114-бап. Агенттік филиалының және (немесе)
өкілдігінің құқықтары мен міндеттері
1. Агенттіктің филиалы және (немесе) өкілдігі:
1) агенттік орналасқан мемлекеттің азаматтарына, агенттік өкілдігі орналасқан аумақта
тұрақты тұратын басқа да мемлекеттердің азаматтарына бала асырап алуда жәрдем көрсетуге;
2) асырап алынатын бала туралы белгіленген тәртіппен және көлемде ақпарат алуға;
3)
белгіленген тәртіппен лауазымды адамдардың және
Қазақстан Республикасының заңнамасында
мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне және шешімдеріне шағым жасауға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасындағы, бала асырап алу тәртібіндегі өзгерістер
туралы ақпарат және өздерінің тікелей қызметіне қатысты басқа да ақпарат алуға құқылы.
2. Агенттіктердің филиалы және (немесе) өкілдігі белгіленген тәртіппен:
1) аккредиттеу алынғаннан кейін Қазақстан Республикасының
заңды тұлғалардың
заңнамасында
филиалдарын және (немесе) өкілдіктерін есептік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен есептік
тіркеуден өтуге;
2) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органына
филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы ұсынуға;
3) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органын өз
қызметінің басталғаны туралы бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге;
4) асырап алуға бала таңдау үшін бала асырап алуға үміткерлердің құжаттарын Қазақстан
Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына, сондай-ақ бала
асырап алу үшін сотқа ұсынуға;
5) бала асырап алуға үміткерлердің өтініштері негізінде баланың аты, жасы, жынысы,
денсаулық жағдайы туралы ақпарат алуға;
6) бала асырап алуға үміткерлерді қабылдау мен орналастыруды және оларға бала асырап
алуды ресімдеуде қажетті көмек ұйымдастыруға;
7) бала асырап алу туралы істерді қарау кезінде сот отырыстарына қатысуға, бала асырап
алу туралы сот шешімін алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен кету үшін баланың
тууы, бала асырап алу туралы куәліктерді және баланың паспортын ресімдеуде бала асырап
алушыларға жәрдем көрсетуге;
8) Қазақстан Республикасының аумағында бала асырап алуға үміткерлердің, сондай-ақ бала
асырап алушылардың мүдделерін білдіру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым
салынбаған өзге де қызметті жүзеге асыруға міндетті.
3. Агенттіктердің филиалдары және (немесе) өкілдіктері Қазақстан Республикасының
балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына аумағында асырап алынған бала
тұратын мемлекеттің құзыретті органы дайындаған, бала асырап алушылардың өздерінің отбасындағы
балалардың тұрмыс жағдайы мен тәрбиесі туралы есептер (бұдан әрі - есептер) ұсынуды
ұйымдастырады.
4. Бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін алғашқы үш жылда есеп
әрбір алты ай сайын ұсынылады. Кейіннен есептер жыл сайын ұсынылады.
5. Есептер тиісті шет мемлекеттің ресми тілінде ұсынылады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ұсынылатын есептер
белгіленген тәртіппен заңдастырылуға, сондай-ақ қазақ немесе орыс тіліне аударылуға тиіс. Бұл
ретте, аударманың мәтіні не аудармашының қолтаңбасы бала асырап алушылардың тұрғылықты жері
бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде куәландырылады не оны Қазақстан
Республикасының аумағындағы нотариус куәландырады.
6. Асырап алынған балаларды консулдық есепке қою туралы есептер мен ақпараттың есепке
алынуы Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы
айқындайтын
жүргізіледі.
тәртіппен
Ескерту. 114-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.24
N 60-V
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 13.06.2013
N 102-V
(
алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
4-БӨЛІМ. ҚОРҒАНШЫЛЫҚ НЕМЕСЕ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ
15-тарау. ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫ, АТА-АНАЛАРЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ
ҚАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ОРНАЛАСТЫРУ
115-бап. Жетім балалардың, ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары
мен мүдделерін қорғау
1. Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен
мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті
органына және өз өкілеттіктері шегінде басқа да мемлекеттік органдарға, сондай-ақ осы
балалардың заңды өкілдеріне жүктеледі.
2. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалудың нақты мән-жайларын негiзге ала отырып, жетім
балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алу жөніндегі қызметті
ұйымдастыру, балаларды орналастырудың нысандарын таңдау, сондай-ақ оларды күтіп-бағу, тәрбиелеу
және оқыту жағдайларын одан әрi бақылау жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі.
3. Мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегіндегі қызметін қоспағанда, жеке және заңды
тұлғалардың жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды іріктеу,
орналастыру, беру жөнiндегi қызметі бойынша делдалдық және кез келген өзге де қызметке тыйым
салынады.
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың және
жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және орналастыру
бойынша өздеріне жүктелген міндеттерді, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды
орындайтын басқа да ұйымдардың қызметі, сондай-ақ агенттіктердің осы Кодексте көзделген қызметі
бала асырап алу жөніндегі делдалдық қызмет болып табылмайды.
Осы бапта аталған жеке және заңды тұлғалар өз қызметінде коммерциялық мақсаттарды көздей
алмайды.
116-бап. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін
қорғау нысандары
1. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен
мүдделерін қорғау оларды – отбасына (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа,
патронатқа), ал мұндай мүмкіндік болмаған кезде жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балаларға арналған барлық үлгідегі ұйымдарға тәрбиелеуге беру арқылы жүзеге асырылады.
2. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасына тәрбиелеуге (асырап
алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа) берілген балалардың құқықтары мен
мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері
туралы» Қазақстан Республикасының
сәйкес отбасы және балалар саласындағы ең төмен
Заңына
әлеуметтік стандарт болып табылады.
Ескерту. 116-бап жаңа редакцияда - ҚР 19.05.2015
№ 315-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
117-бап. Жетім балаларды, ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау
және есепке алу
1. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтауды ата-ананың
қамқорлығының болмауы туралы өздеріне белгілі болған барлық жеке және заңды тұлғалар жүзеге
асырады.
2. Жеке және заңды тұлғалар жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар
туралы олардың тұратын жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды
жүзеге асыратын
кешіктірмей хабардар етуге міндетті.
органдарды
3. Медициналық ұйымдардың лауазымды адамдары жаңа туған бала қалдырылған күннен бастап үш
жұмыс күні ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын органына бұл туралы хабарлауға міндетті.
4. Жергілікті атқарушы орган оның ата-аналары немесе оның туыстары жағынан қамқорлықтың
болмау фактісі анықталған кезде, мәліметтер алынған күннен бастап үш күн ішінде баланың тұрмыс
жағдайын зерттеп-қарап шығуға және баланы орналастыру туралы мәселе шешілгенге дейін оның
құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.
5. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың,
астананың жергілікті атқарушы органы жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балалардың тұратын жері бойынша олар туралы мәліметтер түскен күннен бастап бір ай ішінде
баланы орналастыруды қамтамасыз етеді (бастапқы есеп).
Баланы отбасына тәрбиеге беру мүмкін болмаған кезде баланы өңірлік есепке алу және
кейіннен оны Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы
азаматтарының отбасы тәрбиесіне орналастыруда жәрдем көрсету үшін бір ай өткен соң бала туралы
мәліметті тиісті аумақтық-әкімшілік бөліністердің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын органына жібереді.
6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы
органдары жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан
Республикасының азаматтарына асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронат
тәрбиешілері отбасы тәрбиесіне беру мүмкін болмаған кезде өзіне бала туралы мәліметтер түскен
күннен бастап екі ай мерзім өткен соң жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларды орталықтандырылған есепке қою үшін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын
қорғау саласындағы уәкілетті органына хабарлауға міндетті.
Жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды
есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу тәртібін Қазақстан
Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы
.
айқындайды
Ескерту. 117-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014
N 239-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
118-бап. Жетім балаларды, ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру
1. Баланың мүддесіне сай асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа немесе баланы
беру туралы шарт бойынша отбасы тәрбиесіне, ал мұндай мүмкіндік
патронаттық тәрбиелеуге
болмаған кезде, барлық үлгідегі (білім беру, медициналық және басқа да) ұйымдарға берілген
жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру кезінде оның ұлты,
белгілі бір дінге және мәдениетке қатыстылығы, ана тілі, тәрбиелеу мен оқытуда сабақтастықты
қамтамасыз ету мүмкіндігі ескерілуі мүмкін.
2. Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, отбасы тәрбиесіне немесе
осы баптың 1-тармағында көрсетілген ұйымдарға орналастырылғанға дейін балаларға қорғаншылық
немесе қамқоршылық міндеттерін атқару баланың тұрған жері бойынша уақытша қорғаншылық немесе
қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға жүктеледі.
16-тарау. ҚОРҒАНШЫЛЫҚТЫ НЕМЕСЕ ҚАМҚОРШЫЛЫҚТЫ БЕЛГІЛЕУ ТӘРТІБІ
119-бап. Қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленетін
адамдар
1. Жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу
және оқыту мақсатында, сондай-ақ олардың мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтары мен
мүдделерiн қорғау үшiн оларға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленедi.
2. Сондай-ақ, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі кәмелетке толған
адамдардың мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн қорғаншылық
немесе қамқоршылық белгiленедi.
3. Бұл мән-жайлар балалардың мүдделеріне сай келетін жағдайларды қоспағанда, бір
отбасында тәрбиеленген бірге туған ағалы-інілер мен апалы-сіңлілерді әртүрлі адамдардың
қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа алуына жол берілмейді.
120-бап. Мемлекеттің қорғаншылық немесе қамқоршылық
жөніндегі функциялары
1. Мемлекет кәмелетке толмағандарға және әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті
шектеулі кәмелетке толған адамдарға қатысты қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі өз
функцияларын жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік органдардың және ұйымдардың кәмелетке толмағандарға қорғаншылық немесе
қамқоршылық жөніндегі қызметін үйлестіруді және өзара іс-қимылын ұйымдастыруды Қазақстан
Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы жүзеге асырады.
3. Мемлекеттің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функциялары Қазақстан
Республикасының Үкіметі
тәртіппен жүзеге асырылады.
айқындайтын
Ескерту. 120-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2013
N 102-V
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
121-бап. Қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу
1. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар
қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж адамның тұрғылықты жерi бойынша не қамқорлыққа
жататын мүліктің орналасқан жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiлейдi. Жекелеген
жағдайларда қорғаншылық немесе қамқоршылық қорғаншының немесе қамқоршының тұрғылықты жерi
бойынша белгiленуi мүмкiн.
2. Адамды әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп тану туралы шешiм заңды
күшiне енген кезден бастап үш күн iшiнде сот оған қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiлеу үшiн
бұл туралы сол адамның тұрғылықты жерi бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын органға хабарлауға мiндеттi.
3. Адамға қорғаншылықты немесе қамқоршылықты немесе мүлікке қорғаншылықты белгiлеу
қажеттiгi туралы тиiстi органдарға белгiлi болған кезден бастап бiр ай iшiнде қорғаншылық
немесе қамқоршылық белгiленедi.
4. Қорғаншы немесе қамқоршы тағайындауға мүдделi адамдар сот тәртiбiмен шағым жасауы
мүмкiн.
122-бап. Қорғаншылар немесе қамқоршылар
1. Мыналарды:
1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп таныған адамдарды;
2) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;
3) өзiне Қазақстан Республикасының заңында жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны
үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттетiлген адамдарды;
4) егер сот олардың кiнәсi бойынша бала асырап алудың күшiн жойса, бұрынғы бала асырап
алушыларды;
5) денсаулық жағдайына байланысты қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерін жүзеге асыра
алмайтын адамдарды қоспағанда, тек қана кәмелетке толған адамдар қорғаншылар немесе қамқоршылар
бола алады.
2. Қорғаншы немесе қамқоршы тек қана оның келiсiмiмен тағайындалуы мүмкiн. Егер бұл
қамқорлыққа алынушының мүдделерiне қайшы келмесе, жұбайы, ата-аналары, туыстары немесе
қамқорлыққа алынушыға жақын басқа да адамдар қорғаншы немесе қамқоршы болып тағайындалуда басым
құқыққа ие болады.
Егер қамқорлыққа алынушылардың мүдделерiнiң арасында қайшылықтар болмаса, бiрнеше адам
үшін бiр қорғаншы немесе қамқоршы тағайындауға жол берiледi.
3. Әрекетке қабiлеттi және ата-ана құқықтарынан айрылмаған, бiрақ олардың тәрбиесін
жүзеге асыра алмайтын ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына қорғаншы немесе қамқоршы
тағайындау кезінде, қорғаншылар немесе қамқоршылар ата-аналардың тiлегi ескерiле отырып
тағайындалады.
Балаға қорғаншы немесе қамқоршы тағайындау кезiнде қорғаншының немесе қамқоршының
адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерi, оның қорғаншылық немесе қамқоршылық мiндеттерiн
орындауға қабiлетi, қорғаншы немесе қамқоршы мен баланың арасындағы қатынастар, қорғаншының
немесе қамқоршының отбасы мүшелерiнiң балаға көзқарасы, сондай-ақ, егер бұл мүмкiн болса,
баланың өз тiлегi ескерiледi.
Егер кәмелетке толмаған балаға қорғаншы немесе қамқоршы болып тағайындалатын адам некеде
тұрса (ерлі-зайыпты болса), оның жұбайының келiсiмi талап етiледi.
4. Қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж және тиiстi білім беру, медициналық
ұйымдардағы, халықты әлеуметтiк қорғау ұйымдарындағы адамдардың қорғаншылары немесе қамқоршылары
осы ұйымдардың әкiмшiлiктері болып табылады.
Қорғаншының немесе қамқоршының мұндай ұйымға баланы уақытша орналастыруы қорғаншының
немесе қамқоршының осы балаға қатысты құқықтары мен мiндеттерiн тоқтатпайды.
5. Қорғаншылар немесе қамқоршылар кез келген адамдарға қатысты, оның iшiнде сотта
өкiлеттiктерін арнайы растамастан, өз қамқорлығына алынғандардың құқықтары мен мүдделерiн
қорғайды.
17-тарау. ҚОРҒАНШЫЛАРДЫҢ НЕМЕСЕ ҚАМҚОРШЫЛАРДЫҢ ЖӘНЕ
ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
123-бап. Қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы
адамдардың құқықтары
Осы Кодекстің
-
және
көзделген құқықтармен қатар, қорғаншылықтағы
60 62
67-баптарында
немесе қамқоршылықтағы адамдардың сондай-ақ:
1) өздерінің адамдық қадыр-қасиеттерінің құрметтелуіне;
2) қорғаншы немесе қамқоршы тарапынан қамқорлық жасалуына;
3) осы Кодекстің 126-бабының
көзделген жағдайларды қоспағанда, онымен бірге
4-тармағында
тұруға;
4) өздеріне тиесілі алиментке, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге;
5) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын сақтауға;
6) қорғаншы немесе қамқоршы тарапынан жасалатын қиянаттан қорғалуға;
7) қорғаншының немесе қамқоршының отбасында тәрбиеленуге;
8) өздеріне күтіп-бағу, тәрбиелеу, білім алу және жан-жақты даму үшін жағдайлардың
қамтамасыз етілуіне;
9) тұрғын үйі болмаған жағдайда оны Қазақстан Республикасының
тұрғын үй заңнамасына
сәйкес алуға құқықтары бар.
124-бап. Жетім балалардың, ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған және білім беру,
медициналық ұйымдардағы және басқа да
ұйымдардағы балалардың құқықтары
1. Осы Кодекстің
-
және
көзделген құқықтармен қатар, жетім балалардың,
60 62
67-баптарында
ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және білім беру, медициналық ұйымдардағы және басқа да
ұйымдардағы балалардың сондай-ақ:
1) күтіп-бағуға, тәрбиеленуге, білім алуға, жан-жақты дамуға, өздерінің адамгершілік
қадыр-қасиеттерінің құрметтелуіне, өз мүдделерінің қамтамасыз етілуіне;
2) өздеріне тиесілі алиментке, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге;
3) тұрғын үйге меншік құқығын немесе оны пайдалану құқығын сақтауға, ал тұрғын үйі
болмаған жағдайда, оны Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес алуға;
4) жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын жұмысқа орналасуда жәрдем көрсетілуіне
құқықтары бар.
2. Осы ұйымдар түлектерінің құқықтарын қорғау қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын органдарға жүктеледі.
125-бап. Қорғаншылардың немесе қамқоршылардың өз
міндеттерін атқаруы
1. Қорғаншылар заң жүзiнде қамқорлыққа алынушылардың өкiлдерi болып табылады және олардың
атынан және олардың мүддесінде барлық қажеттi мәмiлелердi жасайды.
2. Қамқоршылар өздерiнiң қамқоршылығындағы адамдардың өз бетiнше жасауға құқығы жоқ
мәмiлелердi жасауға келiсiм бередi, қамқорлыққа алынушыларға өз құқықтарын жүзеге асыруына және
мiндеттерiн атқаруына жәрдем көрсетедi, сондай-ақ оларды үшiншi тұлғалардың тарапынан жасалатын
қиянаттардан қорғайды.
Қорғаншы немесе қамқоршы қамқорлыққа алынушыларды өз есебiнен күтіп-бағуға мiндеттi емес.
Қамқорлыққа алынушыны күтіп-бағу қамқорлыққа алынушының алатын жалақысы, алиментi және басқа да
әлеуметтiк төлемдерi есебiнен, сондай-ақ оған тиесiлi мүлiктің есебiнен жүзеге асырылады.
Қамқорлыққа алынушыны күтіп-бағуға жеткiлiктi қаражат болмаған кезде, қорғаншылық немесе
қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар оны күтіп-бағуға жәрдемақы
тағайындайды.
Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау тәртібін және төлеу
мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі
.
айқындайды
3. Қорғаншылар немесе қамқоршылар өздерiнiң қамқорлығына алынғандарды күтіп-бағу, олардың
күтімі мен емделуiн қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөнінде қамқорлық
жасауға мiндеттi. Көрсетілген мiндеттер сот әрекет қабiлетi шектеулі деп таныған кәмелетке
толған адамдардың және әрекетке толық қабілетті деп жарияланған кәмелетке толмағандардың
қамқоршыларына жүктелмейдi.
4. Егер адам әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған негіздер
жойылса, қорғаншы немесе қамқоршы қамқорлыққа алынушыны әрекетке қабілетті деп тану туралы
сотқа өтініш беруге міндетті.
126-бап. Баланың қорғаншысының немесе қамқоршысының
құқықтары мен міндеттері
1. Баланың қорғаншысы немесе қамқоршысы қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы баланы
тәрбиелеуге, оның денсаулығына, дене бітімі, психикалық, адамгершiлiк және рухани жағынан
дамуына қамқорлық жасауға мiндеттi.
Көрсетілген міндеттер сот тәртібімен әрекет қабілеті шектелген кәмелетке толған
адамдардың қамқоршыларына жүктелмейді.
Қорғаншы немесе қамқоршы баланың пiкiрi мен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын органның ұсынымдарын ескере отырып, сондай-ақ осы Кодекстің 72-
көзделген талаптар сақталған жағдайда, қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы баланы
бабында
тәрбиелеудiң тәсілдерін өз бетінше айқындауға құқылы.
Қорғаншы немесе қамқоршы баланың пiкiрiн ескере отырып, баланың бiлiм алу ұйымын және оқу
нысанын таңдауға құқығы бар және баланың міндетті орта бiлiм алуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Қорғаншы немесе қамқоршы қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы баланы өздерiнде заңды
негiздерсiз ұстап отырған кез келген адамдардан, оның iшiнде баланың жақын туыстарынан қайтарып
алуды сот арқылы талап етуге құқылы.
3. Мұндай араласу баланың мүдделерiне сай келмейтін жағдайларды қоспағанда, қорғаншы
немесе қамқоршы баланың өз ата-аналарымен және басқа да жақын туыстарымен араласуына кедергі
келтіруге құқылы емес.
4. Қамқорлыққа алынушылар білім беру ұйымында немесе медициналық ұйымда тәрбиеленуде
немесе емделуде болған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандардың қорғаншылары немесе
қамқоршылары өздерiнің қамқорлығына алғандармен бiрге тұруға мiндеттi. Бұл қамқорлыққа
алынушының тәрбиесiне және оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауға қолайсыздық туғызбайтын болса
, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның рұқсатымен
қамқоршының он алты жасқа толған қамқорлыққа алынушыдан бөлек тұруына жол берiледi.
Қорғаншылар немесе қамқоршылар қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды
жүзеге асыратын органдарға тұрғылықты жерiнiң өзгергенi туралы хабарлауға мiндеттi.
5. Қорғаншы кемiнде алты айда бiр рет қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын органға қамқорлыққа алынушының денсаулық жағдайы туралы және оны
тәрбиелеу жөнiндегi, сондай-ақ оның мүлкiн басқару жөнiндегi жұмыс туралы есептер беруге
мiндеттi.
Достарыңызбен бөлісу: |