«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет15/134
Дата03.03.2017
өлшемі13,05 Mb.
#6492
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   134

Әдебиеттер тізімі: 

1. ҚР «Білім туралы» Заңы, Алматы, 2007. 

2. Ісләмжанұлы К. Рухани уыз, Алматы, 2008. 

3. Қазақ мақал-мәтелдері, Алматы, 2003. 

 

 



БАЛАЛАРДЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНҒА БАУЛУ 

Орынбаева С.С. 

Қарағанды қаласы, КМҚК «Толағай» балабақшасы 

 

 



 

Ойын  –  баланың  қиялына  қанат  бітіретін,  оның  білімге  деген  құмарлығын  оятып, 

ойдан-ойға  жетелейтін  балалық  шағының  маңызды  бір  бөлшегі  болып  табылады.  Ал 

балабақша  өмірінің  бүлдіршіндерді  тәрбиелеу  ісінде  дидактикалық  ойындар  –  оларды  тез 

ойлап жедел шешім қабылдай білуге, ептілікке, тапқырлыққа баулып, өз бетімен әрекет ету 

қабілеттерін  дамытады.  Ең  бастысы,  балалар  дидактикалық  ойын  үстінде  бір-біріне  деген 

қайырымдылық, 

мейірімділік, 

жанашырлық, 

достық, 


жолдастық 

сезімдерін 

қалыптастырады. Сонымен бірге, дидактикалық ойындар балалар бойына қоршаған ортаға 

қамқорлық  көрсету,  табиғаттың  тылсым  құпиялары  мен  еңбек  етуге  қызығу  қасиеттерін 

сіңіреді. 

 

Тәрбиеші дидактикалық ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде 



пайдалана  отырып,  балалар  ұжымын  топтастыруға,  ұжымдық  ахуал  тудыруға  күш  салуы 

қажет.  Өйткені  дидактикалық  ойындар  –  бүлдіршіндердің  қызығушылығын  оятуға 

негізделген тәрбие тәсілдерінің бірі болып табылады. Педагогикалық процесте ойын балалар 

іс-әрекетінің бәрінен бұрын еңбекпен ете білумен өзара тығыз байланыста болуына ықпал 

етеді. Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада не қоршап 

тұрғанын  ұғынады.  Біртіндеп  өмірден  алған  тәжірибесі  көбейеді.  Мектеп  жасына  дейінгі 

балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Бұл баланың бірнеше 

сұрақтар  қоюына  әкеліп  соғады.  Яғни,  балаға  әлем  аздап  ғана  сырын  ашса,  онда  баланың 

білуге  деген  құштарлығы  арта  түседі.  Ойын–баланың  бірінші  әрекеті,  сондықтан  да  оның 

мән–мағынасы  ерекше.  Ойын  үстінде  қай  баланың  болмасын  әйтеуір  бір  нәрсеге 

бейімділігін,  мүмкіндігі  мен  қызығушылығын  анық  аңғаруға  болады.  Бұл  тәрбиешіге  әр 

баламен алдағы  уақытта қалай жұмыс істеу жолдарын да айқындап береді. Дидактикалық 

ойынның тағы бір маңызды жері – мұнда баланың дене құрылысы жетіліп, қимыл-қозғалысы 

ширай түседі. Ұлы Абай атамыздың: – Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма? – деген 

ұлағатына ден қоюға тиіспіз. 

 

Балалардың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекше-ліктері де осы 



ойын  үстінде  қалыптасады.  Мен  өзім  еңбек  ететін  балабақшада  бүлдіршіндерді 

дидактикалық ойынға баулуда мынадай жайттарға көңіл бөліп отырамын: 

 

-  сабақ  үстінде  дидактикалық  ойындарды  ойнату  кезінде  ең  алдымен  балалардың 



ойынға қызығушылығын ояту; 

 

- дидактикалық ойыншықтарға көбірек көңіл бөліп, сол арқылы балалар белсенділігін 



арттыру. 

 

- ойын үстінде балалардың өз бетімен әрекеп етіп, ойлана білулерін қалыптастыру. 



Дидактикалық  ойындарда  міндетті  түрде  екі  бала  қатысатын  ойындар  түрін 

пайдаланған тиімді. Ойын арқылы оқыту үшін дидактикалық ойындар құрылған. Балаларға 

тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл  дидактикалық ойындардың негізгі  ерекшеліктері. 

Балалар ойнау арқылы белгілі бір білім, білік, дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. 

Әр дидактикалық ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады.  


111 

 

111 



 

Сонымен бірге, тәрбиеші дидактикалық ойын үстінде топтағы балаларды толық қамтуы 

тиіс.  Әр  ойынның  мақсат-міндетінің  де  болатынын  ұмытпауымыз  керек.  Мысалы, 

геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойынның мақсаты – балаларға біреуі артық 

немесе  кем  санды  табуды  үйрету,  ал  көрнекілігі  –  ою-өрнектер,  геометриялық  пішіндер 

салынған карточкалар жиынтығы, геометриялық мүсіндер болып табылады. Балалар мұнда 

дөңгелектердің біреуін артық  етіп, не кем етіп өз  беттерімен сандық карточкаларды көрсетіп 

отырады.    Ойын  соңында  қорытындысы  шығарылып,  жеңген  команда  анықталады.  Ойын 

кезінде  балалар  зейін  қоя  білуді,  дәл  есептеп,жылдам  қимылдау  қабілеттерін  меңгереді.

 

Сонымен  қатар,  дидактикалық  ойын  кезінде  балалардың  бәсекелестігін  арттырып, 



олардың  бойына  жеңе  білуге  ұмтылу  қасиетін  сіңіру  қажет.  Бұл  бағытта  балалар  «Бет 

орамалға лайық жамауларды табу» ойынын қызығушылықпен ойнайды. 

Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; логикалық 

ойлау қабілеттерін дамыту.  

Мазмұны:  Балаларға  бет  орамалдардың  үлгісін  таратып  беру.  Алдарындағы 

пішіндердің ішінен әр орамалға лайық жамауды табуды ұсыну.  

 Осыған ұқсас», «Жұбын тап», «Әдемі кілемшелер», 

«Таныс  пішіндер  доминосы»    дидактикалық  ойындарының  балалардың  танымын 

«Гараждар», «Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта»  ширақ, епті қимылдау, сергектікке баулуда 

маңызы зор деп білемін. 

 

Тәрбие  мен  білімнің  алғашқы  дәні  –  балабақшада  бастау  алып,  іргетасының 



қаланатыны бұлжымас аксиомаға айналған. Ал баланың бойындағы жақсы қасиеттері мен 

мүмкіндіктерін  ашып,  дамыту  –  тәрбиешілерге  сын.  «Қазіргі  жас  буын,  бүлдіршіндер  – 

мемлекетіміздің  мығым  тірегі»  -  деп  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  атап  көрсеткеніндей, 

балабақша  бүлдіршіндерін  жан-жақты  дамыту,  еліміздің  ертеңін  қалыптастырудың 

алғышарты болып табылады. 

 

Дидактикалық  ойынның  бір  ерекшелігі  –  балалар  ойын  барысында  бір-бірімен 



сөйлесіп,  үнемі  іс-әрекет  үстінде  болады.  Балалардың  ойын  үстінде  қарым-қатынас 

жасауының  маңызы  зор.  Олар  сөйлесе  жүріп,  пікір  алысады,  әсерленеді,  ал  бұл  ойынның 

түпкі мақсаты мен мазмұнын айқындайды.  

 

В.А.Сухомлинскийдің сөзіімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы 



жоқ»  және  болуы  да  мүмкін  емес.  Психологиялық  тұрғыдан  алып  қарағанда  балалар  әр 

нәрсеге  қызығушылық  танытып,  өте  қозғалмалы  болып  келеді.    Ал  балалардың 

қызығушылығын  арттыру  мақсатында  тәрбиеші  ойынға  қатысушылардың  өзіндік  сөз 

ырғағын бейнелеп көрсетіп, тапсырманы дұрыс құра білуі керек. Өйткені тәрбиеші ойынды 

зерттеуші, дамытушы, үйретуші болып табылады. Әрине, ойын өнер түрінде де, әдебиет пен 

мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып келіп, бірін-бірі толықтырып, байыта түседі. Жас 

бала осы ойын арқылы дүниені танып, қоршаған ортаға деген түсінігі қалыптасады. Ол үшін: 

 



Ойынды тақырыпқа сәйкес алу; 

 



Ойынның  мақсатын  нақты  қойып,  қажетті  көрнекіліктерді  балалардың 

қызығушылығына сәйкес дайындау; 

 

Ойын алдында балаларға оның жүргізілу тәсілін толық түсіндіру; 



 

Ойынға балалардың барлығын қатыстыру



 

Ойын барысында балалардың білмеген жерлерін толықтыру, көмек көрсету қажет. 



Сонымен  бірге,  қазіргі  уақытта  мектепке  дейінгі  мекемелерде  ойын  технологиясы 

кеңінен  пайдаланылуда.  Ойын  технологиясын  дұрыс  меңгеру  –  балалардың  жан-жақты 

болуына, тапсырмаларды дәл, дұрыс орындап шығуына септігін тигізетіні сөзсіз. Балалардың 

оқу іс-әрекетін барынша арттыру, балабақша өміріне тарту, өздерін аса қолайлы сезінулері 

үшін  ойын  элементтерін  тиімді  пайдалана  білген  жөн.  Тәрбиешінің  әр  сабақ  барысында 

қандай ойын түрлерін сабақтың мазмұны мен мақсатына сәйкес келтіре білуі, балалардың 

жас  ерекшелігіне  сәйкес  таңдай  білуі  маңызды.  Балабақшада  еңбек  еткен  уақытымда 

балаларға білім беріп қана қоймай, оларға қалай ойнай білуді де үйретуді мақсат етіп қойдым. 

Ал балалардың өзіндік ойын әрекеті олардың ойынға деген қызығушылығы артқан кезде ғана 


112 

 

112 



 

еске  асады.  Осы  бағытта  дидактикалық  ойындарды  балалардың  байқағыштық,  зерттеп-

салыстыру,  сезіне  білу  қабілетін  дамытуға,  заттарды  белгілері  бойынша  танып-түйсіну 

қасиеттерін ұштай отырып, сөздік қорын молайтуға пайдалануға тырыстым. 

Балалардың жеке-дара ойнауына арналған дидактиалық ойындар (мозаика, пирамида) 

баланың  өз  бетімен  әрекет  ету  қабілетін  дамытатыны  сөзсіз.  Ал  4-6  баламен    ойналатын 

сандық лотолар сандарды үйрену үшін таптырмайтын ойын түрлері болып табылады. 

Жалпы балаларға дидактикалық ойындарды үйрету педагогикалық шеберлікті қажет 

етеді. Ойынның балалардың мінез-құлқын тәрбиелеуде де алатын орны ерекше. Өйткені бала 

ойын  үстінде  өзін  еркін  ұстайды.  Ал  еркіндік  дегеніміз  барлық  адамзат  баласының  даму 

баспалдағы.  

 Қорыта  айтқанда,  баланың  рухани  жетілуі  мен  табиғи  өсуінің,  дамуының,  жан-

дүниесінің баюының негізі – балабақшада ойналатын ойындардың мазмұнына, мақсаты мен 

міндеттеріне тікелей байланысты. 

 Әдебиеттер тізімі: 

1. «Қазақ ертегілері» Алматы «Балауса», 2003ж.  

2. Қалиев С. «Халық ертегілері» // Тәрбие 2006ж. 

3. Хайуанаттар туралы қазақ ертегілері Алматы «Ғылым» 1979ж. 

 

 

БАЛАЛАРДЫ РУХАНИ- АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ 



ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Абильдинова С.М. 

 «Бәйтерек» балабақшасы 

 

Баланың  бірінші  әрекеті-ойын,  сондықтан  да  оның  мәнісі  ерекше.  Ойын-адамның 



өмірге қадам басардағы алғашқы адымы. Қазақ халқының «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала 

бола ма?»-деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді 

танып,  еңбекке  деген  қатынасы,  психологиялық  ерекшеліктері  осы  ойын  үстінде 

қалыптасады. 

Ойын-бала  өміріндегі  тәрбиенің  шешуші  шарты.  Бала  өзін  қоршаған  ортаны,  өмір 

сүріп  отырған  айналасындағы  заттар  мен  құбылыстарды  ойын  арқылы  түсініп,  ұғынады. 

Ойын кезінде шартты түрде мақсаттар қойылады, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекет 

бала үшін қызықты. Ойын балаларға ақыл-ой, адамгершілікке эстетикалық тәрбие берудің, 

еңбекке баулудың маңызды тетігі деуге болады.  

Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, 

бүкіл  өміріне  ұштаса  береді.  В.А.Сухомолинскийдің  сөзімен  айтқанда  «Ойынсыз  ақыл-

ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған 

үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезім жасампаз өмірімен ұштасып, 

қоршаған  дүние  туралы  түсінік  алады.  Ойын  дегеніміз  ұшқын  білімге  құмарлық  пен 

еліктеудің маздап жанар оты».Міне, ойын дегеніміз-тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан 

ойға  жетелейтін,  адамға  қиялымен  қанат  бітіретін  осындай  ғажайып  нәрсе,  ақыл-ой 

жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.  

Халық  ойынның  неше  алуан  түрлерін  туғызып  қана  қойған  жоқ,  соны  іс  жүзінде 

қолданып, оның тәрбиелік, білімдік жақтарын да көре білді. Сондықтан олар «Бала ойынмен 

өседі»  деген  өмірлік  қорытынды  жасап,  осы  тәжірбиелік  қорытындыны  өздерінің  бала 

тәрбиесі туралы көзқарастарының  негізгі арқауы етті. Бала ойынды тоқтатса,  онда қол үзіп 

үйде көбірек бола берсе, ол баланың денсаулығы ата-аналарын мазасындандыратын болады. 

Ересек адамдардың еңбек етуі қандай қажет болса, баланың ойыны да сондай қажет 

нәрсе  ретінде    қабылдаған.Медицина  ғылымы  тарамаған,дәргерлік  мекемелері  жоқ  елде 



113 

 

113 



 

баланың  денсаулығынбақылайтын,  анықтайтын,қарапайым  құралдарының  бірі  ойын  

болғаны айта кету жөн. 

Ойын  әрі  білімділік,  тәрбиелік  құрал  ретінде,  әрі  бала  денсаулығын  байқайтын  дәрігерлік 

диагностика ретінде де  қолданылған.  

Бала  ойынның  маңызына  тоқтай  келіп,  Н.К.Крупская  мынаны  ескерткен  болатын: 

«Егер бала ойнамаса, онда оның не ауырғаны немесе шамадан тыс педагогикалық ықпалға 

түскені». «Адам өмірге бейім болу үшін, балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын 

мен  қызыққа  толы  балалық  шақ  болмаса,  ол  мәңгілік  жабайы  боп  қалар  еді»-деп 

К.Чуковскийдің бала мен ойынды теңестіре жоғары бағалауында терең шындық, үлкен мән 

жатыр.  

Адамзатты  балаларсыз  елестету  қаншалықты  мүмкін  болмаса,  балаларды  ойынсыз 

елестету де соншалықты мүмкін емес. Ойын балалар үшін өмірмен тең.  

Сондықтан да ойынның тәрбиелік қуатымен теңесер күш жоқ. Ол халықтың сандаған жылдар 

тәрбиесінің нәр сіңген педагогикалық даналығының жемісі. 

Ойын тек баланың дене күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке, т.б. ғана 

тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді.  

Манашұлы Тұяқпай жырында: 

«Балалармен ойнайды, 

Ойнап жүріп ол бала 

Кеудеге ақыл ойлайды»,-деп түйіндейді. 

Ойын  тегінде  адам  баласының  ұжымдық  шығармашылық  орындалуы  да  көбіне 

шығармашылық түрде болатындықтан, ойын үстінде жолдастық, достық қарым-қатынасқа 

әдеттенуге тәрбиеленуге мүмкіншілік мол. Ойынның тіл дамытудағы рөлі ерекше.  

М.Горькийдің сөзімен айтар болсақ: «Бала сөзбен де ойнайды.Осы сөзбен ойнағанда, 

өз ана тілінің нәзік қасиеттерін үйренеді, тілдің музыкасын ұғынады.Ойын үстінде бала еш 

нәрсеге тәуелсіз. 

Өзін еркін ұстайды,ал еркіндік дегеніміз-барлық дамудың баспалдағы .ойын үстінде 

бала  тілдің  ішкі  иірімдерін,халықтың  ойлау  жүйелерін,  сөз  қолдану  әдістерін,  сөйлеу 

дәстүрлерін,тілдік,  психологиялық  ерекшеліктерін  жете  түсініп,  еркін  білуге  мүмкіншілік 

алады. 

 Балалар  ойын  барысында:өзін  еркін  сезінеді,ізденімпаздық  тапқырлық  әрекет 



байқатады, сезіну,қабылдау,ойлау, қиялдау, зейін қою секілді түрлі психикалық түйсік пен 

сезім әлеміне сүйсінеді. 

Педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі.Өйткені балалық шақтың түйсігі мен 

әсері өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан бүгінгі қуанышын,ренішін, 

асқақ  арманын,мұрат-мүддесін  бейнелесе,  күні  ертең  сол  арман  қиялын  өмірде  жүзеге 

асыруға  мүмкіндік  алады.  Сөйтіп,  бүгінгі  ойын,  бейнелі  әрекет,  артеңгі  шындық  ақиқатқа 

кезі аз емес еңбектің бір- біріне ұқсас сипаттары көп,сондықтан кейбір педагог- ғалымдар 

«Жақсы ойын-жақсы жұмыс сияқты»-деп қарап,бұлардың арасында айырма шамалы деген 

түйін жасайды. 

Демек,ойын  мен  жұмыстың  ұқсастығы-жақсы  ойында  жақсы  жұмыста  көңілді 

қуанышқа  толтырып,  рахатқа  бөлейді.Баланың  ойында  да  жұмыстағыдай  белгілі  деңгейде 

жауапкершілік болуға тиіс. Олардың айырмашылығы-баланың ойыны нақты материалдық, 

рухани  байлық  жасай  алмайды,  ал  жұмыс  ондай  игілікті  өндірудің  негізгі  жолы  екені 

белгілі.Баланың  қуанышы  мен  реніші  ойында  анық  байқалады.Ойын  кезінде  баланың 

психологиялық ерекшелігі мынадан көрінеді: 

1) ойнайды; 

2)  эмоциялық  әсері  ұшқындайды,  белсенділігі  артады,  ерік  қасиеті,  қиял  елестері 

дамиды,баланың шығармашылық қабілеті мен дарыны ұштасады. 

Ойын үстінде бала бейне бір өмірдің өзіндегі қуаныш сезімінде болады.сонда ойын 

туралы жасалатын тұжырым мынау: 

а) ойын-тәрбие құралы, ақыл кеңейтіп тілді ұстартады,сезімді шындайды. 


114 

 

114 



 

ә) ерік пен мінез қасиеттері бекітеді,адамгершілік сапаны жетілдіреді. 

б) эстетикалық тәрбие беру құралы. 

в) еңбек тәрбиені беру құралы. 

г) бір-бірінен ептілікті үйренеді,өзінің денесін шынықтырады. 

Демек,ойын  баланы  жан-жақты  жарасымды  тәрбиелеудің  психологиялық  және 

физиологиялық негіздері болып табылады. 

Ұлттық ойындарды мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үрдісінде пайдаланудың өзектілігі 

– қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін жас ұрпаққа үлгерімді, өнегелі тәрбие беру міндеті 

болып табылады. Ұлттық мұраның бай қазыналарының бірі – халықтың  ұлттық ойындары 

көп салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да балабақшадағы 

балалардың  рухани  өнерінің  кең  өсіп  жетілуіне,  эстетикалық  мәдениетін  қалыптастыруда 

тәрбиенің  негізгі  құралдарының  бірі.Мектепке  дейінгі  балалардың  тілін  қазақ  ұлттық 

ойындары  арқылы  дамыта  аламыз  өйткені,  ойын  арқылы  таным  процестері  шындалып, 

әлеуметтік-экономикалық  жағдайда  үйлесімді  өмір  сүруге  дайын  жеке  тұлға  болып 

қалыптасады. Қазақ  ұлттық ойындары арқылы балалардың ықылас, зейін, сөздік қорлары, 

байқампаздығы,  есте  сақтау,  қабылдау,  ойлау  қабілеттері  және  дүниетанымы  дамиды. 

Баланың  сөйлеу  тілі  мен  ана  тілін  дамыту,  қатынас  мәдениетін,  сауат  ашу  негіздерін 

меңгеруге даярлау. 

Адамның жан дүниесінің дамып жетілуі, әлеуметтік өмірге бейімделіп тіршілік етуі,әр 

түрлі іс-әрекеттермен шұғылдану барысында қалыптасады. Сондай әрекеттердің бір саласы-

ойын  әрекеті.Баланың  психикалық  даму  үрдістік  ойын  әрекетінің  тағылымдылық  және 

тәрбиелік  маңызы  осы  заманғы  тәлім  –тәрбие  псхологиясының  өзекті  мәселесі  болып 

саналады.  Ойын  әрекетінде  баланың  денесі  ме  ақыл-оы  дамып,  өзін  қоршаған  ортаның 

заттары мен құбылыстары танып біледі. 

Ойын  әрекеті-тек  адамдардың  даму  үрдісінде  ғана  емес,  ол  хайуанаттар  дүниесінің 

тіршілігінде де кездесіп отыратынын биологиялық фактор. 

  Ойын  жәй  ермек  қана  емес,  сәбилердің  рухани  жетілуі  мен  табиғи  өсуінің  қажетті 

алғышарты.  Бала  денесінің  дамуы  мен  ой  дүниесінің  дамуы  өркен  жаюы  ойынға  тікелей 

тәуелді, әрі өте байланысты. 

Бала ұлттық ойын үстінде өмірде көрген білгеніне, өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктей 

отырып, соны бейнелей ойнайды. Балаға тән бір қасиет бәрін өзім істеймін деп талпынады. 

Баланың осы талпынысынан қоштап, көмектесіп, сенім білдіріп отыру тәрбиенің ең 

басты бір ұтымды әдісі. Өйткені ересек адамдардың баладан айырмашылығы сана-сезімі мен 

тәжірбиесінің  молдылығында  ғана.  Сондықтан  да  өз  білгенін  балаға  үйретуден  жалықпау 

ересек адамдардың қасиетті борышы. Ал адам бойындағы әдептілік, инабаттылық қасиеттер 

бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Бала ойын арқылы дүниені танып, түсінігі арқылы 

қабылдап, ересектерге еліктей жүріп үйренеді, өз бойына қабылдайды. Әрбір баланың ойнай 

жүріп  өсетін  жан  серігі  де-ойын.  Қай  елдің  ұлттық  ойыны  болмасын,  сол  елдің  қоғамдық 

идеологиясына,  тұрмыс-тіршілігіне,  айналысатын  кәсіп-шаруашылық  ерекшеліктеріне 

байланысты.  

Тәрбиеші ұлттық ойын арқылы әр баланың өзіндік мінез-құлқын қалыптастыруға қол 

жеткізеді.  Әр  баланың  бойында  өмірге  деген  белгілі  бір  бейімділігі,  жаны  қалайтын 

қызығушылығы  болады.  Соны  дер  кезде  байқап,  жан-жақты  дамыта  тәрбиелеуге  көңіл 

бөлген ата-ана да, тәрбиеші көп нәрсені ұтады.   

Баланың  бойындағы  қандай  да  болмасын  қасиеттер  қорғаған  ортасына,  үлкендерге 

байланысты 

екені 


белгілі. 

Өйткені 


бала 

өмірде 


көргенін,ойға 

түйгендерін 

қайталайды.Ендеше  балалардың  әдепті,қайырымды,  адамгершілік  қасиетінің  зор  болуы 

үлкендердің  өнегесіне,тәрбиешінің  күнделікті  қарым  –қатынасы  мен  тәрбие  жұмысының 

ұтымды  жүргізілуіне  байланысты  қалыптасады.  Үлкендердің  мейірімділігі  сәби  жүрегін 

қуанышқа бөлейді.  

Үнемі мейірім мен ықыласқа бөленген сәбидің мінезі жұмсақ, қайырымды, кішіпейіл 

болып  өседі.  Қатал  мінез  айналасындағылардың  қатыгездігінен  пайда  болады.  Сондықтан 



115 

 

115 



 

неғұрлым жақсылыққа меңзейтін ұлттық ойындар қоғамның даму заңдылықтарына сәйкес 

әр  кезеңде  жетілдіріп  отырылады.  Балабақшаның  әр  тобындағы  балалардың  жас 

ерекшеліктеріне сай ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні жайлы өз құндылығын жойған жоқ, 

керсінше  жаңа  қырынан  көрініп  отыр.  Халқымыздың  өмірде  дені  сау,  шыныққан  балалар 

тәрбиелеу жөнінде кейінгі ұрпақтарына қалдырған үлкен де бай мұрасы – ұлттық ойындар. 

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді атам қазақ. Болашақтың іргетасы саналатын бала 

әуелі  отбасында  содан  кейін  метепке  дейін  мекемелерде  одан  мектепке  қалыптасатыны 

баршамызға белгілі. Осы кезеңде балдырғандардың негізгі іс-әрекеті ойын болып табылады. 

Ойын жай ермек қана емес, сәбилердің рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажеті алғышарты. 

Бала  денесінің  дамуымен  ой  дүниесінің  өркен  жаюы  ойынға  тікелей  тәуелді,  әрі  өте 

байланысты. 

Сондықтан  да,  Қарағанды  қаласындағы  «Бәйтерек»  пен  №7  «Жұлдыз» 

балабақшаларының  салыстырмалы  талдауының  айырмашылығында      №7  «Жұлдыз» 

балабақшасының  мектепке  даярлық  топ  балаларының  Қазақтың  ұлттық  ойындар  туралы 

білімдері  орташа  деңгейдегі  нәтиже  берді.  Мектепке  даярлық  топ  балаларының  қазақтың 

ұлттық  ойындар  туралы  орташа  деңгейде  болғандықтан,  қалыптастырушы  тәжірибені  №7 

«Жұлдыз»  балабақшасында  жүргіздік.    «Жұлдыз»  балабақшасында  мектепке  даярлық  топ 

балаларына ұлттық ойындарда ойнату арқылы білімдерінің қаншалықты деңгейде артқанын 

анықтадық. Яғни, осы   балабақшаның мынадай дәрежедегі  айырмашылықтары көрсетілді: 

анықтау туралы тәжірибе кезінде жоғары деңгей 23% көрсеткіш болса, ал тәжірибе соңында 

жоғары  деңгейі  54%-ға  жетті.  Орташа  деңгей  27%  болса,  тәжірибеден  кейін  30,4%-ға 

жоғарылады. Төмен 50% болса, тәжірибеден кейін 18%-дық  көрсеткішті көрсетті. 

      Қорытынды тәжірибенің нәтижесіне сүйенсек, мектепке даярлық топ балаларының жан-

жақты дамуында қазақтың ұлттық ойындарын сабақ кезінде және сабақтан тыс уақыттарда 

пайдаланудың тиімділігін анықтадық. 

      Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік нәтижелері келесі мына қорытындыда көрсетілген. 

-

 



Балалар  қазақтың  ұлттық  ойын  үстінде  өнеге  алып,  мінез  қалыптастырады,  өзіндік 

ерешелік қасиетін айқындай бастайды. Тәрбиеші қазақтың ұлттық ойын үстінде әр баланың 

игі  бастамасын  қолдап,  оның  бойындағы  жақсы  қасиеттерді  өрбітуге,  өзіндік  мінез-құлық 

қалыптастыруға аса көңіл бөліп отырды. 

-

 

Қазақтың ұлттық ойын арқылы өзіндік мінез-құлық қалыптастыруға қол жеткіздік. Әр 



баланың  бойында  өмірге  деген  белгілі  бір  бейімділігі  жаны  қалайтын  қызығушылығы 

қалыптасты. Сондықтан қазақтыңұлттық ойындары балаларды тәрбиелеудің ең тиімді жолы, 

тәрбие құралы екендігін дәлелдейді. 

 Қорыта  келгенде,  қазақтың  ұлттық  ойындары  балалардың  жан-жақты  дамуына 

маңызы өте зор. Яғни, қазақтың ұлттық ойындары эстетикалық тарбие беру құралы, еңбек 

тәрбиесі  беру  міндетін  шешуге  көмектеседі,  бір  –  бірінен  ептілікті  үйренеді,  денесін 

шынықтырады. 

        Демек,  ойын  баланы  жан-жақты  жарасымды  тәрбиелеудің  психологиялық  және 

физиологиялық  негіздері  болып  табылады.  Сондықтан,  бүгінгі  таңда  Қазақстанымыздың 

саналы,  ер  жүрек,  батыр,  ақылды  ұрпақ  тәрбиелеу  тәрбиеші  ұстаздардың  басты  міндеті 

болып отыр.  

     Мектеп жасына дейінгі балаларға тартымды да, қызықты сюжеті нақты қазақтың ұлттық 

ойынын  ойнатқан  тиімді,  осыған  орай  ұлттық  ойындарды  таңдауда  балалардың  жас 

ерекшеліктерін ескеру қажет. Біздің міндетіміз – саналы ұрпақ тәрбиесіне қазақтың ұлттық 

ойындарын бойларына дарыту                       

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет