«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет17/134
Дата03.03.2017
өлшемі13,05 Mb.
#6492
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   134

Қолданылған әдебиеттер: 

1.

 



Ф.Жумабекова., Мектепке дейінгі педагогика, Астана-2012 

2.

 



П. Усова «Балабақшадағы оқыту». 

3.

 



 «Оқу және тіл дамыту» методикасы 

123 

 

123 



 

4.

 



 Білім, ғылыми – педагогикалық журнал-2010.  - №5 

5.

 



Балабақша меңгерушісі және әдіскері журнал 2016 жыл 

6.

 



Справочник старшего воспитателя журнал 2016 жыл 

 

 



БАЛАЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА АТА-

АНАЛАРДЫҢ РОЛІ 

 

Сыздыканова Анар Абеновна 



Сейітжанова Перизат Даулетовна 

№ 145 «Балапан» балабақшасы, КМҚҚ 

 

Қазіргі  кезеңдегі  балалар  тәрбиесінің  өзекті  мәселелерінің  бірі-    экологиялық  білім, 



тәрбие  және  мәдениетті  қалыптастыру.  Әлемдегі  экологиялық  деректерді,  ғылыми 

мағұлматтарды  білім  және  тәрбие  процесінде  пайдалану  мұғалімнің  терең  білімділігіне 

байланысты. Осыған орай, балаларды табиғатты қорғау  мәселелерінде ғылыми теориялық 

білімнің негізі көздерімен таныстыру ең басты міндеттердің бірі ретінде қойылады.  

«Табиғат  тәніне  түскен  зақым  адамға  ауру-сырқау,  апат-қырсық  болып    оралады. 

Адамның  денсаулығы  болу  үшін  оны  қоршаған  табиғат  таза  болу  керек»,  –  деп  И.  Гете 

айтпақшы,  бала  тәрбиесінің  алғашқы  кірпіші  қалануы  мектеп  болғандықтан,  бүгінгі  білім 

беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар экологиялық тәрбиеге жаңаша қарауды талап 

етіп  отыр.  Қазіргі  кезде

 

қоршаған  ортаның  күрделі  экологиялық  проблемалары  барша 



адамзатты  алаңдатуда.  Экологиялық  білім  көпшіліктің  санасына  айналадағы  қоршаған 

ортаны  сақтаудың  жауапкершілік  идеясын  ұялатып,  қоғамның  әр  мүшесінің  санасына 

табиғатқа  аялай  қарауды  қалыптастыруы  тиіс.  Өйткені,  экологиялық  білім  және  тәрбие  – 

жастар  тәрбиесіндегі  өзекті  мәселелердің  бірі.  Жалпыадамзаттық  құндылықтың  маңызын 

түсінетін,  ақыл-ойы  жетілген,  саналы,  білімді  адам  қалыптастыру  экологиялық  басты 

мәселелерінің  бірі  болып  келеді.  Қазақстан Республикасы  тұрақты  дамудың  жаңа  жолына 

түскенде,  экологиялық  білім  мен тәрбие  берудің  маңызы  бұрынғыдан  да  арта  түсуде.  Бұл 

проблемалар  ел  Президенті  Н.А.Назарбаев  ұсынған  «Қазақстан-2030»  стратегиясы 

бағдарламасында басты орында тұр. 

Қазақстан 

Республикасы 

Конституциясының 

38-бабында 

«Қазақстан 

Республикасының  азаматтары  табиғатты  сақтауға  және  табиғат  байлықтарына  ұқыпты 

қарауға міндетті» делінген. 

Демек,  экологиялық  мәдениетті,  тұлғаны  қалыптастыруда  педагогика  ғылымындағы 

экологиялық білім мен тәрбиенің ең тиімді мүмкіндіктерін, жолдарын зерттеп, оны ұтымды 

пайдалану  өте  маңызды.  Сондықтан,  қазіргі  таңда  «адам  –  табиғат  –  қоғам»  жүйесіндегі 

қарым-қатынастың  үйлесімділігін  қамтамасыз  етуде  экологиялық  мәдениет  жетекші  орын 

алады. Балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, олардың қоршаған ортаға саналы 

көзқарасын,  ізгілікті  қарым-қатынасын  орнатуда,  нақты,  жүйелі  іс-әрекет  жасауына 

мүмкіндік береді. 

Табиғаттағы  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  биологиялық  алуан  түрлілікті  сақтау  мен 

табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағыттай отырып, төмендегідей міндеттер 

жүктейді: 

-

 

Білім  беру  мекемелерінде,  сондай-ақ  арнаулы  орта  және  жоғары  оқу  орындарында 



экологиялық білім негіздерін міндетті түрде оқыту; 

-

 



Басшы қызметкерлер мен мамандардың кәсіби экологиялық даярлығы және қоршаған 

ортаны қорғау туралы заңдар негізінен білімі болуы

-

 

Қоршаған  ортаны  қорғау  саласынан  ғылыми  зерттеулердің,  тәжірибеде 



конструкторлық  және  енгізу  жұмыстарының  мемлекет  тарапынан  қолдау  табу  мәселелері 

атап көрсетілген.  



124 

 

124 



 

Табиғат — сұлулықтың өмір-бақи таусылмас қайнар көзі. Сондықтан ол тәрбие берудің 

ең  маңызды  құралдарының  бірі  болып  саналады.  Баланың  бойына  игілік  пен  ізгілікті 

дарытушы  табиғатты  қорғау  сезіміне  тәрбиелеу  туралы  ғұлама  ғалым  К.Д.Ушинскийдің 

«Табиғат дауыс — дыбысын, үнін ата-аналар да, қоғам да, тәрбиешілер де, заң шығарушылар 

да көңіл қойып тыңдауы тиіс. Табиғатпен егесу, зиян келтіру жақсылыққа апармайды, адамға 

тек  оның  заңдылықтарын  білу  және  оның  табиғи  күшін  пайдалану  ғана  қалды»  дегеніне 

құлақ асатын мерзім әлдеқашан жетті. Сондықтан да «жер тағдыры — ел тағдыры» екеніне 

тереңнен  мән  беріп,  ата-бабаларымыздың  атамекен,  туған  жер  топырағы  туралы 

түсініктеріне,  таным-талғамдарына  ой  жүгіртуге,  табиғатты  көздің  қарашығындай  сақтап, 

аялауға тиіспіз. 

Балаларды  экологиялық  тәрбиеге  баулудың  міндеті  —  қажеттіліктің  алғышарттарын 

балалық шақтан бастап қалыптастыру. Бұл міндеттер отбасынан бастау алып, ата-аналардың 

өз педагогикалық білімдерін заман талабына сай жетілдіруімен шешіледі.  

Нарықтық 

қатынастар 

тұсындағы 

әлеуметтік 

жағдайдың, 

ата-аналардың 

педагогикалық  білімін  жетілдіріп  отырудағы  мүмкіндіктерінің  төмендігі  бала  тәрбиесінде 

біршама қиындықтар туғызары сөзсіз. Бұлай екен деп қол қусырып отыруға әсте болмайды. 

Бұл тұста ата-аналарға бағыт беріп, ынтымақтастықта әрекет  ету тәрбиешілердің үлесінде 

екені даусыз.  

Бала тәрбиесінің алтын бесігі — отбасы. Отбасы — бала үшін өмір мектебі. Ата-ана — 

баланың  өмірлік  ұстазы  және  тәрбиешісі.  Ата-ананың  басты  борышы  —  баласын  дұрыс 

тәрбиелеп  өсіру  және  оны  жақсылыққа,  адалдыққа,  тазалыққа  т.б.  адами  игі  қасиеттерге  

үйрету.  Балалардың  болашағы  ата-  аналардың  сіңірген  еңбегіне,  тәлім-тәрбиесіне 

байланысты болады. Сондықтан, ата-ана баласын еңбекқор, еліне жанашыр, елінің қамқор 

азаматы  етіп  тәрбиелеуге  міндетті.  Әсерлеп  айтқанда,  әуелі  отбасында  тамыры  бітеді  де, 

бұталары да, гүлдері де, жемісі де содан өсіп-өнеді. Педагогикалық тәрбие отбасындағы осы 

тәлім тазалығына негізделіп қалыптасады.  

Экология ғылымы — табиғат қорғау ғылымының негізі, бастау бұлағы. Табиғат қорғау 

ғылымын,  оның  қағидаларын,  заңдарын  сақтап,  табиғатты  өмірлік  қажеттілігімізге 

пайдалануда  міндетті  түрде  орындау  —  мәңгілік  баянды  өмір  сүру  негізі.  Табиғат  сырын 

жан-жақты білуге ұмтылу, оның қорларын қажетіне пайдалану — адам баласының қанына 

сіңген қасиет. Бұл қасиетсіз адамның өмір сүруі мүмкін емес. Ендігі мақсат — осы қасиеттің 

барлығын  жер  басып  жүрген  әрбір  адамның  саналы  түрде  түсінуіне,  оны  нәтижелі  түрде 

өмірде пайдалануына көмектесу. Бұл мақсаттың орындалуы әрбір азаматтың табиғат қорғау 

тәрбиесін қаншалықты білетіндігімен тікелей байланысты. Ол жұмысты орындау ата-ананың  

міндеті болып саналады.   

Отбасылық экологиялық тәрбиеге арналған материалдарды оқып, танысу өте маңызды. 

Оған  ойындар,  оның  ішінде  дәстүрлі  құндылықтарға,  мәдени  дәстүрлерге,  ұрпақтар 

арасында тәжірибемен бөлісуге қызығушылық танытатын ойындар, компьютерлік танымдық 

ойындар, балаларға арналған әдебиет пен бейнематериалдар оқып беру және көру, танысу  

жатады.  



Кейқауыс  атақты    «Кабуснама»  кітабында  «Ей,  балам,  дүниең  өзіңе  жетерлік 

болып, асып-тасып тұрса да, жерге еңбек етуді ұмытпа! Сенің анаң  жалғыз ана. Ал 

жер болса  дүниежүзі халықтарының анасы. Барлық адамдардың ішіп-жеуінің бәрі 

де осы жерден өндіріледі»,- деген екен.  

Айтса  айтқандай,  адам  тағдыры  жермен  тығыз  байланысты.  Туған  жердің 

құдірет-құны  өзін  мекен  тұтқан  халықтың  тұрмыс-салты  арқылы  басқаларға 

құндылығын танытады.  

Тарихқа көз салар болсақ, даңқты бабаларымыз Майқы би, Бәйдібек би, Төле би, 

Қаздауысты  Қазыбек  би  т.б.  табиғатты,  туған  жерді  қорғауға  үндесе,  ақындар  мен 

жыраулар табиғатты аялап, жырларына қосқан. 

Жерден қасиетті, жерден киелі ештеңе жоқ. Жер бар болса, ел бар. Кей ата- аналарда 

«баламыз бейнет көрмей өссе екен, жас кезінен еңбек етпей-ақ қойса екен» деген қате түсінік 


125 

 

125 



 

бар.  Өзі  еңбек  етпейтін,  еңбек  етуді  сүймейтін  жан  жатыпішердің  бірі  болары  сөзсіз. 

Жастайынан еңбек етіп үйренген бала өскенде де ұқыпты, тиянақты болады. Мұндай бала 

қиыншылыққа да мойымайды, елдің де, жердің де қадірін біліп, бағалайтын болады.  

Қорыта  айтқанда,  «баланы-жастан»  дегендей,  болашақ  ұрпақтың  салауатты  өмір 

сүретін ортасын қалыптастыруда балаларына  үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру, 

экологиялық әдеп пен мәдениетке үйрету, табиғат заңдарында көрсетілген ұстанымдар мен 

ережелерді  орындату  әрбір  ата-ананың  міндетті  борышы,  қасиетті  парызы    екенін 

сезіндірудің,  балалардың  экологиялық  мәдениетін  қалыптастыруда  ата-аналардың 

экологиялық сауатын жетілдіру, олардың қоғамның экологиялық-экономикалық мүддесіне 

лайық өз елінің патриоты болуына үндеудің маңызы зор. Жоғарыда айтылған тұжырымдар 

негізінде мынандай практикалық ұсыныстар беруге болады: 

1.

 

 Ата-анамен бірлесе отырып, бала санасына адамның экологиялық қауіпсіздігі мен 



денсаулығының  қоршаған  орта  жағдайына  тәуелділігі  туралы  қарапайым  түсініктердің 

алғашқы қадамдарын қалыптастыру.  

2.

 

Адам мен табиғат арасындағы күнделікті байланыс туралы балаға экологиялық білім 



беруде ата-ана белсенділігін үнемі назарда ұстау. 

3.

 



Балаларымен  бірлесіп  жұмыс  істеудің  экологиялық  білім  беру  мен  экологиялық 

мәдениетті  дамытудағы  маңызды  қадам  екенін  сезіндіру  арқылы  ата-аналардың 

белсенділігін арттыру. 

4.

 



Қоршаған  ортаға  деген  жанашырлық  пен  жауапкершілікті  сезіндіру  мақсатында 

балабақшада ата-аналармен істелетін жұмыс түрлерін молайту. 

5.

 

Ата-аналарға  пайдалы  кеңестер  ұсыну,  басқа  ата-анамен  пікір  алмасу  арқылы 



экологиялық  білім  беру  мен  экологиялық  мәдениет  жайлы  білімдерін  толықтыруға  ықпал 

ету. 


6.

 

 Ата-анамен  байланыс  арқылы  отбасы  өмірінің  сапасын,  оның  мүшелерінің 



денсаулығы және амандығын бағалауда балабақша ролін сезіндіру, жағымды пікір туғызу. 

7.

 



Табиғат  нысандарына  және  әлемнің  жасанды  заттарына  саналы  түрде  ұқыпты 

қарауға тәрбиелеуді, экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыруды ата-анамен бірлесіп 

атқару. 

8.

 



Балаларды  қоғамдық  пайдалы  еңбекке,  отбасының  жасы  үлкен  мүшелеріне 

көмектесуге, үй жануарлары мен өсімдіктерді күтуге жұмылдыру. 

9.

 

Жас  ерекшеліктеріне  сәйкес,  балабақшада  тиімді  технология  мен  тәрбие  моделі 



жүйесін  қамтамасыз  етудің  интеграциялау,  экологияландыру  үлгілеріне  ата-аналардың  өз 

үлесін қосуын қамтамасыз ету. 

10.

 

 Педагогтар  мен  ата-аналарға    экологиялық  білім  беру  мен  оқытудың  кешенді 



бағдарламасын жасап, жүйелі түрде  оқытуды ұйымдастыру. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1 А.Т.Қуатбаев. Жалпы экология//Экологиялық тәрбие және білім беру. Алматы,2008ж. 

2 Дерябо С.Д. Экологическая педагогика и психология//Феникс, 1996.  

3  Ж.Ж.Жатқанбаев.  Экологиялық  білім  және  тәрбие  беру  балаларға  танымды 

қызығушылығын қалыптастырудың басты көрсеткіші//Алматы,2003ж.  

 

 

БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ 



 

Адамбекова Маржанкул Шакеновна 

№114 «Бақыт» балабақшасы КМҚК 

 

Мектепке дейінгі мекемелердің маңызды міндеттері баланы жан-жақты гармониялық 

дамыту және тәрбиелеу, оларды мектепке оқуға дайындау болып табылады.  


126 

 

126 



 

Психологияның заманауи даму кезеңінде мектепке психологиялық дайындық баланың 

психологиялық  сапасының  даму  деңгейін  көрсететін  жалпы  сипаттамасы  ретінде 

қарастырылады.  

Психологиялық сөздікте «мектепке даярлық» түсінігі мектепке дейінгі ересек жастағы 

баланың жүйелі  түрде оқуға ойдағыдай ауысуын қамтамасыз ететін морфофизиологиялық 

ерекшеліктерінің жиынтығы ретінде қарастырылады.  

Әр  елдің  ғалымдарының  көзқарастары  бойынша  баланың  мектепке  дайындығы  ең 

алдымен  жалпы  дайындығы  ретінде  қарастырылуы  керек,  оған  дене  дайындығы,  жеке 

тұлғалық дайындық және интеллектуалдық дайындық жатады.  



Физикалық (дене) дайындық – бұл бала денсаулығының жай-күйі, баланың ағзасының 

морфофункционалды  жетілуінің  белгілі  бір  деңгейі,  қимыл-қозғалыс  дағдылары  мен 

сапасының  қажетті  деңгейі,  ұсақ  моторикасының  ерекшеліктері,  дене  және  ақыл-ой 

қаблеттілігі.  Физикалық  дайындық  баланың  мектепте  жақсы  оқуының  кепілі:  оқу  еңбегі 

баладан мықты денсаулықты, төзімділікті, ақыл-ой және психикалық жүктемені талап етеді. 

Сондықтан    баланың  дене  тәрбиесін  нығайту  кешенді  түрде  жүргізуге  көп  көңіл  бөліп, 

шынықтыру шараларының сан алуан түрін қолданған дұрыс.  

Жеке тұлғалық дайындық – бұл мінез-құлықтың белгілі бір деңгейдегі ырықтылығы, 

қарым-қатынас  дағдысының,  өзін-өзі  бағалауының,  оқу  дағдысының  (танымдық  және 

әлеуметтік)  қалыптасқандығы,  белсенділігі,  инициативтілігі,  дербестігі,  басқаны  тыңдай 

және ести білуі, олармен өз әрекетін келістіруі, орнатылған ережеге бағынуы, топпен жұмыс 

жасауы.  

Интеллектуалдық дайындық – бұл ана тілін және сөйлеудің негізгі түрлерін (диалог, 

монолог) меңгеруі, бейнелік ойлаудың, қиялдың және шығармашылықтың, сөздік-логикалық 

ойлау негіздерінің дамуы,  балалар әрекетінің ішіндегі оқу әрекеті элементтерін (құрастыру, 

сурет  салу,  жапсыру,  әртүрлі  ойындар)  меңгеруі,  жалпы  әрекет  арасынан  міндеттерді 

ажырата білу, танымдық міндеттерді шешу жолдарын білуі, қарапайым ой-өрісінің жетілуі 

(адам, табиғат, заттар әлемі туралы түсінік).  

В.С.  Мухина  мектепке  дайындық  бұл  –  баланың  әлеуметтік  жетілуі  нәтижесінде 

туындайтын оқуға деген қажеттілік пен құштарлық деп атап көрсетеді.  

Д.Б.Элькониннің айтуы бойынша баланың мектепке дайындығы әлеуметтік ережелерді 

«бұру», яғни үлкен мен бала арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастардың жүйесі.  

Дене  тәрбиесінің  маңызды  міндеттерінің  бірі  –  баланың  жүйке  жүйесін  сақтау. 

Балабақшаға әртүрлі балалар келеді – салмақты, тез ашуланғыш, тез тіл табысқыш, тұйық 

т.б.  Бұның  бәрі  көбінесе  баланың  эмоционалдық  жай-күйін  және  үлкендер  мен 

құрдастарымен қарым-қатынасын айқындайды. Жүйке жүйесінің шамадан тыс қозғыштығы 

ең  алдымен  баланың  өзіне  кері  әсер  етеді.  Құрдастарымен  қарым-қатынасы  дұрыс 

қалыптаспайды бірлескен ойын барысында көпшіліктің ойымен санаспайды, сабақта тыныш 

отыра алмайды.  

Мектепке  барғанда  баланың  өмір  сүру  салты  өзгереді,  айналасындағы  адамдармен 

қарым-қатынас жасаудың жаңа жүйесі қалыптасады, жаңа міндеттер пайда болады, әрекеттің 

жаңа түрлері пайда болады. Мектепке дейінгі кезеңде баланың ең басты әрекеті ойын болса, 

енді  оны  оқу  әрекеті  алмастырады.  Жаңа  өмір  сүру  салтына  дайындалу,  әрекеттің  жаңа 

түрлерін  жүзеге  асыру,  мектеп  міндеттерін  ойдағыдай  орындау  үшін  баланы  мектепке 

дейінгі  кезеңнің  соңында  физикалық  және  психикалық  дамудың  белгілі  бір  деңгейіне 

жететіндей тәрбиелеу керек. Мектепке дейінгі кезеңде баланы мектепке дайындауда оның 

денсаулығын  нығайту,  еңбекке  қабілеттілігін  көтеру,  ойлауын  және  білім  құмарлығын 

дамыту, белгілі  бір ырықты адамгершілік сапасын тәрбиелеу, оқу әрекетінің элементтерін 

қалыптастыру:  оқу  міндеттерін  шешуге  көңіл  бөлу,  мұғалімнің  нұсқауымен  жүру, 

тапсырмаларды орындау барысында өз әрекетін қадағалай білу  маңызды.  

Соңғы жылдары шетелдерде мектепке даярлық мәселесіне көп көңіл бөле бастады. Бұл 

мәселені  шешу  барысында  Я.Йерасек  айтуы  бойынша:  бір  жағынан  теориялық  құрылым, 

екінші жағынан практикалық тәжірибе сәйкес келеді. Зерттеудің ерекшелігі бұл мәселенің 


127 

 

127 



 

негізінде  баланың  интеллектуалды  мүмкіндіктері  тұр.  Бұл  баланың  ойлау,  есте  сақтау, 

қабылдау және т.б. психикалық процестерде дамуын көрсететін тесттерде көрініс табады.   

Балалардың мектепке деген көзқарасын және мектепке үрейлілік деңгейін анықтауға 

арналған  «Мектеп  суреті»  әдістемесін  өткіздім.  Тест  өткізу  үшін  балаға  стандарт  таза  ақ 

қағаз,  түрлі-түсті  қарындаштар  беріп  «мектептің  суретін  сал»  деп  өтініш  жасалды.  Бала 

жұмысты  аяқтаған  соң  онымен  әңгіме  жүргізіп,  салған  суреті  бойынша  деректерді 

нақтылауға  болады.  Баланың  мектепке  эмоционалдық  қатынасы  үш  көрсеткіш  бойынша 

бағаланады:  түстерді  таңдауы;  суреттің  сипаты  және  сызықтары;  суреттің  сюжеті.  Тестің 

қорытындысы  бойынша  балалардың  мектепке  деген  көзқарасы  жақсы  және  мектепке 

үрейлілік  деңгейін  анықталған  жоқ.  Балалардың  мектепке,  оқуға  деген  көзқарасы 

эмоционалды  жағымды  жағдайда,  оқу  міндеттерін  орындауға  және  мұғаліммен  өзара 

байланысқа дайын екендіктерін көрсетті. Орта деңгей көрсеткен балаларда аздап мектептегі 

оқуға,  таныс  емес  ортаға  алаңдаушылық  байқалды,  сондықтан  олардың  мектепке,  оқу 

әрекетіне деген білімдерін кеңейту жұмыстарын жүргізу керек деген шешімге келдім.  

 

 



 

Балалардың  мектепке, оқуға дайындығын анықтау мақсатында ересек топтармен Керн 

–Йерасек  әдістемесі  бойынша  тест  өткіздім.  Мектепке  дайын  төмен  көрсеткіш  көрсеткен 

бала болған жоқ.  

 

62

38



0

72,5


27,5

0

85,3



14,7

0

0



10

20

30



40

50

60



70

80

90



ортадан жоғары

орта


төмен 

«Мектеп суреті»  әдістемесі 

2013-2014

2014-2015

2015-2016



128 

 

128 



 

 

 



Қолданылған әдебиеттер: 

1.

 



Бабкина Н.Б. Оценка психологической готовности детей к школе. Москва 2006. 

2.

 



Веракса А.Н. Индивидуальная психологическая диагностика ребенка ребенка 

5-7 лет. (Пособие для психологов и педагогов) Москва 2009. 

3.

 

Түгелбаева  Қ.  Мектепке  дайындық  кезеңіндегі  бала  психологиясы.  (Балабақша 



тәрбиешілері  мен ата-аналарға арналған көмекші  құрал)  «Дәуір  – Кітап» баспасы Алматы 

2013. 


4.

 

Жұмабекова Ф.Н. Балаңыз мектепке дайын ба? (Психологиялық тапсырмалар мен ойын 



жаттығулар) «Балалар әдебиеті» баспасы 2006. 

5.

 



Психологическая  диагностика  детского  развития.  Под  редакции  Суннатовой  Р.И.  – 

Москва – Ташкент: ИТД «СМИ – АЗИЯ» - Издательство журнала «Sanat», 2008. -160 С. 

 

 

БАЛАНЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ ТИІМДІ ӘДІСТІҢ БІРІ МНЕМОТЕХНИКА 



 

Калиева А.Т. 

Қарағанды қаласы, КМҚК «Толағай» балабақшасы 

 

Ақылмен ойлап білген сөз, 

                                                                   Бойына жұқпас сырғанар. 

                                                                   Ынталы жүрек сезген сөз

                                                                             Бар тамырды қуалар. 

Абай  

Мектепке дейінгі балаларды өз ана тілінде сөйлеуге үйретуде, тәрбие мен білім беру 

жұмыстарын  ұйымдастыруда  олардың  сөйлеу  тілін  дамытуға,  сөз  құрастырып  сөйлеуіне, 

сөздік  қорының  молаюына  баса  көңіл  бөлген  жөн.  Сәбилердің  дүние  танымын  кеңейтіп, 

ойын  өрістетіп  тіл  байлығын  жетілдіруде  көркем  әдебиеттің  алатын  орны  ерекше. 

Балабақшада  тіл  дамыту  жұмыстарын  айнала  қоршаған  ортамен,  сондай  –  ақ  көркем 

әдебиетпен  таныстыру  арқылы  жүзеге  асыруға  болады.  Балаға  әңгімелеп  айтуға,  оқып 

тыңдауға, жаттауға арналған материал оның даму деңгейіне, жас шамасына лайықты болған 

жөн.  

Баланың тілін дамытудың негізі – көркем шығарманың мәтіні екеніне ерекше тоқталып 



өтетін болсақ, 3 – 4 жасқа дейінгі балалардың суреті кітаптарды қызыға қарайтыны мәлім. 

46,5


38

0

50



20

0

68,7



31,3

0

0



10

20

30



40

50

60



70

80

ортадан жоғары



орта

төмен 


Керн-Йерасек әдістемесі 

2013-2014

2014-2015

2015-2016



129 

 

129 



 

Сондықтан оларға суреті айқын кітапшаларды көрсетіп, мазмұнын айтып беру қолайлы. Бұл 

жастағы сәбилерге оқиғасы сәтті аяқталатын, қорқыныш сезімін тудырмайтын халық ауыз 

әдебиеті нұсқауларын жатқа айтып беріп, ойната тыңдату тиімді. 

Көркем  әдебиет  арқылы  бала  тілін  дамытуда  тек  қана  ертегі,  өлең,  әңгімемен 

шектелмей  жұмбақ,  жаңылтпаш,  санамақ,  мақал  –  мәтел  түрлерін  де  сабақ  жоспарына 

енгізген жөн.  

Балабақшада тағы бір жүргізілетін жұмыстың түрі – санамақтар. Санамақтарды халық 

негізінен балаға сан үйрену мақсатымен шығарған. Санамақтар әрі сан үйретеді, әрі дүние 

танытады, баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады.  

Ал    жұмбақ  –  баланың  ойлау  қабілетін  дамытады.  Жұмбақтың  шешуін  табу  арқылы 

заттардың жан – жануарлардың, киім – кешек, т.б аттарын есте сақтау қабілетін күшейтеді. 

Балаларды  жан-жақты  дамыту,  олардың  барлық  кемістіктерін  жөндеу,  мектепке 

дайындаудағы балабақша алдындағы басты мақсат. Сөйлеу  - бас мидың бірнеше бөлігінің 

бірігіп  жұмыс  істеу  нәтижесі.  Артикуляция  мүшелері  тек  мидан  келген  бұйрықты 

орындаушылар.  Балалардың  тілін  дамытуда  келесі  кедергілердің  бары  ешкімге  де  құпия 

емес: 

-сөздік 


қорының 

кемдігі; 

-сөйлемдегі 

сөз 


тіркестерін 

дұрыс 


таба 

алмауы; 


-дыбыстау 

кемшілігі; 

-берілген 

тақырыпқа 

сюжеттік 

немесе 


сипаттау 

әңгіме 


құра 

алмауы; 


-өз 

ойын 


дұрыс 

жеткізе 


алмауы. 

- дыбыстарды ажырата алмау 

К.Д.Ушинский: «Балаға таныс емес бес сөзді үйретсең-бекер қиналады, ал,егерде сурет 

арқылы үйретсең-бәрін тез ұғып алады»-деген. 

Бала  тілін  дамытуда  озық  технологияларды  қолдану  қазіргі  кезде  әрбір  ұстаздың 

міндеті.  Жас  ұрпақтың  өз  ана  тіліне  деген  қызығушылығы,  жағымды  көзқарасы 

қалыптасады. Мектепке дейінгі балалардың дүниетанымы, санасы, зердесі, тілінің дамуына 

қазіргі білім беру саласындағы озық технологияларды меңгерген ұстаз болуы шарт. 

«Ұстаздың  жан-жақты  дамуына,  кәсіптік,  интеллектуалдық,  адамгершілік  сияқты 

қасиеттерінің дамуына көмектеседі», -деп Селевко айтқандай, баланың тілін дамыту, сөздік 

қорын  молайту  күнделікті  өмірде  тығыз  байланыстыру  баланың  тілінің  таза,  көру,  есту, 

тыңдау, қайталау, жаттау қабілеттері жетіледі. Балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы 

қолданған дұрыс. 

Мнемотехника – дегеніміз не?  Мнемотехника – тіл дамытуда тиімді есте сақтау, оны 

дұрыс  жеткізе  білудегі  әдіс  пен  тәсілдер  жүйесі.  Қазіргі  кезде  мектеп  жасына  дейінгі 

балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы                    қолдану өзекті болып тұр. Бұл 

мақсатты іске асыру үшін, баланың тілін дамытуға әртүрлі тәсілдер мен әдістерді қолдану 

қажет. 


Қойылған 

мақсатты 

нәтижелі 

етуге 


қолданылатын 

тәсілдер: 

-  Көрнекіліктер,  дидактикалық  ойындар;  суреттер;  буындық  кестелер;  тірек-сызба; 

үлгілерт.б/ 

-«ЖИНАҚТАУШЫ» 

-сөйлеу 


материалдарын 

безендіру. 

- жаңылтпаштар, тақпақтар, жұмбақтар, саусақ гимнастикасы, тынысалу  жаттығулары, т.б/-

Балабақша  жасында  көрнекілік-бейнелі  кесте  сақтау  және  есту  ,  суретін  көру  арқылы 



баланың есінде нақтықалады. Соның бірі мнемотехника. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет