Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім академиясы ресей федерациясының білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет42/124
Дата03.03.2017
өлшемі23,53 Mb.
#6682
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   124

3-қадам. Коучинг-сессиядан кейін. 

Ненің сәтті, ненің сәтсіз өткендігін, нені түзету керектігін сараптау; 



коучингке  қандай  тәжірибе  енгізілгендігін,  табысты  болу  үшін  тағы  да  озық  не  істеу  керектігін 

анықтау; 

зерделенген негізге сәйкес келесі жұмыс пен оның мақсатын жоспарлау. 



Коучинг-сессияның соңында төмендегідей кері байланыс рубрикасы ұсынылады:

 

2-сурет – Кері байланыс рубрикасы 

228

Коучингке  қатысушылардың  берген  кері  байланыстары  арқылы  нені  көруге  болады?  Рубрикада 

көрсетілген оқу мақсаттарының нәтижелері коуч пен қатысушылардың коучингте қойған 

SMART мақсатына 

қол жеткізе алған, немесе алмағандығын білуге мүмкіндік береді. 

Сайып келгенде, коучинг мұғалімдердің дамуы мен жетілуіне көмек көрсетудің айтарлықтай тиімді тәсілі 

екендігі тәжірибеде дәлелденген. Коучингте оқыту мен оқу тәжірибесі үшін ұсынылатын жекелеген тәсілдер 

мен әдістер арқылы қатысушы мұғалімдердің табыстылығын арттыруға, жағымды өзгерістерге ықпал ететін 

қуатты  қозғалыс  күш  болатындығы  және  бар  [3].  Жоспарланған  коучинг-сессия  да  өз  нәтижесін  берді. 

Бірлескен ортада қатысушы әр мұғалім оқушыларда Мәңгілік Ел құндылықтарын меңгертудің, отансүйгіштік, 

рухани-адамгершілік қасиеттерін, қазақстандық патриотизмді, сондай-ақ этносаралық және мәдениетаралық 

байланыс жағдайында толеранттылықты, қарым-қатынас жасау білігін арттырудың оңтайлы шешімін тауып, 

жаңартылған білім мазмұнына сай кіріктіріп оқыту жолдарын біліп шықты және де танымдық, әлеуметтік, 

эмоционалдық тұрғыдан дамыды. Бірлескен ортада алған білімдерін өз тәжірибесіне кез келген жағдайда 

тиімді  пайдалана  білулері –  зерттеу  жұмысының  нәтижесі.  Бұл  арқылы  зерттеу  әдісінің  сындарлы  оқыту 

теориясын жүзеге асыруға тигізген септігін көруге болады. 

Ал, енді зияткерлік рефлексияға кезек берсек. Іс-әрекеттегі зерттеу айналымындағы рефлексия кезеңінде 

үш түйінді сұрақ тасталды: «Кімге үйреттім?», «Нені үйреттім?», «Өзім нені үйрендім?». Жауаптар легі мынадай: 

Педагог кадрларға; 



тәжірибені және оны түрлендіруді; 

жалпыұлттық идеяны жүзеге асыруды; 



сабақтарды бірлесіп жоспарлауды; 

оқыту мен оқудағы жаңаша әдіс-тәсілдерді; 



бағалау мен оның түрлерін; 

коучинг дағдыларын үйренулеріне жол салдым. 



Үшінші сауал бойынша бірлескен ортада жұмыс жасаған әріптестер арқылы үйренгенім көп: 

бақылау жүргізуде іс-әрекеттердің барысындағы жетістіктер мен кемшіліктерді; 



басқа пән мұғалімдерінің пәнді оқытудағы ерекшеліктерін

пәндерді кіріктіріп оқыту жолдарын көре білдім. 



Әр 45 минуттың оқу мақсаты оқушыға бағытталатындықтан, оқыту және оқу мақсаттарын қалыптастыру 

шараларын түрлендіру үшін алдағы күндерде де коучинг-сессиялар арқылы әріптестерімді кәсіби дамытып, 

тәжірибелік  дағдыларды  қалыптастыру  жолында  үздіксіз  жұмыс  жасаймын.  Және  сол  арқылы  мемлекет 

көшбасшысы ұсынған «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асырушы көшбасшы-мұғалімдер қатарын еселеймін. Ең 

бастысы, жалпы көшбасшы әріптестер қауымын осы бағытта, осы негізде жұмыс жасауға шақырамын. Өйткені 

мұғалімнің кәсіби дамуы – бірегей талап. Ал, ол талаптың үдесінен шыға білу үшін үздіксіз білім алу қажет. 



Қолданылған әдебиеттер

1 ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев. «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 

нақты қадамы». http://www.inform.kz/kaz/article/2777949 

2  2015-2016  оқу  жылында  ҚР  Жалпы  орта  білім  беретін  ұйымдарда  ғылым  негіздерін  оқытудың 

ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқаулық хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 

2015. – Б. 19. 

3  Мұғалімдерге  арналған  нұсқаулық.  Бірінші  (ілгері)  деңгей.  Екінші  басылым.  «Назарбаев  Зияткерлік 

мектептері» ДББҰ, 2012. – Б. 65-66; 42. 

4 Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік толғауы» шығармасын барлық жалпы білім беретін оқу орындарында 

оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулық. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 

14 б. 

5  Жалпы  орта  білім  беру  ұйымдарында  мемлекет  басшысының  «Тәуелсіздік  толғауы»  шығармасын 



зерделеу аясында жүргізілетін тәрбие және идеологиялық жұмыстарды сүйемелдеу әдістемелік нұсқаулық 

хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 25 б. 



Аңдатпа. Мақалада практик-маманның іс-әрекеттегі зерттеуі арқылы білім беру үдерісінде жаңартылған 

білім  мазмұнына  сай  Мәңгілік  Ел  құндылықтарын  коллаборативті  ортада  жүзеге  асыру  жолдары 

қарастырылған.  Деңгейлік  оқыту  бағдарламалары  бойынша  білім  берудегі  Кембридж  тәсілдерін  қолдана 

отырып,  мәселені  анықтап,  шешімін  тауып,  нені  жүзеге  асыру  керектігін  көрсетеді.  Жалпыұлттық  идеяны 

оқыту тәжірибесінде  жүзеге  асырудағы  мұғалімдер  іс-әрекетіне  SWOT талдау  жасап,  іс-әрекеттегі  зерттеу 

жұмысын қандай қадамдар арқылы жүргізгендігі, оның рефлексиясы баяндалған. 



Аннотация.  В  данной  статье  рассматривается  исследование  в  действии  специалиста-практика  в 

обновлённой среде обучения, учитывая ценности идеи Мәңгілік Ел, и их претворение в коллаборативной среде. 

Указывает на необходимость выявления проблемы, поиска решений в образовании с применением способов 

обучения  по  программам  Кембриджского  уровня.  Специалист  в  своей  работе  показывает  эффективность 

и  целеобразность  каких  именно  методов  уровневого  обучения  следует  применять.  Сделан  SWOT  анализ 


229

учителей, применяющих общенациональные идеи в своей практике, их шаги в исследовательской работе, 

проведена рефлексия. 

Abstract. In this article, the practitioner researches the action in the up-to-dated learning environment, taking 

into account the values of Mangilik El and its implementation in a collaborative environment. The author points 

to the need of identifying problems, finding solutions in education with application of methods of training for 

the Cambridge level. A specialist in her work shows the effectiveness and expediency which methods of teaching 

should be used. The analysis of SWOT in the practice of teachers and their steps in research, the reflection have 

been done. 



ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА СЫНИ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ 

К.Д. Расулқұлова 

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, №94 жалпы орта мектебінің география пәнінің 

мұғалімі, Klara_2050@mail.ru 

Пікір беруші – Төремұратова Г.Т., Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, №94 жалпы 

орта мектебінің жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 



«Мұғалімдер қолданатын оқыту  

стратегиялары мен әдістері бірінші  

кезекте оқушылардың нәтижеге  

қол жеткізуін қамтамасыз етуші күш». 

Хенсли 

Қандай  болмасын  оқушының  заманауи  білім  алуына  бағытталған  сын  тұрғысынан  ойлауын  дамыту 

маңызды  мәселе.  Сыни  тұрғыдан  баланың  жүйке  жүйесіне  зиян  келтіретін  нәтижені  болдырмай,  оқушы 

жетістігінің жаңаша жолдарын іздестіру, баланың өз мүмкіндігі мен жетістіктеріне сенімді болуына шыңдайды. 

География  сабағында  сыни  ойлауды  дамытудағы  басты  мақсат-  баланың  бойындағы  білімге  құмарлығы 

мен  қызығушылығын  арттыруда  әр  оқушының  сыни  тұрғыдан  ойлауын  дамыту.  Алған  білімдерін  өмірде 

ұштастыра  білуге  үйрету.  Сонымен  қатар  география  сабақтарында  топтық  жұмыс  арқылы  оқушылардың 

пәнге  қызығушылығын  арттыру.  Төмен  деңгейлі  сұрақтардан  жоғары  денгейге  қарай  сұрақ  қою  арқылы 

оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Қолжетімді оқыту нәтижелерін зерттей отырып жетілдіру. 

Соның  нәтижесінде  оқушылар  өздігінен  және  өзара  сын  тұрғысынан  ойлау  әдістерін  меңгереді, 

оқушылардың сабаққа деген ынтасы артады, оқушылар сыни ойлаудың маңызын түсінеді. 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында «Қазіргі кезеңдегі 

білім  беру  сапасы  -  оқушылардың  түрлі  қызметтер  саласындағы  проблемаларды  өз  бетінше  шешу 

мүмкіндіктерін  қамтамасыз  ететін  қалыптасқан  негізгі  құзыреттілік  түріндегі  білім  беру  нәтижелерінің 

жетістіктерімен түсіндіріледі»,- делінген. 

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологиялар 

арқылы  дамытудың  қажеттілігін  нагізгі  мақсат  етіп  қойғаны  анық.  Жаңа  педагогикалық  технологияларды 

күнделікті сабақ барысында пайдалану – ХХІ ғасыр талабы болғандықтан, мұғалімнің мақсатына, мүддесіне 

сай, өзінің шеберлігіне орай оқыту формалары мен модульдерін таңдауға мүмкіншіліктер бар. Жаңа әдістердің 

оқушының зияткерлік, ізденімпаздық, адамгершілік, рухани тағы басқа да адами келбетінің қалыптасуына 

игі әсерін тигізетіні сөзсіз. Осы аталған барлық қасиеттерді оятатын, сонымен қатар әрі қарай дамытатын 

модуль  –  сын  тұрғыдан  ойлау  модулі  болғаны  айдан  анық.  Өзімнің  отыз  жылдан  астам  педагогикалық 

тәжірибеме сүйене отырып, сана елегінен барлық жеті модульдің маңыздылығы мен қажеттілігін саралап, 

сын тұрғысынан ойлау модулінің менің оқушыларым үшін тиімділігін түсіндім. Себебі, бұл әдіс оқушылардың 

шығармашылық  қабілеттерін,  терең  ойлай  білуін,  эстетикалық  көзқарастарды  пайымдауын,  баға  беруін, 

танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған. 

Сонымен қатар, сын тұрғыдан ойлау – оқушыларыдың алатын білімдерін сапалы етеді, оның толыққанды 

жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болатынына сенімім мол. Қай заманда да ұстаз өз шәкіртінің ойлау 

қабілетін дамытуға тырысқан. Ұстаз үшін баланың өз ойын толық, ашық және еркін жеткізуі маңызды. 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  жолдауында  «ХХІ 



ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда. Оның өзі мазмұны жөнінен стратегиялық 

ресурстармен бәсекелесе алады. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады»- деп, сапалы білім беруге 

ерекше назар аударылып отыр. Джон Дьюи былай дейді: «Біз жан – жақты жеке тұлға тәрбиелегіміз келсе, ол 



тұлғаны жан – жақты зерттеп білуіміз керек». Осы ой бүгінгі таңда менің іс-әрекетімнің тұжырымдамасы. 

230

Соған байланысты оқушының тұлғалық құрылымын және басты белгілері мен сапаларын анықтаудың мәні 

зор. 

Мен үшін ең негізгі мәселе болып отырған жағдай оқушылардың оқудағы ойлау жүйесін, сын тұрғысынан 



ойлауды дамыту арқылы оқыту жүйесін қолға алу деп білемін. 

Себебі,  сын  тұрғысынан  ойлау  мұғалімнің  бағыттауымен  оқушының  өз  бетінше  білімді  игеруін 

қарастырады.  Нәтижесінде  неғұрлым дамытылған  оқушының  жеке тұлғасы  қалыптасады.  Сын тұрғысынан 

ойлау технологиясының мақсаты сынауға емес, шыңдалған ойлауға үйретуіне көзім жетті. 

Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  бағдарламасы  –  дүние  жүзінің  түкпір-түкпірінен  жиналған  білім 

берушілердің бірлескен еңбегі деп түсінуге болады. Тәжірибені зерттеп, анықтап, саралап жүйеге келтірген 

Джон Дьюи, Дональд Шон, Чарльз Тэмпл және тағы басқа ұлы ғалымдар, баланың ой-өрісін дамытатын әдістің 

ең тиімділігі мен маңыздысы – баланың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру қажет деп атап көрсеткен. 

«Сын  тұрғысынан  ойлау»  ұғымы  белгілі  бір  идеяларды  қабылдай  отырып,  оның  неге  қатысты  екенін 

зерттеу, оларды жеңіл, қарапайым ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен 

тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді. Мұндай тұжырымдаманы Мерсер мен 

Фишердің де еңбектерінен аңғаруға болады. Белгілі ғалым Александр былай дейді: «Сыни ойлау – ойлаған 



нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттай 

ойлану. Сыни ойлау – белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу 

және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс»

Сыни ойлау – адам өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер 

ішінен  маңызды  әрі  пайдалы  екенін,  тек  қажетті  ақпараттарды  ғана  жинақтап,  жаңа  білімді  бұрынғыдан 

ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы 

– білімнің дайын күйінде берілмеуі. Сын тұрғысынан ойлау – ойлау мен пікірлесуді дамытатын сала. 

Эдвард Глейзер сын тұрғысынан ойлау қабілеттілігі үш элементтен тұратындығын болжап берді: 

1. 

Проблемалар мен мәселелерді шешу кезінде өзінің тәжірибесін қалыптастыру өрісіне кіретін ойлау 

үдерісін жүзеге асыру; 

2. 


Логикалық зерттеу мен ой жүгірту әдістерін білу; 

3. 


Осы әдістерді қолданудағы тәжірибелік дағдылар. 

Сонымен қатар, сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалғаны міндетті деп 

есептеймін және оны сабақ барысында басшылыққа алу қажет деп білемін: 

- оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру

- әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау; 

- үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау; 

- кейбір оқушылардағы қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау; 

- оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету

- сын тұрғысынан ойлауды бағалай білу. 

Сонымен, сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың білім алуы белгілі бір нәтижеге алып келері анық. 

География пәнінде сыни тұрғыдан ойлауды дамыту стратегиялары оқушылардың танымдық белсенділіктерін 

арттырады,  өз  бетінше  білім  алып,  шығармашылық  қабілеттерін  қалыптастыруға  ықпал  етеді.  Балалар 

сабақтардың қызықты, жеңіл өтетіндігін, топта бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі 

тиянақтылығы  артатындығын  сезіне  біледі.  Сонымен  қатар,  оқушылардың  оқуға  деген  ынта-ықыласының 

артқандығын,  адами  жақсы  қасиеттердің  қалыптасқандығын,  ұстаздың  шыдамдылық,  төзімділік  сияқты 

сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренетініне сенім арту қажет. 

Келешекте  тәжірибе  барысында  міндетті  түрде  топтық  жұмысты  нығайту  керек.  АКТ  материалдарын 

кеңінен пайдаланудың қыр-сырын меңгере отырып, оның оқушыға қаншалықты пайдалы екендігін білеміз. 

Сондықтан, тәжірибе алаңында АКТ-ны кеңінен қолдануды жоспарлап отыру қажет. Себебі, АКТ бойынша әр 

пән мұғалімі де балалармен бірлесе отырып, АКТ құралдарын жеткілікті деңгейде меңгеруі керек. 

ХХІ ғасыр мектебінің мақсаты оқушылардың жауапкершілігін арттыру, парасатты, адамгершілік мәдениеті 

қалыптасқан, өмірге икемді, ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру. Себебі, бүкіл дүние жүзі, тек білім саласы ғана 

емес, қоғам өмірінің барлық салаларында: әлеуметтік, экономикалық, тіпті индустрия мен қорғаныс салалары 

да жаңа технологияларды қолданып, өзгерістер туып отырған жағдайда, білім беру ісінде де өзгерістің болуы 

заңды  құбылыс.  Өйткені  халыққа  білім  беру  немесе  мектеп  ісін  қоғамнан тыс  алып  қарауға  болмайтыны 

баршаға  түсінікті.  Инновациялық  (жаңашыл)  педагогикалық  іс-әрекет  белгілі  оқытудың,  тәрбие  беру  мен 

дамытудың стереотипіне қарама-қайшы, ол белгілі межеден шығып, жеке шығармашыл өз бағытымен жұмыс 

істей алатын мұғалім тұлғасын қалыптастыруға бағытталған. 

Педагогикалық  жаңалық  –  жаңа  идеялар,  әдістер,  технологиялар  ғана  емес,  педагогикалық  үрдіс 

элементтерінің бірлігін немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді 

шешу  жолы.  Осындай  жолмен  педагогикалық технология  оқытудың  рационалды  жолдарының  бірі –  сыни 

тұрғыдан ойлау қабілеттілігін дамыту. Мектебіміздегі география пәні әдістемелік бірлестігінің әр мұғалімінің 

қызметтік ұраны мен бағыты мынаған саяды: 

1. Оқушылардың рухани адамгершілік қасиетін байыту және эстетикалық танымын кеңейту, географиялық 



231

мәдениетін қалыптастыру; 

2. Өмірде кездесетін жағдаяттардағы мәселені шешуде география сабақтарында алған білім мен тәрбиенің 

игі нәтижесін пайдалануға, өз өмірлерінде қолдануға үйрету; 

3.  Ойын  еркін,  шешен  жеткізе  алу,  карталық  және  жазба  жұмыстарды  сауатты  қолдана  алу  біліктілігін 

қалыптастыру немесе ауызша айтылғанды қабылдай алуын, ойын ауызша жеткізе алуын, жазылған мәтінді, 

ақпаратты түсіне алуын және өз ойын жазбаша жеткізе алу қабілетін дамыту. 

Пайдаланған әдебиеттер

1 Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. 

2 Мұғалімге арналған нұсқаулық. 

3 Бейсенова Г. «Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі». // Қазақстан мектебі, №6. 2006. 



Аңдатпа. Қазіргі кезеңдегі оқытуға қойылатын талаптар жоғары интеллектуалдық дамуға, соның ішінде 

балаларды өз бетімен оқыту мен тәрбиелеуге бағытталған оқушыларды сыни тұрғыдан оқыту болып табылады. 



Аннотация. В современном этапе требованием к обучению являются высокие интеллектуальное развитие, 

в том числе обучение по критическому мышлению учащихся, направленное по самостоятельному обучению 

и воспитанию детей. 

Abstract. At the present stage of training requirements are high intellectual development, including training 

in critical thinking of students, aimed at independent learning and child-rearing. 



ТАБЫСТЫ ОҚЫТУ – «ОҚУДЫ ҮЙРЕТЕТІН» БІЛІМ ОРТАСЫН ҚҰРАТЫН  

МҰҒАЛІМ ҚҰЗЫРЫНДА 

Г.А. Рахманова 

Педагогикалық шеберлік орталығы, Қарағанды қаласы. bachor75@mail.ru 



Пікір беруші – Г.М. Кадирберлина, х.ғ.к., доцент, Академик Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды мемлекеттік 

университеті, Қарағанды қ. 

Білімнің  сапалы  болуы  –  өмір  сүрудің  сапасына  тікелей  әсер  ететінін  кез  келген  адам  баласы  біліп, 

түсінеді. Дегенмен де, сапалы білім берудің кепілі – «оқуды үйрететін» білім ортасын құруды білмесе, онда 

уақыттың  босқа  кеткені  деген  сөз.  Оқушыларға  сапалы  білім  беру  үшін  мұғалімнің  тек  өз  пәні  бойынша 

терең  теориялық  білімінің  болуы  ғана  көмектеспейді.  Ол  педагогтің  жан-жақты  ақпараттанғаны,  өзінің 

кәсіби дамуына үнемі зер салатын, өз мамандығының қыр-сырын терең түсінген, сонымен қатар шеберлігінің 

шыңдалғанына рефлексия жасай алатын, өз-өзіне ойша кері байланыс жасай алатын маман болуы тиіс. 

Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың  2016-2019  жылдарға  арналған 

Мемлекеттік Бағдарламасындағы «Жалпы орта білім» беру бөліміндегі проблемаларының бірі: «Мұғалімнің 

кәсіби  даму  бағдарламаларын  сапалы  жаңғырту  қажет.  Бұл  Қазақстан  педагогтерінің  біліктілігін  арттыру 

жүйесінің кадрлық құрамының жоғары құзыреттерін талап етеді» [1] делінген. Демек, осы аталған талапты 

орындау  үшін  мұғалім  қарапайымнан  күрделіге  көшу  ұстынымын  сақтағаны  абзал.  Қазіргі  таңдағы 

мектептегі жалпы орта білім беру білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптары бойынша 

жүзеге  асырылуда.  Сол  аталған  талаптар  негізінде  білім  алушылардың  дайындық  деңгейі  үш  аспект 

бойынша бағаланады: 1) тұлғалық нәтижелер; 2) жүйелік-әрекеттік нәтижелер; 3) пәндік нәтижелер [2]. Осы 

аталғандарды талапқа сай орындап, жүзеге асырулары үшін педагог қауымына жүктелетін міндеттеме де өте 

жоғары. Міндеттемені орындауда педагогтердің біліктілік деңгейінің тигізер әсері зор. 

ХХІ  ғасырдағы  педагогикалық  білім  беру  мақсаты  –  рухани-адамгершілігі  қалыптасқан,  белсенді 

жасампаз, экологиялық білімді, шығармашыл тұлға, рефлексияға қабілетті, өзін-өзі дамытатын және жүзеге 

асыра алатын, жоғары деңгейде әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік-тұлғалық, 

коммуникативтік, ақпараттық және басқа да құзыреттілікті игерген тұлғаны қалыптастыру [3]. Бұл негізделген 

ойдың  астарында  өте  кең  ауқымды  түсінік  пен  алуан  сан  түрлі  дағдының  ықпалдасқан,  жүйеленген 

сауатты құрылымдалған кешендік моделі көзделген. Демек, осы мақсатқа жету үшін кез келген білім беру 

ұйымдарындағы педагогтердің біліктілігі сұранысқа сай, жоғары деңгейде болуы тиіс. 

Заман талабына сай баланы оқыту мұғалімнің өз пәні бойынша жоғары оқу орынында алған пәндік білімі 

аясында ғана жүзеге аспайды. 

Оқыту – бұл жекеленген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға 

қабілетін  жақсартуға  мүмкіндік  беретін  педагогикалық  тетіктердің  біртұтас  кешені 

[4].


  Демек,  кез  келген 

баланы немесе тұлғаны оқыту үшін, ең алдымен «қалай оқыту керектігін үйрету» жолын біліп, түсінгеннен 

соң  ғана  ықпал  етуді  бастағаны  дұрыс  болады.  Қазіргі  заман  талабына  сай  педагогикалық  білім  беруде 

мұғалімдер  сыни  тұрғыдан  ойлау  қабілеттері  дамыған  оқушыларды  қалыптастырғылары  келсе,  өздерінің 



232

де сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта, өз ұстанымы – көзқарасы, қабылдаған шешімі мен іс-әрекеті 

негізінде білім беруді көздеуі өте тиімді нәтиже береді. Ол нәтижеге жету үшін педагог/мұғалімнің білім 

алушыларға  оқу  қағидаттарын  үйренуге  көмек  беру  жолдарын  меңгерсе,  сапалы  білім  беру  жолдарын 

біледі. Бұл білімі педагогикалық кәсіби жауапкершілігін тереңдете мұғалімнің инновациялық іс-әрекетіндегі 

құндылық аспектілерін өзектендіреді. 

Осы орайда мұғалім іс-әрекетінің тағы да бір аспектісі – өз-өзіне сенімі мен кәсіби шеберлігінің қызметі 

де әсер етеді. Мұғалімнің өз-өзіне сенімі мен кәсіби шеберлік мүмкіндігі орын алуы үшін не істеу қажет? Ол 

сұрақтың жауабы: Мұғалімнің балаларға оқу қағидаттарын үйренуде көмек көрсетуге негізделген сұрақтар 

(1-сурет [4]) негізінде ықпал етуде сыныпта оқу үдерісінің пайдасын айқындайтын негізгі 4 факторды: 1) 

балалардың  оқу  үдерісін түсінуді;  2)  нені  оқу  керектігін түсінуі;  3)  оқу  үдерісін  қалай  құрылымдау  қажет 

екендігі туралы ұғымның қалыптасуы; 4) оқу нәтижелілігін бағалау мүмкіндігін игеруі ескеруді қажет етеді. 

1-сурет – Мұғалімнің балаларға оқу қағидаттарын үйренуде көмек көрсету 

Қазіргі таңда орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейлі танымал оқыту әдістемелер арасында 

сындарлы  теориялық  оқытуға  негізделген  тәсіл  кең  тараған.  Сындарлы  оқытудың  мақсаты  –  оқушының 

пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін мектептен тыс жерде, кез келген өмірлік жағдайда 

тиімді  пайдалана  білуін  қамтамасыз  ету.  Сындарлы  оқытудың  осылай  түсіндірілуі  мұғалімнің  ой-пайымы 

мен негізгі көзқарастарын, сондай-ақ сол көзқарас, пікірге қатысты бірқатар баламалы шешімдерді білуі, 

сонымен қатар, «оқытуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» туралы білімінің болуы да маңызды. 

Егер де, мұғалім мен оқушының білім игеруді бастау нүктесі өзара үйлеспейтін болса, онда оқуда табысқа 

жету күмәнді болады [4]. Сол себепті, білім беруде үйренушілердің немесе оқушылардың алған ақпараттарын 

есте сақтап, өзінің іс-әрекетінде тиімді пайдалануын ескеру үшін кез келген педагог оқу пирамидасын есте 

сақтап, өз назарында ұстағаны тиімді болады (2-сурет). Осыған орай, әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің 

барлық аспектілеріне белсенді қатысу кере: олар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-

біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент 

жасайды және қателер оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады [4]. 

2-сурет – Оқу пирамидасы 

Оқушылардың  алған  ақпаратты  есте  сақтауының  орташа  пайыздық  көрсеткіштерін  негізге  ала  оқу 

пирамидасын (2-сурет) педагогтердің біліктілігін арттырудағы деңгейлік курстарында педагогтер қауымына 


233

семинар-тренингтік  сабақтарында  қолданылды,  нәтижесінде  салыстырмалы  талдама  кесте  түрінде 

жасалынды (1-кесте). 

1-кесте – Табысты оқыту қалыптастырудағы оқушы мен мұғалімге қойылатын салыстырмалы талап 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет