«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет78/134
Дата03.03.2017
өлшемі13,05 Mb.
#6492
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   134

 

Пайланылған әдебиттер 

МеңжановаА.К.Балаларды  көркем  шығармалар  арқылы  адамгершілікке,еңбекке 

тәрбиелеу.-Алматы:Рауан,1991. 

ЖұмабековаФ.Н: Мектепке дейінгі педагогика.-Астана.2000. 

В.И.Ядышко ,Ф.А.Сохина Мектепке дейінгіпедагогика.Алматы.1982. 

Мұқанова Б.Ы.,ТөлеубековаР.К.Педагогика.-Алматы:Дарын,2004. 

И.С.Мариенко 

Мектептегі 

адамгершілік 

тәрбиесі 

процесінің 

негіздері.-

Мәскеу,1985.365б. 

 

 

                



МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУ ҮРДІСІ 

 

Омарбекова Н.Р. 

«№ 114 «Бақыт» балабақшасы» КМҚК 

 

       Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  білім  сапасын  арттыру  аса  маңызды  мәселе,  ол  үшін 

жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады.                                  

1. Білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке 

дейінгі  кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына 

бағытталуы шарт.                                                                                

2.  Тәрбие  мекемесінің  басшысы  мен  тәрбиеші  педагогтар  қауымы  кәсіби  шеберліктерін 

үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-

бағдарын  айқындап,  оны  жүзеге  асыруға  белсенділікпен  ат  салысуға  және  жағымды 

психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы 

мен  талап-тілектерін  қанағаттандыру  және  білім  мен  тәрбиенің  балаға  берілген  үрдісі 

жайында  ата-анамен  үнемі  бірлескен  ынтымақты  негізде  жұмыс  істеу  де  өте  маңызды.                                                             

3.Балабақшада  еңбек  етуге  толық  жағдай  жасалып,  тәрбиелеу  мен  білім  берудің 

технологияларын  сауатты  меңгеріп,  жаңа  педагогикалық  әдіс-тәсілдер  жүйесін  кәсіби 

шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса.                                                                                                                                    

Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар 

өзара  тығыз  байланыста  болғанда  ғана  нәтижелі  болады.  Баланы  өмірге  дайындау  үшін 

дамытудың маңызы ерекше.  

    Даму барысы: 

1. Зердесін; 

2. Эмоциясы мен сезімдерін

3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын; 

4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді; 

5. Танымдық үрдісін; 

6. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту .           

    Даму  үрдісінде  баланың  таным  белсенділігі  арта  түседі.  6  жастағы  балалар  заттарды 

түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін 

білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын 

анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалар 

өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады. Балалар 

әдетте  өзіне  түсініксіз оқиғалардың,  құбылыстардың  сырын  білуге  құмартады.  Күн  сайын 


573 

 

573 



 

олардың  алдында  жаңа  сұрақтар  туады.  Сол  сұрақтың  жауабын  олар  ересектерден  күтеді, 

өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар 

балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан 

ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап 

ала  алмаған  бала  келешекте  сұрақ  қоюдан  жасқаншақтайды  және  бұл  баланы  дүниені 

тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.    

      Мектеп  жасына  дейінгі  кезең  –  қиялдың  тез  дамитын  уақыты.  Сондықтан  қиялдың 

дамуын төрт ерекше кезеңдерге бөлуге болады (2 жастан 6-7 жасқа дейінгі аралықта);  

     1) Бірінші кезең баланың қабылдауының ерекшелігіне байланысты (бір заттан басқа бір 

затты көре бастауы);  

     2) Екінші кезең – қиялдың ойыншықтарды жандандыру құдіретінің байқалуы; 

     3) Үшінші кезең – ойындағы рөлдерге байланысты өзгеруі;  

     4)  Төртінші  кезең  –  бала  қиялында  өзіндік  көркемдік  шығармашылықтың  басталуы 

(бейнелерді қайта құруы, жасауы).  

      Танымдық қиялдың басты міндеті – ақиқат өмірдің белгілі бір түрде бейнеленуі.Сонымен 

қиялдың даму қызметін үш түрлі компоненткенентке бөлуге болады.    

      Олар:                                                                                               

1.Көрнекілікке сүйену; 

2. Өткен тәжірибесін қолдану; 

3. Ерекше ішкі позицияны қолдану. 

    Осы үш компоненттің қолдануында халық ертегісінің айрықша орнын анықтап, зерттеуге 

мән  берілді.Мектеп  жасына  дейінгі  кезеңде  қиял  –  қоғамдық  тәжірибені  меңгерудегі 

алғышарттары болып келеді, өйткені балалар қоршаған ортаны, адамгершілікті, эстетикалық 

идеяларды  өзіндік  көзқараспен  қабылдайды.Сонымен  қиялдың  дамуы  төмендегідей  екі 

компоненттен тұрады:  

1) қиял қоршаған болмыспен байланысты, дайын нәтижені ойластыруға мүмкіндік береді. 

2) баланың өткен тәжірибесімен байланысты, бірақ сонда да заттық байланыстың рөлі бар.  

      Сонымен, қорыта айтқанда, 5-6 жасар бала өз қиялында алуан түрлі жағдайлар құра алады 

және баланың өзі сонда әртүрлі жағынан көрінеді. Ойын барысында қалыптаса отырып, қиял 

басқа да іс-әрекет түрінде өте алады. Тілі және қиялы жақсы дамыған бала қызықты сюжетті 

тез арада жанынан ойлап шығара алады. Қиялдың үздіксіз жұмысы – баланың айналадағы 

әлемді танып-білуінің және игеруінің маңыздылығы, бұл жеке тәжірибе аумағынан шығудың 

әдісі.  Баланың  қиялдауы  ойын  үстінде  қалыптасады.  Ойын  үстінде  қалыптасқан  қиял 

мектепке дейінгі бала іс-әрекеттерінің түрлеріне де ауысады. Бала сурет салғанда, ертегілер 

мен тақпақтарды ойлап шығарғанда қиял неғұрлым айқын байқалады. Сондай-ақ мектепке 

дейінгі шақта зейіннің, естің, қиялдың дамуында ұқсастықтар бар. Егер сәбилік шақта өзінде 

қабылдау  мен  ойлау  іс-әрекеттері  ретінде  анықтауға  болатын  бағдарлау  іс-әрекеттерінің 

ерекше формалары ретінде бөлінсе, мектепке дейінгі  кезеңде мұндай іс-әрекеттер үздіксіз 

күрделілене және жетіле түседі, ал зейін, ес, қиял ұзақ уақыт жеке сипат ала алмайды.  

     Мұндай іс-әрекеттер тек мектепке дейінгі кезеңде қалыптаса бастайды.Мектепке дейінгі 

кезеңде баланың зейіні төңіректегі заттарға және осылар арқылы орындалатын іс-әрекеттерге 

қатысты ынтамен сипатталынады. Бала бір нәрсеге ынтасы өшпей тұрған кезде ғана зейінін 

шоғырлайды.  Жаңа  бір  нәрсе  пайда  болысымен-ақ  баланың  зейіні  лезде  соған  ауады.   

Мектепке  дейінгі  кезеңде  балалар  іс-әрекетінің  күрделенуіне  жалпы  ақыл-ой  дамуының 

ілгеруіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады.  

     Мысалы,  мектепке  дейінгі  кезеңдегі  кішкентайлар  бір  ойынды  30-50  минут  ойнайтын 

болса,  5-6  жасқа  жеткенде  ойынның  ұзақтығы  1,5  сағатқа  дейін  созылады.  Мұны  ойында 

адамдардың  күрделірек  іс-әрекеттері  мен  қарым-қатынастарының  бейнеленуімен  және 

ойынға үнемі енгізілетін жаңа ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге болады. Балалар 

суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі.  

     Мысалы,  мектепке  дейінгі  шақтың  соңында  суретті  көру  ұзақтығы  екі  есе  артады, 

мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда алты жасар бала  суретті  жақсырақ түсінеді, оның 


574 

 

574 



 

өзіне қызықты жақтары мен егжей-тегжейлерін бөліп алады. Бірақ мектепке дейінгі кезеңде 

зейіннің  негізгі  өзгеруі  баланың  алғаш  рет  өз  зейінін  меңгере  білуінде,  оны  саналы  түрде 

белгілі заттарға құбылыстарға бағыттай білуінде және кейбір тәсілдерді пайдалана отырып, 

соларға зейін қоя білуінде.  

    Мектепке  дейінгі  шақ  ішінде  өз  зейінін  ұйымдастыру  үшін  сөзді  пайдалану  күрт  өседі. 

Сонымен,  баланың  мінез-құлқын  реттеуде  сөздің  маңызының  жалпы  өсуіне  байланысты 

мектепке дейінгі шақта ықтиярлық зейін қалыптасады. Мектепке дейінгі бала тәрбиесімен 

айналысатын  педагогтар  мен  тәрбиешілер,  ата-анала  Мектепке  дейінгі  балалар  әдетте 

ойынды, сурет салғанды жақсы көреді, ересектермен және өзі қатарлы балалармен лезде тіл 

табысып кетеді. Мектепке дейінгі шақтың әсіресе, алғашқы үш жылы психологияда «қауіпті» 

кезең аталып, өзіне зерттеушілердің үлкен зейінін аударуда. Дер кезінде тәрбие мен үйрету 

көрген бала бес жасында еш қиындықсыз таза сөйлей білуі тиіс. Балалардың жеке басының 

қалыптасуына  әсер  ететін  әртүрлі  іс-әрекеттердің  ішіндегі  ең  маңыздысы  шығармашылық 

белсенділіктің  сапалығына  назар  аударады.  Алайда  мектепке  бару  қарсаңында  баланың 

психологиялық даму деңгейінде жекелей өзгешеліктер өсе түседі. Бұл өзгешеліктер мынадан 

көрінеді: балалар бір-бірінен ақыл-ой, адамгершілік және жекелей дамымен ажыратылады. 

Олай  болатын  болса,  балаларға  психологиялық  қолдау  жасау  бiлiм  беру  мекемелердің 

(балабақша, мектеп) ең негiзгi мiндетi болып табылады. 

                                                      

 ӘДЕБИЕТТЕР 

1. Возрастная и педагогическая психология. Тексты. - М.: МГУ, 1992. 

2. Вопросы нравственного воспитания школьников. /Сборник статей: Изд-во 

Ленинградского Университета, 1960. 

3. Выготский Л.С. Педагогическая психология. – М., 1991.  

4. Выготский Л.С. Проблема возраста./ Собрание сочинений. – М.,1984. 

5. Грэйс Крайг. Психология развития. - СПб., 2000. 

6. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. - М., 1996. 

7. Кисловская В.Р. Школьники в среде сверстников и взрослых - Алма-Ата, 1975. 

8. Кулагина И.А. Возрастная психология: Развитие ребенка от рождения до 17 лет. – М., 

1998.  

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН 

ЖӘНЕ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

Жексенова Б.О. 

Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі 

Мекадилова С.К. 

ЖММ «Болашақ» Академиясы 

Толегенова И.Қ.

 

Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі 



 

Мемлекет  басшысы  Н.Ә.Назарбаевтың  арнайы  тапсырмасы  бойынша  қабылданған 

«Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде тек 2010 жылы ғана 35 балабақша, 1534 

шағын орталық, 137 жекеменшік балабақшалар салынды.  Бұрын жекешелендіріліп кеткен 

мектеп  жасына  дейінгі  мекемелерді  қайтару  есебінен  172  балабақша  ашылды.    

Елбасымыздың  «Болашақтың  іргесін  бірге  қалаймыз»  атты  жолдауына  сәйкес  мектепке 

дейінгі  білім  беру  мекемелеріне  талапқа  сай  орта  арнайы  білім  беру  ұйымдарының 

мамандарын  дайындау  үлкен  жауапкершілік  жүктеледі.  [1]  Мектеп  жасына  дейінгі 

балалардың  танымдық  қабілеттерін  және  дүниетанымын    қалыптастыру  балабақшадан 

басталады.  Сондықтан,  алғашқы  жайнап    тұрған  қызғалдаққа,  гүлге  қонған  көбелекке, 

шырылдап ұшқан құсқа деген сүйіспеншілік, табиғатты қорғау және аялау туралы алғашқы 

баспалдақ нәрестелік шағынан басталады.   Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қоныс 

мекені,  алтын  ұя  бесігі,  құт  берекесі.  Ал  адам  үшін табиғат  ең қасиетті  де қастерлі  ұғым, 


575 

 

575 



 

өткені  өзін  дүниеге  келтіретін  аяулы  анасы,  соңдықтан  да  адамның  табиғатты  ана  деп 

құрметтеуінде өте үлкен ұғым жатыр екенін балаларға дәріптеу қажет. 

Қазақ  халқының  бар  өмір  тіршілігі  табиғатпен  тікелей    байланысты  өтіп  келеді.  Сан 

ғасырлар бойы халқымыз, сол  өзі  аялаған табиғат  аясында тіршілік  ете жүріп, оның сан 

алуан  құпия  –  сыр-ларына    қөңіл  бөлді  және  сол  туралы  орынды  пікірлерге  келді. 

Халқымыздың  табиғат жөніндегі ой -  пікірлері табиғат құбылыстарымен, заңдылықтарымен 

үнемі үндесіп жатты. 

Қазақ  халқы  өзін  табиғаттың  бөлінбес  бір  бөлшегі,  құрамдас  тобы  деп  есептеді. 

Сондықтан  да  табиғатпен  бірлесіп  өмір  сүру  қажеттілігін,  ерте  күннен  –  ақ  сақтай  білді. 

Табиғаттың  қатаң  жағдайына,  түрлі  өзгерістерге  сай  көшіп  –  конып    жүріп,  өз 

шаруашылыгын табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырды және табиғатқа аялы алақаң, жылы 

жүрек  сезімі,  қөздің  қарашығындай  қамқорлық  қажет  екендігін  ерте  сезінді.  Осыған  орай 

халкымыздың  да  мінез  –  құлқы бірте  –  бірте қалыптасып,  ондай қасиеттер  атадан  балаға, 

ұрпақтан – ұрпаққа асыл – мұра ретінде жеткізіліп, жалғасып отыр. 

І. Балалардың танымдық қабілеттерін және дүниетанымын кеңейтуге ықпал ету.  

1.

 

Қоршаған  орта  туралы  қалыптасқан  және  жинақталған  түсініктерін  реттей  білуге  



ұмтылу.  Бұл  мектеп  жасына  дейінгі  бала  үшін  күрделі  процесс.  Сондықтан    бұл  мәселені 

шешуге, балаға ата-ана мен тәрбиеші бірлесіп көмек көрестуі тиіс. Тәрбиеші балаға өз ойын 

жүйелеудің  тиімді  жолдарын  көрсетуі,ересектер  балаларға  дүниетаным  түсініктерін  ретке 

келтіру  тәсілдерін  үйрету  үшін,  оларға  бұрыннан  таныс  ұғымдарды  қолданып  мысалдар  

келтіру  керек.  Сондықтан  да  әрбір  ұстаз,  әрбір  тәрбиеші    өзінің  күнделікті  жұмысында, 

осындай  халық  педагогигасының  асыл  маржанына  үнемі  қөңіл  бөліп,  әрі  пайдаланып 

отырулары    тиіс.  Өйткені,  кәзіргі  таңда  табиғат  тағдыры  ешкімді  де  тереңдетпей  қоюы 

мүмкін емес.Бұл арада ардақты азаматымыз, ғұлама  ғалым Қаныш Сәтпаевтың мына бір жан 

тербенісі  мен  жүрек  толгауы  еріксіз  ойға  оралады:  ‘‘Туған  жердің  тағдыры  толғантпаған, 

жаны тебіреніп ол туралы ойланбаған жігітті қайтып азамат дейміз?Туған жердің қара тасын 

мақтан ете білмеген азамат, бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес’’[2]. 

Ерте  кездерде  халқымыз  табиғаттың  кейбір  туындыларын  киелі,  қасиетті  деп  ұғып, 

оларды өлтіруге, жоюга болмайтындығын  уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адамды 

біртұтас, бір – бірінен бөлуге болмайтын  бірбүтін деп қараған. Сондықтан  адам табиғаттан 

өз керегін ғана алып,қалғанына ешуақытта зиының тигізбеген. Халқымыздың мақтанышы 

болып отырған ғалым Шоқан Уәлиханов ‘‘Табиғат адам! Өзініз айтыңызшы, тіршілікте одан 

ғажап, олардан құпия не бар? Қазақтар киеге үлкен мән береді. Табиғатты.. кейбір жануарлар 

мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды 

құрмет  тұту,  ырым  жобасын  жасап  тұру,  адам  баласына  байлық,  құт  әкеледі’’  деп,  атап 

қөрсеткен. Танымдық, іріктеу қызығушылықтарын дамыту.  Ересектер балалардың іріктеу, 

қызығушылықтарына  мұқият  қарап,  оларды  дамыта,  кеңейте  білуі  тиіс.  Балалардың  

құбылыстарға,  заттарға  деген  қызығушылықтарына  немқұрайлы  қарау,  олардың 

құлшыныстарының  кемуіне және жойылуына әкеліп соғуы мүмкін. Ересектер балалардың 

бойындағы қызығушылықтарына қарап, олардың бойындағы қабілеттерін аңықтаулары және 

одан әрі дамыта түсулері қажет. 

2.

 



Қоршаған  ортаға  белгілі  бір  қарым-қатынасты  қалыптастыру.  Бұл  жағдайда 

балалардың  өздеріне  тән  жеке  ерекшеліктері  ескеріледі.  Олар  әрқашан  өздеріне  ұнаған 

заттар,  құбылыстар,  кейіпкерлер  туралы  көбірек  білгілері  келеді.  Сондықтан  балалардың 

бойында үйретуге тиісті заттармен құбылыстар туралы жағымды көзқарастар қалыптастыру 

керек. Балалар ертегілерге көп сенгіш болып келеді, сондықтан ертегілер кейіпкерлеірінің 

табиғаттың  негізгі  тірі  ағзалары,  яғни  өсімдіктер,  құстарды  өз  өмірлеріне  қарамай  үлкен 

ерлік  жасап  құтқарып  қалған  аңыз,  әңгімелерден  үзіндіні  баяндап  беру  керек.  Мысалы, 

Соның  бірі,  асқан  ақыл  иесі  Төле  би  атамызға  байланысты  айтылады.  Ертедегі  жоңғар 

шапқыншылығы  кезінде, ел жерінен босып қаша жөңелген кезде, Төле бидің үйін жықпай 

жұртта  отырғанын  қалмақ  әскер  басы  қөріп,  оның  себебін  сұрағанда,  даңышпан  ата 

шаңырағына  қарлығаштың  ұя  салып,  балапан  шығарғаның  және  сол  қызылшақа 


576 

 

576 



 

балапандарды қырып алмау үшін жықпай отырғандығын айтады. Мұны естіген әскер басы, 

ақсақалдың  адам  баласы  сүйсінер  ер  қасиетіне  разы  болып,  оның  өзіне  де,  қарлығаш 

балапандарына  да  тимеген  екен  деген  аңыз  бар.  Бұл  шын  мәнінде  өмірде  болған  ақиқат. 

Соңдықтан да Төле би атаны халық қастерлеп “Қарлығаш әулие”, “Қарлығаш би” деп күні 

бүгінге дейін құрметтейді [3]. 

Бұл  аңызда  әрбір  азаматқа  өнеге    боларлық  ұлағатты  тағлым  мен  өрелі  тәрбие  бар 

екендігі  айқын  көрініп  тұр.  Баланың  жас  кезінен  жүрегіне  ұялаған  осындай  аяушылық, 

мейірімділік сезімдер, оның тұла бойында өмір бойы сақталатынына ешбір күмән келтіруге 

болмайды.  

ІІ.Балалардың жеке танымдық белсенділіктерін қалыптастыруға әсер ететін жағдайлар: 

1.

 



Балабақша  маңайында  серуендеу.  Алғашқы  серуендеу  орындарын  педагог  өзі 

анықтайды,  ал  кейіннен  балалардың  қалауы  бойынша  серуендеуге  шығады.    Тәрбиеші 

балалардың  серуенге  апармас  бұрын,  ол  жердің  қауіпсіздігін,  серуен  барысында  немен 

айналысуға болатының аңықтап алуы тиіс. Серуен барысында туған қиындықтар, келеңсіз 

жағдайлар  балалардың  келесі  серуенге  шығу  қызығушылықтарының  төмендеуіне  және 

жойылуына әкеп соғуы мүмкін. Серуенге  аптасына ең кем дегенде бір немесе оданда көп 

шығуға болады. 

2.

 



Қоршаған орта нысандары мен құбылыстарын бақылау: 

 



Кез келген затты қарапайым зерттеу ( жапырақ, қардың жаууы, гүлге қонған көбелек) 

 



Басқа  заттармен  салыстыра  отырып  зерттеу  (қолғаптағы  қар  ерімейді,  ал  жылы 

алақанға салса бірден еріп кетеді) арқылы жүзеге асады. Балалар бақылау барысында кейбір 

құбылыстарға мән бермеуі мүмкін, сондықтан тәрбиеші бағыт беріп кез-келген құбылыстың 

мағынасына аша білуге, терең түсінуге ықпал етуі тиіс. Бұл жағдайда тәрбиеші шын көңілмен  

таңқалу тәсілін қолданылуына болады. Мысалы: қандай әдемі ою - өрнек, мынау өрнек теңіз 

толқындарына,  ал  мына  біреуі  әдемі  гүлге  ұқсайды.  Кім  тағы  ою  -  өрнектердегі 

ұқсастықтарды    табады  екен  а?  Нәтижесінде  балалардың  қызығушылығы  артып,  жарыса 

отырып белгілі бір затқа ұқсас өрнектерді іздестіре бастайды. 

Халық өнері мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Ою-

өрнек  қолданбалы  шығармашылық  дүниелерімен  таныстыру,  балалардың  Отан  жөніндегі 

және  оның  мәдениеті  жайындағы    бастапқы  ұғым  -    түсініктерін  қалыптастырып,  бала 

бойында асқақ, туған халқына сүйіспеншілік сезімдерін ұялатады. 

Ою-өрнек  түрлерімен  таныстыру  балаларды  психологиялық  жағынан  дайындауға, 

олардың ой-сезімін ұштап, іс-әрекетке шын  ынта-ықыласымен белсенді қалыптастыруына 

жағдай  жасайды.  Мысалы:  қошқар  мүйіз,  ботагөз,  құс  тұмсық,  қазтабан  ою  түрлерімен 

таныстыру,  оюды  ою  мақсатында  балаларға  жан  –  жануар  туралы  және  қандай  заттарға 

немесе киімдерде кездесетіні,  оның орналасуы туралы мағлұматтар  алады. Ал, қызғалдақ, 

жауқазын оюларымен таныстыруда балалардың жыл мерзімі, яғни гүл өсімдігінің тіршілігі 

туралы түсініктері артады. Осындай сабақтар барысында балалар сабақ халқының тарихы 

мен мәдениеті жайында біраз мағлұматтар алады, халық өнерінің әсемдік әлемін таниды [4]. 

3.

 

Балалардың  қызығушылығын  арттыратын  тағы  бір  тиімді  жолы  –  бақыланатын 



нысандар туралы танымды ертегілер айту. Ертегілер серуен кезінде немесе топта айтылады. 

Мысалы:  « Көңілсіз жаңбыр» Бір күні кішкентай бұлт серуенге шықты, ол төменге қарап, 

ағаштардың    жапырақтарсыз  тұрғанын,  гүлдердің  солғаның,  шөптердің  сарғайғанының 

байқады. Көңілі бірден құлазып сала берді. Көңілсіз болғаны сондай, бірден жылап қоя берді. 

Жерге  оның  көз  жастары  тамып,  күзгі  жаңбыр  себеледі.  Осындай  типті  ертегілер 

айтылғаннан  кейін, балалардың өз беттерімен ойланып, бақылағандарына қорытынды жасау 

үшін уақыт беруі қажет. 

4.

 



Балабақшаға және одан тыс жерлерге экскурссияға шығу. Экскурссиялардың серуен- 

деуден    негізгі  бір  айырмашылықтары,  белгілі  бір  мақсатты  көздейтіндігінде.  Кез  – 

келген  экскурссия  өткізетін  аймақ  туралы  әңгіме  айтудан  бастау  керек  және  сол  арқылы 

оқушылардың    қызығушылықтарын  туғызу  қажет.  Балалардың  келісімін  алғаннан  соң, 

бағытталған аймаққа  аппарып, сол нысанды өздігінен зерттеу үшін 5-7 мин уақыт береді. 


577 

 

577 



 

Осы  кезде  тәрбиеші  балалардың  сыртынан  бақылап,  олардың  қызығушылықтарын 

аңықтайды. Экскурссия өткеннен соң, балалармен алған әсерлері туралы әңгімелесуі қажет. 

ІІІ.  Балалармен  ересектердің  бірлескен  іс-әрекеті  нәтижесінде,  танымдық  қабілеттері 

және  дүниетаным  қалыптасады.  Тәрбиеші  мен  балалардың  бірлескен  іс-әрекетің 

ұйымдастыру  үшін бірнеше әдістемелік принциптерді сақтау керек.  

 

Алдымен педагог істелетін жұмысқа қажетті құрал – жабдықтарды дайындау арқылы, 



балалардың  зейінің  өзіне  аударуы  тиіс.  Біраз  уақыттан  кейін  педагог  балалардан  көмек 

көрсетулерін өтінеді. 

 

Балаларға тиісті жұмыстарды бөліп береді, жұмыс істеу барысында бүлдіршін- 



дерді көтермелеп және мадақтап отырады. 

 



Сұрақтар қою арқылы істеліп жатқан жұмыстың барысымен таныстырады. 

Педагог пен баланың бірлескен іс-әрекетінен төмендегідей  нәтижелер шығады: 

 

Топта  аквариум орнату; 



 

Құстардың  қоректендіру:  Қазақстанда  қыстап  қалатын  (бозторғай,  сауысқан,  қарға, 



сарышымшық,  кептер)  және  жыл  құстары  (көкек,  қарлығаш,  қараторғай,  ұзақ)  туралы 

ұғымдар  қалыптастыру.  Оларды  белгілеріне  қарай  ажыратып,  атай  білуге  үйрету  және 

қамқорлық жасауға дәріптеу. 

 



Өсімдіктерге  қамқорлық  жасау;  Ағаштар,  бұталар,  шөптер  туралы  ұғымдарын 

қалыптастыру.  Қыс  мезгіліндегі  өсімдіктер  тіршілігімен  таныстыру.  Өсімдіктердің  тірі 

табиғатқа    жататындығын,  оған  да  басқа  тірі  денелер  сияқты    өсіп-жетілуі  үшін  арнайы 

жағдайлар  (топырақ,  жарық,  жылу,  су)  керек  екенін  түсіндіру.  Халқымыздың  ерекше 

қастерлеп,  талай  ғасырлар  бойы  аялап,  қамқорлық  жасап  келген  табиғат  байлығының  бір 

тобы - өсімдіктер әлемі.  Өсімдік  – ішсе тамақ, кисе киім, саялы баспана, күнделікті  қару- 

жарағы, малына өріс, өзіне қоныс болған. Осыған орай өсімдікті аялағандығын, оны көзінің 

қарашығындай  қорғай  білгендігі  жөнінде  де  үлгі  боларлық  асыл  мұра  екенін  балаларға 

түсіндіріп, мақал – мәтелдер арқылы көз жеткізеді. Мысалы, «Ер – елдің көркі, орман, тоғай 

– жердің көркі», «Орман – ер дәулеті, жер сәулеті», «Сулы жер – нулы жер», «Бағбан болсаң, 

бақ өсір, балама деп тағы өсір», «Бір ағаш екссең, оң ағаш отырғыз», «атаннан мал қалғанша 

тал қалсын»,  «Арманы мен ер  – сұлу, орманы мен  – жер сұлу»,  «Аңдыз жеген ат  өлмес», 

«Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады», және т.б.  

 



Жұмбақтар шешу. Алдымен балаларға  шешілуі жеңіл жұмбақтар беріледі. Содан соң 

жұмбақтар күрдлелене түседі.Мектеп жасына дейінгі балаларға көбінесе қимыл-қозғалыспен 

көрсетілетін жұмбақтар тиімді болып келеді [5].  

Қорыта айтқанда, халқымыздың табиғатты жанындай жақсы қөріп сүйе білуі және оған 

деген  аялы  алақаны  мен  абзал  адамгершілік  қамқорлығы  қаңымызға  да,  бойымызға  да, 

ананың  ақ  сүті    арқылы  дарығандығын,  зор  мақтаныш  сезіммен  айтуымызға  толығымен 

болады.  Ата-бабаларымыздың  табиғатқа  деген  сүйіспеншілігі  және  оны  қөздің 

қарашығындай  сақтап  келуі  жайында  қәзіргі  ұрпақтарға  тал  бесіктен  бастап  насихаттау 

қажет  және    өнеге-үлгі  боларлық  азамат  пен  азаматшалар  тәрбиелеу  біздің  қолымызда. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балаларда  танымдық  қабілеттерін,  дүниетанымын  қалыптастыру 

үшін  жоғарыда  аталған  әдіс-тәсілдерді  тиімді  және  сабақ  мазмұнына  сай    пайдаланудың 

маңызы зор.   

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 



1.

 

Қазақстан  Республикасының    Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 



жолдауы.      Астана 2011ж 

2.

 



ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен 

оқыту. Негізгі ережелер. Астана. 2009.  

3.

 

Воспитание,  образование  и  развитие  детей  3-4  лет  в  детском  саду.  Методическое 



руководство Москва « Просвещение»  2006г . 

4.

 



Воспитание,  образование  и  развитие  детей  4-5  лет  в  детском  саду.  Методическое 

руководство Москва « Просвещение»  2006г . 



578 

 

578 



 

5.

 



«Балбөбек» бағдарламасы 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет