«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-



Pdf көрінісі
бет87/134
Дата03.03.2017
өлшемі13,05 Mb.
#6492
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   134

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-

ТӘСІЛДЕР 

 

Сергазиева Бибинур Коныртаевна 

 «Бәйтерек»балабақшасының   

    

Жаңа  кезеңдегі  білім  берудің  өзекті  мәселесі  жас  ұрпаққа-адамгершілік-рухани 

тәрбие  беру.  Құнды  қасиеттерге  ие  болу,  рухани  бай  адамды  қалыптастыру  оның 

туған кезінен басталуы керек.Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, 

қайырымдылық,  яғни  адамгершілік  құнды  қасиеттерді  сіңіріп,  өз-өзіне  сенімділікті 

тәрбиелеуде мектепке дейінгі оқытмен педагогтар шешуші роль атқарады.   

Қазіргі заманда  педагогика ғылымының  бір ерекшілігі - баланың тұлғалық дамуына 

бағытталған 

жаңа 


оқыту 

технологияларын 

шығаруға 

ұмтылуы. 

«Педагогикалық  технологиялар  –  бұл  білімнің  басымды  мақсаттарымен  біріктірілген  оқу 

қызметтері  мен  әдістемелердің:  оқу  –  тәрбие  процесін  ұйымдастырудың  өзара  ортақ 

тұжырымдамамен  байланысқан  міндеттерінің,  мазмұнының,  формалары  мен  әдістерінің 

күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың 

дамуына 

жағымды 


жағдайлар 

жиынтығын 

құрайды» 

Қоғамда  болып  жатқан  әлеуметтік-экономикалық  өзгерістер  мен  еліміздің  білім  беру 

саласының  әлемдік  білім  кеңістігіне  өтуі  білім  беру  саласында,  соның  ішінде  мектепке 

дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқытуға  уақыт  талабына  сай  өзгерістер  енгізуді  талап  етіп  отыр.  

Қазіргі  кезеңде  білім  ғылым    саласында  инновациялық  педагогикалық  технологиялар 

қаншалықты  маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де 

педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды.   

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі 

болып  отыр.  Сондықтан  мектепке  дейінгі  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеудің  негізгі 

мақсаты–баланың 

жеке 

басының 


қалыптасуы 

мен 


дамуы 

болып 


отыр.  

Жаңа  заман  баласы  ертеңгі  еліміздің  болашағы.  Жаңа  заман  баласын  қалыптастырып, 

дамыту  үшін,  тұлғаның  ішкі  дүниесі  мен  оның  қыр  сырын  анықтап,  мүмкіншіліктері  мен 

қабілетінің 

дамуына 

жағдай 


туғызу 

қажет.  


Әрине,  ол  үшін  мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемелерінде  балалардың  жеке  басының 

қалыптасуы  мен  дамуында  педагогтардың  педагогикалық  технологияларды  қолдана  білу 

сауаттылығынада байланысты 

Әрине,  ол  үшін  мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемелерінде  балалардың  жеке  басының 

қалыптасуы  мен  дамуында  педагогтардың  педагогикалық  технологияларды  қолдана  білу 

сауаттылығынада 

байланысты. 

Яғни,  педагогикалық  технологияны  қолдану  негізінде  келешек  ұрпақтың  еркін  дамуына, 

жан-жақты  білім  алуына,  белсенді,  шығармашыл  болуына  жағдай  жасау  қазіргі    таңдағы 

әрбір педагогтың міндеті. Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі 

білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру - басты мәселенің бірі. 

Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі 

технологиялары жасалып енгізілуде 

Білім  берудің  алғашқы  деңгейлері  балабақшадан  басталмақ.  Мақсаты  -  мектепке  дейінгі 

білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Кез келген 

оқыту  технологиясы  тәрбиешіден  терең  теориялық,  психологиялық,  педагогикалық 

әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, бабалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны 

ұғына 


білуді 

талап 


етеді. 

Қазіргі  таңда  мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемелерінде  қолданылатын  педагогикалық 

технологиялардың бірнеше түріне тоқталайық 


641 

 

641 



 

Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, 

әлеуметтендірушілік  мақсатқа  жету.  Ойын  технологиясының  ерекшелігі  ойындық  іс-

әрекеттің  психологиялық  механизмі  жеке  бастың  өзіндік  талап-талғамдарына  сүйенеді. 

Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. 

Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен 

қатар,  ойын  балаларға  өмірде  кездескен  қиыншылықтарды  жеңу  жолын  үйретіп  қана 

қоймайды, 

олардың 


ұйымдастырушылық 

қабілеттерін 

де 

қалыптастырады. 



Ойын-әлеуметтік  қызмет.  Ол  баланың  жасына  қарай  өзін  қоршаған  ортаны  танып  білуге 

құштарлығын арттырады. 

Оқытуда интерактивті кешендерді пайдалану сапалы, қызықты және оңтайлы болып келеді. 

Электрондық  мультимедиялық  бағдарламаларды  дәстүрлі  оқыту  және  педагогикалық 

инновациялармен  қатар,  оқыту  үрдісінде  үнемі  қолдану  дайындығы  әртүрлі  деңгейдегі 

балаларды  оқыту  тиімділігін  көтереді.  Бірнеше  технологиялардың    пайдаланудың  әсері, 

оқыту 

нәтижесінін 



сапасын 

күшейтеді. 

 

  

Электрондық  жүйеде  оқытуда  мультимедияны  пайдалану,  балаларға  ақпаратты  беру 



жылдамдығын,  оны  түсінуді  көтеріп  ғана  қоймай,  соңымен  қатар  мынандай  маңызды 

сапаларды интуиция, образдық ойлауын дамытады. 



Өздігінен  даму  технологиясы  (Монтессории  мектебі)  -  бұл  баланы  жан-жақты  дамыту, 

дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен  ойлау әрекетінің бірігуіне, мұнда 

оқыту  бала  дамуына  сәйкес  болуы  керек,  сонда  ғана  бала  өзін  дамыта  алады.  Итальян 

психологі М.Монтесори түсіндіруінше баланың туғаннан азамат болғанға дейін барлық өмірі 

- оның еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылады 

Дамыта  оқыту  технологиясы  -  баланы  оқыта  отырып,  дамыту.  Бала  бойында  еркіндік, 

мақсаткерлік,  ар-намыс,  мақтаныш  сезім,  дербестік,  адамгершілік,  еңбексүйгіштік, 

белсенділік 

т.б. 


қасиеттер 

дамыту. 


Сонымен  қатар,  мектепке  дейінгі  мекемелерде  инновациялық  білім  беру  құралдарын 

қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, 

компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, 

мен  оқу  әдістемелік  кешендер,  инновациялық  ақпараттық  банк,  инновациялық  сайт  және 

тағы  басқалары  жатады.  Қазіргі  таңда  көптеген  интерактивтік  бағдарламалық  бөлімдер, 

қозғалмалы  объектілер  құруға  мүмкіндік  беретін  векторлық  және  графикалық  жабдықтар 

көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды 

балабақшаларда  кеңінен  пайдалану.  Бұл  жағдайда  тәрбиеші  әр  оқу  іс-әрекеттерін  бастар 

алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы 

тәрбиеші 

уақытты 

тиімді 


және 

ұтымды 


пайдаланар 

еді. 


Бала бақша баласына мультимедиялық оқулықтар біріншіден, балалардың қызығушылығын 

арттырады,  екіншіден,  зейін  қойып  көрумен  қатар  түсінбеген  жерлерін  қайта  көруге 

мүмкіндік алады. Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған таптырмас 

құрал болып табылады. Өйткені, балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге, ойыншықтарға, 

әдемі 

суреттерге, 



әсемдікке 

әуес 


болады. 

Мультимедиялық электронды оқулықтар бала үшін де, тәрбиеші үшін де күнде дамытылып 

отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады. 

Интерактивті тақтаны пайдалану  

Оқытуда интерактивті кешендерді пайдалану сапалы, қызықты және оңтайлы болып келеді. 

Электрондық  мультимедиялық  бағдарламаларды  дәстүрлі  оқыту  және  педагогикалық 

инновациялармен  қатар,  оқыту  үрдісінде  үнемі  қолдану  дайындығы  әртүрлі  деңгейдегі 

балаларды  оқыту  тиімділігін  көтереді.  Бірнеше  технологиялардың    пайдаланудың  әсері, 


642 

 

642 



 

оқыту 


нәтижесінін 

сапасын 


күшейтеді. 

 

  



Электрондық  жүйеде  оқытуда  мультимедияны  пайдалану,  балаларға  ақпаратты  беру 

жылдамдығын,  оны  түсінуді  көтеріп  ғана  қоймай,  соңымен  қатар  мынандай  маңызды 

сапаларды 

интуиция, 

образдық 

ойлауын 


дамытады. 

Мектепке  дейінгі  мекемеде  интерактивті  тақтаны  пайдалану  тәсілдері  өте  көп.  Бұлар 

презентациялар,  интерактивті  оқыту  бағдарламалары,  графикалық,  бағдарламалық 

орталықтарда жобалар құрастыру.  



Проблемалық оқыту технологиясы- баланы өз бетімен ізденуге үйрету, танымдық және 

шығармашылық  қабілеттерін  дамыту.  Яғни,  балалардың  белсенділігі  арттыру,  оқу 

материалына    баланы  қызықтыратындай  мәселе  тудыру,  бала  материалды  сезім 

мүшелері    арқылы  ғана  қабылдап  қоймайды,  білімге  деген  қажеттілігін  қанағаттандыру 

мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады. 

       Дана халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен 

ағаш  болғанда  оны  түзете  алмайсың»  деп  бекер  айтпаған.  Сондықтан  баланың  бойына 

жастайынан  ізгілік,  мейірімділік,  қайырымдылық,  яғни  адамгершілік  құнды  қасиеттерді 

сіңіріп,  өз-өзіне  сенімділікті  тәрбиелеуде  педагогтар  шешуші  рөл  атқарады. 

Ұрпақ  тағдыры  –  ұлт  тағдыры  демекші,  ұлттың  болашағы-  оның  білімді,  талантты, 

адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтың қолында. Рухы күшті ұлт 

озады. Бұл тұрғыдан алғанда жас ұрпақтың рухани мәдениетін арттырып, көркемдік әлемін 

байытуда, дүниетанымын қалыптастыруда «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру 

бағдарламасының  орны  ерекше.Осы  жобаның  авторы  Сара  Алпысқызы  «Өмір  әдебі»  деп 

аталатын еңбегінде «Ғасырлар бойы әр елдің халықтары осы біз кімбіз,не үшін өмір сүріп, 

қайда  кетеміз,  өміріміздің  мағынасы  неде,  басты  адами  бағдарымыз  қандай  болуы  тиіс?» 

деген сауалдар төңірегінде іздене отырып , «тіршіліктің осынау мәңгілік сұрақтарына жауап 

беру үшін жалпыадамзаттық құндылықтарды қайта жандандырып, өзіміздің бастапқы қайнар 

көзімізге оралу керектігіне бір сәт те күмәнданбайтындығын» айтады 

Ұйымдастырылған  оқу  қыметің  байланыс  дүниетанымды  бір  жүйеге  келтіреді,  бірізді, 

үйлесімді  дамытады.  Білімді  жалпылау,  жалпыны  бірлікте  көру,  жалпы  тұрғыдан 

ерекшелікті таныту – әлемнің біртұтас бейнесін танытудағы бірден-бір жол. Негізгі нысаны 

–  адамды  жан-жақты  дамыту  болып  табылатын  өзін-өзі  тану  мен  денешынықтыру    өзара 

байланыса  отырып  табиғи  ортаның,  қоғамның,  әлеуметтік    ортаның  даму  заңдылықтарын 

тереңдете  танытатын  неғұрлым  ірі  интеграциялық  байланысқа  –қоғамдық  ғылымдармен 

байланысқа ұласады. 

 Мектепке  дейінгі  ұйымдарда    білім  берудің  негізгі  бағыттары  мен  бағдарлы  құндылық 

бағыттарының  ерекшеліктері:  білім  беруді  ізгілендіру,  білім  берудің  мазмұны  мен 

технологиясын жеке тұлғаға бағдарлай отырып ортақ қоғамдық құндылықтарды дамытатын 

тұлға  қалыптастыру  болып  табылады.  Алдымызда  шығармашылық  жағынан  белсенді, 

интегративті  тұлға  қалыптастыру  мақсатында  білім  мазмұнының  тұтас,  жан-жақты, 

проблемалық,  пәнаралық  байланыстарын  ашатын  технологиялар  таңдау  міндеті  тұр.  Абай 

атамыздың , «Атаның баласы болма,  адамның баласы бол!» деген үндеуін орнықтыру үшін 

шәкіртке  өзін  ғаламның  бір  бөлшегі  екенін  сезіндіріп,  оны  жалпы  адамзаттық  мәдени 

құндылықтарымен таныстырып, құрметтеуге үйретуіміз керек. 

  Біздің  қосарымыз, бүгінгі қоғамда білімнің ғаламдану салдарынан пәнаралық  байланыстың  

түрі  қалыптасты.  Ол  әлемдік  ашық  білім  кеңістігіне  байланысты  білім  мазмұнының 

«тасмалдануына» және интеграциялануына байланысты туып отыр. Яғни, елімізде ғаламдық 

интеграциялық    үрдістің  пайда  болуы  нәтижесінде  халықаралық  дәрежеде  білім  берудің 

негізі қаланып жатыр. 

Қортындлай  келсек    еліміздің  ертеңгі  болашағы  жас  ұрпақты  азаматық  пен  имандылыққа 

баулу – тәрбиенің басты міндеттерінің бірі. Сонымен қатар ата-аналар мен мектепке дейінгі 

ұйымдар  ұлттық  тәрбиеге  де  мән  бергендері  жөн.  Бұл  саладағы  күш  –  жігер  алдымен 


643 

 

643 



 

бүлдіршіндерді отандыққа тәрбиелеуге бағытталады. «Отан» деген ұғым балаға дүние есігін 

ашқан үйі , ата-анасы, ағайын туыстары, туған жері, кең – байтақ гүлжазира даласы, тау – 

тасы,  өзен  –  көлі,  сылдырап  аққан  мөлдір  бұлағы  бейнесінде  қабылданып,  ең  қасиетті  де 

құдіретті алтын бесігі ретінде үйретуге тиіспіз. 

Жас  ұрпақты  кішкентайынан  салт-дәстүрлер  рухында  баулу,  құлағына  сіңіру  әдет-

дағдысына айналдыру – парызды іс. Қазақ сөз өнерін қатты құрметтеген халық: «Жақсы сөз 

–  жарым  ырыс»,  «Жақсы  сөз  жан  семіртер.  Сонымен  қатар  балаға  «сіз»,  «рақмет», 

«кешіріңіз»,  «өтінемін»  деген  сияқты  сыпайылықты  білдіретін  сөздерді  үлкендерге  айтып 

жүруге үйрету, оған дағдыландыру ата-аналар мен тәрбиешілердің міндеті. 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ: 



1.        Қазақстан Республикасының Конституциясы.Алматы: Юрист.2007. 

2.        Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». – 

Астана, 17 қаңтар 2014. 

3.                Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  мектепке  дейінгі 

тәрбие мен оқыту стандарты. – Астана, 2010. 

4.      «Бала тәрбиесі»  журналы.  №9 2007. Балаңызбен қарым қатынасыңыз дұрыс па? 

К. Бакеева. 

 

 



МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУДІҢ  

АЛҒАШҚЫ САТЫСЫ 

 

Айгирова Бейсекуль Аманкұлқызы  

Бәйтерек балабақша 

 

Қазіргі  заманда  жас  ұрпаққа  сапалы  білім  мен  саналы  тәрбие  беру  әлеуметтік 

құрылымның  ең  маңызды  міндеттерінің  біріне  айналды.  Бала  -  болашағымыз  десек,  сол 

балаға  жүйелі  білім  беріп,  ынта  –  ықыласын  дұрыс  бақыттауды,  қабілет  -  қасиеттерін 

дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке 

дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда 

жаңашыл әдіс - тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық 

технологияларды  пайдаланудың  басты  мақсаты:  оқыту  мен  тәрбиелеуде  инноватциялық 

ойын  технологиясының  элементтерін  пайдалана  отырып,  жан  -  жақты,  білімді,  құзыретті 

тұлға  тәрбиелеу.    Қазақстан  Республикасының  2016  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 

тұжырымдамасында  «Мектепке дейінгі  тәрбие-үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол 

баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген. Әлемді білім 

кеңістігінде  мектепке  дейінгі  педагогиканың  мәселелерін  шешуде  тәрбиелеу  мен  білім 

берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттары 

қарастырылуда. Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларға мектепке 

дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балабақша бүгін де 

үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағының үлгісі болып қалап отыр. 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 

Жолдауында:  «Біздің жұмыстарымыздың білім беру саласындағы басымдықтарында бүкіл 


644 

 

644 



 

әлемдегі  сияқты  Қазақстан  мектепке  дейінгі  білім  берудің  жаңа  әдістеріне  көшу  керек»,- 

деген болатын.  

 Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте 

құштар. Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады. Яғни, балаға әлем аздап ғана 

сырын  ашса,  онда  баланың  білуге  деген  құштарлығы  арта  түседі.  Ойын–баланың  бірінші 

әрекеті,  сондықтан  да  оның  мән–мағынасы  ерекше.  Қазақ  халқының  ұлы  ойшылы  Абай 

Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», - деп айтқандай, баланың өмірінде 

ойын  ерекше  орын  алады.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  зейіні  тұрақсыз  болады. 

Оларды  біркелкі  жұмыс  тез  жалықтырады.  Сондықтан  олардың  зейінін  үнемі  қажетті 

бағытқа  аудару  үшін  ойын  түрінде  жүргізу  қажет.  Өйткені  ұйымдастырылған  оқу  іс-

әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды.  

Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Баланың қуанышы 

мен  реніші  ойында  айқын  көрінеді.  Ойын  кезіндегі  баланың  психологиялық  ерекшелігі 

мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, 

қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. 

Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын 

кезінде  қолданатын  байқауға  болады.  Ойын  айналадағы  болмысты  бейнелейді.  Ойын 

барысында  балалар  дүниені  тани  бастайды,  өзінің  күш  жігерін  жұмсап,  сезімін  білдіруге 

мүмкіндік  алады,  адамдармен  араласуға  үйренеді.  Ойын  арқылы  оқытудың  арқасында 

дидактикалық  ойын  пайда  болды.  Берілген  ойындарды  қолдану  іс-әрекеттің  әсерлігін 

арттырып,  балалардың  логикалық  ойлауын,  математикалық  қабілеттерін  дамытады.  Бұл 

ойындарды 

тәрбиешінің 

шығармашылықпен 

түрлендіре 

отырып, 

балалардың 

психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды 

қайталағанда,  білімді  тиянақтау  кезінде  іс-әрекеттің  мазмұнына  сай  пайдалануға  болады. 

Сондықтан,  бұндай  ойындар  ойнау  балалардың  ойлау,  қабылдау,  еліктеу  қабілеті  және 

заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата білуін дамыта түсу үшін өте қажет.    

   Эстетикалық  тәрбиенің  басты  мақсаты-оқушылардың  шығармашылық-эстетикалық 

мәдениетін  ынта-ықыластарына  қарай  қалыптастыру.  Жеке  тұлғаның  өнерді,  табиғатты, 

адамгершілік қасиеттерді сыйлап өсуіне жағдай жасау. Адамның сұлулық сезімдері олардың 

өмірінде  зор  рөл  атқарады.  Әсемділікті  көре,  түсіне,  жасай  білу  адамның  рухани  өмірін 

байытады.    Балабақшаның  эстетикалық  тәрбие  жүйесінде  мерекелік  ертеңгіліктер  ерекше 

орын алады. Олар бала сезіміне әсер ету құралы ретінде өнер мен көркемдк іс-әрекеттерінің 

түрлерін біріктіреді 

Білім  беру  үрдісін  технологияландыру  педагогтардың  балалар  әрекеттерін 

ұйымдастыру  мен  мектепке  дейінгі  білім  берудің  сапасына  оң  әсер  етеді.  Қазіргі заманғы 

педагогтардың  инновациялық  технологияларды  білуі  уақыт  талабы.  Балабақшадағы 

инновацияға не жатады?  

Инновациялық іс - әрекеттің үш кезеңін атап көрсетуге болады. Бірінші кезеңде педагог 

жаңалықтың қажеттілігін дәлелдеу  арқылы жаңалық туралы  ақпарат  жинайды, одан кейін 

әртүрлі жаңалықтың ішінен қажетті  жаңалықты таңдап алып, оны қолдану туралы шешім 

қабылдайды. Тәрбиеші инновациялық іс-әрекеттің екінші кезеңіне көшеді, яғни іске асыру 

кезеңдерін зерттеп, енгізу жоспарын құрып, жаңалықты қолданады. Бұл кезеңде педагог оқу–

тәрбие процесіне, жаңалықты енгізуіне кедергі жасап отырған факторларды ескере отырып, 

өзгерістер  енгізеді,  жаңалықты  уақыты  мерзіміне  байланысты  жұмыстарды  өткізеді. 

Жаңалықты  енгізу  уақыты  аяқталғаннан  кейін  инновациялық  іс-  әрекет  үшінші  кезеңіне 

өтеді. Бұл кезеңде тәрбиеші жаңашыл тұрғыда ұйымдастырылған оқу–тәрбие жұмысының 

нәтижесін  көтеруге  жасаған  ықпалын  анықтайды,  жаңалықтың  оқу  –  тәрбие  жұмысына 

нәтижелі  енгізу  шарттарын  белгілеп,  оны  таратуға  ұсынады.  Оқытудың  инновациялық 

жүйесі білім, оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана білу іскерлігі қалыптасуы 

керек.  Қазақстанның  бүгінгі  білім  беру  жүйесінде  жаңа  инновациялық  бағытты  игерген, 

нақты  тәжірибелік  іс-әрекетте  өзіндік  даңғыл  жолсалуға  икемді,  шығармашыл,  зерттеуші 


645 

 

645 



 

педагогтар аса қажет. Дәл осы сипаттағы педагогтың ең алдымен инновация туралы түсінігі 

болуы қажет.  

Қазіргі  педагогикадағы  инновация  -  білім  беру,  тәрбиелеу  жұмысына  жаңалықты 

енгізу,  яғни  жаңа  әдіс-тәсілдерді  амалдарды,  құралдарды,  жаңа  тұжырымдарды  жасап, 

оларды қолдану ретінде анықталады. Инновация құрал мен процесс ретінде қандай да бір 

жаңалық  ендіру  жұмыстарын  көздейді.    Инновациялық  білім  беру  құралдарына:  аудио, 

видео,  құралдар,  компьютер,  интерактивті  тақта,  интернет,  мультимедиялық  құрал, 

электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер жатады.  

Инновацияға деген қажеттілік қандай да бір мәселені шешу жолында туындайды Бірақ 

жаңашылдықты  дайындау  және  ұйымдастыру  барысында  өзіне  нақты  міндет  алуы  тиіс, 

өйткені  кез  келген  педагогикалық  бастаманың  нысаны  бала  екенін  ұмытпаған  жөн.  Оң 

нәтиже  алу  үшін  келесі  шарттарды  ұстанған  жөн.  Бірінші  –  инновацияны  енгізуге  деген 

мотивациялық  жағдай,  жаңа  іс-әрекетті  қабылдауға,  әрі  қарай  меңгеруге  деген  себеп-

салдардың  туындауы.  Екінші  –  инновациялық  іс-әрекетке  дайындық  –  бұл  құзыреттілікті 

қалыптастыру деген сөз. Осы құзыреттілік ақпаратты қабылдау, жеткізу және оны шынайы 

бағалаудан тұрады.  

Дидактикалық  ойындар–логикалық  ойлауын,  математикалық  қабілеттерін  дамыту. 

Дидактикалық  ойындарда  міндетті  түрде  екі  бала  қатысатын  ойындар  түрін  пайдаланған 

тиімді. Ойын арқылы оқыту үшін дидактикалық ойындар құрылған. Балаларға тапсырмалар 

ойын түрінде беріледі, бұл дидактикалық ойындардың негізгі ерекшеліктері. Балалар ойнау 

арқылы  белгілі  бір  білім,  білік,  дағдыларды  және  ойын  әрекеттерін  меңгереді.  Әр 

дидактикалық ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады. 

 Санға байланысты  санамақ, жаңылтпаштар,  жұмбақтар–балалардың сандарды танып 

білуін, тілдерін жаттықтыру, есте сақтауын, ойлау қабілеттерін дамыту.  

 Математикалық  сергіту  сәттері–кеңістікті  бағдарлау,  қимыл  қозғалысты  дамыту. 

Құралда  дидактикалық  ойындар  мазмұны,  ойынды  ұйымдастырудың  әдіс–тәсілдері 

көрсетілген. Олар балалардың зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін, 

тапқырлығын дамытуға, математикалық білімдерін, икемділіктері мен дағдыларын, заттарды 

түсі, өлшемі, пішіні бойынша топтастыруға, салыстыруға, ажыратуға, кеңістік пен уақытты 

бағдарлауға  үйрету.  Балалардың  логикалық  ойлау,  қабылдау,  есте  сақтау  қабілеттерін, 

зейінін, қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған. 

 Балабақшада қолдануға тиымды технологиялар: 

 ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы. 

Тәй - тәй технологиясы 

 Монтессори технологиясы 

Зайцев технологиясы 

 Дамыта оқыту технологиясы 

Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті оқу материалдарын балаға дайын күйінде 

емес, баламен бірлесіп, жалпы іс - әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді 

түсіндіру сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу. 

Ой толғаныс,Ассоциация,Салыстыру, Раунд – Робин,Топтау әдісі 

 Ой толғаныс әдісі немесе психология тілінде «Миға шабуыл» деп те аталады. Бұл әдіс 

көбіне ұйымдластырылған оқу іс - әрекетінің тақырыбын ашуда қолданылады. Мыс: Жұмбақ 

шешу, сөзжұмбақ, суретті ребустар арқылы. 

 Ассоциация әдісі. Бұл әдісте берілген тақырып бойынша балаларда қандай ой туады 

соның барлығы сол сөздің жан - жағына жазылады.  

 

ЖАЛПЫ ОТБАСЫ



: Ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні 

 Салыстыру  әдісі.  Бұл  әдісте  балалар  объектілер  арасындағы  ұқсастық  пен 

айырмашылықты  анықтайды.  Мысалы:  Алма  және  қызанақтың  ұқсастығы  мен 

айырмашылығы 

 Раунд  -  Робин  әдісі.  Бұл  әдіс  өткен  немесе  жаңа  тақырыпты  бекіту  үшін  қолайлы 

тәсілдердің бірі. Мұнда әр бала берілген тақырып туралы не біледі. Бір сөйлем немесе сөз 



646 

 

646 



 

тіркесі арқылы бірінің айтқанын бірі қайталамай түгел айтып шығуы тиіс. Мыс:  «Гүлдер» 

тақырыбында пішіні қандай, исі,досымызға сыйлау т.б  

Топтау әдісі. Топтау әдісінде балаларды деңгейлеріне қарай бірнеше топқа бөледі де, 

өздері орындай алатындай топтық тапсырма беріледі. Мыс: «Пішіндер» тақырыбын өткенде 

І  топ  –  Үлестірмелі  картадағы  бейнеленген  суреттерден  геометриялық  пішіндерді 

тауып, көрсету, атын атау. 

ІІ топ - Жіпті пайдалана отырып әртүрлі пішіндерді жасау. 

ІІІ топ - Санағыштан үшбұрыш пен төртбұрышты құрастыру. 

Дамыта оқытудың нәтижелі болуы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы жаңаша 

қарым  -  қатынас  арқылы  ғана  өз  жемісін  береді.  Бүгінгі  күн  бәсекелестікпен  жоғарғы 

технологияның, ғылым мен білімнің заманы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет