Берік Аташ, Қуаныш Әлжан ҒҰмар қараш алматы


Ұстаз болмысы және оның туындыларының



Pdf көрінісі
бет30/34
Дата03.03.2017
өлшемі2,54 Mb.
#6482
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

5. Ұстаз болмысы және оның туындыларының 
     бүгінгі күнгі маңызы 
батыр мен бай болсын, өзінің ойын оларға анық жеткізу, кемшілік 
жақтарын бетіне басу, сөйтіп әлеуметтік әділеттілікке қол жеткізу, 
қол жеткізе алмаған жағдайда да оған тырысу, сөйтіп, сөздің санаға 
әсер ету қасиетін оңтайла пайдалану т.б. 
Сондықтан  да  олар  халық  арасында  ерекше  беделге  ие 
болған,  тіпті  хандар  мен  билер,  ғалымдар  мен  дін  иелері  сияқты 
әлеуметтік жоғары топтар, зиялылар да оларға құрметпен қараған. 
Ал  ұйқастырып  өлең  шығару,  яғни,  ақындық,  біздіңше,  арнайы 
айналысатын  кәсіп  немесе  үйрететін  оқу  емес,  тек  форма  ғана 
болған,  ойды  әсерлі  жеткізудің  талант  арқылы  қолданылатын 
тәсілі  ретінде  қызмет  еткен.  Өлең  немесе  жыр  шығару  арнайы 
ойланып-толғанып,  оның  қатесін  қайтадан  түзеп  отыру  арқылы 
емес, қарапайым қара сөз сөйлеп тұрған сияқты еш қиналмастан 
үздіксіз  айта  берумен  шешімін  тапқан,  өлең  сөздер  жай  ғана 
сарқырап аққан бұлақ сияқты өздігінен туындап шыға берген. Ал 
қиналып,  ойланып-толғанатындар  мүлде  ақын  болмаған.  Мұны 
эпостардан-ақ көруге болады. Эпостарды ешкім де ұзақ толғанып, 
қатесін  түзеп,  келесі  күні  ойланып  алып,  қайтадан  жалғастырып 
отырған жоқ. Жыраулар ат үстінде, хан басын алардай қаһарланған 
сәтте,  жағымсыз  әлеуметтік  қайшылықтармен  кездесіп  қалғанда 
кенеттен,  лезде  суырып  салған.  Міне,  Ғұмар  Қараштың  да,  өзге 
ақын-жыраулар сияқты, бізге берер үлгісі және оның ақындықпен 
айналысуының түпмәні де – осы. Яғни, халқы мен еліне, қоғамдағы 
беделді топтарға, зияткерлерге арнаған өзінің ойын, адамгершілікті 
ту  қылып  ұстап,  әсерлі  қылып  жеткізу  ғана,  сөйтіп,  қоғамдық 
пікірді игілікті арнаға қарай өзгерту дегенге келіп саяды. 
3.  Қазақ  халқының  болмысы  мен  мінез-бейнелері  туралы. 
Ғұмар Қараштың қазақ қоғамын сынауы, әсіресе, халықтың мінез-
бейнелерінің  жағымсыз  тұстарын  қайталап  айтып,  оны  түзеуге 
ұмтылуы кей кездерде дәл бүгінгі әлеуметтік болмысымызға да сай 
келіп  жатады:  парақорлық,  жалқаулық,  бақталастық,  кері  тартпа 
әдеттерге  әуестік  т.б.  Екі  аралықта  жүз  жылдай  уақыт  өтсе  де, 
ойшылдың  сол  дәуірдегі  өзекті  деп  қозғаған  мәселелері,  бүгінгі 
күнге дейін неліктен шешімін таппай отыр деген сауал туындайды. 
«Бұл да тарихтан тәлім ала алмағандығымыз ба?». Мысалы, Ғұмар 
Қараштың Заман туралы толғауындағы: 

324
Ғұмар Қараш
«Жаман жол тауып жасынан, 
Ащы суға мас болып, 
Бір-біріне қас болып, 
Ала болып ауызы, 
Басшы болып жауызы, 
Тарттырып тұр қоңынан 
[2, 43 б.], – 
деген  керітартпа  әдет  пен  әлеуметтік  ахуал  дәл  бүгінгі  күнге 
арналғандай.  Мұны  болашақты  болжаған  көріпкел  зар  заман 
ақындары  да  алдын-ала  айтып  кеткен  болатын:  «Сақал  мұртын 
қойдырып, Ащы суға тойдырып, Бұза ма деп реңін». 
Қазіргі қоғамдық пікірде «Қазақ халқы жалқау» деген бағалау 
кездесіп қалатын жайт. Ол ойдың түптөркіні Абай, Ғұмар Қараш 
сынды қазақ қоғамының әлеуметтік сыншылдарының пікірлерінің 
жұрнағы.  Ғұмар  Қараштың  мұндай  пікірлері  оның  «Өмір»  деп 
аталатын өлеңіндегі:
Ерініп жалқаулықта өткен өмір, 
Біразы бос жүріске кеткен өмір.
«Қазқу» деп жөнді басты бір іс етпей
Аяңдап ақырына жеткен өмір, – 
деген  толғаулар  сарындас  болып  келеді  және  бұл  тақырып  оның 
шығармашылығында жиі кездесетін мәселе. Ол заман аласапыран 
және тіршілік үшін күрес кезеңі болса, бүгінгі нарықтық қоғамда 
осы  күрес  күшейе  түспесе,  бәсеңдеген  жоқ.  Ғұмар  Қараш  мұны 
жай ғана сынап немесе ғылыми түрде сипаттап отырған жоқ, қазақ 
қоғамының  ілгері  жылжуы  үшін  басты  кедергі,  жағымсыз  мінез 
бейне  ретінде  арнайы  ескертіп,  оны  қайталап  айтып  отырады. 
Ақынның бұл жердегі айтайын деген түп ойы: «әркім жеке басында 
өзіне  сынмен  қарап,  осы  мінездің  ұшқыны  байқалған  сәтте,  оны 
жоюды  бірден-ақ  қолға  алу  керек»  деген  өнегелік-тәрбиелік 
ниеттерге  келіп  саяды.  Қазіргі  қазақ  баласы  түгелдей  жалқау 
болмаса да, ойшылдың осы пікірлері кей сәттерде өзінің маңызды 
серпінді рухын қайта оятып отырады. 
4.  Әлеуметтік  болмыстағы  қайшылықтар  және  оның 
реттелуі хақында. Ғұмар Қараштың бізге берер тағылымдарының 

325
5. Ұстаз болмысы және оның туындыларының 
     бүгінгі күнгі маңызы 
тұтас  бір  арнасы  саяси-әлеуметтік  мәселелермен  астасып  жатыр. 
Соның бірі – соңғы жылдары әлемдік сахнада әлеуметтік мәселелер 
алаңына шығарылған және біздің елімізге келіп жеткен гендерлік 
саясат.  Қарапайым  тілмен  айтқанда,  Гендерология  –  қоғамдық 
өмірдің барлық саласына қатысты тұрғыдан алғанда ер мен әйелдің 
тең құқығын қамтамасыз етуді қалайтын және оны іске асырудың 
жолдарын  қарастыратын  жыныстық  кемсітушіліктерге  қарсы 
бағытталған, бір қырынан, ғылыми негізделіп келе жатқан, екінші 
бір қырынан, саяси-әлеуметтік сипатқа ие болатын соңғы жылдары 
өркендеген қоғамдық қозғалыс және арнайы практикалық мақсатты 
көздейтін ілім болып табылады. 
Бүгінгі қарапайым қоғамдық санада, арнайы білікті мамандар 
болмаса, гендер ұғымын тек қана әйел теңдігін қорғайтын бағыт 
немесе  оның  құқықтарын  асыра  пайдалануды  көздеуге  бетбұрыс 
деп  түсінетін  біржақты  көзқарастар  орын  алып  отырғандығы 
жасырын  емес.  Ол  гендер  емес,  «феминизм»  деген  басқа  атауға 
ие және саяси қозғалыс. Гендер тек әйелдің ғана емес, ер адамның 
да  тұлғалық  ерекшеліктерін  қорғайтын,  ал  кемсітушілік  болған 
жағдайда оның да мүддесін сақтауға атсалысатын қоғамдық үдеріс. 
Егер  адамның  биологиялық,  әлеуметтік,  саяси,  психологиялық 
сияқты жан-жақты қырлары бар екендігін ескерсек, шындығында, 
ер мен әйел абсолютті бірдей бола алмайды. Осы тұста, «тең» деген 
түсінікті  кейбір  батыстық  көзқарастар  «бірдей»  деген  ұғыммен 
алмастырып  алады.  Сондықтан  олар  екі  жыныстың  биологиялық 
болмысын да теңестіріп жібереді. 
Гендердің  ең  басты  мақсаты  –  қоғамның  әлеуметтік,  саяси, 
мәдени  салаларындағы  әйел  мен  ердің  тең  құқығы,  екеуінің  де 
мүдделерін  асыра  пайдалануға  жол  бермеу.  Сондықтан,  гендер 
кейбір  көзқарастар  ұсынып  жүргендей  ер  мен  әйелді  бір-біріне 
қарсы  қойып,  әлеуметтік  жанжал  туғызу  үшін  емес,  керісінше, 
олардың  қоғамдық  өмірдегі  өзіндік  бір  үйлесімділігін  сақтауды 
негізге алады. 
Ғұмар Қараш осындай өзара тең құқықтық гуманизмді әлемдік 
гендерология  арнайы  ілім  ретінде  тумастан  бұрын-ақ  қолға 
алып,  оның  қазақ  қоғамындағы  түйткілді  тұстарын  ашып  береді. 
Әйелдің  теңсіздігі  мәселесін  толғай  келе,  оны  арнайы  заңдармен 

326
Ғұмар Қараш
бекіту қажеттігін ұсынады. Мысалы, өзінің «Өтініш. Неке туралы» 
атты мақаласында былайша ой толғаған болатын: «Баспа арқылы 
барлық көпшілікке, оқырман қауымға арналған неке туралы заңды 
қабылдау қажет шарт. Мұндай заң болмайынша неке мәселесі дұрыс 
болмайды...Ашу  үстінде  еркектер  әйелдерді  жәбірлейді,  осының 
бәрі де белгілі заңның жоқтығынан. Шын мәнінде, әйелдер құқын 
қорғайтын әділ қазылар жоқ. Сол себептен он-он бес, тіпті жиырма 
жыл бірге тұрған жұбайлардың айрылысуы осы жайлардың жолға 
қойылмауынан. Сол үшін осындай адамдардың көз жасын ескеретін 
әділ шара керек» [2, 214–215 бб.].
Шындығында,  бұл  тек  Ғұмар  Қараш  ғана  қозғаған  мәселе 
емес,  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  зиялыларын  да  алаңдатқан 
шешімін  табуы  тиіс  әлеуметтік  түйткілдердің  бірі.  Бірақ  бұл 
тұстағы ойшылдың ерекшелігі мынада: оқиғаларды бүге-шүгесіне 
дейін баяндап, айғақтарды тізіп отырмай, арнайы неке туралы заң 
қабылдау қажеттігін ұсынуы, ол туралы БАҚ-тарда ашық пікірталас 
жүргізуді  ұсынуы  туралы  нақты  практикалық  шешімдерге  қарай 
жетелейді. Қазақ қоғамындағы сол кезеңдегі жиі кездесетін әйелге 
деген қысымшылықты ескіліктің сарқыншағы деп есептейді. Ғұмар 
Қараштың бұл мәселесі дәл бүгінгі күні де сол қалпында қозғалып 
отырған  түйткіл,  бірақ  бір  айырмашылығы  ер  адамдардың  да 
олармен  тең  құқықтары,  олардың  да  қорғалуы  туралы  мәселелер 
айтылмағындығында. 
Бүгінгі қоғамымыздың рухани-әлеуметтік саласында бірнеше 
жылдан  бері  іске  аспай  жатқан  тағы  бір  өзекті  мәселелердің  бірі 
–  ана  тілінің  қолданылу  аясы  туралы.  Ол  өзінің  поэзиясында 
да,  философиялық  толғаныстарында  да,  публицистикалық 
мақалаларында  да  қазақ  тілінің  болашағы  мен  оны  өркендеуі 
туралы  батыл  пікірлерін  ұсынып  отырғандығын  жоғарыда  атап 
өттік. Мысалы, «Ұлт һәм туған тіл» атты мақаласында патшалық 
ресей  кезеңіндегі  осы  мәселенің  ахуалына  арнайы  тоқталады. 
Оның  отаршылдық  ықпалын  айыптай  келе,  ұлтсыздандыру 
саясатының  тетіктерінің  бірі  –  халықтардың  ана  тілін  жоюға 
бағытталған  әрекет  екендігін  арнайы  атап  өтеді:  «Бір  халықтың 
өз тілінде білім-өнері болмаса, ол халықтың тілі бұзылып өзгереді 
һәм көршілес күшті халықтың тілімен әсірелеп... соған қол болады, 

327
5. Ұстаз болмысы және оның туындыларының 
     бүгінгі күнгі маңызы 
оның ішінде жаңалықтар көбейеді. Ол кішкене ұлттарды жаңартып, 
жандандырылмаған  ескі  тілі  өзінің  барлық  маңызын  жояды  һәм 
жылдам  ұмытылады.  Мұның  мысалын  тарих  бетінде  бек  көп 
ұшыратамыз, бұрын да бірнеше халықтар болған, қазір біз олардың 
бірін  де  көре  алмаймыз,  һәм  олар  жоқ.  Міне  бұлар  –  сол  тілдері 
жойылып кеткендер» [2, 222 б.].
Қазіргі  кездегі  тіл  жанашырларының  келтірер  дәйектерінің 
бірі  де  –  нақ  осы.  Күшті  ұлттардың  әлсіз  ұлттарды  сіңіріп  алуы 
немесе мәдениеті ықпалды, рухы күшті халықтардың басқаларын 
жұтып  қоюы  немесе  бейімдеп  алуы  (адаптация,  ассимиляция) 
тарих  эволюциясындағы  «әділетсіз»,  бірақ  қаталдау  болса  да 
заңды  үдеріс.  Сол  ұлттың  немесе  халықтың  жұтылып  кетуінің, 
жойылып,  басқаға  сіңіп  кетуінің  басты  себептерінің  бірі  –  оның 
ұлттық болмысын сақтай алмауы, оның ішінде ана тілін де ұмытуы 
болып  табылатындығын  жіті  пайымдаған  философ  Ғұмар  Қараш 
халқын  алдын-ала  сақтандырады,  тілінің  келешектегі  жағдайы 
туралы қатты алаңдайды, тілінің болашағы – ұлтының болашағы 
екендігін жақсы түсінеді. Осындай мысал, мұндай ахуал мен дабыл 
қағушылық  бүгінгі  күні  де  өзінің  маңызын  жоймай  келеді.  Бұл 
тұста,  «Сонда  жүздеген  жылдар  бойы  толғанған  тіл  мәселесі  әлі 
күнге дейін неліктен шешімін таппайды» деген сауал туындайды. 
Біздіңше,  мұның  себептері  мынадай:  біріншіден,  жоғарыда 
атап  өткендей,  ұлттық  идеяның  үзіліп  қалуынан,  екіншіден, 
отаршылдық сананың салдарынан, үшіншіден, қалыптасып қалған 
мәдениетімізді (кітап қорлары, ғылыми еңбектер т.б. орыс тіліндегі 
нұсқалары) өзгертудің қиындығынан, төртіншіден, өз ұлтымызды 
өзіміз сыйламағаннан т. б. 
Ғұмар  Қараш  келесі  кезекте,  осы  ұлтын  сыйламаушылықты 
да  айыптап,  олардың  намысына  тиіп,  қайрай  түседі,  салиқалы 
пікірлер айтады, ана тілін білмейтін адамның кім екендігі туралы 
өткір  сын  айта  отырып,  мақаласын  әрі  қарай  жалғастыра  түседі: 
«..Ана тілі болмай тұрып, ешбір білім-өнерді таратуға мүмкін емес. 
Ең  әуелі  ана  тілі  қажет.  Егер  ана  тілін  білмесең,  сен  ол  ұлттың 
баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсын. 
Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзі-ақ белгілі. 
Әдебиеті жоқ ұлттың өнері де өршімейді» [2, 223 б.].

328
Ғұмар Қараш
«Ана  тіліңді  білмесең,  сен  өзіңді  сол  ұлттың  өкілімін  деп 
есептемей-ақ қойсаң да болады» деген сияқты пікірді ниеттейтін 
қатқыл  ескертуі  кім-кімге  де  болса  ой  салатын,  бүгінгі  күнге 
де  сай  келетін  өсиет.  Бұл  жерде,  «Бір  қарағанда,  әдебиет  жай 
ғана өнер ғой, ол да басқа өнерлер сияқты, ендеше неге тек қана 
әдебиет туралы айтылып отыр» деген сияқты сауалдар туындайды. 
Біздіңше,  әдебиет  қазақ  халқының  тарихи  болмысының  тұтас 
бір  маңызды  руханиияттық  бөлшегі  іспетті.  Жоғарыда  атап 
өткендейол біріншіденел билеушілеріне нұсқау беретінолардың 
астамшылығы мен қателіктерін түзейтін «Рухани Кеңесші» болған. 
Екіншіден,  ұрпақтарын  жан-жақты  тәрбиелейтін  ерекше  бір 
тиімді құрал. Мысалыұзақ жырлар мен эпостардытермелерді – 
есте сақтау қабілетін ешбір ұлтта кездесе бермейтіндей деңгейде 
шынықтырып  шығаратын  қазақ  баласының  интеллектуальдік 
мектебі десе де болады. Бірнеше күн бойы толғайтын жырларды 
жаттау  тек  тарихты  білу,  өткенді  құрметтеу,  одан  адамгершілік
еңбек,  эстетикалық  т.б.  тәрбие  түрлерін  алу  ғана  емес,  өзі  өзінің 
ақыл-ойын шынықтыратын өзінтану бағытыөзін-өзі жетілдіретін 
перфекционизм болып та табылған. Сондықтан да олар тым ұзақ 
болып  құрылып,  жыр  жаттаушылық  балалар  арасында  өзіндік 
бәсеке  және  қанша  жыр  жаттағандығына  байланысты  ақылдың 
(интеллектінің)  өлшемі  болған  тәрізді.  Сондай-ақ  тарихшы 
Б.Берлібаев дәйектеп жүргендейол ауызша тарихи білім қызметін 
атқарған [122, 12–46 бб.]
 
т.б. (Әрине, бүгінгі күні әдебиеттің мұндай 
басты қызметтері жойылған десе де болады). Міне, сондықтан да 
Ғұмар Қараш тілсіз әдебиет болмайтындығы туралы толғанған. 
Ақын,  философ  болғандықтан,  бұл  мақаласында  тілдің 
биофизиологиялық  және  табиғи  жақтарына  да  тоқталып  өтеді: 
«Бала анасының құрсағында-ақ, өз ұлтының тілімен ауызданады, 
бүтін  денесі  сонымен  азықтанады.  Өскеннен  соң  бала  сол  тілді 
жарыққа шығаруға, өршітуге борышты» [2, 224 б.]. Автордың бұл 
жердегі  айтайын  деген  ойын  былайша  тарқатуымызға  болады: 
анасының  сөйлеген  ана  тіліндегі  сөзі,  ана  тіліндегі  ойы,  ана 
тіліндегі  әнді  тыңдауы  және  айналасындағы,  сыртқы  ортадағы 
ана  тіліндегі  қарым-қатынасы  т.б.  барлығы  құрсақтағы  балаға 
беріледі.  Біздіңше,  Ғұмар  Қараш  ойын  әрі  қарай  дамытсақ,  ол 

329
5. Ұстаз болмысы және оның туындыларының 
     бүгінгі күнгі маңызы 
жай  ғана  беріліп  қоймайды,  рухы  мен  жаны  арқылы  ғана  емес, 
биофизиологиялық тәні де осы тіл арқылы рухани азықтанады. Тіл 
дыбысының акустикасы мен толқындары оның ағзасына енеді. Сол 
сәтте табиғи-биологиялық ген өзінің мыңдаған жылдық рухымен 
қайта табысып,  шаттанады деп түсіндіруімізге болады. Одан соң 
бала  дүниеге  келген  соң,  құрсақтағы  «уақытша  қарызға  алған» 
рухани азығын еселеп кері қайтарады және оны да кейінгі ұрпағына 
осылай сіңіруге міндеттенеді. 
С.  Ғаббасов  дәйектеп  жүргендей  [123,  14–66  бб.],  баланың 
құрсақ тәрбиесіне сәйкес, Ғұмар Қараштың осындай ой ниеті ақылға 
қонымды десе де болады. Міне, біз құрсақтағы бала алдында басқа 
тілде  сөйлеп,  оның  ішкі  жан  тыныштығына  қаншама  кеселдер 
келтіріп отырғанымызды, ішкі рухани және тәндік үйлесімділігін 
бұзып  жүргенімізді  сезіне  аламыз.  Бастауыш  сыныпта  да  әуелі 
өзінің  тілін  толық  меңгертіп  алмай,  өзге  тілдерді  оқытуға  бет 
бұрып  отырған  сәтімізде  де  «дұрыс  пен  бұрыс»  арасында  да 
өзімізге өзіміз қаншама жауапкершілік артып отырғандығымызды 
сезінуіміз керек. Өйткені, ізгі-сенімді, тарихи қалыптасқан тәрбие 
өз  алдына,  әлі  ақыл  есін  толық  білмейтін,  оң  мен  солын  тани 
қоймаған адам (бала) болмысын түбегейлі өзгертуге қаншалықты 
құқық  алғандығымызды-алмағандығымызды  да,  біз  –  ересектер, 
ойлануымыз қажет.
Оның  толғауларының  бүгінгі  заманға  келіп  сәйкестенетін 
қозғаған  мәселелерінің  бірі  –  жоғарыда  талдап  көрсеткеніміздей, 
табиғат  пен  қоғамның  Қадірін  білу.  Ол  Жердің,  Судың,  Кеннің 
қадірін бағалай білуі қажетті туралы ойларын паш етіп, оны келер 
ұрпаққа  да  арнағандай  болады.  Мысалы,  Судың  қадірі  туралы: 
«Сарқыраған  ағын  су,  Мұның  қадірін  кім  білер?»-деп  осыдан 
жүз  жылдай  бұрын  айтып  кеткен  болатын.  Шындығында,  оның 
экологиялық мәселе екендігі барша адамзатқа белгілі нәрсе, бірақ 
бұл тұстағы ақынның айтайын деген ойының ерекшелігі, еліміздегі 
тұщы су тапшылығы туралы мәселені ойға алғанда ғана анығырақ 
білінеді. Әзірге қазба байлықтар мен басқа да табиғи ресурстар жоқ 
емес,  ал  ешбір  өзен  Қазақ  Жерінен  басталмайтын  болғандықтан, 
әлбетте, өзен қай елде басталса, сол оның қожасы сияқты болып 
көрінетіндіктен бізде жуық арада тұщы су тапшылығы болуы мүмкін 

330
Ғұмар Қараш
екендігі туралы дабыл соңғы уақыттарда қағылып жатыр. Алдағы 
уақытта осы дабыл күшейе түсіп, оны үнемдеудің жаңа талаптары 
мен  ережелері  туындауы  ықтимал  және  оған  аз  уақыт  қалмаған 
сияқты.  Міне,  осы  кезде,  Ғұмар  Қараштың  «Су  қадірі»  туралы 
философиясының маңызын, оның болжағыштығын, идеяларының 
күні бұрын (100 жыл) ескерткендігін бағамдай аламыз.
Ол кезде, экологиялық ахуалдар, адам мен табиғат арасындағы 
қайшылықтар туралы мәселе айтарлықтай туындамаған еді, адам 
баласы табиғи қорларды «мәңгі таусылмайтындай» көрген кезең еді. 
Бірақ Ғұмар Қараш олардың түптің түбінде сұрауы болатындығын 
бағамдап,  келер  ұрпаққа  өсиеттерін  қалдырып  кеткен  болатын: 
«Қызыл аңыз жел соқса, Өлең қурап, жел кебіп, Құмдай борап шаң 
шықса, Сарқыраған жазғы су, Сонда қадірі білінер». Ендеше, Ғұмар 
айтып кеткендей, «Су қадірін» білетін мезгіл де біз үшін алыс емес 
сияқты. 
Бұл  әрине,  қазір  бізге  белгілі  мәселе  болғандықтан,  оның 
идеяларының  құндылығының  жоғарылығы  сезілмей  қалуы  да 
мүмкін.  Ал  енді  еліміздегі  Кеннің  қадірі  туралы  толғанысы 
болашақта сөз жоқ қозғалатын мәселе екендігінде күмән жоқ. Осы 
орайда, ақынның жыр шумақтарына жүгінсек: 
...Жиһанға қолы жетісіп, 
Ризық шашып таратқан
Сансыз неше мақлұқат 
Бір өзіне қаратқан
Піл сауырлы қара өңді, 
Жерден шыққан кәзине
Кен қадірін кім білер
 [2, 113 б.]. 
Кен,  жалпы  айтқанда,  еліміздегі  табиғи  ресурстардың  да 
болашақта Су сияқты қадірі білінетін кезең де алыс емес сияқты. 
Себебі,  әлемдегі  қазба  байлықтар  сияқты  еліміздегі  кеннің  де 
белгілі  бір  уақыттар  өткеннен  кейін  таусылуы  таяу.  Сондықтан, 
алдағы бір 10 жыл төңірегінде осы Ғұмар Қараш толғаған идеяға 
қайта оралуымыз әбден ықтимал!? 
Ол  өз  өмірінің  соңғы  жағында  Коммунистік  партияға  өтіп, 
ұлттық  идеяны  күшейту  туралы  көзқарасының  әдіснамасы  мен 

331
5. Ұстаз болмысы және оның туындыларының 
     бүгінгі күнгі маңызы 
бағытын  түбегейлі  өзгертеді.  Егер  оның  1921  жылы  дүниеден 
өткендігін ескерсек, ол әлі Кеңес үкіметінің теріс пиғылды ойлары 
мен көрсеткен құқайларын көріп үлгермегендігін ескеруіміз қажет. 
Сонымен қатар, ол социалистік төңкерістен кейінгі бір-екі жылдық 
уақыттың  өзін  екі-үш  кезеңге  бөліп  қарастырып,  әрқайсысының 
бір-біріне ұқсамайтын жақтарын ашып береді және ол кезеңдердің 
елді  кім  басқарып  отырғандығына  байланысты  екендігін  де  атап 
көрсетеді:  «Революция  басталғалы  екі  дәуірді  оздырып,  1917  
жыл  Октябрьден  бері  үшінші  дәуірде  тұрмыз.  Бұл  үш  дәуірдің 
әрқайсысының  өзіне  хас,  бір-біріне  ұйқаспайтын  жолы,  жобасы 
болса  да,  біріне-бірін  қосып,  быламық  етіп,  түсініп  араларын 
айыра  алмай,  біздің  қазақ  адасып  отыр.  Революцияның  әуелгі 
қысқа  дәуірінде  іс  басында  Милюков  сияқты  кадеттер,  ортаншы 
дәуірінде Керенскилер тұрып өз тұстарында жұрт алдында тізген 
программаларын тартқан. Енді қазіргі күнде бұлардың шығарған 
жобалары  мансұқ  болып,  ел  басқару  тізгіні  жұмыскер  тобының 
басшысы – Ленин, Троцкийлер қолдарына алып отыр...Қайтарып 
айтамын:  біздің  қазақ  бұл  үш  дәуірді  бір-біріне  қосақтамай 
түсінулері керек» [2, 220 б.]. Ғұмар Қараштың бұл ісі дұрыс па, әлде 
теріс пе – мұны анықтау тарихшы ғалымдарымыздың еншісінде. 
Егер де, ол ұзағырақ өмір сүріп, Сталиндік-Голощекиндік қуғын-
сүргінді,  күштеп  ұжымдастыруды  т.б.  Кеңес  үкіметінің  қитұрқы 
саясатын көрген болса, онда көзқарасын өзгертуі де ықтимал деп 
қана ой түйіндей аламыз. 
Ендеше,  Ғұмар  Қараштың  ХХ  ғасырдағы  айтқан  пікірлері 
мен  ой  қорытулары,  қозғаған  мәселелері  мен  ұсыныстарының 
кейбірі (тіпті көпшілігі десе де болады) бүгінгі заманға да сәйкес 
келетін болғандықтан, біздің одан аларымыз көп. Тарихи тәжірибе 
алаңындағы  бізге  сыйланған  осындай  озық  ойлардан  үлгі  алу, 
жетістіктері  мен  ұтқыр  идеяларын  пайдалану  ақын  рухының 
қайта  серпілуі  мен  өткенге  құрмет  болып  табылады  және  келер 
ұрпақтың  өзінің  болашағын  сенімді  түрде  құруының  жобаларын 
қуаттандырады, жетілдіреді деп айта аламыз. 
Бірақ  «ХХ  ғасырдың  басындағы  Ғұмар  Қараш  заманынан 
еш ілгері жүрмеген екенбіз, ол кездегі қозғаған мәселелер бүгінгі 
күні  де  өзекті  болса,  содан  бері  ешнәрсе  шешілмеген  екен,  біз 

332
Ғұмар Қараш
дамымай,  әлі  сол  кезеңде  тұрған  екенбіз»  деген  пікір  туындамау 
керек. Ілгерішіл-оңшыл даму көріністері, барынша шешімін тапқан 
ахуалдар да бар. Мысалы, надандық туралы, тәуелсіздік жөніндегі 
т.б. түйткілдер қазіргі кезде толықтай өзінің межесіне жетті және 
ол әрі қарай өрістетуді ғана сұранып тұр. 
Ғұмар Қараштың әлі де жарыққа шықпай жатқан, табылмаған 
еңбектері  бар  екендігін  ескерсек,  олар  да  болашақта  көпшілік 
қауымға  ұсынылады  деп  есептесек,  одан  алар  үлгіміз  әлі  де  көп 
екендігі күмәнсіз. Қазіргі кезде, оның рухын қайта көтермелеудің, 
тарихи  тұлғалығын  құрметтеудің,  шығармаларының  тереңділігі 
мен  маңыздылығын  түйсінудің,  үлгі-өнеге  аларлық  тағылымын 
ұғынудың арқасында істеліп жатқан шаралар баршылық. Астана, 
Орал  қалаларында  Ғұмар  Қараштың  есімімен  аталатын  көшелер 
бар.  Батыс  Қазақстан  облысы  Қазталов  ауданындағы  ашылған 
мектеп-гимназияға  Ғұмар  Қараш  есімі  берілді.  Оның  қасына 
ақынға  арнап  ескерткіш  орнатылды.  1996  жылы  30  қазанда 
Орал  қаласында  оның  шығармашылығына  арналған  ғылыми-
практикалық  конференция  өткізіліп,  Ғұмар  Қараштың  еңбектері 
туралы  жан-жақты  баяндамалар  оқылды.  Батыс  Қазақстан 
аймақтық мұражайында оның тарихтағы орны да ескеріліп, әдейі 
арналған  бұрыштама  бар.  Ол  қайтыс  болғаннан  кейін  Нәсекең 
деген досы Ғұмардың қабірінің басында тұрып, «Жапанда жатыр 
екен»  деген  жыр  шумақтарын  шығарса,  келіні  Сақыпжамал 
Ғұбайдоллақызы  «Асылдарда  асылым»  деп  аталатын  жоқтау 
арнаса,  «Смағұлдың  Ғұмарды  жоқтауы»  деп  аталатын  толғауын 
арнаған  екен.  Оның  еңбектері  хақында  философиядан,  құқықтан 
ғылыми диссертациялар қорғалды. 2012 жылы Жантас Сафуллинің 
бастамасымен Ғұмар Қараш басқарған және белсенді қызмет еткен 
«Қазақстан» газетінің Ресей мұрағатында жатқан тігінділері Орал 
қаласына  алдырылып,  қазіргі  кириллица  әліпбиіне  аударылып, 
ол  жинақталып  жеке  кітап  болып  басылып  шықты  және  арнайы 
сайтқа орналастырылды. Осындай игі істер мен атқарылар шаралар 
әрі қарай толассыз жүре береді деген сенімдеміз. 

333

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет