Әдебиеттер
1. 2000 великих людей. Малая энциклопедия. Персоналий. Харьков, 2001.
2. Смағұлұлы О., Қожаев М., Оразаққызы А. Абылай хан. Тарихи-антропологиялық зерттеу. – Алматы:
Атамұра, 1999.
3. Исмагулова А., Косанбаев С. Новые данные об Аблай хане // Материалы пленарного заседания междуна-
родной научно-практической конференции «История цивилизации и духовной культуры кочевников» в 2 томах.
– Павлодар, 2004. – С. 247-251.
4. Абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметұлына 70 жас. - Тараз, 2001.
5. Тахауи Ахтанов. Жарқын бейне // Қәдімгі Сәбит Мұқанов. С.Мұқанов туралы естеліктер. - Алматы, 1984.
6. Кенжебаев Б. Абылай (қазақ халқының ерлік тарихынан). - Алматы, 1943.
7. Ерофеева И.В. Родословные казахских ханов и кожа ХҮІІІ-ХІХ вв. - Алматы, 2003.
8. Апполова Н.Г.Экономические и политические связи Казахстана с Россией в XVIII – начале ХІХ в. - Москва.
1960.
9. Семенюк Г.И., Земледелие казахов-кочевников в XVIII – начале ХІХ в. // Материалы по истории сельского
хозяйства и крестянства СССР. - Москва. 1974.
10. Казахско-русские отношения в XVI- XVIII веках. - Алма-Ата.1961.
11. История Казахстана в русскихисточниках. Т. 6. - Алматы, 2007.
12. Андреев И.Г. Описание Средней орды и киргиз-кайсаков. - Алматы. 1998.
13. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей. - Алматы. 1996.
14. Затаевич А. 1000 песен казахского народа. - Москва, 1963.
ТУЛЕКОВА М.К.
т.ғ.д., профессор
Абай ат. ҚазҰПУ
(Алматы)
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ МИГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ АХУАЛЫ
Тарих ғылымындағы өзекті мәселелердің қатарына жататын миграциялық ахуал болып табылады.
Еліміз егемендік алған алғашқы күнінен бастап елдегі халық санына, демографиялық, миграциялық
процестерге ерекше көңіл бөліп отыр. Ел басының Халыққа Жолдауларында еліміздегі халықтың са-
нын 20 миллионға жеткізудің жолдары мен алдымызда тұрған міндеттер туралы үнемі айтылып келе
жатқандығының өзі бұл мәселенің өзектілігін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының тәуелсiздiк алғанынан бастап өткен күрделi әлеуметтiк-экономикалық
және саяси процестер халықтың демографиялық ахуалына да да өзiндiк ықпал жасады. Мемлекеттiн
дамуының жаңа моделiн табу және қоғамды жандандыра түсудiң тиiмдi жолдарын анықтау, елiмiздiң
негiзгi байлығы халықтардың дамуында тұрақтылықты сақтау үшiн олардың өткен тарихы мен бүгiнгi
дамуына ғылыми түрде талдау жасау өзектi мәселенiң бiрi болып отыр. Қоғамтанушы ғалымдар
экономикалық, саяси, әлеуметтiк және басқа да процестердi талдау, зерттеу үстiнде демографиялық
статистикаға соқпай кетпейдi және демографиялық жағдайды елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамудағы
өзектi мәселелерiмен байланыстырады.
48
Еліміздегі миграциялық ахуал және оны шешу жолдары, мәселесінің өзектілігі маман зерттеушілердің
көптеген ғылыми еңбектері мен арнайы монографиялық зерттеулерін осы мәселені талдауға,
қорытындылауға арнауларынан да көрініс алады және бүгінгі күні де өзекті мәселе болып отыр.
Республикадағы және аймақтардағы әлеуметтiк-демографиялық жағдайға әсер ететiн факторлардың
бiрi халықтың көшi-қоны болып табылады.
Миграциялық процестің қазіргі ахуалына тоқталардан бұрын оның тарихына қысқаша сипаттама
беру керек.
Көшi-қондық процестiң қарқынды жүруi 90 жылдары бұрынғы КСРО құрамындағы елдердiң
барлығына тән болды. Қазақстанда оның алғы шарттары Кеңестер Одағы ыдырағанға дейiн
қалыптастты.
Елiмiзден 1991-2000 жыл аралығында 2 млн. адам көшi-қонға ұшырады. Ең жоғары көрсеткiш бер-
ген жыл 1994 жыл болды, онда сыртқа көшкендер саны 410,4 мың адамға тең болды. Кейiнгi жылдары
Қазақстан Республикасынан сыртқа көшушiлер санының азайғаны байқалады, ол жыл сайын 200-160
мың адам болып отыр. Халықтың көптеп сыртқа қоңыс аударуы қоғамдағы демографиялық жағдайдың
нашарлауына алып келедi, себебi көшкендер арасындағы көпшiлiгi жастар мен жұмысқа жарамды-
лар. Көшi-қонға ұшырағандардың арасында 18-20 % жұмысқа жарамды жасқа толмағандар. Осыған
байланысты халықтың арасында жұмысқа жарамдылар жасынан асып кеткендер саны өсiп, халықтың
қартаюы көрiнiс алады.
Көшi-қоны халықтың сапалық құрамына да үлкен әсер етедi. Көшi-қонға түскендер арасында
жоғары, аяқталмаған жоғары және орта арнаулы бiлiмi бар мамандар өте көп, олар 1993 жылы- 39 %,
1994 ж.-46,5%, 1995 ж.-33,0%, ал 1999 ж.-38% және 2000 ж.-38,8%-ке тең болды. Немiстердiң және
басқа да ұлттардың сыртқа көшуi 80-жылдардың аяғында 90-жылдардың басында –ақ көрiнiс алды.
1990 жылы Қазақстаннан шетелге 79,4 мың немiстер, 1,6 мың татарлар, 1,4 мың беларустар көштi.[1]
Демографиялық дамуда жетiстiктерге жету мемлекеттiң әлеуметтiк дамуының негiзгi табыстарының
бiрi болып саналады, ол елдiң қорғанысын арттыруда және оның тәуелсiздiгiн қамтамасыз етуде ерек-
ше орын алып, елдiң экономикалық дамуының келешегi болып табылады. Сондықтан да халықтың са-
нын, бiлiмiн, ұлттық құрамы мен оның жасы мен жынысы туралы толық мәлiметтi бiлмей мемлекеттiң
әлеуметтiк-экономикалық және демографиялық саясатын жүзеге асыру мүмкiн емес.
Республикамыздың демографиялық саясаты Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030»
бағдарламасында атап көрсетiлген халықтың дамуын қамтамасыз етудегi алға қойған мiндеттермен
сәйкес келедi. Осы бағдарламаның негiзiнде қабылданған мемлекеттiң көптеген басқада бағдарламалары
бар. Олар: «Халықтың денсаулығы», «Бiлiм», «Қазақстан Республикасында дене тәрбиесi мен спортты
дамыту», «Қазақстан Республикасындағы ана мен бала денсаулығын қорғау», «Қазақстан жастары»
және тағы басқа көптеген жүргiзiлiп жатқан мемлекеттiк шаралар елiмiздегi халықтың денсаулығын,
тұрмысын жақсарту және жұмыссыздыққа қарсы күресу, жанұяға көмектесуге бағытталған.
Әлеуметтiк-демографиялық дамуда ерекше орын алатын ол iшкi көшi-қондық процесс. Iшкi көшi-
қон - облыс аралық және облыстың өз iшiндегi механикалық қозғалыстар. 1993-2000 жыл аралығында
iшкi көшi-қон 1,4% өстi. Ол әсiресе экологиялық апат аудандарынан (Шығыс Қазақстан, Қызылорда)
ерекше көрiнiс алып отыр. Халықтың ерекше көп көшi-қонның нәтижесiнде орналасып жатқан жерлерi
ол Алматы, Астана, Ақмола және Манғыстау облыстары. Iшкi көшi-қонға көп ұшырайтындар ол қала
халықтары болып отыр. Ауыл адамдарының қалалық жерлерге көптеп қоңыстануы байқалады. Ерекше
көшi-қонға ұшырап отырған жергiлiктi тұрғындар –қазақтар. Республика iшiндегi миграцияда 1999-
2000 жылдар аралығында олар 70% және 72%-ке жетiп отыр[2]. ХХ ғ. 90 -жылдарында урбанизация
процесiнiң өсуi ауыл шаруашылығының дамымай артта қалуы және ауылдағы әлеуметтiк-экономикалық
дамудың нашарлауына ықпал етуде. Iшкi көшi-қоны өз алдына жүрiп отыратын процеске айналып ол
қазiр мемлекет тарапынан бақылауды қажет етуде. Жалпы елдегi әлеуметтiк-демографиялық дамуға
тiкелей әсер ететiн көшi-қондық жағдай бiрнеше факторларға байланысты. Әлеуметтiк-экономикалық:
ұзаққа созылған экономикалық дағдарыс, өндiрiстiң құлдырауы, өнеркәсiп орындарының жабы-
луы, жұмыссыздықтың өсуi, бағаның көтерiлуi тұрғындар арасындағы ертеңгi өмiрге сенiмсiздiкпен
қарауға итермеледi. Тұрғындардың республикадағы өмiрiне көңiлдерi толмады. Қазақстаннан көшуге
субъективтiк факторлар да әсер еттi. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы басқа республикаларда бо-
лып жатқан ұлтаралық жанжалдар туралы хабарлардың татарылуы тұрғындар арасында мұндай ахуал
Қазақстанда да қалыптасуы мүмкiн деген күдiк тудыра бастағанды.
Жалпы Қазақстан Республикасында өмiр сүрiп жатқан халықтардың арасындағы бiрлiк пен
тұтастықты сақтау үшiн аймақта өмiр сүрiп жатқан жүзден аса ұлт өкiлдерi арасындағы бiрлiк-
тi сақтау, елiмiздiң егемендiгiн нығайтуда, қоғамдағы әлеуметтiк-психологиялық және әлеуметтiк-
49
демографиялық тұрақтылықты сақтауда қазақ тiлiмен қатар онда өмiр сүрiп жатқан басқа ұлт өкiлдерiнiң
тiлiн де дамытуға жағдай жасауға ерекше көңiл бөлiнiп отыр. Аймақтағы халықтар арасында достық,
туысқандық, бiр-бiрiне деген сыйласушылық негiзiнде тәрбие беру үшiн де елімізде өмiр сүрiп жатқан
халықтардың әлеуметтiк-демографиялық тарихын зерттеу өзектi мәселенiң бiрi болып табылады.
ХХ ғасырдағы болған тарихи оқиғалар демографиялық дамудағы мынадай iрi өзгерiстердiң негiзгi се-
бебi болды: табиғи өсiмнiң, көшi-қон; әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстерге - урбанизация, халықтың
сандық және сапалық құрылымындағы өзгерiстер, халықты еңбекпен қамтамасыз ету, бiлiм деңгейi,
кәсiптiк-мамандық құрамы, әйелдердiң қоғамдағы орны мен олардың бiлiм деңгейiндегi өзгерiстер;
аймақтағы жергiлiктi ұлт өкiлдерiнiң қазақтардың сан жағынан азайып, керiсiнше басқа ұлт өкiлдерiнiң,
оның iшiнде орыстар санының көбеюi. КСРО-ның ыдырауынан кейiн Қазақстан Республикасы өзiнiң
егемендiгiн жариялауы аймақтағы көптеген орталық өнеркәсiп орындарының жабылуына, әскери
өнеркәсiп орындарындағы өнiмдерiне сұраныстың азаюына алып келдi. Республтканың барлық жерін-
де экономикалық дағдарыс басталды: жұмыссыздық, еңбек ақының уақытында төленбеуi, нарықтық
экономикалық қайта-құруларға халықтың бiрден мойынсұнбауы, халықтың әлеуметтiк-демографиялық
жағдайының төмендеуiне алып келдi. Елімізден сыртқа көптеп басқа ұлт өкiлдерiнiң, оның iшiнде
орыстар, украиндар, немiстер, еврейлер т.б. көше бастады. Бұл еліміздегі әлеуметтiк-демографиялық
жағдайдың шиеленiсуiне алып келдi.
Жалпы көрсеткіші мен 1990 жылдағы қозғалыс тенденциясы
Қазақстан 30 жыл бойы эмиграциялық ел болып келді. 1990 жылда солай болды. Қазақстан өзінің
тәуелсіздігін алғаннан кейінгі алты жылда (1992-1996 жылдры) елдің территориясынан сыртқа 2 милли-
он адам кетті. Қазақстанның сыртқы миграциясы жалпы (келушілер мен қайта кеткендерді санағанда)
жыл сайын 1469,6 мың адамға тең болды. ТМД елдері мен Балтық жағалауынан келгендер 473,6 және
кеткендер 1469,6 мың, ал басқа елдерден келгендер 61,4, ал кеткендер 551,8 мың адам.
Қазақстан эммиграцияның нәтижесінде 1990 жылы республиканың табиғи жолмен дамуының 55,8
% жоғалтты, 1991 ж.-22,2, 1992 ж.-89,3 %.
1993 және 1994 жылдары миграциялық қозғалыс табиғи жолмен дамуды толығымен жоқ етіп қана
қоймады, сонымен қатар одан 1,4 және 2,8 есе асып кетті. 1994 жыл миграцияның ең жоғарғы шегі
болған жыл, ол жылы сыртқы миграцияға ұшырағандар: келгендер-4,21; кеткендер-28,73; миграциялық
шығын-1000 адамға алып санағанда -24,52; эмиграция елдегі иммиграциядан 7 есе көп болды. 1995
жылы -4,4 есе, 1996 ж.-4,3; 1997 ж.-7,9 есе артты[3].
Кең көлемге таралған эммиграция елге сырттан келушілердің санының азаюымен тең келіп отырды,
ол бейбіт кезде бұрын болып көрмеген құбылыс еді. 1993 жылғы 1 қаңтарда 16914 мыңнан 1998 жылы
1 қаңтарда 15671 мың адам болды-жергілікты халық санының өскеніне қарамастан. 1996 жылы халық
саны 1989 жылғы халық санына сай келді: 16472 және 16464.
1992-1997 жылдар аралығында төмендегідей миграциялық ағымдар көрініс алды:
- елге иммигранттардың келуі ТМД елдерінен және Балтық жағалауы елдерінен кеміді, ал басқа
елдерден сол кезде 534,1 келіп, 2021,5 мың адам сыртқа кетті;
- сыртқа кетушілер саны өзгеріске түсіп отырды, ең жоғары сыртқа кетушілер саны 1994 жылы
болды(480,8 мың адам), ал келесі жылдары оның көрсеткіші төмендеді;
- миграциялық ағымның негізі ТМД елдері мен Балтық жағалауынан келді(69, 80%) бірінші орында
Ресей тұрды, басқа елдер арасында Германия ерекшеленді;
- иммиграциялық ағымға негізінен қазақтар көп түсті, оның себебі респуликада сырттағы этникалық
қазақтарды Отанына репатриациялау саясаты жүзеге асырылды.
Миграцияның бағыты: Негізгі миграциялық бағыттар Қазақстан мен Ресейдің арасында, Украина
Республикасы мен Орталық Азия елдері арасында жүрді. 1994 жылы осы елдерге эмигранттардың 78
% келсе, соның ішінде Ресейге-72 %, Украина-2 %, Өзбекстан-1,7 %, Беларусь пен Қырғызстанға-1 %
-тең Қазақстанның барлық облыстарында бірдей болды, бірақ соның ішінде орыстар тығыз орналасқан
облыстарда жоғары болды: Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Ақмола жерінде, яғни Ресеймен көрші
орналасқан территорияда. Сонымен қатар Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жоғары
болды. 1996 жылы интенсивті эмигранттар саны мынадай болды: Көкшетау облысында-33,0; Солтүстік
Қазақстан-32,7; Ақмола-22,9 (1 мың тұрғынға алып есептегенде). ТМД және Балтық жағалауы елдері-
нен басқа Қазақстаннан сыртқа қоныстанғандар Германия жеріне кетті (1997 жылы 55,5 мың адам)
және Израиль (1,9 мың). Басқа елдерге эмигранттардың аз бөлігі кетті[4].
Ішкі миграция. 1993 жылы ішкі миграцияға 60, ал 1994 жылы-54,5 %, барлық миграцияға
түскендерге шағып есептегенде. Республикааралық миграцияға негізінен әсер еткен ол ел ішінде-
гі экологиялық аудандардан Семей, Қызылорда жерлерінен басқа аудандарға жер ауыстыру болды.
50
Миграцияның нәтижесінде өзінің тұрғындар санының азаюы Жезқазған, Атырау, Торғай облыста-
ры болды. Ал облыс аралық қоныс аударудан тұрғындар санының өсуі Алматыда және Павлодар,
Қостанай, Ақмола облыстарында болды.
Республика ішіндегі миграцияға көп түсетіндер қала тұрғындары. Сонымен қатар ауылдық жерлер-
дегі тұрғындар саны да азаюда, адамдардың қалаға көшуінен, сонымен қатар немістер мен орыстардың
елден сыртқа кетуі. Облыс аралық миграцияға негізінен қазақтар (үштен екісі), сосын орыстар (бестен
бірі) көп түседі.
Мигранттардың ұлттық құрамы: Қазақстаннан сыртқа қоныс аударушылар негізінен неміс-
тер мен орыстар. Миграцияның ең жоғары шегі болған жылы орыстар үлесі 58,9 %, немістер-19,0 %,
украиндықтар-8,0 %, қазақтар-3,0 %. Келгендер арасында: орыстар-44,0 %, қазақтар-28,0 %, украин-
дар-7 %, немістер-4,0 %. 1995 жылы орыстар үлесі-52,0 %, немістер-26,7 %. Ең жоғары эмиграцияға
ұшырағандар немістер болды: 1995 -1996 жылы олардың саны орыстармен салыстырғанда 5,4-5,8 есе
артық болды. Немістер сыртқа көшіп кеткен соң олардың одан кейінгі саны азая түсті, ал орыстар
саны өсті-58,3 %, немістер-16,5 %, украиндар-9,7 %, қазақтар-3,9%; келгендер арасында орыстар үлесі
45,0 %, ал қазақтар-30,4 % тең болды. Қазақстан негізінен сол жылдары өздерінің тұрғындарының
санын азайтты, орыстар-60,3 %, украиндар-10,2 % [5].
Қазақтардың иммиграциясы
Қазақтардың өздерінің тарихи Отанына оралуы 1990 жылдан басталды, Қазақстан Республикасының
өзінің тәуелсіздігін алғаннан басталды.
Үкімет «Иммиграция туралы Заң» қабылдады және қазақтардың репатриациясы бойынша белгілі
бір бағытпен саясат ұстауда. Қазақстан Президенті жыл сайын басқа елден келетін иммигранттардың
(репатрианттардың) квотасын белгілеп отырады. 1993 жылы квота –10 мың жанұя болса, 1994 жылы-7
мың, 1995 ж.-5 мың, 1996 ж.-4 мың және 1998 жылы- 3 мың жанұя.
Кейіннен квота саны азайып қана қоймай тіпті оны орындамай да отыр. Оның орындалуы 1993
жылы - 94,4 % болса, 1994 ж. - 63,9 %, 1995 ж. - 72,6 % және 1996 жылы - 88 % болды. 1993 жылы
квота артығымен орындалды: Монғолия - 117,5 %, ал ТМД елдері бойынша - 97 %, Иран бойынша -
36,6 %, 1994 жылы ТМД бойынша квотаның орындалуы 114,1 %, Түркия бойынша - 21,9 %, Қытай -
8,2 %, Монғолия - 5,5 %, Иран - 2,4 %, Ауғанстан - 0,7 %.
1995 жылы елімізге 3631 жанұя келді (14 462 адам), квота 72,6 % орындалды; 1996 жылы 3522
жанұя (14 088 адам) келді.
1991-1997 жылы Республикаға қазақ репатрианттарының 37,9 мың адам, немесе 164 мың адам, оның
ішінде 93 мың адам ТМД адамдары келді (негізінен Ресей мен Өзбекстан елдерінен), оның ішінде 57 %
репатрианттар. 62,5 мың адам Монғолиядан келген. Келген қазақ жанұяларының ішінде қазақтардың
санының 90 % Монғолиядан келген қазақтар, қалғандары ТМД елдерінен, Иран, Түркия, Қытай,
Ауғанстан жерлерінен келгендер[6].
Кейінгі жылдары елге келген репатрианттардың біразы қайта кері көшіп кеткен, ол елдегі қиын
әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты. Қазақстаннан қайтадан сыртқа 300-400 жанұя кері
кетті, ал 3 мың репатрианттар әлі де үй ала алмай жүр.
Республикадан сыртқа қоныс аударғандардың көпшілігі еңбек ету жасындағылар болды (64 %).
сыртқа кетушілердің 22 % -еңбек ету жасына жетпегендер. Осыған байланысты еліміздегі тұрғындар
құрамының қартаюы байқалады. Миграция Қазақстандағы еңбек потенциалының сапалық құрамын
нашарлатады. 16 жастан және одан асқан сыртқа көшушілер арасында жоғары дәрежелі немесе
аяқталмаған жоғары дәрежелілер, немесе арнайы білімі барлар саны өсуде: 1993 ж.-39 %, 1994ж.-46,6
%, 1995 ж.-45 %, 1996 ж. 41 %, 1997 ж.-44 %[7]. Елімізге келетін иммигранттар арасында білімдері
жоғарылар саны төмен, сондықтан да елден кеткендердің арасында біліміділер саны жоғары еді.
Қазақстаннан сыртқа көшушілер арасында жоғары білімді мамандар мен арнайы білімі бар
жұмысшылар саны көп, олар өнеркәсіптің жабылуы мен елдегі жұмыссыздықтың кесірінен, құрылыс,
ғылым және мәдениет саласынан олардағы меншік түрінің ауысуына байланысты қысқарғандар бол-
ды. Бұрын одақ тапсырысы бойынша жұмыс жасап, орталықтанған қаржыландырылған ғылыми-зерт-
теу мекемелерінің жабылуынан, жобалау институттарының жұмыстарын тоқтатуынан, ғылыми-жос-
парлау орындарының жабылып қалуынан жұмыссыздық саны елде өсіп, маман кадрлар сыртқа көшті.
Осының тағы бір себебі әскери мекемелердің жабылуы да болды. Елде интеллектаульды эмигранттар
саны өсті.
Миграцияның себебі. Тұрғындардың миграцияға ұшырауына негізінен бірнеше факторлар әер
етеді. Сыртқы миграцияға әсер ететін негізінен әлеуметтік-экономикалық және саяси фактор, ал ішкі
миграцияға әсер етуші- әлеуметтік-экономикалық және экологиялық фактор.
51
Сыртқы миграцияға ең көп әсер ететін ол тұрғындардың тұрмыс жағдайы. Кеңестер Одағының
ыдырауы экономикалық дағдарысты күшейтті, ол өнеркәсіптердің құлдырауына алып келді, инфляция
өсті, жұмыссыздар саны 35 есеге көбейді (әсіресе жасырын), ол адамдардың тұрмыс жағдайының на-
шарлауына және әлеуметтік саланың құлдырауына алып келді.
Әлемдік банкінің есебі бойынша, 1994 жылы Қазақстандағы еңбек ақының мөлшері бұрынғы кеңес
құрамында болған мемлекеттердің барлығынан да төмен болды. Орташа еңбек ақысы 24 долл. болды,
бірақ олардың облыстардағы көрсеткіші төмен болды. 1997 жылы орташа еңбек ақының көлемі-8550
теңге, немесе 112 долл. бірақ ол күнделікті қажеттілікті толығымен өтеу алмады, әр облыста көлемі
әртүрлі болды. КСРО ыдыраған жылдары өндіріс орындарында өнім өндіру нашарлады, ондағы
өндірушілерді қанағаттандыра алмады. Мемлекеттік статбасқарманың есебі бойынша 1995 жылдың
басында тұрғындардың негізгі табысы 1989 жылмен салыстырғанда 26 % болды. Тұрғындардың салық
төлеу қабылетінің нашарлауы тұрмысқа қажетті заттардың құнының өсуіне алып келді. Егер 1989
жылы тамаққа жұмсалатын шығын барлық шығынның -39 %-не тең болса, ал 1995 жылы ол 45-70 %-ке
тең болды. 1993 жылы ұлттық валютаның- теңгенің шығуымен тауарлар құны-35 есеге өсті, ал ақшаны
реттеу реформасының алдында 1992 жылдың қаңтарында-18 есеге өсті.
Республикада өмір сүруге қажетті мөлшерден төмен тұрғындар үлесі өсті. 1992 жылы қарашада
тұрғындардың осы тобына 11,9 %, 1993 ж. тамызда- 18,2 %, 1994 ж.тамызда-32 %, ал 1995 жылы ма-
усымда-37 %, республиканың тұрғындарының үштен бір бөлігі кедейлікте өмір сүрді. Сол кездегі ор-
таша өмір сүру көрсеткіші 2000 теңге болды. Мемлекеттік тұрғындардың 44 % кедейшілікте өмір
сүрді[8].
Тұрғындардың табысының төмендеп кетуіне өндіріс орындары мен мекемелерде бірнеше ай бойы
еңбек ақысын төлемеуден болды, жалақы көлемі төленбеген 1997 жылы 1 қаңтарда 47,9 млрд теңге
болды, оның ішінде 90 % -і және одан көп айлар бойы төленбеген жалақы болды. Берешегі бар өндіріс
орындарының үлесі 75 %-ке тең болды.
Экономика саласындағы дағдарыс еңбекке тартылудың азаюы мен жұмыссыздықтың өсуіне алып
келді. 1996 жылы ресми тіркеуде тұрған жұмыссыздар саны 282,4 мың адам болды. Эксперттік бағалау
орталығының есебі бойынша жұмыссыздар саны барлығына шаққанда -10 % ке тең болды.
Еркіндік үйінің есебі бойынша (АҚШ) барлық елдерді төмендегідей бөледі: еркін, жартылай ер-
кін және саяси жағынан жартылй еркін және азаматтық құқықтары шектелген елдер деп. Қазақстан
1994-1995 жылдары еркін емес мемлекет қатарына жатқызылды. Саяси даму жағыннан дамыған елдер
қатарына алып санағанда Қазақстанның көрсеткіші 7 балл көрсеткішінің 5 тең болды.
1998 жылдың басына дейін Қазақстан адамдардың құқығына байланысты ешқандай халықаралық
құжаттарды, адамдардың құқығы туралы Декларацияны қабылдамады. әлеуметтік және саяси құқықтар
туралы халықаралық пактіге қол қоймады.
Кейінгі кездегі саяси жағдайларға қарағанда білім, саяси және әлеуметтік салалардағы қайта
құруларға басқа этникалық ұлт өкілдері қарсылықтар да білдіре бастайды. Олар қазақ тілін білмеген-
діктен жоғары қызмет орындарын жергілікті ұлт өкілдеріне беруіне тура келеді.
1991-1994 жылдар аралығында сыртқа қоныс аударған қазақстандықтардан әлеуметтік сауалнама
алған кезде олардың қоныс аударуына негізгі себеп болған факторлар қатарына жататын: әлеуметтік
қорғалу-86 %, медициналық қызмет көрсету-84 %, қылмыскерлік-75 %, экономикалық реформа жүргізу
темпінің баяулығы-72 %, мемлекетке ықпал ете алмау-66 %, адам құқығы-54 % ж.т.б[9].
Осының барлығы елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың қиындығымен қоса адамдардың өз
жерлерін тастап сыртқа қоныс аударуына алып келеді.
Эмиграцияның салдары: Миграциялық ағымның жылдан жылға өсуі ол елдегі қоғамдық дамуда
тұрақсыздыққа алып келеді.
Эмиграцияның салдарына жататын жағдайларға сипаттама беру өте күрделі- өте көптеген
жағдайларға сипаттам беру керек болады. Мысалы, елден 100 мың немістің кетуі ел экономикасына
4 млрд сом шығын әкеледі, 1991 жылғы есепбойынша, ал 100 неміс жанұясының кетуі 1994 жылмен
санағанда мемлекетке 17 млрд теңге шығын алып келді.
Республиканың еңбек ресурсының потенциалы негізінен өндіріс орындарында жұмыс жасайды, ол
еліміздің экономикасының индустриалды- аграрлық салада дамуына байланысты. Индустриалды сала-
да жұмыс жасайтындардың 75% орыс тіліндегі тұрғындар, олар 1994 жылға дейін сыртқа көптеп келді.
Қазақтардың демографиялық жағдайына олардың табиғи жолмен өсуі мен туудың өсуі және өлімнің
кемуімен сипатталды. 16 жастағы балалар мен жасөспірімдер саны 90 жылдары жалпы тұрғындардың
республикадағы 33 % -ін құрды, ал қазақтар арасында - 40 %. Осы жастардың еңбек ету жасына жетуі-
мен елдегі экономиканың да тұрақтанатындығына ол кезде сенбеді.
52
ХХ ғ. 9 % жылдарында қазақтардың ірі өндіріс орындарында жұмысқа тартылуы төмен болды
(1993 ж,-34 %), олардың үлесі индустриалды өндіріс салаларында барлығы -24 %, 45,1 % қазақтардың
барлығы негізінен үш салада ғана топталды: жеңіл, тамақ және құрылыс өндіріс орындарында. Қара
және түсті металлургия саласында, машина жасауда 3-5 тен 15 % (1993 ж.) болды[10].
Маман кадрлардың көптеп сыртқа қоныс аударуы республикадағы экономикалық саланы білікті
мамандармен қамтамасыз етуде келешекте қиындық тудырары белгілі болды, оны болдырмау үшін
индустриалды салада қызмет жасайтын мамандарды даярлау қажеттілігін тездету керектігін көрсетіп
берді. Елімізді маман кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі, әсіресе индустриалды салада сол кезде
өзекті мәселе болды.
БҰҰ есебі бойынша жиырма жыл шамасында орталық азиялық аймақтағы тұрғындар саны 1,5 есеге
өседі немесе 75 млн адамға өседі. Азиялық республикалардағы тұрғындар санының өсуі мен ондағы
жұмыс күшінің артық болуы қосымша әлеуметтік және басқа да шиеленістерге алып келеді.
Эмиграцияның нәтижесінде Қазақстан халқының этникалық құрамы өзгере отырып тұрғындардың
құрамында үлкен өзгерістер болды.
Қазақстан көп ұлтты мемлекет болып табылады. 1997 жылы қаңтарда этникалық құрамы(15861 млн
адам) төмендегідей болды: қазақтар-8033 мың адам (50,8 %), орыстар-5105 (32,2 %), украиндықтар-720
(4,5 %), немістер 303, өзбектер 359, татарлар-278, беларустар-147 мың адам. Ұйғырлар, көрейлер, азер-
байжандар, поляктар, түріктер және басқа этникалық ұлт өкілдері, олардың саны 130 дан астам[11].
КСРО ыдырағаннан кейін, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында 1991 жылы орыстар, сонымен бірге
басқа да этникалық ұлт өкілдері басқа елде тұрып жатқандар қатарына түсті. Он жылдан соң елде-
гі этникалық қазақтардың үлесі орыстармен бірдей болды. Орыстар өздерін аз ұлт өкілдері ретінде
санағысы келмеді.
1989 жылмен салыстырғанда 1996 жылы қазақтардың саны 1388 мыңға өсті, елдегі олардың үлесі
48,1 % болды, 1989 ж. 39,7 % орнына. Осы кезде орыстардың саны 606 мың адам, олардың үлесі 37,8
% тен 34,1 % түсті. Немістердің саны 2,2 есеге азайды (кестеге қараныз) [12].
1990 жылдары экономикалық дағдарыс пен нарықтық экономикаға өту кезінде елде әлеуметтік
стратификация жүрді, жергілікті тұрғындардың саяси және бизнес –элитаға және қалғандары
ауылдық тұрғындар, негізінен аграрлық сектормен, оның ішінде мал шаруашылығымен айналысатын-
дар. Қазақтар негізінен республиканың оңтүстік пен оңтүстік-батыс бөлігінде тұрып жатты. Жоғарғы
туушылық және әлеуметтік қорғалмаушылық басым болды: жұмыссыздық, кедейшілік-осы аймақтағы
негізгі мәселе бола отырып сол кездегі шиеленістердің негізгі себебі еді.
Сырттан келген этникалық ұлт өкілдері, бірінші орында орыстар өздерінің білімдерінің жоғарылығын
пайдалана отырып елдегі дәнекерлік рөл атқарды, қалалық жерлерде орналасқан ұлттық элита мен
ауыл тұрғындары арасындағы буферлік қызметті атқарды. Елден орыстардың көптеп сыртқа көшуі
осы екі топтың өзімен өзі қалуына алып келді.
Ел ішінде үш жүз адамдары арасындағы билік үшін тартыс күшейді, ірі территориялық рулық шие-
леністер күшейе түсті, ол жылдары негізгі шиеленістер қазақтар мен орыстар арасында болды.
Көптеген эксперттердің айтуы бойынша орыстардың сыртқа көптеп кетуі елдегі саяси шиеленісті
біраз болса да бәсендетті, жұмыс орындары мен үйлер босады. Сонымен қатар орыстардың сыртқа
кетуі елдегі оларға байланысты әлеуметтік, экономикалық және саяси статусының төмендеуімен бай-
ланысты елдегі болатын шиеленістің болмауына да негіз болды.
Орыстардың елден сыртқа көптеп қоныс аударуы елдегі экономикалық тұрақтылықтың болма-
уынан және елдегі экономикалық дамудың бәсендеуінен болды. Олар өздерінің ертеңіне сенбеді,
балаларының келешегін ойлады. Әлеуметтік зерттеулер орыс тілді халықтардың 45-47 % Қазақстаннан
кеткілері келді. Мигранттардың тең жартысы елден кеткісі келетіндер, олардың саны 1,5 млн. адам.
Кетуге даярланғандардан алынған сұрақтар бойынша қандай жағдайда олар кетпейтіндіктерін
айтқан:
-
елдегі экономикалық жағдайдың жақсаруынан-48,6 %;
-
өздерінің балаларының келешегіне сенсе-44,8 %;
-
ұлттық белгісіне қарай бөлуді қойғанда-27,1 %;
-
екі жақты азаматтылық енгізілсе-22,7 %;
-
егер қазақ тілімен қатар орыс тілі мемлекеттік тіл болса -17,7 %;
-
басқа себептермен-1,6 %.
Тек ғана 3,2% сұрағандар арасынан ешқандай жағдайда да өз пікірлерін
өзгертпейтіндерін айтқан[13].
Достарыңызбен бөлісу: |