Қазақстан тарихшыларының Ұлттық конгресі қазақстан тарихы: инновациялық ТҰжырымдамалар мен дәуірлеу



Pdf көрінісі
бет16/39
Дата03.03.2017
өлшемі3,02 Mb.
#6455
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39

Тарих 
БАҚ 
Шетелдік ақпарат 
құралдарын ағылшын, 
орыс, қытай тілдерінде 
жазу 
Ақпараттық білім 
беру 
Электрондық оқу  
құралдары 
Компьютер,  
интернет 

108
Сондықтан  Елбасы  1997 жылы  «Ақпараттандыру туралы» жарлыққа қол қойды. Демек, бүгінгі 
заманның  ақпараттық  және  телекоммуникациялық  технологиясын  игеру  әсіресе  орта  мектеп 
мұғалімдерінің басты міндеті [7].
Оқытудың компьютерлік технологиясының мақсаты – ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру 
және  қатынас  қабілетін  дамыту,  «ақпараттық  қоғамға»  түбегейлі  бетбұрыс  жасау.  Қорыта  келгенде 
ақпарат құралдарын тиімді пайдаланудың бірнеше артықшылықтары бар:
1. Оқушылардың танымдық мүмкіншілігін өсіреді.
2. Оқыту үрдісіне оқушының өзінің қатысуы оның ойлау қабілеті мен ынтасын арттырады.
3. Оқушыны өмірдегі тарихи құбылыстарды, оқиғаларды өзінше бағалауға, талдауға бейімдейді.
  Ал  тарих  сабақтарында  көрнекі  құралсыз  оқушыларды  сабаққа  ынталандыру,  олардың  алған 
білімдерінің тиянақты, баянды болуы қиын.
Сондықтан да оқушылардың ақпараттық мәдениетін көтеру үшін әрбір пән сабақтарында компью-
терді қолдануды жолға қою керек [8].

сабақ барысында компьютерлік мүмкіндіктерді пайдаланып, слайдқа түсіру;

интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу;

сөздік жұмыстарын компьютерге микрафон арқылы жаздырып, тыңдалым қабілеттерін артты-
ру;

мәнерлеп оқу дискілерін пайдалана отырып, диктор даусымен өлеңдерді тыңдату;

арнайы дайындалған электронды оқулықтар арқылы өтілетін тақырып төңірегінде оқушыға 
жан-жақты білім беру;

әр түрлі тесттік тапсырмалар мен басқа да компьютерлік нұсқадағы тапсырмаларды өз бетінше 
ойлана отырып, шешімін табуға мүмкіндік беру т.б
Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының 
бірі  –  ақпараттық  технология.  Ақпараттандыру  технологиясының  дамуы  кезеңінде  осы  заманға 
сай  білімді,  әрі  білікті  мамандар  даярлау  -  мұғалімнің  басты  міндеті.  Қоғамдағы  ақпараттандыру 
процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды 
талап етеді.
Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік 
беретін  аса  маңызды  құралдардың  бірі.    Мектепте  ақпараттық  технологияларды  пайдалану  мен 
оқушылардың  ақпараттық  құзіреттілігін  қалыптастыру  атты  баяндамамда  қазіргі  заман  талабына 
сай  ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және интернет ресурстарын пайдалану 
студенттің білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретіндігі  туралы ба-
яндалады. 
Тарих пәні  мұғалімдері үшін ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
• 
оқушының өз бетімен жұмыс істеуіне;
• 
уақытын үнемдеуге көмектеседі;
• 
білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексереді;
• 
қашықтықтан білім алу мүмкіндігі  туындайды;
• 
қажетті ақпаратты жедел  алуға  мүмкіндік береді;
• 
экономикалық тиімді;
іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде (би өнері,  қол еңбегі, 
дене шынықтыру сабақтары т.с.с.) көп көмегі бар;
• 
қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктерін оқушының 
ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор [9].
Қазіргі алға дамып бара жатқан ХХІ ғасырдағы қоғам үрдістері бүгінгі өскелең ұрпаққа қат-қабат 
міндеттер  қойды.  Солардың  бірі  білім  саласында  оқушыларға  осы  заманғы  сай  білім  жүйесі,  білім 
әдістерімен сабақ беру. Яғни, бұл орта мектептерде тарих пәнінен сабақ беруде компьютерлік техно-
логияны пайдаланып оқыту тәсілдерін қолданудың тиімділігі болып табылады. Оқытудың ойындық 
формасын тарих сабақтарында қолданып оқыту оқушыларды сол өтіліп жатқан материалдағы заман 
кезеңіне тереңірек үңілуге, сол кез лебін сезінуге, белсенді лидерлік етуге итермелейді.
Қазақстан тарихы пәнін инновациялық оқытудың бір түрі – мультимедиялық оқулықтар болып та-
былады. 
Мультимедиялық фильмдер мемлекеттік тілде, диктордың дауысымен дыбысталған.  Ол фильмде 
белгілі тақырып бойынша анимациялар, гипертекст, жылжымалы карточка түріндегі тапсырмалар, әр 
модульге жинақталған тест сұрақтары мен «Отырар», «Айша Бибі», «Қожа Ахмет Иассауи», «Арыстан 
баб», «Жоңғар» деп аталатын видеофильмдер бар [10].

109
Инновациялық оқытудың тарих пәнінде артықшылығы күнделікті құлақпен еститіндерін, бір мез-
гілде экран арқылы көзбен көріп оқу арқылы, білімгерлердің терең білім алуына барынша жағдай жа-
салады деп ойлаймын.
Мұғалім сабағында ақпараттық технологияның  тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі.  Ақпараттық 
технологияны  пайдалану  іс-тәжірибесі  тиімді  әдіс  деп  ойлаймын.  Тарих  пәніндегі  ақпараттық 
технологияның    ролін  арттыру  үшін  жаңа  заманға  сай  жабдықталған   информатика  кабинеті  бо-
луы  керек.  Информатика  кабинеттеріне  локальді  желі  орнатылса.  Онда  мектептің  оқушылыры  мен 
оқытушыларының  ақпараттық  оқу  құралдарын  пайдалануға  және  әлемдік  ақпарат  жүйесіне  еркін 
еніп, өз білімдерін тұрақты жетілдіруге мүмкіндік туады. Мектептегі   әдістемелік қызметтің негізгі 
мақсаты – «Оқу жүйесіне жаңа технологияларды енгізу». Осы мақсатта жаңа технологияларды оқу 
үдерісіне енгізуде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Тарих пәні мұғалімдері жаңа заманға сай оқыту 
технологияларын пайдаланумен қатар пәндеріне сәйкес келетін электрондық оқулықтарды алып, олар-
ды сабақ барысында кеңінен қолдануда. Оқытушылар мен оқушылардың көпшілігі дербес компьютер-
ді меңгерген, арнайы білім курстарының сертификаттарына ие болған.
Қазіргі  таңда  әдістемелік  кабинетте  медиотека  жасалып,  онда  мұғалімдердің   30  электрондық 
сабақтары  бар.    Білім  –  болашақ    бағдары,  кез-келген  маман  даярлайтын  оқу  орнының  басты 
міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзірет - оқушының жеке және қоғам та-
лаптарын қанағаттандыру  мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік 
тапсырыс. Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. 
Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге 
асыру  және  ақпараттық  –  коммуникациялық  технологияның  мүмкіндіктерін  жан-жақты  қолдану 
қабілеті [11].
Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог 
өз ойын жүйелі түрде  жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, ин-
терактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім 
болуы тиіс.
•  білім   беретін  оқу  орындарын  қазіргі  заманға  сай  жаңа  ақпараттық  құрал  –  жабдықтармен 
жабдықтау, интерактивті тақталармен, мультимедиялық кабинеттермен  және арнаулы пәндер бойын-
ша электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету;
• Тарих пәнін оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану бойынша білім жетілдіру 
курстарын жиі ұйымдастыру.
Президент  Н.Ә.  Назарбаев  жыл  сайынғы  жолдауында  білім  саласына  инновациялауға  ерекше 
басымдылық  беріп  отыр  «инновациялық  дамуда  Қазақстанның  өз  базасын  жасау  қажеттігін,  ең  ал-
дымен инноваторларды,  жаңа буынның технократтарын дайындау маңызды міндеттерді жүзеге асы-
ру». Сондай-ақ, Жолдауда көрініс тапқан экономикамыздың жетекші бағыты болып саналатын шағын 
және орташа бизнесті қаржыландыру, жұмыссыздықты азайту, тілдерді дамыту, демографиялық аху-
алды жақсарту, инновациялық кластерлердің инфрақұрылымын жаңғырту секілді маңызды шарала-
рын  ұйымдастыруын тапсырды [12]. Ондағы басты мақсат – барлық деңгейдегі білім берудің тиімді 
жүйесін қалыптастыру және жаңа сапаға көшуге дайындау, ғылыми- зерттеулерді әлемдік деңгейге 
шығару және оны инновациялық үрдістерге қатыстыру.
Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  биылғы  Жолдауында  оқыту  үдерістеріне  қазіргі  заманғы  әдістемелер 
мен технологияларды енгізу мәселелері кеңінен баяндалған. Осы бағытта мемлекет тарапынан ауқым-
ды жұмыстар атқарылуда. Арнайы министрліктер мен оқу орындары әдістемелер мен технологиялар-
ды жіті меңгеріп, халықаралық тәжірибені толық зерделеуде. Аталған бағыттағы ауқымды жұмысты 
еліміздің білім беру жүйесінің көшбасшылары – Назарбаев Университеті мен Назарбаев Зияткерлік 
мектептері атқарып келеді. Мұнда өте білікті оқытушы және ғылыми құрам шоғырланған. Аталған 
мекемелер  тарапынан  оқыту,  зерттеу  және  инновация  мен  оны  іс  жүзінде  меңгеру  салаларында  ең 
алдыңғы қатарлы жетістіктер мен тәжірибелерге үнемі іздеу жүргізілуде. Қазақстанның жинақталған 
тәжірибесіне ыңғайлы, әлемдік ең жоғары үлгіге сәйкес келетін ұжымдық басқару жүйесі құрылуда. 
Солардың ішінде білім беру саласының орны ерекше. Президент білім беру жүйесін жаңғырту ба-
ғытында алдымызға ұлан-ғайыр міндеттер қойды. Оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен 
технологияларды  енгізу  уақыт  талабы  айқындап  отыр.  Сонда  ғана  Қазақстандық  білім  беру  жүйесі 
одан әрі өркендеп, халықаралық стандарттарға теңесетін болады. Соңғы жылдары отандық білім беру 
мен  ғылым  салаларының  дамуы  жүйелі  сипат  алғаны  үміттендіреді.  Оқыту  үдерісіне  осы  заманғы 
әдістеме мен технологияларды енгізу, «Назарбаев университеті», «Назарбаев зияткерлік мектептері» 
тәжірибесінен үйрену, профессор-оқытушылардың сапалық құрамын жаңарту, біліктілікті растаудың 

110
тәуелсіз  жүйесін  құру,  жастардың  білім  алуға  қолжетімділігін  кеңейту,  тәрбиелік  құрамдарды  ны-
ғайту сияқты мәселелер бәсекеге қабілетті тұлғаның қалыптасуына алғышарттар жасайды. Бір сөзбен 
айтқанда, тарихи құжатта толыққанды білім беру қағидаттарының парадигмасы белгіленіп берілді.
Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған кезекті жолдауында оқу үдерісіне осы заманғы 
әдістеме мен ақпаратты технологияны енгізу қажеттігін атап көрсетті. «Қазіргі кезде кезең-кезеңмен 
электронды құжат айналымына көшу жүзеге асып келеді. Жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық 
технология  кеңінен  қолданылады.  Ақпараттық  технологияны  белсенді  меңгеру  ісінде  ақпараттық 
сайтты  қайта  құру  жұмысын  бастап  кеттік.  WAP-портал  инновациялық  жобасының  іске  қосылуы 
студенттердің,  ата-аналардың  емтихандар  кестесін,  рейтинг  нәтижесін  және  аттестаттауды  көруіне 
толық мүмкіндік береді» [13] деп, білім саласындағы инновацияның жаңа бағыттарына тоқталады.
Бүгінде оқу-әдістемелік базаны кредиттік технологиясыз көзге елестетудің өзі қиын. Университеттің 
барлық  ақпараттық  ресурстары  корпоративті  клиенттерге  электронды  қызмет  ұсынуға  жұмыл-
дырылған.  Оқу  үрдісіне  оқытудың  интерактивті  технологиясын  енгізу,  оның  ішінде,  бейнеконтент-
пен  қашықтықтан  оқыту  технологиясын  қолдану,  инженерлік-техникалық  мамандықтар  бойынша 
материалдық-техникалық базаны нығайту, электронды оқу залдарының санын көбейту, ғылыми-зерт-
теулерді ұйымдастыру кеңінен жалғасып келеді.
Елбасының  тапсырмасымен  мектепке  дейінгіден  жоғары  оқу  орындарына  дейінгі  және  одан 
кейінгі  білім  беру  саласының  барлық  деңгейінің  сапасын  тексеру  тізбегі  құрылды.  Бұл  –  орталық 
және жергілікті басқару органдарымен тығыз қарым-қатынас орнатуға, оқытудың сапасын түзетуге 
және арттыруға жасалған салиқалы қадам. Сондай-ақ, қамқоршылар кеңесін құру арқылы білім беру 
жүйесінің қоғаммен өзара байланысының жаңа механизмі қалыптасуда.
Қорытындылай келе, Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында «Біздің жастарымыз оқуға, 
жаңа  ғылым-білімді  игеруге,  жаңа  машықтар  алуға,  білім  мен  технологияны  күнделікті  өмірде  ше-
бер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен 
қамтамасыз етуіміз керек....» [14] деп, Қазақстан жастарының алдына жаңа міндетткерліктер жүктейді. 
Осы міндеттерді іске асыру мақсатында, болашақ мамандарға жан жақты сапалы білім беру, кәсіби ше-
берлікті қалыптастыру үшін жаңа инновациялық технологияларды меңгеру, оқытудағы тиімді шара-
ларды  дамыту негізінде ЖОО-ы мен халықаралық университеттер арасында тығыз байланыс орнаған. 
Осы  бағытты  жүзеге  асыру  мақсатында  Шәкәрім  атындағы  Семей  мемлекеттік  университетінде 
академиялық ұтқырлық бағдарламасының қолға алынып,   студенттеріміздің әлемдік білім кеңістігіне 
шығуына жол ашты. Биыл да біздің университетіміздің тарапынан жеті студентіміз АҚШ, Еуропа уни-
верситеттеріне 1 семестрде оқуға барды.
Академиялық  ұтқырлық  дәстүрлі  шетелдік  тағылымдардан  ерекшеленеді,  өйткені,  біріншіден, 
студенттер шетелге оқуға белгілі шектеулі мерзімге ғана кеткенімен, оқу бір семестрден бір оқу жы-
лына  дейін  созылады,  екіншіден,  мұндай  тағылымдамада  олар  толыққанды  білім  алады,  тек  тілді 
меңгерумен немесе жекелеген пәндерді игерумен ғана шектелмейді, керісінше, толық семестр немесе 
жылдық курстан өтеді, бұл дегеніміз – студенттің білімі базалық жоғары оқу орнына қайтып келген 
сәттен  жалғасып есептеледі. «Базалық ЖОО» деп біз студенттердің алғашқыда оқуға түсіп, дипломын 
алғысы келген ЖОО-ны айтамыз. Сондай-ақ, отандық тарихты оқытуда, болашақ мамандардың тарихи 
танымын көтеру үшін тарих мамандығының студенттеріне «Өлкетану тарихы, Қазақ диаспорасының 
қалыптасу тарихы» пәндерін  кафедра профессоры Атантаева Бакыт Жумагазиевнаның дәрісі ағылшын 
тілінде жүргізілуде. 
Қазақстан тарих пәнін 7-11 сыныптар арасында орыс тілінде оқитын оқушылар үшін «Осы жаңа 
технологияларды қолданудағы басты бағытты жүзеге асырып отырған Семей қаласындағы Физика-
математика бағытындағы «Назарбаев зияткерлік мектебінде  «Қазақстан тарих» пәнін оқытудағы жаңа 
бастама «интеграция» (кіріктендіру) арқылы қазақ тілін дамыту мақсатында орыс тілінде білім алатын, 
оқушыларға «Қазақстан тарих» пәнін қазақ тілінде оқыту биылғы оқу жылынан бастап қолға алынып 
жүзеге  асырылуда.  Осы  негізде  «Қазақстан-2050»  стратегиялық  бағдарламасындағы  білім  саласын-
да атқарылуды қажет ететін инновациялық технологияларды қолдана отырып, жастарды патриоттық 
тәрбиеге қалыптастыру үшін «Назарбаев зияткерлік мектебінде  Шәкәрім атындағы Семей мемлекет-
тік университетінің оқытушыларының қатысуымен конференция болып өтті. Ондағы негізгі мақсат
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және насихаттау, 
«Қазақстан-2050»  стратегиялық  бағдарламасын  оқып  оқушылардың  білімін  тереңдету  және  жетіл-
діру,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Жолдауын  оқуға  үйренушілердің  қызығушылығын 
арттыру,оқып  үйренушілердің  саяси  және  сындарлы  ойлауын  дамыту,  патриоттыққа  тәрбиелеу, 
азаматтық жауапкершілігін арттыру.

111
Президент Н.Ә. Назарбаев : «Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер 
Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер. Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің – 
елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті 
күш» [14] деп жастарға зор үміт артады. Осы негізде Отандық тарихты оқытуда жастарды патриоттық 
тәрбие  бере  отырып,  тарихты  жаңа  инновациялық  технологиялармен  оқытуға,  сондай-ақ,  әлемдік 
тәжірибенің ірі жетістіктерін қолдана отырып, бәсекеге қабілетті маман даярлау бүгінгі таңдағы білім 
берудің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Әдебиеттер
1.  Мұсабек  А.  Заманауи  білім  берудегі  инновациялық  технологияларды  пайдалану  ерекшеліктері//«ТМД 
мүшелігіндегі    елдердің  білім  беру  қызметкерлерінің  біліктілікті  арттыру  жүйесіндегі  интеграциясы», 
Халықаралық ғылыми конференцияның материалдары. -  27-28 қазан 2011 жыл
2.  Демеуова Ләззат. Ғаламдық ойлауға бейімдеу //Қазақстан мектебі.-2003. - №12.- 3 бет. 
3.  Раджерс Э. Инновация туралы түсінік //Қазақстан мектебі. - 2006.- №4.
4.  Бөрібекова Ф.,  Жанатбекова,  Кусаинова А.А.Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерек-
шеліктері//ҚазҰМУ Хабаршысы. - 2012. - №3.
5.  Назарбаев  Н.  «Қазақстан  -  2030»  Барлық  қазақстандықтардың  өсіп-өркендеуі,  қауіпсіздігі  және  әл-
ауқатының артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. - Алматы: Білім, 1997.- 176 б.
6.  Бөрібекова Ф.,  Жанатбекова,  Кусаинова А.А.Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерек-
шеліктері//ҚазҰМУ Хабаршысы. - 2012.- №3.
7.  www.teknology.kz.
8.  Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың  Қазақстан 
халқына Жолдауы. – Астана: Елорда, 2008.-Б 4-8
9.  ӘбджәлиевН.  Тарих  сабақтарында  компьютерлік  технологияны  пайдаланып  оқыту  әдістерін  қолдану  // 
Қазақстан тарихы әдістемелік журнал. - 2010. - № 7. - 54-56 б.
10. ЖұмабаеваА. Қазақстан тарихын оқытудағы инновациялық технологияларды пайдалана білудің тиімділігі. 
Қазақ тарихы. -2012. - № 7. - 33-36 б.
11.  Рысбаева А. Ақпараттық технологияның оқушы қызығушылығын арттырудағы орны // Қазақ мектебі. 
12. Назарбаев Н.Ә.  «Болашақты бірге қалаймыз!» Қазақстан Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. - 
Астана қаласы: Ақорда. 28.01.2011ж
13.   Н.Ә.  Назарбаев.  Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  -Қазақстан  дамуының  басты  бағыты  //  Егемен 
Қазақстан28 қаңтар, 2012. 
14.  Н.Ә. Назарбаев. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты // Егемен 
Қазақстан, 15 желтоқсан, 2012.
ЕҢСЕНОВ Қ.А.
т.ғ.к., МТИ
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ТАРИХНАМАСЫ (1991-2011 жж.)
Қазіргі заман тарихын зерттеудің басты бағыты ел тарихына қатысты жарық көрген тарихи еңбектерді 
тарихнамалық тұрғыдан талдаулар жасау, маңыздылығы мен шынайылығына баға беру болып табы-
лады. Отандық тарих ғылымы саласы бойынша ел тарихына қатысты жарық көрген отандық, ресей-
лік және шетелдік ғалымдардың зерттеулеріне талдаулар жасау мен баға беру бүгінгі күннің талабы. 
Себебі, тарих ғылымының тарихнама саласының ғылыми зерттеулер жүргізудегі атқаратын қызметі 
белгілі бір кезеңге байланысты немесе оқиғаларға байланысты талдаулар жасауға бағытталады.
Еліміздің тәуелсіздік алғаннан бүгінгі күнге дейінгі уақытта көптеген тарихи  еңбектер жарыққа 
шықты.  Бірақ,  олардың  ішінде  тарихнамалық  тұрғыдан  талдаулар  жасаған  еңбектер  жетіспейді. 
Сондықтан, тәуелсіздік тарихына арналған зерттеулерге тарихнамалық зерттеу жасау бүгінгі күннің 
талабы. Мұндай зерттеу жұмыстарының атқарылуы барысында тарихнамалық сараптамалар жасалып, 
тарихымыздың өткені талқылаудан өткізіліп, келешек бағдарлары көрсетіледі.
Қазақстанның қазіргі заман тарихы бүгігі әлемдік тарихтың құрамды бөлігін құрайды. Сондықтан, 
егеменді еліміздің тарихи оқиғалары мен құбылыстарына қатысты жазылған еңбектерді сын елегінен 
өткізіп, тарихнамалық талдау қорытындыларының нәтижесінде зерттеу жұмыстарының артықшылығы 
мен  кемшілігі  анықталып,  болашақта  ескеруді  қажет  ететін  бағыттары  анықтала  түседі.  Жалпы, 
Отандық  тарих    ғылымының  жетістіктерін  саралап,  болашағына  бағдар  жасау  үшін  тарихнамалық 
зерттеулер аса қажет. 

112
Тарихнамалық  талдаулардың  ерекшелігіҚазақстанның  қазіргі  заман  тарихына  қатысты  тарихи 
еңбектер тарихнамалық талдауға түсіп, нақты сараптама жасалатындығында. Сондай-ақ, мемлекетіміздің 
тәуелсіз ел ретінде қалыптасуы, оның тұтастай тарихының жазылуы, зерттеу еңбектерінде көрініс та-
буын зерделеу қажет. Жалпы, Отандық тарих саласы бойынша тарихнамалық жүйелі зерттеулер жазу, 
зерттеуді қажет ететін мәселелерді анықтап, бағыт-бағдар жасау болашақ үшін игілікті іс болып табы-
лады.
Тарихнамалық  зерттеудің  мақсаты  тарих  ғылымының  қалыптасу,  даму  кезеңдерінің,  шетелдік 
тарихнаманың негізгі мәселелерін талдау. Қазақстан тарихнамасын зерделеу, негізгі тарихи мәселелер 
бойынша жарық көрген монографияларға талдау жасау арқылы жүзеге асырылады. 
 Тарихнама міндеті тарихнама саласы туралы негізгі теориялық, методологиялық концепцияларды 
қорытындылау. Осы сала бойынша шетелдік және отандық тарихнаманың қалыптасу, даму тарихын, 
негізгі тарихи ой-пікірлерді қорытындылау. Қазақстан тарих ғылымының негізгі басымдықтары, про-
блемалары, тарихи білім берудің келешегі, Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарасты 
қалыптастыруға негізделеді.
Қазақстанның тарих ғылымында тәуелсіздік жылдары қазіргі замандағы отандық тарихқа қатысты 
бірқатар  зерттеулер  жазылды.  Тарихнамада  Қазақстан  материалдары  негізінде  жазылған  іргелі 
еңбектерде Қазақстан мемлекеттілігінің дамуы проблемалары белгілі бір дәрежеде орын алды. 
Тоталитарлық сана-сезім мен ойлау жүйесі келмеске кеткеннен кейін мүмкін болған тарих білімін 
идеологиясыздандыру  тарих  ғылымының  жаңа  бағытының  жанданып,  өріс  алуына  септігін  тигізді. 
Осы  бағыттағы  зерттеулер  дараланып,  қайталанбас  сипат  ала  бастады.  Қазақстан  тарихы  жөніндегі 
академиялық жоғарғы оқу орындары еңбектерінде бастапқы дерек көздерді терең де жан-жақты зерде-
леуге негізделген проблемалық қисын көрініс таба бастады [1].
Тәуелсіздіктің алғашқы он жылында Қазақстан тарихы ғылымы мен тарихнамасының даму үрдісі 
белгілі қоғам қайраткері, тарихшы-ғалым, ұстаз және Қазақстанның тарихшылары қауымдастығының 
құрметіне ие болған көшбасшы академик М.Қ. Қозыбаевтың есімімен тығыз байланысты. Қазақстанның 
тәуелсіздік алуы отандық тарихтың дұрыс жолмен жазылуына мүмкіндіктер туғызды [2].
Ел тәуелсіздігінің тарихына қатысты К.Н. Бұрханов, Б.Ғ. Аяғанның, Б.К. Сұлтановтың «Қазақстанның 
қазіргі заманғы саяси тарихы (1985-2006)» атты ұжымдық еңбекті атау маңызды болып табылады. Онда 
тарихи деректерді кең ауқымда тарату жасалды [3].
Қ.К.  Тоқаевтың  республиканың  мемлекеттік  егемендігі  жарияланған  сәттен  бастап,  бес  жылдық 
кезеңді  қамтитын,  1997  жылы  басылып  шыққан  «Тәуелсіздік  туы  астында»  атты  кітабы  Қазақстан 
Республикасының сыртқы саясаты жөніндегі ой-пікірді тұңғыш қорытындылаушы еңбек болып табы-
лады. Кітапта елдің саяси және сыртқы экономикалық бағытының қалыптасуының жүріп өткен жолы 
Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа егемен ел ретінде енуімен ұштастырылып, ой елегінен өткізілді. 
Сөйтіп,  қазақстандық  тарих  ғылымында  тың  пайым  ортаға  салынды,  Қазақстан  Республикасының 
түрлі елдермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастың басым бағыттарына, олардың іске 
асырылуына талдау жасалды [4].
Н.  Қалиевтің  «Қазақстан  парламентаризімі»  атты  монографиясында,  «Тәуелсіз  Қазақстандағы 
Парламент:  жай-күйі  мен  проблемалары»  атты  ұжымдық  еңбекте  де  Қазақстан  Парламентінің 
қалыптасу тарихы егжей-тегжейлі зерттелді, олар заң шығарушы органның қалыптасу үрдісін, оның 
мемлекеттіліктің қалыптасуындағы және елде реформаларды жүргізудегі рөлін талдауға, Қазақстанда 
парламентаризмнің одан әрі дамуы жолдарына арналды [5].
Тарихымыздың басқа да түйінді мәселелері сияқты, мемлекетімізді қайта құру мәселесі де тұңғыш 
Президентіміздің  еңбектерінде  жан-жақты  айтылған,  яғни  тарих  ғылымының  тілімен  айтсақ,  Н.Ә. 
Назарбаев еңбектерінде мемлекетімізді қалпына келтіру тарихы, алғашқы нақты іс-шаралардан бас-
тап,  жан-жақты  бейнеленген.  Сондықтан  Н.Назарбаев  еңбектеріне  тәуелсіз  Қазақстан  мемлекетін 
қалыптастыру, нығайту және дамыту тарихының дерек көзі ретінде талдау жасау, тек тарих  ғылымының 
ғана  емес,  жалпы  Қазақстан  тарихнамасының  да  өзекті  мәселелерінің  бірі  болып  табылатындығы 
күмәнсіз. 
ҚР  тұңғыш  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  жарық  көрген  еңбектеріне:  1991  жылдың  көктемінде 
дайындаған  «Әділеттің  ақ  жолы»  еңбегінен  бастап,  2012  жылдың  қаңтарында  ҚР  Президентінің 
Қазақстан халқына жолдаған Жолдауына дейін; Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемле-
кет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы», «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық 
бірлігінде», «Ғасырлар тоғысында», «Қазақстан – 2030», «Қалың елім, қазағым», «Қазақстан – Ресей 
қатынастары», «Тарих толқынында», «Бейбітшілік кіндігі», «Сыңдарлы он жыл», «Еуразия жүрегінде» 
[6] сияқты бірнеше іргелі еңбектері, жинақтар, Қазақстан халқына Жолдаулар, ҚР мерейтойларында, 

113
салтанатты жиындарда, басылымдарына берген сұхбаттары т.б. еңбектер жатады. Олардың бәрінде де 
белгілі бір дәрежеде тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихына қатысты мәліметтер сақталынған.
Қазақстан егемендігін алғаннан кейінгі кезеңдегі елдегі көші-қон үрдістерінің барысын, бағыттарын 
талдап,  ерекшеліктерін  саралаған,  республикадағы  демографиялық  ахуалдың  жағдайы  баяндалған 
М.Х. Асылбеков пен В.В. Козинаның ғылыми зерттеуінде Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейін-
гі  кезеңдегі  демографиялық  өзгерістер  мен  оның  барысы,  маңызы  қарастырылып  ғылыми  талдау 
жасалған. Осы аталған авторлардың бірлесіп шығарған «Народонаселение Казахстана в условиях су-
веренитета»  ғылыми  еңбегінде  тәуелсіз  Қазақстан  халқының  демографиялық  өзгерістеріне  жаңаша 
көзқараспен талдау жасалған [7]. 
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік кезеңіндегі тарихын зерттеумен айналысатын ҚР БҒМ ҒК 
Мемлекет тарихы институтының ғалымдары да бірқатар еңбектерді жарыққа шығарды. Олардың ішін-
де «Тәуелсіздік хроникасы», «Қазіргі Қазақстан тарихы» [8] және тағы басқа еңбектер бар.
Жалпы,  тәуелсіздік  тарихына  қатысты  оқиғалар  хроникасын  шығару,  түрлі  тақырыптар  мен 
кезеңдерге жіктеу аса маңызды мәселе болып табылады. Өйткені, елдікті сақтау және нығайту үшін, 
сондай-ақ, жас ұрпақты азаматтық және ұлтжандылық бағытта тәрбиелеп өсіруге тәрбие құралы ұлттық 
тарих болмақ. 
Қазіргі  күрделі  оқиғалар  мен  құбылыстар  жүріп  жатқан  жаһандық  жағдайда  қазақ  елі  елдігін 
нығайтуға бағытталған нақты қадамдар жасауы тиіс. Мәселен, ұлттық тарихты ұлықтау үшін ғылыми 
зерттеудің  кешенді  базасы  мен  теориялық-әдіснамалық  салаларын  жетілдіру,  дамыту  қажет.  Елде 
ұлттық тарихты дұрыс жазу және баяндау арқылы ұлттық сананы нығайту керек. Егер халқымыздың 
тарихи танымы мен зердесі мықты болса, кез-келген бөгеттерге төтеп біре алады. Себебі, ұлттық рухы 
күшейген ел өзгеге дес бермесі анық. Сондықтан, отандық тарих ғылымының әр саласы бойынша зерт-
теулер мен тарихнамалық зерделеу, талдау, оның жетістіктері мен кемшіліктерін саралай түсу қажет.
Қорытындылай  айтсақ,  еліміздің  тәуелсіздік  тарихына  қатысты  жарық  көрген  еңбектерді 
тарихнамалық тұрғыдан талдау және сараптама жасау аса маңызды мәселелердің бірі болып табылда-
ды. Сондықтан, оларды отандық, ресейлік және шетелдік ғалымдардың  еңбектері деп топтарға бөліп 
қарастыру керек. Тағы бір ескеретін мәселе, тарихнамалық зерттеулерді оқиғалар мен құбылыстарға 
немесе қоғамдық салалалардағы тақырыптарға қатысты жасаған жөн. Сонда тақырыптардың зерттелу 
деңгейі ашылып, ғылыми талдаулар мен сараптамалық еңбектер жазылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет