«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет72/134
Дата03.03.2017
өлшемі13,05 Mb.
#6492
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   134

 

Литература: 

1. Баряева Л.Б., Кондратьева С.Ю. Математика для дошкольников в играх и упражнениях. - 

СПб.: КАРО, 2007.                                                                                                                                

2. Белошистая А., Игровая ситуация на занятиях по математике. Дошкольное воспитание. - 

2007. - №10.                                                                                                                                          

3. Гурьянова Ю.Ю. Математические игры и головоломки для малышей. - М.: ООО «ИД 

РИПОЛ классик», ООО Издательство «ДОМ. XXI век», 2002. 

4. Сербина Е.В. Математика для малышей: Кн.для воспитателя детсада. 

5. Михайлова З.А. Игровые занимательные задачи для дошкольников: Математика от трех 

до семи: Учебно-методическое пособие для воспитателей детских садов/ Никитин Б.П. 

Ступеньки творчества или развивающие игры.. Давайте поиграем: Математические игры 

для детей 5-6 лет. Кн.для воспитателей дет.сада и родителей. 

6. Л.Г.Петерсон, Е.Е.Кочемасова. « Игралочка: практический курс математики для 

дошкольников. Методические рекомендации. - М.: Баласс, 2004 (2-е изд.), - 176с. 

 

 

МӘҢГІЛІК  ЕЛ АЗАМАТТАРЫН ДАЙЫНДАУ,



 

ҰСТАЗДАР ЕНШІСІНДЕ 

 

№15 ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі 



Абзалбекова Ардақ Тлеуғабылқызы 

 

  

  Еліміз  қазіргі  уақытта  қарқындап  дамып  келе  жатқан  мемлекеттердің  бірі,  ендігі 



біздің алға қойған мақсатымыз , алға жылжи отырып «Мәңгілік ел болу» барысында ұлттың 

идеяны келешек ұрпақтың санасына қалыптастыру барысында жан-жақты білім бере отырып 

тәрбиелеу.  Өсіп  келе  жатқан  жас-жеткіншектердің  бойына  отансүйгіштік,  адалдық, 

мейірімділік  сезімін  қалыптастыру,  өз  еліне  жеріне  деген  сүйіспеншілігін  ояту,  өз  елінің 

нағыз азаматтарын тәрбиелеу. Дамыған елдердің қатарынан иық тіресіп орын алу. Ол үшін 

біз  жан-жақты  қаруланған  ,  мықты  ,  білімді,  өзінің  күнделікті  өмірде    алған  білімін  жан-

жақты  пайдаланып,  кез  келген  ортаға  бейімделе  алатын,  сыни  көзқарасы  дамыған 

шәкірттерді  тәрбиелеп  шығуымыз  керек.  Бүгінгі  мектеп  табалдырығын  аттаған  жас 

бүлдіршін – ертеңгі елінің,  жерінің ,  дамуына үлес қосатын азамат. Сол азаматтардың ең 

бірінші  міндеті  –  өзінің  тәуелсіз  елдің  өркені  екенін  ұмытпау,  екінші  міндеті  –  сол  елдің 

іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу. Ал осындай 

жеткіншектерді  тәрбиелеуде  білім  беру  ең  маңызды  мәселе  болып  табылады.  Ендеше, 

осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне 

тиері анық. Қазіргі жаһандану заманында  ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – 

білім деңгейімен өлшенеді. Бұл мәселені шешудің кілті біздер ұстаз қолында.   

Болашақ  ұрпақты  заман  ағымына  сай  тәрбиелеп,  оны  жаңа  ғылыми  технология 

түрлерімен жасақтандырып сусындату үшін мұғалім мөлдір де терең қайнар бұлақ бастауы 

болуы шарт.    Адам тәрбиелеу – ұлы міндет. Осындай жас ұрпақты тәрбиелеу барысында 

биылғы оқу жылында білім нәрімен сусындауға келген жас ұрпақты , республика бойынша  

«Мен  өз  елімнің  потриотымын»  атты  сынып  сағатымен  бастадық.  Сабақ  барысында 

көпұлтты Қазақстанның бүгінгі  қол жеткізген жетістіктерімен таныстырдық. Бейбітсүйгіш 

халқымыздың  қонақжайлығы  мен  кішіпейілдігі,  төзімділігі  мен  еңбекқорлығы,  елімізді 

мекендейтін  әртүрлі  ұлттардың  қазақтың  ертеден  келе  жатқан  дәстүрлі  құндылықтарын 

қадірлеген өзара достық, татулық  секілді асыл қасиеттеріне сабақ барысында түрлі мысалдар 

арқылы айтып түсіндірілді. Қазақстанның бүгінгі жетістіктері: 

-1991  Тәуелсіздігімізді жариялғандығы;  



531 

 

531 



 

-1992 жылы мемлекеттік рәміздеріміз бекітілгендігі; 

-1993 жыл төл теңгеміздің айналымға түскендігі; 

-1994 жылы 6 шілдеде астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдағандығы; 

 -1995 жылы қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту барысында Қазақстан 

халықтарының Ассамблеясы құрылғандығы; 

-1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданғандығы; 

-2015  Қазақстан  халықтарының  ассамблеясы  жылы  болып  аталғандығы,    ҚР 

Конституциясының 20 жылдығы;  

Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығы,  

Қазақ хандығының құрылғандығына 550 жыл,  

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жылдығы 

-2016жылы   тәуелсіздігіміздің  25 жылдығын атап өтетіндігіміз. 

Жас  ұрпақты  тәрбиелеуде  осы  тарихи  даталарды  мектебімізде  жеке-жеке  ауқымды 

ісшара ретінде атап өтіп, санасына сіңіріп, ұғындырып отырамыз. Сондай-ақ атаулы күндерді 

атап өтіп қана қоймай, мұның бәрі «Мәңгілік ел» болу барысындағы біздің еліміздің атқарған 

тарихи кезеңдері екенін, болашақ жастардың есіне салып отыру. Қазіргі уақытта Мәңгілік Ел 

болу  үшін  азаматтарымыз  (әсіресе  оқушылар)  саналы  тәрбиелі  өз  елінің  тарихы  мен 

мәдениетін  әдебиетін  терең  меңгерген  ұрпақ  болу  керек  Кез  келген  мемлекеттің  басты 

байлығы  ол  халқы.    Сондықтан  Мәңгілік  Елдің  ірге  тасын  бірге  қаласып  келе  жатқан 

жастарымыз, болашаққа зор сеніммен қарап, осы бағытта жұмыс жасауы керек. Бұл әрине 

оңай  шаруа  емес.  Бұл  тарихи  оқиалардың  куәсі  болған  әрбір    қазақ  жастары 

өздерін    ұлтжандымын  деп  ұғынып,  өн  бойларында  ұлттық  намысын  жоғары  қою  керек. 

Бүгінде  елімізде  болып  жатқан  өзгерістерге  қарап  отырып,  қазақ  елі  –  аз  уақыт 

ішінде   тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізгендігін байқаймыз. Ал, мұның 

бәрі  «Мәңгілік ел»  болудың ұлы бастамасы.  Ағымдағы жылдың 17  қаңтарындағы Елбасы 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Халқына Арналған Жолдауы  осыдан бір жыл 

бұрын Елбасы өзі жария еткен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын, 

яғни,    Қазақстандық  дамудың    бағыт  –бағдарын  айқындап  берді.  «Мәңгілік  Қазақстан» 

жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Страрегияны мүлтіксіз 

орындау, емиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!,- деп атап өтті Елбасы 

өз жолдауында. Біз ұстаздар осы бастаманы әрі қарай жалғастырып, көк туымызды биіктен 

желбірететін  алдымызда  отырған  жас  бүлдіршіндер  екенін  жақсы  білгендіктен,  оларды 

тәрбиелеуде  қыруар  жұмыстар  атқарамыз.    Оларға  білім  беру  мен  тәрбиелеу  барысында 

дұрыс  бағыт-бағдар  беріп  қана  қоймай,  нағыз  ұлтжанды  азаматтар  дайындауымыз  қажет. 

Сондай –ақ елбасы өзінің Жолдауында ел мен тіл егіз ұғым, ол бізге бабалардан мирас болып 

келе  жатқан  өлмейтін  асыл  қазынамыз  екендігін  баса  айтқан.  Сондықтан  ұлт  пен  ұлттың 

арасындағы  айырмашылығы  өзіне  анасындай  жақын,  оның  ана-тілі  екенін  білеміз.  Олай 

болса,  мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол- 

мемлекеттік тілі – қазақ тілі.  

Мемлекеттік  тілді  дамыту  жөніндегі    кешенді  шараларды  жүзеге  асыру  елімізде 

табандылықпен  жалғасып  келеді.  Мемлекеттік  тілді  дамытуға  жыл  сайын  миллиондаған 

қаржы бөлінеді. Елбасы өз Жолдауында  мемлекеттік тіл саласында жеткен жетістіктерімізге 

тоқтала келіп, енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен 

бірге  Мәңгілік  тіл  болды.  Оны  даудың  тақырыбы  емес,  ұлттың  ұйытқысы  ете  білгеніміз 

жөн деп ой түйді.  Олай болса,  ана тілімізді- мәңгілік тіл ету  өз қолымызда. Осы мақсатта 

мен  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  маманы  ретінде    оқушылардың  тілдік  құбылысқа  көзқарасын 

қалыптастырып  қана  қоймай,  оқушылардың  әдет-ғұрып,  салт-дәстүр,  қазақ  халқының 

әдебиеті мен мәдениетіне деген көзқарасын қалыптастыру, қазақ тілі сабақтарында еліміздің 

атақты ғалым, ақын-жазушылары мен қоса  әнші, биші, актер,спортшылар туралы олардың 

біздің елімізге сіңірген еңбектері туралы жан-жақты ақпараттар бере отырып оқушылардың 

танымдылық қабілетін оятамын. Өз еліне сіңірген еңбектерін атай отырып, ұлтжандылыққа 



532 

 

532 



 

тәрбиелеймін.    Атақты  адамдардың  еңбегін  білуге  ,  құрметтеуге  үйретемін.  Ал,  мұндай 

жұмыс түрлері оқушылардың ойлау, сойлеу қабілеттерінің дамуына жол ашады. 

Тілді дамытуда мектебімізде жыл сайын: тілдер мерекесі қарсаңында   «Ана тілің арың 

бұл» тақырыбында мерекелік ісшара,   «Ана тілім  - асыл қазынам» тақырыбында апталық, 

«Тіл – Тәуелсіздік тірегі» атты қазақ тілінің онкүндігі өткізілді. Кітапханада «Тәрбие басы 

тіл»  тақырыбында  көрме  ұйымдастырылды,  «Ана  тілім  –  дана  тілім,  бақ  тілім»  атты 

бастауыш сынып оқушылары арасында ертеңгілік, «Тілім менің ертеңім» поэзия сағаты, «Тіл 

тағдыры - ел тағдыры» 5 - 11 сыныптар арасында тәрбие сағат ары өткізіліп, баяндамалар 

оқылып от ырады. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде  мақсатым: оқушыларға ана тілі 

туралы  ғылымның  негіздерін  беру;  тілдің  қоғам  өміріндегі  маңызын  аша  көрсетіп,  оны 

меңгерудің  қоғам  өмірінде  аса  қажетті  екендігін  түсіндіру;  оқушының  ана  тілінен  жақсы 

білім  алуына  мүмкіндік  туғызу;  тілдің  қатынас  құралы  екендігіне  көздерін  жеткізу;  түрлі 

әдіс-тәсілдер  арқылы  оқушылардың  ауызша,  жазбаша  тілдерін  дамытып,  онымен 

қаруландыру;  оқушылардың  тіл  мәдениетін  қалыптастыру;  өздігінен  сөйлей,  жаза 

білуге  жол ашу. Осы мақсатқа жету барысында: 

- Диалог 

- Викторина 

- Карточкакмен жұмыс 

- Сурет бойынша жұмыс 

- Инсценировка 

- Тест 


- Экскурсия 

-Топтық, жұптық, ұжымдық 

- Оқушылардың шығармашылық жұмыстары «шығарма, тақпақтар,    

альбомдар) 

- Пән бойынша шығармашылық жұмыстар 

- Интеграцияланған сабақтар сияқты әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдана отырып, меңгертемін.  

Тілі мен мәдениеті, әдебиеті  қоса дамыған ел ешқашанда көштен қалмайды. Ал өз ана 

тілін, тарихын, салт-дәстүрін жетік біліп, ана тілінде еркін сөйлеп, сауатты жаза алатын 

әрбір азаматты сауатты ұрпақ деп санаймыз. Еліміздің  бейбітшілік  аспанында  қазақ 

жастары  тәуелсіз елдің  айқын  мақсаттарымен  жігерленіп, тек қана алға ұмтылуға жұмыс 

жасайды. Ел сенімін, үмітін ақтау «Мәңгілік ел» идеясын жалғастыру жастардың   қолында 

болса, сол жастарды болашаққа жетелеу, ұстаздардың парызы.  

Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. «Мәңгілік Ел» болу жолындағы 

игі істеріміз арта берсін. 

 

 Пайдаланған әдебиеттер: 



1.  Менің  Қазақстаным  Астана  баспасы  2001.  Авторлары:  Н.И.Рахымжанова,  Р.М.Баттал, 

А.У.Сужикова 

2. 2020 Стратегиялық жоспары: Көшбасшылыққа бастайтын Қазақстандық жол. Авторлары: 

С.Бирюков, 

Д.Елькин, 

М.Делягин, 

Ю.Собозобов 

 

 



МӘРТЕБЕСІ  БИІК МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ 

 

Шуйинишова Нұрсұлу Темірханқызы 



Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру 

колледжінің 4-курс студенті 

Жетекші: Тюлемисова Л.С. 

 

 



533 

 

533 



 

«Ана тіл – бәріміздің анамыз,  

өйткені ол – ұлтымыздың анасы».  

Н.Ә.Назарбаев 

 

         Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында 

көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп 

отыр. Бүгінгі қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды. Тілі мен дінінен 

айырылған ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлденең көк аттының 

қолжаулығына айналады. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған 

емес.  Жиырмасыншы  жылдары  тіл  тәуелсіздігін  ту  етіп  көтерген  Әлихан,  Ахмет,  Міржақып, 

Мағжан,  Мұхтарлар,  сексенінші                  жылдардың  аяғында  бостандықтың  лебі  білінісімен 

басталған 

бүкілхалықтық 

қозғалыс 

соның 

айғағы. 


        Қазақстан  –  егеменді,  тәуелсіз  ел.  Қазақстанды  дамыған  өркениетті  елу  елдің  қатарына 

енгізетін біздің болашағымыз – бүгінгі жастар. Олардың міндеті – елінің намысын қорғап, оны 

әлемге  таныта  білу.  Әлемге  таныту  үшін  әр  жас  өз  елінің  тарихын,  тілін  жетік  білуі  керек.  

        Қазақ  тілі  –  Қазақстан  Республикасының  тұрғылықты  халқы  қазақ  халқының  және  оның 

шекарасынан  тыс  өмір  сүріп  жатқан  қазақтардың  (Ресей  Федерациясы,  Өзбекстан,  Қытай, 

Монғолия  т.б.)  ұлттық  тілі.  Қазіргі  қазақ  тілі  -  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тілі 

болып  табылады.Қазақ  тілінің  сөздік  құрамы  өте  бай,  оған  67  мың  тізімдік  сөз,  24,5  мың 

фразеологиялық тіркес – барлығы 91,5 мың лексикалық бірлік кірген бір ғана он томдық "Қазақ 

тілінің  түсіндірме  сөздігі”  куә  бола  алады.  Қазақ  тілі  түркі  тілдерінің  қыпшақ  тобына  кіреді 

(татар,башқұрт,  қарашай-балқар,  құмық,  қырым-татар,  қарақалпақ,  ноғай)  және  ол,  әсіресе, 

ноғай, 

қарақалпақ 



тілдеріне 

жақын 


болып 

табылады.  

Қазақ тілі ең көне бастауын әр кездегі ежелгі  түрік жазулары ескерткіштерінен: Талас-Орхон-

Енисей  жазулары  (5-8  ғ.ғ.),  Жүсіп  Баласағұнның  "Қүтадғу  білік”  еңбегі,  Махмұт  Қашқаридің 

"Диуани  лұғатат  түрік”  еңбегі  ,  Ахмет  Йүгінекидің  "Һибат  Ұл  һақайық”  еңбегі,  Қожа  Ахмет 

Яссауидің  "Хикметі”  (10-12  ғ.ғ.),  Алтын  Орда,  Шағатай  және  қыпшақ  (13-14ғ.ғ.)  тұсындағы 

жазулардан алады. Сонымен қатар, халық ауыз әдебиетінің дәстүрлері мен тілдік нормаларында 

қалыптасқан,  кейінгі  кезде  ақындар,  жыраулар  мұрасы  арнасына  құйылған,  ұлы  Абай  мен 

Ыбырай шығармашылығы арқылы бізге жеткен қазіргі қазақ әдеби тілі.                       Тілге деген 

құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел 

болу  үшін  тіліміздің  жұлдызын  биіктетуіміз  керек.  Тіл  –  қастерлі  де,  қасиетті  ұғым.  Ол  әрбір 

адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, 

атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі – адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің 

алмастай  қырын,  абзал  сырын  түсіне  білуіне  басты  себепкер 

–  ана  тілі.  

Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  (1995ж.),  "Тіл  саясаты  туралы”  Тұжырымдамасы 

(1996ж.)  және  осыларға  негізделген  "Тіл  туралы”  Заң  (1997ж.)  республикадағы  тілдердің 

ұлтаралық  жарастық  пен  рухани  ынтымақтастықтың  құралы  ретінде  қызмет  етуін  және  тіл 

алуандығын  көздейді.  Республикада  мемлекеттік  тіл  ретінде  бір  ғана  тіл  –  қазақ  тіліне 

конституциялық 

мәртебе 

беріліп 


отыр.  

         Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет  етуінің бірнеше 

алғы шарты бар. Атап айтқанда, сол тілді қолданушылардың санының жеткілікті болуы, табиғи 

және табиғи емес тілдік ортаның болуы, республиканың барлық аймақтарына таралуы, қоғамдық 

өмірдің  әр  алуан  саласында  қызмет  етуі  және  ауызша  әрі  жазбаша  түрде  қызмет  етуі  сияқты 

сыртқы  факторлардың  болуы,  сондай-ақ  қазақ  тілінің  құрылым-жүйесі  жетілген,  лексика-

фразеологиялық  қоры  аса  бай,  ежелден  келе  жатқан  жазба  және  ауызша  дәстүрі  бар  ұлттық 

тілдердің бірі ретіндегі ішкі тілдік факторлардың болуы – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде 

қызмет етуіне мүмкіндік береді.  Сонымен, қазақ тілі – дәстүрлі, тұрақты, қатаң тілдік нормасы 

бар, стильдік тармақтары сараланған, жалпы халықтық тілден ұлттық деңгейге көтерілген тіл.  

Біздің 

ана 


тіліміз 

қазақ 



тілі:  

түпкі 



түрін 

сақтаған 

түркі 

туыстас 


байырғы 

тіл;  


ежелден 


жазба 

мәдениеті 

бар 

тіл;  


534 

 

534 



 

- әдеби тіл, жергілікті тіл (диалекті), сөйлеу тілі, қарапайым сөйлеу тілі тәрізді формалары бар;  

демографиялық 



тірегі 

мықты 


ұлттық 

тіл;  


құрылым-құрылысы 

кемелденген 

тіл;  


егеменді  Қазақстан  Республикасы  өз  қамқорлығына  алған  мемлекеттік  тіл.  

        Қазақ  тілінің  таңғажайып  кереметі  жайында  пікір  айтушылар  көптеп  саналады.  Олардың 

арасында өз ғалымдарымыз, ақын-жазушыларымызбен қатар өзге жұрт өкілдері де баршылық. 

Әсіресе,  ірі  түркітанушылар  мен  саяхатшылардың  ана  тілімізге  үлкен  құрметпен  қарап, 

ауыздарының 

суы 

құрып, 


тамсана 

жазғандары 

мәлім...  

Ахмет Байтұрсынов: «Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт, өз тілінде жоқ деп 

мәдени  жұрттардың  тіліндегі  даяр  сөздерді  алғыштап,  ана  тілі  мен  жат  тілдің  сөздерін 

араластыра-араластыра,  ақырында  ана  тілінің  қайда  кеткенін  білмей,  айрылып  қалуы  мүмкін. 

Сондықтан  мәдени  жұрттардың  тіліндегі  әдебиеттерін,  ғылыми  кітаптарын  қазақ  тіліне 

аударғанда,  пән  сөздерінің  даярлығына  қызықпай,  ана  тілімізден  қарастырып  сөз  табуымыз 

керек. Сонда біздің әдебиетіміздің тілі таза болып, жоғарыда айтылған талғау салтының шарты 

орындалған 

болады».  

Мұхтар Әуезов: «Тілімнің ұшында жүрген сөз төмендегіше болмақ: тас үгітіліп құмға айналады, 

темір  тозады,  ұрпақ  озады,  дүниеде  өлмейтін  сөз  ғана,  халқымызбен  бірге  жасап  келе  жатқан 

асыл мұра сөзімізді арзандатып алмайық». 

 

Мағжан  Жұмабаев:  «...  Қазақ  тілінде  қазақтың  сары  сайран  даласы,  біресе  желсіз  түндей 



тымық,  біресе  құйындай  екпінді  тарихы,  сары  далада  үдере  көшкен  тұрмысы  -  асықпайтын, 

саспайтын 

мінезі 

көрініп 


тұр.  

Василий Васильевич

 

Радлов:  «Қазақтардың тілі жатық та шешен, әрі өткір, көбіне іліп-қағып 



сұрақпен  жауап  беруге  келгенде  таң  қалдырарлықтай  оралымды  сөйлейді.  Кез  келгені,  тіптен 

сауатсыздарының  өзі,  ана  тілінде  біздің  Еуропада  байқап  жүргенімізден  тек  француздар  мен 

орыстардың 

дәрежесінде 

сөйлей 

біледі».  



        Мемлекет  басшысы  Н.Ә.Назарбаев:  «Біз  барша  қазақстандықтарды  біріктірудің  басты 

факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз 

керек.  Сонымен  бірге  елімізде  тұратын  барлық  халықтардың  өкілдері  ана  тілдерінде  еркін 

сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет» деп атап көрсеткен болатын.

 

      Қазақ  қашан да ата мен баланың арасындағы сабақтастықты көксеген, көргенді істің 

көсегесін көгертуді жөн санаған. Бұл берекелі істі отбасынан, өз отауынан бастаған. Атадан 

алған тағылымын перзентіне дарытуға тырысқан «ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деуде 

осындай текті тәрбиенің ізі бар. Ұрпақ бірлігі мен сабақтастығы дегенде біз осы негізді есепке 

аламыз.  Осының  бәрінің  басты  тірегі  не  дегенде  де,  сөз  жоқ,  ойымыз  тілге  барып  тіреледі. 

Бәзбіреулер тілді қатынас құралы ғана деп қарап, оның ұрпақ, адам тәрбиесіндегі елеусіз зор 

орнын  бәсеңдетіп  алып  жүр.  Бірақ  бұл  барып  тұрған  парықсыздық.  Өйткені  тілсіз  тіршілік 

жоқ, және де барлық мәселе тілмен байланысты. 

Тіл  тағдырына  деген  жеке  адам  ретінде  жанашырлығымыз  бен    қамқорлығымыз  артуда. 

Қазіргі таңда көптеген отбасылар балаларын қазақ тілінде оқытатын мектептерге ана тілін жетік 

меңгеру үшін беріп, оқытып жатқандары қуантарлық  жағдай. Әрбір отбасында, осындай тілге 

деген  жанашырлық  болса,  «тамшыдан  тама-тама  дария  болар»  дегендей,  тіліміздің  жағдайы 

әлдеқайда жоғары деңгейге көтерілер деген сенімдемін. 

Туған 

тілім 


– 

тірлігімнің 

айғағы, 

       Тілім барда айтылар сыр ойдағы. 

Өссе 

тілім, 


мен 

де 


бірге 

өсемін, 


       Өшсе тілім, мен де бірге өшемін,  - деп жыр толғайды 

Әбділда Тәжібаев атамыз. Яғни, туған тілім арқылы іштегі сырымды, ақиқат шынымды айта 

аламын, ойымды анық жеткіземін, туған тілім өссе де, өшсе де халқымен бірге болады. Бірақ, 

менің  тілім  өшпейді,  себебі  қазақ  елі  егемендік  алды,  қайта  жанды.  Еліміздің  бірлігінің, 

тірлігінің, бостандығының дәлелі, айғағы – туған тілім! 


535 

 

535 



 

         Салиқалы ойдың, салмақты сөздің мәйегі - ана тілінде. Басқа тілдің бәрін білуің 



мүмкін,  бірақ  өзіңді  толғандырған  өрнекті  ойдың  кестесі  туған  тіліңде  ғана  әдемі 

өрнектеледі, бейнелі баяндалады. Ана тілі – бұл біздің мемлекеттік тіліміз. Оның қолданыс 

аясын кеңейтіп, қоғамдық қарым-қатынас тіліне айналдыру – біздің міндетіміз. 

        Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсам, тілге деген құрмет – халыққа деген 

құрмет. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған 

ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. 

Сөзімнің соңын Халел Досмұхамедұлының  ана тілі туралы айтқан мынадай көрікті ойымен 

аяқтағым келеді: «Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы  сөйлесең, ол – сүйініш, ана 



тілін білмей тұрып,  бөтенше жақсы сөйлесең, ол – күйініш». 

                      



 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.

 



Жанақова Н. Қазақстандағы тіл тарихы. Алматы, 2006. 77-б.

 

2.



 

Қазақстан Республикасы тіл саясатының тұжырымдамасы // Тіл және қоғам. 2004. № 

2. 7-б.

 

3.



 

«Қазақстан  Республикасындағы  тіл  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңы  // 

Егемен Қазақстан. 1997. 15 шілде.

 

4.



 

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.    

Назарбаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбаты. 2006. 11 мамыр. 7-б.

 

5.



 

Мемлекеттік  органдарда  мемлекеттік  тілдің  қолданылу  аясын  кеңейту  туралы. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы № 769 қаулысы. // Егемен Қазақстан. 1998. 

11 қыркүйек, тамыз.

 

 

 



МЕКТЕП  ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ   БАЛАЛАРҒА  АДАМГЕРШІЛІК  ТӘРБИЕ  

БЕРУДЕ  ОТБАСЫНЫҢ  РӨЛІ 

 

М.Қ. Мыңжанова, А.Т. Смагулова 



№2 «Батыр» санаторлық балабақшасы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет