МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Амирова Г.Т.
№16 «Алтынай» б/б КМҚК тәрбиеші
Қарағанды қаласы
Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып,суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап,аялау
барша жұртқа тіршілік қамы,табиғи қажеттілік.Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы
табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру,
табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті
550
550
тармақтарының бірі болып табылады. Табиғатпен таныстыру - балалардың танымын
дамытудың басты құралдарының бірі.
Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты - табиғатты аялап,оны қамқорлыққа алып
күту,табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып,тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар
жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі
ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор.
Табиғатпен таныстыру барысында "Табиғат бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал
бесігі, өсіп өнер мекені" екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Мектеп жасына дейінгі
балалардың тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым- қатынасын тәрбиелеу
мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау - экологиялық тәрбие мен білім
беру жұмыстары арқылы жүргізіледі.
Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы. Табиғат әлемі
таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің
алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені
байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рухани қайырымдылыққа
тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын
адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балалар үшін табиғат-бұл әр түрлі табиғи
құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл-балалардың сөйлеу және ойлау
қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық
қалыптасуына зор ықпал етеді. Баланың қандай болып өсуі бізге, ересектерге байланысты.
Балабақша балаларының экологиялық тәрбиесі алуан түрлі ықпал ету құралдарының көмегі
арқылы іске асырылады: саяхат; мұражайларға бару; мақсаттық серуен; телебағдарламалар,
бейнефильмдер; табиғат туралы көркем әдебиеттер; суреттерді, фотосуреттерді,
иллюстрацияларды тамашалау; музыка тыңдау; дидактикалық ойындар, мақал-мәтелдер.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым - қатынасты
анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің
алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр.
Атап айтқанда:
-педагогтардың экологиялық тәрбие беру жөнінде білім деңгейін көтеру;
-балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын, олардың ата- аналарына
насихаттау;
-әртүрлі жастағы балалар топтарындағы оқу-тәрбиелік жұмыстар;
Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көзқарасын қалыптастыру оның бала
кезінен ерте басталуы тиіс.
Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 7 жыл оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең
басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды. Баланың болашағы сол
кезеңде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса адамзаттың рухани және материалдық
жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негіздеріне тәуелді. Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы
ниеттегі, адамгершілігі бар,шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру
мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра
отырып,баланың белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң
ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзімен көріп,оны
қабылдай білуі керек. Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені
таниды,көруді,сезінуді,тыңдауды үйренеді. Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым
қабілетті болса,балада соғұрлым көбірек үйренеді.
Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне
жағымды бағыт бере отырып,өмір бойы есінде қалады. Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы
тәрбиелеуді көз алдымызға елестете аламыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің
негізгі міндеттерінің бірі "Балаларды айналамен таныстыра отырып,оларға экологиялық
тәрбие беру" болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге,оны аялай білуге,
оны қорғауға қызығушылығын арттырып,жауапкершілігін күшейтуге,табиғатпен бірге өмір
сүретінін сезінуге үйрету мақсат. Балалармен жұмыс істеу барысында сабақ өтілетін бөлме
551
551
ғана емес,сонымен қатар мекеме орналасқан ғимаратта әсем болуы керек. Егер балалар
сұлулықты өмірден өз көздерімен көре отырып,оның өмірімен байланысын сезіне білсе,онда
олар сұлулықтың бар екеніне сенеді. Балаларды табиғатқа деген сүіспеншілікке тәрбиелеу
барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге
үйретудің маңызы зор. [3]
Біз табиғи факторлар - су, ауа, күнді қолдана отырып экологиялық тәрбие мәселелерін
шешеміз. Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы,оларды күтіп
баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиелейміз. Балалар тірі және
өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды
орнатуды үйренеді. Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады. Табиғат
баланың ақыл ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары
деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді, өз
ойын жеткізе білу өнерін дамытады.
Табиғатты танып, білу мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен
эстетикалық қарым қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере
отырып,сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді.
Мектепке дейінгі жастағы балаға экологиялық мәдениеттің алғашқы түсініктерін
қалыптастыру үшін:
1. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы шарттарын
құру;
2.Балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшін атқарылатын жұмыстарға
көгалдандырылған зоналар құру және ұйымдастыру;
3.Тірі объектілерді күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшін іс-шаралар
ұйымдастыру;
4.Сабақта
көркем
құралдарды,
әдістемелік
және
материалдық
құралдарды,ойыншықтарды,түрлі ертегі кейіпкерлерін жүйелі түрде қолдану;
5. Педагог мамандардың білім деңгейі мен олардың біліктілігін арттыру.
Тәрбиеші-педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялық тәрбие берудегі
шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялық ақпараттар және арнайы материалдармен
кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі
керек. Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту
әрекетінде кеңінен пайдаланылады.Дегенмен, табиғат өздігінен бала бойына қажетті жеке
тұлғалық сапаларды қалыптастыра алмайды, оған міндетті түрде ересектер тарапынан
басшылық жасау қажет.Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары
арасындағы өзарабайланыс пен олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды.
Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының табиғатқа қарым-қатынасын бақылау
барысында біздің байқағанымыз: табиғат құбылыстарының барлығы тең дәрежеде
балаларды қызықтыра алмайды.Мысалы: табиғаттың кейбір құбылыстары, өзінің
қабылдауға жеңілдігіне қарамастан, балалардың сәндік ою-өрнектерін жасау әрекетіндегі
еңбектерінде мүлдем көрініс таппады деуге болады. Сондай-ақ олар шеңбер, жұлдыздар,
найзағай, толқын, ай т.б бейнелеуге де жете көңіл бөлмегені байқалды. Табиғаттың нақ осы
құбылыстары мен объектілері қазақ халқының күнтізбесінің негізіне жатады, ал жұлдызды
аспан сырын жете ұғыну көшпелі өмір тіршілігі үшін аса қажет болды. Балабақшадағы
тәрбие бағдарламасына сәйкес балаларды табиғатпен таныстыру барысында өзара
байланысты білімділік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады. Балаларды табиғатпен
таныстыру және шынайы қамқорлыққа алу жағдайында адамгершілік және эстетикалық
тәрбие беру мақсатында өтіледі. Балабақшада балалардың өздері бақылап, бағып-баптап
жүрген жануарлар мен өсімдіктердің болуы оларды қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға,
еңбекке деген сүйіспеншілікке және соған дағдылануға үйретеді,сондай-ақ бала бойында
бәртіндеп тапсырылған іске жауапкершілік сияқты қасиеттер де қалыптаса береді. [4]
К.Д.Ушинский "Баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту,оның өзіндік логикалық
ойлауын,сөздік қорын, санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көрсеткен.Логикалық
552
552
ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына,батыл пікір,нақты
шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді.
Балаларға жануарлар дүниесіндегі ғажайып құбылыстар, анасынан тірі туылғанмен,
жетілмеген, дәрменсіз, әлжуаз халде болғандықтан енелерінің қарнындағы тері
қатпарларының түзілген қалтада сүтін еміп, өсіп жетілетін Австралияның қалталы қасқыры,
ағашқа өрмелеп тіршілік ететін қалталы кішкентай аю, тиін, кенгурудің суретін көрсете
отырып әңгімелеу арқылы балалардың қиялына қанат бітіру.
Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысы, тәрбиенің негізгі салалары болып
есептелетін адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиелерінің желісінде және халықтық
педагогиканың қайнар бұлағын пайдалана отырып жүргізсе, айналадағы орта,табиғат
жайындағы жалпылама ұғымдар нақтыланып, қалыптаса береді. [1] Экологиялық тәрбие
жұмысына орай көрнекіліктерді қолдана отырып, табиғат бұрышының жабдықталуына
байланысты конкурстар ұйымдастырылып экология проблемалары туралы, жағымды және
жағымсыз
әрекеттер
бейнеленген
картиналар
пайдаланылғаны,
ата
аналар
ментәрбиешілердің бірлескен жұмысының нәтижесінде табиғат туралы шағын кітапхананы
өлі және тірі табиғатпен жабдықтау арқылы көрме ұйымдастырылғаны дұрыс. «Алтын күз»,
«Құстар күні», «Табиғатты сүйеміз», т.б ертеңгіліктер бала еңбегімен ұштасып, әр
педагогтың ізденімпаз әрекеті ғана болашақ табиғат жанашырын тәрбиелей алады дей келіп,
тәрбие жұмысын жүргізудің мынадай екі нысанасына назар аударамыз:
а) балалардың айналадағы табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, ұғымын кеңейту,
оның әсемдігін нәзік сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға баулу.
ә) балабақшада табиғат жайында алғашқы ұғымды қалыптастыра отырып қарапайым
білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты және
жалпылама таным-түйсік қалыптастыру. Табиғат туралы бүлдіршіндердің ой-өрісін
кеңейтіп,осы түйсіктер арқылы бүлдіршіндерге табиғат сырларын ұғындыружөніндегі
экологиялық тәрбиенің ересектер тобына арналған жоба-бағдарламасын ұсынып отырмыз.
Баладағы ой-сана мен жүйкенің қозғалуы мен тежелуі ширығып,күшейеді,тепе-теңдік
сипат алады.Абстракты ойлау біршама дамиды, айналадағы орта туралы талдау, ой түю
әжептәуір жетіледі, табиғат туралы кәдімгідей түйсік,таным қалыптасады. Ол енді
табиғаттың өзіне тән кейбір құбылыстары мен қасиеттері жайында білетін болады. Ойын мен
еңбек әрекеті ұштаса жүреді. Табиғат құбылыстарының кейбір заңдылықтары, бұл
құбылыстардың мерзімді қайталануымен таныстырылады,осының негізінде табиғат
құбылыстарын реалистік тұрғыда ұғынуы,білуге құлшынысы,байқап-көре білуі,логикалық
ойлауы,табиғатқа эстетикалық тұрғыдан қарау сезімі қалыптаса береді.
Өсімдіктер туралы ұғымдары кеңейтіліп,оның ішінде күнбағысқа т.б өсімдіктерге
тоқтала,оның күнге қарап өсуіне байланысты аталатын және дәнінен май сығып алып,
күнделікті өмірде пайдаланатындығын айтып әңгімелеу, олардың сондай-ақ өсуі үшін белгілі
бір жағдайлар-топырақ,ылғал,күннің нұры,жылуы керек екені түсіндіріледі. Кейбір
жануарлардың өсіп дамуы жөнінде балалардың білімі толықтырылады,құстар
жұмыртқалайды,балапан басып шығарады,оларды азықтандырып асырайды және түйе
ботасын, сиыр бұзауын, ит күшігін, мысық баласын өз сүтімен асырайтындығы
түсіндіріледі.Балалардың жабайы хайуандар (қасқыр, аю, түлкі, қоян, кірпі) олардың
тіршілігі, қорек табу әрекеті жөніндегі ұғымдары кеңейтіледі. Адамгершілік тәрбиесінің
мәнісі баланың адамдарға,айналадағы ортаға,туған өлкенің табиғатына деген
сүйіспеншілігін,қамқорлығын арттыруды көздейді. Туған өлкеге сүйіспеншілікті
тәрбиелеудің негізгі құралы-ұлттық тілі, мәдениеті, көркем өнер туындыларды,әдеби
шығармаларды: өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, аңыз-әңгіме,батырлар
жырын тыңдау арқылы ана тілінің құдіреттілігін сезінумен қатар, оны сүюді үйренеді. Адам
табиғат пен өмірдің бар өызығын ән-жырға қосып, оның әдемі де сұлу көріністерін бала
санасына ән арқылы жеткізе білген. Халқымыздың қандай ән - әуені болмасын мейірім -
шапағатқа, мәнді мазмұнға, ұлағатты тәлім-тәрбие, терең философияға негізделе жазылған.
Сондықтан да ол сезімге әсер етіп,балалардың мінез-құлқы мен адамгершілік қасиеттерін,
553
553
эстетикалық талғамын дамытуға ықпал етеді. Халық балаға табиғаттың құпия сырларын ән
арқылы жеткізумен бірге, өмір сүрудің негізгі көзі адал еңбекке де баули білген.
Эстетикалық тәрбие нысанасы-баланың бойындағы әдемілік, әсемдікке іңкәрлігін оятып,
табиғат сұлулығын сезіне білу, сүйсіне білу қабілетін ұстарту, көзін ашқан бұлақтай талғам
қиялын ұштау. Осы тұрғыдан алғанда табиғат балаларға эстетикалық тәрбие берудің бірден-
бір құралы болып есептеледі. Айналадағы орта, орман, су, тау, тас, жайқалған жасыл желек,
құстардың сайраған әсем дауысы, жануарлар дүниесі, олардың барлығы бала жанына әсер
етіп назарларын қытықтап,табиғат әсемдігі туралы түйсігін тоғайтады. Тәрбиеші балаларды
табиғат құбылыстарымен таныстырып қана қоймай, әдемілікті түсініп, сезе білуге, күн
сәулесінің шуағын,жаңбырдың нұрын, ормандағы құстардың сайрағанын зерделеп түсінуге
баулиды. Балалардың зейінін табиғат жанашырларының іс-қимылына аударып, олардың
қимыл әрекеттерін бақылатады, мұның бәрі балалардың эстетикалық сезімін оятып,
еңбектене білуге, табиғат байлығын жанашырлықпен қорғауға үйретеді. Табиғатта болып
жатқан алуан түрлі болып жатқан құбылыстар желісі,алуан түрге енетін әуе кеңістігі,
қызылды-жасылды ағаштар жемісі бәрі-бәрі адам баласын таңқалдыратыны сөзсіз. Міне,
адам баласының табиғатты жырлау шеберлігі, табиғатпен сырласуы-осының айғағы. Қалай
десек те, табиғаттың күйін, әсемдігін,қазыныға толы қоймасын көрсек жанымыз тойғысыз,
жырласақ тіл жеткісіз. Дүниеге жаңа зымырандар,адуынды автомобильдер, тікұшақтар,
мықты моторлы қайықтар, роботтар келді. Ғылымдағы озық техниканың жетістігі саналатын
мұндай жаңа дүниелер құпияға толы табиғаттан үйренген адам баласының жетістігі екендігі
рас. Мысалы, қазіргі тікұшақты инелікке, жүк машинасын қоңызға,ұшақты құсқа, автобусты
есекқұртқа, сүңгуір қайықты балыққа,жерді қопарғыш тракторды бұзаубасқа қарап
жасалғандығы анық.Жер жүзіндегі жеті кереметке Вавилон бақшасы арқылы үлесін қосқан
табиғаттың шеберлігін ұққан адамзат сән өнері, сурет салу, сәулет өнері, шеберлік сынды
қасиеттерді бойына дарытқандығы даусыз. Мәселен, өзіміздің әлемге әйгілі суретшіміз -
Әбілхан Қастеевтен:"Сен мұндай өнерді қайдан үйден?"- деп сұрағанда:"Таудың бұлағынан
қойдың құлағынан, апамның киізінен, ешкінің мүйізінен үйрендім"-деген екен.
Яғни, адамзат өмір бойы барлығын табиғаттан үйренді, үйреніп келеді. Міне, сондықтан
да табиғатқа адамзаттың қыруар өлшеусіз қарыздылығы оның табиғат тынысын тазартып,
аялай білумен қатар, көркем бейнесін қалпына келтіріп, әлемнің жеті кереметін жетпіс
кереметке жеткізумен өлшенбек.
"Таза болса табиғат-аман болар адамзат,табиғат,сен-тіршілік тұнып тұрған,сен-
күнсің,көтерілген күліп қырдан,сен-көлсің,сен -ормансың,сен- бұлбұлсың,адамға сұлулықты
шын ұқтырған",-деп ақын ағамыз Садықбек Хангелдин жырлағандай,табиғат күллі тіршілік
атаулының құтты қоныс мекені,алтын ұя бесігі, құт-берекесі. Адам үшін табиғат ең қасиетті
де қастерлі ұғым.Өйткені,адамның өзін дүниеге әкелетін аяулы да,қадірлі жан-анасы болса,
адамның табиғатты"Ана" деп құрметтеуінде өте үлкен мән жатыр. Адам-табиғаттың бір
бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адамның табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Себебі, адам
өміріне қажетті заттардың барлығын табиғаттан алады.
Сондықтан табиғат пен адамды бөліп қарауға болмайды. Әсіресе,қазақ халқының
тұрмыс-тіршілігін табиғатсыз елестету мүмкін емес.Сан ғасырлар бойы халқымыз табиғат
аясында көшіп-қонып тіршілік еткен. Табиғаттың сан алуан құпия сырларына үңіліп,өзіндік
ой түйген. Сол атқылы табиғат табиғат заңдылықтарына үндесіп, бірлікте өмір сүрген.
Әсіресе, мал шаруашылығымен айналысқан халқымыз өз кәсібін табиғатпен үйлесімді
жүргізіп отырған. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай
қамқорлық керек екендігіне ерекше мән берген. Табиғат- тылсым дүние,табиғаттың өзі
арайлап атқан таң, қызарып батқан күн,жүйіткіген бұйра бұлттар, мың құбылған сағым,
жарқыраған әсем жұлдыз, әнші құм, биші қайың секілді құпия сырлы тылсым дүние,
жұмбаққа толы ғой шіркін! Сол себепті, табиғат тылсымын түсіне білгендер-бақытты
жандар! "Табиғат -біздің дүниетанымымызды қалыптастырушы және басты ұстаз. Адам
баласының білім алатын көзі-табиғат. Сол табиғатты бақылау, зерттеу оны қорыту, сырын
шешу қажет".
554
554
"Ғаламның ғажайып көркі де сонда,сыры да сонда,мақамы да сонда...ғылымы да сонда,
адамның өмірі де сонда",-деп А.Машанов айтпақшы тілсіз табиғаттың тылсымын
түсініп,оны аялау,қорғау және көркейту - әрбір адамның міндеті әрі борышы.
Себебі,табиғат пен адам - егіз. Біз жас ұрпақ табиғаттың қорғаны.Атадан балаға мирас
болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап,анамыздай аялап, келер
ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Табиғат адамның бойына қуат,көңіліне шабыт,
сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сол сұлулықты,әсемдікті
жоғалтпай қастерлеуіміз керек.Бұл жайында халқымыздың қалдырған тағылымдық,
тәрбиелік мәні зор: " Атаңнан мал қалғанша,тал қалсын" " Бұлақ көрсең,көзін аш" ," Бір тал
кессең,он тал ек" тағы да басқа ұлағатты сөздері, табиғатқа сүйіспеншілікпен,қамқорлықпен
қарап, үйлесімділік сақтағанда,адамзат баласы үшін табиғат кең сарай, мәңгі тозбас құтты
қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы Табиғат-Анаға қарыздар. Сондықтан
да табиғатқа немкетті қарау,онымен санаспау ана сүтін ақтамағанмен пара- пар.
Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге,ең ұлы қамқоршысы да екенін
ешқашан естен шығармауымыз керек. Табиғат озбырлықты көтермейді. Оны
мәпелеп баптап, мейіріммен аялау арқылы ғана қажетті үлесіңді үзбей ала аласың. Табиғат
қазынасын қастерлеген адам ғана ұлы мұратқа жетеді. Өз адамгершілігінің салмағын өлшегің
келсе, табиғаттың сыр сипатын түсіне білуге әрекет жасап көр. [2] Адам табиғаттың ең
сенімді, айнымас досы, қамқоры, қорғаушысы. Туған жеріміздің баға жетпес қазынасын
ысырап етпей, еселеп арттыра беру жолында талмай, жалықпай еңбек ету барлық
үлкен- кішінің абырайлы борышы, мүлтіксіз атқаратын міндеті. Табиғат-адам үшін жайлы
мекен, барлық игіліктің бастауы. Адамзаттың басты міндеті табиғи қуат көздерін орнымен
пайдалану, табиғат әсемдігін сақтау, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру,мейірімділік
нұрын шашу екенін ұмытпайық.
" Адам табиғатқа тәуелді болса, табиғат та оған тәуелді", демекші,барша байлықтың
анасы - Жер. Жерді күтіп баптай білу, оның қойнауынан қазба байлықтарын игеріп ала білу,
табиғат пен қоршаған ортаны түлетіп гүлдендіре беру өз қолымызда.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Балабақшадағы экологиялық тәрбие /Отбасы және балабақша-1996. №11-12/
2. Көбеева Н «Бала және табиғат» \\ Үйелмен және балабақша. – 1993. № 5.
3. Құлшанова С Табиғатты қорғау. \\ Отбасы және балабақша. – 1993. № 6.
4. Керімбаева Р Табиғат. Бала. Тәрбие.\\ Отбасы және балабақша. – 1997. № 1 – 3.
5. Жұмабекова Ф.И Көркемдік тәрбиені ұйымдастыру ерекшеліктері. \\ Бақшадағы
көркемдік тәрбие.
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ЕҢБЕККЕ ДЕГЕН ЖАҒЫМДЫ
КӨЗҚАРАСТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Ахмадиева Д.К.
«№ 114 «Бақыт» балабақшасы» КМҚК
Қоршаған әлемге танымдық көзқарас байқату -қажетті құрамдас бөлігі болып табылатын
іс–әрекетке қызығушылық таныту мектеп жасына дейінгі балаға тән ерекшелік. дүниеге
деген танымдық көзқарастың қажетті құрамдас бөлігі-ол қызметке тән қызығушылық болып
табылады. Танымдық қызығушылық баланың білім аясын кеңейтеді. Оның әсерінен, бала
жаңа нәрселерді үйренуге өз білімдерін толықтыруға және тереңдетуге, сонымен қатар ойын
барысында және еңбек қызметінде олардыбелсенді қолдануға тырысады.
Танымдық қызығушылықты тұрақты танымдық белсенділікке және жеке тұлғаның
тұрақты сапрасына аудару - ол мектепке дейінгі жылдар бойы жүзеге асырылатын ересектің
міндеті.
555
555
Қызығушылық баланың іс-әрекетін ынталандырады. Соның арқасында бала қажетті
білімді, іскерлік дағдыларды анағұрлым қарқынды меңгереді. Ол жеке тұлғаның бойында
мақсаткерлік, осы мақсатқа қол жеткізуде табандылық сияқты қасиеттерді дамытуға ықпал
етеді.
Қызығушылық баланы белгілі қызмет түрін соның ішінде еңбекті жүзеге асыру үшін
талпындырады.Белгілі бір мақсатқа қол жеткізуде өзіне риза болу мен қуаныш сезімдерінің
оянуы нәтижесінде еңбек процесіндегі табандылығын қайталауға, оны жетілдіруге
ұмтылдырады.
Кез келген қызметті жүзеге асыру, оның не себепті туындауына, яғни оның мотивіне
байланысты болады.
Іс – әрекетке қызығушылық болған кезде оның мотиві осы іс–әрекетті тану және меңгеру
мақсатымен дәл келеді. Жағымды оң мотив болмаса балалардың еңбекке деген
қызығушылығы тез сөнуі мүмкін.
Қызығушылықтың дамуының өз жас ерекшеліктері болады.
Мектепке дейінгі кіші жасатағы балада тікелей құмарлық болады. Кіші жастағы сәби
көзіне түскен заттың түсіне, пішініне, дыбысына қызығушылық танытады. Ал бұның өзі
белгілі бір жағымды эмоциялар туындадаты. Іс–әрекет нәтижесінің болмауы сәбиді
ренжітпейді. Оның қызығушылығы үстіртін, жағдаяттық, тұрақсыз. Кеше болған қызық
жағдай бүгін оны қызықтырмайды: кеше қорған құрастырып, оны аяқтап үлгермесе, бүгін
оны құрастыруды жалғастырудан бас тартып, үстел үсті ойынын ойнауға кіріседі. Алайда
кіші жастағы балалар ересектердің іс – әрекетіне үлкен қызығушылық танытады, оларға
көметескілері келіп, қарапайым еңбек тапсырмаларын орындайды, белсенділік танытады,
бұл оның іс – әрекет дағдыларын меңгеруге қалауының үнемі артуын түсіндіреді.
Мектепке дейінгіорта жастағы балаларда еңбектің үрдісі ғана емес, сонымен қатар соның
нәтижесін білу ынтасы пайда болады. Бала бұл жаста қарапайым мақсат қойып, оған жетудің
ыңғайлы, өзіне таныс жолдарын таңдауға қабілетті. Бірақ та бала өз мақсатына жету үшін
ересек адамдардың біреуі әрқашан дұрыс жол көрсетуі тиіс. Егер де көмектеспесе,онда
баланың еңбекке деген ынтасы жойылады.
Баланың еңбекке, берілген тапсырмаларға, ересектердің еңбегі бейнеленген ойындармен
танысуға деген қатынасынбақылау арқылы әрбір баланың қандай қызығушылығы бар екенін
анықтауға болады.
«Еңбек етуді ұнатасың ба? Балабақшада қалай уақыт өткізгенді ұнатасың? Неліктен?
Үйде болғанда уақытты қалай өткізесің? Неліктен?» - осындай түрдегі сұрақтар қою арқылы
балалардың қандай істі ынтамен орындайтынын және олардың қызығушылықтарын білуге
болады. Әдетте бұл қиындық туғызбайтын еңбек тапсырмалар болып табылады. Мысалы,
Данияр: «Мен асханада кезекші болуды ұнатамын. Үстел үстіне тәрелкелер мен кеселерді
дұрыс қоюды білемін», - деп айтады. Баланың эмоциялық сферасына әсер ететін
тапсырмалар жоғары ынтамен орындалады. Мысалға, Аружан өзіне тапсырылған жұмысты
қызығушылықпен атқарады және бақша маңында кезекші болғанды ұнатады. Ол:«Мен үнемі
құстарға қарап оларды күтіп жүремін, шөптерін әкеліп беремін. Мен оларды аялаймын,
себебі олар тірі жан иелері», - дейді.
Отбасында баланы еңбексүйгіштікке баулу баланың еңбек тәрбиесіне оң әсерін тигізеді.
Әдетте бала үйде бір іспен айналысса, балабақшада да соны жақсы атқарады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек етуге деген белсенділігі, өз ісіне жауапкершілікпен
қарауы және ізденіс жұмыстарымен айналысуы белгілі бір қызығушылықтардан пайда
болады: егер тапсырылған жұмыс қызығушылық оятса, онда ол жұмысты бала орындап қана
қоймай, одан рахат алады.
Берілген жұмыстарды балаларға жүктемес бұрын топ ішінде жұмыс түрін еркін таңдау
мүмкіндігін құру қажет. Тәрбиешінің бұл амалы балалардың қызығушылықтарын қолдап,
өздерінің берілген жұмыс түрін атқару қабілеттіліктерін арттыра түседі. Тәрбиеші балаға
қысым көрсетіп жұмысты істетуі дұрыс емес. Ескерту жасаудың да мәні жоғары. Еңбек іс -
556
556
әрекеті барысында баланың орындаған істеріне нашар баға беруден аулақ болып, оң
жақтарын басым көрсеткен жөн.
Жұмысты тапсыруда баланың көңіл-күйіне де назар аудару маңызды болып табылады.
Егер көңіл-күйі жоқ, не бір нәрсеге ренжіген болса, тапсырма берудің қажеті жоқ. Сонымен
қатар, тәрбиеші баланың немен айналасып жатканын да ескеруі қажет, егер оған қызықты
болып жатса оны бөлмегені дұрыс. Жұмысты тапсырудың дәл уақытын табу керек. Ол уақыт
таңғы ас алдында, сабақ алдында немесе түскі ұйқыдан тұрғаннан кейін болуы мүмкін.
Баланың еңбекке деген қызығушылығын қолдау және оны дамыту жолында баланың
жұмысты сапалы орындауына біртіндепқол жеткізу керектігін және жұмыстың баланың
шамасына, іскерлігінесәйкес болуын есте сақтау қажет. Қызығушылықты қолдау мен
дамытуға ықпал ететін әдістемелік тәсілдерді таңдауда іс–әрекет тәсілдері мазмұнының
жаңашылдығын үнемі ескеру керек, яғни жұмыс барысын ойын формасына келтіру және
жаңа атрибуттар мен ойыншықтарды қолданған жөн.
Мектеп жасына дейінгі кіші балалардың жұмыс істеуге деген құлқы көбіне ересек
адамдармен бірлесе жұмыс істегенде оң нәтижеге ие болады. Тәрбиешінің іс-әрекеттері
баланың қызығушылығын оятады. Жұмыстың атқарылуы барысында тәрбиеші баламен
байланыста болып, әрбір жасалған іс-әрекеттің мақсаты мен міндеттерін, қалай
орындайтынын айтып өтуі қажет, осының нәтижесінде баланың ересек адамдармен қарым-
қатынас жасауға қызығушылығы туындайды. Бұл қарым-қатынас еңбек етуге деген
құлшынысты арттырады.
Балалармен бірігіп жасалған жұмыста тәрбиеші де өзінің жұмысқа деген
қызығушылығын білдіріп, балаларға жеткізе білуі тиіс. Ол бала үшін де маңызды болып
табылады.
Тәрбиеші ойын бұрышын жинақтап, қалпына келтіріп жатты. Іс жүзінде, әрекеттерін
ауызша айтып тұр:
«Бұл ойыншық – көліктерді гаражға қою керек, кедергі болмас үшін. Міне, осылай.»
Тәрбиешінің ісіне қызығып отырған бала, оған таянып, ісін қайталайды. «Міне, ойыншықтар
гаражда тұр. Енді қарашы, куыршақтардың орындықтары қисық тұр, оларды дұрыстап,
үстелге жақындатукерек, міне, осылай». Осылайша, бала ең алдымен тәрбиешіні тыңдап,
кейін бірге істі тындыруға кіріседі. Егер бала тәрбиешіден қолдау немесе мақтау алмаса, ол
баланың еңбек әсері бағаланбаса, олар кері эмоцияларға бой алдырып, еңбекке қатысуда кері
тәжірибеге ие болады.
Тәрбиешінің балалардың еңбекке қатысуға және белгілі бір нәтижеге жетуге деген
эмоционалды – жағымды талпынысын, қызығушылығын қалыптастыру үшін пайдаланатын
балалардың еңбек әрекетін басқарудың әдіс–тәсілдері жеткілікті. Бұл әдістерді балалардың
қызығушылығын тудыру үшін қолданылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек түріне деген қарым – қатынасының біріңғай
болмауы заңды құбылыс, ол еңбекке деген қабілеттілігінің әр түрлі деңгейде қалыптасуына,
мүмкіндігі келгенше өз бетімен мақсат қоюына, нәтижеге жетуіне байланысты.
Бірақ, балалардың еңбекке үрдісіне, еңбектегі тәртіпке деген қарым – қатынасының
бірдей болмауы тәрбиелік жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмауында: яғни, баланың еңбек
тәжірибесінің жинақталуына, еңбекке күш салу дағдысын қалыптастыруға, өзінің қолынан
келетін іскерлігін қолдануына жағдай жасауға жеткіліксіз назар аудару және тек ауызша
тәрбие беру әдісінің тым жиі қолдану.
Мектепке дейінгі орта жастағы балалардың үй шаруашылық жұмыстарына белсенді
қатысуына ынтасы жоғары. Оны кезекшілік түрінде ұйымдастыру олар үшін жаңа, қызықты
іс–әрекет болып табылады. Бірақ, еңбектің бұл түрі күнде күнде қайталанатын болғандықтан
балалардың қызығушылығы төмендейді, кезекшілікке немқұрайлы қарап, өз міндеттерін
ұқыпсыз орындайды. Бұл мысал балалардың қалай істеу керектігі туралы білімдері мен
олардың шын мәнісіндегі тәртіптерінің арасындағы алшақтықты дәлелдейді. Еңбектің бұл
түріне деген қызығушылықты қолдау үшін, балаларға кезекшіліктің топ үшін қандай
пайдасы барын түсіндірген жөн.
557
557
«Іңкар қандай ақылды. Үстел үстіне әдемілеп қағаздарды қойып, қылқаламдар салынған
ыдыстарды қойды. Барлығын сабаққа дайындап қойды. Бүкіл балаларды ойлады. Ол тамаша
кезекші». Мұндай бағалау баланың ісін ғана мадақтап қоймай, басқа балаларды да осындай
іс – әрекетке ынталадырады. Басқалар үшін қызмет етудің қажеттілігін біртіндеп түсіне
отырып, өз ісін ұқыпты атқарады.
Тапсырманы ойдан шығармай, оған өмірде керек болып қалады деген мазмұнды
тапсырыс беру жөн. Негізінен, топтың әр түрлі шаруашылық әрекеттеріне балаларды
көмекші ретінде шақырған жөн. Бұл шаруашылықты – тұрмыстық еңбектің біртектілігінен
сақтайды, бұның оған деген қызығушылықтың дамуындағы маңызы зор. Егер тапсырыстар
біртекті болса, оларды қызықты формада ұсынған дұрыс.
Балалар басқалар үшін жұмыс істеуге қабілетті болғанына қарамастан, олардың еңбек
қызметтерінде күннен күнге жаңа жаңалықтар болуын қадағалау керек. Жабдықтарды
ауыстыру еңбекке қызығушылықтарын едәуір арттырады. Сонымен қатар, жабдықтарды
таңдаған кезде өте мұқият болу қажет, бала нәтижені сезінуі керек. (мысалы, қар күреуге
арналған кішкентай күректі ыңғайлысына ауыстыру)
Еңбек әрекеті барысында балалар тәжірибе жинақтайды, өз беттерінше жұмыс істеуді
үйренеді, өз күштеріне сенімді болады. Бұның бәрі еңбекке деген қызығушылықтарын
арттырады. Осы қызуғышылықтарын қолдау үшін, тәрбиеші баланың жетістіктеріне,
жеңістеріне қанағаттанғанын айтуы қажет.
Баланың қызығушылығының жетілуіне үлкендердің өз жұмысына деген эмоционалдық
көзқарастары қатты әсер етеді. Балалар күтушінің, тәрбиешінің тиянақты, сергек жұмыс
орындауларына еліктейді. Үлкендердің үлгісі еңбек етуге ынталандырады.
Ұжымдық сипаттағы қызмет те еңбекке деген қызығушылықты жоғарылатады. Балалар
бірігіп жұмыс істегенді ұнатады. Жұмыстарын бағалаған кезде ,тәрбиеші балалардың
ұжымшылдықтарына қарауы қажет. Топпен жұмыс істеу балалардың қызығушылықтарын
арттырады. Бала өзін ұжымның бір бөлігі екенін сезінеді, бәрімен бірігіп жұмыс істейді.
Әр топта ұжымдық жұмысқа әр түрлі сіңіп кететін балалар болады. Біреулер топпен
лезде жұмыс істеп кетеді, біреулері асықпай жұмыс істейді, қызығушылықтары болмайды.
Осы жағдайды ескере отыра, тәрбиеші еңбек іс–әрекетінде әр бала өз іскерлігі мен
дағдысын қолдана алатындай, жұмысты қызығушылықпен, өз-өзіне сеніммен
орындайтындай етіп ұйымдастыруы керек. Сонымен қатар, педагог балалардың назарын
құрбыларының жетістіктеріне аударып, олармен бірге қуануға тәрбиелеу керек.
Мектепке дейінгі орта жастағы балалар тәрбиешінің дауыс ырғағына, өзін өзі ұстауына
сезімтал келеді. Тәрбиеші талаптарын жұмсақ тілмен түсіндірсе, баланың жұмысқа деген
қызығушылығы артады, оған талаптар түсінікті болады.
Балалардың ересектермен жұмыс істеуінің тәрбиелік мәні баланың өзін көмекші ретінде
сезініп, өз еңбегінің маңыздылығын түсінуінде. Балалар өз еңбегінің қуанышын, нәтижесін
сезініп, өз міндеттерін ерекше қарқынмен орындайды.
Ересектермен бірігіп жұмыс істеу жақсы әсер беріп қана қоймай, құрдастарымен ара-
қатынастарын қалыпқа келтіреді.
Мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың еңбек қызметін еңбекке күш
салудағы басты мәселе қызығушылық қана емес, сонымен қатар еңбектің қажеттілігі мен
пайдасы болатындай етіп ұйымдастыру керек. Егер еңбектің қоғамдық маңыздылығы,
құндылығы балаға жақын және түсінікті болса, онда аса қызықсыз жұмыстың өзі оны
қанағаттану, қуаныш сезіміне бөлейді.
Мектеп жасына дейінгі баланың еңбек қызметі өмірлік тәжірибе жинақтауымен, шамасы
келетін еңбекке қатысуымен, қоғамдағы, табиғаттағы құбылыстарды, үлкен кісілердің
еңбегін бақылауы мен түсінуіне байланысты.
Егер бала жақын адамдар арасында жоғары бағаланса, достарының арасында ойын
жеткізе білсе, онда бұл қызметтің нәтижиесі балаға немқұрайлы болмайды.
Бірдей еңбек нәтижиесінің әртүрлі тәрбиелік мәні болуы мүмкін, ол үлкен кісінің баланы
еңбеккке қалай баулуына байланысты.
558
558
Еңбек қызметіне қызығушылықтың бар болуы үлкен кісінің еңбегі, еңбек процестері
туралы білім қорына тығыз байланысты. Осы білім балалардың еңбек қызметін бағыттап,
толықтырады және қызығушылығын одан әрі дамытады.
Еңбекке деген қызығушылықты дамытуда баланың сол еңбекке қатысуыының да
маңызы бар. Отбасында баланы еңбекке баулу, баланың әртүрлі еңбекке және еңбек етуге
деген қызығушылығын тәрбиелеуде үлкен роль атқарады. Үйдегі баланың орындайтын істері
әдетте ата-ананың көмегімен атқарылады. Балалар өздері өз қолдарымен істеген еңбектерін
қызығып, мақтан етіп айтады.
Тәрбиеші баланың ата-анасымен сұхбаттасқанда баланың үйде күнделікті орындайтын
істері туралы және міндеттерін қалай атқаратынын білуі керек. Ата-ана мен тәрбиешінің
балаға деген көрсеткен тәрбиесі, баланың еңбекке деген көз-қарасын жақсы жаққа өзгертеді.
Ата-аналардың шамадан тыс жиі қамқорлығы, баланың өзіне өзі қызмет етуде дәрменсіз
болуына әкеліп соғады. Керекті дағдылар тәжірибесінің болмауы салдарынан бала өз бетімен
жұмыс істей алмайды және орындағысы да келмейді немесе әр түрлі қиындықтарға
кезіккенде әр нәрсеге тітіркеніп, еңбек етуден бас тартады.
Сондықтан да әр ата-ана балаларына өз беттерімен жұмыс істеуге мүмкіншілік берулері
керек, мысалға: үй жұмыстарымен айналысуға, ыдыс жууға және тағы да басқалары.
Баланың еңбекке деген құлшынысы, ол балалардың өз – ара қарым – қатынасына да әсер
етеді. Қызықты, мазмұнды, ұжымдық жұмыс мектепке дейінгі балаларды бір мақсатқа
жұмылдырып, еңбекке деген қабілеттілігін арттырады. Олар көбінесе жұмысты тату,
ұйымдасып, бір-біріне көңіл бөліп, ұқыпты орындайды, бірінің жеткен жетістіктеріне
қуанып және де бір-біріне көмек көрсете біледі.
Баланың тәрбиесіне ең үлкен роль атқаратын ол – тәрбиеші.
Еңбекке деген оң көзқарасты тәрбиелеуде жетістікке жету тәрбиешінің әр баланың
дамуындағы ерекшелікті байқауына, оның қызығушылығы мен жағымды қасиеттеріне
сүйене отырып, қажетті әдістерді қолдана білуіне байланысты.
Баланың еңбек іс–әрекетіне дұрыс жетекшілік еткен жағдайда оның еңбек етуге
құлшынысы және іскерлігі дамиды, жұмыс сапасына деген көзқарасы өзгереді, оның
мақсатына өз бетімен ұмтылу дәрежесі артады.
Достарыңызбен бөлісу: |