Қазақстан тарихшыларының Ұлттық конгресі қазақстан тарихы: инновациялық ТҰжырымдамалар мен дәуірлеу



Pdf көрінісі
бет7/39
Дата03.03.2017
өлшемі3,02 Mb.
#6455
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39

Литература
1. Павловский А.В Специальность «регионоведение» на факультете иностранных языков и регионоведения 
МГУ имени М.В. Ломоносова: итоги и перспективы (электронный ресурс)//http://regionalstudies.ru. publication/
article/100…html/ (дата посещения сайта: 6.04.2013).
2. Пчелов Е.В. Вспомогательные исторические дисциплины в семиотическом контексте // Вспомогательные 
исторические дисциплины: классическое наследие и новые направления. Материалы XVIII научной конферен-
ции. Москва, 26-28 января 2006 г. - М: РГГУ, 2006. – 453 с.
3. Павловский И.В. Регионоведение в контексте общегуманитарного  образования (электронный ресурс) // 
E-mail: igorpavlovskiyv@yandex.ru (дата посещения сайта: 6.04.2013).
4.  Колесникова  М.Е.,  Маловичко  С.И.  Источниковедение  и  вспомогательные  исторические  дисциплины  в 
исследовательской практике новой локальной истории // Вспомогательные исторические дисциплины: класси-
ческое наследие и новые направления. Материалы XVIII научной конференции. Москва, 26-28 января 2006 г. - М: 
РГГУ., 2006. – 453 с.
5.  XX-XXI  века  в  истории  России:  актуальные  проблемы:  Сб.  статей  /  Под  общей  ред.  В.Б.  Жиромской,  
С.Д. Морозова.  - Пенза: РИО ПГСХА, 2010. - 168 с.
6.Кочевая цивилизация казахов: основа жизнедеятельности номадного общества / Составители Л.Е. Масанов, 
И.В. Ерофеева.-Алматы:Print-S, 2011.-740 с. 

42
7. Жакишева С.А. Историческая информатика в Казахстане: теория, историография, методики и технологии. 
- Алматы: КазАТиСО, 2011. – 336 с.
8. Шахгулари В.В Управление творческой деятельностью учащихся в современной школе. Монография. - 
Алматы: Қазақ университеті, 2010. – 151 с.
9. Осколков В.С. Новая и новейшая история. Учебное пособие. - Алматы: Сан-Сан, 2007.- 200с. 
10. Ксенжик Г.Н. Историческая география Степных областей Казахстана в XIX – начале XX вв.: Монография.
ISBN 978-601-278-573-9. - Костанай: Шапагат, 2011. - 339 с.
11.  Галкович  Б.Г.  К  вопросу  о  применении  картографического  метода  в  исторических  исследованиях  // 
История СССР. – 1974. - №3. – 236с.
12. Цветков В.Я. Геоинформационные системы и технологии. - М: Финансы и статистика, 1998. – 290с.
13. Владимиров В.Н. Пространственный анализ и компьютерное картографирование в изучении социально-
экономических процессов в Сибири XIX - начала XX в. // Материалы научных чтений памяти академика И.Д. 
Ковальченко. - М.:Мосгорархиф, 1997. – 186 с.
ҚОЖА М.
т.ғ.д., Қ.А. Ясауи ат. ХҚТУ
АБЫЛАЙ ТҰЛҒАСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Планетаның «2 мың ұлы тұлғасы» атты Харьков қаласында шыққан анықтамада қазақтың өткен та-
рихынан бір-ақ тарихи қайраткер енген, ол -Абылай хан (1, с.7). Еліміз егемендік алған соң Абылай хан 
туралы жазылған мақалалар, зерттеулер күрт өсті. 1993 ж. Абылай хан жөнінде алғаш республикалық 
ғылыми  конференция  өтті.  ХХ  ғ.  аяғында  атақты  ғалым,  антрополог  О.Смағұлұлы  басшылығымен 
Абылай хан қабірін зерттеу жұмыстары жүргізілді. 1999 ж. «Абылай хан» атты жазылған монографи-
ямызда археологиялық-антропологиялық мәселелермен қатар біз «Абылай  және қазақ тарихы» деген 
проблеманы сол кезде қолда бар материалдармен қарастырған болатынбыз (2). Кейінгі жылдары да 
О.Смағұлұлы бастаған зерттеушілер тобы Абылай ханның қабірі мен қайраткерлігіне қатысты ізденіс-
тер жүргізіп, жаңа материалдарға тап болды (3). 
Олардың  бір  тобы  Абылай  хан  туралы  қазақ  зиялыларының  пікірі.  Дана  Абай  Көкбай  ақынды 
шақырып алып: «Абылай хан  мен Кенесарының  қазаққа істеген еңбектерін ұзақ әңгіме қылып айтып 
беріп, осыны өлең қыл ... Абылай  да,  Кенесары  да  қазақтың  мақтан  қылатын  ерлері.  Бұлардың  
еңбегі де айта  қалғандай  ұмытпастық  еңбек» деп  тапсырма берген екен (4, 40 б).
Абылайдай  аса  құрделі  заманда  өмір  сүрген  тарихы  тұлғаны  тану  қазақ  зиялылары  үшін  оңай 
болған  жоқ.  Белгілі  әдебиеттанушы  Б.  Кенжебаевтың  «Әдебиет  белестері»  кітабында  көрсеткендей 
Абылайдың екі империя ортасындағы қазақ халқының дербестігі үшін күресін, айла тәсілін 1939 ж. 
«Әдебиет және искусство» журналының ІІ санында сатқындыққа балаған кісілер де болған.
Кеңестік дәуірде тарихты зертеу коммунистік режимнің көзқарасына байланысты болды. Ал режим 
бірде  ұлт  үшін  күрескендерді  қолдағандай  болса,  көп  жағдайда  оларды  терістеді.  ХХ  ғ.  40  жылда-
ры пайда болған бір кеңшілікті пайдаланып казақ зиялылары Абылайды тануға және танытуға әрекет 
етті. Т.Ахтановтың естелігіне қарасақ, С.Мұқанов 1941 ж. Алматыдағы Журналистика институтын-
да Абылай жөнінде баяндама жасайды: «Баяндамасы Абылай хан туралы болды. Менің де Абылай 
хан жайлы алғаш мол мағлұмат алып, сол бір тарихи кезеңнің аз да болса, сырын ұққаным осы жолы 
болар. Сәбеңнің сондағы бір басып айтқан пікірі - Абылайдың казақтың мемлекетін жасамақ болған 
әрекеті. Дәл бір есімде айнымай қалған сөзі: «Абылай қазақтың мемлекеттігін жасамақ болды. Орысша 
айтқанда, «государственность» (5,  312-315 бб.). 
1943 ж. ғалым Бейсенбай Кенжебаевтың Абылайдың ерлігін, қолбасшылығын жазған кітапшасы 
басылғанын көпшілік біле бермейді. Осы кітаптың жалғыз данасы Құлбек Ергөбековтың кітапхана-
сында  сақталған.  Аталған  кітапта  ханға  мынадай  баға  беріледі:  «өзінің  де,  өзгенің  де  күшін  дұрыс 
бағалап,  соған  қарай  өзінше  саясат  ұстауы,  төңіректегі  елдермен  орынды  қарым-қатынас  жүргізуі 
арқасында Абылай қазақ халқының басын құрап, елдігін қайта орнатты». Мұнда алғаш рет қазақ ауыз 
әдебиеті нұсқалары мен сол кейбір орыс тарихшылары берген мәліметтер негізінде Абылайдың тарихи 
тұлғасы сипатталды (6). Аталған басылым шықпай жатып жойылғандықтан Абылай хан хақында зерт-
теу жүргізіп кітап жазуға ешкімнің батылы бармады. 
 Ғылым академиясы 1957 ж. Қазақ ССР тарихында «Абылай билеген кез халықтың есінде зорлық-
зомбылық  дәуірі  болып  қалды.  Ұрпақтан-ұрпаққа  көшіп  отырған  халық  аңыздарына  сай,  қазақтың 
атақты ақыны Жамбыл Абылай туралы былай деп жырлаған: 

43
Ханның бірі Абылай,
Аш бөрідей жалтақтап...
Қарсы болған кісінің
Қан жаудырған басына.
  ...  Ол  Сырдарияның  Сайрам,  Шымкент,  Созақ  және  басқа  қалалары  үшін  соғыс  жүргізді.  Осы 
соғыстардың үстінде бейбіт халық күйзеліске ұшырады, мыңдаған тұтқындар алынып, малдарын ай-
дап әкетіп жатты» - деген айыптаулар тағылды. 
 Абылайдың кез келген қадамы терістелді. Жоңғарияны әлсіретіп Шығыс Қазақстандағы қазақтың 
байырғы жерлерін қайтару әрекеті былай бағаланды: «Аблай Жоңғарияның ішіндегі өзара тартысты 
ұшықтырмақшы  еді,  Жоңғарияны  әлсіретіп,  Ертістің  бойындағы  құнарлы  жайылымдарға  ие  болып 
алмақшы еді, ал егер сәті келсе өзімен достас Даваци қонтайшаны таққа отырғызбақшы еді». Немесе 
осы 1957 ж. Қазақ ССР тарихында «Аблай әскерлері Орта жүздің жеріне басып кірген Цин үкіметінің 
билігін дереу мойындай қойды» -делінеді. Ал шындығында Абылай сан жағынан үстем, көп зеңбіректері 
бар қытай әсеріне қарсы өз сарбаздарымен соғысқан бірде бір қазақ билеушісі. Және осы соғыста қатты 
жарақат алғаны белгілі. Осылай кеңестік идеология Абылайдың тарихын қатты бұрмалап келді.  
Қолда бар деректер негізінде Абылайдың қазақ тарихындағы атқарған рөлін анықтау үшін оның сол 
кездегі халқымыздың өміріне қосқан жаңалықтарына назар салу керек.  
    Абылайдың  көп  қырлы  мемлекеттік  және  саяси  қайракерлігі  арқасында  қазақтардың  бұрынғы 
көршілер  басып  алған  жерлері  кері    қайтарылып,  қазіргі  Қазақстан  елінің  тұтас  геосаяси  картасы 
қалыптасты. Басым көпшілік Абылайды Жоңғар хандығына қарсы күресте еркеше үлес қосқан тарихи 
тұлға ретінде таниды. Осымен қатар Абылай Чиң /Қытай/ империясының әскери-саяси экспансиясына 
қарсы төтеп берген бірден-бір қазақ билеушісі. 
  Абылайдың  әскери  қолбасшы  және  мемлекет  қайраткері  ретіндегі  қырлары  әлі  де  көп  зертте-
уді  қажет  етеді.  Ол  өз  заманының  көреген  қолбасшысы  бола  білді.  Әсіресе,  оның  сан  жағынан  ба-
сым  Чиң  әскерімен  шайқастағы  ерлігі,  әскери  тактикалық  айла-тәсілдері  әлі  де  жан-жақты  толық 
қарастырылмаған. Жарияланған құжаттарға қарағанда, Чиң боғдыханы Абылайханмен соғысқан өз ге-
нералдарына қатты наразылық білдірген. 1756 жылы қазан айындағы жарлығында император: «Хадаха 
Абылаймен соғысқанда қуып жете алмады, қоян жүректік көрсетті, екі көзді тауыс қауырсынын тағуға 
рұқсат етпейміз» депті. Осыған орай 1757 жылы қазан айындағы Чиң императорының бір жарлығында 
былай делінген: « Олар (Дардаңа мен Хадаха – авт) қазақ жеріне баруын барса да, Әмірсананы ұстай 
алмады.  Оның  үстіне  (олардың  сылбырлығынан)  қазақтың  Абылайы  да  сытылып,  құтылып  кетті.
Сол үшін екеуі (Дардаңа мен Хадаха) ауыр жазаға тартылуға тиіс... Мұның жайын казармадан кел-
ген  жасауылдардан  сұрағанымызда,  олар:  «Дардаңаның  жорықшылары  Әмірсананы  қуа  барып  бір 
шақырымдай қалғанда, буынып-түйінуге де үлгермей абыржыған оның (Әмірсананың) әдейі жібер-
ген адамы: «қазақтар Әмірсананы қазір-ақ ұстағалы отыр. Олардың ханы Абылай келісімен тарпа бас 
салмақ» – дейді. Сонымен Дардаңа дұшпанының қулығына алданып, қазақтардың тұтқындауын күтіп 
отыра береді. Қолын қаптатып тұтқындау былай тұрсын, жорықшыларына осы жорықты Чиң импе-
раторы қайта талқылап, бұл генералдың Абылай әскерімен болған соғыстағы қателіктері деп бағалап, 
жарақат алған Абылайды қолға түсіре алмағаны үшін Дардаңа мен Хадаханы қатардағы жауынгер етіп 
шендерінен төмендеткен.
  Қазақ  елінің  мүддесін  қорғау  үшін  1774  жылы  Абылай  хан  Солтүстік  Қазақстандағы  орыс 
басқыншылары  салған  бір  топ  қамалдарын  қоршап,  бұзуға  барады.  Бұл  мысалдар  Абылайдың  екі 
империяның әскерлерімен болған шайқастарда осал тұлға болмағандығын көрсетсе керек.
    Сан  мен  сапа  жағынан  жоғары  тұрған  шүршіттермен  болған  соғыста  жарақат  алып,  осыған 
қарамастан кейін қытайлықтармен тұңғыш келіссөз жүргізіп дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан 
мемлекет қайраткері. Қытайлықтардың наразылығына қарамастан Чиң / империясы талқан еткен Жоңғар 
хандығының  жерлеріне  /оларды    енді  қытайлықтар  біздіке    деп  санағанына  қарамастан/  қазақтарға 
алып берді. Бұрын Қазақ хандығына қараған, кейін бөлініп кеткен оңтүстік  аймаққа, олардың ішіндегі 
Ташкент пен басқа да қалашықтар жорық жасап оларға өз билігін жүргізді. 
Абылай өз мүддеснен ел мүддесін жоғары қоя білген санаулы саясаткерлердің бірі екені тарихи 
құжаттарда  көрініс  табады.  Мысалы,  қытай  елшілерімен  кездесу  үстінде  Абылайға  бәйбішесі  хал 
үстінде  жатқаны  жөнінде  деген  хабарлар  келгенде  «8  айдың  25  күні  біз  Абылайдың  бастауымен 
Атбасар маңындағы Есіл  өзенінің бойынан аттандық. 9-айдың 7-күні біз Көксеңгір деп аталатын жер-
ге жеткенде, Абылайдың үйінен екі мәрте адам жіберіліп, Абылайдың бәйбішесі  «науқастан халі на-
шарлап қалды» деген хабарды жеткізді. Сонда Абылай «Отбасымның жағдайы соншалықты маңызды 
емес қой. Оның сыртында, мен үйімде болғанда да өлейін деп жатқан адамды тірілте алмаспын. Оған 

44
қарағанда Боғда Ежен ханмен арадағы іс маңыздылау. Мен сіздерді ел шетіне дейін апарып тастағаннан 
кейін қайтармын» деді де,бізді бастап әрі қарай сапарды жалғастырды. Сонан кейін тағы да адам келіп 
Абылайдың үйіне қайтқызбақ болып қузады. Абылай бізбен ақылдасқанда бұрынғысынша әрі қарай 
жүре бермекші болып еді, біз ол кісіні тоқтатып, «сіз істің бәрін орны-орнына қойып болдыңыз ғой» 
қайта беріңіз дегенді білдіреді. Абылай қытай елшілеріне: «Ендеше сіздер «жол ортада бізді тастап 
кетті» демеңіздер. Мұндай қиын жағдай болғандықтан мен де шарасыз болып тұрмын. Мен қайтып 
барғанда, (бәйбішем) бойында әлі жан бар болса, онда мен оны дәрігерге көрсетермін; ал егер мен 
қайтып  барғанда  ол  әлдеқашан  қайтыс  болса,  онда  мен  оны  міндетті  түрде  үлкендеріміз  жатқан 
Түркістан жеріне апарып жерлеймін» - деп қоштасқан.
Абылайдың Қазақ елі шаруашылығын дамытудағы жұмыстары.Абылайдың ел мүддесін, халықтың 
әл-ахуалын ойлағаны құжаттарда көрініс тапқан. 1758 жылы 19-мамырда жазылған мына құжаттан да 
байқалады: «Весьма усилился помянутый Абылай-салтан, ибо как слышно от бывших там здешних 
людей, что он в воинских случаях, по их киргизскому обыкновению, ни себя ниже иждивения своего 
не жалеет, и что где вербыч достанет, то ничего себе не оставлял, в народ раздает, и тем у них весьма 
властительным учинился» (астын сызған – авт). 
Халықтың әл-ахуалын көтеру үшін Абылай сауда-саттыққа жол ашып, оған тікелей өзі басшылық 
етті. 
Ханның сауда-саттықты дамытқаны  туралы Шоқанның еңбегінде мынадай жазбалар бар: «Между 
тем сам Абылай имел свидание с Илийским цзян-цзунем (генерал-губернатором) около озера Сайрам-
Куль и заключил с ним торговый договор, по которому открыты были в Тарбагатае (Чугучаке) и в 
Или (Кульдже) меновые базары». Абылай Ресей мен Қытай шекараларындағы қалалардың қазақтарға 
сауда  үшін  ашық  болуына,  жәрмеңкелер  ұйымдастыруға  көп  үлес  қосты.  Абылай  хан  дәуірінде 
қазақтардың  Қытаймен  сауда-саттықтары  айтарлықтай  деңгейде  болғандығын  Чианлұң  жылнамасы 
сарай  жазбаларының  көптеген  архив  бумаларынан  көруге  болады.  Солардың  бірінде  1757  жылдың 
желтоқсан  айының  15-күні  жазылған  мәлімдемесінде  былай  делінген:  «Біздің  бұрынғы  келіскен 
пікірімізше болса, қазақтармен Үрімжіде айырбас сауда жасауды біз бұрын Абылаймен ақылдасып 
бекіткенбіз... Келер жылы жәрмеңкеде жылқы саудасы ғана жасалады. Егер қазақтар түйе, сиыр, қой 
секілді түліктерді айдап әкеліп жатса, оны да алайық. Қонысымызға олар да қажет».
Абылай хан жылқының асыл тұқымын көбейтуге де назар аударған. Бұл туралы ол арнайы бұйрық 
шығарып, әр он үйден бір арғымақ айғыр, бір арғымақ бие жинатқан. Жиналған арғымақтарды хан 
өзге жылқылардан бөлек бағуға бұйырған. Бұл туралы мынадай жазбалар бар: «Когда дед Кенесары 
мудрый Абылай задумал идти на диких киргизов, он отдал приказ, чтобы каждая 10 кибиток доста-
вили ему одного коня или кобылицу из породы аргымак. Приказание грозного хана было исполнено: 
поставился целый табун, прозванный «жемчужиной ханства», который содержался особо под самим 
строгим присмотром». 
Жалпы  халықтың  жағдайы  Абылайхан  кезінде  жақсарғаны  туралы  мәліметтер  бар.  Орта  жүзде 
болған тау-кен инженері И.П. Шангиннің 1816 ж. жазбалары бойынша Абылай хан «тірі кезінде көне 
заңдылықтар  қатаң  бүге-шүгесіне  дейін  орындалды.  Кез  келген  ұсақ-түйек  қылмыс  үшін  жауапкер 
міндетті түрде жазаланды, қырғыздар (қазақтар) арасында барымта деген болмады. Халқының ең ке-
дейінде 500, ауқаттысында 5 мыңнан 15 мыңға дейін төрт түлікті малы болды» (7, с. 85.). Мемлекеттік 
мүдде үшін Абылай алым-салық жинатқан қазақ билеушілерінің бірі.     
Абылай қазақтардың егіншілікпен айналысуына басшылық етті. Абылай 1762 – 1763 жж. Іле өзені 
бойында диқаншылық жасауға әрекет етті, Есіл өзені бойында Абылайдың айтуымен егіншілік бастау 
алғаны жөнінде хабарлар бар  (8, с.176). 1763 ж. шекарадағы орыс әкімшілігіне хат жазып егіншілікті 
білетін мамандар сұрап Петропавл қаласына таяу жерде егін екпекші болды (9, с.185). Орыс әкімшілігі 
тарапынан ешбір көмек болмаған соң өз адамдарымен егін еккені туралы деректер бар: «нынешне-
го лета он, Аблай-солтан, и просо сеел» (10, с.668). М. Бекчурин хабарлауынша 1780 ж. Ташкенттен 
алтыкүндік  жерде  тұрып  егін  еккен:  «в  шестидневной  езде  от  города  Ташкении  ...  и  на  том  месте 
производит хлебопашество» (11, с.136 – 137). И.Г. Андреев жазбаларына қарағанда 1785-1790  жж. 
қазақтардың Есілдің жоғары ағысында егіншілікпен айналысуының басында Абылай хан тұрған - «по-
ложили еще при  покойном Аблай-хане пахать землю» (12, с.111). 
Абылай қазақ даласында бекініс-қалашықтар салғызды. Белгілі орыс тарихшысы А.Левшин Абылай 
«построил сыну султану Адилю по просьбе повиновавшихся ему киргиз-казаков Большой орды при 
речке Талаше дом, обнес оный валом, основал около него селение из каракалпаков, привыкший к хле-
бопашеству» (13, с. 25). Абылай салғызған екінші бір қала жөнінде генерал-майор Н. Г. Огарева  в 1781 
г. рапортында мынадай хабар бар: «Прочие ж его дети – Адиль, Урустям и Ток солтаны – остались по 

45
здешнюю сторону города Туркестанта во вновь построенном им, Облаем, не в дальнем разстоянии го-
родке Итнеенте» (11, с. 143). Абылайдың Көкшетаудағы жазғы ордасы да бекініс үлгісінде болса керек, 
себебі, қытай деректері бойынша «хан Кэштынде турады» деп хабарлайды. Шәді Абылайдың Созақ 
қаласын қайта қалпына келтірудегі еңбегін атап өтеді. 
Абылай шетелдіктермен қарым-қатынаста өз қандастарының мүддесін қорғады. Мысалы, 1769 жылы 
6-желтоқсанда ІІ Екатерина мен Орынбор губернаторы И. Рейнсдорпқа жіберген хатында: «Чтобы ее 
падишахское величество всех нас считало равными – русских, казахов и прочие народы и коменданты 
ваших пограничных крепостей проявляли справедливости не было бы насилия и притеснения», – деп 
жазған. Абылай хан бейбіт жатқан қазақ ауылдарын шапқан орыс әскерлеріне тыйым салуды талап 
етіп отырды. Мысалы, Абылайдың 1758 жылы 8-қыркүйекте жазған хатында: «Капитан князь толмач 
Максют и Алексей Михайлович Сухарев, еже в жизни своей, прибыв из Омской крепости, деревню 
разорили и притом одинадцать человек убили, а сорок три человека ясырей живых захватили, двадцать 
восемь верблюдов, да тысячу пятьсот лошадей отогнали, тринадцати домов сокровища побрали...» деп, 
бір топ мысалдар келтіре келе: «...от россиан много досад претерпеваем», – дейді.
Абылайхан қазақ музыкасына да жаңалық қосқан.Музыка зерттеушісі А.Затаевичтың көрсетуінше, 
«Терісқақпай» күйін Абылай хан салтанатты шеруі кезінде ойнаған екен – «Как мне объяснили казахи, 
этот марш при торжественных выездах хана Средней Орды Абылая играли конные домбристы».(14, 
с.106,  479).  Жорық  кезінде  жауынгерлер  пайдалануға  ыңғайландырған  жылжымалы  баспанасының 
түрін»  абылайша»  деп  атауы,  оның  пайда  болуын  Абылай  ханмен  байланыстыратынын,    Абылай 
ханжоңғар тұтқынында жүріп қалмақ тілін үйренгенін ескерсек, ханның  сегіз  қырлы бір сырлы тари-
хи тұлға болғанын көреміз. 
Қазіргі заманғы оқулықтарда (нақты айтсақ, 2010 ж. 5 сыныпқа арналған «Қазақстан тарихынан 
әңгімелер»  атты  мектеп  және  жоғары  оқу  орындарына  арналған  «Қазіргі  Қазақстан  тарихы»  атты 
оқулық кітаптарында) Абылай 1711 жылы дүниеге келіп, 1781 жылы  дүние салған деп көрсетіледі. 
Кейбір зерттеушілер  Абылай 1713 жылы туылған деп санайды. Осы көрсетілген  жылдардың  қайсысы  
дұрыс? Ал планетаның «2 мың ұлы тұлғасы» атты Харьков қаласында шыққан анықтамада оның туған 
жылын  көрсететін  орын бос қалдырылған.
Тарих ғылымының сүйенері - тарихи дереккөздер, байырғы құжаттар. Қазірге дейін  Абылай 1711 
жылы туылды деп нақты көрсететін көнекөз құжат, жазба дерек табылған жоқ. Тарихшылар Абылайдың 
туылған  жылын  белгілеуде  оның  дүниеден  өткен  жылынан  жасаған  жасын  шегерумен  шығарады. 
Сондықтан  біздің  тақырыбымыз  үшін  оның  қайтыс  болған  уақытын    дәл    анықтау  маңызды.  ХІХ 
ғасырдың орыстілді тарихи әдебиетінде Абылай 1781 жылы қайтыс болды делінеді. Бұған қазақтың 
атақты ханының қайтыс болғаны жөніндегі  хабардың орыстарға 1781 жылы  жеткені  арқау  болған. 
Өткен ғасырдың үшінші ширегінде қазақ тарихына байланысты құнды деректер ғылыми айналымға 
енгізіле бастады. КСРО  архивтеріндегі құжаттар  «ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары» 
атты  екі томдық  кітап  болып шықты. Аталған басылымның екінші кітабында Абылай ханның  қайтыс  
болуын  хабарлайтын 1781 жылдың жазында Абылай ханның ұлы Уәлидің орыс патшасына жазған 
хаты және Ресейдiң Сiбiр шебiндегi әскербасының бұл жағдай жөніндегі Сыртқы iстер коллегиясына 
арналған рапорты  жарияланды. Орыс қолбасшысы  генерал-майор Н.Огаревтiң 1781 жылы мамырда 
жазған құпия рапортында өзінің бұрын да Абылай ханның қайтыс болғаны жөнінде хабар бергенін тіл-
ге тиек ете отырып: «Қазір де оның баласы Уәли сұлтан хат жолдап ... әкесінің алпыс тоғызға қараған 
шағында, жорық үстiнде ауырып, дүние салғанын хабарлады» - деп көрсетеді. Міне, осы құжаттар не-
гізінде тарихшылар атақты ханның өлген жылын 1781 жыл деп санап келді. Тіпті 1982 жылы басылған 
Қазақ ССР тарихының 3 томында Абылай 1781 жылы майда Ташкентте 69 жасында қайтыс болды деп 
жазылды.  
Алайда  Ресей  мұрағаттарындағы  басқа  да  құжаттармен  танысқан  белгілі  тарихшылар  Р.С. 
Сүлейменов  пен  В.А.  Моисеев  орыс  тілінде  1988  жылы  басылған  кітабында  Абылай  ханның  1781 
жылы емес, 1780 жылы дүние салғанын көрсеткен болатын.  Алайда бұл пікір кейбір тарихшылар тара-
пынан күдік туғызды. Солардың бірі 1994 жылы жазылған зерттеуінде төмендегідей пікір айтты: «Егер 
Абылай хан шынында 1780 жылы қайтыс болса, онда жыл бойы оны патша ағзамға хабарламағаны 
болады ғой. Әрине ол мүмкін емес». Осыдан барып қазіргі заманғы түрлі басылымдарда, зерттеулерде 
Абылай ханның қайтыс болған жылы екі түрлі үлгіде, бірде 1780 жыл, бірде 1781 жыл болып беріліп 
келеді. 
Одан бері тарих ғылымы ілгерілеп дамып келеді. Зерттеушілердің тынымсыз ізденістері барысында 
қазақ тарихына қатысты деректер қоры ХХІ ғасырда толыға түсті. 2007 жылы белгілі ғалымдар т.ғ.к. 
И.В.Ерофеева мен Б.Жанаев Абылай ханның қайтыс болуына байланысты архив қойнауында жатқан 

46
жаңа тарихи құжаттарды - Орынбор губерниялық кеңсесінің арнайы тексеру материалдарын ғылыми 
айналымға енгізді. Бұл құжаттарда Абылай ханның дүние салуы туралы көптеген тың мәліметтер бар. 
Солардың  бірінде,  нақтырақ  айтсақ,  генерал-майор  Н.Огарев    Сыртқы  iстер  коллегиясына  1781 
жылы 22 сәуірде жазған рапортында «Абылай хан өткен күзде дүние салды және Түркістан қаласында 
жерленді» - деп көрсетеді. Орысшасы: «Облай-хан прошедшею осенью умер и похоронен в городке 
Туркестанте».  Ресей архивінде сақталған, баспа бетінде жарияланған осы біртоп құжаттарға  қарағанда 
ханның қайтыс болғаны туралы мәліметтер орыс әкімшілігіне 1781 жылдың ақпан айынан бастап кел-
ген. Наурыз айында түскен хабарларда Абылай ханды ташкенттіктер у беріп өлтірген деген мәліметтер 
де бар. Орысшасы: «... хан, находясь в Ташкении, умер, которого уверяют, ташкентцы окормили ядом». 
Бұл хабардың рас-өтірігін анықтау үшін қазақ даласына арнайы адамдар жіберілген. Солардың бірін-
де, дәлірек айтсақ, башқұрт старшинасы К. Казанбаевтан 1781 жылдың 17 тамызында жазып алынған 
мәліметте  Абылайдың өткен күзде дүние салғаны тағы да айтылады. Орысшасын келтірсек,  «Абылай-
хан,  находясь в болезни целый месяц, подлинно помер натуральной смертию и похоронен в городе 
Туркестанте прошедшей осенью». 
Ал кейбір тарихшылардың хан өлімі туралы  хабардың  орыс әкімшілігіне кеш жетуінің себебі неде 
деген  сауалдарына  да  жауап  табылды.  Аталған  құжаттардың  бірінде  Абылайдың  баласы  Шыңғыс 
сұлтанның    бұл  жөнінде  жазғы  уақытқа  белгіленген  құрылтайға  дейін  орыстарға  айтуға  тыйым 
салынғаны жазылған: «Цынгис-солтан запрещает киргисцам о том российским людям объявлять до 
предбудущего их собрания в летнее время». Біздің оймызша, мұндай нұсқауды өлер алдында Абылай 
ханның өзі  беріп кеткен. Басшының  өлімі белгілі бір мақсат үшін жасырылатыны тарихтан белгілі. 
Мысалы, Шыңғыс ханның өзі өлімін жаулардан жасыруды тапсырғаны,  Әмір Темір қайтыс болғанда 
да осы жағдайдың қайталануын тілге тиек етсек болады. Абылай хан да өзі дүниеден кеткен соң болар 
жағдайды ойлап тағына орыс әкімшілігі айтқанынан шықпайтын адам қоюға әрекет етеді деген  бол-
жам  жасаса керек. Міне, Абылайдың қайтыс болғанын жасырудың нәтижесінде орыс әкімшілігі бұл 
жағдайдан хабарды кеш естіген. Сонымен архивтен алынған және ғылыми айналымға енген тарихи 
құжаттар Абылай ханның 1780 жылы күзде дүние салғанын айғақтап тұр. 
Абылай  қайтыс  болған  жылы  анық  белгілі  болған  соң  ханның  туған  жылын  да  дәл  анықтауға 
мүмкіншілік туады. Абылайдың туған жылын белгілеуде тарихшылар Абылай 1781 жылдың басында 
қайтыс болды деп санап, оның мұрагері Уәлидің әкесі 69 жаста қайтыс болды деген хабарын  негізге 
ала отырып, 1780 жылдан 69 жылды шегеретін. Осыдан Абылай ханның туған жылы 1711 жыл деп 
көрсетіліп кеткен. Бұл бір қарағанда дұрыс сияқты.  
Алайда, Абылай хан дүние саларда 69 жаста емес 70 жаста болды деп санауға  бірнеше себеп бар. 
Біріншіден,  Абылай ханның ұрпағы - Шәді төре бабасына арнап жазған жырында «Көп жылға Абылай 
ханның жасы жетті. Жетпістен деп айтады ілгері өтті» деген жолдар бар. 
Екіншіден, Абылай хан қайтыс болған соң 50 жыл өтпей жатып тарихи зерттеу жазған белгілі та-
рихшы А.И. Левшиннің «на 70 году от рождения умер и похоронен в Туркестане» деп көрсетуі.
Үшіншіден, Үмбетай жыраудың «Бөгембай өлімін Абылай ханға естіртудегі» мына жолдар: 
«Жиырма жасың толғанда,
Қалмақпен соғыс болғанда».  
Абылайдың  жігіттік  кезіндегі  қалмақпен  соғысы  1723-1730  жылдары  болған.  Р.С.  Сүлейменов 
пен В.А. Моисеевтың көрсетуінше, бұл Қазақстанның күллі тарихындағы ең ауыр кезең: «Ойратское 
нашествие в 1723 г. и последующая борьба казахов с джунгарами, вплоть до 1729 г., были, вероят-
но, самым страшным временем в истории Казахстана». Шоқан Уәлихановтың көрсетуінше, Абылай 
осы соғыста жасап алғаш көзге түсті: «Міне, осылай екіұдай, үрейлі қанды-қасап кезінде ел назары 
Абылай  сұлтанға  ауады.  Өйткені  ол  жорықтардың  бәріне  алғаш  қатардағы  жауынгер  боп  қатысып, 
соның өзінде қисапсыз ерлік көрсетіп, айрықша амал-айласымен көзге түскен еді. Өнегелі ақыл-кеңесі, 
сұңғыла зердесі арқасында ол бірден-ақ көреген, кемеңгер деген атқа ие болды». Р.С. Сүлейменов пен 
В.А. Моисеевтер де Абылайдың осы соғыста алғаш аты шықты деп санайды.
Енді Абылай 1711 жылы дүниеге келген деп санасақ, онда оның 20 жасындағы ерлігі осы атақты 
қазақ-қалмақ соғысы шеңберінен  шығып  кетеді де  1731  жылға  сай  келеді. Бұл  тарихи  жағдайларға 
қайшы келеді. Себебі, 1730 жылы Жоңғария мен Қытай әскерлері арасында үлкен соғыс басталып, 
қалмақтардың  негізгі  әскерлері  Цин  бағытында  әрекет  етіп  қазақтармен  соғысуды  тоқтатқан,  қазақ 
пен қалмақ арасында 1730 жылдың сәуір-мамыр айларында бейбіт бітім жасалған. Тарихи құжаттарға 
сүйенсек, жоңғарлар қазақтарға қарсы тек 1732 жылы және 1735 жылы жаңа жорық ұйымдастырыпты. 
Бұлардың арасында көзге түсерліктей  шайқастар болмаған. 
Ал Абылай 1710 жылы туылған болса оның 20 жасы дәл 1730 жылға келеді. Ал бұл жылдың, яғни 1730 

47
жылдың көктемінде қазақтар үлкен жеңіске жетіп, Аңырақай шайқасында қалмақтарды талқандайды. 
Сондықтан Үмбетай жыраудың айтқанын сол заманғы тарихи жағдайларға сәйкестендірсек,  Абылайдың  
туған  жылы  1710 жыл  болып  шығады.   
Жоғарыда көрсетілген деректердегі мәліметтердің басым бөлігі Абылайдың туған жылы 1710 жыл 
екенін көрсетіп тұр. Жоғарыда айтылған тарихи жағдайларға байланысты Абылай 1711 жылы неме-
се 1713 жылы туылуы мүмкін емес!   Ал Абылайдың ұлы Уәли не себепті 69 жаста қайтыс болды 
деп көрсеткен? Осы арада,  біздің қазақтың ертеден күні бүгінге дейін сақталып келе жатқан дәстүрі 
бойынша пайғамбар жасына жетпей қайтыс болғандарға бір жас қосылып, ал ол жастан асып кеткен-
дерден 1 жас шегеріліп қойылатынын есте ұстау керек. Біздің пікірімізше, Пайғамбар жасынан асқан 
70-тегі    Абылайдың  жасы  1  жас  шегеріліп  қойылғандықтан  оның  ұлы  Уәли,  сол  қойылған  жаспен 
орыстарға 69 жаста еді деп  жазған.   
Сонымен ғылыми айналымға енген жаңа және бұрыннан белгілі тарихи құжаттарды талдау, оларды  
бір-бірімен  сәйкестендіру Абылай хан 1710 жылы туылып, 1780 жылы қайтыс болған деген тұжырым  
жасауға негіз береді.    

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет