«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет89/134
Дата03.03.2017
өлшемі13,05 Mb.
#6492
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   134

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

1.

 



Инклюзивті білім беру жағдайында даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларды 

психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің ұйымдастырылуы // «Открытая 

школа» журналы. № 7(128) 09. 2013ж 

2.

 



Ахмедалиева, Д. У. Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмысты ұйымдастыру // 

Әлеуметтік педагог. - 2010.-№1. - . 15-17б. 

3.

 

Г.Б.Алипкалиева «Инклюзивтік білім беру жағдайында мектеп жасына дейінгі 



мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеумет 

 

 



 

 


654 

 

654 



 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА БАЛАЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР 

НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОИЯЛАРЫ 

 

ҚМҚК «Алтын сақа» балабақшасы 



«Күншуақ» ересек тобының тәрбиешілері: 

Тұрмағанбетова Қ.А. 

Шарипова М.А. 

 

Тәрбие  –  бүкіл  адамзаттың  алтын  бесігі,  ал  қазақ  педагогикасының  өткені  ата-

бабаларымыздың асыл сөздерінде салт-дәстүрінде жатыр. Дала мектебінің тәрбиесі ананың 

сүтімен,  бабаның  қанымен  ұрпақ  бойынан  өз  жалғасын  тауып  отырды,  өмір  қиындығы 

төзімділікке баулыды. Ана сәбиін өмірге қалай баулыса, ұлт өз ұрпағының тарих көшінен 

қалмауын  қадағалайды.  Жазуымыз  бірнеше  мәрте  өзгергенімен  ұлт  тәрбие  жойылмады. 

Туған халқымыздың тарихы, салт-дәстүрлері ұлттық тәрбие негізінде ұрпақтан-ұрпаққа, сан 

ғасырлар бойы сары майдай сақталып аманат болып қалып отырды. 

Бала  тәрбиесі  қай  заманнан,  қай  қоғамның  болсын  ойшылдары  мен  зерделі 

зиялыларымен толассызтолғанысқа, үздіксіз ізденіске түсірген ізгі мұрат екені даусыз. Әр 

дәуір,  әр  кезенде  ата-ана  арман-мақсаттарын  бауырынан  өрген  балғын  перзенттерінің  – 

ертеңгі  мұрагерлерінің тәлім-тәрбиесімен, ар-ождан, ақыл-қайрат,  білім-білік тәрізді  абзал 

қасиеттерге  негізделген  саналы  тіршілігімен  тығыз  байланыстыра  қараған.  Заманына, 

қоғамына сәйкес талап-тілектерге, қажеттіліктерге қарай бала тәрбиесі келе-келе саралана, 

жүйелене түскенін айқын аңғарамыз. 

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық мектептер ашылып, ондағы оқыту, тәрбиелеу 

бағдарламасына  өзгерістер  енгені  белгілі.  Сондықтан  да  халықтық  педагогиканы 

балабақшада ұйымдастырылған оқу қызметіне (сабақтар), күнделікті тәрбие жұмыстарында 

қолданып, оны балалардың бойына сіңіру – біздің басты міндетіміз. Ол үшін ұлттық білім 

беру жүйесінде негізгі мына екі бағытты ұстанғанымыз жөн: 

1.  Ұлттық  педагогиканың  негізінде  балаларға  білім  мен  өнеге  берудің  тиімділігін 

көтеру. 


2. Халықтық тірбиенің ықпалы мен пайдасын ұқтырып, ұлттық сана-сезім тұрғысынан 

балаларды тәрбиелеу. 

Ұлттық құндылықтар негізінде берілетін тәрбиенің негізгі міндеттері: 

- қазақтың ұлттық болмысын құрайтын ұлттық құндылықтарымызды анықтау, 

- ұлттық құндылықтарымызды классификациялау

- ұлттық құндылықтар негізінде берілетін тәрбие түрлері, білім беру мазмүны, тәрбие 

мен білім берудің әдіс-тәсілдерін жетілдіру; 

- әрбір түрі  бойынша тәрбиелік әдістеме жасау; 

- ұлттық тәлім-тәрбие тарихын, ұлттық өнер-мәдениеті танып-білу; 

- өзге жұрттың моральдік құндылықтарын талғамсыз, берекесіз қабылдай беруге шек 

қою; 

- «Ұлттық құндылықтарымыз» деген атпен ойын-сауық, үйірме, ата-аналармен жұмыс, 



орталықтар ұйымдастыру; 

-  қазақы  тәлімгерлердің  бұрынғы  және  қазіргі  тағылымын  игеру  (әке-шеше,  ата-әже, 

билер, діни адамдар, ауыл ағалары, ағартушылар мен ұстаздар, т.б.). 

Халық  ауыз  әдебиетін  жасаған  халық.  Адамға  баласынан  жақын,  баласынан  артық 

ешнәрсе болмаған. 

Сондықтан  халық  ең  алғаш  өзінің  жақсы  ойын,  тәтті  қиялын  өлең  етіп,  ән  етіп 

балаларына арнаған. Баланы жұбату, ойнату, тәрбиелеу, баланың алдына неше түрлі тілек 

мақсаттар қою, өлеңмен, жырмен, көркем сөзбен айтылған. Халық ауыз адебиетімен балалар 

сүйіп тыңдайды. Халықтық шығармалырымен мектеп жасына дейінгі балалар ата-анасының, 


655 

 

655 



 

туған-туыстарының,тәрбиешінің  айтуы  бойынша  таныс  бола  бастайды.  Бесік  жыры, 

хайуанаттар  айтысы,  ертегілер,  жұмбақ  пен  жаңылтпаш  сөздер,  өтірік  өлеңдер,  мақал-

мәтелдер, ырым сөздер бәрі де баланы қызықтырып оларды мәз-мейрам етеді. Халық ауыз 

әдебиеті балалардың психологиясымен олардың ерекшелігімен санасудан туған және оларды 

тәрбиелеу  ісімен  келіп  шыққан  байлық.  Халық  ауыз  әдебиеті  төмендегідей  ерекшелікке 

байланысты туған: жылаған бөбегін жұбату үшін немесе ұйықтату үшін ата-анасы шығарған. 

Бесік  жыры-  адам  баласы  тарихында халық  ауыз  әдебиетінің  алтын қоры.  Бесік  жырында 

қазақ  қауымының  балаға  деген  ең  ізгі  сүйіспеншілігін,  тілегін  үйретеді.  Халық  тәрбиесі 

баланың  көпшіл,  ынтымақшыл  сый-сияпат  көрсете  білетін  өнегелі  азамат  болуына 

тәрбиелейді. Бесік жырынан соң тұсау кесу жыры келеді. Мұнда жас нәрестенің қаз тұрып, 

апұл-тапыл  басқанын  «тәй-тәй»  деген  әнді  әуенмен  жылы  сөзбен  мазмұнды,  әсем,  әдемі 

ырғақпен жыр етеді. Балдырған өскен сайын әннің де, өлеңнің де мазмұны тереңдеп, енді 

балаға  мақсаттар  қойыла  бастайды.  Бұл  баланы  пысық,  елгезек,  еңбексүйгіштікке 

тәрбиелейді.  Келесі  кезекте  бөбектерді  өзінің  қоршаған  ортамен  таныстырады,  балаларды 

дұрыс анық сөйлеуге, яғни, тілін жаттықтыру үшін жаңылтпаш айтқызады. Балалардың ақыл 

ойын  дамыту  үшін  жұмбақ  жанырын  пайдаланады.  Мектеп  жасына  дейінгі  балдырғандар 

шын  мәніндегі  оқырмандар  емес,  олар  тек  тыңдаушылар  ішінде  баланы  дұрыс  айқын 

сөйлеуге  үйрететін  тілін  дамытуға  жаттықтыратын  жанр-жаңылтпаш.  Бұлда  ертегі  өлең 

жұмбақ айтыс түрлері сияқты баланың тілге ұстануына ойнақы, қырлы сөздерді айтып еркін 

сөйлеуіне  төсенулеріне,  өз  әлінше  әдемі  сабақ  тәжірибе.  Балаға  жас  басынан  сабақ  ойын 

болатын нәрсе осы жаңылтпаш. 

Халық  ауыз  әдебиетін  ұйымдастырылған  оқу  қызметінде  қолдануда  мынадай 

ерекшеліктерін атауға болады: 

1) баланы ойната отырып күлдіру, күлдіре отырып өмірге үйрету жағы көзделеді. 

2) баланың ішкі дүниесіне ой санасына бірден әсер ететін күшті де мағыналы бейнелер 

алынуы керек. 

Балаларды  өмірдің  жақсы  болашағына  қанаттандырып,  шарықтатып  отыру.  (батырлар, 

Қожанасыр, Алдаркөсе, тазша бала т.б.) 

         3)  балаларды  алдымен  оқиғаның  туындауына,  кейіпкерлерге  мінезінің  әр  жақты 

дамуына қызықтыру,  

         4) халық ауыз әдебиетін қолданғанда оның мазмұны, идеясы балалардың белсенділігін 

арттырып, өз өмірінің жарқын болашағын тануға үйретуі тиіс, 

         5)халық  ауыз  әдебиетін  ұйымдастырыдған  қызметінде  қолданғанда,  баланың 

сүйіспеншілігін, өз ұлтына деген патриоттық сезімін оятып, баланың сөздік қорын байытуға 

көмектеседі. 

         Осыған  сәйкес  дәстүрлі  құндылықтар  негізінде  жан-жақты  дамыған  жеке  тұлғаны 

тәрбиелеудегі  қазақстандық  қоғамның  қажеттіліктері  мен  мектепке  дейінгі  ұйымдарда 

балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру мүмкіндігін педагогикалық теория 

мен практикада қолданамыз. 

          Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі – бүкіл 

білім  жүйесін  түбегейлі  жаңартып,  дүниежүзілік  деңгейге  сәйкестендіру.  Өйткені  бұл 

егеменді  еліміздің  білім  мазмұны  мен  жүйесінің  әлемдік  елдер  деңгейіне  сай  болуын 

көздейді.  Білім  беру  ісі  қай  кезде  болсын  ұлы  ғалымдардың,  ойшылдардың,  философ, 

педагог,  психологтардың  ерекше  назарында  болған.  Қазіргі  қоғамда  болып  жатқан 

әлеуметтік,  экономикалық,  экологиялық,  саяси,  мәдени  өзгерістер  оқу-тәрбие  үрдісіне 

тікелей байланысты. 

           Халқымыз  елін,  жерін,  ата-мекенін,  табиғи,  мәдени  байлығын,  өнері  мен  тілін, 

тарихын,  салт-дәстүрі  мен  әдет-ғұрпын  сақтап,  ізгі  қасиеттерін  дамытып,  қоғап,  рухани-

адамгершілік  тағылымдарын  ұрпағына  мұра  етіп  қалдырған.  Қазіргі  жаңа  технологиялар 

дамыған  заманда  өзіміздің  ұлттық  болмысымызды  жоғалтпаймыз  десек,  оқу-тәрбие 


656 

 

656 



 

үрдісінде қолданылатын мемлекеттікстандарттар, бағдарламалар, оқулықтар, дидактикалық 

материалдар, ұлттық психологиялық ерекшеліктер ескеріле отырып, жасалуы керек. 

          Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Жаңа  әлемдегі  –  Жаңа 

Қазақстан»  атты  Жолдауында  айтылғандай,  «Білім  жүйесінде  жаңа  идеялар  мен 

көзқарастарды  пайдаланудың»  бірден-бір  жолы  жаңа  технологияларды  қолдануға  тәуелді 

болмақ. 

          Жалпы алғанда, оқыту технологиясы туралы қазіргі ғылымда орныққан дәл анықтама 

болмағанымен,  олардың  бәрінің  тоғысатын  ортақ  арналары  бар.  Олар,  біріншіден, 

технологияның  шеберлікпен,  біліктілікпен  байланыстылығы;  екіншіден,  технологияның 

оқыту  үрдісінде  сапалық  өзгеріс  жасау  мақсатында  қолданылатыны;  үшіншіден, 

технологияның  біртұтас  әдіс-тәсілдер  жиынтығынан  құралатындығы.  Олай  болса, 

технологияның білім ұйымдарының кез келген типінде жаппай қолдануға қолайлы әрі тиімді 

оқу үрдісін ұйымдастырудың жолдарын іздестірудің нәтижесінде туған тұжырым  екендігі 

даусыз.  Сонымен,  білім  беру,  оқыту  үрдісіндегі  педагогикалық  технология  –  қойылған 

мақсатқа тиімді жолмен қол жеткізуді қамтамасыз етуші жүйе, яғни білім мазмұнын жүзеге 

аасырудың тәсілі.  

            Тұлғалық  бағдарлы  оқыту  технологиясы  оқыту  мен  тәрбиелеу  үрдісінде  білім 

алушының жеке бас  ерекшелігін ескереді  және ол үшін оқу міндеттерін жүзеге асырудың 

қолайлы шарттарын туғызады. Осы оқыту технологиясы білім алушының оқу үрдісінде тек 

объект деңгейінде қалиай, субъект дәрежесіне көтерілуін қамтамасыз етумен құнды. 

            Тұлғалық  бағдарлы  оқыту  технологиясы  бойынша  халық  педагогикасын  оқытудың 

әдістері мен тәсілдерін таңдауда төмендегідей талаптар қойылады : 

            -диологтік, полилогтік қатынастың қамтылуы;  

            -әрекеттік-шығармашылық сипатының болуы

            -тәрбиеленушінің жеке басы дамуына сәйкестігі; 

            -баланың өздік және шығармашылық әрекетінің дамытылуы. 

            Оқытуды  ізгілендіру  технологиясы.  Қоғамды  ізгілендіру  –  бүгінгі  өркениетті 

дамудың талабы, әлеуметтік қатынастарды ұйымдастыруда жеке адамның әлемнің тұтқасы 

ретінде көрінуі тиіс. Сондықтан әр білім алушы ұлттық мәдениетті сақтай білетін, кез келген 

ортада белсенді жұмыс істей алатын ақыл-ой иесі ретінде қарап, танымдық мәдениеті жоғары 

жеке 


тұлғаны 

қалыптастыру-ізгілендіру 

технологиясының 

арқауы. 


Ізгілендіру 

технологиясының түпкі мақсаты  – білім алу барысында жеке тұлғаны ерік-жігерімен өмір 

сүруге бейімдейтін кез келген жағдайлардан жол таба алатын, өз пікірін ұсына және қоғай 

алатын гуманист азамат қалыптастыру.  

            Халық  дәстүрі  бастауларын  тәрбие  құралы  ретінде  пайдаланудың  формалары  мен 

әдістерін таңдауда баланың танымдық әрекетіне баса назар аударылады. Бұл ретте мынадай 

әдістерді пайдалануға болады: 

            -білім  көзі  бойынша  –  ауызша  сөйлеу  (түсіндіру,  әңгімелесу,  әңгіме),  көрнекілік 

(бақылау, демонстрация); 

            -ынталандыру және мотивациялық әдістер (қызықтылық,  айқындылық,  танымдық о  

йындар, өмірлік жағдаяттарға талдау); 

            -оқытудың  белсенді  және  интерактивті  әдістері      (рөлдік  және  іскерлік  ойындар, 

сахналау әдістер). 

       «Интерактив»  деген  сөз  ағылшынның  «interact»  («inter»-өзара,  «act»-әрекет  ету)  деген 

сөзінен  шыққан.  Яғни,  интеракция  –  жеке  индивидтердің  топтың,  жұптың  өзара  біріккен 

әрекетте  бір  біріне  алма-кезек  әсер  етуі.  Интерактивті  оқыту  –  ол  таным  әрекетін 



657 

 

657 



 

ұйымдастырудың  арнаулы  формасы.  Оқытудың  бұл  формасы  алдына  нақты  және 

бағдарланған  мақсат  қояды.  Сондай  мақсаттардың  бірі  –  оқу  үрдісінің  өнімділігін 

арттыратын баланың ақыл-ой кемелділіктерін, өз жетістіктерін сезінетіндей жайлы жағдай 

тудыру.  «Интерактивті  оқыту»  1990жылдары  интернет  желісінің  дамуымен  байланысты 

пайда  болды.  Осыған  орай,  көптеген  ғалымдардың  түсіндіруінше  интерактивті  оқыту 

компьютер және интернет жүйесін пайдалану арқылы оқыту дегенге саяды. Информатикада 

бұл  ұғымды  «пайдаланушының  бағдарламамен  диалогы,  яғни  мәтіндік  командалармен 

(сауалдармен)  және  жауаптармен  (шақырулармен)  алмасуы  ретінде  немесе  кез  келген 

субъектілердің  бір  бірімен  өздеріне  тиімді  құралдар,  әдістер  арқылы  полидиологқа  түсуі» 

деген мағынада қолданылады. 

           «Интеракция»  термині  әлеуметтік  психологияда  да  бар.  Онда  бұл  термин  ертеден 

қарастырылып келеді. Алайда кейбір социолог ғалымдар оны адамдардың өзара бірлескен 

әрекеті  деп  көрсетсе,  кейбіреулері  қарым-қатынас  деп  түсіндіреді.  Енді  бір  социолог 

ғалымдар оны адамдардың өзара бірлескен әрекеті деп көрсетсе, кейбіреулері қарым-қатынас 

деп түсіндіреді. Енді бір социологтар қарым-қатынастың бір түрі деп біледі. 

 

               Интерактивті  оқыту  кезінде  баланың  істі  ұйымдастыра  білу  қабілеті  де  көрінеді. 



Интерактивті әдістермен сабақ өткізу кезінде тәрбиеші тек кеңесші, серіктес рөлін атқарады. 

Тәрбиеші жаңа біліммен бірге балаларды өз беттерінше ізденуге жетелейді. 

                Оқытудың  белсенді  әдістері  қолданылатын  іс  әрекеттерді  ұйымдастырудың 

шарттары: 1) проблемалық;  2) ынтымақтастық және ұжымдық өзара әрекет;  3) балалардың 

жеке басы мен психологиялық дамуын басқару;  4) балаларды ұдайы белсендіріп отыру;      5) 

тәрбиешінің моделін өзгерту : ұйымдастырушы, серіктес, кеңесші, бағыттаушы, т.б. рөлдерді 

атқаруы. 

                «Тәй-тәй»  технологиясының  негізі  берік  демократиялық  принципте  жатыр. 

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына арналған бағдарлама балаларды белсенді  азамат 

болуға, демократиялық қоғам құндылықтарын сыйлауға тәрбиелейді. Тәрбиешілер балаларға 

өз  таңдауларын  жасауға  және  таңдаған  шешімдеріне  жауапкершілікпен  қарауға  үйретеді. 

Демократиялық  принциппен  ұйымдасқан  топтағы  балаларды  өз  ойларын  жеткізуге, 

көрсетуге  түрткі  жасайды.  Сұрақтар  мен  пікірталастарды  тек  қуаттайды.  «Тәй-тәй» 

технологиясының ең басты мақсаты өзара сыйластықты, жауапкершілікті, үлкендер сияқты 

балалардан  да  шынайылықты,  зейінділік,  ынта-жігер  болып  табылады.  Үлкендер  саналы 

түрде  осы  сапаларды  балалармен  қарым-қатынас  барысында  қолданады.  Ал  бұл  сапалар 

мінез-құлық тәрбиесінің ұлттық тәрбиемен ұласқанда негізін қалай отырып, мектепке дейінгі 

білім  беру  ұйымдарына  арналған    «Тәй-тәй»  технологиясы  үшін  маңызды.  «Тәй-тәй» 

технологиясының көз жеткізіп отырғаны, оқу барысын ішінара тарту арқылы балалар одан 

әрі  дамиды.  Мұқият  ойластырылған  білім  беру  ортасы  балалардың  әлемді  зерттеуіне, 

ынтасын көрсетіп, шығармашылық өнерлерін көрсетулеріне, салт-дәстүр, ұлттық мұраларды 

танып білуіне жағдай туғызады. Педагог балаларға жоғарғы деңгейде көмек көрсету және 

олардың дамуы мен оқуы кезінде пайда болған қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін 

ата-аналармен  әріптестік  қарым-қатынас  жасайды.  Тәжірибесі  мол  педагог  үшін  баланың 

оқуына ата-анасының және отбасының өз жұмысындағы әріптестері қатарына жатқызады. 

Педагогтардың алдында тұрған міндеттерін орындауға өздерінің қол ұшын беру мақсатымен 

ата-аналарды мектепке дейінгі балалар тобымен жұмыс үрдісіне өз үлесін қосуға, сонымен 

қатар балалармен өз ойларын, әуестігі, және мәдени әдет-ғұрып, ерекше ой қабілетін бөлісуге 

шақырады.  Осы  бағдарламамен  жұмыс  жасайтын  балабақшаларда  ата-аналармен 

этнопедагогикалық  кабинетте  кездесеміз,  онда  осы  бағдарлама  туралы  мәліметтермен, 

көптеген  кітаптармен,  ұлттық  құндылықтармен,  ойыншықтар  мен  әдістемелік 

материалдарды алып пайдалануларына мүмкіндік жасалған. Әрі осы бөлмеде ата-аналар мен 



658 

 

658 



 

педагогтар өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен алмасуға, жиналыстар өткізуге, кофе ішуге 

де мүмкіндіктері бар.  

                Өнертапқыштық  мәселелерді  шешу  теориясы  (ТРИЗ)  бойынша  тәрбиелеудегі 

маңызды  орынды  жаңа  нәтижені  алуға  бағытталған  балалардың  өзіндік  шығармашылық 

әрекеті алады. Топтағы балаларда өнімдік әрекеті техникалық оқу мәселелерін шешуге емес, 

көбінесе оларға жақындау болатынды шешуге және ойлап шығаруға бағытталған, мысалы, 

жұмбақ табу, қызықты гипотеза айту, ертегі шығару, қозғалмалы ойынды шығару және т.б. 

Мектепке  дейінгі  ұйымда  ӨМШТ  әдістемесін  пайдалану  ойлауды  ұйымдастырады,  оны 

жүйелік  етеді,  қайшылықтарды  тауып,  шешуге  үйретеді.  Осының  негізінде  нақты  білімді 

тереңірек  меңгеруге  қол  жеткізіледі,  және  ең  бастысы  –  дайын  білімді  меңгеруге  емес, 

оларды  өздері  генерациялауға;  өзінің  әрекет  ету  саласында  мәселелерді  көруге,  қоюға, 

шешуге,  заңдылықтарды  айқындай  білуге  бағытталған  ойлау  стилі  қалыптасады  –  бұл 

ертеңгі өмірге дайындау үшін бүгінге керек нәрселер. 

                   Болашақта  ел  тұтқасын  ұстар  азаматтардың  өнегелі  тәрбиесі  –  бүгінгі  күн 

тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі. Ел жастарының патриоттық сезімін, білім мен 

сыпайы  этикалық  қарым-қатынастарын  ұлттық  тәрбие  арқылы  қалыптастыру  үлкен 

сұранысқа ие болуда. 

Әдебиеттер 

 1. Жеті қазына. Алматы. 2001. 

2. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. 

3. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптары. 1-том. – Алматы, 2005. 

4. «Қазақстан мектебі журналы» №1. 2008. 

5. «Отбасы және балабақша» №5, 2011. 

6. «Бала мен балабақша» №3. 2011. 

7. «Оқыту-тәрбиелеу технологиясы журналы» №4. 2008. 

8. «Отбасы – тәрбие бастауы» б5. 2007. 

9. Шашақова А. Халық тәлімі – тәрбие бастауы. – Алматы: «Рауан», 1994. 

 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІЛЕРГЕ АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ 

 

«Алтын сақа» балбақшасы КМҚК 

Тәрбиешілер: Абдыкаримова Э.А.,Байзакова А.К. 

 

Құнды  қасиеттерге  ие  болу,рухани  бай  адамды  қалыптастыру  оның  туған  кезінен 



басталуы  керек.Сондықтан  да  жаңа  кезеңдегі  өзекті  мәселе  жас  ұрпаққа-адамгершілік-

рухани  тәрбие  беру  болып  табылады.Бұл  тәрбие  отбасынан  бастау  алады.Шыр  етіп  сәби 

дүниегк келген сәттен бастап ата-ана алдында үлкен міндет тұрады.Ол-бала тәрбиесі. 

Ана  –  бала  тәрбиесіндегі  ерекше  тұлға.  Сондықтан  әке  де,шеше  де  балаларының  жан 

дүниесіне  үңіліп,мінез-құлқындағы  ерекшеліктерді  жете  білген  жөн.Балалармен 

әңгімелескенде  олардың  пікірімен  де  анасып  отырған  дұрыс.Өз  баласымен  ашық  сөйлесе 

алмай,сырласа  білмейтін  ата-аналар    көп.Олар    «Екеуміз  де  жұмыстамыз,кешкісін  үй 

шаруасынан  қол    тимейді,баламен  сөйлесуге  уақыт  жоқ»дегенді  айтады.Бұл  дұрыс 

емес.Баламен  сөйлесуге  тіпті  арнайы  уақыт  бөлудің  қажеті  жоқ.Әке  мен  шеше  ұл-

қыздарымен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп,ой бөлісуге неге болмасқа.  

 Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған бұтақ кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш 

болғанда  оны  түзете  алмайсың»  деп  бекер  айтылмаған.  Сондықтан  баланың  бойына 

жастайынан  ізгілік,  мейірімділік,  қайырымдылық,  яғни  адамгершілік  құнды  қасиеттерді 

сіңіріп,  өз-өзінесенімділікті  тәрбиелеуде  отбасы  мен  балабақша  шешуші  рөл  атқарады. 



659 

 

659 



 

Рухани-адамгершілік  тәрбие-  екі  жақты  процесс.Отбасында    ата-ана    берген  тәрбиені 

балабақшада тәрбиеші әрі қарай дамыту тиіс. 

Баланың 


өмірге 

белсенді 

көзқарасының 

бағыты 


ата-анасы 

арқылы 


тәрбиеленеді.Тәрбиешінің 

міндеті 


 

балалармен 

мазмұнды,жан-жақты 

іс-


әрекетінде,айналадағы 

құбылыстармен 

танысу 

кезінде,балаларға 



арналған 

шығармаларымен,суретші  туындыларымен  танысу  негізінде  іске  асырылады.Мұндай 

мақсатқа  бағытталған  жұмыс  еңбек  сүйгіштікке,ізгілікке,ұжымдық  пен  паротизм 

бастамасына тәрбиелеуге,көп дүниені өз қолымен жасай алуды және жасаған  дүниеге  қуана 

білуді  дамытуға,үлкендер  еңбегінің  нәтижесін  бағалауға  тәрбиелеуге  мүмкіндік 

жасайды.Сонымен қатар,балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу,бірге ойнау,бір 

нәрсемен  шұғылдану,ортақ  мақсат  қою  және  оны  жүзеге  асыру  ісіне  өздері  қатысуға 

талпыныс пайда болады.Мұның бәрі баланың өмірге деген белсенді ұстанымын бірте-бірте 

қалыптастырады. 

Әр баланың бойында адамгершілік,патриоттық сезімдерін дамыту бүгінгі күннің және 

алдағы күндердің  талабаы,оған ата-ананың және педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап 

етіледі. 

Мектепке  дейінгі  жастағы  баланың  рухани-адамгершілік,патриоттық  сезімдерін 

дамыту балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайые 

ойдағыдай жүзеге асады. 

Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта 

әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.   

Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, 

мәдениетті,  парасатты,  ар-ожданы  мол,  еңбекқор,  іскер,  бойында  басқа  да  игі  қасиеттер 

қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат 

беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры 

бар рухани азық«, деп атап көрсеткен.       

 Ендеше  барлық  жақсы  қасиеттер    бала  бойына  ертегілер,әртүрлі  ойындар,қызықты 

қойылымдар  арқылы  беріледі.Сонымен  бірге,мақал-мәтелдер,жұмбақ,айтыс,өлеңдер  де 

адамгершілік  тәрбиенің  арқауы  болып  табылады.    Балабақшада  өтілетін  әрбір  оқу    іс-

әрекеттерінің    балаларды  адамгершілікке  тәрбиелеуде    өзіндік  орны  бар.Мысалы,Балалар 

әдебиетімен  таныстыру,Тіл  дамыту,Қоршаған  ортамен  таныстыру  оқу  іс-әрекеттерін  де 

өлең,тақпақтар,ертігілер  оқып беру арқылы әртүрлі дидактикалық,сюжетті рөлді,қимылды 

ойындар  арқылы  баланың    бойында  адамгершілікк,патриоттық  сезімдерін  оятады.  Қалай? 

Өйткені  қай  оқу  іс-әрекеті      болмасын  әрбір  тақырыпты  өткенде,кез-келген    ойындарды 

ойнатқанда да халықтық  педагогика эементтерін  пайдаланасың.Мәселен,жай ғана баланы 

тәртіпке  шақыру,  бір-біріңнің  сөзін тыңдау  керек,  қыз  балаларды  ренжітпеңдер,  үлде  ата-

ананалырыңды  тыңдаңдар,үлкендерді  силаңдар  деген  сияқты  сөздер  отбасында  болсын, 

балабақшада  болсын  күнде  қайталанады.  Баланыың    бойында  адамгершілік,  патриоттық 

сезімдер  жинақталып,дамиды.Сонымен  қатар,ашық  оқу  іс-әрекеттерінің,мерекелік 

ертеңгіліктердің,ойын-сауықтардың 

да 

пайдасы 


зор.Балабақшадағы 

әр 


ертеңгіліктердің,ойын-сауықтардың да жасалынады.Мысалы,«Әке көрген оқ  жанар»,«Бала 

отбасымен  бірге»,«Қыз  сыны»сайыстары  өйткізіледі.Ата-ананы  баланың  баланың 

балабақшады  өміріне    қатыстыра  білу,әке-шешесі  баланы  жақсы  көретіндіктерін  сезіндіре 

білу,қыз балаларды әдемілікке,сипайылыққа үйрету.Міне,осының бәрі бала бойында  жақсы 

қасиеттердің пайда болуына көмектеседі. 

Жоғарыда 

айтып 

өткендей,әсіресе,баланың 



бойында 

инабаттылық,мейірімділік,парасаттылық  қасиеттерін    ауыз  әдебиеті  арқылы  дамыту 

маңызды орын алады

Бала тәрбиесі-бұл өмір тынысы және тарихи ұғым.  «Бала тәрбиесі  -бесіктен»деп көп 

айтылғанымен  соңғы  жылдары  бала    тәрбиесіне  жеткілікті  назар  аударылмай  келгендігі 

баршамызға  аян.Соның  нәтижесінде  адамдар  арасында  мейірімділік,адамгершілік  пен 

имандылық азайып,қатігездік орын алды деуге болады. 


660 

 

660 



 

Өмірге  келген  баланы  қуанышпен  қарсы  алып  «Шілдехана»өткізу,ат  қою,тұсауын 

кесу,туған күнін  атап өту-әрбір отбасы үшін үлкен қуаныш. 

«Тәрбие 


негізі-ұлттық 

 

әдет 



ғұрыпта», 

мақсаты 


баланың 

 

денсаулығын 



нығайту,кішіпейілдікке, имандылыққа,  парасаттылыққа , табиғатты аялай  білге бағыттау. 

Ғұлама  жазушы    М.Әуезов:  «Ел  болам  десең,  бесігіңді  түзе!»деген  ұлағатты  сөзінің 

мағынсына ой салсақ,тәрбие ұрпақты дүниеге келтіруден басталады. Қазақ халқының бала 

тәрбиесі нәресте ана құрсағында жатқан  кезден басталады.Себебі  өз болашағына немқұралы 

қарайтын,сәбидің  дүниеге  жарымжан    болып  келмеуін  қаламайтын  халық  алдын-ала 

сақтандыру әрекеттерін жасаған. 

Ата-ана  үшін баланың бәрі  тәтті,бәрі бірдей.Ешкім баласын  жаман  болсын демейді. 

Кей  ата-ана  баласы  үшін  жанын  құрбан  етуге  бар  десек      артық  емес.Бірақ  ешбір  бала  

өздігінен адам бола  қалмайды. Болашақ азаматтың адамгершілігі мол болып өсу үшін халық 

ауыз  әдебиетінің  маңызы  зор.Бұрынғы  кездері    аталарды,әжелері  немерелерін  тізелеріне  

отырғызып әңгіме тыңдататын.Мұндай балалардың тілі  ерте шығып,ой өрісі дамып.сөздік 

қоры молая түсетін.Әлі күнге  дейін ауылдық жерлерде балабақша  бола тұрса  да,балалар 

көбінесе  ата-әжелерінің  қолында  тәрбиеленеді.  Ондай  балалар  көп    жағдайда  инабатты, 

түсінігі,мәдениеті мол болып келеді,тіпті тілі де тез дамиды. 

«Жұмыла 

көтерген 

жүк 

жеңіл»-демекші 



отбасы,балабақша,ата-ана,жұртшылық 

бірлесе,тәрбие  жұмысын  мақсатты  жүргізсе,халқын,дәстүрін  сыйлайтын  азаматтарды 

тәрбиелеу  ісін  жүзеге  асыруда  мақсатқа  жетілуге  болады.Бала  қашан  да  балалығын 

көрсетпей тұрмайды,сондықтан оларға әрдайым ата-ана ,тәрбиешілер тарапынан қамқорлық 

аадау қажет. 

«Ұлды тәрбиелей отырып,жердің иесін тәрбиелейміз,Қызды тәрбиелей отырып,ұлттың 

иесін  тәрбиелейміз,Қызды  тәрбиелей  отырып,ұлттың  иесін    тәрбиелейміз-деген  Платон 

данышпаның даналық пікірі адамзаттың арманындай ,ұранындай естіледі.Бала тәрбиесі ұлт 

тәрбиесіне  негізделеді.Бала  тәрбиесі  ұлт  тәрбиесіне  негізгелген.Әр  ұлттың  өзіндік 

дүниетанымы,өзіндік  әдептілік  пен    қағидаларының  тәртіп  жүйесі  бар.Әрбір  перзенке  өз 

ұлтының  тілі  мен  тәлімін  ардақтау  парыз.Баланың  табиғатын  және  оны  түсініп  қабылдау 

ерекшеліктрін жөнінде Ыбырай Алтынсарин былай деген: 

«Балалар сөйлескенде ашуланбай,жұмсақ сөйлеуі,шыдамдылық етуі керек,әрбір нәрсені  де 

ықыласпен  түсінікті  етіп  түсіндіру  керек.Кім  баласын  әдептілікке,кітап  оқуға,білім 

алуға,қайырымды-мейірімді 

болуға 


тәрбиелейміз 

дейсіз.Қоғамда 

адамгершілік,мәдениет,рухани  қасиеттер  мол  болса,бала  тәрбиесі  соғұрлым  жемісті 

болады». 

Тәрбиеде  басты    назар  аударатын  мәселе-адамгершілік.Оның  өлшемі  әрқайсысымыздың 

мәдениеті.«Тәрбие-қандай  да    болса  да  бір  жан  иесіне  азық  беріп,соның  өсуіне  көмек 

көрсету»-деген  Мағжан  Жұмабаев.Сондықтан.адам  өмірінің  «алтын  бесігі»-халқымыздың 

әдептілік,инабаттылық,мейірімділік  ,қайырымдылық,ізгеттілік,қонақжайлылық  қасиеттерін 

жас  ұрпақтың  бойына  сіңіру  үшін  әрбір  тәрбиеші,ұстаз    халық  педагогикасын,салт-

дәстүрін,әдеп-ғұрыптарды жақсы біліп,рухани бай,жаны таза адам болу керек. 

Сонда  ғана  бала  тәрбиесінде  мінез  құлқы  жетілген  саналы  адам  қалыптасады.Жаңа  

заманның талабына сай тәрбиелі де білімді бала,яғни ұрпақ өсіреміз. 

Адамгершілік  тақырыбы-мәңгілік.Ол  ешқашан  ескірмек  емес.Жас  ұрпақтың  бойына 

адамгершілік    қасиеттерді  сіңіру-ата-ана  мен  мектепке  дейінгі  мекемедегі  педагогтардың 

басты міндеті.Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер.Адамгершіліктің қайнар бұлағы-

халқында,отбасында,олардың өнерлерінде,әдет-ғұрпында.Әр адам адамгершілікті күнделікті 

тұрмыс тіршілігінен,өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. 

Көрнекті педагог В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек,ол бала 

солай  бола  алады»-дейді.Демек,шәкіртке  жан-жақсы    терең  білім  беріп,оның  жүрегіне 

адамгершіліктің асыл  қасиеттерін үздіксіз ұялат білсек,ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік 

көзқарасының қалыптасуына,айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. 


661 

 

661 



 

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы-өзінің 

ісін,өмірін жалғастыратын салауатты,саналы ұрпақ тәрбиелеу. 

Ұрпақ  тәрбиесі-келешек  қоғам  тәрбиесі.Сол  келешек  қоғам  иелерін  жан-жақты 

жетілген,ақыл-парасаты  мол,  мәдени-ғылыми    өрісі  озық  етіп  тәрбиелеу-біздің  де  қоғам 

алдындағы борышымыз. 

Тұлғаны  жан-жақты  үйлесімді    адамгершілікке  тәрбиелеу  саласының  бірі-құқықтық 

тәрбие.Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдары аса жауапкершілікпен орыдап 

отыруы  талаптарымен  тығыз  байланысты.Әсіресе,оның  елімізде  жүріп  жатқан 

жариялық,құқықтық  және  зайырлы  қоғам  орнату  процесімен    аланысының  маңызы 

ерекше.Ол  үшін  адамзаттық  сан  ғасыр  уақытта  жасап  шығарған  жалпы  адамзаттық 

негізіндегі  моральдық  нормаларын    қоғамның  әрбір  өскелең  жастарының  сана-

сезімімен,күнделікті    мінез-құлықтарына  қалыптастыру  қажет.Бұл  талапты  іс  жүзіне 

асыру,әсіресе  елдің  әлеуметтік-экономикалық    жағдайын  дамыту    кезіңінде,ең  бірінші 

кезекте  құқықтық  сананы  тәрбиелеу  мен  мемлекеттік  заңдарды  жетілдіру  процесінде  

жандандыру айырықша міндетті іс. 

Бүгінде  оқушылармен  жүргізілетін  құқықтық    тәрбиенің  мазмұнын  айқындауда 

А.С.Макаренко,В.А.Сухомлинский  «қандай  да  бір  құқықтық  тәрбие  болмасын,егер  ол 

белгілі 

бір 


мақсатпен 

ұйымдастырылып 

жеке 

адамның 


мақтаждығына 

негізделсе,екіншіден,ұжымдық  жұмыстарға  оқушылар  шаруашылықпен  қатысса,соғұрлым 

алдыңғы  буын  ағалардың  әлеуметтік-құқықтық  жетістіктерін.тәжірибелерін  қабылдап,өз 

мінез-құлықтарына  қалыптастырады»  деп  осы  мәселеге  қатысты  айтқан  пікірлеріне  кең 

түрде басшылыққа алудың маңызы ерекше. 

Балалардың  мінез-құлқының  нормадан,шамадан    ауытқуына  түрлі  жағдайлар  себеп 

болады.Олардың  ішінде  ең  бастысының  жаман-жақсы  қасиеттерінің  негізі  отбасынан 

басталады.Сондықтан  да,балалардың  өнеге  алып  үлгі  тұтары-ең  алдымен  өздерінің  та-

аналары. 

А.С.Макаренко  сөзімен  айтқандай,«Тәлім-тәрбие,кең    түрде  алғанда  әлеметтік 

процесс».Адамдар  да,заттар  да  тәрбиеленеді.Дегенмен,адамдардың  үлес  салмағы 

басым.Солардың  ішінде  ата-аналар  мен  тәрбиені  нәтижелі  ұйымдастыру  үшін,отбасы 

жағдайн жан-жақты танып білу қажет.Бүгінгі таңда бұл  жұіндеемыс табысы жүргзіледі деп 

айту  қиын.Соның  нәтижесінде  балаларың  мінезіндегі  кейбір  ауытқулары  мұғалімдер 

тарапынан дер кезінде байқалмауы,түбінде орны толмас үлкен өкініштерге әкеліп тірейтіні 

даусыз мәселе. 

Балалардың ата-аналары қонақта болады немесе өздері қонақ шақырады.Осының бәрі 

ішімдіксіз өтпейді,дастарханға  ішімдікті самсытып қоядыАл,жастардың қайсысы болмасын 

ересектерге еліктейді.Өздерін ересектерше ұстайды,ересектерше әрекет жасауды қалады.Ең 

қауіптісі сол-бала көргенін істеп,ішімдікке бой ұрады. 

Ата-аналар тағы басқа да ішімдікке салынған адамдардың отбасында  күнде жан-жал,төбелес 

болғандықтан 

балаларды 

дұрыс 


тәрбиелеу 

мен 


оқытуға 

ешқандац 

жағдай 

болмайды.Керісінше,мұндай  бүлінген  отбасында  балалардың  өздері  ішімдікпен  әуес  бола 



бастайды. 

 

       Адамгершілік тәрбие оқу-тәрбие үрдісінің барлық салаларында, яғни оқыту, білім беру 



барысында және еңбек үрдісінде жүзеге асырылады. 

Адамгершілік жағынан қалыптасуы оның өмірге келген күнінен басталады. Мектепке дейінгі 

жаста  баланың  бастапқы  адамгершілік  сезімдері  мен  ұғымдары,  мінез-құлықтың  ең 

қарапайым  дағдылары  қалыптасады.  Баланың  мектеп  жасына  дейінгі  қалыптасқан  мінез-

құлықтары келешекте ересек адамдармен және құрбы-құрдастармен қарым-қатынастарында 

көзге түседі. 

Балалардың  мінез-құлқы  мен  тәртібін  тәрбиелеу  үшін  бағдарламалық  тәрбие 

міндеттеріне, олардың күші мен мүмкіндігімен сәйкестендірілген қолайлы жағдай тудыруға 

назар  аудару  қажет.  Балабақшадағы  заттарды  пайдалану  мен  оларды  күтіп  ұстаудың, 


662 

 

662 



 

сақтаудың берік тәртібі, өзін қоршаған ортаның ұйымдастырылған өмір ағымы, айналадағы 

заттардың реттілігі болуы керек. 

Балабақшадағы  ұйымшылдық,  реттілік,  тәртіптілік  оларды  жақсы  дағдыларға  тез 

қалыптастырады.  Себебі,  балалардың  тәтібіне  педагогикалық  әсер  ету  ғана  емес,  өзін 

қоршаған ортаның жинақылығы, балабақшадағы жұмыстың дұрыс жолға қойылуы да тиімді 

әсер етеді.  

Баланың тәртібіне белгілі талаптар қою олардың орындалуын бақылаумен ұштасады. 

Бақылаудың әлсіреуі балаға тәртіп бұздырады. Талап пен бақылау тәрбиешінің берген бағасы 

арқылы  бекітіледі,  ол  балалардың  іс-әрекетінің  қайсысы  дұрыс,  қайсысы  бұрыс  екенін 

тануға, тәртіп ережелерін игеруге мүмкіндік жасайды.  

Мектепке  дейінгі  жылдарда  бала  ересектердің  жетекшілігімен  жақын  адамдарымен, 

құрдастарымен,  заттармен,  табиғатпен  қарым-қатынас  жасаудың,  тәлім-тәрбие  алудың 

бастапқы  тәжірибесіне  ие  болады.  Балалардың  іс-әрекеттерін  басқара  отырып,  тәрбиеші 

олардың бойында Отанын сүю, айналадағыларға ықыласпен қарау, шамасы келгенше оларға 

көмектесуге  ұмтылу,  дербес  іс-әрекетте  белсенділік  және  белгілі  бір  іске  бастама 

(инициатива) көрсету сияқты адамның маңызды сипаттарын қалыптастырады. Дұрыс тәрбие 

балаларда  теріс  тәжірибе  көбеюіне  жол  бермейді,  баланың  адамгершілік  сапасының 

қалыптасуына қолайсыз әсер ететін мінез-құлықтағы теріс дағдылар мен әдеттердің дамуына 

кедергі жасайды.  

Үлкендермен қарым-қатынас жасау процесінде оларға үйір болу, оларды жақсы көру 

сезімі,  олардың  нұсқауларына  сай  әрекет  жасауға,  оларды  қуантуға,  жақын  адамдарын 

ренжітетін қылықтар жасамауға ұмтылу пайда болады. Бала өзінің тентектік, қателік жасаған 

кездегі  реніші  немесе  наразылықты  көргенде  толқуды  бастан  кешіреді,  ал  өзінің  жақсы 

қылықтарына  жылы  шыраймен  қараса  оған  қуанып,  жақын  адамдарының  ризашылдық 

білдіруінен рақат алады. Эмоциялық әсерлену: жақсы қылықтарына, үлкендердің мақтауына 

риза болу, өзінің орынсыз қылықтарынан: үлкендердің ескертуінен, наразылығынан ұялады, 

қапалану,  уайым  жеу  оның  адамгершілік  сезімдерін  қалыптастырудың  негізіне  айналады. 

Мектепке дейінгі шақта балада қайырымдылық, жанашырлық, қуанышқа ортақтасу сезімдері 

қалыптасады. Сезім балаларды белсенді іс-әрекетке: көмек көрсетуге, қамқорлық жасауға, 

көңіл аударуға, жұбатуға, қуантуға итермелейді. Патриоттық сезімге: туған өлкесін, Отанын 

сүюге, басқа ұлттардың адамдарын құрметтеуге тәрбиелеудің ерекше маңызы бар. Мектепке 

дейінгі  балалардың  ерекшелігі  еліктеу  қабілеттілігінің  айқын  көрінуі  болып  табылады. 

Тәрбиеші  балаларда  үлкендерге  құрмет  көрсетуді,  өз  қатарларымен  дұрыс  қарым-қатынас 

жасауды,  заттарға  ұқыпты  қарауды  білдіретін  сан  алуан  мінез-құлық  дағдыларын 

қалыптастырады. 

Бала  ата-ананың  қамқорлығы  мен  махаббатына,  олардың  қарым-қатынасы  мен 

еркеліктеріне  мұқтаж.  Ата-ананың  балаға  деген  махаббаты  мен  олардың  қамқорлығы 

баланың  да  жауапты  үн  қатуын  шақырады,  бала  ата-ананың  сөзіне  құлақ  салып,  тәрбиелі 

болып өседі. Егер бала махаббат пен қамқормен бөленсе, ол өзінің қандай екеніне қарамастан 

жақсы  көретінін,  өзгелер  үшін  қажетті  де,  сүйікті  жан  екенін  түсінсе,  ол  өзін  қорғанған, 

біреуге  қажеттілігін  түсінеді.  Осының  бәрі  оның  мейірбан  болып  өсуіне  жақсы  ықпалын 

тигізеді. 

Адамгершілік  тәрбиесінің  маңызды  заңдылығы  балаларды  ұжымда  тәрбиелеу 

заңдылығы.  Ұжым  –  бұл  баланың  жеке  басын  қоғамдық  бағытта  қалыптастыру  мектебі. 

Мұнда  оның  жеке  қасиеті,  қабілеттілігі  және  адамгершілік  сапалары  неғұрлым  айқын 

көрінеді.  Адамның  адамгершілік  тазалығы  ең  алдымен  оның  әрекетінде  көрініс  табады. 

Ұжымда бала өзінің білімін, айналадағы дүниеге, іс-әрекетке көзқарасын: көмек көрсетуге, 

нәтиже  шығаруға,  құрбыларына  қамқорлық  жасауға,  рахымдылыққа,  қарапайымдылыққа, 

еңбек  етуге  ұмтылуын  көрсете  алады.  Ұжымда  тәрбиелеу  заңдылығы  тәрбиешілерді  әр 

баланың мінез-құлқына ізгі ықпал жасауы үшін балаларды бірлесіп қызмет жүргізудің алуан 

түрлеріне  біріктіруді  міндеттейді.  Бұл  заңдылықты  іс  жүзінде  қолдану  тәрбиешінің 

мейірімділікті  балалардың  жеке  ерекшеліктерін,  адамгершілік  тәжірибесін,  дамуы  мен 


663 

 

663 



 

мүмкіншіліктерін ескере отырып талап қоя білумен ұштастыра білуінен көрінеді. Мұның өзі 

олардың  ұсыныстарын, идеялары мен ұмтылыстарын басып тастамай, адамгершілік мінез-

құлықтың,  тәртіптіліктің  негізін  қалыптастыруға,  топта  орнатылған  тәртіпті  құрметтеуге 

мүмкіндік  береді.  Өз  кезінде  тәрбиешіден  ұстамдылық,  шыдамдылық,  орынды  қатаңдық, 

тәрбиеленушілерге  құрметпен  қараушылық  талап  етіледі.  Сезімге,  санаға  және  мінез-

құлыққа ықпал жасау бірлігі заңдылығы жеке адам дамуы үдерісінің біртұтастығы ұғымынан 

туады. Ол  адамгершілік тәрбие құралдары мен әдістерін таңдап алуда кешенді  қатынасты 

талап етеді. Тәрбиелік ықпал жасаудың мазмұнын белгілей отырып, ол балада эмоциялық 

әсер  тудыра  ма,  түсінікті  бола  ма,  айналадағы  өмір  құбылыстары  туралы  белгілі  бір 

ұғымдарды,  сондай-ақ  іс-әрекет  түрткілерін  қалыптастыра  ма,  саналы  мінез-құлыққа 

тәрбиелей  ме  деген  мәселелерді  ескерген  жөн.  Балалар  бақшасында  және  жанұяда  балаға 

қойылатын талаптардың жүйелілігі, бірізділігі және бірлігі мінез-құлық дағдыларын бекем 

меңгеруді,  баланың  жеке  басының  адамгершілік  қасиеттерінің  қалыптасуын  қамтамасыз 

етеді.     

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 



1.«Отбасы және балабақша»журналы 

2.«Бала тәрбиесі»журналы 

3. Дүкенбаева Г. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. 

Алматы,1992. 

4. Нысанбаева Ә. Ой. Ақыл. Адамгершілік. Алматы,1994. 

5. Отбасында балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. Алматы,1985. 

6.Айджанова З. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің бүгінгі мәселелері  Ұлт  тағылымы-

2003-№4. 

7. Бала тәрбиесі № 2 2006 ж , № 4 2008 ж 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет