Литература
1. АП РК. Ф. 719. Оп.5. Д.67. КазкрайКК-НКРКИ. -. Алма-Ата. Партколлегия. Протоколы, докладная записка
проверочной тройки ЦКК ВКП(б) по чистке членов Крайкома и КрайКК ВКП(б). 1929 г., на 20 л. – лл. 7-12.
2. Сейфуллин С. Тернистый путь. – А., 1964. На рус. яз.
3. АП РК. Ф. 140. Оп.1. Д. 83, январь – июнь 1921 г. Кирпартбюро. Секретариат. Протоколы заседаний
Президиума (подлинники) № 1 – 27.л.33.
4. АП РК. Ф. 140. Оп.1. Д. 111, июнь 1921 г. Списки ответственных работников по Казкраю. Л. 3. Фонд
Мухтара Ауэзова. - http://www.auezov.kz/node/48
5. АП РК. Ф. 139. Оп.1. Д. 57, сентябрь 1921 – январь 1922 гг. Протоколы, резолюции 3-й Семипалатинской
губернской партконференции.- л. 57-57об.
6. АП РК. Ф. 139. Оп.1. Д. 1104, Киробком.- л. 240.
7. «Қызыл Қазақстан». – 1924. - № 1, 2 (25-26), 4.
8. АП РК. Ф. 719. Оп.4-719. Д. 675. КазкрайКК – НК РКИ. г.Алма-Ата. Секретная часть. Спецсводки и спец-
сообщения ПП ОГПУ в Казахстане. (25 апреля – 3 ноября 1933 г). л. 98.
9. АП РК. Ф. 139. Оп.1. Д. 718.- л. 128. Список стипендиатов по линии Казнаркомпроса на 1923-1924 гг.
10. Архив КНБ, г. Алматы. - Дело № 3881/7875, в 2-х томах. «По обвинению Джумабаева Магжана. – Том 1.
– 30 декабря 1937 г.; Там же. Приложение к делу № 6. «С документами по делу о контрреволюционной органи-
зации казахских националистов». Алма-Ата, 1937 г. в 5-ти томах.
102
11. См. также: Смағұл Сәдуақасұлы. – Таңдамалы. – 1 том. Құраст. Б.Дәрімбетов. – Алматы, 1993; Қамзабекұлы
Д. Смағұл Садуақасұлы. – А., 2010; ГАСКО. Фонд Газеты «Бостандық туы», «Еңбекші қазақ»; Муканова Г.
«Толық адам» или Экология этничности. – А., «Қазақ университеті», 2012.
ТӨЛЕНОВА З.М.
т.ғ.к., доцент, ТЭИ
М. ҚОЗЫБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ КӨРКЕМСӨЗ ШЕБЕРЛІГІ
«Ғалымның Отандық тарих ғылымы
саласындағы сіңірген еңбегі мен артында
қалған мол мұрасы, шығармалары халықтың
игілігі мен қазынасы болып қала береді».
Н. Назарбаев
Академик Манаш Қабашұлының ғылыми мұрасы мен оның маңызы, жалпы ғалымның отандық та-
рих ғылымын дамытудағы рөлі мен орны туралы жиі қарастырамыз. Себебі академик М. Қозыбаев
өзінің саналы ғұмырындағы 53 жылдық еңбек жолының 40 жылын ғылым жолына арнады да, өзі таңдап
алған тарих ғылымын дамытуға еңбек етті. Бастапқыда ғылымдағы ізденістерін өлкетану, Қазақстанның
Ұлы Отан соғысындағы жеңісіне қосқан үлесін зерделеуден бастаған М. Қозыбаев біртіндеп ғылыми
зерттеу аясын кеңейтіп, қазақ халқының шығу тегінен бастап, оның өркениеттегі орны, ХХ ғ. қасіретті
тағдыры туралы тұтас, кешенді де маңызды, мазмұны терең тұжырымдар жасады. Сонымен қатар екі
қоғамдық кезеңде өмір сүріп, тарих ғылымының дамуы мен жаңа ауыспалы кезеңнің талаптарына сай
жазылған зерттеулерінде қазақ халқының тілі, ділі, діні, мәдениетінің өзекті мәселелері қаралып, ке-
шегі кеңестік қоғамдағы жалпылама бірегейлендіру жүйесін бұзып, қазақ халқының өзіндік, ұлттық
болмысын айшықтауда да академик М. Қозыбаев тарихшылардың көшбастаушы ғана емес, өз ғылыми
шығармашылығымен де ерекшеленді.
ХХ ғасырдың соңғы он жылдықтарындағы республикадағы қоғамдық пікірді қалыптастыруға ықпал
ететін қоғамтанушылардың алдыңғы қатарына шыққан ғалым-қайраткердің жоғары деңгейге көтерілуіне
соғыс және бейбітшілік, өлкені социалистік түрде модернизациялау, Отан тарихын әлеуметтік-
экономикалық формациялар мен өркениеттік талғам мен талап негізінде, аға буын тарихшылардың
еңбектеріне сүйеніп, жаңа деректеме көздерін пайдалана отырып зерделеу, қазақ халқының шығу тегі,
қазақ мемлекеттігі, үш жарым ғасырға созылып, Ұлы Отан соғысына ұласқан қазақ-жоңғар қарама-
қарсылығы, ұлтымыздың 260 жыл Ресей империясының, Кеңестік Ресейдің қоластындағы отарлы ел
болған болмысының тарихын жүйелі түрде саралап, ғылыми-теориялық тұрғыдан талдап, Отантану
ғылымын жаңа сатыға көтерді.
Біздің бүгінгі тарқатар ойымыздың басты мақсаты осынау отандық тарихтың әрқилы проблемала-
рына арналған шығармаларының жазылу ерекшелігі және көпшілік қауымның қызығушылығын ту-
дыру қасиеті неде деген сауалға жауап іздеу. Ең алдымен, академик Манаш Қозыбаев еңбектерінің
мазмұнының тереңдігі мен ондағы жасалынған тұжырымдардың құндылығында болса, екіншіден
барлық еңбектерінің академиялық деңгейде және публицистикалық, яғни ғылыми-көсемсөздік жанрда
жазылуында.
Ата-мен әже қамқорлығында тәрбиеленіп халық ауыз әдебиеті мен оның жауһар құндылықтарына
мейілінше қанып өскен М. Қозыбаевтың болмысынан «Атаға қарап ұл өсер» деген халық мәтелінің
шынайы өмірден алынғандығын байқаймыз. Қиын-қыстау кезеңде ата мен әкенің ел тірлігіне
араласқан белсенділігінен сабақ ала отырып, ол өзінің ұйымдастыру қабілетін шыңдады, әже әлдиі
мен ауыл ақсақалдарының ауызекі әңгімесін ыждаһатты тыңдап өскендіктен, бала күнінен өлең-жырға
құмарлығы ғылыми шығармашылығында академиялық, ғылыми-көсемсөздік ізденістерін кеңейтті.
Оған жарқын мысал ретінде, мыңжылдықтың соңғы жиырма жылында Одақтас Республикалардағы
этникалық бұлқынысқа, серпіліске толы тұста ұлт зиялылары кеңестік патриотизм идеясынан өтіп,
ұлттық намысқа негізделген ізденістер жасай бастан тұста жазылған еңбектерін айта аламыз. Олардың
көшбасында ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының басында жазылған «Жауды шаптым ту байлап» атты
қазақ халқының басынан кешкен ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы, олардың кезеңдері, ел бастаған хан-
дар мен сөз ұстаған көсемдер, қол бастаған батырлардың ерлігі жайлы жазылған еңбегі тұр. Ғылыми-
103
көркемсөзбен, яғни публицистикалық тұрғыда жазылған бұл жинаққа енген мақалаларда ғасырлар
бойы аңсаған тәуелсіздік жолында бір сәткеде өшпеген, күрес жолында жылдан жылға өткірленіп
өрши түскен ұлттық сана мен болмыс, ұлттық рух пен намыс, бабаларымыздың дабылды да дауылды
жылдардағы азаттық жолында шыңдалған ерлігі мен қайсарлығы, олардың бойындағы ұлтжандылық
қасиеттерін тартымды жеткізген еңбектерінің ғылыми деректілігінің молдығымен қатар оқырманға ой
тастар ұтымдылығы да жеткілікті. Кітаптың атауының өзі «ә» дегеннен-ақ тарих қойнауына жетелейді.
Оның кіріспе ретінде берілген «Жауды шаптым ту байлап» атты мақаладағы «Тереңнен ойлап, тебірене
толғансаң – халқымыздың барша тарихы осы тәуелсіздік үшін, елдік үшін, халықтың бас бостандығы
үшін күрес» деген жолдардан қай тақырыпқа қалам тартар болсаң да тереңге бойлау қажеттілігін ес-
кертеді [1, 3-б.].
Академик М. Қозыбаевтың осы кезеңде жарық көрген басылымдары қазақ халқының тарихы-
на терең бойлап, қатаң идеологияға бағынған ресми ғылымдағы Орталықтың ықпалындағы тарих
шеңберінен ғана емес қалыпты ғылыми тілде жазылу талабынан да шыға бастады. Сөзіміз дәлелді болу
үшін, аталған жинақтағы «Абылай дәуірі» атты мақаланың жазылу стиліне көңіл бөлейікші. Тарихи-
көсемсөздік шеберліктің шынайы үлгісін танытатын: «Абылай дәуірі – жүз мың тұлпарлардың тұяқтары
ошақтай ойып қалдырған жорық жолдары. Ол Бұқар, Үмбетей сияқты жыраулардың «Аттан», «Аруақ»,
«Ел болсайшы қайран қазақ» деген айбынды үндері. «Ақтабан шұбырындыны» басынан өткізген ұлы
әжелеріміздің жоқтаулары, халық аңыздары мен жырлары, адам қаны жосып аққан сай-салалар, киелі
Ұлытау, қайғылы қаратау, дабылды Аңырақай, ежелгі қасиетті Түркістан, құдіретті Көкшетау, қаһарлы
Қалмаққырған – Абылай дәуірінің куәгерлері» деген бір сөйлемге халқымыздың ғасырлық тарихын
бейнелі түрде сыйғызып бере алған шеберлігі қандай! [1, 28-б.]
Кітаптағы «Дала данасы Бұқар жырау», «Ел ебенек емес, ер – кебенек емес», «Ел тірегі – Шақшақ
Жәнібек», «Жыр құдіреті (Махамбет туралы сыр)» және т.б. мақалалары тарихшы ғалымның жан-
жақты энциклопедиялық білім иесі екендігін танытады.
Академик М. Қозыбаевтың шығармашылығындағы тағы бір ерекшелік – ұлтжандылық пен
ұлттық мүдде жолында қызмет етудегі азаматтық бейнесінің өз еңбектерінде айқын сезілуі.
Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығында жазылған еңбектерінде тарихшы-ғалым, мемлекет және қоғам
қайраткері ретінде М.Қ. Қозыбаев қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің орнығуына, мемлекеттілік
идеологиясының, Қазақстан Республикасының этнотерриториялық тұтас-тығының нығаюына үнемі
назар аудара отырып, жас ұрпақ бойына адамгершілік пен ізгіліктің нұрын себуде халық ауыз әдебиеті
мен ақын-жырау, би-шешендердің даналық сөздерін жиі пайдаланатын. Мұны М.Қ. Қозыбаевтың
еңбектерінің кез-келгенінен айқын көруге болады. Сондай-ақ бұған «История и современность» 1991);
«Ақтаңдақтар ақиқаты». Оқу құралы. (1992); «Тарих зердесі» (т.І, ІІ,1998); «Казахстан на рубеже
веков: размышления и поиски» (2 кітап); «Өркениет және ұлт». (2001), т.б. монографиялары мен
«Жұлдызым менің» атты кітабындағы ғылыми, ғылыми-публицистикалық мақалалары мен мерзімді
басылым беттерінде жарияланған Қазақстан тарихнамасына қосқан қомақты үлес және Отан тарихы
ғылымының жаңа белестегі даму деңгейін көрсететін жарияланымдары айқын дәлел.
Академик М.Қ. Қозыбаев еңбектерінің негізгі мазмұны жалпыұлттық татулық пен Қазақстан
халықтарының бірлігін нығайтуға, өскелең ұрпаққа рухани және патриоттық тәрбие беруге, елдің
әлеуметтік-экономикалық ахуалын көтеруге арналған реформалар мен бағдармаларды жүзеге асыруға
бағытталғандығымен құнды
Академиктің осындай ғылыми-көсемсөз бағытында жазылған 2 кітаптан тұратын «Тарих зердесі»
атты монографиялық еңбегінде тек қана ұлт тарихының келелі мәселелері ғана емес, тәуелсіздік
тұғырын бекемдеу жылдарындағы еліміздің қоғамдық-саяси өмірінің өзекті проблемалары кеңінен
қарастырылады. Бұл еңбектің де ұтымдылығының бір қыры - ұлт тарихынан, ұлт зиялылары мен
жер, ел туралы өткір де ұтымды ой айтқан М. Қозыбаевтың өзін ғалым, тарихшы, публицист ретінде
көпшілікке мойындата алуы дер едім. Ғалым осы монографиясына енген мақалаларында қоғамдық
құбылыстар, олардың ағымы мен қайшылығын, халыққа тигізген зардабын, әсіресе, тәуелсіздіктің
бастауындағы республикадағы экономикалық, әлеуметтік реформалардың болашағы мен көлеңкелі
тұстарын, жаңа үрдіске бейімделе алмаған зиялы қауым, сондай-ақ осы аумалы-төкпелі тұста малы
мен кәсібінен айырылған қазақ ауылының ауыр халі, ғылым мен білімнің мүшкіл жағдайы туралы
және оның осы бағытпен кете берер болса рухани азғындықтың пайда болып, өрістеуіне әкелетіндігін
кез-келген қоғам мүшесінің санасына сіңіру үшін публицистикалық жанрда жазды. Өзінің осындай
өткір тілде жазылған еңбектері арқылы ұлт тарихын түгендеген көрнекті тарихшы, ұлт ұлағатының
жаршысы, өз ұстанымы бар белсенді қоғам қайраткері ретінде танылды. Сондықтанда, академик
104
М. Қозыбаевтың шығармашылығы туралы сөз қозғағанда оның қайраткерлігі мен қатар публицист
екендігіне де көңіл бөлеміз [2].
Академик М. Қозыбаевтың болмысы мен бойында тума дарындылық пен білімділік, парасаттылық
пен адамгершілік секілді қасиеттердің тамаша жарасымдылығы мол еді. Қаншама биік мінберлерден ұлт
тарихының өзекті мәселелері туралы сөйлегенде ойының ұшқырлығымен, жазғанда қаламының қарымды
жүйріктілігімен, сөз алғанда тілінің орамдылығымен кез-келген тыңдаушысын еріксіз баурап алатын.
Оның шығармашылық лабороториясына тереңірек бойлаған сайын, ғалымның ең көп көтерген мәселесі
– өркениет және ұлт туралы, ел мен жер мәселелері болғанындығын байқаймыз. Сондықтан М. Қозыбаев
«Ұлт болмысы», «Ұлт намысы», «Ұлт тілі», «Ұлттық мәдениет», «Ұлттың рухы», «Ұлтжандылық»
сияқты мемлекет құруда ең қажетті де қасиеттер ұғымдарды ұлттық мүдде тұрғысынан түсіндірудің
жолдарын қарастырған. Академик қазақ өркениетінің қайнарына – Далалық өркениеттің өрісін саралай
отырып құнды тұжырымдар жасау да көркемсөздің мәйегін пайдаланады [3].
Осылармен қатар ұлттық сананы және оның жасампаздарын – билер мен шешендерді, хан мен
батырды, ақын мен жырауды ұлықтауды жоғары мәртебе санады. Сондықтан болар «Қалай болғанда
да қазақ халқының ұлттық санасының қайнар басында халқымыздың үш кемеңгер билері Төле би, Қаз
дауысты Қазыбек, Әйтеке би тұрғаны хақ. Сөз жоқ, бұл арада бір дәуір ішінде олардың өкшесін басқан,
даналығы тасқан, шешендігі асқан, бір өзі дала академиясы болған, өзі би, өзі жырау, өзі дипломат,
өзі мемлекет қайраткері, замана данасы, қазақ мемлекетін бүкіл еуразиялық биігіне көтеруге үлкен
үлес қосқан Бұқар жырауды да еске ала кеткен жөн. Мұқтар Әуезов айтып кеткендей, «тыныштық
заманда қиюы қашып, арасы ашылған қарындасты табыстырып, қысылшаң заманда сасқан елге жол
табатын, бет нұсқайтын, кемеңгер, көрегені болған» билер мен жыраулар қазақ тарихында легион десе
де болады. Мен осы арада ақындық пен жыраулық, тапқырлық пен шешендік, ерлік пен елдік дала
перзентінің төл қасиеттері екенін баса айтқым келеді»,- деп ағынан жарылады [4].
Өз ұлтының адал ұлы ретінде, тарихшы-ғалым ретінде, қайраткер ретінде де танылған акаде-
мик Манаш Қозыбаев тәуелсіздік жолында күресе отырып, ғасырлап барып қол жеткізген киелі
тәуелсіздігімізді қорғайтын да, тұғырының биік болуын қамтамасыз ететін де халқымыздың ұлттық
намысы мен ұлттық рухы деп насихаттап өтті. Сондықтанда М. Қозыбаевты өз шығармашылық
ғұмырында ұлттық намыс пен рухтың жаршысы ғана емес, өнегелі өмірінде оның үлгісін өз ісімен
танытқан, ғылыми еңбектерімен әйгілеген намысы да, рухы да өр тұлға болғандығын мақтан етеміз.
Ғалымның көркемсөздің иесі болғандығын ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек
Салықов: «Тарихи еңбектерін қарасақ, солардың ішінде Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Қожаберген
жырауларды керемет біледі де, солардан сусындап, соларды жалғастырғандай сөйлейді. Ақындығын
көрсетіп, ұйқасқа да шауып кетеді» деп бағалайды [5]. Тарихшы-ғалым М. Қозыбаевтың ақындығы
«Жұлдызым менің» атты естеліктеріндегі өлең топтамаларынан көпшілікке белгілі [6].
Ойымызды академик К.Сағадиевтің: «Публицистиканың бастауы, оның жалынды болуы шешен-
дік, көсемсөздік шеберлікпен байланысты екені баршамызға мәлім. Көсемсөздік шеберліктің негізінде
туған публицистика қай кезеңде болса да ойыңды тербетіп, санаңды өткірлейтін, ұрпақтан ұрпаққа же-
тетін бағасы жоқ мұра. Сондықтан да сонау ықылым заманнан бері Демосфен мен Цицеронның, олар-
дан кейінгі Вольтер, Руссо, Дидроның, өз ұлтымыздың даналары Бұхар жыраудың, Ахмет Байтұсынов
пен Әлихан Бөкейхановтың ұтымды да өткір, сыры терең нақыл сөздері баршамыздың ортақ мұрамыз
болып келе жатқан жоқ па. Бүгінгі заманда Ғабит Мүсіреповтің, Зейнолла Қабдоловтың, Әбіш
Кекілбайұлының, Манаш Қабашұлының көсемсөздің майталман шеберлері екендігіне ешкім шек кел-
тірмейді. Сондықтан да олардың еңбегі тек қана біздің емес, келешек ұрпақтың құрметіне де әбден
лайық» деген пайымдауымен қорытындылауды жөн көрдік [7].
Әдебиеттер
1. Қозыбаев М.Қ. Жауды шаптым ту байлап. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 192 б.
2. Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі. 1, 2-кітап. Алматы: Ғылым, 1999. -344 б.; -280 б.
3. Қозыбаев М.Қ. Өркениет және ұлт / Құрастырған. З.М. Төленова. - Алматы: Сөздік-Словарь, 2001. -369 б.
4. Қозыбаев М.Қ. Ежелден бірлікті аңсаған // Егемен Қазақстан. – 1993. - 19 маусым
5. Салықов К. // http: // kaztrk.kz/kaz /news/kultura/ Manash_Kozibaev ulttik tarihti kajta zhangirtushi.html
6. Қозыбаев М. Қ. Жұлдызым менің / Құрастырған: З.Төленова. -Алматы: Арыс, 2001. - 240 б.
7. Сағадиев К. Ұлт ұлағатының жаршысы // Егемен Қазақстан. – 2011. – 1 қараша
105
МҰХАМЕТЖАНОВА Н.А.
т.ғ.к., доцент,
Шәкәрім ат. Семей мем. унив.
ОТАН ТАРИХЫН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ҚОЛДАНУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазіргі таңда келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқытушылардың
инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі — маңызды мәселелердің
бірі. Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамы-
тып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен
жетістіктерге жетелейді.
Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық
қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір оқытушы
үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа оқытушы үшін өтілген материал тәрізді.
Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған
анықтамаларын қарастырып, талдай келе бұл ұғымның түп-төркінін белгілі уақыт арасында жаңашыл
идеяны қайта қарау, жаңалау деп айтқанды жөн. Сәл ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып жүрген
идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзі инновациялы деп аталған. Осыларды негізге ала отырып,
инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті
«жаңа әдістеме құралы» деп ұғуға болады [1].
Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеу-
лерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырады. Мемлекеттік білім
стаңдарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндет-
тейді. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-
жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік,
адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін
тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі [2, 3 б.].
«Халық пен халықты теңестіретін - білім» - деп қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай,
білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу – біздің мақсатымыз. Сондықтан да, жаңа жаңалықтардан
қалмай жаңалық жаршысы болып, үнемі білім алып ақпараттық дәуірдің белсенді мүшесі болу ке-
рек.Бұл мақсаттарға жету үшін оқытушының ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа қарым қатынас жасау
қажеттілігі туындайды. Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту – арқылы таным
әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. Мақсаты – оқу үрдісінің өнімділігін арттыру.
Белгілі ғалым М.М. Поташник: «Инновация – оқу бағдарламасын меңгертуде мұғалімнің оқытудың
жаңа әдістемелері мен технолоиияларын тиімді игеруі» - деп анықтама берсе, Н.Ф. Талызина:
«Инновациялық технологияларды қолданудағы негізгі міндет; сабақ үрдісінде белгіленген мақсатқа
жетуде ең тиімді әдістерді таңдай білу» - деп анықтайды. «Өмірлік білімнен – баршаға өмір бойы
игерілетін білім» қағидасы білім ордасында оқу – тәрбие үрдісінде қолдану ісі өз көрінісін табуда.
Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табы-
латын идея» [3]. Майлс «Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге
асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді. «Бүгінгі ұстаздың бірінші міндеті – оқушыға бүкіл өміріне азық
ете алатындай жан – жақты білім беру» - деген президентіміз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында [4]. Қазіргі
білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан – жақты ұрпақ
шығару мүкін емес.
Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай
Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің
жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы
ұсынады [5, 56].
Еліміз егемендік алған алғашқы жылдарынан бастап білім беру ісіне аса мән берілуде. Бүгінгі
ғаламдастыру дәуірінің талабына сай білім беру барысында оқушының жеке тұлғасын жан-жақты
жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін дамытумен қатар ғаламдық ой-санасын қалыптастыруға
ерекше назар аударылуда.
Ғылым мен техниканың дамуымен әлеуметтік өмір деңгейі де өзгеріп отырады. Осының бәрі табиғат
байлығына адам миы мен күшінің жұмысынан туады. Әр адамның ойы мен білімі әр қоғамға қандай
керек болса, табиғат пен оның байлығы да сондайлық керек. Мұның өзі дүние бір бірімен байланыста
дамитынын ондағы адам мен қоғам аралық қатынасты да қадағалай білген жөн.
106
2010 жылғы 7 желтоқсанында №118 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2011
– 2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы» жеткіншектеріміздің
жоғары сапалы білім алып, жан-жақты дамуын көздейді. Өйткені, адамзат ақыл-ойы мен әлем өркениеті
дамыған сайын білім жүйесіне жаңа талаптар қойылып келеді.
Елбасы Н.Назарбаев: «Дамыған елдердің тәжірибесі ұлттық гүлденуі негізінен үш шешуші
фактормен: соны ғылыми жаңалықтарды игерумен, білімнің деңгейімен және қызметкерлердің
мамандандырылған кәсіби деңгейімен айқындалатынын көрсетеді» деген сөзіне орай білім саласын-
да қызмет ететін мамандардың әлеуметтік-экономикалық реформаларға негізделген үздіксіз білім
беру жүйесінің жалпы ғылыми-әдістемелік, оқу-әдістемелік және жеке жоспарлар бойынша жұмыс
жүргізуіне итермелейді.
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру дамыту туралы тұжырымдамасының»
басты мәнділігі - ол үздіксіз білім жүйесінің негізгі иедеялары мен қағидаларын XXI ғасыр талаптары-
на сәйкестендірудің және оны әлемдік білім кеңістігінің даму заңдылықтарына ұштастырудың жолда-
рын көрсетуге арналып отыр.
Тұжырымдаманың басты ерекшелігі мен артықшылығы білім берудің ұлттық жүйесін қайта
құрудың принципті жаңа идеяларын ұсынуында болып отыр.
Инновациялық процестерді ендіру үш өзара байланысты күштер анықталады: енгізілген техно-
логияның ерекшеліктерімен; жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен; жаңалықты енгізу жолдары-
мен.
Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады.
Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру
қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адам-
ды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру
барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды да-
ярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам тала-
бы. Болашақ мамандардың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға даярлықты
қалыптастыру мына көрсеткіштерді қамтиды:
Мотивациялық өлшемдеріне танымдық қызығуды қалыптастыру бейнесі жатады. Оған болашақ
мамандарды қалыптастыру, құндылық қарым-қатынас, болашақ маманның өзінің кәсіби шеберлігін
дамытуға талпынуы, болашақ мамандығын ерекше жақсы көруі, ұрпақ тәрбиесінде ұстаздың жетек-
ші орнын сезінуі, кәсіби жеке біліктілік деңгейін көтеруге бағыттылығы, инновациялық іс-әрекетке
ұмтылу әрекеттері кіреді.
Мазмұндық өлшемдеріне болашақ маманның жалпы мәдениеттілік дайындығы мен мәндік
әдіснамалық дайындығының деңгейі, мамандығы бойынша білімі, педагогикалық біртұтас білім
жүйесі, біртұтас педагогикалық үрдістің заңдылықтары мен қозғаушы күштерінің жалпы теориялық
білім негіздерімен қарулануы кіреді. Оған біртұтас педагогикалық үрдістің теориялық негіздерін және
жеке тұлға теориясының ғылыми негіздерін меңгеруі, педагогикалық іс-әрекет теориясының негіздерін
білуі, білім алушылардың барлық мүмкіндіктерін пайдаланғанда инновациялық іс-әрекеттің көбіне
нәтижелі болатындығын сезіне алуы жатады.
Бейімділік өлшемдерін болашақ маманның барлық жағдайға бейімделе алу қабілеті артады: бейім-
ділік жағдаятына бағдарлана алуы, микроорта өзгерістеріне сай қолайлы инновациялық педагогикалық
технологияларды таңдай алуы. Бейімділік өлшемдері болашақ маманның білімгер мәртебесінен
оқытушы, ұстаз мәртебесіне ауысуының ерекшелігін сезіне білуімен бейімділік іс-әрекетті жүзеге
асырудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана алуларымен ерекшеленеді.
Танымдық өлшемдері болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны жедел тани алуымен,
өзін кәсіби жүзеге асырудың нәтижелі әдіс-тәсілдерін пайдалануымен, инновациялық педагогикалық
технологияларға қызығу танытумен ерекшеленеді. Оған болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған
ортаны біліп тануы, кәсіптік білімін өз тәжірибесінде қолдана білуі, инновациялық педагогикалық тех-
нологияларды оқып меңгеруі, үйренуі жатады.
Іс-әрекеттік өлшемдері болашақ маманның өзінің кәсіби іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттерін
анықтай алуы және педагогикалық қарым-қатынастық үрдісті тиімді жүзеге асыра алуымен өлшенеді.
Оған болашақ маманның өз пәнін жете меңгеруі, біртұтас оқу-тәрбие үрдісінің психологиялық,
педагогикалық негіздерін білуі, педагогикалық үрдісті жоспарлап, жүзеге асыра алуымен өлшенеді.
Технологияның өлшемдері оқытудың әдістемелік мақсаттары, оқыту үрдісі, оның міндетттерін
анықтай алуы, оқытудың нәтижесін болжай алуы және психологиялық -педагогикалық білімдерді
меңгерумен анықталады. Оған болашақ маманның біртұтас оқу- тәрбие үрдісінде сабақты тиімді
ұйымдастыра білуі, оқушылармен ынтымақтастық қарым- қатынасты жүзеге асыра алуы, біртұтас
107
педагогикалық үрдісті диагностикалай алуы және сабақтың нәтижесі жоғары болатындай ең тиімді
педагогикалық технологияны таңдай алуы қажет.
Шығармашылық өлшемдеріне шығармашылық ептілікті, шығармашылық белсенділікті болашақ
маманның шығармашылық-ізденушілік дамыту кіреді. Оған болашақ маманның ғылыми – зерттеу
жұмыстарына өзіндік талдау жасай алуы, өз білімін көтеруге, жетілдіруге талпыныстың болуы мен
инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануға өзіндік жаңалықтар, өзгерістер енгізумен және жаңалықты
шығармашылықпен қолдана алуымен сипатталады.
Осы аталған көрсеткіштердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, нәтиже құралады. Білім
жалпы, кәсіби, техникалық, арнайы білім болып бөлініп кәсіппен ұштасады. Ал кәсіп – мамандық
таңдау, мамандықты меңгеру. Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет. Іскерлік – оқу, білім,
кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар, дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін іс-
әрекетті меңгеру қажет. Іс-әрекет әрекеттен, операция, қимыл-қозғалыстан тұрады. Барлық үрдіс бай-
ланыса орындалғаннан соң нәтиже көрсеткіші пайда болады [6, 58].
Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе,
мынадай тұжырым жасауға болады:
білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология
түрлері сан алуан, оларды таңдау және одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей
байланысты;
жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде
ғана жетістікке жетуге болады;
жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-
техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп
кедергі жасайды .
Тарих соның ішінде отан тарихы жас жеткіншектерді жеке адам ретінде қалыптастыруға, ой-өрісін
дамытуға, өзінің түп-тамырларын білуіне, казіргі заманның күрделі проблемаларын дұрыс шешу-
ге көмектеседі. Тарихты оқытудың басты мақсаты оқушыларға оның жерін ежелгі заманнан бүгінге
дейін мекендеп келген адамзат жүріп өткен тарихи жолдың аса маңызды фактілерін, оқиғаларын,
құбылыстарын оқып үйрету, адамдар жинаған әлеуметтік, рухани, адамгершілік тәжірибені меңгерту,
сол арқылы жас ұрпақтың тәуелсіздік жолында Қазақстанның жаңа қоғамды құруға белсене қатысуына
және Қазақстан мен дүниежүзінің тағдырына деген жоғары жауапкершілік сезімін қалыптастыру бо-
лып табылады.
Қазіргі еліміздің даму қарқыны мемлекет құрылысының барлық салаларына әсер етуде. Бүгінгі
тәуелсіз еліміздің болашағы мектеп қабырғасында тәрбиеленіп, ауқымды жан-жақты білім нәрімен
сусындаған жас ұрпақтың тәжірибесіне байланысты. Оқушылардың жаңа тұрғыда дүние танымдық
көзқарасын байыту, ақыл-ой өрісін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру
мектеп ұстаздарының шеберлігіне, шығармашылық білімділігіне байланысты.
Жаңа заман талабына сай теориялық білімді игеру мен жаңғырту, технологиялық процестерді
үздіксіз қолдану арқылы ғана үйреткенде оқушылардың алған білімі мен біліктілігі жаңаша да шы-
найы, нақтылы қалыптасады.
Әр уақытта ізденімпаздықпен көрсетілген білім мен біліктіліктің маңызы өте зор болады. Ендеше,
қазіргі өркениет пен ғылыми-техникалық революцияның қарыштап дамуы, Елбасы жолдауындағы
мемлекет мәртебесінің дүниежүзілік додада көші ілгері болып, мемлекетті басқарудың электрондық
жүйесін біртіндеп іске асыру өмір талабы деп түсінсек, тарих пәнін оқытуда ақпараттану құралдарының
алатын орны ерекше.
Сызба №1
Оқу құралдары,
қосымша әдебиеттер
Теледидар, радио
Достарыңызбен бөлісу: |