Берік Аташ, Қуаныш Әлжан ҒҰмар қараш алматы


Ұстаз болмысы және оның туындыларының



Pdf көрінісі
бет28/34
Дата03.03.2017
өлшемі2,54 Mb.
#6482
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34

5. Ұстаз болмысы және оның туындыларының 
     бүгінгі күнгі маңызы 
болса,  төбедегі  келеді,  Алтау  ала  болса,  ауыздағы  кетеді»  деген 
халық  мәтелі  арқылы  дәйектеп  береді.  «Замананың  адамы»  деп 
аталған өлеңінде бұл тәсілін былайша көркемдік тілмен өрнектеп 
жеткізеді: 
Алты бақан, алалық 
Жүректерін қаралық, 
Өзді-өзіңіз алысып, 
Ырылдасып қабысып, 
Әлсірейтін мінезден
Аулақ жүре көріңіз.
Қазақтықта бір сөз бар:
«Алтау ала болғанда
Ауыздан жемін кетірер
Төртеу түгел болғанда
Төбеден жерге келтірер»
Атаның айтқан бұл сөзі 
Аңдай жүре көріңіз
 [2, 78–79 бб.]. 
Сондай-ақ ол тым болмаса, ел мүддесінің ортақтығы арқасында 
бірігіп  іс  қылу  қажеттігін  де  атап  өтеді.  Себебі,  ұлттық  идея  бір 
ғана тұлғаның немесе жалғыз-жарым адамның міндеті емес, барша 
халықтың  қолдауына  ие  болуы  тиіс  және  бүкіл  ел-жұрт  болып 
атсалысуы  қажет  ұмтылыс.  Бірліктің  ұлттық  идея  жолындағы 
қызметінің  нәтижелі  болатындығын  атап  айтқан  ойшыл  бүтін 
халықты осы бір мақсат бойынша жұмылдыруды қалайды. «Отан 
және  ұлт  реформасы»  деп  аталатын  туындысында  өз  ойларын 
философиялық  мағынада  жеткізеді:  «Бірқатар  адамдар  Отан,  ұлт 
мәселесін тек жоғары лауазымды және ойкешті адамдар айналысса 
болар  деседі.  Отан,  ұлт  мәселесі  баршаға  ортақ...Отанға,  ұлтқа 
қызмет  ету  жоғары  мансапты  яки  бай  адамдарға  ғана  міндетті 
емес. Ниеті, ықыласы дұрыс болса, жәй, орташа адамдар да Отанға 
қызмет ете алады. Әр кісінің өзіне тиісті борышы бар...Соның үшін 
әрбір кісі қоғамның мүшесі екенін сезіне отырып, өзіне жүктелген 
қызметті атқаруға міндетті» [2, 169–169 бб.].
Ғұмар  Қараштың  мұндай  ел  ісіне  баршаны  жұмылдыру 
саясаты,  сайып  келгенде,  әрбір  адамның  борышы,  тіпті  міндеті 

304
Ғұмар Қараш
қылып  бекітіп  берумен  жалғасын  табады.  Ол  кері  байланыстың 
үлгісін жасайды: қоғам адамға, өзінің әрбір мүшесіне қамқорлық 
жасап, оны өзінің аясында өсірсе, олар да ел үшін өзінің тиісті оған 
берер  борышын  атқаруы  тиіс.  Яғни,  ойшыл  тұжырымдағандай, 
бірлік тек қана бас біріктіріп, құр механикалық түрде жинақталу 
немесе  сауық-сайран  құру  ғана  емес,  ел  мүддесі  мен  халықтың 
мұқтажы,  Отан  мен  ұлт  үшін  бірігіп  қызмет  етумен  келіп 
шартталады. Сонымен қатар, бүгінгі күні де қоғамдық бұқаралық 
санада  «ел  мәселесімен  жоғарыдағылар  айналыссын,  менің 
қолымнан не келеді» деген сияқты түсініктер қалыптасқан, ендеше, 
мұның  жауабын  жоғарыдағы  Ғұмар  Қараштың  пікірлерінен  де 
табуға болады. Ғұмар Қараштың бірлік философиясы бүгінгі күні 
де  өзекті  мәселелердің  бірі,  қазақ  неге  күншіл,  бастары  неліктен 
біріге  алмайды,  бұл  ұлтқа  біткен,  діліміздегі  қалыптасып  қалған 
жағымсыз мінез-құлық па деген сияқты сауалдар туындайды. 
8.  Қазақы  болмысты  жандандыру:  тіл  мен  діл,  әдет-ғұрып 
пен  салт  дәстүр.  Ғұмар  Қараштың  ұлттық  идеясының  құрамдас 
бөліктерінің  бірі  –  ұлт  болмысының  тарихи  тамырларының 
сақталуы,  оны  сол  ұлт  етіп  тұрған  ажырамас  қасиеттерінің  өз 
мәнінде өмір сүруі және келер ұрпаққа берілуі. Сондықтан, ол қазақ 
халқының  әдет-ғұрпы  мен  салт-дәстүрін,  тілі  мен  ділін  сақтауды 
да басты назарда ұстайды. Бұл ұстаным жалпы ұлт зиялыларының, 
түптеп  келгенде,  қазіргі  ұлттық  идеяның  да  басты  назарындағы 
нысаналар.  Соның  бірі  –  халықтың  ана  тілі.  Ойшыл  өмір  сүрген 
дәуір  де  аласапыран  болғандықтан,  тек  елдің  бостандығы  мен 
еркіндігіне,  халықтың  саяси-әлеуметтік  ахуалына,  ұлттың  бірлігі 
мен  болашағына  ғана  емес,  тіліне  де  айтарлықтай  қауіп  төніп 
тұрды.  Ол  жан-жақты  қысымшылықтарға  ұшырай  бастады  да, 
тіл  экологиясы  ұлт  зиялылары  үшін  өздігінен-ақ  күн  тәртібіне 
көтерілді. 
Басқа  халықтармен  болған  байланыстар,  саяси-мәдени 
ынтымақтастық пен сұхбаттастық, белгілі бір деңгейде, қазақ тілінің 
қазақтар арасында бірден-бір қарым-қатынас тілі ретінде жоғалуы 
мүмкіндігін, әдеби тілдің шұбарланып кетуі ықтималдылығын, білім 
берудегі  ана  тілінің  ықпалының  азаю  сыңайын  туғызды.  Әсіресе, 
мәдениеті арқылы – орыс тілі, ислам діні бойынша – араб тілі, саяси-

305
5. Ұстаз болмысы және оның туындыларының 
     бүгінгі күнгі маңызы 
әлеуметтік достық қарым-қатынас негізінде –татар-башқұрт тілі ана 
тіліміздің шұбарлануы қаупіне алып келді. Ғұмар Қараш та осындай 
жағдайды алдын-ала сезе біліп дабыл қаға бастады. Себебі, ол да 
кейбір  сәттерінде  татар-башқұрт-қазақ  жұртына  түсінікті  тілмен 
жазамын деп, олардың және араб тілінің сөздерін жиі қолданатын 
болған.  Бірақ,  ол  мұны  арнайы  сондай  бағытпен  жазайын  деп, 
саналы түрде бет бұрған болатын, ал таза қазақша жазғысы немесе 
сөйлегісі келсе, оған да мүмкіншілігі мол еді.
Алашордашылар  сияқты  кейіннен  тіл  тазалығына  алаңдаған 
Ғұмар  Қараш  та  ұлттың  өзегі  ана  тілі  екендігін  түйсініп,  басқа 
тілдің сөздерін араластырмау керектігі жөнінде өзіндік пікірлерін 
поэзиялық  жолмен  де,  философиялық  қара  сөздерімен  де, 
публицистикалық жанрларымен де батыл түрде білдіріп отырған. 
Мысалы, «Тіл, ғылым туралы» деген өлеңінде, екеуін бөліп жармай, 
бір қарастырады, сөйтіп жаңаша бір парадигма ұсынғандай болады. 
Тіл – көңілдің ашқышы
Көңіл – жарық, жан қия.
Білім – бақыттың басқышы
Қараңғыда жол қия
 [2, 150 б.]. 
Бұл өлең бар болғаны төрт жол, бірақ біздіңше, бұл бастапқыда 
ұзақтау болып, кейіннен қалғаны ұмыт болған болуы да ықтимал. 
Ал  публицистикалық  мақалалары  мен  философиялық 
толғаныстарында  тіл  мәселесінің  хал-ахуалын  былайша  атап 
көрсетеді: «Ғияс әпенді ана тілін қолдануды, оған шет ел тілдерін 
араластырмау  туралы  орынды  айтқан.  Бірақ  сөйте  тұра,  ол  кісі 
араб-парсы  сөздерін  көп  қолданған...бір  топ  мешер  жиналып, 
сөзімізге орыс тілін араластырмайық деп әңгімелеседі. Іштерінен 
бір  молла  түрегеліп,  жұртқа  қарап:  «Жамағат,  слышите  бұдан 
әрі  отнюд  орысша  сөйлешпеңіз»  деп,  ең  соңында  «Доб-добрый, 
бик  добрый»  деп  тарасқан  екен.  ..Біздің  ойымызша,  ана  тіліміз 
алға бассын десек, ең жақсысы атақты басшы Риза, Фатих, Мұса 
әпенділер  сияқты  жазушылырымыз  өз  сөздерінде  бір  де  шет  ел 
сөзін кірістірмей сөйлеуге әдеттенсін. Шешендік сөздерді шет ел 
сөздерімен шұбарламасын» [2, 209 б.]. 

306
Ғұмар Қараш
Шындығында, жоғарыдағы молдалардың сөзі күлкілі жағдай. 
Бірақ мұндай ахуал жүз жыл өтсе де, бүгінгі күні де жиі кездесетін 
санамыздағы  таптаурындар.  Ендеше,  қазіргі  кездегі  біз  қозғап 
жүрген  мәселенің  түптөркіні  –  Ғұмар  Қараш  заманынан  бастау 
алады  екен.  Сонда,  сол  дәуірдегі  ұлт  зиялыларының  еңбегі  мен 
атқарған  шараларының  бүгінгі  күнгі  нәтижесі  қандай  деген 
сауал  туындайды.  Сол  дәуірлерден  бері  ана  тіліміздің  тазалығы 
туралы  қаншама  пікірлер  мен  насихаттар  жүргізіліп  келеді.  Өз 
заманындағы тіл сақшысы Ғұмар Қараш толғаған мәселе жай ғана 
басқа  тілден  енген  сөздерді  араластырып  сөйлейтін  қоғамдық 
болмыстағы  кездейсоқ  бір  жағдай  емес,  ана  тілінің  қолданылу 
аясы тарылғандықтан пайда болған ішкі-жан дүниенің тебіренісі, 
қоғамдағы  қазақ  тілінің  беделінің  түсіріліп,  жойылуға  қарай  бет 
түзегендігін  сезінген  ұлттық  рухтың  намысты  серпілісі  болып 
табылады. Бұдан бүгінгі күні «осы мәселе, 100 жыл өтсе де, әлі сол 
қалпында тұрғаны қалай» деген өткір сауал туындайды. 
Сол  кездегі  тілге  төнген  қауіпті  ахуалды  ойшыл  өзінің 
еңбектерінде әрі қарай былайша саралайды: «Қазақ мектептерінде 
қазақ тілінде жазылған кітаптарды оқыту пайдалы ма, әлде татар 
тілінде оқыту тиімді ме деген мәселе қозғалып жүр. Бұ да – маңызды 
мәселе. Бұл іспен ұлт тілі мамандары шындап айналысқаны жөн. 
Осы мәселеге мүдделі қаламгерлердің де сырт қалмағаны дұрыс... 
Шын  мәніне  келгенде  бастауыш  білімнің  әр  ұлт  балаларына  өз 
ана тілдерінде болуына шүбә жоқ. Қазақ балалары да бұл жағын 
қуаттайды» [2, 214 б.].
Мектепте  өзге  тілде  бастауыш  сыныпта  білім  алу  деген  сөз, 
болашақ  қазақ  халқы  сол  тілде  көбірек  сөйлегендіктен,  олар  да 
өз  балаларын  сол  тілде  оқытып,  қазақ  тілі  бірте-бірте  ұрпақтар 
алмасуы арқылы жойыла түседі дегенді білдіреді. Осындай ахуалды 
жете түйсінген Ғұмар Қараш өз ана тілінде білім алуды қолдайды. 
Тіл  мәселесі,  ХХ  ғасыр  басында  тек  Ғұмар  Қарашты  алаңдатқан 
ахуал  ғана  емес,  сол  кездегі  көптеген  қазақ  зиялыларының, 
алашордашылардың  көпшілігін  толғантқан  түйткіл:  «Тіл  –  ұлт 
руханиятының  негізгі  өзегі  екендігі  де  Алаш  зиялыларының 
қоғамдық  ойларынан  және  көркем  шығармашылығынан  көрініп 
жатты. Тілдің қоғамдағы орны мен ролі жөніндегі қисынды пікірлер 

307
5. Ұстаз болмысы және оның туындыларының 
     бүгінгі күнгі маңызы 
Ахаң  бастаған  алашшылардың  мақалаларынан  көрініп  жатты. 
Сондай-ақ  туған  тіл  тақырыбы  ұлтты  ұйыстырушы,  халықтың 
төл  болмысын  айқындаушы  фактор  ретінде  қазақ  поэзиясында, 
әсіресе, М. Жұмабаев, С. Торайғыров өлеңдерінде ерекше леппен 
жырланды» [66, 223 б.]. 
Тіл  мәселесі  хақында  олар  пікірлес-мүдделес  те  болды. 
Сондықтан  бір-бірін  қолдап  отырды:  «Бұл  жөнінде  Дулатов 
мырзаның «Шораның» осы жылғы екінші нөмірінде жазған пікірі 
өте дұрыс. Жаһандаровтың пікірі қате. Ол қазақ тілінде жазылған 
кітаптар табылмайды, сондықтан татаршаны қазақшалап пайдалана 
беру керек дейді. Олай етуге болмайды» [2, 214 б.]. 
Ғұмар Қараштың салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа деген қатынасы 
барынша  либералдық  сипатта  болды  немесе  келісімді  түрде 
құрылды.  Мұндай  көзқарас  ата-салтын  керітартпа,  ескішілдік, 
надандық  деп  түсінушілік  пен  тарихилық,  ол  сақтауға  тиісті 
борыштылық, мыңдаған жылдардан бері сабақтасып келе жатқан 
көне, қасиетті үрдіс деп бағалайтын бір-біріне қарсы қарама-қарсы 
бағыттардан  туындаған  ақынның  осындай  көзқарасы  барынша 
екі  жақты  келістіруші,  аралық  келісімді,  кей  сәттерде  ілгерішіл, 
кей  кездерде  тарихилыққа  жүгінуші  болып  шешімін  тауып 
жатты.  Демек,  «Дәстүрдің  озығы  бар,  тозығы  бар»  деген  қағида 
басшылыққа алынды. Себебі, бір қырынан, салт-дәстүр – ұлттық 
болмыс,  оны  сақтау  мен  жандандыру  ұлттық  идея  болса,  екінші 
бір қырынан, ол – еуропалық мәдениет пен этикетке кей сәттерде 
үндеспей жатады. 
Осы  үндеспеушілік  Ғұмар  Қарашты  екі  ұдай  пікірге  салған 
сыңайлы.  Сондықтан,  оның  қазақ  болмысының  тарихилығына 
деген  көзқарасы  сыни  бағытта  өрбіді.  Мысалы,  Абай  қазақ 
мақалдарын  сынаса,  Ғұмар  Қараш  кейбір  дәстүрлерді  сынайды, 
сынамаған  күнде  де  оның  кейбірін  құптамайды  немесе  оның 
«дұрыс-бұрыстығы»  жөнінде  пікірін  ашық  қалдырады,  нақты 
шешім  шығармай  қалады.  Немесе,  «егер  салт-дәстүрді  қолдасам, 
айналамдағы  зиялы  қауымға,  Ресей  зиялыларына  жаңашыл  адам 
болып танылмай қаламын» деген келбет (имидж) болған болуы да 
ықтимал. Мысалы, «Томан байдың баласы Әділ мырза я болмаса, 
Байғазы байдың қызы ару Шандоз» атты қысқаша әңгімесі болған 

308
Ғұмар Қараш
оқиғаны  тек  баяндап  қоюды  ғана  мақсат  етпейді.  Ол  бұл  баянда 
сол ғұрыптың ішкі мағынасын ашып көрсетуді, оның сол дәуірдегі 
өзіндік  бір  тарихи  маңызы  болғандығы  туралы  және  адалдық 
пен  адамгершілік  өлшемдері  хақында  сөз  етеді  де,  түйінді  ойды 
оқырманның  өзіне  қалдырады.  Дегенмен,  бұл  дәстүрді  құптап 
отырмағандығын  да  алдын-ала  емеурінмен  білдіріп  қояды: 
«Оқушылар, бұл сөздерден осы күнде де жаста құдаласып қою жөн-
ақ деген сөзді аңғара көрмеңіз. Тек ол замандағы қазақ халқының 
тұрмыс  жағдайларына  солай  лайық  болғандығына  ғана  айтамыз. 
Бұ күнде елдің тұрмысы өзгерді. Сол себепті ол заманда лайықты 
болған заттардың көбі бұ заманға жарай бермейді. Міне, біздің бұл 
жазған әңгімемізде қазақтың со кең, таза тұрмысты уақытындағы 
жастар арасында болған бір азғана сыпайы әдеттерін көрсетіп қалу 
үшін жазылды» [2, 158 б.]. 
Шығарма  мазмұнына  тоқталсақ:  Атастырылған  екі  жұптың 
кездесуге  болатын  уақыты  келгенде,  жігіт  оны  іздеп  шығып, 
ауылына  жақындағанда  таба  алмай,  адасып  айдалада  қонып 
жатқан кезде, атастырған қалыңдығы ауыл маңын аралап жүрген 
сәтте  оған  кезігеді,  екеуі  сыр  шертісіп,  ақыры  екі  жақтың 
заңды  құдаласу  рәсімдері  бойынша  олар  қосылады.  Әңгіменің 
мазмұнының  барлығы  –  осы.  Мұнда,  лиро-эпос  сияқты  оқиға 
қайғылы  аяқталмайды,  керісінше,  ертегілер  сияқты  оптимистік 
сарындармен тәмамдалады. Бұл тұста, дегенмен, Ғұмар Қараш бұл 
дәстүрді сүйсіне баяндап, ондағы кіршіксіз таза көңілге, абсолютті 
адалдық пен пәктікке өзі де қызыққандай болады. Демек, оның бұл 
ғұрыпқа деген көзқарасы, берер бағасы екі ұшты. 
Сондай-ақ  ол  таза  исламның  көрнекті  өкілі  болғандықтан, 
халықтың  байырғы  діни  наным-сенімдерінің  кейбірін  жоққа 
шығарады: «Тауаррих қағаздарын ақтарып қараса да, бұл бапта бек 
ғажайып оқиғалар көрінеді: 50–60 жылдар ілгері біздің мұсылман 
халықтар бек надандықтары себепті – ауруларын тиісті дарулармен 
ем  жасатпаған,  бақсыларға  бақтырған;  һәм  ішінде  қашып-пысып 
жүрген  молда,  надан  ишандарға  үшкіртіп,  түкіртіп  әурелеткен. 
Қайсібір ауруларды далада өскен бәйтерек ағашқа апарып неше күн 
сонда түнетіп, жансыз ағаштан медет-жәрдем талап еткен. Мұны 
ағашқа табыну демей не дейміз?!» [2, 186 б.]. 

309
5. Ұстаз болмысы және оның туындыларының 
     бүгінгі күнгі маңызы 
Бұл жерде, басы ашылмай қалған мәселелер сол күрделі сауал 
күйінде  қалып  қойған.  Мысалы,  «надан  ишандарға  үшкіртіп»,  – 
деп  сипаттаған  оқиғасының  кері  сауалы  «надан  емес  ишандарға 
үшкіртуге бола ма?» болып қайта құрылуы тиіс еді. Бірақ оған жауап 
жоқ.  Ағашқа  табынуды  тек  діни  тұрғыдан  ғана  қарастырған  ол, 
тарихи-қастерлік қыры мен рәміздік жағын немесе терең танымдық-
эзотериялық жағын ескермей қалған десе де болады. Бүгінгі күнгі 
Астана қаласындағы Бәйтерек рәмізі осы тылсымдықтың құпиясын 
аша  алмасақ  та,  оны  мәңгілікке  қалдыруды  ниеттенген  ойдың 
ишарасы болып табылады.
Бірақ,  батырлардың  аруаққа  табынуын  көркемдік  тілмен 
жырлаған  ол,  шындығында  да,  «байырғы  дәстүрлерді  қолдасам, 
«ескішіл» деген атаққа ілініп кетем-ау» деген ойда болған сыңайлы. 
Немесе,  ол  еуропоорталықтық  көзқарас  пен  позитивизмнің 
ықпалымен  өзінің  көзқарасын  өзгерткен  болуы  да  ықтимал. 
Сондай-ақ, ол исламда, еуропалық мәдениетте кездеспейтін кейбір 
дәстүрлерді қолдайды: жоқтау айту, домбыра тарту т.б. Демек, ол 
тек діни құндылықтарға ғана емес, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптық 
тарихи құндылықтарға де тексерулер жүргізіп (верификациялаған), 
өз  бетінше  сұрыптап,  қақ  жарған  (дихотомиялаған),  күнделікті 
өмірге  пайдалы-пайдасыздығын  ажыратқан  (реконструкциялаған) 
деген  сөз.  Сондықтан,  оның  ұлттық  идея  тұрғысынан  әдет-
ғұрып  пен  салт-дәстүрге  деген  көзқарасы  либералдық-сыни,  тым 
жаңашыл болған деп айта аламыз.
Көнеден  сабақтасқан  Ұлттық  идея  кеңістігінде  Ғұмар  Қараш 
өзіндік  орны  айшықталған,  нақты  істерімен  де  мәлім  болған, 
оны  жүзеге  асыру  жолындағы  кедергілердің  бәрімен  күрескен, 
жаңашылдық  пен  дәстүршілдіктің,  тарихилық  пен  логикалықтың 
бірлігінде,  жаңашылдыққа-логикалыққа  баса  көңіл  бөлген  тұлға 
ретінде  танымал  болып  отыр.  Оның  ұстанымдары  бүгінгі  күннің 
кейбір  маңызды  ахуалдарында  қолдануға  болатын  оңтайлы 
шешімдер  екендігі  күмәнсіз.  Қысқаша  айтқанда;  «Оның  қазақ 
даласында  туып  тәрбиеленуі  (шарт)  –  қазақы  болмысқа  тұтастай 
енуі  (алғышарт)  –  білім  алуы  (себеп)  –  өз  ұлтын  сүйген  азамат 
болуы (түрткі) – ұлттық идеяның насихатшысы қызметін атқаруы 
(іс) – оны өзі іске асырушы ретінде тарихта қалуы (нәтиже)» деп 

310
Ғұмар Қараш
тізбек құрсақ, бұл – тұтас өмірінің эволюциясының негізгі мәні мен 
мағынасы десе де болады. 
5.2    Ғұмар  Қараш  рухының  парасаты:  өткеннен  үлгі  – 
болашаққа өнеге
Адамзат дамуында кез-келген ұлт немесе халық өзінің тарихын 
білуге  саналы-бейсаналы  түрде  болсын  ұмтылып  отырады,  оны 
ұмытпағысы  келеді,  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғастырып,  ауызша, 
мейлі  жазбаша  болсын  көздің  қарашығындай  сақтап,  болашаққа 
қарай жолдап отырады. Себебі, тұтас өркениет пен адам баласының 
бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктерінің түгелге жуығы сөз жоқ, 
сабақтастық  пен  мирасқорлық  арқылы  жүзеге  асып  келеді  және 
солай бола да береді. Осы тұтас тарих аясынан, адамзаттың өткен 
өмірінің кеңістігінен әрбір ұлт пен халық өзінің жеке тарихын бөліп 
алады. Тарихты зерттеудің, оны ұмытпаудың, еске алып отырудың 
маңызды  міндеттерінің  және  қызметтерінің  бірі  –  тәжірибеден 
сабақ алу. 
Тарихи тәжірибесіз адам баласы ескексіз қайықта отырғандай 
болады.  Қоғам  кейде  қайшылықты  жағдайларға  ұшырағанда, 
тарихқа  жүгінеді:  «бұрын  осы  мәселе  қалай  шешіліп  еді»  деп 
сауал қояды, егер ол кездеспеген жаңашылдық болса, тым болмаса, 
өткеннен  соған  ұқсайтын  үлгілерді  іздейді.  Тарихқа  қарап, 
бүгіннің  қателіктерін  түзейді,  болашақтың  дұрыс  бағдарламасын 
жасайды.  Бұл  тек  адамзат  пен  белгілі  бір  ұлтқа  ғана  қатысты 
емес, әрбір адамның өзінің өткен өмірінен тәжірибе алатын жеке 
ғұмырнамасына да қатысты жайт. 
Болашаққа  бағдар  мен  қазіргі  ұстанған  бағыт  сол  тарихтың 
өзін әрі қарай жалғастырудан басқа түк те емес. Өткен тарих пен 
болашақ  тарихтың  бірлігі,  жекелей  алғанда,  ұлттың,  жалпылай 
алғанда, адамзат эволюциясының әрі қарайғы жалғасуының кепілі 
десе  де  болады.  Осыны  саналы  түрде,  мейлі  бейсаналы  түрде 
болсын  түйсінген  тарихи  жады  өзінің  өткенінің  қастерлілігін  де, 
ұмытылуы тиісті емес және қайта айналып келмейтін асқақтығын 
да іштей терең сезінеді.

311
5. Ұстаз болмысы және оның туындыларының 
     бүгінгі күнгі маңызы 
Қазақ  халқы  да  өзінің  тарихи  жадын  қайтадан  сілкінтіп, 
өткеннің  рухын  серпілтіп,  қайта  оятуды  басты  мақсат  етіп  қойып 
келеді. Сондықтан, әрбір кезеңді жете зерттеу, ол замандағы тарихты 
жасаушы  немесе  жасауға  ықпал  етуші  көрнекті  тұлғалардың 
эволюциядағы орнын ашып көрсету – бүгінгі күннің басты талабы 
болып отыр. Тарихи санамыздың жаңғыруы ұлттық рухтың өзіндік 
бір  серпілісі  десе  де  болады.  Ал  ұлттық  рухты  тұлғалардың  өмірі 
мен шығармашылығын, ел дамуына қосқан үлесін зерттеудің бүгінгі 
күнгі маңызды қырларының бірі – өткеннен сабақ алып, болашаққа 
мақсат құру, оның үлгі боларлық тиімді, пайдалы, бүгінгі күнге де 
қолдануға болатын ұстанымдарын қайта жаңғырту болып табылады. 
Сондықтан,  қазіргі  Қазақ  тарихы  бүгінгі  күнге  дейін  өмір  сүрген 
айтулы тұлғаларды жан-жақты зерттеуді қолға алып келеді. 
Соның  бірі  –  ХХ  ғасырдың  көрнекті  ойшылы  Ғұмар  Қараш. 
Ендеше,  бұл  қайраткердің  келесі  кезекте  келер  ұрпақтарға 
қалдырған  өсиетін,  шығармашылығының  бүгінгі  күнгі  маңызын, 
оның  ішіндегі  сабақ  аларлық  түйткілдерін  зерделеп  алуымыз 
керек.  Нақтырақ  айтқанда,  басқа  да  тарихи-рухани  тұлғалар 
сияқты, «Ғұмар Қараштың шығармашылығынан біз бүгін қандай 
тәлім, өнеге ала аламыз, ол бізге не береді» деген сауалға жауаптар 
іздестіреміз.  Мұндай  мәселенің  қойылуы  әрбір  тарихи  тұлғаға 
қатысты  айтылса  да,  әрқайсысының  тарихи  маңызын  ашудың 
өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Ендеше,  біз  қарастырып  отырған 
ойшылдың өзіндік бітімі мынадай:
-  оның  қозғаған  өзекті  мәселелері  мен  қоғам  дамуындағы 
күрделі  ахуалдарының  көпшілігі  бүгінгі  заман  тұрғысынан  да 
маңызын жоймаған, сол көкейтесті күйінде болып отырғандығы;
- ол барынша жан-жақты: діни, саяси, ақындық, жазушылық, 
публицистикалық  салаларда  айтарлықтай  жетістіктерге  жеткен-
діктен,  бірі  болмаса,  бірінде  өзіндік  үлгі  аларлық  өнегелік 
көзқарастары бәрібір сақталатындығы;
- жетпіс жыл Кеңес үкіметі тұсында, ұлттық рухты тарихымыз 
«үзіліп  қалғандай»  болып  тұрады,  олай  болса,  оны  қайтадан 
жалғастыру  табиғи  эволюцияның  заңдылығы  болғандықтан,  сол 
үзілгендердің ісін қайта жалғастыру заман талабы, ұлт дамуының 
өзіндік бағдары болғандықтан т. б.

312
Ғұмар Қараш
Бұл  тұстағы  басты  мәселе,  оның  шығармашылығына, 
шұғылданған  мәселелеріне,  өмірлік  көзқарасына  сәйкес,  ол 
арналарды  бөлек-бөлек  ажыратып  алып,  әрқайсысының  маңызы 
туралы  жеке-жеке  тоқталып  өтуіміз  қажет:  1.  Діни  көзқарасы; 
2.  Ақындық  шеберлігі;  3.  Қазақ  халқының  болмысы  мен  мінез-
бейнелері  туралы;  4.  Әлеуметтік  болмыстағы  қайшылықтар 
және оның реттелуі хақында; 5. Тәуелсіздік туралы т. б.
1.  Ғұмар  Қараштың  ислам  дініне  деген  көзқарасы  қазақ 
халқының  дамуын  және  таңдау  жолын  қателестірмегендігі, 
ұстанған  әдіснамасы  бойынша  жалпы  алғанда,  күмәнсіз  десе  де 
болады. Жәдидшілдік ұстаным өздігінше, ислам дініндегі әлемдік 
өркениетке ұмтылыс пен байырғы діни құндылықтарды үйлестіруді, 
біріктіруді жақтайтын барынша келісімпаз көзқарас болғандықтан, 
бүгінгі  күнгі  біздің  еліміз  ұстанып  отырған  «зайырлылыққа», 
«байсалды исламға» көп жағдайда сәйкес келіп жатады. 
Оның  білім  берудегі  академиялық  ғылымдарға  баса  назар 
аударуы  және  оны  оқыту-оқытпау  туралы  пікірталастарда  көбіне 
діни  дәйектемелермен  жеңіп  шығуы  арқылы  өз  ісін  жалғастыра 
беруі  біз  үшін  жай  ғана  тарихи  оқиғалар  емес,  бүгінгі  таңдағы 
«діниден  басқа  білім  алмау  қажет»  деп  санайтын  кейбір  адасқан 
ағымдарға  берілетін  нақты  жауаптар  болып  табылады.  Себебі, 
ойшылдың  ағартушылықты  қолдау  бойынша  жеткен  жеңістері 
біріншіден, діни сауаттылық бойынша жүргізілген, яғни, олардың 
да пікірлерін тыңдап, бүгінгі таңдағы кез-келген саналы, ыңғайға 
көнетін, бірақ бұрыс бағыттағы дін иесін жөнге салуға, мойындатуға 
жеткілікті дәйектемелермен түйінделген. Діни ғалымның осындай 
көзқарастары мен діни дәйектемелері біз үшін ескірген жоқ, бүгін 
де қолдануға болатын немесе әдісі мен тәсілін өзгертіп, ыңғайлап 
пайдалануға келетін нақты ұстанымдар болып табылады. 
Дәл сондай бүгінгі күнгі маңызды, тартысты-қайшылықты және 
күрделі  мәселелердің  бірі  –  сопылық  туралы.  Біз  суфизмді  түркі 
даласына  таратушы  А.  Яссауиді  құрметтейміз,  оның  идеяларын 
зерттеп,  бүгінгі  күнгі  маңызы  туралы  айтамыз,  бірақ  дәл  қазір 
ондай сопылардың елге қажет емес екендігін қайталаумен боламыз. 
Осындай қайшылықты мәселелерді шешуде де Ғұмар Қараштың сол 
кезде  ұсынған  көзқарастарына  сүйенгеніміз  жөн.  Жалпы  алғанда, 

313

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет