«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет14/134
Дата03.03.2017
өлшемі13,05 Mb.
#6492
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   134

Дамыта  оқыту  технологиясы.  Дамыта  оқытуда  баланың  ізденушілік  –зерттеушілік 

әрекетін  ұйымдастыру  басты  назарда  ұсталады.  Ол  үшін  бала  өзінің  осы  кезеңге  дейінгі 

тәсілдерінің  жаңа  мәселені  шешуге  жеткіліксіз  екенін  сезініп  ,содан  барып  оның  білімін 

алуға  деген  ынтасы  артып,білім  алуға  әрекеттенеді.  Сабақ  мұндай  жағдайда  3  құрамдас 

бөліктерден тұратын болады.  

 



Оқу мақсаттарының нақты қойылуы.  

 



Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.  

 



Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.  

Қазіргі таңда қоғам талабына сай тәрбие мен білім алу және студенттердің оқу орнында 

жүріп инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі де маңызды 

мәселелердің  бірі  болып  отыр.  Әрбір  студенттің  қабілетіне  қарай  білім  алуы,  оның 

дербестікке,  ізденімпаздыққа,  шығармашылыққа  тәрбиеленуі  үшін  жаңартылған 

педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. 

Болашақ  құзыретті  мамандарды  өсіріп,  дамыту  мәселесі  мемлекеттік  саясаттың 

ажырамас бөлігі. Жаңа заман маманы ертеңгі еліміздің болашағы, тұлғаның ішкі дүниесі мен 

оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. 

Инновациялық  педагогикалық  технологиялар  білім  ғылым  саласында  қаншалықты 

маңызды болса, тәрбие бағытында да заманауи технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын 

ұғымдардың  біріне  айналды.  Кәсіби  құзыретті  маман  болып  қалыптасу  және  даму  үшін 

студенттер заманауи білім беру мен тәрбиелеудегі технологияларды сауатты үйренуі керек. 

Президент Н. Ә. Назарбаев "Қазақстан -2050" стратегиялық жолдауында «Біз білім – 

ғылым  -  инновациялар  үштігі  билеген  постиндустриялық  әлемге  қарай  жылжып  келеміз, 

біріншіден,  бұл  -уақыт,  қазір  инновация  заманы,  инновация  ғасыры"  деп  атап  көрсеткен 

болатын. 

Соңғы  кезде  оқытудың  әр  түрлі  педагогикалық  технологиялары  жасалып,  мектеп 

Өміріне енгізіліп отыр. Ал, жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық 

қаблеттерін арттыруға өз үлесін қосады. Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер 

арқылы іске асады. I кезең-оқып үйрену , II кезең- меңгеру , III кезең-өмірге ендіру , IV кезең-


104 

 

104 



 

дамыту.  Жаңа  технология  мен  жұмыс  істеу  үшін  төмендегідей  алғы  шарттар  қажет:  оқу 

үрдісін  интенсивтенттіруді  жаппай  қолға  алу;  оқушылардың  сабақтастылығын  болдырмау 

шараларын  кешенді  қарастыру.  Оның  ғылыми  -  әдістемелік,  оқыту-әдістемелік 

ұйымдастырушылық  себептеріне  үнемі  талдау  жасап,  назарда  ұстау,  жаңа  буын 

оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандарттарымен жете танысу, білімді 

деңгейлеп  беру  тенологиясын  игеру  арқылы  оқушыларға  білімді  мемлекеттік  стандарт 

деңгейінде игеруге қол жеткізу, оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі 

басшылыққа алу, өйткені оқыту-тәрбиенің негізі. Сондықтан оқыту да қоғамдық құбылысқа 

жатады. 


Оқытуды  екі  түрлі  мағынада  қарауға  болады.  Біріншісі-мектепте  және  жоғары  оқу 

орындарында  апта  айтқанда  экология  пәнін  оқыту.  Екінші-  өмірде  оқыту,  өмірге  үйрету. 

Тәрбиелеу,  оқыту  егіз  ұғым.  Оқыта  отырып  тәрбиелейміз,  тәрбиелей  отырып  оқытамыз. 

Оқыту  тәрбиеге  қарағанда  нақтылау.  Оқыту  үйрету  арқылы  іске  асады.  Бұл  оқытудың 

маңызы.  Оқыту  арқылы  тәрбиенің  саналылығын,  руханилылығын,  әсемділігін,  әсерлігін 

адамгершілікке  баулу  жолын,  еңбекшілігін,  т.б.  айқындап  толықтыруға  болады.  Оқыту-

тәрбиенің интелектуалды түрі. Оқытудың инновациялық технология бойынша әдістемелік 

жүйесі, осы мақсатта сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер 

түрлерінің  мазмұнымен  тікелей  байланысты.  Сондықтан  инновациялық  әдіс-тәсілдерді 

оқыту үрдісіне енгізу барысы танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде 

белсенділігін  көздейді.  Осы  екі  үрдістің  өзара  сапалы  нәтижесінде  оқушының  өз  ісіне 

сенімділігін, жауапкершілік сезімін, шығармашылық қабілеттілігін қалыптастыру мақсатын 

жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың инновациялық негізгі түрлері анықталады.  

Оқу  -тәрбие  үрдісінде  қолданып,  айтарлықтай  нәтиже  беріп  жүрген  жаңа 

педагогикалық  технологиялар  мыналар:  Лысенкованың  алдын  ала  оқыту,  Хазанскиннің 

есептер шығару, Палтышевтың физиканы есептеп шығару, Шаталовтың интенсивті оқыту ( 

тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің мәселелік оқыту оқытудың белсенді әдісі, 

т.т.  Соңғы  жылдары  оқытудың  модульдік  технологиясымен  Дьяченконың  оқытудың 

ұжымдық тәсілі, сондай-ақ профессор Қарайевтің оқытуды дифференциялау және білім беру 

демократияландыру  мен  ізгілендіру  ұстанымдарына  негізделген  жаңа  педагогикалық 

компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр. Мәселен, Л. 

Б. Эльконин, В. В. Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз 

байланысты әрі мынадай ұстанымдардан құралады: жоғарғы денгейдегі қиындыққа оқыту , 

теориялық білімнің жетекші ролі , оқу материалын жеделдете оқыту , оқу үрдісін оқушының 

сезінуі  ,  барлық  оқушылардың  дамуы  үшін  жүйелі  жұмыс  істеу.  Л.  В.  Занковтың  оқыту 

жүйесінде  оқушы  өзін  емін-еркін  сезінеді,  оның  әлеуметтік  мүмкіндігі  мен  дербестігінің 

дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-

қатынастың іргетасы қаланады. Мұгалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының 

оқу  әрекетін  ұйымдастырушы,  бағыттаушы  ретінде  көрінеді.  Д.  Б.  Эльконин  мен  В.  В. 

Давыдовтың зерттеулері  оқу әрекеті және оның субъектісін қалыптастыруға бағытталады. 

Оның құрылымы мынадай: оқу-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу 

операциялары. Жаңа технологиялардың педагогикалық негізі қағидалары:  

 

балаға ізгілік тұрғысынан қарау;  



 

оқыту мен тәрбиенің бірлігі; 



 

баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;  



 

баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;  



 

баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; 



 

әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; 



 

барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;  



оқу  үрдісін  оқушының  сезінуі.  Жас  ұрпаққа  білім-тәрбие  беретін  бала  жанының  – 

мұғалімдер қандай болуы керек және олардың еңбегі қалай өлшену керек дегенді ой елегінен 

өткізіп көрелік. Біріншіден, мұғалімнің ары таза, адал, әдепті, инабатты, сыпайы, парасатты, 


105 

 

105 



 

байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы ләзім. Екіншіден, мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-

жақты  білімді,  өз  мамандығына  сай,  оны  сүйетін,  өз  ойын  оқушы-шәкірттеріне  анық, 

тұжырымды, дәл айтып түсіндіре білуі шарт. Үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, 

ұжым  арасында  сыйлы  болуы  тиіс.  Әрдайым  оқушылармен  әдептілік  қарым-қатынаста 

болғаны  жөн.  Төртіншіден,  мұғалім  теорияны  өмірмен  байланыстырып,  ғылым  мен 

тәжірибені әрдайым өзі беретін күнделікті сабағына кеңінен пайдалану қажет. Бесіншіден, 

мұғалім үнемі өз бетімен оқып, педагогика, әдістеме жаңалықтарымен танысып, өзінің ой-

өрісін кеңейтіп, білімін толықтырып отыру керек. Осы қағидаларды әрбір мұғалім тұрақты 

ұсынып отырса, мұғалімнің күш –қуаты, көңіл күйі әрдайым жоғары болады да сабақ беру 

сапасы  арта  түседі,  еңбегі  жанады.  Ұстаз  еңбегінің  қыр-  сыры  мол,  қиын  да  жауапты, 

шығармашылық  еңбек  екендігін  еске  алсақ,  олардың  жемісті,  әсерлі  жұмыс  істеуі  үшін 

үкімет  тарапынан  үнемі  оқулықтармен,  көрнекті  дидактикалық,  техникалық  құрал-

жабдықтармен толық қамтамасыз етілуі тиіс. 

Педагогикалық  техногогияны  қолдану  білімді  сапалы  түрлендіруге,  жаңашыл 

жобаларға  ірге  болуға  нақты  негіз  болып,  әрбір  мектепке  өзіндік  тұлғасын  табуға,  әрбір 

мұғалімге өзіндік әдістемелік жүйесін құруға  септігін тигізеді. Оқытудың нәтижелі  болуы 

оны  ұймдастыру  әдістеріне  және  бастамашылдыққа  жаңа  педагогикалық  инновациялық 

әдістемелікке  байланысты.  Өйткені,  ХХІ  ғасырдағы  технологиялардың  соншалық  жылдам 

қарқынды дамуы адамзат өмірінде болып көрмеген шапшаңдықты талап етеді. Қазақстанның 

бұрынғы  жүйеден  нарықтық  экономикалық  жүйеге  көшуі,  қоғамдық  құрылыстың  күрт 

өзгеруі білім беруді уақыт талабына сай үйлесімді құрып, оның әлемдік деңгейдегі мәжеге 

сәйкестікте оқытудың екі бағдарда өріс алуы. 

Дәстүрлі оқыту жүйесін модернизациялау. Оқыту үрдісіне инновациялық оқыту енгізу. 

Бұл жүйелерді таратып айтсақ, дәстүрлі оқыту жүйесін модернизациялау оқушыға берілетін 

білім  мен  игерілуге  тиіс  ұғым-түсінікті  меңгеру,  уақытқа  үйлесімді  жетілдіріп  жаңа 

педагогикалық технологияға сәйкес дамыту. Иновациялық оқыту: оқушының мүмкіндігі мен 

шамасына қарай мәселенің байыбына барып, үлгі көрсетер өнегелеріне еліктеп, тағылымдық 

жолдарын  қабылдау,  оған  шығармашылық  тұрғыдан  пайымдау  жасауға  үйрету.  Сонымен 

қатар  шығармашылдық  ойлау  мен  бастамашыл  іс-әрекеттегі  саналылықты  өрістетуге 

зерттеушілік  тұрғыдан  белсенділігін  жетілдіріп,  іс-әрекетке  бейімділігін,  қызығуын 

қалыптастыратын жол. Инновациялық оқытуда мұғалім көшбасшылық міндет атқарғанмен, 

жүзеге  асырылатын  істің  бәрін  өз  қолына  алмайды,  менің  айтқанымдай  болсын  деп 

қарамайды, әміршілік жолды ұсынбай режиссерлік міндет атқаруға бейімделеді. Теориялық, 

мазмұндық  мәнді  меңгеріп,  шығармашылықты  дамыту  барысында  мұғалім  бағдар 

бергенімен, оған тікелей жетекшілік жасамайды, қайта қалым қалып, ретіне қарай қатардағы 

рөлді  ойнайтын,  шәкірттерімен  тепе-тең  құқықтығы  серіктес  болады.  Сабақ  барысында 

шығармашылық  басқарушы  рөлдерді  бөлгенде,  диалогте  өмірдегідей  нақтылыққа 

жақындауына мән береді. 

Инновациялық  оқыту  дәстүрлі  дидактикамен  қатарласа  жүргенімен,  оның  өзіндік 

айырмашылықтарымен  өзгешеліктеріне  мән  беруге  тура  келеді.  Мәселен,  оқытудағы 

ұстаным  мектептегі  оқыту  бағдаламасында  көрсетілген  нұсқауды  орындап,  ондағы 

мағлұматтарды  беру,  оны  қайталап  пысықтап  менгерту  болса,  инновациялық  оқытудағы 

мақсат-іс-әрекет  барысында  оқушының  қабілетін  оятып,  түрлі  жағдай  жасау  арқылы 

олардың  өзінше  әрекеттенуіне  бағдар  беріп,  шығармашылыққа  талпындыру.  Нақты 

айтқанда,  оқушыға  үнемі  жол  сілтемей,  өзінше  әрекеттене  алуына  бейімдеу.  Мұның 

нәтижелік  көрсеткіші  сол  оқушының  білімді  мағлұматты  жәй  ғана,  бір  сәттік  тұрғыда 

қабылдап  қана  қоймай,  саналы  да  тиянақты  игеруіне  ықпал  ету.  Жаңа  педагогикалық 

технологиялар 

арқылы 


болашақ 

мұғалімдердің 

кәсіби 

бағыттылығын 



қалыптастыру,педагогикалық технологиялар және мұғалімнің шеберлігі. 

Қорыта  келгенде  оқу-тәрбие  үрдісінде  жаңа  педагогикалық  технологияларды 

пайдалану сөзсіз білім сапасының артуына алып келеді. Сондықтан жаңа технологияны әрбір 

ұстаздың пайдалануы –өмір талабы. 



106 

 

106 



 

БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ 

 

Базылов Толеген 



Магдатова Кымбат Жанатовна 

 

Қазақстанда  балалар,  бүкіл  әлемдегідей,  үйінде,  мектепте  және  басқа  да  қоғамдық 



мекемелерде  күнделікті  қатыгездікпен  және  зорлық-зомбылықпен  ұшырасып  отырады, 

алайда осы кезге дейін қоғам бұл проблемаға зейін қойып көрген жоқ. 

Балалар,  ересектер  сияқты,  негіз  қалаушы:  сыйлау,  қол  тигізбеу  және  адамзаттық 

абыройын  сақтау  құқықтарына  ие,  сондай-ақ  адам  құқықтарының  жалпыға  ортақ 

декларациясы мен азаматтық және саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар 

туралы халықаралық актіде көзделген заң тарапынан да тең қорғау көрсетілуіне құқылы. 

Бала  үшін  ата-анасының  уйі  әрқашан  ең  қауіпсіз  жер  бола  бермейтінін  айғақтайтын 

фактілер жиі кездеседі. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсету проблемасы бойынша 

мәліметтер  мен  жетік  статистикалық  деректердің  жетіспеу  проблемасы  бар  елдердің 

қатарына  Қазақстанда  жатады:  проблеманың  тереңдігі  мен  көлемі  әлі  белгісіз,  ал  біздің 

қолымыздағы  біркелкі  емес  және  үзінді  зерделеу  нәтижелері  іс  жүзіндегі  жағдай  туралы 

болжамдар жасауға ғана мүмкіндік береді. 

Қазақстанның  қолдануында  іс-әрекеттер  жасаудың  белгілі  құқықтық  негізі–балалар 

құқықтары туралы Конвенция бар, дегенмен, нақты міндеттемелерге келер болсақ, жалпы 

алғанда  мемлекет,  әлеуметтік  қызметтер,  құқық  қорғау  органдарының  ресми  тұлғалары, 

қоғам,  БАҚ,  отбасы  тарапынан  күннен-күнге  тиісті  жауапкершілікпен  қарауы  байқалмай 

келеді. 

Балаларын  бағып-қағу  міндеттерін  орындамаған,  саны  мыңнан  асқан  ата-аналар 

құқығынан айрылды, сонымен қатар, ата-аналар әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа 

да тартылып жатыр. 

Балаларға қатігездік көрсету және адамзаттық абыройына нұқсан келтіру, оларды ата-

аналарының және өзге қамқоршыларының жазалауын қоғамдық пікірдің қолдауы, балалар 

мүддесін қорғауға бағытталған, аталмыш қоғам ішінде рұқсат етілетін «тәрбиелеу» мен жол 

берілмейтін «қатыгездік» ұғымдарының ара-жігін ажыратуға мәжбүр қызметтер жұмысына 

айтарлықтар  кедергі  келтіреді.  Қоғамдағы  пікір  бойынша  балаға  қасақана  зақым  келтіру 

немесе абыройына нұқсан келтіру қалыпты жағдай болып есептелсе, балаларды қорғау және 

тәрбиелеудің оң нышандарының дамуына ықпал жасау қажеттілігін көңілге қонымды етіп 

негіздеу мен жеткізу мүлде мүмкін емес. 

«Ресми  статистикаға  сүйенсек,  жыл  басынан  бері  балаларға  жыныстық  сипаттағы 

зорлық-зомбылық  көрсеткендері  үшін  133  қылмыстық  іс  қозғалған,  ал  16  жасқа  толмаған 

балаларды  жыныстық  қатынасқа  тартқан  және  жыныстық  сипаттағы  басқа  да  әрекеттерге 

қатысты 465 факт тіркелді» 

Өздеріңіз білесіздер, соңғы жылдары балалардың құқығын қорғау бағытында, әсіресе, 

осы балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау үшін бірқатар заң жобалары қабылданды. Ата-

аналардың да жауапкершілігін арттыратын шаралар бар. Мысалы, жаңа қылмыстық кодекске 

сай,  өз  баласының  тәрбиесіне  көңіл  бөлмеген  ата-аналарды  қылмыстық  жауапкершілікке 

тартуға болады. 

Зорлық-зомбылық  құқықта  «Бір  адамның  екінші  бір  адамға,  оның  жеке  басына 

тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. 

Тән азабын шектірген зорлық–адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне 

зақым  келтіру,  тағы  басқа.  Тән  азабын  шектірген  зорлықтың  салдарынан  жәбірленушінің 

денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін. 

Жан  азабын  шектірген  зорлық–жәбірленушінің  қарсылық  көрсетуіне,  өз  құқықтары 

мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына 

әсер ету. жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы 

мүмкін. 


107 

 

107 



 

Адамның  өмірі  мен  денсаулығына  қауіпті  әдіс  қолданылып  жасалған  қылмыстар 

«Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық 

пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады. 

Елімізде зорлық-зомбылыққа қатысты 20 дағдарыс орталығы бар. 

Әйелдер  мен  балаларға  арналған  зорлық-зомбылық  проблемасы  елімізде  елеулі 

мөлшерде асқынды. Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен 

бала тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады. 

Отбасылардың қиюы қашуының басты бір себебі–жанұядағы зорлық-зомбылық. 

Кикілжіңі көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не шешесінің 

отбасында өзін-өзі ұстау үлгісін алады. 

Зорлықтың түрлері: 

- Эмоциялық зорлық–балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу; 

-  Физикалық  зорлық–отбасы  мүшелерін  мас  күйінде  немесе  сау  күйінде  ұруды 

қолданатын эмоциялық зорлық; 

- Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-

өзіне қол жұмсауға итермелеу; 

- Балаларды анасына қарсы қолдану, әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен 

қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану. 

Қазақстандағы тұрмыстық зомбылық туралы заңды қабылдау қажетілігі туды. Зорлық 

зомбылық дағдарыстан шығу және даму кезіңдегі еліміздегі адамзат әлеуетіне қажеттігі де 

туындап отырғандығын ескертеді. 

Қазақ халқының дана сөзі  бар:  «Әйел  адамға рухы  әлсіз ер адам ғана қол көтереді». 

Бұны халық жазылмаған заң деп санап осы уақытқа дейін сақтап келеді, алайда өкінішке орай 

кейбір ер адамдар ұмытып кеткен сыңайлы. 

«Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» - демекші балаға отбасы тәрбиесінің 

әсері  мол.  Тәрбиеге  әсер  беретін  өскен  орта,  ата-ананың  тәрбиесі  дұрыс  болмаса,  жаман 

әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мінезді жұқтырады. 

Отбасындағы ата-ананың мінез құлқы–баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған 

қарап өсетін нысаны. 

Нашақорлық,  темекіге,  ішімдікке  үйірлік  бұзықтық  жолға  түсіп  зорлық-зомбылық 

жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын 

тигізеді. 

Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі–жаман қылықтардан, яғни зорлық-

зомбылықтан  аулақ  болу.  Ішімдікке  үйір  адам  есінен  айырылып,  қасындағы  адамдарға 

зиянын  тигізеді,  отбасына  ойран  салады,  отбасы  мүшелеріне  оғаш  қылықтар  көрсетіп 

мазасын алады. Бұл баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани 

дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады. 

Қорыта  айтқанда,  балаларға  қатысты  зорлық  зомбылықтың  алдын  алудың  шешуші 

басымдықтары  балаларға  зорлық-зомбылық  көрсету  және  балаларды  жұмыс  күші  ретінде 

пайдаланудың алдына алу және болдырмау; ауыр жағдайда қалған балаларға көмек көрсету, 

балалардың өмір сүру деңгейімен сапасын арттыруға жағжай жасау болып табылады. 

 

 

БАЛАЛАРДЫ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕ  ХАЛЫҚ 



ПЕДАГОГИКАСЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ 

 

Нұрпейісова Эльмира Тойкеновна 



Шет ауданы, Жарылғап батыр ауылы, Алтайбаев негізгі орта мектебі 

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің міндеті – 



ұлттық  және  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке 

адамды қалыптасыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті 



108 

 

108 



 

жағдайлар жасау» деп атап көрсетілген. Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, 

тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін меңгерген мәдениетті, адами қасиеті мол шығармашылық 

тұлға  етіп  тәрбиелеу  –  өмір  талабы,  қоғам  қажеттілігі.  Жас  ұрпақтың  бойына  ұлттық 

құндылықтарды қалыптастыру үшін дәстүрлі тәрбие мәселелеріне тоқтала кеткеніміз жөн. 

Ұрпақ тәрбиесі қай заманның қай қоғамның болмасын көкейкесті мәселесі. Дәстүрлі 

тәрбие  –  жалпы  халықтың  дәстүрлі  мәдениеті  сияқты  жазу-сызусыз,  күнделікті  тірліктің, 

тұрмыс-салт  пен  әдет-ғұрыптың,  халықтық  дүниетаным  мен  табиғи  жағдайлардың, 

шаруашылықтың ерекшеліктеріне орай қалыптасып, өмір сүрудің, ұрпақ өсірудің машықтық 

әдіс-тәсілі ретінде пайда болып өмір сүрді. Яғни, қай халықтың өмірінде болмасын дәстүрлі 

тәрбие хатқа түскен ереже күйінде емес, практикалық негізде жұрттың этникалық жадында, 

тіршілік  қамы  мен  өмір  салты  қолданбалы  түрде  өмір  сүрді.  Оны  ғылымда  «халық 

педагогикасы», «этнопедагогика», «дәстүрлі тәрбие», «балалар фольклоры» деп түрлі-түрлі 

атап  жүргенімен  ғылыми  сараның  арнасы  біреу.  Дәстүрлі  тәрбиені  жоққа  шығару  мүмкін 

емес,  себебі  халықтың  тәрбие  тәжірибесі  жете  зерттелмегенімен  де,  күнделікті  халық 

тұрмысында,  әсіресе,  отбасы  тәрбиесінде  оны  айырбастайтын  тәсіл  жоқ,  отбасы  тәрбиесі 

дәстүрлі  тәрбиемен  тамырлы  байланыста,  сондықтан  оны  халық  жадынан  өшіріп  тастау 

мүмкін емес. Ол стихиялы түрде болса да халықтың күнделікті тірлігінде өмір сүріп келеді. 

Ауылдық  жерлерде  баланы  бесіксіз,  бесік  жырынсыз,  мәпелеу,  алдарқату  –  бесік 

жырларынсыз  бағып-қағуды  елестету  мүмкін  болмаса,  оған  педагог-ғалымдардың, 

мамандардың назарларының түспеуі де соншалықты мүмкін емес еді. 

Бүгінгі бала – ертеңгі келешектің кепілі. Балалар әлемінің күрделі табиғатын тану, оның 

ғылыми үлгісін жасау қашан да адамзат алдындағы үлкен міндет болатыны да сондықтан. 

Балалардың  қоғамда  алатын  орны,  олардың  әлеуметтік  мәртебесі,  ересектермен  қарым-

қатынасы, тәрбие тәсілдері, балалардың көркемөнердегі образы, олардың жас ерекшеліктері 

жөніндегі  халықтық  ұғым,  балиғатқа  толу  шарттары,  әлеуметтік  өмірге  араласу  жолдары, 

балалардың  рухани  әлемі,  олардың  өздеріне  ғана  тән  көркем  мәдениеті,  қызығушылық, 

қабылдау,  ойлау  жүйесі  т.б.  толып  жатқан  қат-қабат  мәселелер  ғылымның  сан-саласын 

тоғыстыратын аса күрделі дүние. Дәстүрлі халық педагогикасында осы күрделі жүйелер аса 

сәнді үйлесім тапқан. 

Қазақ халқының дәстүрлі ұғымындағы балалар әлемі жөніндегі түсінікке, соған орай 

орныққан  әдет-ғұрып,  тұрмыс-салтқа,  тәрбиелік  іс-әрекеттерге  назар  аударсақ,  халық 

тәжірибесінде қалыптасқан небір ұлағатты өнегелерді көруге болады. Мәселен, балаға деген 

тәрбиелік қазақ халқында сәби дүниеге келмей-ақ жасала бастайды. Салиқалы ата-ана келіні 

жүкті болсымен құрсақ тойын жасап, оны қатты қайырым жұмыстан босатып, түрлі ауру-

сырқаудан,  психикалық  залалдардан  қорғаштап,  сәбидің  құрсақта  кінаратсыз  өсуіне 

қамқорлық  жасайды.  Жас  ананы  ауыр  жұмыстан  босатып,  тіл-көзден  арашалап,  дұрыс 

тамақтануына  жағдайлар  туғызады.  Бұл  орайда,  түрлі  тиымдар  мен  ырымдардың,  салт-

дәстүрлердің де өзіндік орны бар. 

Сәби дүниеге келгеннен кейін қазақ жерден көтеріп алған адамға, кіндігін кесу салтына 

да  ыждаһатпен  көңіл  бөлген.  «шілдехана»,  «бесікке  салу»,  «ат  қою»,  «қырқына  шығару», 

«тұсау кесу», «сүндет той», «тіл ашар», «тоқым қағар» сияқты толып жатқан ырым-салттар 

бұл мәселенің өзінше күрделі құрылым екендігін танытады. 

Аяғы шығып, еңбегі қатып, тілі «р»-ға келген «ойын баласын» тәрбиелеудің ел ішіндегі 

дәстүрлі де педагог-ғалымдар назарын аударуға тұрарлық қызықты да, қызғылықты дүние. 

«Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», 

«Ұлым жақсы болсын десең, ұлы жақсымен, қызым жақсы болсын десең, қызы жақсымен 

ауылдас бол» деп келетін мақал-мәтелдердің астарында сол тәрбиелік ұстамның қорытылған 

тұжырымдық мән-мазмұны жатыр. 

Төрт  түлік  малды  тіршілігіне  тірек  еткен  көшпелі  халықтың  тәрбие  әлемінде  де  сол 

негізді  тұғыр  еткендігі  заңдылық  десек,  дәстүрлі  бала  тәрбиесіндегі  еңбекке  баулу 

тәсілдерінің  өзінен-ақ  талай  сыр  ұғуға  болады.  Мысалға,  аяғы  шыққан,бала  қозы-лақты 

ермек етсе, есейе келе құлын мен ботаны, бұзауды маңалайды. Ал тай үйретіп міну – қазақ 


109 

 

109 



 

баласының әжетке жарағандығының белгісі. Бір қарағанда машықтық қана мәні бар сияқты 

көрінгенмен, осы әрекеттердің барлығында тәрбиенің үлкен мектебі жатыр. Бала еңбектің 

әліппесін көзін ашқаннан үйреніп, оның не екендігін жан дүниесімен сезініп өспек, сондай-

ақ  бүкіл  жан-жануар,  табиғат  әлеміне  деген  сүйіспеншілік  те  бала  көкейіне  осы  кезден 

дариды.  Табиғатпен  етене,  үйлесімді  өмір  сүру  көшпенді  өмір  мен  тәңір  дінінің  айнымас 

қағидасы. Бұлақ көрсе көзін ашудан басталып, көшкен сайын жұртына дейін тазалап кететін 

табиғат анаға деген құрметтен тұратын көшпелі өмір салтының экологиялық ұстанымдарын 

бала жастай көріп, өзі араласа жүріп көңіліне тоқиды. Мейірімділік пен имандылықтың да 

алғашқы  ұрығы  бала  жүрегіне  осылайша  біртіндеп  сіңіріледі.  «қошақаныңа  тиме,  ол  да 

өзіңдей  сәби  ғой,  обал  болады»,  «көк  шөпті  жұлма,  көктей  соласың»  немесе  «күшігіңе 

тамақты өз қолыңмен бер, сауап болады» деп келетін ата-аналар сөзінде халық санасында 

жылдар бойы қалыптасқан философиялық ұстам жатыр. 

 XXI  ғасыр  біздің  алдымызға  үлкен  мәселелерді  қойып  отыр,  яғни  дәстүрлі  тәрбие 

немесе  халықтық  педагогика  арқылы  баланың  рухани-адамгершілік  құндылықтарын 

қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Балаларды салт-дәстүр 

мен қазақ халқының мәдениетіне жақындату арқылы біз балалардың қазақ халқының ұлттық 

мәдениеті  туралы  білімдерін  ғана  толықтырып  қоймай,  оған  қоса  қоғам  құндылықтарына 

деген көзқарастарын да қалыптастырамыз. 

Осы құндылықтарды бала бойына сіңіру жолдарының бірі – ұлттық салт-дәстүрлерді 

ойын арқылы балаға жеткізу. «Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Атқа мінгізу», «Тілашар той», 

«Қазақи  қонақжайлық»,  «Киіз  үймен  танысу»,  «Тұрмыстық  заттарды  суреттеу»  сияқты 

«салт-дәстүрлі ойындар» қазақтың ұлттық мәдениетін тануға, отбасы құндылықтарын сезіне 

білуге  үйретеді.  Жалпы  бұл  ойынның  мақсаты  халық  педагогикасы  арқылы  жас  ұрпақ 

бойына рухани-адамгершілік тәрбиені қалыптастыру. Ойын барысында көркем сөз де, өлең 

де, тақпақ та, мақал-мәтелдерде және басқа да ауызекі сөйлеу тілі де қолданылады. Ал бұл 

мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халқы мәдениеті мен салт-дәстүрін таныстыруда 

және мемлекеттік тілді үйретуде нәтижелі жұмыстардың бірі болмақ. Атап айтсақ, «бесікке 

салу» дәстүрінде әжемен бірге балалардың «бесік жырын» айтуы. 

Әлди, күнім, жылама, 

Көздің жасын бұлама. 

Ұят болар жылаған, 

Сендей ерке балаға. 

Әлди, әлди, ақ бөпем, 

Ақ бесікке жат бөпем. 

Жылағаны қатты екен, 

Ұйқысы да тәтті екен. 

Немесе «тұсау кесу жырына» қосылуы: 

Қаз-қаз балам, қаз балам, 

Қадам бассаң мәз болам, 

Күрмеуіңді шешейін, 

Тұсауыңды кесейін. 

Қаз-қаз балам, қаз балам, 

Тақымыңды жаз балам. 

Қадамыңа қарайық, 

Басқаныңды санайық. 

  «Жақсы ат жанға серік», «Тай атқа жеткізер, ат мұратқа жеткізер», «Ат шаппайды, бап 

шабады» деген мақал-мәтелдер «атқа мінгізу» ойынында айтылса, «Құтты қонақ келсе, қой 

егіз  табады»,  «Қонақ  атаңнан  да  ұлы»  сияқты  мақал-мәтелдер  «қазақи  қонақжайлық» 

ойынында, «Оқу білім бұлағы», «Білім - ер азығы» деген мақал-мәтелдер «тілашар той» салт-

дәстүрлі ойындарында қолданылады. 

   Дәстүрлі  тәрбие  мақсаты  –  ұлттық  құндылықтарды  көркейтіп,  жалпыадамзаттың 

бүгіні мен келешегіне қызмет ету. Қай мемлекеттің болмасын іргетасы, жарқын болашағы – 


110 

 

110 



 

оның ұрпағы. Елдің тілінің, туған жерінің, салт-дәстүрінің, қадір-қасиетінің артуы – сол жас 

жеткіншектердің сана-сезімі, түйсік жетесіне байланысты. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет