлі Абылай алғашқы кезде  
Орта жүздің сұлтаны және әскери қолбасы ретінде, қазақ халқының жоңғар шапқыншыларына қарсы 
күресіне жетекшілік етіп, ат үстінен түспей алдыңғы шептегі шайқастарға қолбасшылық жасады және 
жеңістен жеңіске жетіп, атақ даңқы алысқа тарап, саяси беделі өсті. Соған байланысты Ресей импери-
ясы да оған назар аудара бастады. Мысалы, 1740 жылы 19 тамыз – 1 қыркүйекте Кіші жүз бен Орта 
жүз қазақтарының Орынбор қаласына келген өкілдерімен В.Урусов жүргізген хаттамасында: «Кешке 
қарай генерал В.Урусов Әбілмәмбет пен Абылай сұлтанға тілмаш Мақсұтов арқылы бір үлкен шатыр 
жіберді»[9, 81-б.] –деген дерек, Абылайдың қазақ саяси элитасындағы аса салмақты тұлға болғанын 
көрсетсе керек.
Ал жоңғарлардың алдында Абылай асу бермейтін алып тұлға еді. Сонықтан олар 1741 жылы ебін 
тауып  Абылайды  тұтқындап,  бір  жылдан  артық  қамауда  ұстап  тұрып,  оны  қалыптасқан  жағдайды 
(жоңғарлардың  үстемдігін)  мойындауға  көндірмек  болған  еді.  Алайда  Абылай  жоңғарлардың 
қазақтарға өктемдік көрсетіп, атажүртын алып жатуын мұлде қабылдай алмайтыны ақиқат еді. 1742 
жылы Абылай жоңғарлардан елге оралғанда, Әбілмәмбет салтанатты түрде өзінің хандық билігін оған 
сеніп тапсырады»[10,95-б]. Сонымен Абылай хан қазақ халқын жоңғар басқыншыларынан азат ету, 
этнотерриториясын қалыпына келтіру және елді біртұтастандып, мемлекеттілікті нығайту жолындағы 
машақатты күресін бастап кетті және одан зор нәтижеге қол жеткізді. Сөтіп қазақ елі күшеюге бет 
алды.  Ал  жоңғарлар  болса,  1745  жылы  Қалдан  Сереннің  қайтыс  болуына  байланысты  хандыққа 
таласқан күреске түсті, оның арты қырғын соғысқа апарып соғып, іштей бөлшектеніп, Жоңғар хандығы 
құлдырауға бет алды. Демек, Қазақ хандығының күшеюімен бараллель Жоңғар хандығының әлсіреу 
процессі  басталып  кетті.  Сонымен  жоғарлардың  қазақтарға  өктемдігі  аяқтады,  Абылай  хан  билікке 
таласқан жоңғар нояндарының кезек-кезегімен келіп көмек сұрайтын адамына айналды. Абылай хан 
бұл жағдайды өзіне өте ұтымды пайдаланып, қарама-қарсы топтардың әлсіздерін әдейі қолдау арқылы 
күштілерін әлсірету немесе өзін-өзімен күйрету тәсілін қолданып, өз күшін барынша нығайтты. Бұл 
туралы жазылған Ресей деректерін келтірейік. 1753 жылы желтоқсан айында Ресей барлаушыларының 
алған  ақпарында:  «Бұл  қырғыздар  (қазақтар  –Н.М.)  Давациға  (қазақша  да  Дауаш  –Н.М.)  көмек 
көрсеткен,  олардың  көмегі  арқылы  ол  көптеген  қалмақтардың  ұлыстарын  талқандап,  тұтқындар 
алып келген. ... Абылай сұлтан өз ұлысын бастап барып, оларға осындай көмек көрсеткен» [11, 438-
б.]; 1754 жылы 4 қаңтардағы Вилепкиннің мәліметінде: «1753 жылдың қаңтар айында қырғыздардың 
(қазақтардың)  ұлыстарынан  5  мың  әскер  шығарып  Давациге  көмектесіп,  Дорботты  жойған.  Себебі, 
Дорбот Давациға бағынғысы келмей, Намукужирарды хан сайламақ болған. ... Уранхайлықтар Даваци 
жағында болған. Көмекке барған қырғыз (қазақ) әскерлері қалмақтардың екі өңірін тас-талқан еткен»; 
«Содан олжалаған қыздарды қырғыздарға (қазақтарға) берді. Күйретілген екі ұлыстың малдарының 
азырағын қырғыздарға (қазақтарға) берді, тек олардың азығына ғана жететіндей бөлігін, қалғандарын 

76
Даваци бір өзі иемденді»; 1753 жылы 31 желтоқсан күні Вейлепкин «бір мың адамнан ұйымдасқан 
Әмірсанаға  көмектеспекші  екен»  [12-438-б.]  деп  мәлімдеген.  Абылайдың  әскери  күші  әлсіздеу 
Әмірсананы қолдауының себебі – ол Абылайға «не сұраса соны беретін болған» [13-400-б.] екен. 1754 
жылғы Қытай Цин империясының орда хаттамасында да: «Абылай Батымашылин, Есендермен бірге, 
ойрат, қалмақ әскерлерінен он мың қолды бастап, Бұратала қатарлы жерлердегі жоңғар малшыларын 
талан-таражылап, қолға түсірген малшыларды алып қайтты» [14-29-б.]  деген мәлімет жазылған. Осы 
оқиғаны анықтаған қытай шонжарларының патша ордасына жолдаған мәліметінде: «1755 жылы ақаның 
6 күні Бан Ди Іледегі Махмұт деген адамнан сұрағанда, ол: қазақ әскерелрі Ілеге келіп ұйғырлардың 
астығын талан-таражылап кетті. Олар қазір Сағансу белінде жатыр – дейді. Жағдайға қарағанда, қазақ 
әскерлері  Ілеге  жақын  жерде  тұр  екен»  [15,  15-16-б.]    -  деп  жазылған.  Міне,  бұл  деректер  Абылай 
ханның жоңғарларға қолданған әлсірету саясатының нақтылы тәжірибесін көрсетеді.
Әмірсана Абылай хан арқылы өз мақсатын іске асыра алмайтынын сезген соң, ол Цин империясының 
қолдауы  арқылы  Жоңғар  ханы  болуды  көздеп,  өзің  20  мың  жасағын  ертіп,  Цин  патшалығына 
көмек  сұрап  барады.  Онысыз  да  жоңғарларға  жорық  жасауға  дайындалып  жатқан  Цин  патшалығы 
Әмірсананы құшақ жая қарсы алады. Оған тілегің орындалады деп алдауратып, «шекараны тыныш-
тандыру сол қанат генералы» деген шен беріп, жоңғарларды алдын ала барлау жасауға аттандырып 
жеберді. Әмірсананың 1755 жылы ақпанның 1 күні барлаудан жіберне мәлімдеінде: «Ақжолдың ай-
туынша, Батымашылин (Батыма-Церен деп те жазылады –Н.М.) мен Абылай Дауашқа жорық жасап, 
Бұраталаның сырт жағындағы елді талан-таражылап кетіпті»-делінген. Осы ақпарға талдау жасаған 
патша ордасы әскери басқармасы: «Дауаштың күші әлсіреп, жоңғарлар күйрейін деген екен. Егер біз 
[жоңғарларға]  жедел әскер аттандырмасақ, қазақтардың көлденең олжаға ие болып кетуі сөзсіз» [16,7-
8 б.]  генен көзқарасын патша Цияньлунға (Чиянлүңға) ұсынады. 
Міне, осындай тексеріп-зерттеулердің негізінде Цин империясы ордасы Жоңғар хандығын әскери 
күшпен жоюға шешім қабылдады. 1755 жылдың ақпан айында Цин империясы Жоңғарияға екі бағытпен 
екі жүз мың қалың қолын аттандырды. Олар Баркөл және Улиастай бағытымен шеру тартып, қарсы кел-
гендерді апырып-жапырып, сәуір айында Бұраталаға жетіп тоғысты. Одан соң екі бағыттағы әскерлер 
бірігіп, Дауаш тұрған Іленнің Моңғолкүре ауданына (Өртекеске) қаптап барып, Дауашты тірідей қолға 
түсіріп, Жоңғар хандығын түбегейлі жойды. Сонымен Цин патшалығы жоңғарлардың жері мен аман 
қалған халқына төрт ноян тағайындап, оларды өзі тікелей басқаруға алғандығын мәлімдеді. Цин импе-
риясына сүйеніп хан болуды армандап алдына барған Әмірсанаға тек бір тайпа елдің нояндық билігін 
ғана берілді. Бұған нарасы болған Әмірсана 1755 жылдың күзінде Цин әскерлері кері қайта бастағанда, 
оларға қарсы қарулы көтеріліс жасады. Бірақ ол соғыста жеңіліп, қазақ даласына қашып барып Абылай 
ханды паналады. Жыл өткен соң ол әскерін қайта жинап және де Цин әскерелеріне қарсы соғыс ашты. 
Бірақ ол бұл жолы тағы да жеңіліп, Орта жүз жеріне қашып келіп ізін жасырды. Бұл рет Цин империя-
сы Әмірсананы өкшелей қуып ұстауға бел байлады.
Цин патшалығы Жоңғарларға жорық жасау қарсаңында қазақтарға елші жіберіп байланыс жасаған 
болып, олардың райын – ракциясын барлап баққан болатын. Енді Әмірсана мәселесі бойынша Абылай 
ханға  арнайы  хат  жолдап,  елші  жіберіп,  Әмірсананы  тұтқындап  беруді  сұрады.  Бірақ  Абылай  хан 
оған орай ешқандай әрекет жасамады. Сонымен Цин империясы Әмірсананы тұтқындап келу үшін 
үш бағытпен үш түмендей әскерін қазақ жеріне аттандырады, бірақ қолбастаған сардарларына: «Біз 
тек сұмырай Әмірсананы ғана тұтқындауға кетіп барамыз, сендерге мүлде шабуыл жасамаймыз, сен-
дер жайбарақат отыра беріңдер – деп айтыңдар. Егер оларда қарсылық болмаса, біздің әскерлердің 
бүлік шығаруына қатаң тиім салыңдар»[17, 22-23-б.]-деген тапсырма береді. Алайда Абылай хан қазақ 
жеріне баса-кектеп келген Цин қалың қолына қарсылық көрсетіп үш жерден тойтарыс шабуыл жасай-
ды. Бірақ ол мәселені соғыспен емес, дипломатиялық тәсілмен шешуді жөн көріп, Цин әскерлерінің 
қолбасына  елші  жіберіп,  ат  тарту  етіп,  бейбіт  мәмілеге  келіп,  өзара  сауда  жасауға  уғыдаласады. 
Осылайша Қазақ ханды мен Қытай – Цин патшалығы арасында тікелей байланыс орнайды. Содан бас-
тап қазақтың қоғамдық саяси өміріне қытай факторы де келіп қосылды. Сонымен қазақ қоғамында 
Батыс-солтүстігінен  патшалық  Ресей  сұғынып  керген,  Шығысынан  Цин  империясы  қысқан  жағдай 
қалыптасты.
Алайда  ХҮІІІ  ғасырдың  ортасындағы  Ресей  империясы  мен  Цин  империясының  сипатында 
айтарлықтай айырмашылықтар сақталған еді. Ол кезде патшалық Ресейде капитализмдік өндірістің 
дами бастауына байланысты, оларға шикізат көздері және одан өндірілген өнімдерді өткізетін рынок 
қажет еді. Сондықтан олардың экспанциялық бір бағыты - Қазақстан, Орталық Азия, одан әрі Үнді 
мұқиты болып анықталған. Бұл мақсатын іске асыру үшін орыс үкіметі әскерилегнен қоғамдық күшті, 
яғни баукеспе казактарды алдыға салып пайдалану саясатын қолданды. Қазақ мемлекет шекарасын 

77
зерттеген Нұрлан Сейдіннің «Қазақ елін отарлауда Ресей империясы казачествоны негізгі соққы бе-
ретін күш ретінде пайдаланды»[18, 10-б.] – деген тұжырымы негізсіз емес. Белгілі тарихшы ғалым 
Зардыхан Қинаятұлының зерттеуінше: «Орыстар 1690-1830 жылдар аралығында қазақ жеріне казак, 
орыс аралас 1 миллион 350 мың адам, 100 мың әскерилер әкелген. Және оларға 150 мың кережақтар мен 
баптистер келіп қосылған» [19, 5—б.]. Олар қазақ даласын қоршай әскери бекіністер салып қусырып 
отырды. Мысалы, «Есіл өзенімен қиылысатын тұста, Қызылжар деген жерге 1752 жылдан бастап бас 
бекініс сала бастады да, оған Петр мен Павл әулиелерінің атын қойды»[20, 342-б.]. «ХҮІІІ ғасырдың 
бірінші жартысында Жайық казачествосының шекара шебі Гурьв (қазіргі Атырау) қаласынан бастап 
Орал өзенінің бойындағы толып жатқан бекіністер арқылы өтіп, Алабота (Солтүстік Қазақстан облы-
сы) отряты орналасқан жерге дейін созылды. Алаботадан Шығысқа қарай Орынбор казачествосының 
шекара шебі, ал оның шығысына қарай шығыс бойлықтың 83-ші градусындағы «Сибирский» посел-
кесінен бастап Омбы казачествосының шекара шебі жалғасып жатты. Соңғысы Обыға жетіп, одан соң 
Ертіс өзеннің бойымен оңтүстік-шығысқа қарай күрт бұрылып, алты географиялық ендікті басып өтіп, 
Қытаймен шекаралас аймақта қазақтар көшіп-қонып жүретін Бұқтырма өзеніне дейін жетті. Осылайша 
Ресей  империясы  Қазақстанды  солтүстік-батысынан,  солтүстігінен  және  шығысынан  құрсаулы 
шеңберге алды»[21, 10-б.]. Міне, бұдан патшалық сол кезде Ресейден Қазақсанды отарлау қауіпінің 
төніеп келе жатқанын байқау қиын емес.
Ал шығыстағы Цин империясы ол кезде шарықтап даму үдерісінде болғанымен, олар әлі де нату-
ралды экономикадағы абсалюты феодалдық патшалық еді. Олар өздеріне қауіпті деп санаған Жоңғар 
хандығын қырып-жойды да, одан қалған ел мен жерді өзіне тәуелдеумен шектелді. Ендігі жерде сол 
тұста иелеген жерлерінің және оның шекарасының тыныштығын сақтауды бастды мақсат етіп қойған 
еді.  Сондықтан  Цин  империясының  императоры  Цяньлун  1757  жылы  31  қыркүекте  Абылай  ханға 
жолдаған грамотасында: «...Өзің хан екенсің патша хандығыңды бекітті. Бұл артық емес, егер өзің тіле-
ген мансап-шенің болса, хат жолда, патша оны да бекітіп береді. Патша сендердің жайлы қоныстанып, 
көңілді тіршілік етулеріңе тілектес. Сендер әлі де бұрынғы салттарыңда (қоғамдық салт, - жүйеде) бола 
беріңдер. Алым-салық беру-бермеу еркі өздеріңде. Егер елші жіберіп патшаға сәлем беретін болсаңдар, 
патша сендерге ерекше сый көрсетеді»[22, 22-б.] деген. Бірақ олар «жерімізге қазақтар кимелеп кіріп 
кетпейді  деуге  болмайды»  деп,  қазақстардан  қорғану  саясатын  қолданды.  Соған  орай  шығарған 
жарлығында  Цяньлун  патша:  «Іле  бұрыннан  жоңғар  бұратаналарының  кіндік  жері  болып  келген. 
Егер онда әскер ұстап, тың игермесек, жақын жерде тұрған қазақтар мен бұраттар (қырғыздар –Н.М.) 
орайдан пайдаланып онда келіп мал бағатын болады, онда біз оларды қуып әуіре боламыз»[23,17-18-
б.]  деген болатын. Сонымен Цин патшалығының шекара қорғаныс әскерлері өздерінің білгендерін-
ше Ертістен көлденеңдетіп Қытайдың батыс шекара шебін белгілеп, оған жағалатып қарауыл обалар 
тұрғызып, күзетке әскер қояды. Сондай-ақ шекара щонжарларына: «Егер Абылай ойраттар жеріне еніп 
келіп мал бағуды талап ететін болса, онда оған олардың шекарадан асып келулеріне болмайды деп 
айтыңдар» [24, 9-10-б.] деп ескертеді.
Бұл кезде Қазақ хандығы даму, өрлеуге бет алған болатын. Абылай ханның да өз алдына қойған 
саяси мақсаты болды. Ол екі империямен де қалыпты қатынасты сақтай отырып, қазақ халқының этно-
территориясын қалпына келтіріп, мемлекеттілікті нығайтуды көздеді. Сондықтан ол Цин империясы-
мен белсенді түрде дипломатиялық қатынасты дамытып, жоңғарлар шапқыншылығы кезінде қолдан 
кеткен атажұртқа елін қайта оралту саясатын жүргізді.
Абылай хан Цин империясына алғаш жіберген елшілігінен территориялық талабын қойған бола-
тын. Соған қайтарған жауабында Цин империясы: «... Ал сен (Абылайды меңзеп отыр – Н.М.) талап 
қойып отырған Тарбағатайға келсек, сен ол жерді бұрынғы біздің ата жұртымыз – мал бағатын жеріміз 
еді, ол жерді патша мейірімділікпен жарылқап бізге беруін өтінемін – деген екенсің. Ол өңір енді ғана 
тыныштандырылды. Қазір иен жатыр. Патша ол жерді сендерге қиып бере салушы еді, бірақ сендер 
бізге еңбек сіңірген жоқсыңдар. Сондықтан ол жерді сендерге жарылқап беріп жіберу – мемлекеттің 
жүйесіне қайшы келеді[25,9-010-б.]-деп жауап қайтарды. Алайда Абылай хан онымен тоқтамайды. Ол 
Цин империясына жіберген және бір елшісінен Іле аймағын талап етеді, әрине дипломатиялық сыпайы 
сөзбен.  Соған  орай  1760  жылы  8-маусымда  Цин  патшалығының  Абылай  ханға  жолдаған  хатында: 
«Сенің елшілерінің айтуынша, ойрат жері қазір иен жатыр екен... Сен және де патша жарылқағанның 
үстіне жарылқай түсіп, қазақтардың Ілеге барып мал бағуына рухсат берсе – депсің. Тарбағатай қатарлы 
жерлер ежелден жоңғарлардың жайылым жері, патша қалың қолмен ол жерді тыныштандырған. Сен 
қазақтар, бұраттар (қырғыздар – Н.М.) ташкентдіктер, әндіжандықтар, бадақшандықтар барлықтардың 
өз ықыластарыңмен ішке (бізге – демекші – Н.М.) қарадыңдар. Қазақстар сендердің жерлерің ұлан-
қайыр кең дала. ... Қазір Іле және басқа жерлерге ішкеріден әскерлер бірінен соң бірі келіп тың жер 

78
игеріп жатыр. Абылай хан сен бұрын Тарбағатай қатарлы жерлерді сұрап мал бақсақ – деп өтінген 
едің, патша оған да рухсан бермеген болатын. Бүгінгі талабың тіпті артық» [26, 9-10-б.]- деп, Цин им-
периясы қазақтардың ежелгі ата мекенін өзіне қайтарып беруден бастартады. Алайда Абылай ханның 
аумақтық  ұғымының  тарихи  негізі  бар.  Ш.  Уәлихановтың  «Бұл  өлкеде  (Іле)  үйсін,  ұйғыр,  жоңғар 
хандықтарының билігі бірін-бірі алмастырып отырған. Жоңғар хандығын 1755 жылы қытайлар жа-
уалап алған»[27, 92-б.]- деп жазуы – Іле аймағының ерте замандағы Үйсін елінің аумағы болғанын 
аңғартады. Содан бергі тарихи жадының ХҮІІІ ғасырға дейін жалғасуы заңдылық. Сондықтан Абылай 
хан Ұлы жүзбен Орта жүздің бірқатар руларының шығысқа қарай жылжып көшіп өздерінің байырғы 
атажұртына  қайта  қоныстандыру  саясатын  қолданды.  Абылай  хан  бұл  саясатын  іске  асыру  үшін 
(әрине қоғамдық қажеттіліктен де) Цин патшалығымен «малға мата айырбастау» формасындағы са-
уда-экономикалық байланысты өрістетті.
Абылай хан мен Цин империясы арасында сауда жасау туралы алғашқы келісім 1757 жылы жасалған. 
Сол  жылдың  15  желтоқсанда  Цин  империясы  Орда  күнделігінде  хатталған  мәліметте:  «Қазақтар 
мен Үрімжі де сауда жасауды Абылаймен келісілген, патша өз жарлығымен бекітті»[28, 10 б.]- деп 
жазылған. Сол келісімге сай Цин патшалығы үкіметі Үрімжі қаласынан арнаулы түрде қазақтармен 
«Жылқыға жібек айырбастайтын» бар ашты. 1758 жылдың күзінде Абылй ханның алғашқы сауда деле-
гациясын бастап барған Қабанбай батыр, сол жолы 300-ден аса жылқыны айырбастап қайтқаны туралы 
нақтылы құжат жазылған болатын[29, 54-б.].  Міне, бұл қазақ-қытай арасында сауда байланысының 
ресми басталуы еді. Содан бастап Үрімжіде қазақтар мен қытайлар арасында айырбас сауда мерізімді 
түрде жүріп тұрды. Кейін Цин империясының Шығыс-Түркістанды басқару орталығының Ілеге орна-
ласуына байланысты, Цин үкіметі Іле мен Тарбағатайдан тың жер игеруді бастады. Шекара маңынан 
тың жер игеруге және әскерлерге қажетті көліктерді қазақтардан шешу үшін, 1760 жылы Іледен, 1763 
жылы Тарбағатайдан қазақтармен ғана сауда жасайтын арнаулы базарлар ашып, екі ел арасындағы 
сауда-саттық көлемін үлғайта түсті. Сөйтіп шекара қарауылының арғы жағына барып-келіп сауда жа-
сайтын қазақтар көбейе түсті.
Екі  жақты  экономикалық  сауданың  айтарлықтай  дамуы  қазақ-қытай  арасындағы  саяси 
дипломатиялық байланыстың да өріс алуына мұрындық болды. Қазақ хандарының елшілік делегация-
лары шамамен әрбір екі жыл сайын Цин патшалығының ордасына барып, императорға тарту-таралғы 
ұсынып, оған орай мол кәде-сыйлықтар алып қайтып тұрды. Сонымен қатар Цин патшалығы қазақ 
өкілдерінің өтініші бойынша олардың хан көтерген адамдарын өзінің грамотасымен бекітіп отырды. 
Бірақ  Цин  империясы  қазақ  елінің  ішкі-сыртқы  істеріне  қол  сұғып,  билік  жүргізуге  ұмтылған  жоқ. 
Керісінше олар қазақтың хандық жүйесінің мығым болуын қолдады және сол арқылы қазақтарды өз 
шекарасының сыртындағы қамал-қорғаны ретінде пайдалануы көздеді.
Ал қазақ ханы Абылай  болса, Алтай мен Тарбағатай және Іле аймақтарын қазақтардың атажұрты, 
«жоңғарлар  жойылды,  енді  қазақтар  сондағы  көне  жұртына  қайтып  баруы  керек»  деген  танымда 
болды. Бірақ оны Цин патшалығынан сұрап ала алмайтын болған соң, ол елді біртіндеп шығыстағы 
атажұртына  қарай  жылжып  көшіп  отыру  әдісі  арқылы  мақсатты  іске  асыру  саясатын  қолданды. 
Сөйтіп, шығыстағы ескі жұртқа өрлей көшкен қазақ шаруалары, Цин патшалығының Ертістен Ілеге 
дейін көлденеңдетіп тартқан шекара обаларын қусыра қоныстанып мал бақты. Кейбір рулар ол шека-
ра обаларының арғы бетіне асып барып қыстап жүрді. Бірақ Цин патшалығы қазақтарды шекараның 
шығысна өткізбеу саясатын қолданып, қарауылдан ары асқан қазақтарды шекара қорғаныс әскерлері 
арқылы кері қуып қайтарып тұрды. Бірақ Цин патшалығы шығысқа беттеген қазақтардың барлығын 
түгелдей куғып отыруға шамалары келмеді. Сонымен олар ендігі жерде Абылай хан арқылы арғы бетке 
асқан қазақтарды кері қайтармақ болады. Цин патша ордасының шекара қорғаныс шонжары А-Гуйге 
түсірген жарлығында: «Дереу әскер жіберіп Тарбағатайдан кірген қазақ малшыларды қуғындап шека-
радан шығарып жібер. Абылайға адамдарын кері қайтарып әкетуді айт!»[30, 18-б.] -  деп бұйырады. 
Абылай хан ол кезде шығысқа беттеген халқын кері қайтару емес, керісінше олдың ежелгі атамекеніне 
қарай бет алған көшін қолдап отырды.
Цин патшалығының алғашқы кезде өздері орнатқан шекара қарауыл обаларының орны тұрақсыз, 
әрдайым қозғалыста болды. Оны өздері «Yi dong ka lun» («жылымалы қарауыл») - деп атаған. Өйткені, 
Цин  патшалығының  шекара  әскерлері  қарауыл  обаларын  жазда  сыртқа  қарай  жылжытып  апарып 
қояды да, қыста оны ішкі жағына қарай  ондаған шақырым жерлерге тартып орнатып кояды. Себебі 
шекара белгісіз болғандықтан қарауылын күзетін әскерлер өздеріне қолайлы болу үшін солай істей-
тін. Сол шекара қарауыл обаларының төңірегінде мал бағып жүрген қазақтар қарауыл белгісіне ілесе 
шығысқа қарай жылжып көшіп отырады. Қар қалың жауған кейбір қатты қыстарда қазақ шаруалары 
Цин патшалығының шекара қарауылдарының тұс-тұсынан ары өтіп барып қыстап, жазда бері қайтып 

79
келеді. Кейбір рулар тіпті жазда да сонда жайлап қалып қойып отырады. Олардың бәрін кері қайтарып 
отыруға Цин патшалығының шекара қорғаныс әскерлерінің күші жетпейді. Бара-бара Цин патшалығы 
шекара өңірінде қалыптасқан осы жағдайды мойындауға мәжбүр болады да, өз карамағындағы ше-
кара маңындағы жерлерге келіп мал баққан қазақтардан тиісті жер төлемін (салығын) алып, олардың 
сонда малдарын бағып тұра берулеріне жол қояды. Сонымен Цин патшалығы ордасының қазақтарға 
жолдаған хатында: «малдарың жұтап, жайлы қыстау іздеп, біздің қарауылдан өтіп келіп мал бақпақ бол-
сандар, сендер әуелі біздің жергілікті әмбілерге (уәзірлерге) хабарлап, оларға жер салығын төлеулерің 
керек»[31, 20-б.]-дейді. Бұған қазақтар келіседі де, жер төлемі үшін әрбір жүз бас малға бір бас мал-
ды (жылқыны) Цин патшалығының жергілікті әкімдеріне тапсырып тұруа береді. Осыған орай Цин 
патшалығының қазақтарға жолдаған жарлығында: «сендер бірнеше ондаған жылдардан бері ептеп іш-
керілеп жылжып еніп келесіңдер. Біздің генерал уәзірлердің айтуы бойынша әсілі сендерді жазаға тарту 
керек еді. Бірақ патша сендерге кеңшілік жасады, сендердің шекара қарауылымыздың бер жағындағы 
иен жатқан жерлерге келіп мал бағуларыңа рұқсат берген Жарлығын жариялады. Бұның бәрі сендердің 
бізбен елдескендіктерің үшін патшаның сендерге жасаған шапағаты. Өздерің өсіп-өркендеумен қатар, 
көршілес  елдеріңмен  де  тату  тұрып,  патшаның  мейір-шапағатына  мәңгі  бөлене  беріңдер»[32,  8-б.]-
делінген.  Демек,  бұл  деректен  қазақтардың  шығысқа  жылжып  көшіп  ежелге  атамекеніне  оралуы, 
іс  жүзінде  Цин  патшалығының  оларды  мойындауы  еді.  Бұл  іс  жүзінде  Цин  патшалығының  тарихи 
шындықты мойындағандығы болып табылады. Солайда Цин патшалығы шығысқа беттеген қазақтарды 
шектеу және оларды тым ары жібермеу саясатын қолданып отырды.            
  Патшалық Ресейдің Қазақстанды отарлау әрекеті күшейген кезде, яғни ХІХ ғасырдың орта шенін-
де  орыстың  отарына  айналудан  ат-тонын  ала  қашқан  қазақ  шаруалары  шығысқа  қарай  көшіп,  Цин 
патшалығының қарамағындағы жерлерге барып жатты. Олар Қытайдың қорғаныс әскерлерінің жол-
кесуіне де бой бермей, шекара қарауыл обаларының тұс-тұсынан ары асып кете берді. Сондай-ақ олар  
өздерін кері қайтармақ болған Цин патшалығы әскерлеріне қарумен қарсылық көрсетті. Тіпті, қан төгіп 
құрбандық берсе де, барған жерлерінен кері қайтпады. Сөйтіп, ХҮІІІ ғасырдың орта шенінде Тянь-
Шань тауының батыс солтүстігіндегі атамекеніне қарай жылжып көше бастаған қазақтар, ХІХ ғасырдың 
орта шенінде Цин патшалығының қарамағындағы Іле, Тарбағатай және Алтай аймақтарының бірқатар 
аудандарына барып қоныс тепті. Шоқан Уәлиханов бұл туралы былай деп жазды: «Абылай ханның 
қармағындағы, Талас жағасы мен Ташкентке дейін көшіп-қонып жүрген Ұлы жүз шығысқа қарай жы-
лжып, қытайларды Кіші Алатаудан асыра қуып, өздерінің байырғы мекендеріне оралды.  Сонымен, 
қазақтардың айтуынша Ұлы жүз осы өңірді қалмақтардан қайтарып алған, сондықтанда қытайлардың 
бұл жерлерге көзалартуы дұрыс емес» [33, 92-93-б.].   
Патшалық Ресей отаршылдары ХІХ ғасырдың 60-жылдарында Қазақстанды толық жаулап алып, 
өзінің  отарлаған территориясының шығыс жақ іргесін Цин патшалығының қарамағындағы жерлерге 
апарып тіреді. Сонымен патшалық Ресей мен Қытайдың Цин патшалығы арасында мемлекеттік шекара 
мәселесі туындап, екі империяның қазақ даласына таласуы басталды. 
Патшалық Ресей мен Қытай арасында мемлекеттік шекара мәселесі ХІХ ғасырдың орта шенінде 
көтерілген. Алғаш рет шекара мәселесі жөнінде 1856 жылы 1 маусымда қол қойылған «Қытай-Ресей 
Тяньцзин келісімінің» 9-бабында: «Ресей мен Қытай арасындағы шекараның белгіленбеген бөліктері 
осы екі үкіметтің сенімді өкілдері арқылы сол жерде анықталған соң, олардың шекара сызығы туралы 
шарттары  осы  келісімге  қосымша  бап  болып  қосылады.  Шекара  белгіленгеннен  кейін,  оның  толық 
суреттемесі  мен  картасы  жасалынып,  болашақта  екі  мемлекет  үшін  шекара  туралы  талассыз  құжат 
болып табылады»; «Қытай мен Ресей бұрыннан бері шекара белгіленбеген жерлерді , екі мемлекет 
өздерінің сенімді адамдарын жіберіп әділдікпен тексеріп айырып шығатын болады» - деген ерекше 
белгілеме  жасаған.  Ресей  мен  Қытай  арасында  жасалынған  бұл  келісімшартқа  ресейлік  комиссар 
Путятин мен Қытайдың өкілі Хуа Шан қол қойған [34,382- б.]. Осы құжатта мемлекеттік шекараның 
маңызды мәселелері де анық көрсетілген. Атап айтқанда, «Шекара сызығының белгіленуі бойынша 
болашақта екі мемлекетке шекара мәселелері жайында  даусыз құжаттармен қамтамасыз ететін кар-
талар мен  анықтамалар белгіленетін болады»[35, 260-б.]– деп көрсетілген. Сонымен Ресей үкіметінің 
Ерекше комитеттің 1862 жылы қаңтарда мәжілісінде талқыланған жоба бекітіліп, Бабков пен Захаров 
Шәуешекте  келіссөз  жүргізу  үшін  комиссарлар  болып  бекітіледі  [36,152-б.].  Сонымен  Қытай  Цин 
патшалығы үкіметі мен патшалық Ресей үкіметінің өкілдері 1862 жылы Қытайдың батыс солтүстік шека-
расын белгілеу мәселесі бойынша келіссөздерін бастады. Олар қазақ жеріндегі мемлекеттік шекарасын 
делимитациялау принципіне көп таласты, Қытайдың Цин патшалығы үкіметі ол жерлер жоңғарлардың 
жері, ал жоңғарлар қытайдың құрамындағы ел, сондықтан олардың аяқ басқан жерлері Қытайға тән бо-
луы керек-десе, патшалық Ресей үкіметінің өкілдері, ол «жерлер қазақтардың ежелгі атамекені  екенін» 

80
дәлелдеп дауласты. «Біз ақыры бұл өңірлердің қырғыз (қазақ) даласы екендігін тұрақтандырдық, ол 
өңірлер қырғыздарға тән болуы керек, әсте Цин патшалығына тән жер емес деген тұжырым жасадық» 
[37]  - дейді, Ресей  үкіметінің өкілі. Ресейліктер осы негізге сүйене отырып және өздерінің әскери 
басымдылығын  байқату  арқылы,  Цин  патшалығы  үкіметінің  өкіліне  өз  уәждерін  қабылдатты.  1864 
жылы 7 қазан күні Қытайдың Шәуешек (Чугушак) каласында екі үкімет өкілдері «Қытай-Ресей ба-
тыс-солтүстік шекараны делимитациялау келісімі» деген құжатқа қол қойды. Бұл он тараудан тұратын 
келісімнің бесінші тарауында: «Қазір шекараны ақылдасып бекіттік. Екі ел мангі тату болады. Осыдан 
кейін екі мемлекет осы белгіленген шекара маңы өңіріндегі малшыларға таласпау үшін, осы келісім 
құжаттар бір-біріне тапсырылған күннен бастап (күшіне енгеннен бастап – Н.М.), олар бұрыннан бері 
қай жерде мал бағып отырған болса, және де сол жерлерінде малдарын бағып отыра берулері керек. 
Олар сол ежелгі қоныстарында орнығып отырып, бұрынғы шаруашылығымен шұғылдана беруі үшін, 
жер қайсы мемлекетке бөлінсе, онда отырған адамдар сол жермен бірге сол мемлекеттің басқаруында 
болады. Бұдан былай егер олардың ішінде бұрынғы отырған жерлерінен көшіп басқа жаққа кетушілер 
болса, оларды кері қайтарып жіберу арқылы арада былықпалық болғызбайды» [38, 99-б.] - деп жазылған. 
Осы  келісім  бойынша  Қытай  мен  Ресейдің  мемлекеттік  шекарасының  қазақ  жеріндегі  алғашқы  ли-
ниясы  белгіленді.  Сөйтіп,  қазақ  жерінің  Қытайға  тиген  бөлігіндегі  қазақтар  отырған  жерімен  бірге 
Қытайға, ал Ресейге тән болған өңірдегі қазақтар тұрған жерімен бірге Ресейдің құрамына енді. 1864 
жылғы «Қытай-Ресейдің Шәуешек келісімі», іс жүзінде біртұтас қазақ халқының және оның жерінің 
екі мемлекетке - Қытай мен Ресейге тәуелді болғандығын алғаш рет құжат жүзінде анықтады. Сөйтіп, 
бір тұтас қазақ халқы және оның этнотерриториясы екі ұлы империяға бөлініп-жарылды. Бұл қазақ 
халқы үшін айтқанда үлкен тарихи трагедия. Осыдан кейін Цин патшалығы өзінің қарамағына өткен 
жердегі қазақтарды шын мәніндегі  «қытай азаматы»  деп таныды. Содан кеінгі жылдарда қытайдың 
ресми  құжаттарында «Ресей  қазақтары» немесе «Ресейге  қараған  қазақтар» және  «Қытайға  қараған 
қазақтар» деп анықтап жазатын болды. Біз осы негізде ХІХ ғасырдың 60-жылдары Қытайда этникалық 
қазақ қауымы, яғни «Қытай қазақтары» деген қоғамдық құбылыс пайда болды деп санаймыз. Бірақ 
1864 жылғы «Қытай-Ресейдің Шәуешек келісімі» қазақтардың Қытай мен Ресейге қарайтын жері мен 
елін толық анықтай алған жоқ. Өйткені аймақтағы саяси жағдайдың өзгерісіне байланысты Ресей мен 
Қытай қатынастары тіпті де күрделіне түсті.
Патшалық  Ресейдің  Алматы  өңіріне  отарлық  басқару  жүйесін  орнатуына  осы  өңірдің  тұрғыны 
Албан руының басшсы  Тазабек қарсылық көрсетті. Ол елін орыс отаршылдарының қырғынан сақтап 
қалу үшін, бас көтерген мыңдаған отбасын бастап, орыс әскерлерімен соғыса көшіп, Шонжыны басып, 
өр Ілеге өтіп барады. Сол кездегі Іле сұлтаны Әлихан олармен саяси одақтастық құру үшін, олардың 
Құлжаның шығысындағы Тоғызтарау ауданына барып орын тебуіне жол қояды. Бұл оқиға патшалық 
Ресейдің  Құлжаны  аккупациялауына  сылтау  бола  кетті.  Олар  Әлиханға  хат  жолдап,  Тазабекті 
тұтқындап әкеліп беруді талап етумен қатар, қарулы күштерін аттандырып, соғыс арқылы Құлжаны 
басып алды. Бұл арада Ресейдің көздегені тек Тазабекті жазалау ғана емес, ең маңыздысы Англияның 
Үндістан арқылы Қащқарияға енген күштерін Тяньшанның солтүстігіне асырмау еді. Бұл Ресей үшін 
стратегиялық маңзы зор қимыл болатын. Сондықтан орыс ортаршылдарды Тазабекті темір шынжыр-
мен матап Алматыға әкеліп, азабтап өлтіргеннен кейін де Құлжаны, тіпті Іле аймағын он жыл бойы 
отарында ұстады.
1878 жылы Цин империясы Қоқан генералы Жақыпбектің (Якуббектің) Қашқарияда құрған «Алты 
шаһар мемлекетін» тас-талқан етіп жойғаннан кейін, Ресей үкіметіне Ілені қайтарып беру туралы қатаң 
талап қойды. Ресей тарапы Ілені қайтарып беруге келісті, сонымен екі үкімет өкілдері Санк-Петербург 
қаласында  келіссөз  жүргізді.  Тараптар  бір  мәмілеге  келіп,  1881  жылы  шілде  айында  «Қытай-Ресей 
Іле келісіміне» қол қойып, тоқтам жасады. Бұл келісімді «Қытай-Ресей Санк-Петербург келісімі» деп 
те атайды, оған Ресей тарапынан Н.К.Гирс пен  А.Г.Влангали, ал Қытай жағынан Цзэн Цзицзэ қол 
қойды[39,127-б.]. 
Бұл келісімінің 1-бабы бойынша, Ресей Іле аймағында қытай билігінің орнауына келіседі, ал осы 
өлкенің батыс бөлігі 7-бапта көрсетілген шамада Ресей құрамында қалатын болды. 7-бапта бұл тер-
ритория Ресей бодандығын алған халықтардың тұруы үшін деп көрсетілген. Сондай-ақ осы бапта екі 
мемлекеттің  Іле  аймағындағы  жаңа  шекаралық  сызығының  сипаттамасы  берілген.  Ол  бойынша  Іле 
жердінің сызығы 1864 жылы Шәуешекте қол қойылған протоколда көрсетілген сызыққа жалғасады 
–  делінген[40].    Келісімнің  9-бапта  шекараны  делимитациялау  және  демаркациялау  мәселелері 
қарастырылды.
Қытай мен Ресей Іле мәселесі бойынша 1882 жылы және «Қытай-Ресей Іле шекара келісі келісімі-
не»  қол  қойып,  тараптар  Іле  жөніндегі  мәселені  толық  шешкенін  мәлімдеген-ді.  Ал  Іледегі  Ресей 

81
азаматтарының  еліне  қайтуына  және  Іле  тұрғындарының  да  Ресейге  көшіп  кетуіне,  олардың  үй-
мүліктерін  алып  кетуіне  қытай  тарапы  кедергі  келтірмеуге  келісті.  Сонымен  Іледен  албан  суан  ру-
лары кері көшті және жергілікгі ұйғыр мен дүнген тұрғындары да ресейліктердің үгіт-насихатымен 
Қазақстанға қоныс аударады. Олардың жалпы саны 70 мыңдай адам деген дерек бар [41,127-б.]. Міне, 
бұл ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстан жеріне алғаш қоныстануы.
Ресей мен Қытай Қазақстан жерінен тартқан мемлекеттік шекараның кейбір нақтылы бөліктеріндегі 
сызықтарды  және  онда  тұратын  қазақтардың  қайсы  мемлекетке  тәуелділігін  анықтау  үшін  және  де 
бірнеше келісімдерге қол қойды. Ол келісімдер: 1883 жылы тамыздың 12 күні қол қойған «Қытай-
Ресей  Қобда-Тарбағатай  шекара  келісімі»;  1883  жылы  қазанның  3  күні  қол  қойған  «Қытай-Ресей 
Тарбағатайдың Батыс оңтүстік шекарасын белгілеу келісімі»; 1885 жылы қаңтардың 9 күні қол қойған 
«Қытай-Ресей бірлесіп белгілеген Тарбағатай қазақтарының тәуелділігі туралы келісім».
Жоғарыда  келтірілген  Ресей  мен  Қытайдың  Қазақстан  территориясынан  мемлекеттік  шекарасын 
белгілеу  келісімдері  мен  сол  шекара  сызығындағы  қазақ  тұрғындардың  мемлекеттік  тәуелділігін 
анықтаған шарттары, қазақ елінің жері мен халқын екіге бөліп жіберді. Бұл қазақ халқының ұлттық 
традегиясы  және  бақытсыздығы.  Қазақ  халқының  осындай  күйге  түсуіне  тарихи  ішкі  және  сыртқы 
факторлар себеп болды. Атап айтқанда, қазақ қоғамының даму деңгейінің замана көшінен артта қалуы 
және Ресей империясының барынша күшеюі мен отарлық экспанциясының етек алуының ақыры қазақ 
халқын бодандық күйге түсірді.
Ресей  мен  Қытай  үкіметтері  қол  қойған  жоғарыдағы  келісімдер  бойынша,  шығыстағы  атамекні-
не оралып шекара сызығының шығысында қалған қазақтар, отырған жерімен бірге Қытайға тәуелді 
болды. Содан кейін ғана Цин патшалығы өзінің қарамағына өткен қазақтарды шын мәніндегі  «қытай 
азаматы»  деп таныды. Содан кеінгі кезде қазақтар туралы жазылған құжаттарда «Ресей қазақтары» 
немесе «Ресейге қараған қазақтар» және «Қытай қазақтары» немесе «Қытайға қараған қазақтар» деп 
анықтап жазатын болды. Міне, осы негізде ХІХ ғасырдың 60-жылдары Қытайда «Қытай қазақтары» 
деген қоғамдық құбылыс пайда болды.
Қытайға «отырған жерлерімен бірге» қараған қазақтардың алғашқы кезде қоныстары тек шекараның 
арғы  бетінің  төңірегімен  шектелген  еді.  Бірақ  олар  қытай  қоғамындағы  саяси-қоғамдық  жағдайды 
пайдалана  отырып  Іле,  Тарбағатай  және  Алтай  аймақтарына  өрлеп  қоныстанып  отырды  да,  1860- 
жылдардың соңында өздерінің қоныстану аумағын қалыптастырды.
Қытай Цин  патшалығы өзінің басқаруында ұстаған шеткері өлкелерді –провинцияларды  әскери-
әкімшілік жүйе арқылы билеп-төстеген болатын. Сондықтан Іле мен Тарбағатай аймағына орналасқан 
қазақтарды Іле генерал-губернаторының басқаруында, Алтай аймағындағы қазақтарды Моңғолиядағы 
Улиастай генерал-губернаторының билігінде ұстады. Бірақ қазақтардың дәстүрлі қоғамдық басқару 
құрылымын бірден өзгертпеді. Қазақтардың өздерінде сақталып келген билік түзімі (режимі) бойынша 
олардың өз билеушілерін өздеріне басшы етіп тағайындап, солар арқылы өз саясатын жүреге асырды. 
Анығырақ айтқанда, Іле, Тарбағатай және Алтайдағы қазақтарды осы үш аймақ бойынша бөлшектеп 
ұстап, олардың жоғары жік билеушілеріне Ақалақшы (Болыс), Мыңбасы, Үкіртай, Гун, Тайжі деп ата-
латын көптеген тең дәрежелі мансапқа тағайындап, солар арқылы қазақтарды басқарды.
Қытайға  қараған  қазақтардың  орналасқан  аймақтары  бойынша  рулық  құрылымы  негізінен  мы-
надай  болды:  Іле  аймағына  қоныс  тепкендер  Ұлы  жүздің  Албан,  Суан  рулары  мен  Орта  жүздің 
Найман ұлысының Матай әулетінен тарайтын Қызай рулары; Тарбағатайға орналасқандар - Орта жүз 
Найманнан тараған Қаракерейдің бірнеше рулары, Уақ рулары және Абақ Керейдің ішінара рулары; 
Алтай аймағына қоныстанғандар - Орта жүздің Абақ Керей рулары (Он екі Абақ керей) мен Найманның 
кейбір рулары. 
Қазақ халқының бұл бөлігі Қытайда қазақ қауымдастығын қалыптастырды. Одан кейінгі кездерде-
гі тарихи саяси оқиғаларға байланысты, мысалы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының жанышта-
луынан Қытайға босып барған қазақтар (бұлардың көбі кері қайтарылса да) және 1931-1932 жылғы 
ашаршылықтан ауып барған қазақтар сондағы қазақтарды паналап, олардың қатарын көбейтті, негізін 
нығайтты.
Қытайдың Алтай аймағындағы ежелгі қонысына барып орын тепкен қазақтардың біраз бөлігі тіпті 
де жайлы жайлым жер іздеп, Алтай тауының теріскей бетіндегі моңғол жеріне барып тұрақтап, қазіргі 
Моғол еліндегі қазақ қоғамдастығының негізін қалады.
Моңғол тарихын және Моңғолиядағы қазақтардың тарихын терең зеттеген, көрнекті ғалым Зардыхан 
Қинаятұлының пайымдауынша, «Моңғол үстіртін мекен еткен соңғы Түрік тайпалары ХІІІ ғасырдың 
басында Моңғол жотасын артқа тастап Қазақ даласына қоныс аударған кезеңнен бастап, ХІХ ғасырдың 
орта  шеніне  дейін  бұл  өлкеде  қазақтар  болмаған»[42,92-93-б.]  екен.  Ал  Ресей  ғалымы  Г.Е.Грумм-

82
Гржимайлоның  тексеріп-зерттеген  еңбегінде:  «Керейлер  қазақтың  Орта  жүзінің  бір  тайпасы,  1881 
жылғы Петербург келісімі негізінде (Абақ керей, Ашамайлы керейлерінің) көлемді бір бөлігі Қытайдың 
батысында қалып қойды. Олар Урианхайларды ығыстыра отырып, Ертіс өлкесінен мұнда жуықта қана 
келген. Олар өткен ғасырдың алпысыншы жылдардың соңына қарай Алтай тауының бөктеріне жетіп, 
қазір олардың көшінің алды шығысындағы Буянты және Қобда өзеніне дейін жетіпті. Олардың та-
бындары  шашырай  жайылып,  Қобда  қойнауына  жетіп  қана  қоймай,  Жоңғар  құмынан  өтіріп  Қытай 
үкіметінің рухсатымен Үрімжі қаласының батысы, шығысындағы иен-тегін қалған тау жайылымдарын 
игере бастады»[43, 12-б.]-деп жазылған. Ресей патшасының геограпиялық қоғамының тапсырмасымен  
экспедиция жүргізген Г.П. Потанин 1876 жылдың тамыз айында Алтайда болады. Ол «Қырғыздардың 
(қазақтардың)  бір тобы Алтай жотасының теріскей бетіне өтіп, Қобда бойын мекендепті. Олар (керей-
лер) біздің Қобдаға келіуімізден 6-7 жыл бұрын Алтай жотасының күнгей бетінде еді, бұрын біз сонда 
кездестірген Көбеш ауылы қазір осында (Қобда бетінде) көшіп келген екен»[44, 50-б.] – деп жазған 
екен. Осында й көштер өз жалғасын тауып отырғаны тарихи деректерден байқалады. «Абақ керей» 
атты  еңбекте:  Елеш,  Көбеш,  Самырхан,  Кәрібай  ауылдары  1879  жылы,  жылқышы,  Бардам  ауылда-
ры 1880 жылдары Қобдаға қоныстанып қалды»[45, 92-б.] –деген мәлімет бар. Бұл деректер бірін-бірі 
толықтырып, тарихи шындықты аңғартады.
Моңғолиялық  қазақ  тарихшылары  Ә.Мініс,  А.Сарай  Абақ  керейлердің  бір  топ  ауылдары  алғаш 
Алтайдың теріскей бетіне мал отарлата келіп жүріп, соңынан 1868-1869 жылдардан бастап біржолата 
қоынс теуіп қалған – деп санайды. Бұл көзқарасты Зардыхан Қинаятұлы қолдайды. Бірақ ол «Алтайдан 
Қобда асқан қазақ көші бір жылдық немесе бір жолғы оқиға емес. Көш 1860-1870 жылдардан 1930 
жылдарға дейін жалғасты» деп санайды. Сондай-ақ ол саяси жағдайға байланысты Қобдадан Алтайға 
қайта  көшу  оқиғасы  да  орын  алып  отырған.  Дамбийжанцан  лаңы  кезінде  қазақтың  1270  отбасы 
Алтайға қайтып көшіп барған. 1932 жылы Кенжебек лаңы кезінде Ителі ауылдары, 1943 жылы Хужирт 
сомонының Секел, Ботақара ауылдары Алтай асқаны белгілі» дейді. Алайда ол «... ХІХ ғасырдың соңы 
мен ХХ ғасырдың басында «Моңғол қазақтары» деген қоғамдық құбылыс пайда болды»[46,53-54-б.] 
– деп тұжырымдайды.
Моңғол жеріне Алтайдағы бір бөлім қазақтардың көшіп барып қоныстануі және олардың үкімет та-
рапынан мойындалуы салыстырмалы түрде біршама жеңілдеу болды. Өйткені Моңғолдардың да Цин 
империясының боданында болу және моңғол халық санының өте аз болуы мен жайылым жердің аса 
кең болуы сияқты факторлардың септігі тиді деуге болады. Цин империясы Алтайдағы және Қобдадағы 
қазақтарды бірдей өзінің Урианхай генерал мекемесінің Қобда амбаны (уәзірі) арқылы бақылауында 
ұстады.  Сондықтан  олар  үшін  қоластындағы  қазақтардың  Алтай  тауының  күнгейі  мен  теріскейіне 
көшіп-қонып жүруі маңызды емес, маңыздысы - қазақтардың қоғамдық тыныштықты сақтап, міндетте-
ген салығын тапсырып тұрғаны. Сондықтан Цин империясы Моңғол жеріндегі қазақтарды да өздерінің 
дәстүрлі басқару жүйесі арқылы билеп-төстеп тұрды.
Моңғолиядағы «Қазақ қауымдастығының» негізін Алтайдан асып барған Абақ керей рулары құрады 
десек,  оны  толықтырғандар  1914-1917  жылдары  Қазіргі  Шығыс  Қазақстанның  Марқакөл,  Зайсан 
қатарлы аудандарынан ары асып барған наймандар болды. Қазақстандағы күрделі саяси жағдайдың 
қысымынан бір бөлім найман, арғын руларының (саны аз болса да) Моңғол жеріне көшуі 1930 жылдың 
басында біржолата аяқталады[47, 97-б.]. Сонымен Моңғол жеріне орныққан қазақтардың саяси және 
әлеуметтік-экономикалық өмірі сол мемлекеттің сипаты және тарихи даму үдерісімен өріліп өзгеріп 
отырды.
Ресейде қазақ қауымдастығының қалыптасуы – Патшаллық Ресейдің қазақ даласын отарлауы және 
оның жүргізген әкімшілік реформалары мен Кеңес Одағының ұлтық автономиялы әкімшілік террито-
рияларды анықтауының нәтижесімен тікелей байланысты орын алған қоғамдық құбылыс. 
Қазақстан ХҮІІІ ғасырдың 20- жылдарынан бастап Патшалық Ресейдің классикалық отарына ай-
налды. ХХ ғасырдың басында, яғни 1917 жылғы ақпан және қазан айларында Ресейде орын алған ре-
волюциялар, Ресейдің де және оның отарындағы елдер мен ұлттардың да қоғамдық өмірін түбегейлі 
өзгертіп жіберді. Өйткені Қазан төңкерісі орыстың монархиялық билік жүйесін жойып, оның орнына 
В.И.Ленин басшылық еткен Большевиктер партиясын билік басына әкелді. Бұл партияның түп мақсаты 
- Ресейде және әлемде езілген ұлттыр мен халықтарды азат етіп социалистік қоғам құру деп насихат-
талды.
Ресейдегі тарихи өзгерістер қазақтардың орыстың отарлық езгісінен азат болып, өзін-өзі басқару 
құқығына  қол  жеткізуге  мүмкіндік  тудырды.  Сонымен  қазақ  элитасы  1917  жылдың  шілде  айында 
Орынбор қаласында Жалпы қазақтардың бірінші съезін өткізіп, Ресей құрамында ұлттық автономия 
құруды күн тәртібіне қойды. Сондай-ақ осы мақсаты жүзеге асыратын «Алаш» саясаи партиясын және 

83
«Алашордасы» үкіметін құрылып, қоғамдық саяси қимылға белсене араласты. Ол кезде «Ақпан рево-
люциясынан кейінгі кезеңде өз бостандығы үшін күреске шыққан отарлық езгідегі халықтарға боль-
шевиктер партиясы тек кеңестік негіздегі автономия беретіндігін мәлімдеген»[48, 458-б.] еді. Бірақ 
большевиктік билік қазақ өкілдері құрған саяси партия мен атқарушы үкіметті және олардың саяси-
әкімшілік ұстанымдарын мүлде қабылдай алмады, екі жақтың ұлттық құқық пен мүдде мәселесінде 
ұстанымдары алшақтау болғандықтан, олар саясаи келіссөздерде бір мәмілеге келе алмайтындығын 
байқайтты. Сонымен Сібірдегі Уақытша Бүкілресейлік үкімет 1918 жылдың қазан айында Алашорда 
Халық Кеңесі үкіметін таратып жіберді. Бірақ қазақ жерінің шекара-шебін анықтау ісін Кеңестік қазақ 
билігіндегі ұлт өкілдері жалғастырып отырды.
Жалпы алып айтқанда, қазақ халқы және оның орналасқан өлкелерін әкімшілік басқару аумағына 
бөлу және оны басқару формасын Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссары Кеңесі 
өздерінің қабылдаған Декреттерімен анықтап отырды. Мсыалы, Бүкілресейлік Халық Комиссарлары 
Кеңесінің төрағасы В.И.Ленин 1919 жылдың 10 шілдесінде «Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқаратын төңкеріс 
комитеті туралы уақытша Ережеге» қол қояды. 1920 жылдың 24 тамыз күні оның қол қоюымен Қырғыз 
(Қазақ) Автономиялы Кеңестік Сотциалистік Республика (АКСР) құру туралы Декрет жарияланады. 
Содан кейін Бүкілресейлік Орталық Атқару Кеңесі және Халық Комиссары Кеңесі декретті жүзеге асы-
ру барысында №354 қаулысы шықты. Бұл қаулы бойынша Қазақ автономиясының құрамына Семей, 
Ақмола, Торғай, Орал облыстары мен Закаспий облысының Маңғышлақ уезі, Астрахан губерниясынан 
Синемор болысы, Бөкей ордасы және тағы біраз жер берілді. Декретте Түркістан құрамындағы қазақ 
жерлерінің тағдыры ондағы халықтың қаулысы бойынша шешіледі деген көрсетілді[49, 385-б.].
1920  жылы  16  тамызда  Қырғыз  (Қазақ)  әскери  төңкеріс  комитетінің  Қазақ  АКСР-і  шекара-
сын  анықтау  комиссиясын  бекіту  жөніндегі  №  128  қаулысы  шықты.  Комиисяның  міндеті  тарихи, 
экономикалық және саясаи жақтардан Қазақ республикасына тән жерлерді және республиканың шека-
расын анықтау болды. 1920 жылы 22-қыркүйекте Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің қаулысы 
бойынша  ҚАКСР құрамына Орынбор губерниясы кірді, сондай-ақ Орынбор қаласы Республиканың 
астанасы  болып  белгіленді.    Сонымен  сол  жылдың  4-12  қазан  күндері  Орынбор  қаласында  өткен 
Автономиялы  Қырғыз  (Қазақ)  Кеңестік  Сотциалистік  Республикасының  бірінші  съезі  өтті.  Съезде 
қабылдаған алда атқаруға тиісті басты міндеттер ретінде, АҚКСР территориясын анықтау; Көршілес 
республикалармен  шекараны  белгілеу  мәселелері  алдыңғы  орынға  қойылды.  Жұмыс  барысында 
Қырғыз  (қазақ)  Революциялық  Комитет  пен  Сібір  Революциялық  Комитет  арасында  қазақ  жеріне 
қатысты күрес күрделі жүргізілді. Ақыры Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті 1922 жылдың 26 
қаңтарында  «Кирғыз  (Қазақ)  Республикасының  шекарасы  туралы»  қаулы  қабылдап,  тарихи  негізге 
сүйене отырып, орыстар таласқан солтүстік-шығыстағы ұлан-байтақ жерді Қазақстан құрамына беруге 
шешіп қабылдады. Бірақ сонда да қазақ жерінің толық қайтарылмағанын соңғы кездегі зерттеушілер 
салыстырып зерттеу арқылы анықтап отыр. Қазан төңкерісіне дейін қазақ аймақтарының көлемін одан 
кейін ҚазАКСР-і кезеңіндегі жер көлемімен салыстырғанда, Орал, Орынбор, Қостанай және Ақмола 
облысарынан 11%-ға азайған[50, 24-25-б.]. Демек, біршама қазақтар отырған жерлерімен бірге Ресей 
құрамында қалып қойғанын байқаймыз.
Кеңес Одағы бойынша жүргізілген Ұлттық-территориялық межелеу науқаны барысында, қазақтың 
билік басындағы ұлтжанды азаматтардың қатты қарсылығына қарамастан, шекараны ректификациялау 
деген желеумен, кеңестік билік 1925 жылы Орынбор губерниясы мен Орынбор қаласын  және Торғай 
облысының бір аз жерін РКФСР құрамына өткізіп берді. Онда отырған қазақтар отырған жерімен бір-
ге Ресейдің қарамағында қалып қойды. Сондай-ақ қазақтың шекара маңындағы кең-байтақ шұрайлы, 
қазба байлығы мол, өмір сүруге ыңғайлы жерлеріне Ресейден қара шекпендіңлер мен мұжықтарды 
қоныстандырып, орыс тұрғындарының санының жергілікті қазақтардан артуына байланысты, ол жер-
лерді әртүрлі сылтаумен Ресей құрамына қосып отырды. Биліктің бұл тәсілі өте ұтымды түрде шекара 
өңіріндегі қазақ жерлері мен тұрғындарын Ресей құрымына біртіндеп қосып отырды.
Орынбор губерниясының Ресей құрымына өтуіне байланысты, КазАКСР-ның әкімшілік астанасы 
1925 жылы Орынбор қаласынан Ақмешіт қаласына көшті. Сөйтіп, Қазақ автономиясының алғашқы 
астанасы – Орынбор осылайша орыстардың аумағын айналды. Бұнымен де қазақ жерінің әкімшілік 
шебін анықтау толық анықалған жоқ. Содан кейін 1939 жылға дейін Қазақстанның  Солтүстік-батыс 
шекара  өңіріндегі  жерлердің  әкімшілік  иелігі  біресе  Ресейге,  біресе  Қазақстанға  тән  болып,  ақыры 
Ресейге өтіп кетіп отырған.
 Демек, Ресейде қазақ қауымдастығының қалыптасуы ерекше терихи үдерісті бастап кешті деуге 
болады. Яғни патшалық Ресей заманында жалпы қазақ жері орыс билігі тарапына отарланды. Ал КСРО 
кезінде ұлттық автономиялы әкімшілік аумақтардың анықталуына байланысты, РКФСР-дің құрамында 

84
түрлі себептермен жерімен бірге қалып қойған қазақтар – өздерінің атамекенінде отырып-ақ өзге елдің 
қоғамдық ортасында қазақ қауымдастығын қалыптастырды. 
Жалпы  алып  қарағанда,  Ресейдегі  қазақтар  Қазақстанмен  шекаралас  обылыстарда  шоғырлы 
қоныстанған.  Белгілі  ғалым  А.Айталының  зерттеуінше,  Ресейдегі  қазақтардың  орналасуы  мен 
демографиялық  жағдайы  төмендегідей:  Астрахан  облысында  -140  мың,  Обы  облысында  –  86  мың, 
Орынборда 11 мың, Волгогрод та – 41 мың, Саратовта – 74 мың, Түменде – 30 мың, Челябіде  - 34 мың, 
Кемеровада - 4 мың, Алтай өлкесінде – 11 мың, Башқұртстанда – 7 мың, Мәскеуде – 9 мыңға жуық[51, 
77-б.]  қазақ  өмір  сүреді.  Бұл  ХХ  ғасырдың  соңындағы  санаққа  негізделген  мәлімет.  Осы  деректің 
өзінен-ақ қазіргі Ресей Федерациясында үлкен бір қазақ қауымдастығының өмір сүріп отырғандығын 
көруге болады.
Қазіргі Орталық Азия республикаларында қазақ қауымдастығының өмір сүріп отыруы – аймақтағы 
тарихи дамудың және саяси-әлеуметтік өзгерістердің нәтижесі. Орталық Азиядағы жергілікті байырғы 
халықтар - қазақ, өзбек, түркімен, қарақалпақ және қырғыз халықтарының этногенезі мен өсіп-өнген 
ортасы ұқсас. Сондықтан олардың тарихи мәдени дәстүрі ұқсас, тұрмыстық әдет-ғұрыптары, тілі мен 
ділі өте жақын бір типтес ұлттар болып саналады. Тіпті, олардың тарихи тағдыры мен қазіргі талайла-
ры да бірдей. Олар осынау кең-байтақ Орталық Азия кеңістігінде ертеден аралас-құралас өмір сүрді, 
өсті,  өркен  жайды,  ұлт  болып  қалыптасты,  ел  болып  мемлекет  құрды,  тарих  саханасына  көтерілді, 
этнотерриториялық аумақтарын қалыптастырды. Бірақ олар ХІХ ғасырда ілгерінді-кейінде патшалы 
Ресейдің  отарына  айналып,  мемлекеттілігінен  айырылды.  Сондан  кейін  Ресей  империясы  Орталық 
Азия аймағын Жетісу, Сырдария, Ферғана, Самарханд және Закаспий сынды бес үлкен облысқа бөліп, 
отарлық  басқару  құрылымын  орнатып,  губернаторлық  жүйемен  билеп-төстеді.  Ресейдің  әкімшілік 
басқару бөліктері (аудандарға дейінгі) халықтардың этникалық аумақтары негізінде емес, географиялық 
бақылауға қолайлығы бойынша жасалған. Бұл туралы отандық ғалымдарымыздың «Патшалық Ресейдің 
халықтарды  бір-біріне  айдап  салу  мақсатымен  құрылған  әкімшілік  басқару  аудандары  қазақтардың 
ежелден мекендеп отырған қоныстарымен сәйкес келмейді»[52, 14-б.] - деген тұжырымында ғылыми 
негіз бар деп санаймыз.
Патшалық  Ресей  билігі  және  оның  Орталық  Азиядағы  үстемдігі  1917  жылғы  Қазан  төңкерісінің 
жеңісімен біржолата жойылды. Орталық Азия тұтастай Ресейдің құрамындағы аймақ ретінде бұрынғы 
әкімшілік басқару жүйесі бойынша жаңа сипатта құрылған Кеңес үкіметінің басқаруына өтті. Кеңестік 
билігінің құрылымдары алдымен Ташкентте 1917 жылдың 28 қазан күні орнады. Содан соң Қазақстан 
және  басқада  Орталық  Азия  аймақтарында    ұйымдастырылды.  Кеңес  билігінің  ұлттық  аймақтарды 
басқаруындағы басты ерекшелігі – ұлттық өңірлік автономиялы әкімшіліктерге бөліп басқаруы болды. 
Ал Орталық Азиядағы ұлттық әкімшілік аумақтарды, Кеңес өкіметі 1924 жылы жүргізген зор көлемдегі 
этникалық территорияларды анықтау науқаны арқылы анықтады. Соның  нәтижесінде қазіргі Орталық 
Азиядағы елдердің этникалық территориялық шекара-шептерінің негізі анықталып, аумақтық көлемі 
тұрақтады. «Бірақ ХХ ғасыр бойы Қазақтан жері шекаралық және әкімшілік-аумақтық өзгерістерге 
ұшырап отырды»[53,107-б.]. Бұл жағдайдан қазақ халқының құрамдас бөліктерінің бақа елдің азама-
тына айналып отырғанын көруге болады.
Орталық Азия елдерінде қазақ қауымдастығының үлкен шоғыры Өзбекстанға орналасқан. Нақтылап 
айтқанда олар Өзбекстанның шығыс солтүстігіндегі Ташкент, Сырдария және Жызақ обылыстарын 
өмір сүреді. Бұл өңір - қазақардың тарихи тал бесігі болып табылады. Осы өңірде қазақтардың  (әрине, 
өзбектердің де) ұлттық құрамын қалыптастырған ежелгі үйсін, қаңлы, жалайыр, қыпшақ, қоңырат т.б. 
рулардың қазақ халқы ретінде өмір сүріп отыруының тарихи негізі бар. 
Б.з.д. ІІ-І ғасырларда Қаңлы мемлекеті Орталық Азиядағы ірі мемлекеттердің бірі болды. «Атап 
айтқанда, қаңлы мемлекетінің иелік жері Талас өзеннің батысы мен оңтүстігіндегі Сырдария өңірін 
толық қамтыған. Сондықтан қаңлы патшасы өзінің иелік ететін аумағының барынша кеңеюіне байла-
нысты, аймақтық басқару құрылымына өзгеріс жасаған. Ол өзінің оңтүстігіндегі жазиралы аумақтарда 
қалыптасқан  қала-қыстақтарды  сол  аймақтардың  табиғи  шекаралары  бойынша  жеке-жеке  иеліктер-
ге бөліп, оларды өзінің тағайындаған князьдары арқылы басқару жүйесін орнатқан. Сонымен қаңлы 
мемлекетінің аумағы оңтүстіктегі бес иелік аймақ пен патша өзі тікелей басқаратын солтүстік өлкені 
қамтыды.  Сондықтан  қытай  жазбаларында  бес  князь  түгелдей  қаңлы  патшасына  бағынады  –  деп 
жазған»[54, 53-б.]. Өзбек тарихшысы К.Шаниязов: «ҮІІІ ғасырдың 70-жылдарында қарлұқ және оғыз 
тайпалары мен арабтардың тегеуірінен Сырдарияның орта ағысындағы қаңлылардың тәуелсіз бірігуі 
өзінің өмір сүруін тоқтатты. Олардың бір бөлігі Сырдарияның орта ағысының оң жақ жағалауында 
көшіп-қонын жалғастырып, қазақ, қарақалпақ халықтарының құрамына кірсе, енді бір тобы өзбектердің 
құрамына енді»[55] – деп санайды. Академик Әбдуәли Қайдар: « Қытай деректерінде көп айтылатын 5 

85
иеліктің өздерін сипаттайтын кейбір деректер олардың өздері де қала маңына шоғырланған кішікірім 
патшалықтар мен далада қалыптсақан хандықтар болғандығын көрсетеді» [56,100-б.]  - деп санайды. 
Тек қаңлылар ғана емес, ерте-орта ғасырларда Орталық Азиядағы ру-тайпалар тарихи этникалық даму 
барысында өздерінің өмір сүру салты мен тіршілік формасына қарай ұлт болып ұйысу үдерісін бастары-
нан кешіріп барып жеке дара халық болып қалыптасып кеткен. Бірақ олардың байырғы қоныстарында 
аса үлкен өзгеріс бола қойған жоқ, бәрі де аралас немесе іргелес отырған жерінде өмір сүрді. Бірақ 
қоғамдық саяси билік күштеріндегі өзгерістерге байланысты, атажұртында отырған қазақтардың өзбек 
билігіне  тәуелді  болған  кездері  болды.  Атап  айтқанда,  қазақ  халқының  кейбір  ру-тайпалары  Хиуа, 
Бұқара  хандықтарына бағынышты болып, солардың құрамымен өзбек немесе түркімен жерінде тұрып 
қалған жайы бар. Тарихи деректерде: «Хиуа ханы Мұқамед-Рахымның кезінде 27 мы қазақ отбасын 
бағындырды. Оның 10 мыңы әлімұлы, 7 мыңы жетру, 8 мыңы байұлы қазақтары болған» екен. Ал 
шұрайлы жайлымдарынан айырылып, ашаршылыққа ұшыраған қазақтардың бір тобы Қоқан, Әдіжан, 
Бұқара аймағына да қоныс аударғанын айғақтайтын құжаттар жетерлік[57, 15-б.]. 
ХХ ғасырдың 20- жылдары Хорезм қазақтары мен қарақалпақтары Шөл-дала (Мырзашөл) ауданыа 
беңбек миграциясымен барып, Хорезм облысының солтүстік батысына, Қызылқұм қазақтары Қаракөл 
және Бұқраның далалы аудандарына барады, тіпті оңтүстік Тажікстандағы Қорған төбе уәляты жер-
леріне дейін жылжыпкөшіп барған. Осы кезеңдерде Керемин уәлятында – 160 мың, Қаршыда – 100 
мың, Гузарда – 100 мың, Бұқарада – 80 мың, Нұртаста – 5 мың қазақ болған[58].
1924-1926  жылдары  Орта  Азия  халықтарының  этникалық-территориялық  шекараларын  межелеу 
барысында Шырышқ өзеннің батыснда Ташкент уезінде орналасқан алты отырышқы қазақ болыста-
рын қазақтардың наразылығына қарамастан Өзбекстан территориясына енгізген. Ол кезде Ташенттің 
шығыс  солтүстігінде  қазақтар  шоғырлы  тұратығұн  отырған.  Ал    Бұқара  аумағындағы  қазақтардың 
құқықтық мәртебесе жөнінде, яғни автономия бер туралы мәселе көтеріліп, тек бір ғана Кенимах ауда-
нын құрылумен шектелген.
ХХ  ғасырдың  бірінші  жартысында  Өзбекстанда  демографиялық  өсімнің  қарқынды  болуы  және 
өзбектердің отырықшы егінші ел болуына байланысты, олардың жерге деген көзқарасы қазақтардан 
өзгеше еді. Олар жердің мәнгілік құндылығын терең түсетін-ді. Сондықтан болар, өзбектер Қазақстаннан 
жерді жалға алу немесе еншісіне алуға түрлі тәсілдермен тырысып бақты және айтарлықтай нәтижеге 
қол  жеткізді.  Осы  жөніндегі  деректерге  жүгінер  болсақ,  «Жалпы  1924-1971  жылдары  Қазақстанна 
Өзбекстанға 5,1 млн га жер (Қарақалпақстанды қоспағанда) өткен. 1963 жылы қаңтарда Қазақ КСР 
Жоғары Советінің Жарғысымен Өзбек КСР-на Қызылорда облысы жерінен 1150,0 мың га жер беріледі. 
1963 жылы 19 қыркүйектегі қазақ КСР мен Өзбек КСР-нің шекарасына кейбір өзгертулер енгізу жөніндегі 
жарлығымен Мырзашөл, Арнасай, Достық аудандары Өзбекстанға өтеді»[59]. Кеңестік кезеңде, яғни 
1924 жылғы этникалық-территорияны межелеу барысында құрылған Қарақалпақ Автономиялы облы-
сы, 1925 жылы  сәуірде Қазақ АКСР-ның құрамына қабылданады. Ал «1926 жылғы санақ бойынша 
облыс тұрғындарының 38,1% - қарақалпақтар, 28,5% - қазақтар, 27,6% - өзбектер, 3,2% - түркімендер, 
2,7% - өзге ұлттар құрайды»[60] екен. Осы мәліметтер Қарақалпақ облысындағы қазақтардың салмақты 
болғанын байқауға болады. Алайда Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті Төралқасының1930 жылы 
20 шілде күні қабылдаған «Қарақалпақ Автономиялы облысының бұрынғы аумағын сақтай отырып, 
Қазақ  КАСР-і  құрамынан  шығару  және  оны  РСФСР  Орталық  органның  тікелей  қарамағына  беру 
жөніндегі» қаулысы атқарылады.1932 жылдың науырыз айында Қарақалпақ Автономиялы Кеңестік 
социалистік Республика болып құрылды да, 1936 жылы Өзбекстан КСР-ның құрамына кірді.
Қорытып  айтқанда,  Өзбекстанда  қазақ  қауымдастығы,  өздерінің  тарихи  атамекенінде  отырған 
қазақтардан және кеңестік кезеңде әкімшілік-территорияларды айыру және оған өзгерістер енгізу ба-
рысында ежелден бері отырған жерлерімен бірге Өзбекстан басқаруына өткен қазақтардан құралған.
Түркіменстандағы  қазақтар  ежелден  түркімендіктермен  аралас-құралас  отырып,  тарихи  мекенін-
де қалыптасқан қауымдастық. 1851 жылы Хиуа хандығында 1000 үйдей адайлардың болғаны белгілі. 
ХХ  ғасырдың  20  жылдары  жүргізілген  этникалық-территорияларды  анықтау  кезінде  Красноводск 
уезінде адайлардың 200 қожалығы ұрақты мекендегені анықталады. Сондай-ақ 7- Адай болысындағы 
Сүйіндік, Қосай руларынан тұратын 5 әкімшілік ауылдың 773 қожалығы  да Красноводск уезінің бір 
шетінде тұрақты тұрған. Міне, бұлар өздерінің ертеден қоныс тепкен атажұртында орнығып отырып 
қалған қазақтар. Оларға ХХ ғасырдың 50-60 жылдары еңбек миграциясымен барған қазақтар қосылып, 
Түркіменстандағы қазақ қауымдастығының қарасын көбейте түсті.
Қырғызстанда қазақ қауымдастығының қалыптасуы тарихи саясаи оқиғаларға тікелей байланысты 
болды. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерлісі кезінде, патша үкіметінің қарапайым қазақ 
халқын да аяусыз жаныштауынан Жетісудағы қазақтар Қырғызстанға және Қытайға жансауғалап кетті. 

86
Тарихи деректерде 1916 жылы Қырғызстанға қашып барған қазақтардың саны 100 мыңға жеткен[61]. 
Ал Қазақстаннан Қытайға ауған босқын қазақтардың жалпы саны 250 мың болған[62, 225-б.]. Ресейдегі 
саяси  жағдайдың  өзгеруіне  байланысты  1918-1922  жылдары  бұл  қазақтарды  елге  қайтару  қызметі 
жүргізілді. Бірақ сол қазақтардың бір бөлігі бойды билеген үрейдің салдарынан кері қайтқысы кел-
меді. Олар қазіргі Бішкектің төңірегінде, Ыстықкөл атырабында қалып қойды. Өйткені ХІХ ғасырдың 
соңында Ақмола және Қарқара уезінен жайлы қоныс іздеп, Бішкек маңына көшіп келіп орынтепкен 
арғындар болған. Соларды қара тартып баған бір бөлім албандар да сол орында тұрақтап қалуды жөн 
көрген екен. Қазіргі таңда олар Бішкек қаласының маңындағы «Манас», «Алтыбарақ» «Приозерное», 
«Раздольное»  және  басқа  да  елдімекендерде  өмір  сүреді.  Демек,  Қырғызстандағы  қазақтар  тарихи 
әлеуметтік және саяси жағдайларға байланысты қоныс аударып барып, өз еріктерімен сонда тұрақтап 
құрып қалғандардың үрім-бұтақтары.
Ал  Тәжікстандағы  қазақ  қауымдастығының  негізін    Кеңес  өкіметінің  өктемдікпен  жүргізген 
ұжымдастыру науқанынан жалтарған қазақтар құраған екен. Олардың алды 1928 жылы Өзбекстанның 
гали  (Бұқара)  жеріне  келіп,  ол  жерде  және  қоныс  аударып,  бір  бөлімі  Ауғанстанға  асып  кетсе,  бір 
бөлімі  Тәжікстанның  Қорғантөбе  облысының  Пашрабад  деген  ауылды  мекендеп  қалады.  Олардың 
қатарын 1960 жылдары еңбек миграциясымен барған қазақтар толықтырған. 
Жоғарыдағы  пайымдауымыздан,  шетелдегі  қазақ  қауымдастықтарының    ұзақ  тарихи  үдерістегі 
күрделі саяси және әлеуметтік жағдайлардың салдарынан қалыптасқандығын айқын аңғаруа болады. 
Қазақ халқы Еуразиядағы соңғы ұлы көшпенді ұлт болғандтан, оның иеленген этникалық аумағы да 
ұлан-қайыр кеңістікті қатып жатты. Алайда таяу заманда, жалпы тарихтың алға басуы мен қоғамның 
ілгерлеуі Еуроазияның саяси жағдайды өзгерте бастады. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ дала-
сынан алдымен Ресей мен Қытайдың мемлекеттік шекарасы белгіленді. ХХ ғасырдың басында Ресейде 
Кеңестік социалистік өкімет құрылып, құамындағы тарихи этностардың аумақтық территорияларын 
анықтады. Осы барыста Қазақстанның шет аймақтарын мекендеген қазақтар, өздерінің отырған жерлері-
мен бірге басқа елдің құрамындағы этникалып топқа айналды. Сондықтан Қазақстанның төңірегіндегі 
шекаралас мемлекеттерде өмір сүріп отырған қазақтардың қай-қайсының да «өз атамекенімізде отыр-
мыз» деуінде терең тарихи шындық бар. Дейтұрғанмен ол жерлер кезінде сол елдің территориясына 
айналып кеткендіктен, олар да сол өздері тұрған мемлекеттің азаматтары. Бірақ олар қазақ ұлтының 
құрамдас бөлігтері. Қазақстан Республикасы «Халықтың көші-қон Заңының» анықтамасы бойынша 
айтқанда, олар «этникалық қазақтар» болып табылады. Демек, шетелдердегі қазақ қауымдастығының 
негізін отырған жерімен бірге өзге елдің құрамына қосылған қазақтар құрады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет