«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ



Pdf көрінісі
бет86/134
Дата03.03.2017
өлшемі13,05 Mb.
#6492
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   134

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ 

 

Тажкей Айнаш Маратовна 



КМҚК «Алпамыс» балабақшасы 

 

 



«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақтың 

тағдыры ұстаздардың қолында» 

    Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі -баланың тұлғалық дамуына 

бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. 

«Педагогикалық  технологиялар-  бұл  білімнің  басымды  мақсаттарымен  біріктірілген 

пәндер  мен  әдістемелердің:  оқу  -  тәрбие  процесін  ұйымдастырудың  өзара  ортақ 

тұжырымдамамен  байланысқан  міндеттерінің,  мазмұнының  формарлары  мен  әдістірінің 

күрделі ашық жүйелері» . 

     Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру 

саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында соның ішінде мектепке дейінгі 

тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.  

     Қазіргі кезеңде білім ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар 

қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де 

педагогикалық  технологиялар  ұғымы  кеңінен  қолданылатын  ұғымдардың  біріне  айналды. 

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселсі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі 

болып  отыр.  Сондықтан  мектепке  дейінгі  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеудің  негізгі 

мақсаты- баланың жеке басының қалыптастыруы мен дамуы болып отыр. Жаңа заман баласы 

ертеңгі еліміздің болшағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып дамыту үшін тұлғаның ішкі 

дүниесімен  оның  қыр  сырын  анықтап  мүмкіншіліктерімен  қабілетінің  дамуына  жағдай 

туғызу қажет. Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке 

басының  қалыптасуы  мен  дамуында  педагогтардың  педагогикалық  технологияларды 

қолдана  білу  сауаттылығында  байланысты.  Яғни  педагогикалық  технологияны  қолдану 

негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына жан- жақты білім алуына белсенді шығармашыл 

болуына  жағдай  жасау  қазіргі  таңдағы  әр  бір  педагогтың  міндеті. Қоғамдағы  қазіргі  даму 

кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін 

технологияландыру  -  басты  мәселенің  бірі.  Осыған  орай  мектепке  дейінгі  мекемелердің 

тәжірибесіне  окыту  мен  тәрбиелеудің  әр  түрлі  технологиялры  жасалып  енгізулуде.  Әрине 

мұндайда педагогикалық технологияға анықтама берген   ғалымдардың бірін атап өтсек те 

болады.  Олар:  В.П.  Беспалько,  В.М.  Кларин,  П.И.  Третьчков,  И.П.Сенновский, 

Г.А.Монахова, М.А.Чошанов т.б. өз еңбектерінде қарастарып өткен. Білім беру жүйесінде 

педагогикалық  технологияны қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім 

алуына,  белсенді  шығармашыл  болуына  жағдай  жасау  әрбір  педагогтың  міндеті  болып 


631 

 

631 



 

табылады.  

    Білім  беру  жүйесінде    қолданылып  жүрген  педагогикалық  проблемалық  оқыту, 

модульдік  оқыту,  тірек  сигналдар  арқылы  оқыту,  дамыта  оқыту,  түсіндіре  басқарып  оза 

оқыту,  өздігінен  оқыту,  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту,  оқытудың  компютерлік 

тхнологиясы, бағдарламалап оқыту,деңгейлеп оқыту т.б.  

    Білім берудің алғашқы дегейлері балабақшадан басталмақ. Мақсаты мектепке дейінгі 

білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Кез келген  

оқыту 

технологиясы 



тәрбиешіден 

терең 


 

теориялық 

психологиялық,педагогикалық,әдістемелік  білімді,  педагогикалық  шеберлікті,  балалардың 

жан  дүниесінде  терең үніліп  оны  ұғына  білуді  талап  етеді.  Қазіргі таңда  мектепке  дейінгі 

білім беру мекемелерінде қолданылатын педагогикалық технологиялардың бірнеше түріне 

тоқталайық. 



    Ойын  арқылы  оқыту  технологиясының  мақсаты  дидактикалық  тәрбиелік, 

дамытушылық,  әлеметтендірушілік  мақсатқа  жету.  Ойын  технологиясының  ерекшігі 

ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизімі жеке бастың өзіндік талап -талғамдарына 

сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді 

көздейді. Ойын - балалар үшін оқу да,еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. 

Сонымен  қатар,  ойын  балаларға  өмірде  кездескен  қиыншылықтарды  жеңу  жолын  үйретіп 

қана  қоймайды,  олардың  ұйымдастырушылық  қабілеттерін  де  қалыптастырады.  Ойын  -

әлеуметтік  қызмет.  Ол  баланың  жасына  қарай  өзін  қоршаған  ортаны  танып  білуге 

құштарлығын арттырады.  

    Дамыта  оқыту  технологиясы  -  баланы  оқыта  отырып,  дамыту.  Бала  бойында 

еркіндік,мақсаткерлік, ар - намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, 

белсенділік  т.б.  қасиеттерін    дамыту.  Сонымен  қатар  мекетепке  дейінгі  мекемелерде 

инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру 

құралдарына:  аудио,  видио,  құралдар,  компьютер,  интерактивті  тақта,  интернет, 

мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен әдістемелік кешендер, инновациялық 

ақпарпараттық банк,инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген 

интерактивтік  бағдарламалық  білімдер,  қозғалмалы  объектілер  құруға  мүмкіндік  беретін 

векторлық  және  графикалық  жабдықтар  көптеп  шығып,  қолданыс  табуда.  Осындай 

құралдардың  бірі  мультимедиялық  оқулықтарды  балабақшаларда  кеңінен  пайдалану.  Бұл 

жағдайда тәрбиеші әр оқу іс - әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған 

болар еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды 

пайдаланар  еді.  Бала  бақша  баласына  мультимедилық  оқулықтар  біріншіден,  балалардың 

қызығушылығын  арттырады,  екіншіден  зейін  қойып  көрумен  қатар  түсінбеген  жерлерін 

қайта көруге мүмкіндік алады. Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған 

таптырмас  құрал  болып  табылады.  Өйткені  балалардың  зейіні  әр  түрлі  әдемі  түстерге, 

ойыншықтарға, суреттерге, әсемдікке әуес болады. 

   Мультимедиялық  электронды  оқытулар  бала  үшін  де,  тәрбиеші  үшін  де  күнде 

дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады. 

   Мектеп жасына дейінгі балаларға дидактиканың ойындары және оның маңызы. 

Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада не қоршап 

тұрғанын  ұғынады.  Біртіндеп  өмірден  алған  тәжірибесі  көбейеді.  Мектеп  жасына  дейінгі 

балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Бұл баланың бірнеше 

сұрақтар қоюуына әкеліп соғады. Яғни, балаға әлем аздап ғана сырын ашса, онда баланың 

білуге  деген  құштарлығы  арта  түседі.  Ойын–баланың  бірінші  әрекеті,  сондықтан  да  оның 

мән–мағынасы  ерекше.  Қазақ  халқының  ұлы  ойшылы  Абай  Құнанбаев:  «Ойын  ойнап,  ән 



632 

 

632 



 

салмай, өсер бала бола ма?», - деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  зейіні  тұрақсыз  болады.  Оларды  біркелкі  жұмыс  тез 

жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде 

жүргізу қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау 

білімнің беріктігіне негіз қалайды.  

   Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Баланың қуанышы 

мен  реніші  ойында  айқын  көрінеді.  Ойын  кезіндегі  баланың  психологиялық  ерекшелігі 

мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, 

қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. 

Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын 

кезінде қолданатынын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. барысында 

балалар  дүниені  тани  бастайды,  өзінің  күш  жігерін  жұмсап,  сезімін  білдіруге  мүмкіндік 

алады, адамдармен араласуға үйренеді. Сондықтан да ойшыл ұлы адамдар балаларды ойын 

арқылы оқыту керек деген ойға келді. Ойын арқылы оқыту, бұл ой көптеген оқытушылар мен 

тәрбиешілерді қызықтырды. Грузин педагогы Ш.А.Амонашвили ойын арқылы балаларға өте 

қиын әлемдік танымды түсіндіре білді. Ш.А.Амонашвили өз оқушыларымен ойын ойнағанда 

өзін  балалармен  бірдей  қоя  отырып,  олардың  көңіліне,  ойына,  санасына  пайдалы  ұғымды 

беріп, өз ісіне сенімді болып, қиындықтарды жеңе білуге үйретті–баланың көздерінде білімге 

деген құштарлықты байқады. Ойын арқылы оқытудың арқасында дидактикалық ойын пайда 

болды. Берілген ойындарды қолдану іс-әрекеттің әсерлігін арттырып, балалардың логикалық 

ойлауын,  математикалық  қабілеттерін  дамытады.  Бұл  ойындарды  тәрбиешінің 

шығармашылықпен  түрлендіре  отырып,  балалардың  психофизиологиялық  ерекшеліктерін 

ескеріп,  жаңа  тақырыпты  өткенде,  өтілген  материалды  қайталағанда,  білімді  тиянақтау 

кезінде іс-әрекеттің мазмұнына сай пайдалануға болады. Сондықтан, бұндай ойындар ойнау 

балалардың ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата 

білуін  дамыта  түсу  үшін  өте  қажет.    Дидактикалық  ойындарда  міндетті  түрде  екі  бала 

қатысатын  ойындар  түрін  пайдаланған  тиімді.  Ойын  арқылы  оқыту  үшін  дидактикалық 

ойындар  құрылған.  Балаларға  тапсырмалар  ойын  түрінде  беріледі,  бұл  дидактикалық 

ойындардың  негізгі  ерекшеліктері.  Балалар  ойнау  арқылы  белгілі  бір  білім,  білік, 

дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. Әр дидактикалық ойынның танымдылық және 

тәрбиелік мазмұны болады. Ұсынылып отырған баяндамада балалардың математика пәніне 

қызығушылығын арттыру мақсатында дидактикалық ойындар; қазақ ақын–жазушыларының 

санға байланысты; сергіту сәттері, не үшін ойынды ұйымдастыру керек және тәрбиешінің 

алға қойған мақсатына қалай жету деген сұрақтардың негізінде құрастырылған. Ойындардың 

тиімділігі  көп  жағдайда  тәрбиешінің  көңіл–күйіне  де  байланысты  болады.  Әр  ойынды 

өткізген кезде тәрбиешіге шығармашылық қажет.  

     Мектеп 

жасына  дейінгі  балалар  мекемелерінде  балалармен  өткізілетін 

математиканың алғашқы ұғымдарын қалыптастыру іс-әрекетте ойынның мынадай түрлерін 

пайдалануға  болады:    1)  дидактикалық  ойындар–логикалық  ойлауын,  математикалық 

қабілеттерін дамыту.  

2) санға байланысты санамақ, жаңылтпаштар, жұмбақтар–балалардың сандарды танып 

білуін, тілдерін жаттықтыру, есте сақтауын, ойлау қабілеттерін дамыту.  

3)  математикалық  сергіту  сәттері–кеңістікті  бағдарлау,  қимыл  қозғалысты  дамыту. 

Олар  балалардың  зейінін,  есте  сақтауын,  байқағыштығын,  көзбен  мөлшерлеуін, 

тапқырлығын дамытуға, математикалық білімдерін, икемділіктері мен дағдыларын, заттарды 

түсі, өлшемі, пішіні бойынша топтастыруға, салыстыруға, ажыратуға, кеңістік пен уақытты 

бағдарлауға  үйрету.  Балалардың  логикалық  ойлау,  қабылдау,  есте  сақтау  қабілеттерін, 

зейінін, қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған. Біз жоғарыда айтылған мақсаттарды 



633 

 

633 



 

шешуде  нәтижесі  ұтымды  болу  үшін  балалардың  қарапайым  математикалық  түсініктерін 

қалыптастыруда дидактикалық ойындардың топтамаларын ұсынамыз: 

            І. Дидактикалық ойындар : Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық  

             ойындар  

Мақсаты: Балаларға біреуі артық немесе кем санды тауып, атауды үйрету.  

Көрнекілік: Ою-өрнектер, геометриялық пішіндер салынған карточкалар жиынтығы, 

геометриялық пішіндер.   



Барысы: Балалар геометриялық /ұшбұрыш, шаршы, дөңгелек және с.с./ пайдаланып, 

мұғалімнің тапсырмасына үндеместен жауап беруі тиіс. Тәрбиеші тапсырма береді, балалар 

оны  орындайды.:  а/дөңгелектерден  біреуін  артық  етіп,  ұшбұрыштарды  қойыңдар  /үш 

дөңгелек  салынған  сандық  карточканы  көрсетеді/;  б/мұндағы  дөңгелектерден  біреуін  кем 

етіп, шаршыларды қойыңдар /бес дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді/;  

в/дәл  осындай  пішінді  көрсетіңдер  /дөңгелекті  көрсетеді/және  осыларға  сәйкес 

тапсырмаларды  көрсетіндер.Ойын  соңында  қорытынды  шығарылады.  Қатені  аз  жіберген 

қатар ұтып шығады.Ойынның барысында балалардың зейіні, қол қимылының жылдамдығы, 

дәлдігі қалыптаса бастайды және санауды, біреуі артық немесе кем санды тауып, оны атауды 

үйренеді.  



2. «Дәл осындай пішінді тап»  

Мақсаты:  геометриялық  пішіндер  жайлы  білімдерін  бекіту,  пішіндерді  атауға, 

ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру.  

Ойынның құрал-жабдықтары: бала саны бойынша құлыптың суреттері, геометриялық 

пішіндер.    Ойынның  мазмұны:  алдарындағы  сиқырлы  құлыпты  ашуды  ұсыну.  Құлыптың 

кілттері де сиқырлы, геометриялық пішіндерден құралған екенін айту. Әр бала құлыпқа сай 

келетін кілтті алып, құлыпты ашады.  



 «Әдемі кілемшелер»  

Ойынның  мақсаты:  бөліктерден  кілемше  жасауға  үйрету;  қабылдау,  ес,  зейін 

процесстерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.  

Ойынның құрал-жабдықтары: қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер.  

Ойынның мазмұны: Балалар геометриялық пішіндерді берілген кілемшелердің үстіне 

қойып, құрақ құрайды



 «Таныс пішіндер доминосы»  

Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; көп заттың ішінен 

біреуін таңдауға жаттықтыру.  

Ойынның құрал-жабдықтары: пішіндер бейнеленген суреттер.  

Ойынның  мазмұны:  Балаларға  суреттерді  таратып  беру.  Жүргізуші  бірінші  суретті 

үстелдің  ортасына  қояды,  қалған  балалар  сурет  сәйкес  өзінің  суретін  қояды,  суретте 

бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді.  

 «Мынау қай пішін?»  

Мақсаты: Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу.  

Көрнекілік: Картоннан жасалған геометриялық пішіндер 5–түрі.  

Барысы:  Бала  топқа  қарап  тұрып,  қолын  артқа  ұстайды.  Тәрбиеші  оның  қолына 

геометриялық пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды.  



«Кім зейінді?»  

Мақсаты: Белгілі геометриялық пішіндерден әртүрлі нәрселер құрастыру.  

Көрнекілік: Сіріңке қорабында таратпа геометриялық пішіндер.  



634 

 

634 



 

Барысы:  Тәрбиеші  төмендегі  бейнелерді  геометриялық  пішіндерден  алып  бейнелер 

құрайды. Жылдам болған бала мадақталады. 

Өлшемдер туралы дидактикалық ойындар  



«Сиқырлы суреттер»  

Ойынның  мақсаты:  балалардың  логикалық  ойлау  қабілетін,  ес,  зейін,  қабылдау 

процесстерін дамыту.  

Ойынның кұрал-жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері.  

Ойынның мазмұны: Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды. 

Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну.  

           «Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта»  

Ойынның мақсаты: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.  

Ойынның құрал-жабдықтары: қарындаштар, таяқшалар.  

Ойынның мазмұны: Балалар сипап – сезу арқылы заттың ұзын - қысқалығын анықтау. 

Ұзындығы  әртүрлі  қарындаштар  алынады.  Жүргізуші  бір  баланы  шақырып,  оған  «көзіңді 

жұм да, қарындаштың ұзын-қысқалығын анықта» деген тапсырма береді.  

Кеңістіктер туралы дидактикалық ойындар  

«Кеңістік»  

Мақсаты:  балаларды  кеңістікті  бағдарлауға  жаттықтыру;  ойлау  қабілеттерін, 

қабылдау, зейін процесстерін дамыту.  

Құрал-жабдықтары: әртүрлі заттар бейнеленген суреттер.  

Мазмұны:  Балалардың  алдында  үлкен  бөлменің  суреті  тұрады.  Балаларға  суреттерді 

таратып беру. Суреттерді орындарына орналастыруды ұсыну. Мысалы, балықты аквариумға 

салу, гүлді үстелдің үстіне, суретті қабырғаға ілу. Ойын осылай жалғаса береді.  



«Жоғарыда-төменде»  

Ойынның  мақсаты:  жоғары–төмен  ұғымдарын  пысықтау.  Байқағыштықты,  зейін, 

қиялды дамыту.  

Ойынның құрал-жабдықтары: құстардың, жануарлардың суреттері.  

Ойынның мазмұны: Бала қораптың ішінен бір суретті алып, атын атап, орнын анықтап 

үлкен суретке бекітеді. Мысалы, ұшақ жоғарыда аспанда ұшады, балық төменде су ішінде 

жүзеді. 

            «Тәулік бөліктері »  

Ойынның мақсаты: тәулік бөліктері жайлы білімдерін бекіту; тәулік бөліктерін атауға, 

ажыратуға жаттықтыру.  

Ойынның құрал-жабдықтары: суреттер  

Ойынның  мазмұны:  Балалар  кезектесіп  суретті  алып,  тәуліктің  қай  бөлігі  екенін 

айтады, сол сурет бойынша әңгіме құрайды.  

«Сипаттамасы бойынша тап»  

Мақсаты: Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.  

Көрнекілік: Топтағы жануарлар бейнелейтін ойыншықтар.  

Ойынның мазмұны: Сөреге аю, қоян, қасқыр, түлкі т.с.с 5-6 ойыншықтар қояды. Әрбір 

ойыншықтарды анықтап қарап, атын қайталайды. Балалардың біреуін бөлмеден шығарып, 

ойыншықтар туралы жұмбақтар құрастырады, м: «Ұзын құлақ, қыли көз, қысқа құйрық-бұл 

қай  аң?  Жұмбақтарды  құрастырып  болған  соң,  баланы  шақырады.  Егер  ол  жұмбақ  дұрыс 

шеше алмаса, қолына сол ойыншық беріледі де, жұмбақ қайта айтылады.  



635 

 

635 



 

             Қорытынды: Дидактикалық ойын балаға білім берудегі әсер етудегі ең негізгі 

бір түрі, өйткені ойын балалардың негізгі іс әрекеті. Балалардың қарапайым математикалық 

ұғымдарын  қалыптастыруда  дидактикалық  ойындардың  алатын  орны  ерекше.  Пішіндерді 

өткен кезде шар, куб,  «не домалайды, не домаламайды?» ойыны арқылы осы екі пішіннің 

ерекшелігі,  қасиеті  туралы  түсіндіру  өте  тиімді.  Білім  берудегі  дидактикалық  ойындарды 

нәтижелі  қолданудағы  негізгі  шарты:  ол  ойын  таңдаудағы  бірізділікті  сақтау,  келесі 

дидактикалық  принциптер  міндетті  түрде  ескеруі  керек;  түсініктілік,  қайталанылуы, 

тапсырмаларды біртіндеп орындау. Баламен іс әрекет түрінде өткізілсе, тапсырмалар оңай 

орындалып,  алға  қойған  межеге  жету  оңай  болады.  Ертегі  кейіпкерлеріне,  ойыншық 

кейіпкерге көмектесу баланың қызығушылығын оятып, бәсекелестігін арттырады. Сондай-

ақ,  ойлау,  тапқырлық  қабілетін  дамытып,  адамгершілік,  мейірімділік  қасиеттерін  оятады. 

Ойын  арқылы  балаларды  геометриялық  пішіндердің  ортақ  белгілері  (дөңгелектенген, 

бұрышты)  бойынша  біріктіру  туралы  алғашқы  түсініктерін  қалыптастырамыз.  Уақытты 

бағдарлауға үйрету үшін тәулік бөліктері, апта күндері, жыл мезгілдері және айлары туралы 

санамақтар,  жаңылтпаштар,  жұмбақтарды  кеңінен  пайдаланамыз.  Бұл  арқылы  баланың 

ойлау, есте сақтау қабілеттері мен тілін дамытуды көздейміз. 

            



Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. Артемова Л.В. Дидактикалық ойындар. ¬– М., 1992.  

2.  Богуславская  З.М.,  Смирнова  Е.О.  Мектепке  дейінгі  жастағы  балаларға  арналған 

дамыту ойындары. – М., 1991.  

3. Дүйсенбай Е. Санамақ. – А., «Ана тілі», 1996.  

4. Колесникова Е.В. 3-4 жас балаларына арналған математика. – М., 2008.  

5. Леушина А.М. Математикалық түсініктерді қалыптастыру. –А., «Мектеп», 1982.  

6. Мәжитқызы Р. Қызықты математика. – А., 1996.  

7. Никитин Б.П. Дамытушы ойындар. – М., 1994.  

8. Новикова В.П. Балабақшадағы математика – М., 2003.  

9. Нұрсейітова С. Оқушылардың сабақтан тыс әрекеттері. //Бастауыш мектеп.  - 2003. 

№10.  


10. Отер Е. Білікті жетекшілік қажет //Қазақстан мектебі. -2002.-№3.-36 б.  

11.  Сансызбайқызы  М.  Балдырғандарға  арналған  қызықты  математикалық 

тапсырмалар. – А., «Рауан»,1993.  

12. Сатимбекова М.С., Наурызбаева Ә.Н., Әуелбекова: Математика әдістемелік құрал. 

–А., «Алматы кітап» ЖШС, 2005.  

 

 



 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ БІЛІМІН ЖҮЙЕЛЕУДЕГІ 

ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ МҮМКІНДІГІ 

 

Әшімқұл А.Д. 



КМҚК «Ертөстік» балабақшасы 

Қарағанды қаласы 

 

Ересек  топта балаларда қоршаған ортаны танудың физиологиялық механизмдері өзінің 



жоғары даму деңгейіне жетеді. Іштей ойлау, ой түю пайда болады. Баланың ой-санасы мен 

636 

 

636 



 

жүйесінің қозуы мен тежелуі  ширығып, күшейеді. Тепе-теңдік сипат алады. Абстрактылы 

ойлау  біршама  дамиды,  қоршаған  орта  туралы  талдау,  ой  түю,  жап-жақсы  жетіледі.  Бұл 

топтағы  балаларда  табиғат  туралы  түсінік  тәрбиеші  көмегімен  (көшені,  жолды  тазарту, 

қарды  күреу)  балалардың  өз  аулаларының  қарын  тазалауға  жәрдемдесулері.  Қыс  туралы 

картиналар,  бақылаулар  бойынша  әңгімелесу,  қыс  қызығын  тамашалау  мен  қатар  қысқы 

табиғатты қорғай білуге назарларын аудару қажет.  

Дидактика  -  термині  гректің  «дидактос»,  яғни  үйрететін  деген  сөзден  шыққан. 

Дидактикалық құралдар оқу міндеттеріне сай арнайы әзірленеді. 

Дидактикалық  ойын  барысында  есту,  көру,  сезіну,  қабылдау  сияқты  үрдістері  дамып, 

балалар  музыкалық  ойыншықтар  мен  әр  түрлі  саздық  аспаптардың  дыбыс  шығару 

ерекшелігін  ажыратуға,  заттарды  пішініне,  түсіне,  көлеміне  қарай  іріктеуге,  әр  түрлі 

қимылдарды  орындауға  үйренеді.  Ауызша  ойналатын  дидактикалық  ойындарда  сұрақ, 

өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. [1,72] 

Н.Н.Поддъяков  балалардың  қоғам  және  табиғаттың  маңызды  құбылыстары  жайлы 

түсініктері  бір-бірімен  тығыз  байланысты:  олардың  біреуі  түсініктердің  дамуына  қарай 

байқалмай  қозғала  дамиды,  жинақтайды  деп  атап  айтқан.  Бұл  негіз  болатын  түсініктер 

қоршаған орта жайындағы пайымдауы мен түсінігін, алда кездесетін мәліметтердің, білімнің 

ерекшелігі мен бағытын анықтайтын баланың эстетикасының, дағдысының және ақыл-ойы 

дамуының зияткерлік дағдысының шеңберіндегі өзіндік бейнесін кескіндейтін түйінді нүкте 

болып  табылады.  Басқаша  айтқанда,  бастапқы  түсінік  олардың  жаңадан  пайда  болуына 

қарамай,  өмір  көзқарастарының  қызметін  атқара  бастайды.  Олардың  ішінде,  баланың 

психикалық дамуының әртүрлі кезеңінің негізгі қорытындысы байқалады. Аталған түсінік 

баланың  түйсік  қызметінің  дамуы  мен  жеке  тұлға  болып  қалыптасу  дамуымен  тығыз 

байланысты. [2,112-113] 

Бұл көрініс адамның барлық өмірінде даму үстінде болады. Дәл осылар өмірдің әр түрлі 

кезеңдеріне  керек  болатын  ақыл-ойдың  дамуын  қамтамасыз  етеді,  және  бұлар  мектепке 

дейінгі жаста жеткілікті дамиды. Бұл білімдер өзіндік дамуда бір-бірімен тығыз байланысты. 

Балалардың өлі және тірі, өмір және өлім секілді өмірдің маңызды құбылыстары жөніндегі 

тереңдетілген  түсініктері,  заттар  мен  құбылыстардың  дамуы  мен  өзгеруі  жөніндегі  және 

олардың  өткені  мен  бүгіні,  болашағы  жөніндегі,  заттардың  құрылымы  туралы  жалпы 

түсініктерінің өзгерісіне әкеледі. Бұл түсініктер балаларда болжам, нақты емес білім түрінде 

көрініс табады.  

Мектепке дейінгі жастағы балалардың бұл базалық түсініктері объективті өмірдің негізгі 

құрылымын  ғана  беріп  қана  қоймайды,  сондай-ақ,  бала  таным  тәжірибесіндегі  жалпы 

ұйымдастырылуын, оның когнитивті ауқымындағы ұйымдастырылуын көрсетеді. Айтылған 

мәселенің  маңыздылығы,  бұл  түсініктердің  айналадағы  құбылыстарды  тануға  әсер  ететін 

жалпы  формасының  қалыптасуы  мен  тығыз  байланыстылығында.  Баланың  әртүрлі  заттар 

мен құбылыстарды тануда таным қызметінің өзіндік әдісінің тануы жүзеге асады. [3,32] 

Сонымен, қазіргі кезде ойлау құрылымының бастапқы түрі ерте дамып жатыр. Мектепке 

дейінгі жастың өзінде баланың ақылының дамуы маңызды роль атқарады. Осындай дәлелдер 

мен көп деректер жинақталады. 4-6 жастағы балаларда да уақыт пен кеңістік, қозғалыс пен 

тыныштық, өзгеріс пен даму, тірі мен өлі, заттар құрылымы, сан және сапа тағы сол сияқты 

түсініктер негізінің бастапқы деректер қалыптасу кезеңі өтеді.  

Осыған байланысты И.Э.Куликовская мектепке дейінгі жастағы балалардың ой өрісінің 

кеңеюі  мектепке  дейінгі  жастағыларға  білім  берудің  маңызды  міндеттерінің  бірі  деп 

есептейді. [4,8] 

Балалар қоршаған ортамен байланысына, қоршаған ортамен қарым- қатынасы мен оны 

тануына  табиғи  талпына  алады.  Кішкентай  балаларда  түсініктердің  өзіндік  түрінің 

бастамасы  қалыптасады,  қай  жерде  болмасын,  қашан  болмасын,  үнемі  өмірді  танитын 

болады. Олар қоршаған ортамен қарым - қатынас жүргізе алмайды, керісінше қоршаған орта 

әр түрлі  жолмен олардың эмоциялық, физикалық және қоғамдық дамуына әсер  етеді.  Бұл 

әсер оң немесе теріс әсер болуы мүмкін (егер бала үлкендерді өзіне қаратудың жалғыз тәсілі 


637 

 

637 



 

- «қоғамға қарсы» деп аталатын жүріс-тұрыс, қылығы деп санаса және соған сенсе). Келесі 

бір айта кететін мәселе, барлық мектепке дейінгі мекемелер білім берумен қатар, балаларға 

бірінші кезекте қамқорлық жасайтынын мойындауымыз керек. 

Егер балаға көп көңіл аударылса, қамқорлық көрсетілсе, сонда әрбір тәрбиеші оларды 

оқытуда оқыту кезеңдерін белсендіре және жеңілдете алады, сонда ғана оқыту үдерісі тиімді 

болады. Білім беру мен тәрбие беруді ажырату мүмкін емес. Білім - бұл баланың жағдайы, 

бұл барлық жағынан қамтамасыз етілген және барлық негізді басшылыққа алынған, үзіліссіз 

үдеріс.  

Мектепке дейінгі жастағы баланың өзінің жасына сәйкес маман-ізденуші саналады. Ол 

өзіне  қызықты  нәрселерге  баса  назар  аударады.  Педагогтар  бұл  ерекшелікті  бұрыннан 

байқаған.  Сондықтан  да,  мектепке  дайындаудың  сапалылығының  жоғарылығына 

талпынысын ояту үшін балаларға арналған оқу түрі мен құралдарды ойлап табуға тура келді 

(дидактикалық  ойындар,  конструкторлар,  құрастырмалы  ойыншықтар,  саяхат  сабақтар, 

т.с.с). 

Балалардың айналасындағы өмір жайлы түсініктерін кеңейту бағытында қолданылатын 

бақылау,  қозғалмалы,  шығармашылық  ойындардың  ішіндегі  дидактикалық  ойындар  жиі 

қолданылады. 

Дидактикалық  ойындардың  мазмұны  балалардың  айналадағы  қоғамдық  өмірге, 

табиғатқа  және  заттарға  дұрыс  қарым-қатынас  жасай  білуін  қалыптастырады,  айналадағы 

өмір жайлы, әртүрлі мамандықтардағы адамдар жайлы білімін тереңдетеді және жүйелейді. 

Дидактикалық ойындар көмегімен педагог балаларға өздігінен ойлауға, алған білімдерін 

қойылған  міндеттерге  байланысты  әртүрлі  жағдайларда  қолдана  білуге  үйретеді. 

Дидактикалық  ойындардың  көпшілігі  балаларға  айналадағы  заттар  мен  құбылыстардың 

негізгі  белгілерін  табу,  салыстыру,  топтастыру,  негізгі  белгілер  бойынша  жүйелеу,  дұрыс 

шешім қабылдау, ойлау жүйесіндегі бар білімдерін тиімді қолдана білуін міндеттейді. [5,6] 

Дидактикалық  ойындар  балалардың  зейін  қабілетін  дамытады.  Пайымдау  мен  сезіну 

үдерісі қоршаған ортаны танудың негізі болып табылады. Дидактикалық ойындарды қолдану 

барысында балалар заттың түсін, көлемін, түрін ажыратуы дамиды, заттың құрылымы мен 

сапасын меңгереді, зейін тәжірибесі жинақталады.  

Айналадағы өмірді тану мақсатында қолданылатын дидактикалық ойындар заттармен, 

жазбаша және ауызша түрде жүргізіледі. 

Заттық ойындар - жапырақпен, тұқыммен, гүлдермен, жемістермен, көкөністермен,  тағы 

сол  сияқтылармен  ойналатын  ойындар.  Бұл  ойында  заттардың  сапасы  мен  құрылымы 

жөніндегі  түсініктері  артады,  нақтыланады  және  айшықталады,  оларды  зерттеу  білімдері 

қалыптасады, белгілі бір кезеңде зейін қалыптасады. Заттық ойындар, әсіресе, кіші және орта 

топтарда  кеңінен  қолданылады.  Олар  балаларға  табиғаттағы  заттарды  білуге,  оларды  бір-

бірімен  салыстыруға,  олардың  өздеріне  тән  негізгі  белгілерін  байқауға  мүмкіндік  береді. 

Мұндай ойындарды топпен де, жекелей де, жасына қарай күрделендіруге болатындай етіп 

өткізуге болады. Күрделендіру білімнің кеңеюіне және ой өрісі мен әрекеттің дамуына ықпал 

етеді. 

Жазба  ойындар  балаларға  өсімдіктер,  хайуанаттар,  өлі  табиғаттың  құбылыстары 



жөніндегі  білімін  жүйелеуге,  заттың  кескінін  сөзбен  жеткізе  білу  білімін  қалыптастыруға 

мүмкіндік береді. Ойындар сөзбен жүргізіледі (соған сәйкес келетін сөздерді немесе суретті 

пайымдау). Бұл ойын күнделікті баламен жұмыс істеумен ерекшеленеді.  

Ауызша ойындар ешқандай құралдарды қажет етпейді. Олар сол заттың не болмаса басқа 

заттың әрекеті мен қызметі жөніндегі білімдерін бекіту, білімдерін жүйелеу мен толықтыру 

мақсатында ойналады. Бұл ойындар баланың сөз бен сөзді байланыстыруда жедел қабылдау, 

байқау қабілетін дамытады. Барлық  дидактикалық ойындарға тән ереже бойынша  ауызша 

ойын да солай жүргізіледі. Кіші топтарда ойын ойналған алғашқы кезде тәрбиеші балалармен 

қоса  жеңіледі.  Ойын  барысында  ол  бір  ережені  бірнеше  қайталап,  оның  жүзеге  асуын 

қадағалайды.  Ойынды  қайталағанда  қосымша  ережелерді  хабарлайды.  Екінші  кезеңде 



638 

 

638 



 

тәрбиеші  сырт  жағынан  басқарып,  өзі  толықтай  қатыспайды.  Үшінші  кезеңде  балалар 

өздігінен ойнайды. 

Ортаңғы  топтан  бастап,  ойыннан  басқа  нәрселерді  үйрене  бастайды.  Бастапқы  кезде 

тәрбиеші ойынның мазмұнын айтады, бір-екі маңызды ережесіне тоқталады, ойын жүргізу 

барысында бұл ережелерді қайталап, ойын әрекеттерін көрсетеді, қосымша ережелер береді. 

Келесі кезеңде балалар өздігінен ойнайды, тәрбиеші оларды бақылайды, қателерін түзейді, 

реніш  болмауын  қадағалайды.  Ойынға  деген  қызығушылықтары  бәсеңси  бастағанда, 

тәрбиеші ойынның жаңа түрін ұсынады. [6,63-65] 

А.В.Корзунның  пікірі  бойынша,  мектепке  дейінгі  жастағы  балаларды  оқыту 

тәжірибесінде  жиі  кететін  қателіктердің  бірі  деп  балаларға  жүйеленген,  дайын 

ақпараттардың  берілуін  айтамыз.  Айналамен  таныстыру  бағытындағы  әрбір  таңдалған 

сабақтардың  бағдарламалық  мазмұнын  саралайық.  Біз  міндетті  түрде  «үйрету.....  туралы 

білімін қалыптастыру», «...- мен таныстыру» және тағы басқа міндеттерді кездестіреміз. Бұл 

ретте біраз көріністерді балалар танып қалғандықтан, олар үшін білімді қалыптастыру емес, 

оларды  жүйелеу,  оларды  өзіндік  таным  қызметінде  еркін  қолдану  үшін  білімдерін  бекіту 

және өңдеу мектепке дейінгі кезеңде оқытудың басты мәні болып табылады. [7,23] 

Басқа да деректер бар: айналадағы өмірдегі болып жататын үдерістерді жақсы сезінеді, 

диалектиканың,  ересектердің  негізгі  заңдарына  бағынады,  метафизика  тұрғысында 

ойланады,  құбылыстар  мен  оқиғалардың  қарама-қайшылықтарын  байқамайды  (немесе 

байқағысы  келмейді),  белгілі  бір  үдерісті  қарастырғанда  айналадағы  ақиқаттың  шартын 

есептемейді.  Басқаша  айтқанда,  кез  келген  мәселені  қарастырады,  барлық  материалдық 

өмірден алыстата отырып тұрмыстық немесе ақыл-ес міндетін шешеді. Балалар ересектерге 

қарағанда,  өмірді  біртұтас  жүйеде  қабылдауда  өте  сезімтал.  «Барлығы  және  барлығымен» 

деген оймен байланыстыруға талпынуды бала ақыл-ойының ерекшелігі ретінде танылады. 

Дәл  осылар  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  дұрыс  шешім  қабылдамауының  және 

ақылының дамымауының алдын алады: мұнда балалардың сөз шығармашылығының ағыны 

пайда  болады.  Бірақ,  ересектер  бұл  талпыныстың  бәсеңсуіне  өздері  жағдай  жасайтынын 

сезінбейді,  өз  ұрпағына  жазба  ақиқатын  есте  қалатындай  және  керек  уақытында  қолдана 

алатындай  етіп  мұра  етіп  отырады.  Қорытындысында,  керек  кезінде  ғана  меңгеру  дағды 

болып қалыптасып кетеді. [8,23-24] 

Сол  себептен,  дидактикалық  ойындар  бізге  көрінгендей  қарапайым  ойын  емес,  бір 

мезгілде  ол  оқу  сабағына  айнала  алады.  Дидактикалық  ойындар  педагогикалық  бұрыс 

басқарулармен  мақсатына  жетпейді.  Бәрінен  бұрын,  оған  оқытушының  өзі  дайындалуы 

керек, сондай-ақ, бірді-екілі ғана ойнамау үшін балалардың барлығын жақсылап дайындау 

керек. Балалардың ережені білуі маңызды, онсыз ойын әрекеті жүзеге аспайды. 

Р.М.Миронова дидактикалық ойындарды ұйымдастыруда мынадай құрылымдарды атап 

көрсетеді:  ойынның  атауын  хабарлау;  ойынға  қатысатындардың  қалыбын  (отырып,  топ 

құрып және т.б) және ойын құралын қолданудың тәртібін хабарлау; ойын барысын түсіндіру 

(ойын  тапсырмаларын);  оқытушының  әрбір  әрекетті  жасап  көрсетуі,  ойынның  өтуі, 

қорытындысын шығару және жеңімпаздарды анықтау. 

О.С.Газманом  сабақтарда  қолданылатын  дидактикалық  ойындардың  мынадай 

талаптарын ұсынды: 

 



Дидактикалық  ойындар  балаларға  таныс  болу  керек.  Осы  мақсатпен  балаларды 

бақылау керек, олардың сүйікті ойындарын білу керек, қандай ойын көбірек, қандай ойын 

азырақ ұнайтынын саралау керек; 

 



Әрбір ойында жаңаша элементтер болу керек;  

 



Пайдалы  деп  есептейтін  ойындарды  қысап  ойнатпау  керек,  ойын-еркін  әрекет. 

Балаларға  ойын  ұнамаса,  бас  тарта  алатындай  және  басқа  ойынды  таңдай  алатындай 

мүмкіндіктері болуы керек.  

 



Оқытушының  көңіл-күйі  өзі  қатысатын  ойынмен  сәйкес  болу  керек.  Барлық 

әдістемелік  құралдармен  салыстырғанда,  ойынды  басқаратын  адамның  көңіл-күйі  басты 

роль атқарады. Ойынды басқару жеткіліксіз, балалармен міндетті түрде қоса ойнау керек. 


639 

 

639 



 

 



Ойын  -  диагностика  құралы.  Бала  ойында  өзінің  барлық  жақсы,  жаман  қасиеттерін 

ашады. 


 

Ойын ережесін, не болмаса, ойын ауқымын бұзған жағдайда баланы тәртіпке келтіру 



шаралары қолданылмайды. Бұл тек ақылмен айту, сыпайы сөйлесу түрінде болады, әсіресе, 

балаларды  жинап,  өздерінің  ойын  ортаға  салса,  яғни  ойында  әркім  өзін  қалай  ұстағаны 

жөнінде, ренжісудің алдын алу туралы сөз қозғалғаны дұрыс. [9,59-60] 

Сонымен,  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  қоршаған  орта  жөніндегі  білімдерін 

дидактикалық  ойындар  арқылы  жинақтау  мәселелері  бойынша  психология-педагогикалық 

әдебиеттерді оқу барысында мынадай қорытынды шығарылды:  

1.

 

Ойын  -  балалардың  белсенді  әрекетінің  ішкі  қалауы,  өмірді  тану  құралы.  Ойын 



феномені көңіл көтерумен, демалумен ерекшеленеді, ол оқуда, шығармашылықта, адамдар 

арасындағы қарым-қатынаста және еңбекте, тәрбиеде өсуіне көмегін тигізеді.   

2.

 

Қазіргі кезде ойлау құрылымының бастапқы түрі ерте дамып жатыр. Мектепке дейінгі 



жастың өзінде баланың ақылының дамуы маңызды роль атқарады. Осындай дәлелдер мен 

көп  деректер  жинақталады.  4-6жастағы  балаларда  да  уақыт  пен  кеңістік,  қозғалыс  пен 

тыныштық, өзгеріс пен даму, тірі мен өлі, заттар құрылымы, сан және сапа тағы сол сияқты 

түсініктер негізінің бастапқы деректер қалыптасу кезеңі өтеді. Осыған байланысты, мектепке 

дейінгі жастағы балалардың ой өрісінің кеңеюі мектепке дейінгі жастағыларға білім берудің 

маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. 

3.

 

Балалардың қоршаған ортаны танудағы өзіндік ойларының дамуына пайдаланылатын 



шығармашылық,  қимылдық,  бақылау  ойындармен  қоса,  кең  тұрғыда  дидактикалық 

ойындарда  қолданылады.  Дидактикалық  ойын  көпжоспарлы,  күрделі  педагогикалық 

құбылыс екенін білдіреді: ол әрі балаларды оқытудың ойын әдісі, әрі оқыту түрі, әрі өзіндік 

ойын әрекеті, әрі баланың жеке тұлға болып қалыптасуына жан-жақты тәрбие беру құралы 

болып саналады. 

4.

 



Бұл  ойында  заттардың  сапасы  мен  құрылымы  жөніндегі  түсініктері  артады, 

нақтыланады және айшықталады, оларды зерттеу білімдері қалыптасады, белгілі бір кезеңде 

зейін  қалыптасады.  Көп  ойындар  білімді  жүйелеу  мен  толықтыру  үшін  жүргізіледі. 

Дидактикалық  ойындар  бақылай  алуының,  көңілінің,  ақыл-ойының  дамуына  көмектеседі, 

бар білімдерін жаңа жағдайда қолдана білуіне үйретеді.  

 

Әдебиеттер: 



1.В.Н.Аванасева.«Дидактическая игра как форма организации обучения в детском саду» 

2006 ж. 72 б. 

2.Воспитание. «Ориентир». 2006 ж. 112-113 б. 

3.Е.В.Проскура.«Развитие  познавательных  способностей  дошкольника.Дошкольное 

воспитание.» 2007 ж. 32 б. 

4.И.Э.Куликовская.«Становление мировидения детей дошкольного возраста в контексте 

культуры. Дошкольное образование.» 2007 ж. 8 б. 

5.И.Я.Гуткович,  О.Н.Самойлова.«Сборник  дидактических  игр  по  формированию 

системного мышления дошкольников: Пособие для воспитателей детских садов.» 2006 ж. 6 

б. 


6.Л.Ю.Павлова.«Сборник дидактических игр по ознакомлению с окуружающим миром. 

Для работы с Детьми 4-7 лет» 2008 ж.63-65 б. 

7.Л.А.Каменева.«Как знакомить дошкольников  с природой.» 2005 ж. 23 б. 

8.«Руководство играми детей в дошкольных учреждениях.» 2008 ж. 23-24 б. 

9.Н.С.Сарымбекова. «Воспитание любви к природе» 2005 ж. 59-60 б. 

 

 



 

640 

 

640 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет