Қолданылған әдебиеттер:
1. «Мектеп алды даярлық» №5 2007жыл
606
606
2. «Отбасы және балабақша» №1 2008жыл
3. «Отбасы және балабақша» №3 2003жыл
4. «Отбасында және балабақшада баланы
5. «Мектепке дайындау бағдарламасы» 2011жыл
6. «Тәрбие құралы» 2012жыл
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ПОЛИМӘДЕНИЕТТІ ТӘРБИЕ БЕРУ,
ОЛАРДЫҢ БОЙЫНА ДРАМАЛЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІН СІҢІРУ ҚҰРАЛЫ
Сыздыкова А.Т. Бустекбаева М.М.
Қарағанды қаласы КМҚК «Толағай» балабақшасы
Маңыздылығы - балаға бүлдіршін кезінен полимәдениетті тәрбие беру отбасында да,
қоғамдық мектепке дейін тәрбие беру жүйесінде де қалыптаса бастайды. Мұнда әсіресе,
ересектердің – ата-аналар мен тәрбиешілердің рөлі өте орасан.
Бұрын біздің санамызға сіңірілген, балалар әлі жас, олар кейбір күрделі де, ересек ой-
сананы қажет ететін мәселелерді түсінбейді, олармен саясат туралы, әлеуметтік проблемалар
туралы, азаматтық құндылықтар туралы, ұлттық қарым-қатынастар туралы ой бөлісу қажет
емес деген ұғым келмеске кеткен. Кейбір ересек адамдар баланың өмірлік ұстанымдарын
нақты анықтап алуына аса зер салудың қажеттілігі жоқ деп ойлайды. Тіптен олай емес,
мақсаттардың өз-өзінен анықталатын кезі әлі-ақ келеді. Олар өте қателесіп отырған әлі-ақ
түсінетін болады.
Әрбір ересек адам баланың өзге ұлттың адамдарына деген толеранттылығын
тәрбиелеуге деген өзінің жауапкершілігін сезінуі міндетті. Тәрбие берудің маңызды
құралдары: жеке үлгі көрсету, сөз, көркем әдебиет, халық ауыз әдебиеті шығармалары,
қолданбалы-қолөнер бұйымдары, музыкалық шығармалар, әртүрлі ойын түрлері болып
табылады. Мысалы, драмалық ойындар мектепке дейінгі балалардың мотивациялық-
эмоционалдық саласына жағымды ықпал етеді, басқа адамдардың өміріне үңілдіріп,
зейіндерін аударады.
Басымдық бағыттардың бірі – мектепке дейінгі жастағы балаларға ұлттық және
өңірлік мұралар мен елдің, өлкенің тарихын таныстыру болып табылады. Ересек мектепке
дейінгі жастағы балаларға полимәдениетті тәрбие беру міндеттері:
1. Балалардың маңындағы басқа ұлт өкілдеріне деген қарым-қатынастарын сипаттау
(орыстар, татарлар және т.б.).
2. Әлем халықтарының ертегілерінің негізінде құрылған, этномәдениет пен оны
құрушыларға оң көзқарастарын қалыптастыратын драмалық ойындардың мүмкіндігін
анықтау.
3. Фольклорлы ертегілерді іріктеуді нақтылау және толықтыру.
4.Балалардың бойына өзінің және басқа ұлттарға деген эмоционалды-жағымды
қатынастарын қалыптастыратын, орыс ертегілері мен басқа халықтардың ертегілерінен
драмалық ойындар өткізу әдістемесін әзірлеу.
607
607
Егер осы мақсатты іске асыру кезінде балалар туған халқының тарихы, оның
мәдениеті мен өзге ұлттардың мәдениеті, олардың тілі, тарихы, шығармашылығы туралы
білім алатын болса және өздерінің әсерлерін драмалық ойындарда көрсете алса, онда біздің
мақсат пен міндеттеріміз орындалды деп есептеуге болады. Осыдан келіп күтетін
нәтижелеріміз:
1. Балаларда әлем халықтарына деген жағымды түсініктер қалыптасады, ең алдымен
бұған өзінің ұлттық мәдениетін тану арқылы қол жеткізеді. Дәл осыған байланысты – басқа
халықтардан алған құндылықтары, мәдениеті барынша түсінікті және әсерлі болып келеді.
2.Басқа ұлттарға деген гуманды ойлардан қалыптасқан нақты өмір шындығына дейін
эмоционалды жағымды қатынастар қалыптасатын болады.
Ертегімен,осы шығарманы ойлап шығарған халықтың тұрмысымен, өмірімен
таныстыру. Балалардың коммуникативті ерекшеліктерімен, артистизм мен сахнада ойнау
дағдыларын дамытумен жұмыс. Балаларға музыка тыңдату, қолданбалы-қолөнер
бұйымдарын (оның ішінде ұлттық киімдер, оның элементтері), олардың жеке белсенді
қызметтерін: халық аспаптарында ойнау, халық әндерін орындау, хор жүргізу, ертегілердегі
қажетті кейіпкерлерді, көріністерді сомдау: көркем шығармашылығын жарыққа шығару
(сурет салу, жапсыру, конструкторлық қызмет). Ата-аналардың көмегімен драмаларға
арналған атрибуттар мен деректемелерді әзірлеу. Сонымен бірге жеке көркемдік қызметі
жандана түседі. Балалар кейіпкерлерін түсіне біледі, олар үшін уайымдайды, ең бастысы,
әлеуметтік шынайы өмір туралы түсініктері қалыптасады. Енді олар «интеллектуальды-
эмоциональды байланыстар» жасай алады. Осыдан келе драмалық ойындарды
ұйымдастыруға көп көңіл бөлінеді. Балалардың мінез-құлқында «интеллектуальды-
эмоциональды байланыстар» олар рөлдерді ойнағанда, жеке рөлдерді шығарғанда, рөлдік іс-
әрекеттер кезінде барынша айқын көрініс береді, сюжеттің дамуы оларды толқытқаны сонша
- өздерін олармен теңдестіріп, сүйікті образдарының бейнесіне ене түседі, оның
адамгершілік қасиеттеріне, ұлттық калоритіне шындап беріледі. Басқаша айтқанда, біз
эмоциональды-жағымды көңіл-күйдің белгілі бір халықтың мәдениетінің элементі ретінде
ертегідегі қарым-қатыстарына ұласқанын көре аламыз.
Халықтық мәдениет нақты бір қасиеттердің, ойлау ерекшеліктерінің, мінез-құлықтың
таптаурын жолдарының қалыптасуына ықпал етеді, жеке тұлғаның әлеуметтік-этникалық
өзін-өзі билеуіне әсер етеді.
- Халықтық мәдениет – ұлттық мәдениеттің негізі. Сол себепті баланы
жалпыадамзаттық мәдениеттің жетістіктерімен таныстыру дәл осы негіздерден бастау
қисынды болып табылады.
- Халықтық мәдениет әлемі балаларға орыс халқының адамгершілік құндылықтарына:
еңбексүйгіштікке, қайырымдылыққа, табиғатты, туған жерді сүюге жол ашады.
- Халықтық мәдениет мектепке дейінгі балаларға қолжетімді түрде: ойындарда,
өлеңдерге, ертегілерде, костюмдерде, үй керек-жарақтарында көрініс береді. Осындай әдемі
де мазмұнды әлем балаларға да сол себепті қызықты болып көрінеді.
- Әсіресе оқыту пәні балаға ойынға белсенді қатысушы болуына мүмкіндік береді. Ол
өзін әртүрлі рөлдер мен іс-әрекеттерде сынап көреді. Өлең айту, билеу, сурет салу,
құрастыру, театралды қойылымдарға қатысу, ертегі кейіпкерлерінің жұмбақтарын шешу –
осының бәрі халықтық мәдениетті үйрену дегенді білдіреді, сонымен бірге, баланың жеке
басын жан-жақты дамытуға мүмкіндік береді.
608
608
- Тілдік аспекті де тартымды болып табылады. Сонымен бірге күнделікті өмірде орыс
тіліне деген қатынастар әлі де жеткіліксіз, ауыз әдебиетінің шығармалары әдемі, бейнелі
және поэтикалық сөйлей білу үлгілерін беріп отырады.
- Халықтық мәдениетті үйрену (әсіресе театрланған мерекелі әрекеттерге, шеберхана
жұмыстарына даярлық және қатысу) тек баланың жеке басын дамытып қана қоймайды,
сонымен біргеадамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын да қалыптастырады,
тәрбиешіге ұжымды әлеуметтендіруге, тәрбие процесіне ата-аналарды тартуға көмектеседі.
Осылардың бәрін ескере келе рухани-адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу негізінде
халықтық ойыншық құралдары арқылы мектепке дейінгі балаларды халықтық мәдениетке
қызығушылықтарын тәрбиелеудің тиімді процесін қамтамасыз ететін педагогикалық
жағдайларды теориялық негіздеу және іс жүзінде апробирациялау болып таблады. Мен
мектепке дейінгі балалардың халықтық мәдениетке қызығушылықтарын тәрбиелеудің тиімді
процесі мынадай жағдайлардан келіп шығады деп ойлаймын:
- мектепке дейінгі балаға халықтық мәдениеттің субъектісінің жалғасы және алға
апарушысы ретінде қарау;
- мектепке дейінгі балаларды халықтық мәдениетті жеке тұлғаның басты құндылығы
ретінде қабылдауына ықпал ететін әртүрлі белсенді шығармашылық қызметке тарту;
-
баланың эмоционалды-шығармашылық, мәдени-этнопедагогикалық ортасын
қамтамасыз ететін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің ортасын құру;
- мектепке дейінгі балалардың халықтық мәдениетке қызығушылығын дамытудың
диагностикалық ұстанымын қалыптастыру;
- балалардың әртүрлі бағдарламалар мен іс-әрекет түрлерін теркін аңдауын білдіретін
бағдарламалық-мақсатты ұстаным;
- халықтық мәдениетке балалардың қызығушылығын тәрбиелеу процесінде білім беру
субъектілерінің мақсатты интитуционалды өзара қарым-қатынастары.
Негізгі міндеті – балалардың ертегіні тыңдау кезінде алған әсерлерін драмалық
ойындар кезінде пікірталастар арқылы нақты өмірге айналдыруы, пікірлерін білдіруі,
бастамалар жасауы, атрибутикалар әзірлеуі болып табылады. Өзара байланысты құралдар
мен әдіс-тәсілдер кешені арқылы балалар басқа ұлттармен тікелей байланысқа түседі,
олардың мәдениетімен танысады, біздің ойымызша ойын барысында туындаған ниеттестік,
тіліктестік көңіл-күйлерін бекіте түседі.
1. Балалардың басқа ұлт өкілдерінің мәдениеті, тұрмысы туралы білімдері кеңейеді,
ұлты басқа құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасау сезімдері оянады. Эмоциональды
сипатта ғана емес, сонымен бірге оның балалардың сол халық туралы білімдері мен
түсініктерін білдіретін мазмұны да болады. Сондықтан:
* Эмоциональды қарым-қатынас саласында маңызды компонент мәдени тәрбие беру
болып табылады.
* Өзінің туған халқына, оның мәдениетіне және басқа ұлттарға, олардың тіліне,
тарихына, шығармашылығына бірыңғай оң көзқарастарын қалыптастырады.
* Баланың ой санасы өскен сайын қасында жүрген басқа ұлт өкілдеріне, олардың
мәдениетіне деген түсініктері қалыптасады.
* Көтеріңкі эмоциональды жағдайда ұлттық және ұлтаралық проблемаларды балаларды
өзінің туған халқы мен басқа халықтардың жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтарға
еліктіру – эмоциональды-жағымды қатынастарды қалыптастырудың оңтайлы жолы болып
табылады.
609
609
* Әлем халықтарының ертегілері – жалпыадамзаттық, адамгершілік құндылықтардың
қайнар көзі, олардң тәрбие беру әлеуеті олардың өзектік функцияларын атқара отырып,
дайындау және ұйымдастыру кезінде барынша жан-жақты ашылады, сонымен бір мезгілде
балалардың білімдері мен түсініктері кеңейеді, соның негізінде мақсатты педагогикалық
ықпал ету барысында ертегілерге - кез келген этникалық мәдениеттің элементіне, оны
шығарған халықтың өкілдеріне деген жағымды көзқарастары қалыптасады.
Әдебиеттер тізімі
1. Ушинский К.Д. М, «Педагогика» 1988 г, Собр.соч.Т.2,с 161
2. Муналбаева У.Д. «Атамекен – очаг духовного воспитания»,
3. Журнал Бiлiм-Образование 2004.-№ 4.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДАҒЫ МНЕМОКЕСТЕНІҢ
ТИІМДІЛІГІ.
Дырымбетова А.П., Сеилова А.Т.
«Қуаныш» б/б КМҚК, Қарағанды қаласы
Мектепке дейінгі білім - бұл бала тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін
ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан да мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу
үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы. Осыған сәйкес балаға белгілі бір көлемдегі білім,
білік, дағдылары меңгертумен бірге, оларды тәрбиелеу бүгінгі күннің талабы.[1, 12-13б]
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан - жақты дамыған сауатты-саналы
адамзат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Баланы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып,
тұлғаны қалыптастыруға болады. Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту
кешенді көзқарас қалыптастыруда түрлі қырынан дамытатын оқу ойындарға көп мән
беріледі.
Зерттеу мақсатында мектепке дейінгі ұйымның ортаңғы тобы үшін «Көркем әдебиет»
бөлімінде рухани азықтың қайнар бұлағы. Баланың өмірден алған әсерін тиянақтап, ауызша
айтылған ақыл-өнегені оның зердесіне жеткізіп, орнықтыратын тәрбие құралы - әдеби
шығармалар. Мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын дамытуына әсер етуі, сөйлеу тілін,
өз ойын, әңгімелеуді грамматикалық құрылымда дұрыс меңгертіп, ойын - тапсырмалар
орындау арқылы жаттықтырып отыру керек. Осы уақытта балалардың оқу процессі олар
үшін қызықты, дамытушы және жаттықтырушы болуын қадағалауымыз керек. [2,12]
Өзіміздің жұмысымызда балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту үшін
мнемокестені қолданғанды жөн көрдік.
Мнемокесте - есте сақтау қабілетін жеңілдететін және қосымша ассоцияларды құраумен есте
сақтау көлемін кеңейтетін әр түрлі тәсілдердің жүйесі.
Әдістеменің ерекшелігі заттардың бейнесін емес, ал оларды есте сақтау үшін
таңбаларды қолдану. Бұл балаларға сөзді таңдау мен оны есте сақтауды біршама жеңілдетеді.
Таңбалар тілдік материалға максималды жақындатылған.
Балалардың сөздік қорларын молайтып, дамытып дұрыс жүйелі түрде өз ойларын
жеткізе білулері, есте сақтау қабілеттерін жақсарту үшін, кез-келген оқу іс - әрекетінде алға
қойған мақсатқа жету үшін, мнемокестені пайдалану тиімді. Зерттеу мақсатында оқу іс -
әрекеттерінде біз үнемі мнемокестені пайдаланымыз. Мысалы көркем әдебиет оқу іс-
әрекетінде тақырыптарды меңгеруде жүйелі түрде пайдаланған мнемокестелердің
нұсқаларын келтірдік.
Мотивациялық - қозғаушылықта балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып бір-
бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді. Шаттық шеңберіндегі мәтінінің мазмұнына сай
610
610
мнемокесте тақтаға ілінеді. Бұл балалардың сөзбен ғана емес, кесте арқылы көзбен көріп,
көңіл - күйлерін қуанышқа бөлейді. [3,2-13б]
Ойын мнемокесте қолдану барысында ең басты
элемент болып саналады. Мнемокестені қолдану әдісі -
баланың ынтасын ұйымдастырылған оқу іс-әрекетке
аударуға, көңіл қойғызуға , қабылдауын жеңілдетуге,
білімді толық игеруге көмектеседі, эмоциялық бояу
береді.
Жұмбақ жасырғанда да мнемокестенің маңызы зор,
жұмбақты тыңдай отырып, мнемокестені көре отырып,
жұмбақтың шешімін тез табуға машықтандырамыз:
Мнемокестелер тақпақтарды жаттаған кезде ерекше тиімді. Оның мазмұны мынада:
әр сөзге немесе кішкентай сөз тіркесіне сурет (бейне) ойдан шығарылады. Осылайша, барлық
тақпақтар сызба түрінде бейнеленеді. Бұдан кейін бала графикалық бейнені қолдана отырып,
есте сақтау арқылы тақпақты бүтіндей дыбыстайды. Тақпақты жаттауға үйрету үшін керек
суреттерді қолдану балаларды қызықтырады, ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін ойынға
Қуан,шаттан,ала
қай!
Қуанатын
күн
келді.
Күліп
шықты
күн бүгін.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Шанамен зырлап желетін.
Шаңғы,коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын.
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(Қыс)
611
611
айналдырады. Суреттермен ілесе жүретін тақпақты тыңдағаннан кейін бала оны біршама
тезірек есте сақтайды. Алдымен таңдалған тақпаққа тірек суреттерін іріктеп алу керек.
Суреттер айқын танылатындай болуы қажет. Оны оқығаннан кейін балалар тірек суреттері
бойынша айтып береді.
Оқу іс-әрекеті «Көркем әдебиеті» бойынша «Қолғап» өлеңімен таныстыруда
мнемокестені қолдандық.
Қолғап
Жоғалыпты қолбағым,
Тыз-тыз етті қолдарым,
Сорып аяз тастады,
Естен кетпес тоңғаным.
Қолғаптық жіп шығарып,
Тоқыды әжем біз алып.
Мен отырмын ұяттан
Тоңғандай боп, қызарып.
Балаларды оқу іс - әрекеттерді меңгертудегі көрнекілік, сөздік, ойындық,
тәжірибиелік әдістердің барлығы қолданылады. Қорыта келгенде, мнемокестелер арқылы
оқыту балалардың тілдерін дамыту, танымдық, есте сақтау қабілеттері артады. Әр педагог
балаларды оқытудағы қолға алған
мақсаттарына жетеді. Қоршаған ортамен таныстыру оқу іс - әрекеттерін меңгеруде де
табиғат, жануарлар, өсімдіктермен таныстыруда да мнемокестелерді қолдандық. [4,1-2б]
17.01.2015
http://aida.ucoz.ru
3
Әңгімеле...
Бұл не?
Биіктігі.
Ағаштың бөлшектері.
Жапырақтарының пішіндері.
Жемістері.
Ағаштардың түрлері.
Күз мезгіліндегі ағаштар
.
Ақ қайың
Үйеңкі
Емен
Шетен
Қарағай
Шырша
17.01.2015
http://aida.ucoz.ru
2
Әңгімелеп бер
Бұл не?
Түсі.Дене бөлшектері.
Үстінде не бар?
Дауысы.
Немен қоректенеді?
Қалай қозғалады?
Тұратын орны.
Балалары.
Адамға пайдасы.
Балалардың тақырыпты меңгерулерін жақсарту үшін инновациялық технология
мнемокестені пайдалана отырып, балаларды оқытудағы көрнекілік, ойындық, сөздік,
тәжірибелік әдістердің барлығы қолданылды; сұрақ - жауап,
көрсету, түсіндіру әдіс - тәсілдері арқылы көздеген мақсатымызға жеттік.
612
612
Инновациялар бала тұлғасына, оның қабілеттіліктерін дамытуға бағдарланған
педагогикалық практикада қолданылатын жаңа әдістерді, нысандарды, құралдарды,
технологияларды анықтайды.
Қазақстанның заманауи даму сатысында білім беру үдерістерінде өзгерістер орын
алуда: мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі педагогтардың назарын балалардың
шығармашылық және интеллектуалдық дамуына, эмоцияланды еріктік және қозғалыс аясын
түзеуге бұра отырып, білім беру мазмұны күрделене түсуде; дәстүрлі әдістердің орнын
баланың танымдық дамуын белсендіруге бағытталған тәрбие мен оқытудың белсенді әдістері
басуда.
Мектепке дейінгі балаларды оқытуда мнемокестелерді қолдану өте тиімді. Оқыту
барысында балалардың тақырыптарды меңгерудегі құзыреттіліктерінің меңгерілу
деңгейінің көрсеткіштеріннің жоғарылауы байқалады. Оны біз төмендегі келтірілген
балалардың құзіреттіліктерінің даму деңгейлерінің көрсеткіштерінен байқаймыз. [5,3-4б]
Балалардың құзіреттіліктерінің даму деңгейінің көрсеткіштері
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
2016-2017 оқу жылы
Бастапқы
Аралық
Әдебиеттер:
1. Қазенова Г. Ойын арқылы оқыту. //Бастауыш метеп, 2001, №4 12-13б.
2. Ортаев Б. «Технологиялық мәдениет» ұғымының мәні // Қазақстан мектебі,
3. Ж.А.Қараев «Деңгейлеп саралап оқыту» // 2-13б.
4. Бодрова И.В. «Мнемотехника для детей» // 1-2б.
5. Горохова О.В. «Мнемотехника для детей» // 3-4б.
0,00%
100,00%
I деңгей-
II деңгей-
III деңгей-
18,50%
74,10%
7,40%
0,00%
50,00%
100,00%
I деңгей-
II деңгей-
III деңгей-
7,40%
62,98%
29,62%
613
613
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН,
СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ
Бакирова Ж.Е.
«Ақбота» балабақшасы, Қарағанды қаласы
Балабақшадағы оқыту-тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік
қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде
еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге
жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезендегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі-тіл
дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісіне тәрбиешінің:
-
Балалардың сөздік қорларын дамыту;
-
Жаңа сөздерді меңгерту;
-
Үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет
болып саналады. Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде
басшылыққа алып отыруы тиіс.
Кез келген адамзат баласы өзін қоршаған өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды.
Ал, қарым-қатынас тіл арқылы, сөз жүзеге асады. Мектеп жасына дейінгі кішкене балалар
сөйлеуді ата-анасының, туған-туысқандарының және тәрбиешінің көмегімен сонымен қатар
құрбыларымен тілдесу арқылы үйренеді. Міне осы кездерде баланы дұрыс дыбыстауға,
сөйлемді дұрыс құрастыруға, яғни дұрыс байлансытырып сөйлеуге үйрету керек.
Болашақ ұрпақтың танымдылық белсенділігін дамыту ақыл-ой тәрбиесінің бip
міндеті ретінде күш бүгінге дейін күн тәртібінен түспей келеді. Ақыл-ой тәрбиесінің бұл
acпектісі баланың ойлау операциясының, танымдық процестерінің және қабілетінің
дамуына тікелей байланысты.
А.П.Усова өзінің «Балабақшадағы оқыту» атты еңбегінде мектепке дейін
балалардың оқу әрекетіндегі танымдық белсенділігіне байланысты үш деңгейге бөлген
теориясын басшылыққа алуды ұсынады.
5-6 жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамыту балабақшадағы
педогогтардың үлесіне тиіп, үйымдастыру шеберлігімен тікелей байланысты. Сондықтан
бүгінгі күні тәрбиеші-педогог мамандарына түпкілікті білім берумен қатар, кәсіби іс-
әрекетінің ғылыми негіздерін практикада қолдануға, практикалық біліктілік пен дағдыны
қалыптастыруга ерекше көңіл бөлу керек.
Бұл топта тіл дамыту сабақтарының тақырыптары төмендегідей:
1.
Сөз құрап тұрған дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, сөз, дыбыс туралы
ұғымдарды практикалық жолмен меңгерту.
2.
Граматикалық формаларды қолданып, сөйлей білуге, жалаң, жайылма,
құрмалас сөйлемдер құрап айтуға үйрету.
3.
Сөйлеу тілін байыту мақсаты көзделе отырып,әрбір сабақ түріне,
мазмұнына қарай сөздік жұмысын жүргізіп отыру.
4.
Байланыстырып сөйлеуге үйрету.
5.
Көркем әдеби шығармалар оқу.
6.
Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелету.
614
614
7.
Творчестволық әңгіме құрату.
Мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын, сөйлеу тілін дамыту
мәселесі жаңа бағдарлама бойынша осы бағытта белгіленген. Алайда әлі оқи, жаза
білмейтін балаларға жалпы тілге қойылатын талаптарды меңгерту, жаңа сөз үйрету, сөйлеу
тәсілдеріне жаттықтыру, қоғам өмірінен, табиғат тіршілігінен тыс емес, осылармен тығыз
бірлікте, сабақтаса жүргізіледі. Олай болса, тәрбиешілер тіл дамыту сабағын жоспарлағанда
баланың өмірден алған әсерін, естіп, білгенін ұдайы ескертуге тиісті. Сөз үйретуге арналған
сабақтар экскурсия, бақылау жұмыстарымен үйлестіріле жүргізіледі.
Тәрбиеші қай тақырыпта қандай бақылау, экскурсия, әңгімелесу, әңгімелету
сабақтарын өткізгенде де балаға берілетін білім мен зат арасында шартты байланыс болуын
ескеруі керек. Сөздік атауларды бала саналы түйсініп, дәл танып-білсін. Мысалы, балабақша
үйін бақылату, үйдің оң және сол жағындағы көше аттары, сол көшедегі немесе қарсысына
орналасқан басқа мекеме туралы балаларға атап айтып түсіндіру керек. Бала мұндайда «оң
жақ», «қарсы алданда» деген сөздерді үйренеді.
Сонымен бірге қоғамдық өмір жайында да балаға белгілі дәрежеде мәлімет
беріледі. Күнделікті өмірде ауылда, қалада болып жатқан жаңалықтарды айтып отыру.
Мысалы, балабақша, мектеп өмірі, жанадан салынып жатқан қоғамдық құрылыстар – электр
станциялары, мәдениет үйі), кинотеатр, пионерлер сарайы, демалыс паркі, жасанды көл,
колхоздың төл алуы, астық жинау науқаны, малды жайлауға шығару, малшылар өмірі
туралы айту. «Жайлау», «шопан», «жылқышы», «ферма», т.б. сөздерді түсіндіру.
Айналадағы өмірді бақылату жұмысында екі түрлі әдіс қолданылады: - біріншісі
– баланың өмір шындығын қабылдап түсінуі. Бұл бақылату жұмысында іске асады. Осының
нәтижесінде түрлі заттар мен өмір құбылыстары туралы айқын елес қалады. Көріп, таныған
заттардың атына, қажеттігіне, түр-түсіне, формасына байланысты сөздік қоры дамиды;
-
Екіншісі – заттар мен өмір құбылысын нақтылай түсіндіріп, бақылатып
көрсету. Мұндайда тәрбиеші адамдардың өмір тіршілігі – еңбек процесі, өлі және тірі
табиғат ерекшелігі туралы әңгімелеп беріп, жүйелі түрде салыстыра көрсетіп тапсырады.
Әрбір бақылау, әңгімелету, әңгімелесу сабақтарында сабақ мазмұнына қарай диафильм,
ойыншық, суреттер көрсетіп, әдеби шығармалар оқылады. Сабақты осылайша көрнекі
құралдарды пайдалана отырып, өмірмен, іс-тәжірибемен байланысты жүргізгенде ғана
баланың санасында айналадағы дүние жөнінде айқын елес қалады.
Сөзді түрлі формада қолдануға үйрету жұмыстары тіл дамыту сабақтары кезінде
іске асады.
Тәрбиеші әр түрлі заттар мен ойыншықтарды көрсете отырып, балаларды кімнің?
ненің? кімді? нені? кімге? неге? не үшін? қандай? т.б. сұрақтарға жауап беруге үйретеді.
Мысалы: Менің мысығым. Арманның пальтосы деген сияқты сұрақтар беріп, оған жауап ала
отырып, тәрбиеші баланы сөйлеуге үйретеді.
Күнделікті өмірде қолданылатын ыдыс-аяқ, еңбек құралдары, шаруашылық
бұйымдары туралы білімдерін кеңейтіп, сөздік қорын молайту. Ол заттардың не үшін
қажеттігін, формасын, кейбір бөліктерін білдіру. Үтік, қайық, доп, шар, алма, апельсин, шие
сияқты формасы (кейде түрі) ұқсас заттарды танып, ажырата білуге үйрету. Ол үшін
алдымен сол заттардың өзін, мүмкін болса, бақылату не суреттерін көрсетіп, жауап алу,
білмесе, түсіндіру. Екінші кезекте «Сен нені қалайсың», «Танып ал», «Атын ата» деген
дидактикалық ойындардың бірін ойнату (ұқсас суреттермен). Үшінші кезекте жемістер
жөнінде қысқа тақпақтар оқып беру. Ондай өлеңдерді оқып, түсіндіру жұмысы ойын түрінде
615
615
өткізіледі. Ол үшін жемістердің суреттері әзірленеді. Ойын басталарда тәрбиеші балаларға
қандай ойын ойнайтындарын айтады. Тақпақ мазмұнына арналған суреттерді балаларға
үлестіріп береді. Осыдан соң әр бала өз суретіндегі не нәрсенің бейнесі екенін, оның қайда
өсетінін (егер жеміс-жидек болса), түсін, формасының қандай екенін түсіндіреді де, сол
жөніндегі тақпақты айтады. Кейде жемістің түр-түсін, формасын, қайда, қай мезгілде
пісетінін бір бала, ол жөніндегі тақпақты екінші балаға да айтқызуға болады.
Заттың түр-түсін, формасын, қажеттілігін, сапасын білдіру ісінде балаларға
тапсырма беріп орындату, өздеріне тапқызу, атын, оның не үшін қажет екенін сөзбен
айтқызу тиімді болады. Мұндайда бала сөзге жиі араласып, қимыл-әрекет пен сөзді қатар
қолданатын болады. Бұл – баланың үйренген жеке сөздермен сөйлем құрап айтуына
мүмкіндік береді. Мысалы, балаларға бөлмедегі ойыншықтарды бақылатып, таныстыру
кезінде «Алма, сен үлкен машинаны әкелші. Кішкене машина қайда? Түсі қандай? Мынау
үлкен доп. Сен кішкене допты әкел. Доптың түсі қандай? Ол қайтеді?» (секіреді, домалайды)
дегенді айтады. Доптың түсі, формасы қандай, ол не нәрсеге ұқсайды? Осы бөлмеде доп
сияқты қандай зат бар? Деген сияқты сұрақтарға жауап ала отырып, түсіндіру қажет. Сабақ
соңында доп туралы өлең айтқызуға және допты домалатып, ойнатуға болады.
Тәрбиеші қажет затты тапқызып, қайта орнына қойғызады. – Міне, кішкене
қуыршақ. Сен үлкен қуыршақты әкеліп көрсет. Қуыршақтың көйлегі қандай? Аяғында
қандай аяқ-киім бар? сияқты сұрақтарды қойып, жауап алу керек.
Егер тәрбиеші балаларды үй жануарлары және олардың төлдерімен таныстырса
суретін көрсетіп әңгімелеседі. «Төлін тап, атын айт» деген дидактикалық ойынды ойнатады.
Сәбилерге үлкен адамдардың іс-әрекетін, еңбек құралдарын, көлік түрлерін
(трамвай, троллейбус, жүк машинасы мен жеңіл машина, поезд), ауылдық жерлердегі
көліктердің кімдерге керек, не үшін қажет екендігі жайында айтып берулеріне мүмкіндік
жасау керек.
Тәрбиеші мұндай жұмыстарды балалармен жүргізе отырып, трамвай, троллейбус,
машина, паравоз жүргізушілердің еңбектері жөнінде бұл көлік түрлерінің адамға пайдасы
туралы түсіндіріп, әңгімелеседі. Шофер, трамвай жүргізуші (басқарушы), паровозшы
(машинист), арбакеш, т.б. сөздерді үйретеді. Бала әр түрлі мамандық жөнінде мағлұмат ала
отырып, еңбек адамдарын құрметтеуге үйренеді.
Оқу жылы бойында балалар өздеріне қажетті бұйымдар (киім-кешек, төсек-орын,
ыдыс-аяқ) жөнінде толық мағлұмат алып, және олардың аттарын бір сөзбен дұрыс атап
айтып беруге тиісті. Сондай-ақ өздеріне таныс заттардың нақты белгілерін де айтып бере
алатындай етіп түсіндіру керек. Бала сол заттың көлемін (үлкен-кіші, биік-аласа, ұзын-
қысқа, жалпақ-жіңішке) салыстырып, оның жекелеген кейбір ерекшелігін бір-бірінен
ажырата білсін.
Түрлі заттардың ерекшелігі жөнінде түсініктерін қалыптастыру. (Құм құрғақ, сусын
тез төгіледі. Су суық және жылы болады. Жеңіл заттар суда қалқып жүзіп жүреді. Ауыр
заттар суға батып кетеді). Кейбір заттарды ыдысқа су құйып, оған салып көрсетіп, қандай
әрекетті бақылағандары жөнінде сұрай отырып түсіндіру. Тәрбиеші сәбилерге таңертең,
күндіз, кеш, түн, мұнда, онда, жоғары-төмен, алыс-жақын, алға-артқа, оңға-солға, т.б.
сөздерді, заттың көлемін «кішкене, орташа, үлкен), санын (артық-кем, тепе-тең, қанша,
сонша, бірден, біреуден, көп, онда қанша болса, мұнда сонша деген сияқты сандық
ұғымдарды), жеке сөздерді түсініп, дұрыс қолдана білуге үйретеді.
616
616
Ортаңғы, ересек топтардағы балаларды Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікке
тәрбиелеуде қаланың жыл сайын көркейе түскенін, жаңадан салынып жатқан үйлер мен
мекеме, балабақша, мектептерді көрсету жұмысы іске асырылады. Бұл тақырыптағы жұмыс
ілгеріде күрделене жүргізілуі тиіс.
Сондай –ақ Ұлы Отан соғысы кезінде ерлік көрсеткен Қазақстандық батырлар:
Төлеген Тоқтаров, Нұркен Әбдіров, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова туралы, олардың
ерліктері жөнінде балаларға әңгімелеп, портреттерін көрсету. С.Мәуленовтың «Бала батыр»
кітапшасын оқып беру, Б.Қозыкеновтің «Сақшы», Т. Молдағалиевтің «Ұшқыш болам» деген
тақпақтарын жаттату тиімді. Қазақстан ұшқыштары мен теңізшілері, танкистер,
шекарашылар туралы шығармалар оқып, өлең-тақпақтар жаттату баланы патриоттық сезімге
тәрбиелейді. Отан үшін құрбан болғандардың зираттарын құрметтеуге, оларға орнатылған
ескерткіштерді күтіп, сақтай білуге баулиды.
Одақтас Республикалардың табиғат ерекшелігін, әдебиеті мен мәдениетін
бейнелейтін суреттер көрсетіп әңгімелесу. Ол үшін «Біздің кітапқа» енген «Қайырымды
қоян», «Торғай мен түлкі», «Қайырымды бала», т.б. шығармаларды таңдап алып, оқып,
түсіндіріп, әңгімелетуге болады. Абай Құнанбаевтың «Жазғытұры» атты суретті
кітапшысын, Ә. Қастеевтің «Жайлауда» картинасымен таныстырып өтіп, әңгімелеп беру.
Дыбыстарды анық дұрыс айта білуге жаңылтпаштардың да орны ерекше. Ал
жұмбақ баланың сөйлеу қабілетін дамытады. Жұмбақтың шешуін табу арқылы
заттардың, жан- жануарлардың, киім- кешек аттарын есте сақтау қабілеті күшейеді. Бала
тілін дамытуда мақал-мәтелдердің де алатын орны ерекше. Қазақтың мақал- мәтелдерінің
көбісі елдікті, ынтымақты, жақсы мен жаманды ажыратуға мүмкіндік береді.
Қазіргі кездегі актуальді мәселе ұрпағымыздың аз ана тілінде еркін сөйлей алмауы
болмағандықтан бүгінгі тәрбиешілеріміз бала тілінде еркін, жүйелі сөйлей білуі қажет.
Сондықтан, тәрбиеші өз ісін білетін, білімді жетік меңгерген, ізденісі мол,
шығармашылығы шыңдалған болғаны абзал.
«Баланы бастан деп халқымыз айтқандай болашақ өмір иелері нақты сөйлей
алатын білімді болып өссін десек ерінбей еңбек етіп, балабақша жасынан бастап
оларды, байланыстырып, жүйелі түрде сөйлеуге үйреткеніміз жөн».
Достарыңызбен бөлісу: |